А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Жораева Г.Т. Татар диаспорасы және Қазақстандағы экономикалық, мәдени, сауда...
138
енгізіле бастады.
Қазақстан қалаларында сауданың дамуынан, өндіруші өнеркәсіптер
құрыла бастады. Жылдан-жылға тұрақты сауда жасайтын тек татар
өкілдері ғана емес, қазақ саудагерлерінің де саны өсті. Жәрмеңкелік
сауда қазақ ауылдарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне біршама әсер
етті. Сондай-ақ, өзге ұлттарды жақындастыруда үлкен рөл атқарды.
Жалпы айтқанда, жәрмеңкелер сауда-саттықтың ерекше түрі ретінде ХІХ
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан экономикасының
дамуына елеулі әсерін тигізді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Бартольд В.В. История изучения Востока в Европе и России // Сочинения. Т. ІХ. М., 1977.
2.
Хайруллин Г.Т. История татар. Алматы, 1998.
3.
Батыев С.Г. Татарский джадидизм и его эволюция // История СССР, 1964. №4. С.53-63
.
4.
Ибрагимов Г. Татары в революции 1905 года. Перевод с татарского Г. Мухамедовой под ред.
Г.Ф. Линсцера. Казань, 1926. -264 с.
5.
Косач Г.Г. Город на стыке двух континентов: оренбургское татарское меньшинство и
государство. М., 1998.
6.
Смирнов А. Куляндинская ярмарка. Семипалатинск, 1924.
7.
Дильмухамедов Е.Д. Обрабатывающая и горная промышленность Казахстана в начале XX века
// Казахстан в канун Октября. А., 1968. -284 с.
8.
Обзор Семипалатинской области за 1896 год. Семипалатинск, 1897.
9.
Татары на севере Казахстана (история и современность). Петропавловск: Северный Казахстан,
2004.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Л.С.ДИНАШЕВА
тарих ғылымдарының кандидаты
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
139
ОҢТҮСТІК ӨЛКЕДЕГІ ҚАЗАҚ ЖЕРЛЕРІН ОТАРЛЫҚ ТОНАУ
ЗАҢЫНЫҢ ЖАСАЛУ ТАРИХЫНАН
В статье рассматриваются некоторые проблемы разработки и издания закона о
расхищении плодородных земель казахского населения Южного Казахстана. Автор пытается
выявить сущность данного закона и его пагубные последствия.
Some problems of development and edition of law are examined on plundering of fertile lands of
Kazakh population of Southern Kazakhstan in this article. The author tries to expose the essence of that
law and its pernicious consequences.
Переселен мекемелері өздерінің негізгі мақсаты деп санайтын
қазақтар пайдалануындағы басы артық жерлерді іздеп тауып, қоныстандыру
учаскелерін жасау үшін алдымен формальды түрде болса да қазақ
шаруашылығына тиесілі жер нормасын анықтау қажет еді. Қоныстандыру
мекемелері құрылғанға дейін Қазақстанда Щербина жүргізген экспедиция
негізінде жасалған жер нормасы тым көп көрініп, патша үкіметін
қанағаттандырмады. Сондықтан да қоныс аудару басқармасы 1906-1910
жылдар аралығында Азиялық Ресейдің әртүрлі аудандарында қазақ
шаруашылықтарын қайта зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатпен
Қазақстанның Дала облыстарында және Оңтүстік Қазақстанда Кузнецов,
Хворостинский, Чиркин, Румянцев, Скрыплев, Юферов және жергілікті
қоныстандыру мекемелері басқарған экспедициялар мен статистикалық
партиялар жұмыс жасады.
Егер Щербина экспедициясы әрбір орта қазақ шаруашылығына тиесілі
жер нормасын сол орта отбасының жылдық тұрмыс шығынына жарайды
деген 24 бас малды (жылқыға аударғанда) асырап-сақтай алу мүмкіндігінен
шығарса, кейінгі зерттеу жұмысын жүргізгендер ол шығын санын 16 басқа
түсіріп, соған сай жер нормасы көлемін осы соңғы санға бейімдеді. Бұл
норма Қазақстанның Дала облыстарына белгіленген болатын. Ал Оңтүстік
Қазақстанда жергілікті халықтың басым көпшілігі мал шаруашылығына
қосалқы егін шаруашылығымен ертеден айналысатындығын, тіршіліктің
негізгі көзі су жүйелері бар жерлер екендігін жақсы түсінген статистикалық
партиялар, дала облыстарына белгіленген жер нормасы Оңтүстік
Қазақстанға тым көптік қылады деп санады. Мәселен, мұндағы
көшпенділердің иелігіндегі жерлерді алып, переселен учаскелерін құру үшін
патша үкіметі 1907 жылға дейін 1901 жылы 5-сәуірде қабылданған
Егіншілік Министрлігінің Циркулярын басшылыққа алып келді. Ол
бойынша Щербина экспедициясы негізінде белгіленген жер нормасына 25%
қосымша жер көшпенділер иелігінде қалдырылуы тиіс болатын [1]. 1907
жылдан бастап қазақ шаруашылықтары қайта зерттеліп, оларға
қалдырылатын жер нормасы әлдеқайда қысқартылды. Мәселен, Жетісу
қоныстандыру мекемесі осы мақсатпен экспедиция ұйымдастырды. Олар
облыс территориясын 6 табиғи-тарихи
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Динашева Л.С. Оңтүстік өлкедегі қазақ жерлерін отарлық тонау заңының жасалу тарихынан
140
аудандарға бөлді. Облыстағы 4 қазақ уезінде орналасқан қазақтардың әрбір
қожалығында мал басы санын орта есеппен Верный уезінде - 8,47 бас,
Жаркент уезінде - 13,10 бас, Қапал уезінде - 8,26 бас, Лепсі уезінде - 6,82 бас
[1.291-іс,107-п.] деп есептейді. Оларға қалдырылатын жер нормасын осы
сандарға бейімдеп, шаруашылыққа жайлы аудандарда 35-40 десятинадан,
ал қолайсыз аудандарға 72-82 десятинадан жер бөлуді ұсынды [1.291-іс,112-
п].
Ал Сырдария облысында жүргізілген зерттеу жұмыстары негізінде
қазақ шаруашылығына қалдырылған жер нормасы халқының басым
көпшілігі егіншілікпен айналысатын уездерде 25,35 десятина, егіншілкке
қолайсыз аудандарда 127,43 десятинаға дейін белгіленді [2]. Осылайша, жер
нормасын қысқарта отырып, жергілікті қоныстандыру мекемелері “артық”
жерлер көлемін Жетісу облысы бойынша - 4 949 500 десятина, ал Сырдария
облысында 1 730 367 десятина деп шығарды [2.268]. Алайда, бұл цифрлар
қағаз жүзінде белгіленіп, іс жүзінде жергілікті үкімет орындары оны өз
қалауынша өзгертіп отырғандығын жоғарыда Жетісу облысындағы
қоныстандыру мекемесі бастығының жұмыс істеу стилі жайында мәлімет
беретін мысалдардан көргенбіз.
Қағаз жүзінде белгіленсе де қоныс аудару мекемелері ұйымдастырған
экспедициялар мен статистикалық партиялардың ұсынған жер нормасы
алғашқысынан әлдеқайда аз еді және қазақ шаруашылығы дамуына елеулі
нұқсан келтіретін. Ол жөнінде Щербина экспедициясына қатынасқан
Ә.Бөкейханов 1913 жылы өзінің пікірін былайша білдірді: “Қазаққа
қалдырған Щербина нормасы қазаққа көп жер қалдырды, қазақ ұтып кетті
деп, қазақты қайта жазды; бұрынғы қазаққа Щербина нормасымен қалған
жерді мінеп, неше қайтара кішірейтіп, шұнтитып, көшпелі қазаққа деп жаңа
норма шығарды” [3].
Қоныстандыру мекемелері шенеуніктері өздері көздеген жер
нормасын жасай отырып, бұрын болмаған қарқынмен және кең көлемде
қазақ жерлерін талауға кірісті. 1906-1911 жылдары Оралдың сол бет
жағасынан жер бөліп беру жұмысының нәтижесінде “артық” жер көлемі 23
773 395 десятина болды [4.268]. Оның ішінде Жетісу облысы бойынша 1 456
080 десятина жерде 454 учаске дайындалса, Сырдария облысында 5 учаске 4
432 десятина жерде дайындалды.
Әңгіме болып отырған уақытта Сырдария облысына қарағанда Жетісу
облысында қоныстандыру учаскелері әлдеқайда көп дайындалды. Бұған
себеп болған жағдай осы еңбектің бірінші тарауында кеңірек айтылғандай,
Сырдария облысы 1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже
бойынша, ал Жетісу облысы 1891 жылғы Дала облыстарын басқару Ережесі
бойынша басқарылатын. 1886 жылғы Ережеде 1891 жылғы Ереженің 120-
бабына жасалынған қосымша, яғни көшпенділерге артық болатын жерді
қазына иелігіне алынады деген заң жоқ еді. Бұл жағдай осы облыстардағы
қоныстандыру мекемесіне тым жайсыз тиді. Сондықтан да олар
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Динашева Л.С. Оңтүстік өлкедегі қазақ жерлерін отарлық тонау заңының жасалу тарихынан
141
Петербургтен Дала облыстарын басқару Ережесіне де тездетіп қосымшалар
енгізуді өтінумен болды.
Мұндай қосымшаны енгізу туралы өтініш ХХ ғасырдың алғашқы
жылдарында да жоғары билік орындарына түсіп жатқан еді. Солардың бірі,
1903 жылы сол кездегі егіншілік министрі Ермоловтың Мемлекеттік кеңеске
жасаған “көшпенділер үшін артық болатын жерлер қазына иелігіне
алынсын” - деген қосымшаны Түркістанды басқару Ережесіндегі 270-бапқа
енгізу туралы ұсынысы болатын. Онда Ермолов: “Түркістандағы орыс
отарлауының өте жай жүруіне кедергі болып отырған жағдайлардың ең
бастысы - орыс азаматтарын өлкеде жоспарлы түрде орналастыру үшін
қолданылатын жер қорының қазына меншігінде болмауы” - деп түсіндірді
[4].
1903 жылы Ермоловтың хатын Түркістан генерал-губернаторы және
өлкенің әскери губернаторлары талқылады. Ол 1904 жылдың 6- наурызында
“Бірлескен заңдар департаментінде” қаралды. Осы уақытта Ресей
деревняларында қалыптасқан жағдайларға байланысты бұл заң жобасының
қабылдануы әбден мүмкін еді. Алайда, бірлескен департамент Ермоловтың
“ұсынысын заманға сай емес” деп тапты. “Түркістан өлкесінің бұратана
халқы - деп жазылды. Бірлескен департамент жиынында, - жерге қатысты
құқы жағынан Дала облыстары тұрғындарына теңестіруге келмейді”.
Түркістанда отырықшы халық басым, “жақын болашақта Орынбор-Ташкент
темір жолының салынуымен көшпенділердің отырықшы тұрмысқа өтетін
шаруашылықтар саны көбеюі мүмкін. Ермоловтың ұсынғанындай
көшпенділер иелігінен жерлерді алу, тіпті олардың заңдық мүдделерін
қорғаған күннің өзінде, көшпенділердің экономикасына үлкен нұқсан
келтірді. Бұл жағдай мәдениеті аз көшпенділер арасында оңай көтеріліс
туғызуы мүмкін.”
Бұл құжаттан үкіметтің екі түрлі жағдайдан қауіптенгендігін көруге
болады: 1) әсіресе, Ресей буржуазиясы қарсыласқан, отырықшы
тұрғындардың жерді пайдалану ретін бұзудан қауіптену; 2) шаруалар
көтерілісінен қауіптену. Ресейдегі 1902-1903 жылдарда болған шаруалар
көтерілістерінен кейін қауіптену табиғи жай еді.
Алайда, Ермоловтың жоспарын қабылдамауға себепші болған негізгі
жағдай - орыс-жапон соғысының басталуы еді. Патша үкіметі егер Қытай
мемлекеті Жапондар жағында соғысқа кірісетін болса, онда Түркістан
шекарасында әскери қимылдар басталады деп дайындалды. Сондықтан сол
уақытта, жергілікті тұрғындарды қобалжытатын ешқандай жағдай туғызбау
қажет еді. Жиыннан кейін бірнеше күннен соң 13-наурызда Ермолов осы
жағдай туралы Түркістан генерал-губернаторына былай деп жазды: “...
Бірлескен департамент империяда болып жатқан оқиғалар Түркістан
шекарасына тікелей әсер етуі мүмкін деп, мәселені шешімсіз қалдырды”
[4.17-т.,125-іс, 277-п.]. Ермолов өзінің департамент шешімімен толық
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Динашева Л.С. Оңтүстік өлкедегі қазақ жерлерін отарлық тонау заңының жасалу тарихынан
142
келісетіндігін білдіргеннен соң, жоспар Егіншілік және мемлекеттік мүлік
министрлігіне қайтарылды, заң қабылданбады.
Алайда, үкіметтің бұлай шегінуі ұзаққа бармады. 1905 жылы соғыс
аяқталды. Орыс-ағылшын келіссөзі Түркістан шекарасында соғыс болуы
мүмкін деген қауіпті теріске шығарды. Оның үстіне 1905-1907 жылдардағы
ішкі Ресейде болып жатқан ахуал қоныс аудару қозғалысын мүмкіндігінше
кеңейту қажеттігін тудырды. Осындай жағдайда сол кездегі жерге
орналастыру және егіншілік басқармасының бастығы Кривошейн қазақтар
иелігіндегі жерлерді көбірек алу мақсатында 1886 жылғы Ереженің 270-
бабына қосымша енгізу туралы жоспарды қайта күн тәртібіне қойды.
Егер XІX ғасыр соңында әкімшілік Түркістан облысында
көшпенділердің отырықшы тұрмысқа өту процесі арқасында жер босап
қалады деп сенген болса, ендігі жерде бұл мәселені Кривошейн «маңызды
мемлекеттік істі көшпенділер отырықшылыққа өтуі аяқталғанға дейін
кейінге қалдыруға болмайды”, деді. Оның жобасы бойынша көшпенділерге
тек өңделген жерлерді ғана қалдырып, қалған шабындық, жайлым
жерлердің барлығы мемлекет меншігіне алынуы қажет еді. Осылай еткенде
олар отырықшылық тұрмысқа амалсыз үйренеді деп сендірді.
Көшпенділердің мал бағып, көшіп-қонып отырған жерлерінің барлығын
тартып алып қою арқылы отырықшылыққа өткізу, егін және мал
шаруашылығын қосалқы жүргізу процесін толық дағдарысқа ұшырататын.
Мұндай заңның қабылдануын қазақтар жерінің мемлекет тарапынан
тоналуы жолындағы заңдардың келесі сатысы деп қарауға болатын.
Жоба Мемлекеттік Думада талқылануға түсіп, заңның қабылдануына
қарсы болғандар қазақтар өмірінен әр түрлі мысалдар келтіріп сөз сөйледі.
Мысалы, осы думада Волков 2-ші мынадай фактілер келтірді. “Көріп
отырғанымыздай, мырзалар, үкімет қырғыз жеріне байланысты солшыл
партиялардың жекеменшік жерлерді зорлықпен тартып алу жөнінде барлық
жобаларынан анағұрлым асып түсіп, олар көп батылдық танытып отыр.
Мәселен, қоныстандыру учаскелері қырғыздар (қазақтар - Л.Д.) отырықшы
тұрмысқа ден қойып отырған, яғни мұнда переселендерге жер алу
бұртаналар үшін аса ауыр тиеді-ау деген аудандарда көптеп жобаланып
құрылып жатыр. Бұл ақылға да қонымсыз және заңға да қайшы әрекет” [5].
Мұнда депутат Түркістандағы басқару Ережесіне енгізілмек болған бұл
қосымша қоныстандыру мекемелеріне Түркістандағы қазақ және қырғыз
жерлерін талауға кең жол ашып бергенімен, жергілікті халықтың
егіншілігіне қолайлы жерлерін отаршылардың бөліске салуы оған дейін де
жүріп жатқандығын және мұның дұрыс емес екендігін айтып отыр. Сондай-
ақ, Волков 2-ші, егіншілікке қолайлы жерлердің тартып алынуы отандық
өнеркәсіптің дамуына кері әсерін тигізеді деп қауіптенді. Ол Түркістанда
осындай жерлерге орналасқан орыс переселендері империя үшін аса қажет
мақта өндірісімен айналыспай, “тек дәнді дақылдар ғана егіп, жер күтіміне
айуандықпен қарап, құнарсыздануына, өнімділігінің төмендеуіне жол
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Динашева Л.С. Оңтүстік өлкедегі қазақ жерлерін отарлық тонау заңының жасалу тарихынан
143
беруде” - деп ашына сөйледі [5.30010].
Пікір сайыс барысында құқықтық тұрғыдан өте маңызды ой айтқан
Мемлекеттік Думаның мүшесі Дзюбинский болды. Ол Түркістанды басқару
Ережесінің 270-бабына сілтеме жасап, көшпелі жұрт егер отырықшы
тұрмысқа өтсе, онда егін шаруашылығында өңделген жерлері олардың
меншігі болып табылатындығын ескертті. “Түркістан жұртының үлкен
бөлігі баяғыда отырықшы тұрмысқа өткен, көшіп-қонудың не екенін
ұмытқан, бірақ заң жүзінде әлі көшпелі болып саналады, сондықтан да
олардың өңделетін және суармалы игерген жерлері иеліктерінен алынуы
мүмкін” [6]. Дзюбинский Қоныстандыру басқармасының бұл әрекетін жеке
адамдардың меншігін экспроприациалаудан басқа ештеңе емес деп
бағалады. “Мырзалар, - деді ол өз сөзінде, – сіздер жеке меншіктің
принципті қорғаушылары, белгілі бір адамға тиесілі жер иелігінен оның
келісімінсіз алынуы мүмкін емес деп санайсыздар. Сөйте тұра, көшу
мүмкіндігі жоқ, жарты десятина немесе десятина жерді өз бейнетімен өңдеп,
игерген бейшара қырғыз кедейлерінің жерін тартып алуды ұсынасыздар.”
Түркістан өлкесін басқару Ережесінің 270-бабына берілуі тиіс
қосымшадағы “излишки” ұғымына талдау жасаған Мемлекеттік Дума
мүшесі Милюков былай деп көрсетті: “Мәселенің негізі “артық” деген
ұғымда нені түсіну қажеттігінде жатыр. “Артық” түсініктің өзі осы күні өмір
сүріп отырған заңға қарама-қайшы келеді. “Артық” жерлер тек қана алдын
ала “нормамен” жер бөліп берген жағдайда ғана шығады. Ал осы күнгі
“нормамен” бөліп беру жүйесі Пален мырзаның дәлелді және сенімді
пікіріне сүйенсек, 1) өмір сүріп отырған заңға қайшы; 2) негізі әділетсіз; 3)
экономикалық жағынан зиян; 4) саяси жағынан қауіпсіз емес” [6.319].
Депутаттардың дәлелді мысалдар келтіріп қарсылық білдіргендеріне
қарамастан, Орталық билік Түркістанды басқару ережесінің 270-бабына
қосымша енгізудің мемлекет үшін өте маңызды екендігін алға тартып, оның
мынадай екі себебі барлығын айтты: 1) Түркістандағы орыс тұрғындарын
күшейте түсу қажеттігі; 2) Бұл өлкеде, әсіресе Сырдария облысында, үлкен
артық жер қоры бар болғандықтан, мұнда Еуропалық Ресейдің Оңтүстік
губернияларынан қоныс аударушыларды әкеліп орналастыру. Ал, “артық”
жерлер көшпелі қазақтардың пайдалануында болып отырғандықтан, бұл
қосымша олардан сол жерді алу үшін қажет еді [6.255].
Заңның қабылдануына социал-демократиялық, еңбекші, прогресс
партия өкілдері қарсы болды. Алайда, жоғарғы билік үстемділігі (109
дауысқа қарсы 93 дауыс) негізінде заң қабылданды және 1910 жылдың 19-
желтоқсанында патша өз қолымен бекітті [7].
Заңның бірінші бөлімінде былай делінді: “Түркістан өлкесін басқару
Ережесінің 270-бабына қосымша бекітілсін:
1.
Көшпелілер үшін артық болатын жерлер жерге орналастыру және
егіншілік басқармасы қарауына өтеді”.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Динашева Л.С. Оңтүстік өлкедегі қазақ жерлерін отарлық тонау заңының жасалу тарихынан
144
Түркістанға бұл заң 1911 жылдан бастап күшіне ене бастады [4.17-қ.,
1-т., 33344-іс, 1-1
об
-п].
Осылайша, Сырдария облысы қазақтарына Ә.Бөкейхановтың сөзімен
айтқанда, “Жетісу, Семей, Ақмола, Торғай һәм Орал қазағының кебі келді.
Енді Түркістанда қазақ жерін алғанда закон деп” алатын болды [8].
Белгілі зерттеуші М.Қойгелдиев бұл жайында “Үкімет орындары
Түркістанды үлкен қарқынмен отарлау саясатына көше отырып, өзара тығыз
байланысты екі мақсатты көздеді. Олар жерге мұқтаж орыс шаруаларын
неғұрлым көбірек және тезірек орналастыру арқылы Түркістан сияқты түрлі
шикізатқа бай өлкеде Ресей үстемдігін біржола қамтамасыз ету еді. Күшке
негізделген мұндай отаршыл саясатты жүргізе отырып, үкімет орындары
шын мәнінде Түркістанда “артық” жердің жоқ екендігін, сондықтан да
жергілікті халықтың атамекен жерін күшпен тартып алып, олардың
санасында империяға деген шексіз наразылық ұрығын сепкенін түсіне
алмады” [9].
1910 жылдың 19-желтоқсандағы заңның қабылдануы Сырдария
облысына дереу әсер етті, “артық” жерлерді алу тез өсіп кетті. Бұл уақытта
Жетісу облысында Дала облыстарын басқару Ережесінің 120-бабы негізінде
“артық” жерлерді алу жалғасып жатқан болатын. Нәтижесінде, осы екі
облыста жергілікті тұрғындар иелігінен алынған жерлер көрсеткіші
төмендегідей болды (Солтүстік Қырғызстан мен Ташкент уезін қоса
есептегенде) [10]:
Алынған жер (десятина)
Облыстар
Барлығы
1906 жылға дейін
1906 - 1915 ж.
абс. көлемі
% - шаққанда
абс. көлемі
%-шаққанда
Жетісу
2320053
838495
36,1
1481558
63,9
Сырдария
872955
159561
18,3
713390
81,7
Барлығы
3192008
9988056
31,3
2194948
68,7
Кестеден 1906 жылға дейін орыс казактары мен шаруаларын
орналастыру үшін жерлерді алу Жетісу облысына қарағанда Сырдария
облысында анағұрлым баяу жүргендігін көреміз. Оған себеп болған,
жоғарыда айтып өткеніміздей, Сырдария облысындағы қазақтардың жерін
переселендерге алып беретін заңның жоқтығы еді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
ҚР ОММ, 19-қ., 1-т., 38-іс, 5-п.
2.
Обзор переселения и землеустройства за Уралом за 1906-1910 гг. //Вопросы колонизации.
1912. №10,-С. 260
3.
//Қазақ. 1913, №24.
4.
ӨРОММ., 1-қ., 12-т., 445-іс, 1-п;
5.
Государственная Дума. Третий созыв. Стенографические отчеты 1910 года, сессия ІІІ, ч.ІІІ. -
Спб., 1910. -С. 3006.
6.
Вопросы колонизации. 1911. № 9, -С. 310.
7.
Вопросы колонизации. 1911. №11, -С. 250.
8.
//Қазақ. 1913. N 9
9.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -Алматы, 1994. -49 б.
10.
Галузо П., Аграрные отношения на юге-Казахстана в 1867-1914 гг. Алма-Ата, 1965. -С.90.
Достарыңызбен бөлісу: |