Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


participation,  in  such  organizations  As  “Central  committee  of  Russian  –  Moslem  students”,  “Moslem



Pdf көрінісі
бет16/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
participation,  in  such  organizations  As  “Central  committee  of  Russian  –  Moslem  students”,  “Moslem 

charitable society in Peterburg” and “Bukhar charitable society of delivering the knowledge” is given in 

the paper. 

 

      



 Ресей  империясында  ХХ  ғасыр  басында  азаттық  қозғалыста  түрік 

бірлігі  мен  исламдық  ынтымақтастық  идеологиясы  негізінде  түркі-

мұсылман  халықтарының  арасында  саяси  күштерді  топтастыруға  деген 

талпыныс  айқын  аңғарылды.  Бірінші  орыс  революциясы  жылдары  Ресей 

мұсылмандарының үш бірдей съезі өткізіліп, ”Иттифақ-ул-муслимин“ атты 

саяси партия құрылды және Мемлекеттік думада мұсылман фракциясы бой 

көтерді.  Сол  тарихи  кезеңде  осындай  екпін  алған  құбылыстан  түркі-

мұсылман студент жастары тыс қалмаған-ды.  Олардың арасында да түркі-

мұсылмандық қозғалыс арнасына тартылу бой көрсетіп жатты. Бұл негізінен 

түркі-мұсылман  студент  жастарының  саяси  белсенділігінің  артуымен 

тікелей байланысты еді.  

        Ресей  империясындағы  түркі-мұсылман  студент  жастарының  саяси 

өмірге белсене араласуына азаттық қозғалыс қайраткерлері де өзіндік ықпал 

етті.  Мәселен,  белгілі  әзербайжандық  қайраткер  Ә.Топчибашев  пен  қазақ 

интеллигенциясының  алғашқы  толқынының  өкілі  болып  табылатын 

С.Жантөриннің  атсалысуымен  1898  жылы  Санкт-Петербургта  құрылған 

“Мұсылман  қайырымдылық  қоғамы”  империя  астанасында  оқып  жатқан 

түркі-мұсылман  студент  жастарын  материалдық  көмек  көрсетумен  бірге 

олардың қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына да ерекше мән берді.  

      


Түркі-мұсылман қозғалысы қайраткерлерінің қолдауымен «Мұсылман 

студенттердің Орталық комитеті» ұйымын құру жолында ХХ ғасыр басында 

студент  жастар  арасында  ұйымдастыру  шаралары  жүргізіліп,  аталмыш 

ұйымның  бағдарламасы  әзірленді.  Бағдарламаға  сәйкес  ұйымның  алдына 

мынандай мақсаттар қойылды:  

 

«1. Ресей мұсылмандары арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу. 



      2.  Империядағы  мұсылман  халықтарына  тән  ортақ  мәселелерді  шешуде 

мұсылман студенттердің бірлесе әрекет етуіне негіз қалау. 

      3.  Үкіметтік  бастауыш  және  орта  білім  беретін  орындардың  негізінде 

мұсылмандық мектептер ашуға атсалысу. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жолсейтова М.Ә. Ресей империясындағы түркі халықтарының студент

 

жастарының... 

 

 



4. Мұсылмандық жоғары оқу орындарының ашылуына қолдау көрсету. 

    

 

124 



      5. Мұсылман халықтары арасында кітапханалар ашуға қолғабыс жасау. 

      6.  Кедей,  тұрмысы  нашар  мұсылман  студенттерге  моральдық  және 

материалдық көмек көрсетуді ұйымдастыру» [1]. 

        ХХ ғасыр басында түркі-мұсылман  студент  жастарының   ұйымдарға 

бірігіп, азаттық қозғалысқа дем беруге талпынуы тек Ресей көлемінде ғана 

емес,  сонымен  бірге  шет  елдерге  білім  алуға    барған  жастар  арасында  да 

көрініс  берді.  Бұл  ретте  Түркияға  білім  алуға  барған  түркі-мұсылман 

студент жастардың әрекетін ерекше атап көрсетуге болады. 

           Түркияға  Түркістаннан,  Бұхар  әмірлігінен  және  Ресейдің  өзге  де 

өңірлерінен  білім  алуға  барған  жастар  сонда  эмиграцияда  жүрген  түркі-

мұсылмандық  қозғалыс  қайраткерлерімен  тығыз  қарым-қатынаста  болған. 

Атап  айтқанда,  бірінші  орыс  революциясынан  кейін  Түркияға  кеткен 

Ю.Акчура мен Ә.Ибрагимовтың оқушы жастарға ықпалы басымдау болды. 

Олардың  араласуымен  1909  жылы  Түркияда  «Білім  таратушы  Бұхара 

қайырымдылық  қоғамы»  құрылды.  Бұл  қоғамның  мүшелерінің  басым 

көпшілігі,  яғни  250-ден  астамы  Ресей  империясынан  Түркияға  білім  алуға 

келген жастар еді [2]. 

          «Білім 

таратушы 

Бұхара 


қайырымдылық 

қоғамы» 


Ресей 

империясынан  келген  оқушы  жастарға  қамқорлық  көрсетуді  өз  мойнына 

алды. Сондай-ақ олардың осы қоғамның төңірегінде топтасуына жіті көңіл 

бөлді. Аталмыш қоғамға мүше болған жастар Түркияда жарық көрген саяси 

мазмұндағы  әдебиеттер  мен  түрлі  мерзімді  басылымдарды  Түркістан 

өлкесіне  және  Ресей  империясының  басқа  да  аймақтарына  тарату  арқылы 

түркі-мұсылман  халықтарының  саяси  оянуына  ықпал  етуді  мақсат  тұтты. 

Олар мұндай бағыттағы әрекеттерін Балқан соғысы кезінде өрістетті [3].  

         Балқан соғысы жүріп жатқан шақта Ресей жоғары оқу орындарындағы 

түркі-мұсылман  студент  жастары  арасында  да  саяси  белсенділік  айқын  

көрінген-ді.  Мұны  сол  тұста  Санкт-Петербург  университетінің  заң 

факультетінде студент болған  М.Шоқайдың  естелігіндегі мына жолдардан 

да аңғаруға болады: «1910-1914 жылдары Петербург университетінде оқып 

жүрген болатынмын. Біз, студенттер, саяси бой көрсетулерге шығатынбыз. 

Үкіметке  қарсы  шешімдер  қабылдап,  көшелерде  демонстрациялар 

жасайтынбыз.  Балқан  соғысы  Петербург  студенттер  қозғалысын  қыздыра 

түсті.  Ол  кезде  Ресей  бейтарап  болатын.  Алайда  ол  бейтараптылығына 

қарамастан  Түркияға  қарсы  тұрып,  Балқан  славяндарына  ашықтан-ашық 

жәрдем  беретін.  Петербург  көшелерінде  «Аясофия  үстіне  крест»  қоюды 

талап еткен ереуілдер өтіп жатқан. Міне, осылардың бәрі бізді, студенттерді

қатты 

толқытты. 



Орыс 

курстастарымыздың 

төңкерісшілдіктеріне 

қарамастан, біз олармен ылғи да бірге  шыға алмайтынбыз. Дегенмен, біз  – 

орыс  және  орыс  емес  студенттер  –  бірлікте  университет  Балқан 

славяндарына  жәрдем  жинаушыларға  кедергі  жасайтынбыз.  ...Сонда  да 

түрік  студенттеріне  бұлар  аз  көрінді.  Бұларға  қосымша  тағы    бірдеңелер  

істеуді  ойластырдық. Ол  үшін біз - әзербайжан,   



      

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жолсейтова М.Ә. Ресей империясындағы түркі халықтарының студент

 

жастарының... 

 

 



    

 

125 



татар    және  түркістандық  студенттер  орыстардан  бөлініп,  өзімізше  әрекет 

жасамақ  болдық.  Ол  кезде  қызмет  бабында  Петербургта  тұрып  жатқан 

түркістандық  студенттер,  орыстардан  бөлініп,  өзімізше  әрекет  жасамақ 

болдық. Ол кезде қызмет бабында Петербургта тұрып жатқан  түркістандық 

адвокат  Серәлі  Лапиннің  келісімін  алып,   сол   кісінің  үйінде  бас  қосып 

тұратын болдық. Осы бір ұмытылмас  бас қосуларға қатысқан  адамдардың  

есімдері әлі күнге жадымда сақталып келеді. Татарлардан бұл күнде  марқұм 

болған  Нәжіп  Құрбанғали  мен  Сұлтанбек  Мамали  және  қазір  көзі  тірі 

большевик  Ильяс  Алкин,  әзербайжандардан  Мирякуб  бек,  Шейх-Сылам 

Зада,  Әкпар  аға  және  басқалар  бар  еді.  Ал  түркістандықтардан  Бердіғұлы 

Қақажан екеуміз бар едік. Бас қосуымыздың күн тәртібі бір ғана тармақтан 

тұратын.  Егер  Балқан  соғысына  Ресей  араласатын  болса,  онда  біздің 

позициямыз қандай болуы тиіс деген мәселе төңірегінде пікір алысатынбыз» 

[4]. 


           Осындай  пікір  алысуларға  1912  жлы  Петербургтегі  әскери-

медициналық академияның соңғы курсында оқып жатқан С.Асфендияров та 

қатысты.  Ол  марксизм-ленинизм  институтының    қазақ  филиалында  1933 

жылы болған конференцияда сөйлеген сөзінде мынандай фактіні  келтіреді: 

“Менің  есімде  1912  жылдың  күзінде  бірінші  Балқан  соғысы  тұсында 

Петербургте  қазақ,  татар,  өзбек  студенттері  арасында    Түркияны  қолдаған 

үлкен  қозғалыс  болды.  Болгар  студенттері  бізбен    жұдырықтасу  алдында 

тұрды. Сол кездері  болып тұрған бір мәжілісте Бөкейхановқа «біз Түркияға 

барамыз,  нағыз  ұлтжандылықтың  дәлелі  осы  болмақ»  дедік.  Бөкейханов  

сонда  біздің  түрікшілдігімізге  үзілді-кесілді  қарсы  шығып,  «өздеріңді 

ешқандай  да  сағыммен  алдамаңдар,  ескі  Түркия  ыдырау  үстінде»    деген 

сияқты  ойларды  айтып,  біздің  назарымызды  батыстық  өркениетке  бұрды» 

[5]. 

         Түркі-мұсылман 



студент  жастарының  қозғалысы  бұл  кезде 

Петербургта ғана емес, империяның өзге де қалаларында қарқын алған еді. 

Киев  қаласындағы  түркі-мұсылман  студенттері  белсенділік  танытып,  1919 

жылы  Киевте  түркі-мұсылман  студенттерінің  мәжілісін  өткеру  мәселесін 

көтерді  [6].  Мұндай  хабар  өзге  де  қалалардағы  студенттер  арасына 

жетісімен олар мәжіліске өз өкілдерін жіберу мәселесін қарастыра бастады. 

Мәселен, 1913 жылы 4-сәуірде Қазан университетінің бір топ студенттері – 

Б.Мәметов,  И.Қашқынбаев,  Ш.Бекмұхамедов,  А.Имамбаев,  Ф.Туктаров, 

И.Ақымбетов, Эфенди Заде Мамет және С.Ямбулатов астыртын бас қосып, 

Киевте өтетін мәжіліске А.Имамбаевты жіберу жөнінде ұйғарым жасады [7]. 

        Киевте  1913  жылы  17-сәуірде  өткен  түркі-мұсылман  студенттерінің 

мәжілісінде  Ресей  мұсылмандарының  азаттық  қозғалысына  қолдау  көрсету 

жолдары  талқыланып,  бұл  жөнінде  нақтылы  шешім  қабылдау  үшін 

бүкілресейлік  түркі-мұсылмандық  студенттер  съезін  шақыру  керектігі 

жөнінде шешім қабылданды. 

       

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жолсейтова М.Ә. Ресей империясындағы түркі халықтарының студент

 

жастарының... 

 

 



    

 

126 



 

Съезді  ұйымдастыру  бюросына  Киев  университетінің  медицина 

факультетінің  студенті,  әзербайжандық  Мажитбек  Әлиев  жетекшілік  етті. 

Ол съезді өткізу бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізуді қолға алды. Оның 

нұсқауы бойынша съезді өткізуді насихаттауға Москва және Новороссийск 

қалаларындағы  студенттер    кеңінен    тартылды.   Осындай   жұмыстардың 

атқарылуы нәтижесінде бүкілресейлік түркі-мұсылман студент жастарының 

съезі 1915 жылы 1-маусымда өткізілетін болып белгіленді. 

      Бірақ  та  бүкілресейлік  түркі-мұсылман  студент  жастарының  съезін 

өткізуге қызу әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатқандығы жайлы мәлімет сол 

тұста  Полиция  департаментіне  тыңшылар  арқылы  келіп  жеткен-ді.  Осыған 

орай  билік  орындары  съезді  ұйымдастырушылардың  соңынан  бақылау 

қойып,  көп  ұзамай  оларды  тұтқындады.  Тұтқындалған  студенттер 

қатарында  М.Әлиевтен  басқа,  Новороссийск  университетінің  студенті 

Х.Чапчакчи  және  Москва  университетінің  студенті  А.Халилев  болды  [8]. 

Патша  өкіметінің  осындай  тосқауылына  байланысты  бүкілресейлік  түркі-

мұсылман съезін өткізу жүзеге аспай қалды. 

         Ресей  империясындағы  түркі-мұсылман  халықтарының  азаттық 

қозғалысында  бірліктің  арта  түсуіне  және  оған  студент  жастардың  да 

тартыла түсуіне патша өкіметі тосқауыл қоюдың тиімді жолдың бірі ретінде  

түркі-мұсылмандық  саяси  күштердің  арасына  іріткі  салу  жолы  таңдалып 

алынды.  Ішкі  істер  министрлігі  түркі-мұсылман  халықтары  арасында  орыс 

қоғамы  ішіндегідей  қаражүздіктер  партиясын  құру  көздеген  мақсатқа 

жеткізеді  деп  санады.  Мұндай  партия  құруды  Ішкі  істер  министрлігі 

Петербург  қаласының  имамы  М.С.Баязитовты  жүзеге  асыра  алады  деп 

есептеп, оны өз жағына тартуды іске асырды. 

          1914  жылы  наурызда  Ішкі  істер  министрлігінің  араласуымен  түркі-

мұсылмандық  саяси  күштердің  арасына  іріткі  салып,  олардың  патша 

өкіметінің  саясатына  бірлесе  қарсылық  көрсетуін  әлсірете  түсетін 

қаражүздік партиясы бой көтерді. «Сират-ул-мустақим» («Дұрыс жол»)  деп 

аталған  бұл  партияға  М.С.Баязитов  жетекшілік  етті.  Оның  партиядағы 

сенімді серіктері қатарында кәсіпкер Ф.Байрашев пен отставкадағы генерал-

майор А.Шейх-Али болды. Үкіметтің нұсқауымен құрылған бұл партияның 

мүшелерінің саны бастапқыда бар-жоғы 12 адам ғана еді. Кейіннен партия 

мүшелерінің саны біртіндеп арта түсті [9]. 

          Ішкі  істер  министрлігі  «Сират-ул-мустақим»  партиясының  түркі-

мұсылман халықтары арасындағы беделін арттыра түсу мақсатында партия 

жетекшісі М.С.Баязитовты Орынбор мұсылман діни басқармасының мүфтиі 

етіп  те  тағайындады.  Түркі-мұсылман  халықтарын  патша  өкіметінің  

нұсқаулары  мен  заңдарына  және  оның  жүргізіп  отырған  саясатына  қолдау 

көрсетуге  үндейтін  «Сират-ул-мустақим»  партиясына  алғаш  қарсылық 

көрсеткен  Мемлекеттік  думадағы  мұсылман  фракциясы  болды.  Мұсылман 

фракциясы мүшелері  «Сират-ул-мустақим» партиясының құрылуын үкімет  

орындарының арандату әрекеті деп айыптады [10]. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жолсейтова М.Ә. Ресей империясындағы түркі халықтарының студент

 

жастарының... 

 

 



    

 

127 



Патша  өкіметінің  түркі-мұсылман  халықтарының  саяси  күштері 

арасына  іріткі  салу  жолындағы    шараларды  жүзеге  асыра  бастаған  шақта  

түркі-мұсылмандық  студент  жастар  бұған  наразылық  көрсетуге  жұмыла 

кірісті. 

        Ресейдегі   жоғарғы    оқу   орындардың    барлығында   дерлік    түркі-

мұсылман студенттері ”Сират-ул-мустақим“ партиясын құрушыларды және 

оған мүше болып кірушілерді айыптаған акциялар өткізуді ұйымдастырды. 

Петроград  қаласындағы    түркі-мұсылман  студент  жастары  мұндай  акцияға 

тартуда М.Шоқай белсенділік танытты. 

        Оның жетекшілігімен 1916 жылы наурызда Петроградтағы жоғары оқу 

орындарының  Х.Еникеев,  С.Рахманқұлов,  Ф.Құлахметова,  И.Мақсұдов, 

А.Абызов,  Мұхамед  Эфенди-Заде,  А.Маметқазин,  Г.Шараф  секілді  т.б. 

студенттері,  барлығы  31  студент  қол  қойған    мәлімдеме  әзірленді.  Түркі-

мұсылман  зиялыларына    арналған  бұл  мәлімдеме  үнпарақтар  түрінде 

таратылды  және  татар  тіліндегі  «Сюз»  газетінде  жарияланды.  Ол 

мәлімдемеде  былай  делінген  болатын:  «Соңғы  уақытта  ұлттық 

басылымдарда 

М.С.Баязитов 

пен 

Ф.Байрашевтың 



сыбайластары 

Петроградта  «Ислам  вә  Мағариф»  атты  газет  шығаруды  қолға  алғаны 

жайында  мәліметтер  таратуда.  Байрашев  пен  оның  әріптестері  осыдан  екі 

жыл  бұрын  «Сират-ул-мустақим»  партиясын  құру  арқылы  өздерінің 

бетпердесін  ашып  көрсеткен-ді.  Енді  олардың  шығарып  жатқан  газеті 

ұлттық  мүддемізге  қайшы  қызмет  ететіндігіне  күмәніміз  жоқ.  ...Мерзімді 

басылымдарда  интеллигенция  арасында    «Сират-ул-мустақим»  партиясына  

қолдау  көрсетушілердің  шығып  жатқаны  жайында  да  хабарлануда.  Біз 

интеллигенция  арасында  «Сират-ул-мустақим»  партиясына  қолдау 

танытушылардың  болмауын  қалаймыз.  Егер  де  интеллигенция  арасынан 

кімде-кім «Сират-ул-мустақим» партиясына материалдық немесе моральдық 

көмек  көрсететін  болса,  ондайлар  өзінің    мұндай  әрекетімен  кім 

екендіктерін  танытады.  «Сират-ул-мустақим»  партиясын  қолдағандарға 

интеллигенция  арасында  орын  болмауы  тиіс.  Былғаныш  идеяны,  зиянды 

мақсатты 

ұстанған 

«Сират-ул-мустақим» 

партиясымен 

байланысы 

барлардың барлығы да сол партияның қатарына жатқызылуы керек. Егер де 

біз  «Сират-ул-мустақим»  партиясына  қол  ұшын  созушыларды  байқайтын 

болсақ, ондайлармен біз барлық қатынасымызды үземіз және оларға байкот 

жариялаймыз» [12]. 

        Мұндай  мазмұндағы  мәлімдемелер  Ресейдің  өзге  де  қалаларындағы 

түркі-мұсылман  студенттері  тарапынан  таратылды.  «Сират-ул-мустақим» 

партиясын қолдамауға шақырған осындай үндеулердің таралуына тосқауыл 

қоюға  талпынған  патша  өкіметінің  әрекеті  нәтижелі  бола  қоймады. 

Осылайша, түркі-мұсылмандық студент жастар патша өкіметінің  сойылын 

соғуды 

көздеген 



қаражүздік 

«Сират-ул-мустақим» 

партиясының 

империядағы  түркі-мұсылман  халықтары  арасына  кең  қанат  жаймауына 

өзіндік әсерін тигізді.       

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жолсейтова М.Ә. Ресей империясындағы түркі халықтарының студент

 

жастарының... 

 

 



    

 

128 



Түркі-мұсылман  студент  жастар  сол  кезеңде  Мемлекеттік  думадағы 

мұсылман  фракциясын  империядағы  түркі-мұсылман  халықтарының 

мүддесін  қорғаушы  ұйым  ретінде  бағалап,  оның  жұмысына  үлкен  үміт 

артты. Сондықтан да оның  нәтижелі жұмыс  істеуіне  тілеулес  болып,  оған 

барынша  қолдау  көрсетуге  тырысты.  Бұл  бағытта  да  түркі-мұсылман 

студент жастары бірқатар  жұмыстар атқарды. 

 

Жалпы  қорыта  айтқанда,  ХХ  ғасыр  басындағы    түркі-мұсылман 



студент жастарының қозғалысы азаттық жолындағы күресте өзіндік терең із 

қалдырды.  Бұл  қозғалыс  арнасында  көптеген  жастар  шыңдалып,  саяси 

қайраткер ретінде қалыптасуда елеулі тәжірибе жинақтады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаты (РФММ). 102-қ., 245-т., 174-іс, 19-п. 

2.

 



Ресей империясының сыртқы саясат мұрағаты (РИССМ). 147-қ., 485-т., 1256-іс, 153-п. 

3.

 



Өзбекстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты (ӨРОММ). 461-қ., 1-т., 2115-іс, 

19-п. 


4.

 

Шоқай М. Таңдамалы. 1-т. Алматы: 1998. -368 б. 

5.

 

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы: 1995. -91 б. 



6.

 

РФММ. 102-қ., 245-т., 174-іс, 1-п. 



7.

 

Кенжетаев Б.А. Казанские учебные заведения и процесс формирования казахской 

интеллигенции в середине ХІХ – начале ХХ вв. Казань, 1998. С.72. 

8.

 



РФММ. 102-қ., 245-т., 174-іс, 16-18 п. 

9.

 



Ресей мемлекеттік  тарих мұрағаты (РФМТМ). 821-қ., 133-т., 461-іс, 17-19 п. 

10.


 

Мусульманская газета. 1914 г. 14 марта. 

11.

 

РФММ. 102-қ., 246-т., 74-іс, 60-61 п. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

М.М.ТАСТАНБЕКОВ 



    

 

129 



тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ 

 

Д.А.ЗҰЛПЫХАРОВА 

     


А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 

 

1946 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ  

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ 

 

В  данной  статье  рассматривается  период  образования  четвертой  республики  и  принятия 



конституции во Франции. 

 

This article deals with some problems of the period of formation of  Republic IY and the acception 

of the constitution in France. 

 

Францияның екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы адам шығыны, 



алдыңғы  соғыспен  салыстырғанда  аз  болды.  Дегенмен  бомбылау  мен 

оккупациялық  режимнің  материалдық  зардаптары  көп  тиді.  Франция 

бұрынғы құдіреттілігі мен ықпалынан айырылды. Ол тек өз одақтастарының 

көмегімен  ғана  қалыпқа  келе  алды.  Тәуелсіздігі  мен  тұтастығын 

сақтағанымен,  оның  экономикасы  құлдырады  және  АҚШ-тың  долларлық 

саясатының  ықпалына  түсті.  Француздық  Үндіқытай  бақылаудан  шықты, 

Сирия  мен  Ливан  тәуелсіздігін  алды.  Осындай  жағдайда  Франция 

мемлекеттің жаңа құрылымын анықтауы керек болды.  

 

Азатық  алғаннан  кейінгі  Франция  территориясындағы  өкімет  билігі 



генерал Шарль де Голль басқаруындағы Уақытша үкімет қолына өтті. Олар 

демократиялық  құрылысты  қайта  қалпына  келтірді  және  гитлерліктермен 

тығыз ынтымақтастықта болған сатқындарды жауапқа тартты. 2 мыңнан аса 

адамға  өлімге  кесу  үкімі  шығарылды.  Уақытша  үкімет  экономиканың 

бірқатар  салаларын:  авиация,  көмір,  автомобиль  –  национализациялады, 

яғни  ұлт  меншігіне  айналдырды.  1945  жылдың  қазан  айында  Құрылтай 

жиналысына сайлау өтіп, Құрылтай конституция нұсқасын дайындайды деп 

күтілді. 

 

Соғыстан  кейінгі  жылдары  Францияда  саяси  күштердің  қайта 



топтасуы жүрді. Француз коммунистік партиясы, Социалистік партия және 

католиктік  Халықтық-республикалық  қозғалыс  ықпалды  партияларға 

айналды.  Осы  партиялармен  байланыста  болған  Шарль  де  Голль  үкіметті 

қайта  басқарды.  Үкімет  Халық  Майданы  жылдарындағы  әлеуметтік  және 

еңбек  заңдарын  қайта  қалыптастырды,  банктер  мен  сақтандыру 

компаниялары 

мемлекет 

меншігіне 

айналдырылды. 

Осы 


тұста 

конституцияны  жасау  аса  тартысты  өтеді.  Үш  партия  Францияда 

парламенттік республика құру ұсынысын қолдады. Де Голль үш партияның 

ешқайсысына  да  қосылмай,  АҚШ  үлгісіндегідей  президенттік  республика 

құрудың  жақтасы  болды.  Мұндай  жағдай  саяси  қайшылықты  тереңдетіп, 

кейінгі де Голльдің кейінгі отставкаға кетуіне әсер етті.  

Әрине,  соғыстан  кейін  Францияның  саяси  ішкі  өміріндегі  маңызды 

оқиға жаңа конституция жасауға тиіс Құрылтай жиналысына сайлау болды. 

Болашақ  Конституцияның  мазмұны, Құрылтай  жиналысының  өкілеттілігі  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Тастанбеков М.М., Зұлпыхарова Д.А. 1946 жылғы конституция және Француз Республикасының...  

 


    

 

130 



 

мен  құқықтары  жөніндегі  мәселе  қызу  таластар  туғызды.  Коммунистік 

партия  мен  ВКТ  Құрылтай  жиналысына  кең  өкілеттіліктер  беруді  ұсынды. 

Радикалдар  партиясы  Құрылтай  жиналысын  шақырмай-ақ,  1875  жылғы 

конституцияны  қалпына  келтіруді  талап  етті.  Генерал  де  Голль  Құрылтай 

жиналысының өкілеттілігін шектеп, оны шақыру мәселесін шешуді халыққа 

беруді, референдум өткізуді ұсынды.  

1945  жылы  21  қазанда  Францияда  соғыстан  кейінгі  алғашқы  сайлау 

жүргізілді және бір  мезгілде  Құрылтай  жиналысы  туралы  мәселе бойынша 

референдум  өткізілді.  96,4  процент  сайлаушылар  1875  жылғы 

конституцияны  жоюды  және  Құрылтай  жиналысын  шақыруды  қолдап, 

дауыс  берді.  66,3  процент  сайлаушылар  де  Голль  ұсынған  өкіметтің 

ұйымдастыру жобасымен келісті [1.122]. Құрылтай жиналысына сайлау елде 

жаңа саяси ахуал туғызды. Коммунистік партия Франция тарихында тұңғыш 

рет парламентте бірінші орын алып, үлкен жеңіске жетті - 5 млн. дауыс, 152 

депутаттық  мандат  алса,  екінші  орында  социалистік  партия  -  4,6  млн. 

дауыспен 142 депутаттық мандат иеленді. МРП 4,5 млн. адамның дауысын 

жинап,  141  мандатқа  ие  болды.  Оңшыл  Республикандық  бостандық 

партиясына  сайлаушылардың  небәрі  6  проценті  ғана  дауыс  берді  [2.48]. 

Осылайша Құрылтай жиналысында коммунистер мен социалистер көпшілік 

орынға,  545  мандаттың  294-іне  ие  болды.  Коммунистік  партия 

демократиялық  үкімет  құруды  ұсынды.  Алайда  социалистік  партияның 

лидерлері  компартия  ұсынысын  қолдамады.  Олар  МРП  партиясымен  бірге 

генерал  де  Голль  басқарған  үш  партиялық  өкіметке  ғана  қосылатынын 

білдірді. Коммунистік партия ұсынысын қайтып алды, мұнан соң Құрылтай 

жиналысы  бірауыздан  генерал  де  Голльге  үкіметті  құруды  міндеттеді.  Де 

Голль  оған  үлкен  үш  партияның  өкілдерін  де  кіргізуді  ұсынды,  бірақ 

коммунистерге жетекші министрлік посттарын - әскери, ішкі істер министрі, 

сыртқы істер министрі портфельдерін - беруден бас тартты. Жаңа үкіметке 

де  Голльдің  өз  жақтастарынан  басқа  әр  үш  партиядан  -  коммунистік, 

социалистік, МРП - бес өкілден кірді.  

Құрылтай  жиналысында  коммунистер  мен  социалистердің  басым 

болуы,  олардың  МРП  партиясымен  ынтымақтастығына  қолайлы  жағдай 

туғызды.  Үш  партия  әлеуметтік-экономикалық  саясат  саласындағы 

талаптармен  өзара  келісті.  НСС  программасына  сәйкес  олар  басты 

банктерді,  сақтандыру  компанияларын, өнеркәсіптің  түйінді  салаларын  ұлт 

меншігіне  айналдыруды  ұсынды.  Үш  партия  да  Виши  режимінің 

қалдықтарын  толық  жоятын,  демократиялық  бостандыққа  кепілдік  беретін 

әлеуметтік сақтандыру жүйесін жақсартатын экономикалық даму жоспарын 

жасауға  ұмтылды.  Үш  партия  конституциялық  мәселеде  келісе  алмады. 

МРП  өзінің  конституция  жобасын  ұсынды,  енді  коммунистер  мен 

социалистер бірігіп әрекет етуге келісті.  

Социалистер  мен  коммунистердің  жақындасуы  реакция  жоспарын 

бұзды, үкіметте басымдыққа ие болған депутаттар бақылауы орнады.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет