Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


    А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет39/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47

 

 
303 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
П.САРСЕМБАЕВА 
А.Ясауи атындаѓы ХЌТУ-ніњ оќытушысы 
 
Ќ¦РМАНЃАЗЫ К‡ЙЛЕРІН ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
В статье рассматриваются особенности и методы исполнения кюев Курмангазы
              
This article deals with the peculiarities and methods of performing kuys of Kurmangazy. 
 
Ќазаќ музыка шыѓармаларыныњ ішіндегі ењ ірі жанрдыњ   бірі – к‰й. 
Композиция  жаѓынан  ќараѓанда  да,  музыка  мєдениетініњ  басќа  жаѓынан 
ќараѓанда да к‰йлер халыќ музыкасыныњ жетістігі мен ірі тарауы екендігін 
білеміз. Ќазаќтыњ µзі де к‰йді айрыќша баѓалайды, онда айтып т±рѓан сµз 
болмаса  да  музыка  тілі    халыќќа  жаќын,  сондай  т‰сінікті,  оны  сол  тілсіз 
т‰рініњ  µзінде  жаќсы  баѓалайды.  Ќазаќта  єн  мен  к‰йдіњ  екі  басќа 
болуыныњ  µзі  халыќ  музыкасыныњ  жаќсы  жетілген  сатыда  т±рѓандыѓын 
кµрсетеді.  ¤йткені,  єн  мен  к‰й  єуелде  бір  болып  бара-бара,  музыка 
мєдениеті жетіле келе, бірінен-бірі айырылып, вокал музыка, инструментал 
музыка болып бµлек шыќќан. Басќа халыќ музыкасыныњ кµпшілігі м±ндай 
екі айырылуды єлі к‰нге дейін білмейді. 
К‰йлер халыќ музыкасында сирек ±шырайтын жанр. Мєселен, Ќорќыт 
есімін  ќазаќ,  т‰ркімен,  єзірбайжан,  т‰рік  сияќты  ±лттар  бірдей  кие 
т±тады, ќастерлейді. 
Кетб±ѓы  есімі  ќазаќ,  ќырѓыз,  ќараќалпаќ  арасында  зор  ќ±рметпен 
аталады.  Байжігіттен  бері  ќарайѓы  к‰й  м±рамыз  кµршілес  ±лттармен 
ортаќтаспайды  десе  де  болады.  Яѓни  XV  ѓасырдан  бері  ќарай  к‰й  µз 
алдына ±лттыќ музыкалыќ дербес жанр ретінде біржола орныќты деп айта 
аламыз.  
Ќазаќ халќыныњ мєдени-рухани болмысы XIX ѓасырдыњ бел ортасында 
мейлінше  шарыќтап,  ±лттыќ  µнері  б±рын-соњды  болып  кµрмеген  биікке 
кµтерілді. 
Еуропадаѓы  рухани  ќайта  µрлеу  кезењініњ  (XIV-VIII)  алѓашќы 
ќарлыѓашы  аќын  Данте  мен  суретші  Джотто  болѓаны  сияќты  ќазаќ 
даласында  XIX  ѓасырдаѓы  рухани  жањѓырудыњ  алѓашќы  тобында к‰йші-
композитор  Ќ±рманѓазы Саѓырбай±лы  т±рды.  Ќ±рманѓазыныњ  асќаќ  рухы 
бір  ѓана  музыка  саласына  сиятын  ќ±былыс  емес.  М±ндай  тегеурінді 
дарынныњ болмысы бірт±тас ±лттыњ рухани болмысына айѓаќ бола алады 
деп білеміз. Ол µзініњ ќанатты к‰йлері мен поэзиядаѓы Махамбет сияќты, 
майдан даласындаѓы  Кенесары сияќты, ѓылымдаѓы Шоќан сияќты рухына 
ќылау  т‰сірмей,  замана  тауќыметін  ќайыспай  арќалап  ѓ±мыр  кешті. 
Ќ±рманѓазы – к‰рескер дауылпаз к‰йші.  
Ќ±рманѓазы  музыкалыќ  м±расы  ауызѓа  алынса,  ќазаќ  музыкасын 
т±њѓыш  жинап,  нотаѓа  т‰сірген  белгілі  музыка зерттеушісі    А.В.Затаевич 
еске  т‰седі.  А.В.Затаевич  –  ќазаќтыњ  халыќ  музыкасын  б‰кіл  д‰ние 
ж‰зіне  т±њѓыш  танытќан  адам.  Ол  ќ±растырѓан  єн-к‰й  жинаѓына 
Ќ±рманѓазыныњ 7 к‰йі енген. Ќ±рманѓазыныњ к‰йшілік дарынын жоѓары 
баѓалаѓан да сол адам болатын [1]. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Сарсембаева П. Ќұрманѓазы күйлерін орындау ерекшеліктері 

 
304 
 
 
 
Ќазаќ  халќыныњ  музыка  байлыѓын  жинауда  республика  кµлемінде 
µткізілген домбырашы-к‰йшілер мен аќындардыњ жиындары кµп кµмегін 
тигізді. Соныњ нєтижесінде 1920-1936 жылдары кµптеген дарындылар µнер 
сахнасына  шыќты.  Белгілі  музыка  зерттеушісі  академик  Ахмет  Ж±банов 
деректі  мєліметтер  жинап,  к‰йшініњ  µмірі  мен  шыѓармашылыѓы  жайлы 
мерзімді баспасµз беттеріне маќалалар жариялай бастады. Соныњ бірі 1936 
жылы жарыќ кµрген Ќ±рманѓазы туралы кітапша. Содан кµп ±замай «Ќазаќ 
композиторлары»  деген  таѓы  бір  кітап  жарыќ  кµрген.    Б±л  – 
Ќ±рманѓазыныњ  µмірі  мен  ќызметі  туралы  ќазаќ  тіліндегі  т±њѓыш  кітап. 
Ќ±рманѓазыныњ    к‰йлерін  Тµлеген  Аршанов,  Уахап  Ќабиѓожин,  Ќали 
Жантілеуов,  Дина  Н‰рпейісовалардыњ  ауыздарынан  жазып  алып,  нотаѓа 
т‰сірген [1].  
Ќ±рманѓазы – µз заманыныњ ‰лкен азаматы, ќайсар ќайраткері, артына 
мол музыкалыќ м±ра ќалдырѓан адам, ±лы композитор. 
Єрине,  домбыра  бєрінен  б±рын  к‰йдіњ  аспабы.  Ќазаќ  к‰йлерініњ 
кµпшілігі  домбыраѓа  арналып  шыѓарылѓан.  Халыќ  к‰йшілерініњ  саны 
ќандай  кµп  болса,  олардыњ  орындау  єдістері  де  сондай  кµп.  Тіпті, 
Ќазаќстанды  т‰гел  айтпаѓанда,  µлке  ішінде,  бір  облыс  ішінде  бірнеше 
орындау  т‰рлері  болады.  Мысалы,  Ќазаќстанныњ  Орал,  Мањѓыстау, 
Атырау  µњірлерін  алалыќ.  Б±рын  б±лар  бір  облыс  болѓан.  Міне,  соныњ 
ішінде  тµрт  т‰рлі  орындаушылыќ  дєст‰р  бар.  Оныњ  бірі  жоѓарыдаѓы 
єњгіме  еткен  Ќ±рманѓазыдан,  екіншісі  –  Дєулеткерейден,  ‰шіншісі  – 
Абылдан, тµртіншісі – ¤скенбайдан келе жатќан дєст‰р [1].  
Орындаушылыќ  дєст‰рі  халыќќа  кµп  тараѓан  к‰йшініњ  бірі  – 
Ќ±рманѓазы.  Басќа  к‰йшілерге  ќараѓанда  Ќ±рманѓазы  жићанкез  болѓан 
адам.  Ол  атыныњ  аяѓы  жеткенше  кµп  жерді,  елді  аралаѓан.  Басќаларѓа 
ќараѓанда  шєкірттерініњ  кµп  болуы  да  осы  себептерден  болу  керек. 
Ќ±рманѓазы  дєст‰рінде  домбыраныњ  барлыќ  техникалыќ,  дыбыстыќ 
м‰мкіндігін  «т‰біне  дейін»  пайдаланѓан  деуге  болады.  Дыбыстыќ  деп 
отырѓанымыз домбыраныњ аз дыбысын, музыканыњ «ж‰рісіне» ќарай аса 
‰немдеп  пайдалану.  Єсіресе,  б±л  дєст‰рдегі  оњ  ќолдыњ  шынтаѓын  тек 
домбыраныњ т‰бін ќысып отыру ‰шін емес, кей кездерде фортепианоныњ 
педальдары есебінде пайдаланады. К‰йдіњ боратќан дыбыс керек жерінде 
орындаушы  шынтаќты  кµтеріп  жібереді  де,  сол  шаќта  домбыра  дыбысы 
д‰р  ете  ќалады.  Ал  дыбысты  баяу  шыѓару  керек  кезінде  жањаѓы 
шынтаќпен  домбыраныњ  т‰бін  басќан  кезінде  т±ншыѓа,  фортепианоныњ 
сол  жаќ  педалі  сияќты  болады.  Б±л  єдіс  тек  Ќ±рманѓазы  дєст‰рінде  бар, 
басќа  ешкімнен  біздерге  осы  к‰нге  дейін  кездескен  жоќ.  Шынтаќты 
пайдалануды бірінші рет Алматыѓа алып келген Уахап Ќабиѓожин, Тµлеген 
Аршанов, Ќали Жантілеуов болѓан.  
Ќ±рманѓазыныњ  орындау  єдісініњ  салалары  кµп.  Соныњ  бірі  –  оњ 
ќолдыњ ќаѓысы. К‰йлердіњ мазм±нына ќарай ‰лкен драмалыќ шиеленісу, 
µсу,  даму  кезењдерін  беру  ‰шін  б±л  дєст‰рдіњ  оњ  ќол  ќаѓысында 
басќаларда  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Сарсембаева П. Ќұрманѓазы күйлерін орындау ерекшеліктері 
 
 

 
305 
 
кездеспейтін  жайлар  бар.  Ол  –  ќаѓыстыњ  шењберініњ  біраз  кењдігі  жєне 
динамикалыќ к‰ші. 
Домбырада  дыбыстыњ  к‰ші  тек  ќаѓыс  арќылы  болатынын 
орындаушылар  біледі.  Ќаѓыс  сонымен  ќатар  ырѓаќтыќ  µрнектер  береді. 
Ќ±рманѓазы дєст‰ріндегі ќаѓыс тµре тартыс єдісіндегілерге ±най бермейді. 
Олар кењ шењберлі ќаѓысты  «тентек ќаѓыс» деп атайды. Оныњ себебі тµре 
тартыста  (Дєулеткерейден  бері  келе  жатќан)  оњ  ќолдыњ  ќаѓыс  шењбері 
«тар» болады.  
Ќ±рманѓазы шєкірттерініњ бірі Динаныњ оњ ќолыныњ «тентектігі» к‰й 
атасынан  асып  т‰спесе,  кем  болмаѓан.  Ол  єсіресе  «Тµрем±ратты» 
тартќанда  оњ  ќолдыњ  ќ±лашы  тіпті  кењейіп,  сахнаѓа  сыймай  бара 
жатќандай  кµрінген.  Ќ±рманѓазыныњ  орындау  дєст‰рінде  таѓы  бір  айта 
кететін нєрсе – сол ќол саусаќтарыныњ аппликатуралыќ тєртібі. Уахаптыњ, 
Ќалидыњ тартыстарында б±ѓан дейінгі б±рын кµрмеген саусаќ басу тєртібі 
бар.  Динаныњ  ќаѓысындаѓы  таѓы  бір  ерекшелік  –  ол  басќа  ешкімде  де 
кездеспейтін,  оњ  ќолдыњ  бес  саусаѓын  бірінен  соњ  бірін  кезектестіре, 
пианистердіњ бір клавиште репетиция жасайтындары тєрізді етіп ќаѓу. Біраќ 
Дина ондай кезде басатын саусаќтарын бір пернеде ±стап отырмайды, олар 
да  ќозѓалып,  мелодиялыќ,  ќос  дыбыстыќ  неше  алуан  суреттер  берген.  Б±л 
айтып 
отырѓан 
жай 
Динаныњ 
орындауындаѓы 
Ќ±рманѓазыныњ 
«Тµрем±рат» к‰йінде кездеседі. Ќ±рманѓазыныњ орындау дєст‰рінде оњ 
ќол мен сол ќолдыњ координациясы м‰лтіксіз болмаса, керекті музыкалыќ 
нєтиже бермейтін болѓан.  
Ќ±рманѓазы к‰йлерінде ±ќыпты орындау, ырѓаќты ќатты ±стау, керек 
жерінде  екпінді  боратып,  ал  кейде  тіпті  баяулап  ќалу  кездеседі.  Єсіресе, 
к‰й атасыныњ осы бір т‰йіндерін жаќсы жеткізген Дина, Уахап болатын. 
Дина  керек  жерінде  желпіндіріп,  алаќ±йындатып  алады  да,  кенет  тіпті 
кідіргіштеп,  тоќтап  ќалѓан  кісі  сияќтанатын  болѓан.  Ќазіргі  орындаушылар 
арасында  тек  жылдам  тартсаќ  Динаѓа  ±ќсаймыз  деп,  борандатып  жµнеле, 
аяѓынан  бір-аќ  шыѓатындар  да  бар.  Ќ±рманѓазы  дєст‰рінен  келе  жатќан 
орындау  єдістерін  т‰гел  ќамту,  к‰йлердіњ  екпінін  кім  кµрінген  µзінше 
ќолдану  емес,  шыѓарманыњ  идеялыќ  мазм±нына,  техникалыќ  жаќтарына 
ќарай  н±сќалыќ  к‰йін  де  саќтап  отыру  –  біздіњ  заманныњ 
орындаушыларын біраз сатыѓа кµтеріп тастаѓан болар еді.  
Оркестрдіњ  жарыќќа  шыѓуы  ќазаќтыњ  ж‰здеген  к‰й  ќорыныњ 
саќталып  ќалуы  ѓана  емес,  оларды  шын  мєнісінде,  елдіњ  мєдени  м‰лкіне 
айналдыруѓа бірден-бір жаѓдай. Нотаѓа жазылу арќылы да к‰й саќталады, 
жоѓалмайды. 
Ќ±рманѓазы  да,  Дєулеткерей  де,  Тєттімбет  те  оркестрге  арнап  к‰й 
жазѓан  жоќ.  Сол  жеке  домбыраныњ  санаулы  пернесін  бойлай  шыѓарѓан 
к‰йлердіњ  µзі  оркестрдіњ  шарыќтаѓан  дыбыс  кµлемі  арќылы,  нотасыз-аќ 
орындалѓанныњ    µзінде,    б±рынѓы      єлсіз      аспапта      тартылѓан      к‰йлер   
µсіп  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Сарсембаева П. Ќұрманѓазы күйлерін орындау ерекшеліктері 
 
 
толыѓып,  байып  сала  берді.  А.В.Затаевичтіњ:  «Домбыраны  тыњдаѓанда, 
оныњ  жаќыннан  естіліп  отырѓан  єлсіз  дыбысын  естіп  емес,  оны  алыстан 

 
306 
 
естіліп т±рѓан ±лы д‰рсілдіњ талып жетіп отырѓан єуені деп т‰сіну керек» 
–  дегенінде  терењ  мєн  жатыр.  А.В.Затаевич  сол  єлсіз  домбыраныњ  ‰нінде 
келешекте  оркестр  д‰рсілдеп  шыќќалы  т±рѓан,  уаќытын  к‰тіп  жатќан 
ќомаќты дыбыс «ќоймасыныњ» бар екенін дєл басып айтќан. 
Оркестр  осындай  заман  арманын  орындады,  ќазаќтыњ  к‰йлерін 
кењейтіп, µрістетіп, шалќытып жіберді. 
¦лт-аспаптар  оркестрі  ±лттыќ  музыкаѓа  арќа  с‰йейтінін  ±мытпауымыз 
керек. Ќазаќ оркестрініњ ќ±ндылыѓы – халыќтыќ эстетикалыќ ќуаты жоѓары 
музыкаларын  єлемдік биікке кµтеру,  сµйтіп, басќа  ж±рттыњ  тыњ д‰ниені 
ќабылдауына, жаќсы єсер алуына жету. Музыканыњ тµл ‰ні  – оркестрдіњ 
баѓдары. Ол µз орнын осы міндеттерді орындау арќылы ѓана таба алады.  
Соњѓы  кездері  болып  жатќан  µзгеріс  Ќ±рманѓазы  оркестріндегі 
ќазаќтыњ  ±лттыќ  аспаптарын  (шертер,  жетіген,  сазсырнай,  сыбызѓы) 
ќ±рамында пайдалануда. 
¦лы бабамыздыњ орындаушылыќ мектебін алѓашќы жеткізген жоѓарыда 
атап  µткендей  Уахап  Ќабиѓожин,  Л±ќпан  М±хитов,  Дина  Н‰рпейісова, 
Ќали  Жантілеуов,  Р‰стембек  Омаровтар  болса,  кейінгі  буындардан 
Єзидолла  Есќалиев,  Баќыт  Ќарабалина,  Шєміл  Єбілтаев,  Ќаршыѓа 
Ахмедияров,  Рыспай  Ѓабдиев,  Айтќали  Жайымовтар,  т.б.  Ќ±рманѓазы 
к‰йлерін б‰кіл єлемге жайып келеді.  
Ќ±рманѓазы шыѓармалары – халќымыздыњ аса ќ±нды, рухани байлыѓы. 
Ол єлі талай ±рпаќтарды тєрбиелеп, µсіруге ќызмет етеді. 
 
ЄДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Ж±банов А. Ѓасырлар пернесі. -Алматы: Дайк-Пресс, 2002. 
2.
 
¦стаздардыњ ±стазы. Ќ±раст. К.Сахарбаева. -Алматы: 2003. 
3.
 
М‰сіреп Е. Єлемге єйгілі оркестр. -Алматы: «Елн±р», 2005.     
 

 
307 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Р.ДАРМЕНОВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы  
 
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ХАҚЫНДА  
 
В  статье  рассматриваются  работы  по  исследованию  народной  музыки  известными 
популярными деятелями музыки. 
 
  
The  author  of  the  article  analyses  some  works  about  the  research  of  national  music  by  famous 
popular artists. 
 
Мазмұны  мен  күрделі  орындаушылық  түріне  қарай  музыканың  белгілі 
бір  мақсат-мұраты  болады.  Ұрпақтан-ұрпаққа  ауызекі  түрде  жеткен  қазақ 
халық  музыкасынан  қоғамдық  хал-ахуал,  адамдардың  күнделікті  тұрмыс-
тіршілігі  көрініс  тауып  отыратыны  да  сондықтан.  Мысал  ретінде  шағын 
диапазондағы  оңай  шығарылып,  есте  тез  сақталатын,  көңілге  қонымды 
келетін жеңіл әуенді еңбек әндерін айтуға болады. Қазақи салт-дәстүрлерге, 
әдет-ғұрыптарға  (бесік  жыры,  шілдехана,  тұсаукесер,  үйлену  тойларына, 
өлген адамды жерлеу салт шараларына) арналған әндер де өте көп. Ал енді 
мелодиялық  өрісі  кең,  көп  бөлімді  формадағы  әрі  ладтық,  әрі  ырғақтық 
құрылысы күрделі лирикалық тарихи-эпикалық және әлеуметтік тақырыпқа 
арналған  жоғары  кәсіби  шеберлікті  талап  ететін  ән-күйлер  де  аз  емес. 
Мұндай  күрделі  шығармаларды  шығару  тек  қана  кәсіби  музыка 
қайраткерлерінің үлесіне тигені де рас.  
Осындай  қазақ  халқының  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткен  ұшан-теңіз  музыка 
мәдениеті  оның  рухани  байлығының  сарқылмас  қайнар  көзі  болды. 
Алғашқыда  атадан  балаға  дегендей-ақ,  ауызекі  тараған  мұндай  ән-күйлерді 
нотаға  түсіріп,  кітап  етіп  шығару  ісі  әрине,  қазан  төңкерісінен  кейін  ғана 
қолға алынды. Осы тұста халық шығармашылығын жинау мәселесіне ерекше 
көңіл  бөлінген  еді.  Бірқатар  мәдени  мекемелер  халықтың  музыкалық 
мәдениетін жинап, жазып алу ісімен шұғылдана бастады. Қазақ ССР Халық 
Ағарту Комиссариатының 1920 жылдың желтоқсан айындағы барлық халық 
ағарту  мекемелеріне  жазған  жарлық  хатында  «Халықтың  музыка 
шығарушылары туралы, халықтың музыкалық творчествосын нотаға түсіріп 
жинаушы  немесе  қазақ  өлеңдері  текстерін  жинап,  жазып  жүрген  адамдар 
туралы,  домбыра  және  басқа  да  халықтың  музыкалық  аспаптарын  істейтін 
белгілі  шеберлер  туралы»  мәліметтер  жинау  тапсырылды.  Одан  кейін  1921 
жылғы  20-маусымда  «Қырғыз  Автономиялы  Советтік  Социалистік 
Республикасының  саяси-ағарту  Бас  комитетінің  декреті»  бекітілді  [1.2]. 
Мұның музыка жөніндегі ережесінде де комитеттің музыка бөлімінің міндеті 
қазақтың  халықтық  музыкасын  жазып  алу,  тұрақты  музыкалық  ұжымдар 
құрып,  халықтың  аспапта  ойналатын  музыкаларын  халық  арасына  кеңінен 
тарату  болып  табылатыны  жазылған  [3].  Шын  мәнінде  ел  ішінен  халық 
мұрасын  жинап,  жазып  алу  ісі  бұдан  бұрынырақ  басталған  еді.  Орта  Азия 
халықтарының  рухани мәдениетін жете зерттеген орыс ғалымы В.В.Радлов: 
«Қазақ халқы өз әндерінде әлдебір  

 
308 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Дарменова Р. Қазақ халық музыкасының зерттелуі хақында     
 
 
ғажайып  ертегі  әлемін  дәріптемейді,  керісінше  ол  әндерде  өз  өмірін,  өзінің 
сезім-түйсігін,  арман-мақсатын  жыр  етеді...  тыңдаушыларды  әлдебір 
таңғажайып  оқиға  мен  күштен  тыс  құбылыстар  масайратпайды,  оларды 
рахатқа  бөлейтін  табиғи өмір шындығы»  деп  жазды  [4]. 1919 жылы  Қызыл 
Армияның  Көкшетау  аудандық  саяси  бөлімінің  нұсқаушысы  А.Э.Бимбоэс 
Ақмола  облысын  аралап,  қазақтың  ондаған  әнін  жазып  алған.  Олардың 
бірқатарын  1926  жылы  «Музыкалық  этнография»  жинағында  жариялатқан. 
Бұлардың ішінде қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың әндері де алғаш рет 
нотаға  түсірілген.  А.Э.Бимбоэстің  өз  қызығушылығымен  жасаған  бұл  ісі 
музыка қайраткерлері тарапынан өте жоғары баға алды. Ол туралы орыстың 
белгілі  композиторы  А.Глазунов:  «Бұл  жазбалар  халық  творчествосы  үшін 
бағалы  мұра  болып  табылады.  Өте  ұқыптылықпен,  тәжірибелі  қолмен 
жазылып  алынған»  деп  жазады  [5].  А.Э.Бимбоэс  Ақмоладағы  қазақ 
музыкасын  жинау  барысында  жүргізген  дәптерлерін  кейін  белгілі  музыка 
фольклоршысы  А.В.Затаевичке  тарту  еткен.  Кеңес  заманында  қазақ 
музыкасының жиналуына, ноталық жазбаға түсуіне айрықша еңбек сіңірген 
тұлғалардың  бірі  А.В.Затаевич  болды.  Орлов  қаласындағы  әскери 
гимназияда  музыкалық  білім  алған  А.В.Затаевич  1904-1915  жылдар 
аралығында Варшава Консерваториясының жанынан шығатын «Варшавский 
дневник» газетінде музыка сыншысы болып еңбек етеді. Осы газетте халық 
музыкасын  насихаттайтын  мыңға  тарта  мақала  жариялайды.  «Қазақ 
халқының  1000  әні»  деген  атпен  жинақ  етіп  шығарды.  Бұл  жинақ  көне 
дәуірден бастап біздің ғасырымыздың 30-жылдарына дейінгі қазақтың халық 
музыкасының  антологиясы  болды.  А.В.Затаевичтің  бұл  еңбегі  мәдениет 
тарихы  мен  ғылымы  үшін  баға  жетпес  мұра,  дүниежүзілік  музыка 
фольклорына  қосылған  үлкен  үлес  болып  табылды.  А.В.Затаевич  қазақ 
халқының  ыстық  ілтипатына  бөленіп,  алғысын  арқалады.  Фольклорлық 
жинақтары үшін 1922 жылы 50 мың теңге, 1923 жылы 1 мың теңге алтынмен 
қаламақы  төленді  [6].    А.В.Затаевич  ең  алғашқылардың  бірі  болып  Қазақ 
ССР  халық  әртісі  атағын  алды,  сөйтіп  А.В.Затаевич  қазақ  халқының 
музыкасын дүние жүзіне танытты. Ресейде М.Горький, Францияда Р.Роллан, 
Германияда  профессор  Гандшин, Чехословакияда  Э.Шульгоф  сияқты  әйгілі 
тұлғалар  үлкен  таңданыспен  лебіздерін  білдірді.  Атақты  композитор 
С.Прокофьевтың зайыбы Париждің радиосы арқылы 1934 жылы қазақтың 8 
әнін айтады. А.В.Затаевич жинаған қазақтың ән-күйіне Америкадан сұраулар 
түседі,  әр  елдің  көрнекті  композиторлары  өз  шығармаларына  қазақ 
музыкасын  зор  ықыласпен  пайдаланады.  Қазақ  музыкасын  нотаға  түсіру 
барысында  А.В.Затаевич  әрбір  ән-күйге  түсініктеме  беріп,  оның 
шығарушысы  мен  жеткізушісі  туралы  мейлінше  құнды  деректерді  бере 
білген. Бұл ретте Абай Құнанбайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Жаяу Мұса 
Байжанұлы,  Біржан  Қожағұлұлы,  Дәулеткерей  Шығайұлы,  Мұхит 
Мералыұлы,  Ыбырай  Сандыбайұлы  сияқты  қазақ  музыкасының    әйгілі  
тұлғалары  шығарған  ән-күйдің   алғаш   нотаға  түсуі  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Дарменова Р. Қазақ халық музыкасының зерттелуі хақында     
 

 
309 
 
 
және  олар  туралы  қызықты  мағлұматтардың  келтірілуі  айрықша  назар 
аудартады.  Бүгінгі  ғылыми  зерттеушілерді,  әсіресе  әнші-орындаушыларды 
айрықша өкіндіретін олқылық А.В.Затаевич жинаған 2 мыңдай ән мен күйдің 
бірде-бірінің  нотаға  толық  түсірілмегені,  сөздерінің  толық  жазылып 
алынбағаны. А.В.Затаевич қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап келген мол 
мұрасын  жинап,  кейінгі  ұрпаққа  қалдырып,  қазақтың  мәдениетіне  үлес 
қосты.  20-30-жылдарда  қазақ  музыкасын  зерттеуге  елеулі  үлес  қосқан 
тегеурінді  топтардың  қатарында  Б.В.Асафьев,  Я.В.Аравин,  А.Д.Алексеев, 
Б.Т.Ерзаковичтер болды. Көрнекті музыка зерттеушісі Б.В.Асафьев қазақтың 
халық  музыкасы  жайлы бес  зерттеу  мақала  жазып,  біліктілікпен  теориялық 
пайымдаулар  жасады.  Ол  қазақ  музыкасына  біртұтас  феномен  ретінде  ден 
қойып,  оның  философиялық-эстетикалық  төл  қасиеттерін  ашып,  оларды 
нысана  етіп,  былайша  айтқанда  қазақ  музыкасын  типологиялық  тұтастықта 
зерделеп,  оның  ең  бедерлі  төлтума  ерекшеліктеріне  назар  аударады.  Қазақ 
музыкасын зерттеп-тануда үлкен қажырлы қайрат көрсеткен Ахмет Жұбанов 
еді.  Ол  қазақтың  музыка  мәдениетін  жоғары  дәрежеде  рухани  құбылысқа 
айналдыру  үшін  тыным  таппастан  еңбек  етті.  Алғашқы  музыкалық  әліппе, 
қазақ 
музыкалық 
сынақ 
шеберханасы, 
Қазақтың 
Мемлекеттік 
филармониясы,  Қазақ  консерваториясы,  қазақ  музыкасы  туралы  оқу 
құралдары,  міне  осының  бәрінің  ұйытқысы  А.Жұбанов  болды. 
А.Жұбановтың  ұйымдастыруымен  ғылыми  экспедиция  1940-1980  жылдар 
арасында  Қазақстанның  түкпір-түкпірінен  10  мыңдай  ән-күй  нұсқаларын 
жинақтаған  [7].  А.Жұбановтың  ғалым,  педагог,  композитор,  орындаушы 
және  ұйымдастырушы  ретінде  қазақтың  музыкалық  мәдениетіне  сіңірген 
еңбегі  ұлттың  мәдени-рухани  шежіресіндегі  ең  көрнекті  белестердің  бірі 
болып  қалады.  Өткен  ғасырда  халық  музыкасын  зерттеп,  халқымыздың 
мәдениетіне  есепсіз  үлес  қосқан  зерттеушілер  жайлы  қысқаша  мәліметі 
осындай. Халық музыкасының зерттелуі алдағы өмірде де толығып шыңдала 
берері сөзсіз. 
              
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. -Алматы: 59-60 бет. 
2.
 
Қазақ Совет Энцоклопедиясы. Ерзакович Б. 623-628 бет. 
3.
 
Ахметова М. Советтік қазақ музыкасы. -Алматы: 1975. 
4.
 
Образцы народный лит. северных тюркских племен. СМБ. 1875. С.7. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 ТАРИХ, САЯСАТТАНУ  
  
 

 
310 
 
Э.Е.АЛЬЖАНОВА 
кандидат исторических наук, 
доцент МКТУ им. А.Ясави 
 
СОСТОЯНИЕ И УРОВЕНЬ РАЗВИТИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ 
В КАЗАХСТАНЕ В ПЕРВОЙ ПОЛОВИНЕ ХХ ВЕКА 
 
Мақалада ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда денсаулық сақтау мекемелерінің 
даму жағдайы мен деңгейі жөніндегі мәселелер қарастырылған. 
 
The article deals with the condition and the level of development of health services in Kazakhstan in 
the first half of the 20-th century. 
 
Сеть учреждений здравоохранения в Казахстане  была крайне слабой. В 
архивных материалах имеются свидетельства того, что врачебной помощью 
было в царский период охвачено исключительно русское население, да и то, 
в  основном,  в  городах,  лечение  же  коренного  населения  носило 
эпизодический,  единичный  характер.    В  1913  году  в  Сыр-Дарьинской 
области  имелось  только  3  больницы  на  80  коек  и  шесть  фельдшерско-
акушерских  пунктов  с  медперсоналом  в  15  человек.    В  то    время,  как   
заболеваемость среди казахского населения выше и потребность в лечебных 
учреждениях очень высока. Однако, в 20-е годы ситуация в здравоохранении 
в  республике  продолжала  оставаться  крайне  сложной.  Отмечалось,  что  по 
обеспеченности  лечебной  помощью  Казахстан  находится  в  таком  же 
тяжелом  положении,  как  Якутия  и  Камчатка.  На  1  января  1927  года  в 
Казахстане  было  всего  113  врачебных  участков.  Обеспеченность  сельского 
населения  стационарной  врачебной  помощью  составляла  всего  16,8%  от 
потребности [1].   
К примеру, в 1924 г. лечебная сеть Петропавловска включала 3 больницы 
на  180  коек  и  2  фельдшерских  пункта.  Там  работали  16    врачей,  10 
фельдшеров  и  6  акушерок.  Если  город  и  отчасти  село  еще  получали 
медицинскую  помощь, то казахский аул был лишен и этого. С середины 20-
х  гг.  для  обслуживания  кочевого  казахского  населения  стали  создавать 
передвижные  медицинские  консультации    в  составе  врача,  акушерки  и 
патронажной  сестры,  которые  на  3-4  месяца  направлялись  в  кочевые  аулы 
для  проведения  лечебной,  профилактической  и  медико-просветительской 
работы среди казахского населения.   
В  Южном  Казахстане  со  значительной  численностью  населения 
обеспеченность  медицинскими  учреждениями    и  медицинским  персоналом  
была  даже  ниже,  чем  в  целом    по  республике.    Так,  к  примеру,  в  Аулие-
Атинском  уезде    вместе  с  городом  в  1927  г.  имелось  лишь  21  лечебное 
учреждение,  из  них  3  больницы,  2  амбулатории,  1  диспансер,  1  детская 
консультация,  3  лечебно-амбулаторных  пункта,  9  фельдшерско-акушерских 
пунктов
  (из  них  6  –  в  уезде). 
Таким  образом,  обеспеченность  населения 
услугами  здравоохранения  была  довольно  низкой.  Если  принять  во 
внимание,  что  по  переписи  1926  г.  в г. Аулие-Ате  проживало 24518 чел., 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет