А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
497
Қонысбаева Ұ.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы
қолдау көрсету тұрғысында бірқатар маңызды шаралар қабылданды.
Мәселен, Қазақстан Республикасының 1992 ж. 4 шілдедегі №1543-ХІ "Жеке
кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" Заңы жеке кәсіпкерлікті қорғау мен
қолдаудың негізді нысандарын белгілейді, мемлекеттің жеке кәсіпкерлік
қызметіне тікелей араласуынан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерлердің
барынша еркіндігін, коммерциялық құпияны қорғауды және мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдардың жеке кәсіпкерлердің құқықтарын
бұзғаны үшін жауапкершілігін баянды етеді ( Жаршы, 1992, №16 ст. 424);
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі "Азаматтар
мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет бостандығына құқықтарын қорғау
туралы" Жарлығында жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруы үшін кедергілерді жою жөніндегі шаралар көзделген, соның
ішінде орталық дербес орган ретінде Шағын бизнесті қолдау жөніндегі
Қазақстан Республикасының Агентгігі құрылды.
Сөз жоқ, материалдық игіліктерді тікелей өндірушілер ретінде
жолдамалы қызметкерлер мүдделерін қорғау, олар үшін еңбектің салауатты
әрі қауіпсіз жағдайларын туғызу мызғымайтын бағыт болып қала береді.
Мұның өзі меншік иесі (жұмыс беруші) мен қызметкердің өндірістегі
теңсіздігімен байланысты болып отыр, сондықтан да мемлекет оларға
еңбектің
қалыпты
жағдайларын
жасап
бөлігінде
жолдамашы
қызметкерлердің бөлігінде жолдамашы қызметкерлердің мүдделерін
қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Әсіресе жұмыстан босатылған
қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіби оқытып-үйрету
еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі болып
табылады. Нарықтық экономиканы дамыту жағдайларында еңбекті
қолданудың жаңа салаларына азаматтарды даярлау жұмыспен толық әрі
тиімді камтамасыз етуге ықпал ететін маңызды фактор болып табылады және
халықты қорғаудың негізгі шараларының бірі ретінде қарастырылады.
Мысалы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты еңбекпен қамту туралы"
Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, белгіленген тәртіп бойынша
жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби дайындау, қайта дайындау,
олардың біліктілігін көтеру, жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік өкілетгі
органның жолдамасы бойынша, еңбек рыногының мұқтаждығы ескеріліп,
күшіндегі заңнамаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттің
қаражаты есебінен, білім беру жүйесінің оқу орындарында немесе білім беру
қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
Нарықтық экономиканың Қазақстан Республикасында қалыптасуының
қазіргі кезеңінде еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды реттеу мәселесінде еңбек
құқығының рөлі артуда. Құқықтық реттеу өндірісті ұйымдастыруға, еңбек
өнімдерін таратып бөлуге және айырбастауға, бірлескен еңбек процесінде
жұмыскерлердің келісімді жұмысын қамтамасыз етуге, жекелеген
адамдардың іс-әрекетін өндірістің жалпы тәртібіне бағындыруға байланысты
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
498
Қонысбаева Ұ.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы
көптеген мәселелерді қамтиды. Еңбек құқығы өндіріс процесінде адамдар
арасында қалыптасатын қатынасты сол қатынасқа қатысушылардың
құқықтары мен заңдық міндеттерін белгілеу арқылы реттейді, оған тиянақты
форма, тұрақты сипат береді. Еңбек қатынастарының құқықтық формасы,
қажет болған жағдайларда, тиісті мәжбүрлеу әрекеттерімен қамтамасыз
етіледі.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың (құрылымдық тұрғыда) еңбек
құқығы жүйесін құруда объективтік фактор болып табылатындығын атап
өткен жөн. Атап айтқанда, еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың элементтері
мен еңбек құқығының негізгі институттары арасында занды байланыс бар.
Қоғамның еңбек ресурсының болуы, оның жағдайы және пайдаланылуы
еңбекпен қамту және жұмысқа орналасу институтын құрайтын құқықтық
нормалардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Бұл институттың қызметтік
рөлі құқықтық кепілдіктерді анықтауға, еркін еңбекке, қызмет пен кәсіп түрін
еркін таңдауға, жұмыссыздықтан сақтануға конституциялық құқығын әр
адамның іске асыруы үшін қажетті экономикалық және ұйымдық негіздерді
бекітуте келіп тіреледі [3.24]. Мәжбүрлеп жұмыс істеуге тек сот үкімімен не
төтенше немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі [4.8].
Еңбектің
бөлінуіне
және
топтастырылуына
еңбек
құқығы
нормаларының жіктелуі ықпал жасайды. Еңбектің объективтік және
субъективтік факторлары жіктелудің негіздемесі болып табылады. Мысалы,
экономиканың қандай да бір саласының ерекшелігі, денсаулық үшін қауіпті
жұмыс, өнеркәсіпте туындайтын қиындық. Қолайсыз табиғи жағдай,
кәсіпорынның шалғай орналасуы, т.б. объективтік факторларға жатады.
Мұндай жағдайларда еңбекақы төлеуде және еңбекті қорғауда әр түрлі
жеңілдіктер мен кепілдіктер, әлеуметтік сақтандыру, жұмыс уақыты мен
демалыс уақытын тиісінше белгілеу заңнамада көзделеді. Жұмыскердің
жынысы, жасы, жұмыс істеу қабілетіндегі кемдік (әйел, жасөспірім, мүгедек,
т.б.) жағдайларының субъективтік жағына жатады. Бұл жағдайда да осы
адамдардың еңбегін ұйымдастырудың өзінше тәртібі, оларға жеңілдіктер мен
кепілдіктер беру заңнамада көзделеді [5.25].
Еңбек тәртібін қамтамасыз ету және бірлескен еңбек процесін басқару –
еңбек тәртібі институтының басты міндеті. Құқықтық санат ретінде еңбек
тәртібі өзара міндеттемелерге негізделген: жұмыскердің міндеттемесі – ішкі
еңбек тәртібінің ережелеріне барынша отырып өзіне жүктелген еңбек
міндеттерді ойдағыдай орындау және жұмыс берушінің міндеттемесі –
материалдық және моральдық мадақтау шараларын (қажет болған жағдайда
тәртіптік ықпал ету шараларын) пайдалана отырып кәсіпорынның
(мекеменің, ұйымның) қажетті жұмыс режимін сақтау, жұмыскерлердің
бірлескен еңбек процесін еңбек заңнамасының, ұжымдық және жеке еңбек
шарттарының шеңберінде басқаруды қамтамасыз ету.
Еңбек өлшемін және өндірістің басқа да жақтарын белгілеу жұмыс
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
499
Қонысбаева Ұ.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы
уақыты мен демалыс уақыты, еңбекті қорғау, т.б. институттарды құқықтық
реттеудің мәнін құрайды. Бұл өндірістің ерекшелігі мен сипатын ескере
отырып еңбектің ұзақтығын (қалыпты, қысқартылған, толық емес жұмыс
уақыты және оның режимі), демалыс уақыттарының түрлерін (жұмыс
кезіндегі үзілістер, демалыстар) жұмыс процесі кезінде адамның
қауіпсіздігіне, денсаулығының, жұмыс қабілетінің сақталуына кепілдік
беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық және емделу-
сауықтыру шаралары мен құралдарын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.
Өндірілген өнімнің таратылу тәртібі және өндірушілердің өздерінің сол
процеске қатысу дәрежесі еңбекақы төлеу инсутымен байланысты. Бұл
институт еңбекақы төлеу сапасында жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың
құқықтық негіздері, сондай-ақ мемлекеттік ең аз мөлшерден төмен емес
еңбекақы төлеу кепілдемесін анықтайды. Ал мемлекет еңбек ақының бұрын
болған ең жоғарғы мөлшерін алып тастады. Еңбекақы төлеуді мемлекет
тарапынан реттеуді орталықтандыру шарттық әдістермен үйлесімін тауып
отыр. Нарықтық экономика жағдайында еңбекақыны ұжымдық шартты және
жеке-шарпық реттеудің (ұжымдық шарттар, келісімдер) өзіндік салмағы
артады. Еңбек ақы төлеуді реттеудің орталықтандырылған тәртібін алатын
болсақ,
ол
мемлекеттік
сектордың,
негізінен
бюджет
есебінен
қаржыландырылатын мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлеріне
таралады [6.76].
Жұмысшы күшін, әсіресе босап қалған жұмыскерлер мен
жұмыссыздарды кәсіби оқу жүйесі арқылы қайта дайындау күшіндегі
заңнамада көзделген жеңілдіктер арқылы жүзеге асырылады. Бұл
білімдендіру жүйесінің құрылымын білім беру қызметін жүзеге асыратын
ұйымдар құрайды (жоғары, арнайы орта, кәсіби-техникалық, қайта дайындау,
т.б.). Мұндай оқу орындарын бітірушілерге әлеуметтік-құқықтық қорғау
шаралары белгіленген. Белгіленген тәртіп бойынша жұмыссыз деп танылған
адамдарға кәсіби білім беруді ұйымдастыру мәселесіне заңнамада ерекше
көңіл бөлінген [7.85].
Еңбегі қоғамдық ұйымдастыруды дамытуға, сөзсіз, өндірістің
техникалық жабдықталу деңгейі әсер етеді. Еңбектің техникалық құралдарын
пайдалану, оларды ұдайы күрделендіру адамды техникаға бейімдеуді, оны
алдын ала оқытып дайындауды, еңбек құралын пайдалануға дағдыландыруды
талап етеді. Осы мақсатта ГОСТ-тар, пайдаланудың техникалық ережелері,
санитарлық-гигиеналық нормалар, техникалық қауіпсіздік ережелері, т.б.
белгіленеді. Мұның бәрі құқық нормаларының көмегімен машиналардың,
станоктардың және басқа техникалардың дұрыс пайдаланылуын және
жұмыскердің қауіпсіздігімен, оның денсаулығын қорғаумен байланысты
теріс зардаптардың алдын алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [8.25].
Күшіндегі заңнамаға сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс жағдайын тудыру,
ол жайында еңбек ұжымын уақтылы хабарландыру жұмыс берушіге
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
500
Қонысбаева Ұ.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы
жүктеледі. Сонымен қатар, жұмыс берушінің кәсіпорында ыңғайлы да
қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі және жұмыскердің
еңбегін қорғау туралы стандарттарды, ережелерді, нормаларды және
нұсқауларды сақтауы жөніндегі міндетемелер ұжымдық шарттарда да
көзделуі тиіс (1993 жылғы 22 қаңтардағы "Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 15 бабы.)
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмыс
жағдайының жақсаруы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. //Каз. правда. 1997. 11
октябрь.
2.
Қазақстан Республикасының Конституциясы / Республикалық, референдумда 1995 жылы 30 тамызда
қабылданған (ҚР заңымен 7 қазанда 1998 жылы өзгерістермен толықтырулар енгізілген) // ҚР
Парламентінің Жаршысы. - 1998. - №4. - 217-құжат.
3.
Қазақстан Республикасында еңбек туралы кодексі" Қазақстан Республикасы заңы, 2007 жылы 15
мамырда қабылданған.-341 бап.
4.
Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. Алматы: Жеті жарғы, 1996.
5.
Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. Алматы: Жеті жарғы, 1997.
6.
Дойблер В. Тенденция развития трудового права в промышленно развитых странах //Государство и
право. 1995. №2.
7.
Егоров В.В. Право на труд рабочих и служащих: теория и практика. М., 1986.
8.
Жусупова И.З. Правовое регулирование труда на совместных предприятиях в Республике Казахстан.
Дис. ...канд. юрид. наук. Алматы, 1995.
501
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
ӨНЕРТАНУ
К.СЕЙТМЕТОВ
өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор
А.СЕЙТМЕТОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-аға оқытушысы
АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ АКТЕРЛЕРІНІҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
В статье анализируются роли основоположников актерского искусства, а так же особенности
их игр.
This article deals with the first Kazakh actors and their methods of acting.
Қазақтың актерлік өнерінің туу, қалыптасу және даму кезеңдерін
халық шығармашылығынан бөле-жара қарауға болмайды. Біздің актерлік
өнеріміз халық шығармашылығының ұлан-асыр дәстүрінің дамуы мен
жалғасы деп қарастырсақ, жаңылыспайтын сияқтымыз. Сол кездегі театр
труппасының негізін қалағандар да ел арасына кеңінен тараған халық
өнерінің қайталанбас хас шеберлері болды. Олар жаңа ғана тәй-тәй
басып, дүниеге келген театрға орындаушылық өнерді өздерімен бірге ала
келді. Сонымен қатар, олар сахнаның талабына сай қал-қадірінше көптеген
өзгерістер енгізіп, өздерінше дамытып, жаңа өнердің өзіндік бір түрлерін
дүниеге әкелгені талас тудырмайды. Тұңғыш өнерпаздарымыздың актерлік
өнердегі
алғашқы
қадамын,
халық
өнерінің
шығармаларын
орындаушылардың бәрінен байқауға болады. Ал драматургиялық
шығармалардың тууы – бұл процесті мүлде жеделдетіп жібергенін
дәлелдеп жатудың өзі артық. Пьесаның қолжазба күйінде-ақ немесе
поэмалық шығармаларды сахнаға бейімдеу тәсілдерін қолдануын театр
мен драматургия зерттеушілері дәлелдеп отыр. Профессор Р.Нұрғалиев
"Қазақ драматургиясының барлық жанрларының негізгі қайнар көзі,
алтын арқауы, күре тамыры - ауыз әдебиеті, фольклордың сан алуан
нұсқалары" [1] – дейді.
Театр тарихын зерттеушілердің дәлелдеріне қарағанда халық өнерінің
шеберлері өздерінің тұңғыш қойылымдарынан бастап, жүктелген рольдерін
шын мағынасында келістіріп орындап, кәсіби актерлік өнердің негізін
қалады. Семейдегі "Ес – Аймақ", кейіннен "Жылжымалы губерниялық
труппа", Орынбор, Омбы, Ақмола, Ташкент т.б. қалалардағы әуесқойлық
театрларда актерлік өнердің сипатын танытатын спектакльдер қойыла
басталды. Рольдерді орындаушылар көрермен қауымның алдына шығып,
бірте-бірте сахнада әрекет жасауға дағдылана бастайды. Пьесадағы өмірді
өзінің ой-түсінігінен өткізіп, жансыз кейіпкерлерге жан бітіретін актерлік
өнердің алғашқы қадамы ұлттық топырақта басталғанын театртанушы
ғалым Бағыбек Құндақбаев дәлелдеп шыққан. Рас, алғашқы
502
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сейтметов К., Сейтметова А.
Алғашқы қазақ актерлерінің орындаушылық ерекшеліктері
орындаушылар өнерінде көркемдіктен гөрі еліктеушілік, күнделікті тірліктен
сол "күйінде" көшіріп алуға, натуралистік суреттеуге көбірек иек артқаны
ақиқат. Ұлттық театрдың алғашқы туу, даму, қалыптасу кезеңдеріндегі
актер өнері негізінен халық өнерінің орындаушылық сипатына сүйенген.
Халықтық кәусәр бұлақтан сусындаған талантты өнерпаздарға өзі көріп,
біліп жүрген құбылысты парықтап, оған араласатын кейіпкерлердің
бейнелерін суреттеу ешбір қиындыққа түспеген.
Алғашқы сахналық қойылымдарда негізгі салмақ көбінесе сөзге түсіп, ал
әрекеттің нақты өзіндік формасы анықталмай тек сөзге ілесіп отырды.
Ойналып жатқан сахналық көріністер көбінесе сөздің пластикалық
иллюстрациясы тәріздес көрініп келді. Сөз бен әрекет арасындағы
органикалық байланыс сахнада ұзақ жылдар аралығында қалыптасып барып
бекіді.
Театр және актерлік өнер көпшілік қауыммен атқарылатын мерекелік
құбылыс тәрізді туып, дамып келді. Көрермен қауымның орындаушылық
өнерге, орындау шеберлігіне деген ілтипаты күннен күнге артып,
уақыт өте сол қауымды өнерді түсінуге, қабылдауға, бағалауға
тәрбиеледі.
Эпос, ән, ұлттық дәстүр, ақындар айтысы, халық арасынан шыққан
әңгімешілер, сөз шеберлері театрдың құрылуы мен дамуына, есеюіне,
қанаты қатып көтерілуіне тікелей нақты ықпал етті. Сонымен қатар
жаңа туған сахналық жас өнер мәдени ортаны орнықтыратын, тұтас
қауымды көркем-эстетикалық әсерге бөлейтін рухани қуаты күшті
құбылысқа айналды.
Ал мемлекеттік театр ашылғаннан кейін де сахнадағы құбылысты
"өмірдегідей" етіп көрсету, яғни натурализмнен бастау алып, келе-келе
этнографиялық дәлдікке бет бұру – актерлік өнер дамуының белгілі бір
белесі, әуесқойлықтан кәсіпқойлыққа барар ілгерілеудің бастамасы болды.
Бұл ілгерілеу, әрине, әуесқой сахнадан бастау алғанымен, шынайы
өнерлік сипатын Қызылорда қаласында ашылған тұңғыш ұлттық
театрдың әрбір қойылымын саралай отырып айқындауға болады.
Мұндағы театрдың труппасына топтасқандар шетінен тума дарын, тамаша
әнші-күйші, "сен тоқта, мен сөйлейін" деген халық арасынан шыққан
майталмандар күрделі өнерге жылдам бейімделіп кетті.
Театр ашылғанда шағын пьеса немесе бір актысын ғана көрсетіп,
артынан концерт беру сол тұстағы ұлттық сахна өнерінің басты ерекшелігі.
"Туа актер болғандар" сахнаны жатсынбай, орындаушылық өнерді бірден
бастап кетті. Театрдың негізін қалағандар – шетінен халық өнерінің
майталман орындаушылары.
Халық арасынан шыққан әңгімешіл қазақ пен бүгінгі актер арасында
ерекше бір табиғи ұқсастық бар. Олардың көркем мәнерлі орындау
өзгешеліктері бүгінгі актерлік өнердің заңымен, табиғатымен астасып-
араласып
503
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Сейтметов К., Сейтметова А.
Алғашқы қазақ актерлерінің орындаушылық ерекшеліктері
жатыр. Шаршы топ алдында әңгіме айтушы өнерпаз халық алдында дара өнер
тудырушы актер іспеттес қабылданып, бағаланып, қастерленіп келген.
Сонымен, тұңғыш ашылған ұлттық театрдың алғашқы актерлері әуелі
біраз дайындықтар жасап, репетиция үстінде пьесаның мазмұнымен
танысады, ой бөлісіп, жеке кейіпкерлерге өздерінің пікірін білдіреді. Әрі
қарай өздері талай көрген, естіген адамдардың кейпіне енуге тырысады.
Жарқыраған тума дарындар М.Әуезов айтқан "қолайлы топырақта" шынайы
актерге тән өнерімен көрінген.
Тұңғыш актерлеріміз өздерінің табиғи дарындарымен бірге,
орындаушылық – театрлық элементтерге /сипаттарға/ сүйене отырып,
актерлік өнерді дүниеге келтірді.
Қазақ театрының Қызылорда кезеңінде драматургияның жанрлық
сипатына қарай жекелеген кейіпкерлердің рольдерін орындайтын шеберлері
болған. Актер соған машықтанып, әлгі кейіпкерлердің бейнесін барынша
толық жасаған. Мәселен, М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек" қойылымы, оған
қатысқандар – театрға келмей тұрып-ақ сахнада талай рольдер ойнап,
өздерінше тәжірибе жинақтаған, шаршы топтың алдына шығып жүрген халық
өнерінің шеберлері.
Міне, енді трагедияның "билер қақтығысы" деп өздері ат қойып алған
сахнасы кәсіби театрдың екінші қойылымы. ...Сахнаның құрылымы әдемі
көмкерілген киіз үйдің іші. Өздерінің әлеуметтік дәрежелеріне қарай
дөңгелене отырған билердің ортасында ерекше көзге түскен Қараменде екі
жақтың дауын шешетін төбе би рөлінде. Бәрінің ынтасы ортада, бір-біріне
алма-кезек өткір диалогтар тастап өліспей беріспейтін қызу тайталасқа түскен
Еспембет пен Көбей бидің әрекеттеріне ауған, кім қалай сөйлейді, кім жеңеді,
ел тағдыры қалай шешіледі, жұрт аңсары соған ауған.
Түсі суық, қабағынан қан жауған, қолындағы қамшысын салмақтай
тастап, өткір де өктем сөйлеп отырған Еспембеттің ролін Серке /Сералы/
Қожамқұлов ойнаған. Оның сөз саптауы мен қимыл-қозғалыстары ерекше.
Оның кейіпкері сонау бала кезінен талай көріп, талай естіген билердің
ішіндегі аса бір қатал да алғыры болып бейнеленген. Актер өз рөлінің
әлеуметтік сипатын, сыртқы пішінін, психологиялық толғаныстарын
барынша мол қарастырған. Оның алшақ басып сахнаға шығуынан кейіпкер
бейнесіне лайық актерлік бейнелеу тәсілдері еркін көрініс береді.
Жан-жағына бұрылмастан, отырғандармен ерінінің ұшымен амандасып,
өзіне тиісті орнына жайғасуынан ызбарлы да жайсыз бидің кескін-келбеті
орындаушының өнерімен өріліп суретке түскендей көрініс берген. Белін
шешіп, шапанының етегін тізесінің астына басып, тобықтыларға алара
қарауынан даудың қантөгіссіз бітпейтінін сездіргендей. Айқастың шаңы
көтеріліп қан сасығандай әсер қалдырады. Оның "...шолақ байталдың
құйрығындай Тобықты үстемдігің асты деймін" [2] - деп басталатын әйгілі
сөзінен ымыраға келмейтін дауды онан сайын ушықтырып жіберетін
504
Достарыңызбен бөлісу: |