Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет48/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Мәметова С.

 

Бүгінгі күннің бiлiм жүйесі

 

 

 



 

341 


төртінші - бiлiм берудiң сапасы мен мазмұнын жақсарту, жалпы бiлiм 

беретiн пәндер бойынша мемлекеттiк стандарттарды енгiзу, “Тiлдер туралы” 

ҚР Заңын iске асыру, дарынды балалармен жұмысты жақсарту;  

бесініші  -  бiлiм  беру  ұйымдарында  салауатты  өмiр  сүру  салтын  енгiзу, 

Қазақстанның патриот азаматын тәрбиелеу;  



алтыншы  -  мемлекеттiң  қамқорлығына  мұқтаж  балаларға  әлеуметтiк 

көмек беру;  



жетінші  -  мектеп  жасындағы  балаларды  жалпы  мiндеттi  оқумен 

қамтамасыз ету;  



сегізінші  -  педагогикалық  кадрлардың  кәсiптiк  деңгейi  мен  статусын 

көтеру; т.б. 

 

Отандық  білім  берудің  бұл  секілді  жұмыстары  аз  емес.  Оның  бәрі 



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыт-бағдар беруімен жүргізіліп келеді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.

 



Назарбаев  Н.Ә.  Жүз  жылға  татитын  10  жыл.  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің  он 

жылдығына  арналған  салтанатты  жиналыста  сөйлеген  сөзі  //Егемен  Қазақстан,  2001,  15 

желтоқсан. 

2.

 



Ыдырысов Е. Жасампаздық дипломатиясы //Егемен Қазакстан, 2001, 7 желтоксан. 

3.

 



Мұхамедов  М.Б.  Тәуелсіз  Қазақстанның  сыртқы  саясатыңда  негізгі  басым  бағыттардың 

қалыптасуы. Алматы, 1999. -29-бет. 

4.

 

Ковжасарова  М.Р.  Дифференциация  как  условие  разноуровневой  подготовки  учащихся 



основной школы. Автореф. дисс. на соис. уч. ст. к.п.н., Астана, 2001. –216 с. 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

 

Б.Б.ЖОЛДАСОВА 

 

342 


А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  аға оқытушысы  

 

  



БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ МАТЕРИАЛДЫ 

КӨРКЕМ ӨҢДЕУДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

 ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ СИПАТЫ 

 

 



В  статье  рассматривается  содержание  творческой  деятельности  будущих  преподавателей 

предмета «Технология» по художественной обработке ткацких материалов. 

  

  

This  article    considers  the  contents  of  creative  activities  of  the  future  teachers  of  the  subject 

«Technology» on artistic working up of materials. 

 

Шығармашылық  –  бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға 

ұмтылуы,  ізденуі.  Өмірде  дұрыс  жол  табу  үшін  адам  дұрыс  ой  түйіп, 

өздігінен  сапалы,  дәлелді  шешімдер  қабылдай  білуге  үйренуі  керек.  Адам 

бойындағы  қабілеттерін  дамытып,  олардың  өшуіне  жол  бермеуге,  оның 

рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені, адам 

туынды ғана емес жаратушы да. Ол өзін жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен 

өзі  жойылуға  да  қабілетті.  Адамның  өз  болмысын  тануға  ұмтылысына 

көмектесіп,  тереңде  жатқан  талап-тілегін,  қабілеттерін  дамыту,  сол  арқылы 

оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білімнің басты мақсаты 

[1].  Сондықтан,  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетін  анықтау,  оны 

дамыту  мәселелеріне  көңіл  аудару  керек.  Бұл  технология  пәні  сабағында 

және  сыныптан  тыс  жұмыстар  барысында  технологиялық  жүйе  негізінде 

орын  алады.  Осыған  байланысты  болашақ  мұғалімдерді  оқушылардың 

шығармашылығына  дайындау  жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  барлық 

үдерісінде жүзеге асуы қажет.  

 

050120-Кәсіптік  білім  мамандығы  студенттерінің  шығармашылық  іс-



әрекетін  қалыптастыру  мәселелерін  шешу  кәсіптік  білім  беру  процесін 

зерттейтін  құбылыстың  мәнді  сипаттамасын  білуден  басталады.  Сондықтан, 

біздің  зерттеу  объектіміз  –  халқымыздың  сәндік-қолданбалы  өнері  болып 

табылатын тоқыма материалдарын өңдеуде студенттерге кәсіби білім беруде  

шығармашылық іс-әрекеттің мәнін ашу.  

Іс-әрекеттің  субъектісі  қоршаған  дүниені  шығармашылық  көзқараспен 

жұмыс  барысын  жоспарлайды,  іс-әрекеттің  нәтижелі  болуы  үшін  барлық 

мүмкіншілікті  пайдалана  отырып,  алдына  қойған  мақсатына  жетуді  жүзеге 

асыруды ойлайды. 

Шығармашылық  –  мағынасы  кең,  сан-қырлы  ұғым.  Ол  мазмұны  мен 

ұғымының  тығыз  байланыстылығымен  ашылады:  шығармашылық  –  таным, 

шығармашылық-ғылыми  және  шығармашылық*көркемдік  ізденістерден 

тұрады. 

Педагог  ғалым  Б.Ортаев  «Шығармашылық  -  қандай  да  бір  сапалы 

жаңаны  тудыратын  және  қайталанбайтындығымен,  даралығымен, қоғамдық-

тарихи  сиректігімен  ерекшеленетін  іс-әрекет. Шығармашылық  адамға  тән,  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология пәні мұғалімдерінің материалды көркем өңдеудегі ...  

 

 



 

343 


өйткені  ол  қашанда  жасампаз-шығармашылық  іс-әрекеттің  субъектісін 

болжайды,  табиғатта  шығармашылық  емес,    даму  үдерісі  жүреді»  -  деп 

сипаттайды [2]. 

Адам  шығармашылық  жұмыспен  шұғылданған  кезде  оның  бойындағы 

барлық  рухани  күштер  іске  қосылады,  таным,  түйсік,  пайымдау,  оқу  мен 

тәжірибе  кезінде  жинақталған  шеберліктері,  әсіресе,  қиял  арқылы  ойлау 

үдерісі 

шығармашылық 

жұмыста 

өз 


нәтижесін 

береді. 


Демек, 

шығармашылық іс-әрекет оқу мен тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген 

жаңашыл техникалық нысандарды жасау құралы  ретінде қарастырылады [3]. 

Кез  келген  кәсіби  іс-әрекетте  шығармашылықтың  бір  көрінісі  болады, 

яғни  ғылыми  шығармашылық  табиғи  мәнді  кемелденудің  жемісі,  жалпы 

алғанда құрылымдық деңгейінің жоғарылауы. Демек, болмыс заңдылығынан 

адамзатты  шығармашылыққа  жетелейтін  реттілік  пайда  болады:  қозғалыс  – 

даму – орындау – шығармашылық. 

Шығармашылық  нәтижесі  іздену  барысында  пайда  болатын  затта,  іс-

әрекетте  және  ойда  орындалады.  Олай  болса,  шығармашылық  адам  іс-

әрекетінің барысы тәрізді маңызды сипатта болады. 

Шығармашылық жаңаның, бұрынғыны қайталамайтын ойлау қабілетінен 

туындаған  өнімнің  пайда  болуына  жеткізеді.  Шығармашылықты  танып 

білудің 


жолдары 

философияда, 

психологияда 

және 


педагогикада 

қарастырылған.  

Аксиологиялық 

көзқарас 

авторлары 

(Г.С.Батишев, 

Н.С.Злобин, 

М.С.Каган  т.б.)  шығармашылықты  байқау  арқылы  құндылық  өлшемдері, 

адамның 

субъективті 

іс-әрекетпен 

байланысты 

қажетсінуі 

және 


қызығушылығының дамуы деп қарастырады. 

Онтологиялық  ойдың  авторлары  (В.С.Библер,  С.С.Гусев  және  т.б.) 

шығармашылықты 

адамның 


қоғамдық 

ортадағы 

болмысымен 

байланыстырады. Шығармашылық әдіс сияқты, өзі іске асыруды жобалайтын 

жасаушы  адамның  сол  ортаға  қатысы.  Онтологиялық  ой  адам  мен  ортаның 

бір-біріне  ашық  болуы,  бірлесіп  әрекет  етуі  керек  деп  есептейді. 

Шығармашылық адам мен әлемнің сұхбатын, әңгімелесуін елестетеді. 

Шығармашылық  барысы  және  соңғы  нәтижесі  бірін-бірі  толықтырып 

отырады.  Шығармашылықтың  әлеуметтік–объективті  маңыздылығы  оның 

соңғы нәтижесін, ал субъективті шығармашылықтың барысын анықтайды.  

Психологтардың  пайымдауы  бойынша  шығармашылық  барысын  мына 

компоненттер құрайды:  

-

 

дәстүрлі емес жауапты талап ететін сұрақ қоюға қабілет;  



-

 

туындаған мәселерді көру ептілігі;  



-

 

логикалық және математикалық түрінде құрылған ойды бейнелеу;  



 

-

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология пәні мұғалімдерінің материалды көркем өңдеудегі ...  

 

 



 

344 


-

 

көркем–графикалық,  заттық  және  басқа  құрылымда  мысалы,  сәндік–



қолданбалы  сипатта  шығарманың  құрылуы,  бұйымның  қандай  болмасын 

түйіндерін өңдеуде жаңа технологияларды іздестіру;  

-

 

туындаған  бейнелерді  жасауда  пайда  болған  ойларды  қорытындылау 



қабілеті.  Мысалы,  сәндік-қолданбалы  істі  құру,  өнімді  өңдеу,  модельдеу, 

конструкциялау,  оларды  дайындайтын  құралдарды  жасау,  жаңа  технологиямен 

өңдеуді  қарастыру,  т.б.  Сайып  келгенде,  шығармашылық  адам  қызметіндегі 

маңызды,  қажетті  белгі  қатарында  әр  кезде  бөлектенбеген,  керісінше 

біріктірілген іс-әрекет түрі болып саналады. 

 

Л.С.Выготский жаңаша бір құрылым жасап сыртқы дүниені құрайтын, іс-



әрекетте  белгілі  ой  мен  сезімді  қалыптастыратын  адамның  бойынан  табылатын 

қасиетті шығармашылық деп анықтайды [4]. 

 

Психология  сияқты  педагогикалық  ғылым  шығармашылық  үрдісінің 



мынадай  жақтарын анықтайды: объективті (оның қорытындысымен анықталады) 

және  субъективті  (өнімнің  жаңаша  түрі  болмаса  да  шығармашылық  үрдісімен 

анықталады). Педагогикалық ғылым берілген мәлімдемелерді әртүрлі варианттар 

үрдісіне  бөлуге  ықпал  ететін  шығармашылық  іс-әрекеттегі  жүйеліліктің 

қажеттілігін, сонымен қатар, динамикасын анықтайды. Адамның шығармашылық 

іс-әрекетінде  интеллектуалды  және  жеке  басының  мүмкіншіліктерінің  маңызы 

зор. 

 

Білім  беру  барысындағы  үрдіс    студенттердің  қызығушылықтарын 



оятады,  оны  объективті  және  субъективті  бағалауға  бағытталған  студенттердің 

іс-әрекеті  деп  санауға  болады.  Шығармашылық  үрдісінде  білімді  және 

шығармашылық  әдістерін  ұғына  отырып,  студенттер  өз  еріктерімен  білім  алу 

қабілетін  қабылдап  қана  қоймай,  шығармашылық  іс-әрекетте  тәжірибе 

жинақтайды.  Бұған  дейін  шығармашылық  іс-әрекеттегі  жеке  тұлғаның  алған 

қабілеті  оның  қызығушылығын  оятуға  жеткіліксіз.  Студентке  ұғынуға  тиімді 

жаңа  мәліметтер  қажет.  Бұл  мағынада  тұлғаның  білімге  деген  қызығушылығын 

шығармашылықта  доминанттық  қажеттілігі  анықталған  белсенділік  таныту  деп 

түсінуге болады.  

Шығармашылық  –  жалпы  айтқанда,  тұлғаның  жасаған  жаңаша  өзгерістері 

мен  іс-әрекеттері.  Біздің  анықтауымызды  қажет  ететін  шығармашылық  –  іс-

әрекет  тоқыма  бұйымдарын  көркем  өңдеуде  (кестелеу,  тігу,  тоқу,  т.б.) 

жоспарланған    мақсаттың  шешімін  табуы.  Көздеген  мақсаттарға  жетпеген 

жағдайда  бұйымның  эстетикалық  және  көркемдік  құндылығы  жоғалады. 

Студенттердің білім мен дағдылары оқу қызметінде жүзеге асырылған жағдайда 

ғана  шығармашылық  нәтижесін  береді.  Осындай  іс-әрекеттер  шығармашылық 

идеялар, ойлар тудыра отырып жаңалық енгізуге әсерін тигізеді. 

Тоқыма 


материалдарын 

көркем 


өңдеуде 

студенттер 

қызметінде 

шығармашылық  элементтер  болса,  онда  ол  шығармашылықтың  негізгі  түрі 

болып табылады. Сондай-ақ: 

-  аталған  шығармашылық  іс-әрекеттің  өнімі,  оның  материалдық  қалпы 

сәндік-қолданбалы  шығармашылық  болып табылады, оның синоним сөзі - өнер; 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология пәні мұғалімдерінің материалды көркем өңдеудегі ...  

 

 



 

345 


- үрдіс құру, яғни көркем бейнені  қабылдау үрдісі  - шығармашылық үрдісі 

делінеді; 

-  аталған  шығармашылық  іс-әрекеттер  үрдісінде  тұлғаның  шығармашылық 

қабілеті дамиды және қалыптасады; 

-  тоқыма  материалдарын  көркем  өңдеу  тұлғаның  шығармашылық  қызмет 

принциптеріне негізделеді. 

Сайып  келгенде,  сәндік-қолданбалы  өнердегі  әртүрлі  кестелеу,  тоқу,  тігу, 

өрнек  салу  тұлғаның  шығармашылық  іс-әрекетінің  маңызды  түрі  болып 

табылады.  

Материалдарды көркем өңдеуде шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға 

тұлғаның  қызмет  дағдысы,  спецификалық  ерекшеліктері  қажет  [4].  Осыған 

байланысты төмендегі дағдыларды атап өтеміз: 

-  шығармашылық  қызмет  тұлғаның  белсенділігін  айқындайды  және  нақты 

мақсатқа жету үшін анықтамаларға бағытталады; 

-  субъект  шығармашылық  қызмет  алдына  мақсат  қояды,  оған  жетуге 

қабілетін арттырады; 

- шығармашылық іс-әрекет әлеуметтік-нормативті және тұлғаның білімі мен 

қабілетін қалыптастырады. 

Студенттердің  тоқыма  материалдарын  көркем  өңдеуде  шығармашылық  іс-

әрекетін қалыптастыруда   А.В.Бакушин,  М.М.Бахтин,  Л.С.Выготский, А.Я.Зись, 

М.С.Каганның зерттеулеріне сүйене отырып, төмендегіше зерделеуге болады:                      

1)  студенттердің  шығармашылық  қызметі  -  рухани-өндірістік  ақиқатты 

игерумен,  қызметтің  маңыздылығын  іске  асыруға  жағдай  жасаумен  және 

эстетикалық қабылдауды қамтамасыз етумен байланысты үрдіс; 

2)  шығармашылық  іс-әрекет  мәдениетті  жасайтын қабілет  тектес,  тұлғаның 

қызметін орындауды қамтамасыз етеді

3)  шығармашылық  іс-әрекет  -  тұлғаның  эстетикалық  сезім  белсенділігін 

тану-бағалау дәлелімен анықтайтын әлеуметтік-психологиялық құбылыс; 

4)  шығармашылық  іс-әрекет  тұлғаның  өнімді  құраудағы  кешенді  қабілетін 

дамытады (сәндік-қолданбалы өнерде), қамтамасыз етеді: 

-  объект  және  субъектінің  бірігуі,  оған  субъектінің  қатынасы,  әлем  туралы 

құнды мәлімдемесі, көркем бейнені ұғыну қабілеті; 

- көркемдік нақтылықты құрау қабілеті; 

- өнер тілін қолдану, өнерге қатынас және оны нақты іске асыру қабілеті [5]; 

5)  көркем-шығармашылық  іс-әрекет  –  өзін-өзі  дамытады,  өз  ісін  орындай 

және өз ісін түсіндіре отырып құндылықты жасайды, объективті-қоғамдық және 

субъективті-жеке маңыздылығын игере отырып, адамның іс-әрекетіндегі ерекше 

түрі болып саналады [6]; 

6)  шығармашылық  іс-әрекет  -  тұлғаның  ырғақ,  қалып  және  стиль,  т.б. 

қабылдау  қызметін;  эстетикалық  тұрғыда  бағалау,  көркемдік  көзқарас 

қабілеттіліктерін дамытады [7]; 

7)  шығармашылық  іс-әрекет  -  шығармашылықтағы  тұлғаның  құнды    «мен» 

деген өзіндік мінездемесі, өзі орындау үрдісі болып табылады [8]. 

  Б.Г.Ананьев, М.С.Каган, Т.Е.Климова және т.б.зерттеулерінде көрсетілгендей, 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Жолдасова Б.Б. Болашақ технология пәні мұғалімдерінің материалды көркем өңдеудегі ...  

 

 



 

346 


психологиялық үрдісті дамытуда ең ұтымды кезеңдер (назар, есте сақтау, ойлау, 

елестету, ойлау қабілеті), сонымен қатар алдына қойған мақсатқа жетуге ұмтылу 

ерекшеліктері,  өзін-өзі  игеру  деңгейі  байқалады.  Демек,  бұл  кезеңдерде 

студенттердің  шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастыру,  психологиялық  және 

педагогикалық  қабілеттерін  анықтау  туралы  негізгі  функционалдық  база 

құрылады. 

Студенттердің  материалды  көркем  өңдеуде  шығармашылық  іс-әрекетін 

талдау барысын төмендегіше қорытындылауға болады:  

-  студенттердің  шығармашылық  іс-әрекеті  жоғары  оқу  орындарының  оқу 

үдерісінде жүзеге асырылады; 

-  оқу  үдерісі  және  шығармашылық  іс-әрекетті  дамыту  бір-бірімен  тығыз 

байланысқан.  Бір  жағынан  оқу  шығармашылық  іс-әрекеттің  негізі  болып 

табылса, екінші жағынан оқу үдерісіне қажетті мақсат болып табылады; 

шығармашылық  іс-әрекет  студенттерге  олардың  шығармашылық 



потенциалын дамытуға  мүмкіншілік береді. 

Шығармашылық жұмыс – адам қызметінің жемісі, материалдық және рухани 

игіліктердің саналы көрінісі.  

Сонымен,  философиялық,  эстетикалық  және  педагогикалық  аспектілерді 

қарастыра  отырып,  «шығармашылық»,  «шығармашылық  іс-әрекет»  ұғымдарын  

талдай  отырып,  олардың  маңызын,  ерекшеліктерін  және  құрылымын 

айқындадық.  Зерттеуімізде  шығармашылық  іс-әрекет  болашақ  мұғалімдерге 

эстетикалық  тәрбие  беру,  кәсіби  дайындау  бөлігін,  сонымен  қатар,  қажетті 

жоғары білімнің  модельдерін құрауды қарастырады. 

Болашақ  мұғалімдердің  шығармашылық  іс-әрекетінің  нәтижелері  –  жеке 

тұлғаның  саналы  шығармашылық  жұмыстарының  кешенді  сипаты  болып 

табылады,  яғни  ойлау  белсенділігі  артады;  тәжірибелік  жұмыстарды  орындауда 

білім  мен  икемділікті  шыңдайды;  еңбек  сүйгіштік  қабілеті  дамып  тиісті  

міндеттерді өз бетінше шеше алуда өнертапқыштық қасиеті де қалыптасады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларын еңбекке оқыту мен 

тәрбиелеу тұжырымдамасы. Алматы, Қазақстан, 1993ж., 21 қаңтар. 

2.

 

Ортаев  Б.Т.  Оқушылардың  техникалық  шығармашылығы:  Оқу  құралы.  –Түркістан: 



Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2008. -160 б. 

 

3.



 

Өстеміров  К.,  Шәметов  Н.,  Васильев  И.  Кәсіптік  педагогика:  колледж,  университет 

студенттеріне арналған оқулық. Алматы: ТОО «Наз-9» ЖШС, 2006. -280 б. 

4.

 

Выготский Л.С. Психология искусства. -М.: Педагогика, 1991. -279 с. 



5.

 

Ананьев Б.Г.  Комплексное  изучение  человека  как  очередная  задача  современной  науки.  -Л.: 

ЛГУ, 1962. -Вып.4. - 218 с. 

6.

 



Фохт-Бабушкин Ю.У. Художественная культура: проблемы изучения и правления. М.: Наука; 

1986. -126 с. 

7.

 

Спиркин А.К. В творческой силе человеческого разума. М.: Прогресс, 1979. - 337 с. 



8.

 

Мелик-Пашаев А.А. Педагогика искусства и творческие способности. -М.: Знание; 1981. -96 с. 

 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

 

О.А.СТЫЧЕВА  

 

347 


кандидат педагогических наук, доцент  

МКТУ им. А.Ясави 



                                                 

З.К.САДЫКОВА  

соискатель, преподаватель ЮККПиОТ 

 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ТЕХНОЛОГИЯ ЭСТЕТИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ 

НА ОСНОВЕ ПРЕДМЕТОВ ГУМАНИТАРНОГО ЦИКЛА 

 

  Мақалада  автор  оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  берудің  педагогикалық  технологиясын 



жүзеге асырудың тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарын ұсынады. 

 

 This  article    describes    psychological  and  pedagogical  conditions,  which  are  necessary  for  effective 

process of pedagogical technology of the students’ aesthetic education.

 

 

Одним  из  главных  направлений  совершенствования  работы  по 

эстетическому  воспитанию  учащихся  колледжа  является  создание 

соответствующей  научно-обоснованной  технологии,  предусматривающей 

охват различными ее формами учащихся 1–3 курсов. 

Согласно  нашей  концепции,  педагогическая  технология  эстетического 

воспитания  включает  совокупность  целенаправленных,  последовательных, 

взаимосвязанных  педагогических  условий  эстетического  воздействия  на 

учащихся,  учитываемых  и  реализуемых  в  процессе  изучения  гуманитарных 

дисциплин. Данные условия описаны ниже. 

Актуальность  разработки  педагогической  технологии  эстетического 

воспитания  подтверждают  педагогические  и  психологические  исследования, 

ведущая  идея  которых заключается в следующем: эмоционально-ценностное 

отношение к жизни, приобщение к искусству позволяют развивать не только 

сенсорную и общую культуру учащихся, но и их познавательную активность, 

зрительную память, быстроту реакции, аналитическое и образное мышление. 

Через  чувства  и  эмоции  самореализация  личности  происходит  более 

продуктивно  во  всех  сферах  жизнедеятельности.  Эстетическое  воспитание 

открывает иной, отличный от рационального, способ видения, чувствования и 

понимания культуры. 

Педагогическая    технология  –  это    продуманная    творческая    система, 

способная  стимулировать  развитие  личности  школьника [1.33].  

В предлагаемой нами технологии выделим две основные составляющие, 

позволяющие  сочетать  эстетическое  знание  с  накоплением  опыта 

эстетической творческой деятельности: 

1)  организацию  деятельности,  способствующую  развитию  у  учащихся 

колледжа чувственной сферы, эмоционально-ценностного отношения к миру, 

действительности;  

2)  вовлечение  учащихся  в  творческую  деятельность  (развитие 

действенно-практической сферы).  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Стычева О.А., Садыкова З.К. Педагогическая технология эстетического воспитания на основе...  

 

 



 

348 


Успех  может  быть  обеспечен  выбором  тех  форм  работы,  которые 

позволяют смоделировать творческий процесс:  

1) личная творческая деятельность;  

2) восприятие творческого опыта культуры. 

При разработке педагогической технологии мы понимали важность того, 

что  уже  на  1  курсе  следует  вовлечь  учащихся  в  систему  эстетического 

воспитания,  т.к.  первый  год  обучения  в  колледже  является  наиболее 

благоприятным  для  формирования  эстетических  потребностей,  восприятия 

знаний  и  взглядов,  эстетических  убеждений.  Необходимо  создание 

эстетической среды, способствующей приобщению учащихся к эстетической 

творческой 

деятельности, 

создание 

условий 


для 

эстетического 

самовоспитания  и  самообразования.  Среди  учащихся  распространено 

утилитарно-потребительское  отношение  к  искусству,  с  которым  они  

связывают  лишь  приятное  времяпровождение.  Именно  этим  объясняется 

предпочтение,  которое  среди  всех  видов  искусств  учащиеся  отдают  эстраде 

(после кино). В тех случаях, когда выделяется, прежде всего, познавательная 

функция  искусства,  проявляется  недооценка  его  идейно-эстетической 

специфики,  непонимание  «языка»  искусства,  логики  образного  строя,  т.е.  в 

конечном счете обнаруживается поверхностный взгляд на искусство. Именно 

поэтому  мы  формулируем  задачу  развития  эстетического  вкуса  учащихся 

колледжа,  способностей  отличать  подлинные  художественные  ценности  от 

суррогатов, умений  адекватно воспринимать произведения искусства. 

В  связи  с  этим  встает  задача  поиска    путей  приобщения  учащихся  

к    разным    видам    искусства,  использования    возможностей    учебных  

дисциплин  гуманитарного  цикла  в  решении  этого  вопроса

Таким  образом,  необходима  серьезная  систематическая, планомерная, 

комплексная    работа    по    формированию    художественной    культуры  

учащихся.  

Успех эстетического  воспитания  и  образования  учащихся  может  быть 

обеспечен    лишь    при    условии,  что    в    колледже    сложится    атмосфера  

понимания    важности    этого    участка    работы,  что    каждый    преподаватель  

подойдет  к  этому  делу  ответственно  и  внесет  свой  посильный  вклад  в  

формирование    эстетической    культуры  учащихся.  Эффективность  

эстетического  воспитания   в  немалой  степени  зависит  от  того, насколько   

педагог  знает  эстетические  потребности  и  интересы  учащихся 

Каждый  учащийся  должен  не  только  глубоко  усвоить  определенную  

систему    научных    знаний,  но    и    научиться    понимать,  как    надо  

организовать  жизнь  и  труд, как  применять усвоенные  знания  на  практике, 

в  повседневной  жизни  и  деятельности. 

Учебные  планы  и  программы  среднеспециальных  учебных  заведений, 

какими  бы  совершенными  они  ни  были, не  дают  готовых  «рецептов», 

которыми  можно  было  бы  пользоваться  в  каждом  конкретном  случае. Но   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет