Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет44/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

Тақырыптың  өзектілігі.  Бүгіндері  Қазақстан  өзінің  тарихында  шұғыл 
бетбұрыс  жасаған  кезде,  әсіресе  билік  тізгінін  ұстағандарға,  жалпы  жамиғатқа 
гуманитарлық ойлаудың жетіспей тұрғандығы  айқын көрінуде.  Нақты  тарихи  және 
әлеуметтік  жағдайлармен  айқындалған,  басшылардың  мүдделер  қақтығысы  және 
біліп-білмей  әрекет  етуімен  байланысты  жүзеге  асқан  тиісті  білімнің  және 
әлеуметтік  тәжірибенің  тапшылығы  –  надандық  тұрмыстың  көптеген  салаларында 
көрініс беріп жатыр: кейбіреулерге тән менталитет – интеллекті, білімді, мәдениетті, 
шығармашылықты,  тәжірибені  (дәстүрлі)  елемеушілік,  қоғамдық,  табиғи,  ғылыми 
байланыстардың  көптүрлілігі  мен  көпқабаттылығын  қамтуға  қабілетсіздік  таныту, 
халықтың  санасын  мифтендіру  мен  фетиштендіру,  қоғамдық  процестерді 
мистикациялау,  өз  елінің  тарихы,  мәдениеті  мен  тілін  жаппай  кемсіту,  жерге  ұру, 
батыс-орыс өркениетін, оның материалдық, әсіресе әлеуметтік-мәдени жетістіктерін 
әсірелеу; ақша, билік және күшке ие банкирлер, әкімшілік басшылары, президенттер 
және  «мықты»  тұлғаларды  ұлықтауға  құлшыныс;  жаппай  жағымпаздық  пен  бас 
июдің  үдерістері.  Надандық  тек  теріс-жағымсыз  жиіркенішті  және  құбыжық  қана 
емес,  жалған-тартымды  бейнелерде  де  көрінеді.  Кейбір  ақындардың  ойлау 
жүйесінен  орын  алған  құлшыныс  –  барлық  іс-әрекетке  ізгіліктің  шапанын  жауып, 
ақтай  көрсету,  мысалы  сатқындықты  тұрақтылықты  қамтамасыз  етумен  түсіндіру, 
көпұлттылық  жағдайдың  орын  алуына  байланысты  ұлтсыздандыруды    діни   
ұстамдылықты   сақтау   мен   үш   тұғырлы   тіл   саясатын  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әбушәріп С. Дүниеде ең қажетті және табылуы қиын жаратылыс, ол – дәстүрлі мәдениет   
 
 
насихаттаумен  бүркемелеу,  авторитаризмді  –  демократияға  балау,  ұлттық 
мүдделерді қорғауды – конституциялық құрылымның негізіне балта шабу деп қарау, 
отандық мәдениетті жоюды жаңғырту немесе жаңа жағдайға икемдеу, дүниежүзілік 
өркениет көшінен қалмау, деп жар салу  – надандықтың көрінстері [2.1]. Гельвеций 
айтқандай,  надандық  әрқашан  қоғамдық  кесапат-апаттардың  ең  көбісін  тудыратын 
қайнаркөз болып табылады. Отандық-ұлттық бірлік дәстүрлерінің жойылуы, болмыс 
пен адамгершіліктің ғасырлар бойы жинақтаған нормаларының адам айтқысыз түрде 
бұзылуы,  адамдық  тұлға  құндылығының  шексіз  төмендетілуі,  технократизм  мен 
дүниеқоңыздылықтың  өрши  өсуі  –  ұлттық  гуманитарлық  дәстүрлерді  елемеудің 
және  имандылықтың  жұқаруының  көріністері.  Мұндай  жағдайда  тиісінше  шұғыл 

 
340 
 
шаралар  қолданылмайтын  болса,  жойқын  жойымпаздықтың  ақырын  күтуден  басқа 
ылажың қалмас.  
Бүгіндері 
мәдениет, 
«мәдениеттілік» 
мәселесі 
біздің 
Отанымыздың 
прогрессивтік  дамуы  үшін  басты  фактор  болып  қала  береді.  ХХІ  ғасырда  халық 
мәдениетінің интеллектуалдық, адамгершілік әлеуетін еселей арттыру шын мәнінде 
ұлтымыздың  өзіндігін  сақтап  қалудың  шешуші  факторына  айналды.  Білім  және 
тәрбие  беру  саласында  сапалық  өзгерістерсіз  мұндай  дамуға  қол  жеткізу  қиын 
болмақ,  өйткені  білім  беру  дегеніміз  мәдениеттің  бір  ұрпақтан  екіншісіне  берілуі 
деген сөз. Мұндай білім беру жүйесі адамның кең көлемдегі рухани, адамгершілік, 
эстетикалық, этикалық дамуын қамтиды. Бұл жерде гуманитарлық құндылықтардың, 
діл мен діннің, тіл мен дәстүрдің, мінез бен құлықтың алатын орны айрықша.  
Осыншама  сорақылықтардың  пайда  болуының  себебі  неде,  адамзат 
тарихындағы 
қателік-қатыгездіктердің 
көзі 
қайсы? 
Бұларды 
өзіміздің 
қоғамымыздың,  халқымыздың  ішінен  де  іздегеніміз  жөн  сияқты.  Олардан  арылмай 
әділетті  де  қайырымды  қоғам  құра  алмақ  емеспіз.  Ең  ауыр  да  апатты  жағдай 
адамның азғындауымен, оның тәрбиесіздігімен, мәңгүрттенуімен байланысты екенін 
байқауға  болады.  Сондықтан  өзіміздің  дәстүрлі  мәдениетімізге  оралып,  ел  тізгінін 
жер-жерлерде  алауыздықтың,  сатқындықтың,  опасыздықтың,  зұлымдықтың  жолын 
кесе  алатын, жаңаша һәм қазақша ойлайтын толыққанды жандардың қолына алуына 
жағдай жасалуы керек. Этикалық, эстетикалық танымнан жұрдай, табиғи және қоғам 
байлығын  тағылықпен  тонаудан  басқа  тәлімі  жоқ,  бүтін  халықты  аздыртудан  бір 
танбайтын  жер-жерлердегі  адам  бейнесіндегі  жексұрын  зұлым  топтың  өкімі,  әр-әр 
жерде әлі дағы жүріп жатқандардың беделі күшпен орнықтырылып, жұртқа танылып 
жатқан  бүгінгі  таңда  зиялылардың,  алдыңғы  қатардағы  сауатты  жандардың 
ұйқысынан  оянып  дұрыс  бағытты  табуға,  қоғамды  тазартуға  деген  талаптары  мен 
дәттері  жетер  емес.  Бұған  тосқауыл  қойылмаса  қоғамдағы  тәртіпсіздік,  бей-
берекетсіздік  пен  әділетсіздік  апатты  жағдайға  жеткізері  хақ.  «Біздің  сақтанатын 
тұсымыз,  –  деп  жазады  Ш.Пәттеев,  –  «қазақстандық  ұлт»  болып,  оның  мәдениеті 
орыс мәдениетінің негізінде болуы. Себебі, халықтың 99 пайызы орысша біледі де, 
көпшілігі  қазақ  тілінде  сөйлемейді.  Бұл  –  біздің  жасаған  қатеміз.  Біріншіден,  біз 
отарсыздандыру  саясатын  жүргізбедік.  Екіншіден,  мемлекетті  құрған  тұста 
басымдық  қазақ  мәдениетіне  берілетінін  ашық  айтпадық.  Соған  әу  бастан  ден 
қоюымыз  керек  еді.  Ұлтқа,  ұлысқа  бөлінуді  қойып,  қазақ  мәдениетіне  көшуіміз 
керек  еді...  Қазір  басқалардың  қазақ  мәдениетінің  негізінде  құрылған  мемлекет 
дегенге ешқайсысы мойынсұнғысы келмейді» [3]. Қашанда ағат жасалған әрекеттер 
мен қастандықтар міндетті түрде ұрпағыңның алдынан  шығары  анық.  Сондықтан  
да  жастарды   еліктеуден   сақтайтын   әрекет,  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әбушәріп С. Дүниеде ең қажетті және табылуы қиын жаратылыс, ол – дәстүрлі мәдениет   
 
 
тәрбие,  өмір  салтының  салауатты  жүйесін  ойластырған  жөн.  Оған  жетудің  амалы, 
шарасы  ұлттық  дәстүрлерді  шаң  жуытпай  сақтай  отырып,  солардың  аясы  мен 
тұғырында  тіршілігімізді жалғастыра  білуде.  Мұны  қамтамасыз етуге  қажетті қолы 
таза, ары таза, білікті, терең танымды кадрлар күндіз көзілдірікпен, қолға шам алып 
іздестірілуі керек. Қазақтардың төл тілінен, мәдениетінен, ділінен алшақтап қалмас 
үшін жанын салатын азаматтарды қызмет сатыларына жоғарылата беру ләзім. Тек ол 
үшін  су  жаңа  күш  –  Қоғамды  ылас-настар  мен  жексұрын  надандардан,  сыбайлас 
жемқорлықтан тазартатын күш керек. «Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады, 
ой  түбінде  жатқан  сөз  шер  толқыса  шығады»,  демекші,  өзгеріссіз  ештеңе  де 
оңалмайды, оңбайды. Барлық мәселе, тағдыр-таным, талап, түп-тамыр осыған келіп 
тіреліп тұр.  
Мәдениет  тақырыбына  бағышталып  жазылған  отандық  авторлардың  еңбектері 
баршылық, бірақ олар бүгінгі таңда тарихы аса бай мәдениетіміздің – халқымыздың 

 
341 
 
өткенін,  тіпті  бүгінгі  жай-күйін,  салт-дәстүрі  мен  мінез-құлқын  білуге,  үйренуге 
талап  етушілердің  сұранысын  толық  қанағаттандыра  алмай  отырғандығы  жасырын 
емес.  Сонымен  бірге  авторлардың  мәдениет  туралы  тұжырымдамаларының  бәрі 
бірдей біздің ой-пікірімізбен барлық жағдайда сәйкес келе бермейді. Бұл еңбектерде 
мәдениеттің  мән-мағынасын  терең  түсініп  жетуге  ой-тамызық  боларлықтай 
материалдар берілуі тиіс еді.  
Дәстүрлі  мәдениетімізді  сақтап  қалу  жайлы  атқамінерлер  мен  зерттеушілердің 
біреуінің  де  ойлануға,  әрекеттенуге  не  дәті  жетпейді,  не  уақыты  жоқ.  Бұл  реттегі 
қатырамыз деп уәде берген талай жұмыстар қатпаған күйінде қалды. Сондықтан да 
мұндай  еңбекті  жазып,  жер-жерлерге  тарату  арқылы  жастардың  намысын 
шабақтауға болады деп білеміз.  
Бұл тақырыптың ғылыми және практикалық құндылығы мынада:  
–  мәдениеттің  мәнін  және  атқаратын  қызметін  білу,  адамзаттың  жинақтаған 
рухани  тәжірибесінен  хабардар  болу  дүниежүзілік  тарихтың  даму  тенденцияларын 
бағамдай алуға жәрдемдеседі;  
–оқу  құралында  қарастырылатан  мәселелер  өткендегі  және  қазіргі 
мәдениеттердің қайнар көздері, тағдыры жөніндегі пайымдауларды қамтыса игі;  
–студенттерді 
мәдениеттану 
тұрғысынан 
дайындаудың 
мемлекеттік 
стандарттарына  сәйкес  оқыту  мәдениет  теориясының  негізгі  ұғымдарымен, 
дүниежүзілік  және  отандық  мәдениеттанудың  негізгі  бағыттары,  мектептері  және 
теорияларымен танысуды, олардың логикасын түсінуді, ХХ-ХХІ ғасырлар мәдениеті 
дамуының  сипаты  мен  қайшылықтарын  білуді,  өмірлік  ситуациялар  мен  көркем 
шығармалардың  эстетикалық  және  этикалық  талдауының  әдістерін,  кәсіпқойлық 
этиканың  негіздерін  игеруді  көздейді.  Бұл  пәнді  игеру  барысында  студенттер 
мәдениет теориясының негіздері жөнінде түсінік алуы керек;  
–бұл  жерде  ең  басты  проблема  –  студенттерді  евроцентризмнің  саясында 
қалмай,  Европа  мәдениетін  универсалдық  (әмбебаптық)  феномен  ретінде  біржақты 
түсінуден  бойын  аулақ  салып,  оны  Еуропаның  табиғи-географиялық  жағдайында 
қалыптасқан,  тарихи  дамудың  айрықша  бір  өркениеті  деп  қабылдау  керектігін 
ұқтыру  болып  табылады.  Осыдан  барып  мәдениеттің  көпварианттық  генезисін 
қалпына  келтіру,  ежелгі  мәдениеттердің  негізгі  типтерін  (Үндістан,  Қытай,  Египет, 
Вавилония,  Тұран)  қарастыру  қажеттілігі  туындайды.  Осы  жөнінде  Европа 
(антикалық)  мәдениетінің  ерекшелігін  де  анықтауға  мүмкіндік  туылады.  Әрине, 
келешекте  жазылатын  осындай  еңбекте  мәдениеттің  барлық  типтерін  қарастыра 
алмайтындығымызды ескертіп өтуіміз керек.  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әбушәріп С. Дүниеде ең қажетті және табылуы қиын жаратылыс, ол – дәстүрлі мәдениет   
 
 
Тілге  алынған  тақырыпты  зерттеу  ісі  мына  мәселелерді  шешуді 
қажетсінеді:  
Өмірді  түсіну,  оқиғалар  ағыны  бізді  қай  жаққа  әкетіп  баратынын  көре  білу 
керек.  Өзіңе  және  басқаларға  бұл  әлемді,  адамдық  әлемді  түсіндіру  қажет. 
Сондықтан  мәдениет  ұғымын  түсіну  қаншалықты  күрделі  болмасын,  оның  мәнін 
терең пайымдаудың маңызы зор. 
 Бұл  мәселелерді  шешу  үшін  мына  міндеттерді  қолға  алуды  жөн  көрдік. 
Мәдениет  дегеніміз  не,  оның  табиғат,  қоғам  және  адаммен  арақатынасы  қандай, 
көптеген  мәдениеттер  қалайша  пайда  болады,  олар  қалай  өзара  ықпалдасады  деген 
сұрақтарға  жауап  іздеу  керек-ақ.  Мәдениеттің  мән-мағынасына,    құрылымына, 
атқаратын 
қызметтеріне, 
түрлері 
мен 
типтеріне, 
мәдениет 
жөніндегі 
тұжырымдамаларға  тоқталып,  қазіргі  дүниежүзілік  (батыстық)  мәдениеттің 
дағдарысы  және  сондай-ақ  өркениеттің  тарихи  типтері  сөз  етуге  тұрарлық 
мәселелер.  Әсіресе,  қазіргі  батыс,  орыс-славян  және  жалпы  шығыс  өркениетінің 
ерекшеліктеріне назар аударып, бұлардың басқа халықтар мен мәдениеттерге, оның 

 
342 
 
ішінде  қазақ  мәдениетіне  тигізген  оң  және  теріс  ықпалы  кеңінен  әңгімелеу;  қазақ 
мәдениетінің  Батыс  және  Орыс  өркениеттерінің  өрісі  ықпалына  тартылу  ауқымы, 
көлемі  мен  деңгейіне  байланысты  оның  келешегін  дәлме-дәл  болжауға  септесетін 
тұжырымдар мен фактілер дәйектелінуі керек.  
Тақырыпты  зерттеудің жаңалығы мен болашағы туралы бірер сөз. 
Осынау  мәселелердің  баяны  мәдениет  мәні  жөніндегі  барлық  теориялық 
ұғымдарды мүмкіндігінше дәріс беру практикасына енгізуге мұрындық болады. Бұл 
жерде  мәдениетті  түрлі  тұрғыдан  қарастыратын  теориялар  мен  келістер  (тұрғылар) 
ұмыт қалмауы тиіс. Сондықтан іс-қызметтілік және құндылықтық келістер, сондай-
ақ  фактологиялық  көзқарас,  мәдениеттің  гуманистік,  адамгершіліктік  мазмұны 
студенттердің назарынан тыс қалмауы керек. Бұл үшін мәдениеттің эмоционалдық-
эстетикалық жағынан импульс беретін әлеуетін  пайдалану өте  қажет. Бұл мақсатқа 
жету үшін еңбекте тарихтың көркем мәдениетте көрінісін тапқан кез-келген кезеңіне 
және  әрбір  адам  үшін  мәңгілік  маңызы  бар  ізгілік  және  жауыздық,  махаббат  және 
өшпенділік,  қадір-қасиет  және  намыс,  т.б.  сияқты  құндылықтарға  мән  берілуі 
ләзімдігі  дәйектелінеді.  Қарастырылатын  материалды  отандық  мәдени  дамудың 
өткір  мәселелерімен  байланыстырып,  мейлінше  өзектендіру  керек.  Түрлі  салаларда 
өтіп  жатқан  процестердің  тарихи,  мәдени  тамырларын  көрсете  отырып,  оларды 
түсінуді жеңілдететін ұқсас аналогтарды табу маңызды. Біздің еліміздегі әлеуметтік 
практикада жалпы мәдени тенденциялар қалайша нақтыланғанын талдау қажет. Бұл 
реттееліміздің  мәдени  дамуының  батыс  және  шығыс  қайнарларының  өзара 
қатынастары,  жасалынып  жатқан  өзгеріс  –  реформалардың  тарихи-мәдени 
дәйектелінуін кіндікті мәселе болып табылады.  
–  Осы  мәселе  бойынша  іргелі  зерттеудің  нәтижесінде,  мәдениеттің  барысын 
анықтайтын оның бір-екі компоненті ажыратып алынып, жалпы мәдениеттің дамуы 
жөнінде жаңа тұжырымдар жасалынып, ғылыми айналымға енеді.  
–  Іргелі  зерттеудің  нәтижесінде  еңбек  («Мәдениет  пен  өркениет  теориялары» 
және  «Өркениет  және  оның  тарихи  типтері»  атты  еңбектер)  оқу  құралдары  жарық 
көрсе игі іс болар еді. 
Сондай-ақ,  мәдениет  пен  өркениетті  рухани  тұрғыдан  қарастырудың  аса 
маңыздылығы  мен  оң  нәтижеге  қол  жеткізілетіндігінің  тұжырымдамасын  берудің 
маңызы зор.  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әбушәріп С. Дүниеде ең қажетті және табылуы қиын жаратылыс, ол – дәстүрлі мәдениет   
 
 
–  Зерттеулерде,  оқулықтарда,  оқу  құралдарында  мәдениеттің  мән-мағынасын, 
құрылымы  мен түрлері-типтерін, оның атқаратын  қызметін, сондай-ақ адам, қоғам, 
табиғат және мәдениеттің арақатынасы мен өзара ықпалдасуын тереңнен және жан-
жақты  түсінуге  жәрдемдесетін  мәдениеттанудың  теориялары  мен  негізгі  тұғыр-
тұрғылары  қарастырылуы  керек.  Әңгіме  мәдениеттің  түрлі  тәбәріктерін  санамалап 
беруде емес, керісінше ұлттық мәдениет пен қазіргі әлемдік жағдайды, әсіресе батыс 
қоғамының  рухани  жағынан  құлдырауының  себеп-салдарларын,  тарихтың  тылсым 
сырларын жете түсінуге негіз болатын жинақталып, жүйеленген мәдениет жөніндегі 
білім таратылып айтылса мақсатқа сай болмақ.  
–  Жалпы  алғанда,  қолға  алынуы  тиіс  осынау тақырып қазіргі  уақытта  Батыста, 
әсіресе АҚШ-та, Британияда, Германияда, сондай-ақ Жапония мен Кореяда және т.б. 
орын алған ұлы тоқырау, дағдарыс пен күйзелістің себептерін, әсіресе капиталистік 
сипаттас нарықтық экономикаға бет бұрған біздің елімізде (осы жолмен кете беретін 
болса)  болмай  қоймайтын  апаттың,  азып  тозудың  алдын  алудың  қажеттілігін 
тереңнен,  кеңінен,  жан-жақты  түйсініп-түсінуге,  оған  дер  кезінде  тосқауыл  қоя 
білуге үндейтін ой тамызық бере алады. Бұған сенімдіміз. «Мудрый не тот, кто все 
знает,  а  тот,  кто  знает, что именно сейчас  нужно» («Бәрін білетін адам  дана  емес, 

 
343 
 
нақ қазіргі күнде не қажет, не істеу керек екендігін білетін жан ғана дана саналады») 
деген  афоризмнің  жаны  бар.  Ендеше,  мәдениеттің  сан  қырлы  саласын  емес,  оның 
барлық  мән-мазмұнын  анықтайтын  бірді-екілі  өзекті  бөлшегін  ғана  көрсету  ләзім 
және мақсатқа сай болмақ.  
Қайталап  айтайық,  осынау  тақырыпта  назар  аударуға  тиісті  бірнеше  түйін  бар. 
Олар  –  бастап  айтар  болсақ,  мәдениеттің  өзі  не,  оның  мән-мазмұны  қандай  деген 
сұраққа  жауап  бере  отырып,  оның  құрылымы,  түрлері  мен  атқаратын  қызметтерін 
тілге тиек ету, сондай-ақ, мәдениет пен өркениеттің алуан түрлі теорияларын егжей-
тегжейлі  сөз  ету  қажет-ақ.  Мәдениетті  түсінудің  бірінші  қадамы  дін,  діл,  тіл  және 
мінез-құлық аясындағы гуманистік идеялардан басталуы тиіс. Түбін қуып келгенде, 
біз мәдени құндылықтарды не үшін зерделеп, бойға сіңіреміз деген сұрақ көлденең  
тартыла  береді.  Құндылықтарды  біліп-тану барысында олардың  
болмысына  үңілуге  ықпал  етіп,  өзіміз  үшін,  өзімізді  тереңірек  білу  үшін  қажет 
екендігін сезіне аламыз.  
Біз  экономикалық,  инвестициялық  кесім-шешімді  баса  айтып,  экология  және 
имандылық  –  мәдени  құндылықтарды  ескермей,  әміршілдік-әкімшілдік  дөкір 
психология  ауылынан  әлі  алыс  кете  қоймай,  ұсақ-түйек  мүдделерге  қамшы  басып, 
бар  байлығымызды  халықтың  игілігіне  пайдалана  алмай  жүргеніміз  тар  пайымның 
салдары  екенін  шынымен  ұға  алар  емеспіз  бе?  Кешегінің,  бүгіннің  кінәрат-
қателігінің  зардабын,  салдарын  бүгінгі  ұрпақ  тартып  жатыр.  Сірә,  ұрпақтарға 
жалғасатын себеп-салдар қатынасы, уақыттар сабақтастығы, тарих сыны, қастандық-
қателік  өкімінің  бір  көрінісін  күнде  көріп  жүрміз.  Ендігісін,  оқырмандар  мен 
зерттеушілердің  өздеріне  қалдырамыз.  Мәселе  мынада:  XX-XXI  ғасырлар 
трагедиясы  –  имансыздық  трагедиясы.  Қазіргі  уақытта  дүниеде  имандылыққа 
жетудің жолын іздестіру белсенділікпен жүргізілуде. Сондықтан, қоғамның қалпын, 
әсіресе  мәдениетін  рухани  тұрғыдан  түсініп  түйсінудің  әлеуметтік-саяси  және 
экономикалық  мәні  зор.  Осыны  көрсету  жұмысымыздың  жаңа  бір  қыры  болып 
табылады. 
Ғылымды  және  техниканы  бірінші орынға  қойып, басымдылықты  беру оларды 
күллі  адамзатқа  қарсы  бағытталған  дүлей  күшке  айналдырды.  Бұл  талас 
тудырмайтын шындық.  Абай  қоғамның  шайқалмауы  үшін  екі  нәрсеге: иман мен  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әбушәріп С. Дүниеде ең қажетті және табылуы қиын жаратылыс, ол – дәстүрлі мәдениет   
 
 
білімге ден қою керек десе, Иман Жүсіп «Құдай білім берген екен деп біліміңе ғана 
емес,  иманыңа  сен»  деген  еді.  Дағдарыстардың  баршасы  исламға  билік  айта 
алмайды.  Рухани  апатқа  ұшыраған  елдерде  экономикалық  дағдарыстар  ғана  емес, 
адамдардың  жан  күйзелісі,  торығуы  мен  психикалық  ауруларға  ұшырауы  белең 
алуда. Өйткені оларда рухани ауытқушылыққа жол берілген. Әрине, һарам тірлікке 
барғандар  Алланың  қаһарына  ұшырамай  қоймайды.  «Адам,  –  деген  еді  Фараби,  – 
барлық  әрекеттерінің  ішінде  тамаша  әрекеттерді  қалайтын  болса  ғана  бақытқа 
жетеді».  Адамда  жақсы  қасиеттер  болса  бақыт  та,  бақ  та  оның  басына  қонады 
(Ж.Баласағұни). Бұл елдерге,  мемлекеттерге де қаратыла айтылған сөз және өсиет. 
Бұған  АҚШ  пен  Европаның  қазіргі  жағдайы  мысал  бола  алады.  «Америка 
ұлықтығының күл-паршасы шықты», – деп жазды «Овсервер» басылымы. (1-4 қазан, 
2008  жыл.).  АҚШ  гегемониясының    уақыты  бітті.  Совет  Одағының  құлауы  сияқты 
Американың  құлдырап,  құлауына  көп  уақыт  қалған  жоқ  (Джон  Грет).  Бұл  ретте 
Вэнесуэла  президенті,  бізде  экономикалық  дағдарыс  жоқ,  –  деді,  –  өйткені, 
капитализмнен  (нарықтық  экономикадан)  бас  тартып,  Иран,  Қытай,  Ресей  сияқты 
елдермен қарым-қатынастарды жолға қойып дамытуға мүдделіміз. 
Ал,  сыбайлас  жемқорлықтың  батпағына  батқан  ел,  қоғам  адамгершіліктен  ада, 
өте  залалды  және  жойқын  сипат  алып  дамиды.  Зерттеулерде  қоғамның  дамуында 
экономиканың біріншілікке ие бола алмайтындығы, керісінше мәдениет құлдыраған 

 
344 
 
жерде  қоғам  да  құлдырай  береді    деген    тезис  кеңінен,  тереңнен  дәйектелінуі, 
адамдардың тұла бойын  
материалдық  байлыққа  деген  құлшыныс-құмарлық  билесе  елдің  тыныштығы 
бұзылатыны, ынтымақтастығы ыдырайтындығы, бұларға тосқауыл жасау шаралары 
дәйектелінуі керек. 
Алла  Тағаланың  жібін  берік  ұстанғанда  ғана  адамзат  бұл  індеттен,  апаттан 
құтыла  алады.  Ол  –  Құран  Кәрімде.  Зұлымдық  еткен  болса  да  туыспен,  мушрик 
туыспен де жақсы қарым-қатынаста болудың маңыздылығы хадистерде де айтылған. 
«Алла  Тағала  адамға  қиянат  жасамауды  бұйырады.  Басқа  дін  өкілдерінен  немесе 
кәпірлерден  қауіп  төнбесе,  мұсылман  адам  бірінші  болып  оларға  қарсы  қару 
қолданбақ былай тұрсын, балағат, лағынет сөйлемеуі керек. Ондай әрекетке барған 
адам күнаға батады. Алла тағала жақсылыққа жақсылықпен жауап беруді, кешірімді 
болуды  бұйырады.  Адам  мұсылман  болмаса  да,  онымен  қатынаста  адал  болу  –  әр 
мұсылманның парызы. Алла тағала себепсіз қан төгуге, адам өлтіруге тыйым салған. 
Адам тұрмақ,  жан-жануарды, тіпті  жәндіктерді себепсіз  өлтіруге тыйым салынған» 
[4].  Ислам  –  бейбіт  өмірдің,  достықтың,  адамгершіліктің,  ынтымақтастықтың, 
адамдарға 
деген 
сүйіспеншіліктің, 
сый-сыяпат 
пен 
құрметтің, 
білімге 
құштарлықтың,  қараңғылыққа  қарсы  күрестің  қайнар  көзі.  Оқулықтар  мен  оқу 
құралдарында  басқа  елдерден  халықтың  жан  дүниесіне,  көңіл  күйіне  қайшы 
келмейтін өмір салты мен заңдарды қабылдау ләзім деген тұжырым егжей-тегжейлі 
дәйектелінуі күтіледі. 
Адамзат  санасын  өзгертпесе  (дәстүрге  қарай)  тығырыққа  тірелген  қалыптан 
шыға  алмасы  анық.  Соған  сәйкес  реформалар  жүргізілмесе  де  оның  салдары  адам 
шошынарлықтай болады. Кешегі және бүгінгі өтпелі дәуірдің шикіліктері, нарықтық 
экономикамыздың  және  т.б.  сиқы  бірте-бірте  рухани  тіршілігімізден  көрініс  таба 
бастады,  жастарды  азып-тозуға  бастады.  Мәдениеттің  мәнін  жете  түсініп-түйсіну 
қайсы  жұрттардың  тәжірибесіне  қарап  бой  түзеу  керектігін,  олардың  идеологиясы 
мен  практикасына,  сондай-ақ  құндылықтарына  мән  беріп,  салмақтап    асықпай  
саралауға үндейді,  олардың жақсысынан үйреніп, жаманы мен  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Әбушәріп С. Дүниеде ең қажетті және табылуы қиын жаратылыс, ол – дәстүрлі мәдениет   
 
 
жасығынан  жирендіреді,  әлемдегі  қазіргі  өркениетті  қауымдастықпен  үнқатысуға 
түсуде сақ болу керектігіне меңзейді. Сыншылдығымыз жоқ болса шет жерден бәрін 
талғамсыз-талдаусыз (сүзгісіз) қабылдай береміз. Шәкәрім кезінде  «Европаға қарап 
отырсам,  үлгі  аларлық  бір  ел  жоқ  екендігіне  көзім  жетті»  деген  еді.  Ал  біз  үлгі 
алмайтын елден, жерден үлгі алып жатырмыз. Сайып келгенде, өзімізді өзіміз тану 
үшін  өзіміздің  ғұламаларымызға,  Шығыстың  сұңғыла  ойшылдарына  ден 
қойғанымыз  жөн  болар  еді  деген  тезис  еңбектерде  дәйектелінсе  жақсы  болар  еді. 
«Сендердің ең ізгіліктілерің Құранды оқуды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің, 
адал мен арамды айырып, адамзатқа тура жол нұсқаған Құранды оқымай қойсаңдар, 
елеп-екшелемесеңдер    адамзатқа    іріп-шіруден  басқа  жол  қалмайды»  деген  Хадис 
хикметі  тұрғысынан  мәдениетті  және  оның  теориясын  дәйектеуді  өз    зерттеуінде 
алдына мақсат-міндет етіп қою аса қажет. 
Ислами  жиһадтың  мақсаты  –  нәпсіңмен  күресу,  адамдарды  бірлікке  шақыру, 
Отаныңды,  үмметіңді  қорғау,  күнәдан  арылу.  Олай  болса,  біздің  қоғамымыздың 
тұрақты дамуы мен көркеюі дәстүр мен көркем мінез-құлық аясында жүзеге асадығ  
міне, осынау тезисті мәдениетпен байланыстыра дәйектеу мәдениетке бағышталған 
жұмыстың  басты  жаңалығы  болып  табылады  деп  білеміз.  Нәпсіні  тыю, 
сауатсыздықпен күресу, тәкаппар болмау, дөрекіліктен ажырау және адамның басқа 
да исламға тура келмейтін мінез-құлқымен күресу, яғни оны жою, керісінше көркем 
мінезді болу, намаз оқу, ауыз бекіту, әділетті болу, өтірік айтпау, сабырлы болу, бұл 
қасиеттерді иелену жолында Пайғамбарға еліктеу сияқты шынайы мәдениетті болуға 

 
345 
 
үндейтін исламды ұстанудан басқа жол жоқ екендігі  –  ақиқат. Ислам сөзінің түбірі 
«салам» – бейбітшілік, қауіпсіздік, сәттілік, Аллаһқа мойынсұну. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет