А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Оразаева Ж.Ж. ХХ ғ. 60-80 жж. жас жұмысшылар даярлаушы жүйедегі реформалар
-педагогикалық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жүйе алдына
қойылған міндеттерге иландырып, кәсіптік-техникалық жүйені дамыту үшін
көптеген психологиялық, психофизиологиялық жұмыстарды жүргізу [8].
325
Іске асырылған ұйымдастырушылық шаралар нәтижесінде 1972-1973 оқу
жылының өзінде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіндегі оқу
орындарының үштен бір бөлігінде 1 курста жаңа оқу жоспары мен
бағдарламасы батыл және тиімді жолмен енгізіле бастады. Сөйтіп, бұрын-
соңды республикада болмаған өндіріс мамандығымен қатар жалпы орта
білім беретін кәсіптік-техникалық оқу орындары есігін ашып алғашқы
оқушыларын қабылдады. Бұндай оқу орындары Алемания мемлекетінің
тәжірибесінен алынған болатын. Сөйтіп, жаңа оқу жоспары дүниеге келіп, ол
бойынша оқушылардың апталық жүктемесі 36 сағатқа теңелді.
Жаңа қалыптағы оқу орындарының өзекті проблемасының бірі оқу
үрдісінің мазмұны болды. Яғни, жуық арада кәсіптік-техникалық
училищелердің оқу жоспары мен бағдарламасында жалпы орта және кәсіби
білім беретін пәндерді үйлестіру әдісін табу еді. Сөйтіп, арнаулы кәсіби
техникалық оқу мен жалпы білім беретін пәндерінің үйлесімді кешенін
қалыптастыруға жол салынды. Мұрағат құжаттарын талдау нәтижесінде біз
мынадай тұжырымға келдік. 1971-1975 оқу жылдарында арнаулы
техникалық пәндерді оқыту мен өндірістік тәжірибеге орташа есеппен оқу
жоспарында қаралған сағаттар 60%-ға дейін бөлінген. Сол кездегі КСРО
Министрлер Кеңесі жанындағы кәсіптік-техникалық білім беру Комитетінің
төрағасы: «Бұның өзі оқушыларға өндіріске қажетті таңдаған арнаулы және
техникалық білім алуына мүмкіндік берді», – деп қорытынды жасаған [7.2].
Әр өндірістік мамандыққа оқу жоспары мен бағдарлама жасақтап
қолдануына толық мүмкіндік жасалды. Орыс тілі және әдебиетін оқитын
одақтық және автономиялық республикаларға өз ана тілі және әдебиеті
жоспар бойынша оқытылды. Әсіресе, жас жұмысшыларды мемлекеттегі
негізгі үстем идеология аясында тәрбиелеп, олардың бойында қоғамдық
меншік,
коммунистік
(маркстік-лениндік)
дүниетаным
көзқарасын
қалыптастыруға зор көңіл бөлінді. Осы міндетті орындауда қоғамдық-саяси
пәндерге көп көңіл бөлінді. Батыс Қазақстандағы 4 облыстағы билік
басындағы партия, жастар және кәсіподақ ұйымдары қоғамтану, тарих, саяси
экономия пәндері және эстетикалық тәрбие курсын оқытудың жәйін алқаның
27 мәжілісінде талдап тұжырымдаған [7.2].
Жаңа типтегі кәсіптік-техникалық училищелердің оқу үрдісінде
жастарды кәсіби еңбекке баулу арқылы олардың бойында еңбексүйгіштік,
еңбек адамын құрметтеу сезімін ұялатуға бас көңіл бөлінді. Сонымен қатар
өнерге, еңбек өнімділігін арттыруға да оқу мен тәрбие ісінде сүбелі орын
берілген. 60-ші жылдардың екінші жартысы мен 70-ші жылдардың бірінші
бөлігінде мемлекет экономикасын жеделдету мәселесі қайта-қайта көтерілді.
Зерттелген құжаттарда осы міндетті орындаудағы ұмтылыстар баяндалған.
Кәсіптік-техникалық училищелерде аталмыш міндет жалпы
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Оразаева Ж.Ж. ХХ ғ. 60-80 жж. жас жұмысшылар даярлаушы жүйедегі реформалар
тәрбие шараларымен қатар оқу үрдісінде де орнын тапты. Мысалы, оқу
жоспарына «Еңбек және өндіріс экономикасының негіздері» курсы енгізілді.
Бұдан былай кәсіптік-техникалық училище түлектері осы пәнді оқып
емтихан тапсыруға міндетті болды.
Зерттеліп отырған кезде бүкіл әлем, соның ішінде Еуропа елдерімен
қатар КСРО-да жастар арасындағы қылмыстық көріністер қоғамды қатты
326
ойға салды. Әсіресе, жас жұмысшылар және кәсіптік-техникалық училище
оқушылары арасында қоғамдық, өндірістік тәртіпті өрескел бұзу, ұрлық
жасау, жастар арасындағы жанжал, нашақорлық, ішімділік көріністері күрт
өскен. Бұның өзі училищелердің инженер-педагогикалық ұжымдары алдына
жаңа міндет қойып, оларды оқушылардың құқықтық тәрбиесін
жандандыруға мәжбүр етті. Оқу үрдісіне «Құқықтану негіздері» пәні
енгізіліп, олар емтихан және сынып тапсыратын болды, ал сабақтан тыс
уақытта жүйелі тәрбие шаралары жүргізілетін болды. Оқушылардың дене
тәрбиесіне тоқталсақ, ол екі бағытта өрбіді: бірі белгілі мамандықтарға
байланысты жеке дайындықты талап етсе, екіншісі жалпы дүниетаным
мәселелерін қамтыды.
Жаңа бағдарламаларда министрліктің, кәсіпорындардың, училище
қызметкерлерінің ұсыныстары және тілектері жиындарда, баспасөзде кең
жарияланып жиі талдауға түскен. Ондай шараларда жүйелеу, арнаулы
технологияны мазмұндау және өндірістік оқыту жөніндегі мәселелер де
орын алған. Осындай «жанжақты қамтылған» бағдарламалар оқу
материалдарының барлық талаптарын орындау және мазмұнын анықтауда
шешуші рөл атқарды. Сондықтан, бағдарламада оқушыларды техника және
еңбек жетістіктермен хабардар ету, өндірістік техника мен технологияның
озық түрлерімен таныстыруға үлкен мән берілген.
Сол замандағы жұмысшыларды кәсіби дайындаудың маңызды құрамдас
бөлігі – өндірістегі оқу болған. Бұл іске бөлінген көңіл дәрежесін сол
жылдары үкімет және жергілікті атқарушы билік тарапынан қабылданған
саяси-мемлекеттік құжаттардан анық көруге болады. Біз талдаған Ақтөбе
қаласындағы 1,5,7, Орал қаласындағы 6,15,11, Атырау қаласындағы 7,9,12,
Жаңа Өзен қаласындағы 162 училищенің құжаттарында арнаулы пәндерді
оқытуда жаңа техника және технология жүйелерін сипаттаған 3-5 минуттік
шолу беру міндеті қойылған. Тіпті техника жабдықтарының өндіріс
сұранысын қанағаттандыру дәрежесі, сапасы, озықтық құрылымы,
диагностикалық белгілерін тыңдаушыларға жеткізу талабы да аталған [7.2].
Талданған іс құжаттарында оқуға қажетті схемалар, құрылғылар және соған
ұқсас техника туралы мәліметтер келтірілген. Осыдан соң бағдарламаларға
айқын түсінік және кең көлемді жоспарлар жасақталып қысқа мерзімде оқу
үрдісіне енгізілетін болған.
Жалпы ағарту және кәсіптік-техникалық дайындықтың бағдарламалары
жалпы техникалық білімнің тірегі болуымен қатар арнайы пәндермен
өндірістік оқытуларға негіз болды. Енді кәсіптік-техникалық цикл
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Оразаева Ж.Ж. ХХ ғ. 60-80 жж. жас жұмысшылар даярлаушы жүйедегі реформалар
бағдарламалары жалпы ағарту жүйелеріне тәріздес кезекпен оқытылып,
соның ішінде физика, матеметика, химия, т.б. жалпы білім пәндері енгізілді.
Бағдарламаның сұранымы кәсіптік-техникалық училищені бітірген жас
жұмысшылардың білім деңгейін біршама көтеруге септігін тигізді.
Бағдарламалар біртұтас тарифтік-квалификациялық анықтамалар (ЕТКС)
аясында жасалды. Үш жыл сайын кәсіптік-техникалық училищелердегі оқу
жоспарлары мен бағдарламалары қайтадан қаралып оған техника және
өндірістегі озық тәжірибе мен жаңалықтар енгізіліп отырған. Біздің талдаған
құжаттарымызда
кәсіптік-техникалық
училищелердегі
өскелең
327
жұмысшылардың жалпы орта және кәсіптік білімін шыңдауға жол ашқаны
анық байқалады.
Біздің зерттеуіміздің нәтижесінде мынадай тұжырымдар жасаған жөн
деп есептейміз:
Біріншіден, КСРО мемлекеттік саясаты XX ғасырдың 60-80-жылдарында
ел экономикасын қайта құрып, оның тиімділігі мен өнімділігін жетілдірунің
сыры өндірісте қызмет ететін кәсіби дайындығы бар жұмысшы кадрларда
деген түйінге келген;
Екіншіден, өндіріс және ауыл шаруашылық саласына маманданған
жұмысшы
кадрларды
арнаулы
кәсіптік-техникалық
білім
беру
училищелерінде даярлауға бетбұрыс жасалған;
Үшіншіден, осы жылдары жастарға кәсіптік-техникалық білім беру
жүйесінің жаңа сатысының негізі қаланып, бұдан былай жас жұмысшыларға
кәсіби мамандықпен бірге жалпы орта білім алуға жол ашылды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н.Ә. Еркін елдін ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда // Егемен Қазақстан, 13
қазан, 2004 ж.
2.
АО ММ. 1064 қор, 1тіз, 9 іс, 44 б.
3.
БҚО ММ. 2039 қор, 1тіз , 172 іс, 33 б.
4.
БҚО ММ. 2039 қор, 1 тіз , 39 іс, 8 б.
5.
АО ММ. 1263 қор, 1тіз, 84 іс, 5 б.
6.
БҚО ММ. 1282 қор, 4 тіз, 65 іс, 6 б.
7.
БҚО ММ. 2039 қор, 1тіз, 5іс, 2 б.
8.
Булгаков А.А. Профессионально-техническое образование в СССР на современном этапе. -М.:
1977.
328
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Г.А.САРБАСОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аспиранты
АЛТЫН ОРДА ТҰСЫНДАҒЫ ХОРЕЗМ
В этой статье рассматривается вопрос о денежно-весовой системе Хорезма золотоординского
периода.
This article deals with the matter of Khoresm monetary and weight system in the period of the government
of the Golden Horde.
Орта Азияның оңтүстік өңірінде X-XII ғасырларда дәурен сүрген Ғазнауи
сұлтандығы өз ішінде жеке-жеке иеліктерге бөлінген кезде, сол иеліктердің
бірінің басында отырған Мұхаммед Ғазнауи өзгеден мойын оздырып, болашақ
Хорезмшахтар атанған әулеттің негізін қалап, 951 жылдан бастап саяси-
әлеуметтік дербестікте өмір сүре бастады. Мұнан кейін таққа отырған
Алтыншаш, Ануштегін, Гуршах, Атсыз сияқты әулет ұрпақтары Хорезмшах
мемлекетінің даңқын көтеріп, селжұқтардың билігінен біржолата азат болып,
шекарасын Каспийдің солтүстік жағалауынан бастап Парсы шығанағына дейін,
Кавказдан бастап Гиндукушке дейін кеңейтті. Өмір салтында ішінара
көшпенділік сақталғанымен, негізінен отырықшылық, суармалы егіс
шаруашылығы бел алып жатты. Қалашық өмір халықтың біраз бөлігін қамтыды.
Ислам дінін ұстанып, парсы жазуын тұтынды. Жазу тілінде түркішені,
парсышаны, арабшаны қатар қолданды.
Біздің жыл санауымызға дейінгі II ғасырдың ортасында Шығыс пен
Европаны жалғастырып, дипломатиялық және сауда-саттық жүйесін
орнықтырған Ұлы Жібек жолының XIII ғасырда Исфиджаб-Арсубаникет-Васиж-
Сүткент-Хорезм-Үргеніш-Сарайшық-Сарай-Бату-Каффа
бағыты
керуен
жолдарының ірі тармақтарының біріне айналуы Хорезмшах мемлекетінің жалпы
экономикасының өсуіне және ірі сауда орталықтарына айналуына зор әсерін
тигізді [1.82]. Монғол шапқыншылығына дейін Хорезмшах қаласындағы елдің
аузында мынандай мәтел болған: «Бесқаладан (Аралдығ жағалауы) Таразға
дейін қашқан лақ тек қана үйдің үстімен жүгіріп жетеді», «Сырдың басынан
сағасына дейін ұшқан бұлбұл тек қана гүлге қонып жетеді».
Шыңғыс ханның қарқынды жорығы XIII ғасырдың 40-жылдарына дейін
Евразияның Ұлы Даласына толық үстемдік жасап үлгерді. 1207-1228 жылдар
аралығында Шыңғыс ханның ұрпақтары Ұлы Даланы өз қалауларынша
бөлшектеп, жеке-жеке иеліктерге айналдырды. Алғашқыда Жошы ұлысы деген
атпен шаңырақ көтерген мемлекет кешікпей-ақ Алтын Орда атанып, Ертіс
бойынан бастап, Жетісудың солтүстік бөлігін ала Қара теңіз бен Дунай өзеніне
дейінгі өңірді алып жатты. Ордасы Еділ өзені жағалауындағы Сарай-Бату қаласы
болды. Оңтүстік Алтайдан бастап Амударияның оң қаптонына дейінгі өңір
Шыңғыс Ханның екінші баласы Шағатайға тиіп, ордасын Іле бойына тікті.
Иелігін Шағатай ұлысы деп атады. Міне, осы тұста Үргеніш пен Хорезмнің
сол жағалауындағы билігі Алтын Орда хандығының қол астына қарайды, ал
Кият пен Хорезмнің оң жағалауындағы бөлігі (Ташқала) Шағатай ұлысына
тәуелді болды [2.199].
Әсіресе, Жошының бел баласы Батудан (1236-1256ж.ж.) бастап Жәнібек
(1342-1357 жж.) сияқты хандарға дейінгі тұста Алтын Орда даңқы аспандап,
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Сарбасова Г.А. Алтын орда тұсындағы Хорезм
329
Алтын Орданың астанасы Бату сарайы, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты
қалаларында ғылыми ізденістер, қол өнері, әдебиет айтарлықтай дамыды.
Алтын Орданың Европа қалаларымен, сонымен бірге Орта Азиямен
салыстырғанда, Хорезмде шығарылған теңге-ақшалардың (монеталардың)
типтері мен өлшем бірліктерінің салмақ дәрежелері дербестігімен ерекшеленеді,
сондықтан да оларды анықтау өз қиыншылықтарын туғызады. Хорезм теңге-
ақшаларының ақшалай-салмақтық жүйесін анықтауға Наджмад-дин ал-
Газминидің «Приобретение желаемого для пополнения достаточного» еңбегінің
237-ші авторы белгісіз қолжазба шешуші роль атқарады. Сөйлем түрінде
берілген мағлұматтарды математикалық теңдеу жүйесіне келтіретін болсақ,
Мекке салмақ өлшемін пайдалана отырып шешуді ұсынады [3.197].
1.
9 3/1 Хорезм мысқалы = 10 Мекке мысқалы;
2.
1 Хорезм динары = 6 дирхем = 2 2/1 мысқал = 15 даник;
3.
1 Хорезм дирхемы = 4/1 + 6/1 мысқал = 2 2/1 даник;
4.
3/2 мысқал = 4/1 динар + 5/2 тасуж = 1 5/3 дирхем = 4/1 динар + 1 5/3
шаир;
5.
1 5/3 шаир = 5/2 тасуж, себебі 1 тасуж = 4 шаир;
6.
5/4 тасуж = 5/1 дирхем;
7.
2/1 мысқал = 1 5/1 дирхем;
8.
6/1 мысқал = 5/2 дирхем;
9.
5/2 дирхем + 5/4 тасуж = 5/3 дирхем;
10.
10/1 дирхем = 5/2 тасуж.
Орта Азия мен Араб елдерінде 1 мысқалдың салмағы 4,25 болса, Хорезм
мысқалының салмағы 4,55 гр тең (№1 теңдеу). Хорезм мысқалының басқа
өлшем-бірліктермен әр түрлі арақатынаста болуы, олардың салмақ-дәрежесін
анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен өлшем-бірліктерінің салмағы:
1.
1 динар 11,38 гр;
2.
1 мысқал
3.
1 дирхем
4.
1 даник
5.
1 тасуж
6.
1 шаир
Айта кету керек, шын мәтінде теңге (монета) есебінде қолданыста болғаны
тек қана дирхем болды, қалған өлшем бірліктері сандық немесе салмақтық
өлшемдер есебінде қолданылды.
Бұлардан басқа Хорезмде ірі салмақ өлшем-бірліктері есебінде төмендегі
өлшемдер пайдаланылды [2,199].
1.
1 салмақтық дирхем = 3,185 гр;
2.
1 ратл немесе фунт = 458,64 гр;
3.
1 ман = 1187,85 гр.
Хорезмде, сондай-ақ Иран мен Орта Азияда динар = 6 дирхем = 11,38 гр тең
болды. Иран мен Орта Азияда динар үлкен күміс теңге (монета) түрінде
кездеседі, ал Алтын Орда да ол тек сандық немесе есептік бірлік есебінде
қолданыста болды [3.201].
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Сарбасова Г.А. Алтын орда тұсындағы Хорезм
Алтын Орданың басқа қалаларынан ерекше Хорезм 1363-1384 жылдары
салмағы 1,13 г, яғни мыс – 4/1 бөлісіндей болатын алтын теңгенің 13 түр (типі)
330
шығарылды және ол салмағы 2 2/1 мысқал болатын 1 күміс динарға
теңдестіріліп, құндылығы бойынша алтын мен күмістің арақатынасын 1:10
көлемінде сақтады.
Хорезмнің жер өңдеушілігі дамыған оазис ретінде және көшпенділік
мәдениеттердің қиылысында орналасуы қаланың көлемі жағынан тез арада өсіп,
қарым-қатынастың молаюы ішкі сауда ісінде ұсақ номинациялы теңгелердің
(монета) қажеттілігіне алып келді. Ол үшін жоғарыдағы теңдеулерде
көрсетілгендей, 1 дирхем = 4 тасуж = 16 шаир теңдеуге сүйене отырып, тасуж
бен шаир салмақтық өлшемдерге қатысты болғанымен, шаирдың 5/2 және 5/3
бөліктері бұл жүйеде ең ұсақ салмақтағы мыс теңгелердің (монета) өлшем-
бірліктері есебінде саналды. Сонымен мыс пұл мен күміс дирхемінің
салмақтары жобамен бірдей деп алынды және күміс пен мыстың құндылығы
бойынша арақатынасы 1:40 деп есептелінді.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған Хорезм теңгелерінің
(монета) Хорезм оазисінде, қалған бөлігі Түркістан өлкесінің елді-мекендерімен
табылған, және оларды салмақ дәрежесіне қарай бөлетін болсақ, негізінен 4
топқа жатады [3.204]:
I – топ = 1 пұл (5/2 шаир);
II – топ = 5/1 пұл (5/3 шаир);
III – топ = 2,0 пұл (5/4 шаир);
IV – топ = 3,0 пұл (1 5/1 күміс шаир).
Қорыта айтқанда, Хорезм теңге (монета) шығару жүйесінде төменде
көрсетілген арақатынас сақталды [2.205].
1 сандық динар = 6 дирхем = 1 алтын теңге (монета);
1 дирхем = 40 пұл = 1,896 гр.
1388 жылы Ақсақ Темір Үргенішті талқандап, Хорезмді өзіне қаратты.
Алайда, Алтын Орда хандығы да қол астындағы елді оңайлықпен уысынан
шығарғысы келмей, мұндай талас-тартыстың зардабын бір ғасыр тартты.
Хорезмді 1505-1512 жылдар аралығында аз ғана уақыт Шайбани хан биледі де,
мұнан әрі Жошыдан тараған Өзбек әулеті иелік етті. Алайда, негізгі биліктің
тізгіні Қоңырат тайпасының ақылына қайратты сай ерлердің қолында болды.
XV ғасырдың соңын ала, біріншіден, этникалық-әртектіліктен туған
сеперациялық ұсыныстар, екіншіден, ақсүйектер арасындағы билікке
таласушылық, үшіншіден, сырт күштің бел алуы салдарынан Алтын Орда өз
ішінде Қазан, Қырым, Астрахань (Ноғай), Қазақ, Өзбек хандықтарына бөлініп
кетті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
История Казахстана с древнейших времен до наших дней. НАН РК ИИиЭ ИА, -Алматы: Дәуір, 2003.
2.
Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. -Алматы: Жалын, 1994.
3.
Федоров Г.А. Нумизматика Хорезма золотоординского периода, ИА АН СССР, Нумизматика и эпиграфика, том V,
-М.: Наука, 1965.
331
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
СОЦИОЛОГИЯ
А.Ж.АЙМЕНОВ
магистрант Академии Государственного управления при Президенте РК
СОЦИАЛЬНЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ И ДИНАМИКА ПОЛИТИЧЕСКИХ
ПРОЦЕССОВ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСТАНСКОМ ОБЩЕСТВЕ:
СИСТЕМНЫЙ АНАЛИЗ
Жұмыста қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер мен саяси процестердің
динамикасын жүйелі сараптаудың нәтижелері келтірілген.
The system of analysis of social changes and dynamics of political processes in the contemporary
society of Kazakhstan has been given in this work.
Политический процесс можно определить как смену состояний
политической системы, ее функционирование в режиме времени. Он
отображает реальное взаимодействие субъектов политики, показывает как
институты власти, прежде всего государство, индивиды, социальные страты,
вместе со своими целями взаимодействуют друг с другом. Для
политического
процесса
характерны
три
режима
протекания:
функционирование,
развитие,
упадок.
Развитие
казахстанской
государственности представляет собой яркое проявление политического
процесса, в котором раскрываются интересы, с одной стороны, властных
структур, а с другой – классов, общественных организаций.
Формами
существования
политического
процесса
являются
политические изменения и политическое развитие. В зависимости от
используемых критериев выделяют несколько типов политических
процессов:
повседневный,
исторический,
эволюционный,
базовый,
периферийный, стабильный, переходный. Структура политического
процесса может быть описана с помощью анализа взаимодействия между
различными политическими акторами [1.15].
Применительно к Казахстану в XXI в. можно говорить о политическом
процессе в смешанном обществе (традиционная и харизматическая власть).
Для такого политического процесса характерны патриархальность
политической жизни, низкий уровень участия в ней населения, отсутствие у
него ярко выраженных политических интересов, консенсус общества в
отношении определенной формы правления. Начавшиеся в конце XX в.
политические реформы, модернизация, либеральный импорт политических
институтов привели к тому, что политический процесс в этот период
характеризуется интенсификацией, вовлечением в политическую жизнь
населения, созданием институтов, позволяющим оказывать влияние на
процесс принятия политических решений.
В целях изучения происходящих в Казахстане процессов рассмотрим
положения авторской работы Лавриненко В.Н., Путилова Л.М.
«Исследование социально-экономических и политических процессов» [2.17-
26].
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Айменов А.Ж. Социальные изменения и динамика политических процессов в современном…
332
Наиболее распространенными в современном мире являются
либеральное, консервативное, социал-демократическое и марксистское
направления исследований.
Влияние каждого из этих направлений постоянно менялось и меняется –
главным образом в связи с изменением конъюнктуры в области
экономической и политической жизни общества и в развитии самой науки.
Как уже отмечалось, научные предпосылки исследования социально-
экономических и политических процессов тесно переплетаются с
социальными предпосылками, коренящимися в характере взаимодействия
различных социальных сил, в конечном счете, в содержании сложившихся
общественных отношений.
Казахстан, как исторически сложившееся образование в результате
распада СССР, имело свои особенности социального, политического, эконо-
мического и культурного развития. Новые конституции были приняты в
разных экономических, социальных и политических условиях, а потому
привели к различным результатам. В странах Центральной и Восточной
Европы, государствах Балтии социально-экономические условия были более
благоприятными по сравнению с нашей республикой. Так, если в странах
Центральной и Юго-Восточной Европы и Балтии спад производства за
десять лет составил около 15%, то у нас – около 50%. В постсоветских
государствах в отличие от государств Восточной Европы до сих пор не
произошло разделения власти и собственности, отсутствует заметная
дифференциация на политическую и экономическую элиту, что оказывало
серьезное влияние на содержание формируемых политических и
экономических институтов, рыночную экономику.
Но и в рамках стран бывшего Советского Союза социально-
экономические условия существенно различались. К примеру, наличие у
Казахстана значительных природных ресурсов и их отсутствие у
Кыргызстана не могло не отразиться на жизненном уровне населения этих
государств.
Постсоветская трансформация характеризуется борьбой различных
социально-политических сил за реализацию отвечающих их интересам
сценариев институционального развития. Путь к политической и
экономической либерализации, по мнению Ф. Фукуямы, не один – страны,
которые проходили через процесс модернизации недавно, шли совершенно
иначе (более заметная и существенная роль государства), чем их
предшественники. Многие государства, в особенности в Азии, успешно пе-
решли
к
демократии
«авторитарным»
путем.
Опыт
развития
государственности в странах Азии говорит, в частности, о том, что
добившиеся успеха страны проделали это не в условиях либеральной
демократии. Большая роль принадлежала автократическим режимам,
поддерживающим развитие экономики [3.25].
Достарыңызбен бөлісу: |