А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сейтметов К., Сейтметова А.
Алғашқы қазақ актерлерінің орындаушылық ерекшеліктері
әрекеттері - актер ойынының драмалық арқауы. Екпіндетіп басталып өктем
сөйлейтін Еспембет бидің қимыл-әрекеті еш жерде босаңсымай ширай
түседі, "екінің бірі", - деп қарсыласын айтқанына көнбесе, бүркітше бүріп
алатын жыртқыштық кейіпке енуі - бидің табиғатына лайық суреттеу.
Кәсіби актер шеберлігінің өмір шындығынан алынатын және ізденістен
туатын нәтижесін өзі де: "сахнадан көрсетер барлық мінез-құлық, түр-түс,
айла- әрекеттер айналаңда жүрген адамдардың бойында бар емес пе? Ол
үшін көңіл зеректігі керек-ақ. Ал енді, образ жасаудағы тағы бір басты
мақсат – әр рольдің өзіне тән үнін табу. Рольдің үнін тапсаң, әрі қарай
өзінен-өзі келе береді. Тек сол үнді өршітіп, өсіріп, ширықтырып
шыңдай білу керек" [3], - деп атап көрсетеді.
Зерттеушілердің айтқандарына қарағанда, актер әрбір қойылым
сайын өз ролін тың бояулармен толықтырып отырған көрінеді. Шеберлігінің
қалыптасуына ерекше ықпал жасаған бұл роль С.Қожамқұловтың атын
әйгілейтін сахналық табысы, келешектегі актерлік ізденістеріне жол
ашқан шығармашылық адаспас компасы болды. Осы сахналық
бейнесімен-ақ С.Қожамқұлов ұлттық актер өнерінің өзіне тән мектебін
жасауға мол үлес қосты.
Енді осыған қарама-қарсы Көбей бидің тұңғыш сахналық бейнесіне
тоқталып көрейік. Бұл рольді ойнаған Қ.Қуанышбаев табиғатынан
актерлік өнерге бейім, сахна үшін жаралған жан екенін танытты. Көбей
– оның мемлекеттік театрдағы актерлік өнерінің бастамасы. Пьесаның
мазмұнына қарай сөзге шешен, "көмей бидің" бейнесін жасауда өзінің
өмірлік тәжірибесіне сүйенді. Ол өзі Арқада жұртты күлдіріп, ән салып,
сауық құрып жүрген кезінде небір сойқан билер шайқасын көзімен
көрген, кейбір бай-манаптар мен билерді өзі де әжуа-мысқылға алып
жүрген тұстары болды.
Енді міне, солардың бірі - Көбейді өз руының айыбын іштей
сезінгенімен өз "тентегін" қызғыштай қорғап, Тобықты елінің намысын
қолдан бермеуге ұмтылған бидің табиғатын нанымды ашқан. Актер ең
алдымен би араласатын оқиғаның мән-мағынасына жетік, оған қатысатын
билердің сыр-сипатына, мінез-құлқына, қимыл-әрекетіне іштей қанық, ар
жағынан табиғи дарыны мен ішкі түйсік арқылы қисынды жолмен-ақ
алып кеткен. Ол Көбейдің сөзге жүйрік, аспай-саспай, ойланып, айтатын
байсалдығына баса көңіл аударған. Оның Еспембеттің қисық, қыңыр,
содыр сөздерінен именбей, әзілге айналдыра астарлай сөйлеудің өзі көпті
көрген көне көз бидің, жақсыны да, жаманды да алыстан болжайтын
көреген бидің кескін-келбетін келтірген. Қ.Қуанышбаевтың байсалды да
салмақты жүріс-тұрысынан ойлылық, сабырлылық аңғарылған. Ол
Еспембет аузымен айтылатын мақал-мәтелге толы шешендік сөздерді
емеурінінен-ақ танып, соған орай бұл да өз өнерін асыра көрсетуге
ұмтылады. Ол бидің іштей тынымсыз арпалысына көңіл
505
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сейтметов К., Сейтметова А.
Алғашқы қазақ актерлерінің орындаушылық ерекшеліктері
бөлген. Актердің бет-жүзіндегі кейбір қобалжу белгісі, Тобықты жағының
айыбын сезінуден көбіне төмен қарап, басын көтермей сөйлеуі де би
тәсілі екенін орынды аңғартқан. Оның көпті көрген, өмір тәжірибесі мол
сұңғылалығы актер ойынының арқауы болған. Әрине мұндағы
шеберліктің басты шарты, жалпы актерлік өнердің негізгі талабы
сахналық сөзде жатыр. Ұлттық актерлік өнердің қалыптасуына сол
тұңғыш актерлердің сөзге шешендігі, сөздің сөз қасиетін терең ұғатын
ерекшеліктері - шеберліктерінің басты шарты.
Алғашқы актерлеріміздің ескі ауыл өміріне жетік, елдің әлеуметтік
сипатын қиындықсыз-ақ ажыратып, сол ортада тірлік кешкендердің
бейнесін барынша нанымды суреттеуі - олардың сахналық өнерге деген
құштарлығы мен сенімділігін арттыра түседі.
Сонымен "Еңлік-Кебек" қойылымы театрдың дүниеге келгенін
жарияласа, оны сахнаға шығарған актерлік өнер аренаға шықты. Әрбір
жаңа қойылым оларға шығармашылық қанат бітіріп, шыңдай берді.
Ендігі спектакльді бұрынғыдан да түрлендіріп, өздерінше жаңа бір
көркемдік сатыға көтеруге ұмтылады.
М.Әуезовтың "Қаракөзі" осындай ізденістің нәтижесінен туған.
Мұндағы сал-серілер өмірі роль орындайтын актерлерге бала кезінен
етене таныс, талайының өнеріне тамсанып, өздері де соларша өнер
көрсетіп, солардың тірлігіне ұқсас өнер өткелдерінен өтті.
Кең-байтақ қазақ жерінің түкпір-түкпірінен жиналған алғашқы
актерлеріміз шетінен әнші, сықақшы, домбыра мен қобыздың құлағында
ойнаған бесаспап болуы олардың шеберліктерінің жылдам дамып
қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Сонымен бірге, олар режиссерлік
жұмысты, декорациялық көркемдеуді, қысқасы, қойылымдағы қажет
дайындықтарды өздері атқарды. Ол кездегі режиссер қойылатын
шығарманың көркемдік және идеялық ерекшеліктеріне тереңдемей,
көбіне оқиғаға мазмұнының сахнада дұрыс ашылуына көңіл бөлген. Ол
үшін пьесаны бірер рет бәрі бірге дауыстап оқып шығып, кейіпкерлерге
табанда сипаттама беріп, тікелей роль бөлісуге кіріседі. Осы арада
негізгі шығармашылық туындыдан қай актердің қандай рольге бейімділігі
алдымен ескеріледі және роль бөлуге келгенде шығармашылық
демократия сақталып, әрқайсысы өз ұсыныстарын ортаға салып отырған.
Театрдың өткен тарихына қарасақ, олардың бұл мәселеде жаңылысқа
түспегенін аңғару қиын емес. "Қаракөз" спектаклінің көркемдік жетістігі
бұған дәлел. Труппаның қолдауымен әрі режиссер Қ.Жандарбековтың
өзінің ұсынысымен Сырым ролін өзі ойнаған. Жиырма бес жастағы
көркем де сымбатты, тамаша әншілігінің үстіне драмалық қабілеті
танылып қалған актер Сырым салдың қайталанбас бейнесін жасап, актерлік
өнерінің қалыптасып қалғанын көрсетті. Жастайынан ән айтып,
көркем үйірмелерде рольдер ойнап келген
506
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сейтметов К., Сейтметова А.
Алғашқы қазақ актерлерінің орындаушылық ерекшеліктері
Қ.Жандарбековке сері мен салдың бейнесін жасау ешқандай қиындыққа
түспеген. Театр зерттеушілердің пікірлеріне қарағандан, махаббат пен бас
бостандығы үшін заманның қатыгез заңына, мызғымас дәстүріне қарсы
шыққан, өнер бостандығы үшін қажымай күрескен, бірін-бірі құмарта
сүйген ғашықтардың қайғылы тағдыры мен өмірін суреттейтін режиссер,
актер Қ.Жандарбеков қойған "Қарагөз" қойылымы театрдың үлкен жемісі
болды.
Алғашқы театрдың актерлері өз рольдерін өмірден алған бай
тәжірибелеріне, табиғи дарынына, ескі ауылдың тіршілігін жете
білетіндіктеріне сүйене отырып, пьесадағы автор ойын өзінің көкірек
көркемдігімен ұштастырып отырды. Сонымен бірге, олар ауыз
әдебиетіндегі "Жар-жар", "Беташар" жырларының сахналық жолын,
орындалу үлгісін әрекетке үйлесімді қиыстырып, көркем де шебер
орындауға ұмтылған. Жалпы, сал-серілер ролі алғашқы актерлердің қай-
қайсына болса да қиындыққа түспеген. Сырымның қасына ерген Дулат,
Қоскелді және олардың маңайындағы басқалары да сымбатты
көріктерімен, тамаша әншілік өнерімен, оқиғаның дамуына қарай орынды
қолданған жарасымды әзіл-оспақтарымен спектакльдің сахналық көркін
келтірген. Қ.Қуанышбаев (Дулат) пен Ә.Қашаубаев (Қоскелді)
орындауларындағы суырыпсалмалық әдіс әрекет еркіндігіне "берілген
жағдайға қарай" үйлесімді қарым-қатынасқа жетелеген. Спектакльді
зерттеушілердің жазуына қарағанда Сырым-Жандарбеков сахнаға жалт
етіп шыға келгенде көрермен көңілін өзіне аударып әкететін өзгеше
жалындаған қасиеті, ширақ қимылы, төгілдіре сөйлейтін ақындық құдіреті
ерекше болған көрінеді.
Актердің әншілік қабілетін, орындаушылық талантын өнертанушы
ғалым Б.Құндақбаев былай суреттейді: "Орындаушы ең алдымен Сырымды
ақын, өмірге құштар, еркіндік аңсаған, төңірегіндегі әлем мен құбылысты
өз жүрегімен, өз сезімімен қабылдайтын ерекше жан деп түсінген.
Сондықтан ол бейнелеген Сырым сүйсе – құлап түсетін, күйсе - оттай
жанатын, сөйлесе - ақынша толғанатын кесек тұлға болып құйылған" [4]
– деп ақын бейнесінің өзгеше бір қыр-сырларын ашқандай болады.
"Қара түндей қасірет ортасында жалғыз-шырақ жарығым, маңдайдағы
жұлдызым! Торға түскен ақ тотым... келші күнім..." [5] – деп Сырымның
Қарагөзді құшағына ала тебірене, егіле сөйлеу сәттеріндегі актердің
тамаша шешен сөйлеуі, сөздің астарына терең бойлауы, мән-мағынасын
ашуы – Қ.Жандарбеков актерлік өнеріне тән қасиет. Ол осы алғашқы
рольдерінің бірімен-ақ табиғи дарынымен кейіпкердің әлеміне терең
үңілудің сырын меңгерген. Психологиялық толғаныс, көңіл-күй ауысулары
да осы Сырым ролінен көрініс тапқан. Мұны қойылымның көптеген
көріністерінен қарастырып, мысалдар келтіруге болады. Орындаушының
аузынан шыққан сөз бен өлең-әндер бірде лирикаға, бірде тамылжыған
507
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сейтметов К., Сейтметова А.
Алғашқы қазақ актерлерінің орындаушылық ерекшеліктері
саздылыққа, бірде алақұйын романтикаға қауырт ауысып, астасып отыруы
актерлік шеберлікті дәлелдейтін құбылыс.
Мұны жалғыз Сырымға ғана емес, барлық салдарға ортақ актерлік
табыс деп қараған жөн. Сол сал-серілердің бейнелерін жасаған
Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов тағы басқалар – табиғатынан сері,
өнерімен елдің еркесі болған ақын жандылар. Тағы да зерттеуші ғалым
Б.Құндақбаев зерттеулеріне жүгінеміз: "Олар өздері бейнелеген елдің
сәні, ән мен жырдың еркесі, жүрген жерлері қызық, той думан, әзіл-
күлкісі үзілмейтін өзгеше өнер иелері деп түсінген, тіпті өз өнерлері, өз
болмыстары жағынан да сол асылдарға мейлінше жақын тұрды. Салдар
аузымен немесе солардың қатысуымен айтылатын ән мен жыр, өлең мен
айтыс көріністерін шебер өткізумен бірге, олардың психологиялық
толғаныстарын, көңіл-күй сезімдерін де терең ашқан." [4] Сонымен, сал-
серілер ролінде сайдың тасындай сайланып шыққан орындаушылар
ойнап, ұлттық актерлік өнердің дамуын тағы бір белеске көтерді.
Қазақ драматургиясының жедел дамуы Ж.Аймауытов, М.Әуезов,
Б.Майлин, С.Сейфуллин, Ж.Шанин тағы басқалардың тың шығармаларының
жарық көріп, сахнаға қойылуы, актерлік өнермен бірге, тұтас театрдың
даму белестеріне әсер етті.
Қазақ қауымының әр тарихи кезеңдеріндегі әлеуметтік өмірін
бейнелейтін пьесалар алғашқы актерлеріміздің шеберлігін ұштап,
сахналық өнерді меңгеруге тың сахналық бейнелер тудыруға мол ықпал
жасады. Әрбір жаңа қойылым актерлік ізденістерге жетеледі. Аталған
драматургтер пьесаларындағы өздеріне етене таныс кейіпкерлердің
бейнесін жасау актерлерге аса қиындыққа түскен жоқ. Күнделікті
тірліктен көрген, білген жандардың кескін-келбетін елестетіп, өзі танып
білгендердің сырт пішінінен бастап, бірте-бірте ішкі әлеміне үңілу, кейде
өмір көрінісінің натуралистік көшірмесінен этнографиялық дәлдікке
ұмтылу алғашқы ұлттық актерлік өнердің ерекшелігі.
Дала театрының майталмандары бойындағы табиғи дарынын белгілі
бір көркемдік мақсатқа бағындыруды осы алғашқы кезеңнен қолға алды.
Сахнаға қойылған әрбір пьеса оларға актерлік өнердің жаңа бір қырынан
көрінуіне мүмкіндік жасады. Актерлік өнер қойылым сайын театрды
жаңа бір белеске көтерсе, драматургия да сол жаңа талапқа жауап беруге
жарап қалды. Бір сөзбен айтқанда, актерлік өнердің тууы мен дамуы
тікелей ұлттық драматургияның көркемдік мүмкіндігімен өлшенбек.
Актер труппасының ерлер құрамын дарынды жандар құраса, әйелдер
құрамын жасақтау әжептеуір қиындыққа түседі. Алғашқы актрисалар –
негізінен актерлердің жұбайлары. Солардың ішінде осы
"Қарагөз"
спектаклінде Қарагөз ролін ойнаған тұңғыш қазақ актрисаларының бірі –
Зура Атабаева. Көрсетілер спектакльдің мәнді де мағыналы болып, жоғары
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
508
Сейтметов К., Сейтметова А.
Алғашқы қазақ актерлерінің орындаушылық ерекшеліктері
жетістікке жетуі режиссер шешімімен қатар басты рольде ойнаушы
актер, актрисалар шеберлігіне де байланысты. Сондай шынайы актерлік
шеберлігімен көрінген осы - Зура Атабаева. Қарагөз тағдырын қазақ
актрисаларының махаббат тағдырынан бөліп қарауға болмайтын құбылыс
қой. Жалпы, жүрек қалауы, махаббат қызығы – ару жаратылысының нәзік
ерекшелігін Зура Атабаева өз басынан кешкен тағдырымен байланыстырған
көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, Қарагөз трагедиясына өзінің басынан кешкен
тірлік болмысы арқылы барған. Сезім арпалыстары, махаббат – қазақ
аруларының бәріне бірдей ортақ қасиет. Инабаттылық пен ізеттілік,
аңсаған арманына ұмтылу, осы жолдағы толғаныс сәттері, еркіндікке
талпыныс әрекеттері актриса ойынының тұғыры. Енді осыған Зура
Атабаеваның актриса ретінде өзіне ғана тән даралықтарын қоссақ,
Қарагөздің сахналық бедері айқындалып шыға келеді. Алғашқы қазақ
актерлерінің болмысынан ала келген өзге шеберлігі актрисаларға да
ортақ. Қарагөздің көңіл-күй арпалыстары, сезім шарпылыстары, бейнеге
ену әрекеттерімен бірге сөз астары мен ой ағымынан туындайтынын
актриса жетік білген.
Жалпы, қазақ әйелдерінің бейнелерін сомдаған актрисалардың қай-
қайсысы болса да театрға келместен бұрын әуесқойлық қойылымдарға
қатысып, рольдер ойнап, ән айту процестерін бастарынан кешіргенін
актерлік өнерді меңгерудің белгілі бір сатысы деп қараған жөн.
Қарапайым шағын рольдерден бастаған олар бірте-бірте күрделі бейнелер
жасап, спектакльдерден спектакльге өтіп, актерлік шеберліктерін
қалыптастыра бастады. З.Атабаева сияқты алғашқы қазақ актрисаларының
барлығы осы жолдан өтіп, театрдың дамуына өз үлестерін қосты.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Нұрғалиев Р. Арқау. Екі томдық шығармалар. 1-том. Алматы: Жазушы, 1991.
2.
Әуезов М. Мақалалар, пьесалар. 1917-1920. 1-том. Алматы: Ғылым, 1997.
3.
Қожамқұлов С. Шеберлік мектебі. Мақала, очерк, естеліктер жинағы. Құраст. А.Мусинов,
М.Құлмұхаметов. Алматы: Өнер, 1993.
4.
Құндақбаев Б. Әуезов және театр. Алматы: Ғылым, 1997.
5.
Әуезов М. Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 1921-1929. 3-том. Алматы: Ғылым, 1998.
509
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
ЭКОНОМИКА
С.С.ЫДЫРЫС
кандидат экономических наук,
профессор МКТУ им. А.Ясави
ЗАДАЧИ ИНДУСТРИАЛЬНО-ИННОВАЦИОННОЙ ПОЛИТИКИ В ОБЛАСТИ
РАЗВИТИЯ ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКОГО КОМПЛЕКСА
Бұл мақалада индустриалды-инновациялық саясатты іске асыру кезеңіндегі тау-металлургия
кешенінің алдында тұрған міндеттері мен оларды шешу жолдары қарастырылады.
This article deals with the tasks of industrial-innovative policy in the sphere of mining-metallurgical
complex development and analyzes the ways of solution.
В свете реализации Госпрограммы форсированного индустриально-
инновационного развития страны главной задачей индустриально-
инновационной политики в области развития ГМК является обеспечение
условий
для
высоких
темпов
стабильного
роста
производства
конкурентоспособной продукции с высокой добавленной стоимостью.
Следующее важное направление инновационной политики в отношении
металлургии связано с осуществлением специальных мер по стимулированию
прогрессивных
структурных
изменений
в
металлургической
промышленности.
Существенно
ограничивают
диверсификацию
металлургической
промышленности научно-технический уровень производства, степень
автоматизации и информатизации металлургических производств, которые
низки по сравнению с промышленно развитыми странами. В стране в
незначительном объеме выпускаются готовые металлоизделия, наукоемкие,
функциональные материалы, специальные сплавы из собственного сырья.
Сортамент и номенклатура металлоизделий и функциональных материалов,
экспортируемых за рубеж республикой, не соответствуют потенциалу
металлургической промышленности.
На основные цветные металлы спрос на внутреннем рынке пока низкий.
В стране практически отсутствует переработка вторичных цветных металлов
и лома (за исключением свинца). Важнейшими факторами оживления
внутреннего рынка металлов являются необходимость обновления основных
фондов практически во всех отраслях экономики и рост производства и
инвестиций в металлопотребляющих отраслях – машиностроении,
строительстве и энергетике. С учетом того, что в период до 2015 г. основная
часть продукции казахстанской металлургии будет экспортироваться,
развитие отрасли будет в значительной степени зависеть от состояния
мировых рынков металлов.
Неотложной задачей казахстанской металлургии является упрочнение
своих позиций в традиционных поставках, исторически и технологически
сложившихся в пространстве СНГ, особенно по тем позициям, которые
являются остродефицитными для России (хромиты, тантал, рений и др.).
510
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ыдырыс С.С. Задачи индустриально-инновационной политики в области
развития...
При наличии неразработанных запасов полиметаллических руд
месторождений Шалкия (229 млн. т руды с содержанием свинца до 1,5% и
цинка до 4%), Жайрем (
200 млн. т руды с содержанием свинца до 2% и
цинка до 4,5%) на них можно внедрить современные технологии обогащения
полиметаллических руд с получением кондиционных коллективных
концентратов с последующей металлургической переработкой их
автоклавным
сернокислотным
способом
выщелачивания
и
электрохимическим методом выделения основного металла – цинка с
производительностью предприятий соответственно 100 и 70 тыс. т в год. В
этом случае Казахстан может выпускать в год порядка 570-600 тыс. т цинка.
АО «Южполиметалл», не имея собственной сырьевой базы, работает в
основном на импортном сырье. АО «Казцинк» часть рафинированного
свинца извлекает из сырья импортной поставки.
Освоение месторождений полиметаллических руд позволит обеспечить
свинцовым сырьем загрузку названных предприятий, что даст возможность
Казахстану занять достойное место на мировом рынке производства свинца.
В настоящее время в республике созданы благоприятные условия для
производства и выхода на 4-й и 5-й переделы по выпуску
высокорентабельной продукции. Казахстан обладает рядом уникальных
технологий, признанных во всем мире, таких, как КИВЦЭТ, ПЖВ и др.
В Казахстане следует создать условия для организации выпуска
продукции повышенной ликвидности, например свинцового листового
проката, свинцовых труб, проволоки и т.п., на основе свинца и цинка – новых
видов сплавов, солей и соединений.
В связи с этим приоритетными направлениями в сырьевом секторе
можно назвать следующие:
1.
Расширение сырьевой базы действующих горнодобывающих
предприятий за счет вовлечения в отработку участков действующих
месторождений, запасы которых сосредоточены в маломощных залежах и в
сложных горно-геологических условиях. Для их отработки необходимо
разработать новые технологии выемки, в том числе нетрадиционные,
обеспечивающие как безопасность горных работ, так и экономически
выгодные для предприятий показатели.
2.
Разработка
эффективных
технологических,
структурных
и
организационных способов освоения средних и малых месторождений. Это
позволит предложить потенциальным инвесторам не только само
месторождение как объект, но и научно обоснованные варианты его
эффективной отработки с последующей передачей полученного сырья для
столь же эффективной переработки и получения конкурентоспособной
товарной продукции.
3.
Создание нетрадиционных технологий повторной разработки
техногенных месторождений, сформированных за многие десятилетия
511
Достарыңызбен бөлісу: |