Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет17/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Тастанбеков М.М., Зұлпыхарова Д.А. 1946 жылғы конституция және Француз Республикасының...  

 


    

 

131 



 

Құрылтай  жиналысының  басым  көпшілігіне  көнгісі  келмеген  генерал  де 

Голль  1946  жылы  20  қаңтарда  үкіметке  бақылау  қою  шектен  асқандық, 

деген  есеппен,  күтпеген  жерден  отставкаға  кетті.  Онан  кейін  кейінгі  12 

жылда  ол  саясатпен  айналысқанына  қарамастан,  үкімет  құрамына  кірген 

жоқ.  


Де  Голль  отставкаға  кеткен  соң  коммунистер  социалистік  партияға 

бірігіп  үкімет  құруды  ұсынды.  Ол  Морис  Торездің  сипаттауы  бойынша, 

халыққа сүйенген демократияға жаңа мазмұн бере алатын еді. Социалистік 

лидерлер  мұны  қолдамады,  билік  басында  үш  партиялық  коалиция  қалды. 

Үкімет  басшысы  болып  социалист  Ф.Гуэн,  сонан  соң  1946  жылдың 

маусымынан  -  МРП  партиясының  лидері  Ж.Бидо  болды.  Гуэн  мен  Бидо 

үкіметіне  коммунистердің  қатысуы  қалың  көпшілік  талап  еткен  ірі 

реформаларды жүзеге асыруға себепші болды. 1945-1946 жылдарда оңшыл 

топтардың қарсылығына қарамастан ірі 5 банк: Француз банк, Лион кредиті, 

Бас  қоғам,  Ұлттық  есеп  конторасы,  Ұлттық  сауда-өнеркәсіп  банкі;  Басты 

сақтандыру  компаниялары,  көмір,  электро-энергия  мен  газ  өнеркәсібі 

мемлекет  меншігіне  өтті.  Олар  бұрынғы  мемлекет  меншігіндегі 

кәсіпорындармен бірге ірі мемлекеттік сектор құрды. 

Еңбек  министрі  А.Круазаның  ұсынысымен  40-сағаттық  жұмыс  күні 

қалпына келтірілді, 40 сағаттан асқан жұмысқа жоғары бағада ақы төленді. 

Жұмысшыларға екі апталық, қызметкерлерге үш апталық төленетін демалыс 

қалпына  келтірілді.  Морис  Торездің  басшылығымен  шахтерлердің 

мемлекеттік  қызметкерлердің  статусы  жасалды.  Үкімет  шаруашылығы 

соғыстан  бүлінген  шаруаларға  ссуда  берді,  қартайған  шаруалар  зейнатақы  

алатын болды [2.114]. Соғыстан бүлінген экономиканы тез қалпына келтіру 

үшін компартия мен ВКТ жұмысшыларды «өндіріс үшін күреске» шақырды. 

Бұған  жауап  ретінде  шахтерлар  көмір  өндіруді  екі  есеге  арттырды, 

жұмысшылар өндірісті қалпына келтіруде бар күшін салды.  

  Құрылтай 

жиналысында 

социалистер 

мен 

коммунистердің 



ынтымақтастығы  конституцияның  демократиялық  жобасын  жасауға 

мүмкіндік  берді.  Ол  МРП  партиясы  қарсы  шыққанымен,  Құрылтай 

жиналысында көпшілік дауыспен бекітілді. 1946 жылы мамырды Құрылтай 

жиналысының  жобасы  референдумға  шығарылды.  Оған  қарсы  МРП 

партиясы, радикалдар және басқа оңшыл топтар біріккендіктен өтпей қалды. 

Конституцияның жаңа жобасын жасау қажет болды.  

Конституциялық  мәселелер  төңірегіндегі  пікірталас,  оған  генерал  де 

Голль қатысқанда қайта қызып, ушыға түсті. 1946 жылдың маусымында ол 

Бай  қаласында  сөйлеген  сөзінде  «күшті  өкіметті»  талап  етті.  Де  Голль 

парламентке  есеп  бермейтін  президент  -  кең  өкілеттіліктерге  ие  мемлекет 

басшысы  қызметін  бекітпекші  болды.  Президентке  үкіметті  басқару, 

министрлерді тағайындау және орнынан алу, қарулы күштердегі басшылық, 

сыртқы  саясатты  басқару,  Құрылтай  жиналысын  тарату  құқығы  мен  саяси 

қақтығыстарда арбитор ретінде қатысу міндеттері жүктелді.  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Тастанбеков М.М., Зұлпыхарова Д.А. 1946 жылғы конституция және Француз Республикасының...  

 


    

 

132 



 

 «Күшті  өкімет»  жобасы  демократиялық  күштер  тарапынан  бірден 

сынға  алынды.  Ұзаққа  созылған  пікірталастардан  кейін  екінші  Құрылтай 

жиналысы  бұл  идеядан  бас  тартты.  МРП  талаптарымен  келісе  отырып,  ол 

екі  палаталы  парламент  туралы  конституцияның  жаңа  жобасын  ұсынды. 

Конституция  мемлекеттің  зайырлығы  мен  Ұлттық  жиналыстың  президент 

пен  үкімет  қызметтеріне  бақылауын  сақтады.  Үшпартиялы  коалицияның 

барлық партиялары жаңа нұсқаны толық қуаттады.  

  13  қазан  1946  жылы  екінші  рет  өткізілген  референдумда 

сайлаушылардың көпшілігі қолдап, жаңа конституцияға  дауыс берді. 1946 

жылы желтоқсанда жаңа конституция ресми түрде күшіне енді. 1946 жылғы 

француз 


конституциясы 

Қарсылықтың 

солшыл 

ұйымдарының 



конституциялық  жобаларының  көптеген  идеясын  өмірге  енгізді.  1946 

жылғы  француз  конституциясы  демократиялық  конституцияның  бірінен 

саналды.  Конституцияға  сәйкес  Франция  «тұтас,  зайырлы,  демократиялық 

және  әлеуметтік  Республика»  болып  жарияланды.  1946  жылы 

конституцияда  еңбек  ету  құқы,  демалыс  құқы,  әлеуметтік  қамтамасыз  ету 

құқы,  білім  алу  құқы  сияқты  ең  қажетті  әлеуметтік  құқықтар  көрсетілген. 

Сонымен  қатар  конституцияда  ерлер  мен  әйелдердің  тең  құқылығы, 

еңбекшілердің кәсіпорын басқаруға қатысуы, кәсіподақ және саяси қызмет, 

«заң  аясында»  ереуіл  жасау  құқықтары  айқындалған.  1946  жылы 

конституцияға 

солшыл 

күштердің 



талап 

етуіменен 

әлеуметтік-

экономикалық  қайта  құрулар  мүмкіндігі  енгізілді.  «Француз  империясы» 

деген атау «Француз одағы» деген терминмен ауыстырған [5.245]. Франция 

халқының  және  отар  мен  тәуелді  елдердегі  халықтардың  құқықтары  мен 

міндеттерінің теңдігі жарияланды. 

1946 жылғы конституция бойынша мемлекеттік өкіметтің ең жоғарғы 

органы  Ұлттық  жиналыс  пен  республика  Кеңесінен  тұратын  парламент 

болды.  Жалпы  халықтық  дауыспен  сайланатын  Ұлттық  жиналыс  қана 

заңдар  шығара  алды.  Республика  Кеңесі  заңның  қабылдауын  кейінге 

қалдыруға  және  оны  Ұлттық  жиналыста  қайта  қарауға  жіберу  құқын 

иеленді.  Үкімет  Ұлттық  жиналыс  алдында  жауапты,  оның  талабымен 

отставкаға  кетуге  міндетті.  Республика  президентін  парламент  сайлады, 

оның  барлық  актілерін  үкімет  бекітті.  Жалпы  алғанда  1946  жылғы 

конституция буржуазиялық-демократиялық сипатта болды.  

  Конституцияға  сәйкес  1946  жылы  қарашада  Ұлттық  жиналысқа,  ал 

желтоқсанда  республика  Кеңесіне  алғашқы  сайлаулар  өткізілді.  Сайлауда 

5,5 млн. дауыс жинап, компартия бірінші орынға шықты, Ұлттық жиналыста 

182  депутаттық  мандатты  иеленді.  Екінші  орында  МРП  партиясы  (26,3%, 

164  мандат);  үшінші  орында  —  социалистік  партия  (17,9%,  101  мандат) 

[6.163].  Осылайша  үш  ірі  партия  сайлаушылардың  көп  даусына  ие  болды. 

Сайлау  нәтижесі  бойынша  парламентте  көп  орын  иеленген  коммунистік 

партия  үкіметті  басқару  құқына  ие  болады.  Олар  Морис  Торезді  премьер-

министр  постына ұсынды  және  республикандықтардың  бәрінің  мүддесін 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Тастанбеков М.М., Зұлпыхарова Д.А. 1946 жылғы конституция және Француз Республикасының...  

 


    

 

133 



 

қорғайтын  НСС  бағдарламасы  талаптарын  негізіне  алған  үкімет 

бағдарламасын  жасады.    Коммунистер  ірі  монополистік  өндірісті  ұлт 

меншігіне  айналдыруды,  орта  және  ұсақ  кәсіпкерлікті  қолдауды,  шаруа 

меншігін  қорғауды  ұсынды.  Сонымен  қатар  олар  жұмысшылар  мен 

республикандықтардың  одағын,  фашизм  қалдықтарын  толық  жоюды, 

Германияны  қарусыздандыруды,  КСРО,  Англия,  АҚШ  сияқты  ұлы 

державалармен  одақтасуды  көздеді.  Торез  Францияның  келешегі, 

демократиялық прогресс жөнінде былай дейді: «...орыс коммунистері жүріп 

келе жатқан жолдан бөлек, социализмге өтудің жаңа жолдарын қарастыруға 

мүмкіндік  беріп  отыр.  Даңқты  дәстүрлерге  бай  Франция  халқы  үлкен 

демократия,  прогресс  және  әлеуметтік  әділеттілікке  апарар  жолды  өзі 

табады» [3.264]. 

  МРП  партиясы  Торездің  кандидатурасына  қарсы  шықты,  социалистік 

партия коммунистерді формальды қолдады, социалист-депутаттар көпшілігі 

ФКП  Бас  хатшысына  дауыс  бермеді.  Осы  себептен  Торез  кандидатурасы 

қажетті  дауыс  жинай  алмады.  МРП  лидерлері  компартияға  басты 

постылардың  бірін  беруге  де  қарсылық  білдірді,  ал  Социалистік  партия 

басшылары  екі  партиялық  үкімет  құрамына  кіргісі  келмеді.  Осы  себептен 

Блюм бастаған тек социалистерден тұратын бірпартиялық үкімет құрылды. 

Ол бір ай ғана өмір сүрді. Соған қарамастан Францияның тағдырында терең 

із  қалдырған  1946  жылдың  желтоқсанында  Вьетнамда  отарлық  соғыс 

тұтандыруға  себепші  болды.  1947  жылы  желтоқсанда  Блюм  үкіметі 

социалист  Рамадье  бастаған  коммунистер,  социалистер,  МРП  мүшелері, 

радикалдардың  өкілдері  кірген  коалициялық  үкіметке  орын  берді.  Екі 

палатаның біріккен мәжілісінде Франция президенті болып  Венсан Ориоль 

сайланды. Ұлттық жиналыстың төрағасы Эррио болды. Уақытша режимнің 

күні  бітті.  Төртінші  Республика  кезеңіне  аяқ  басты.  Ол  уақытта  жаңа 

құрылымның өмірі небары он екі жылға созылатындығын ешкім де білмеді. 

 

                                     



ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.



 

Ш. де Голль. Военные мемуары. т.2. М., 1957. -328 б. 

2.

 



Смирнов В.П. Новейшая история Франции. М., 1979. -219 б. 

3.

 



Торез М. Избранные произведения, т.1. М.,1959. -339 б. 

4.

 



Бийу Ф. Когда мы были министрами. М., 1974. - 97 б. 

5.

 



Конституции буржуазных государств Европы. М., 1957 – 945 б. 

6.

 



Макаренкова Е.М. Французская социалистическая партия в годы ІҮ республики. М., 1973. -281 б. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

    

 

134 



 

Г.Т. ЖОРАЕВА 

тарих ғылымдарының кандидаты 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ 

 

ТАТАР ДИАСПОРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, 



МӘДЕНИ, САУДА ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ 

 

В  статье  рассматриваются  социально-экономическое  положение  и  взаимоотношение 



казахско-татарской торговли в Казахстане ІІ половины XVIII - начало XIX веков.  

 

The article deals with the economical and political situations of Kazakhstan in the second part of 

18

th

  and 19

th

 centuries. The author tries to research Kazakh - Tatar trade relations as well. 

 

Татар  ұлт  өкілдерінің  қазақ  жеріне  көптеп  қоныстана  бастауы 



экономикалық  және  сауда  қатынастарының  дамуына  үлкен  әсерін  тигізді. 

Негізінде XVIII  ғасырдың  ортасына дейін  Қазақстанда  сауда  айналымдары 

әлі  де  мардымсыз  еді.  Кіші  жүз  бен  Орта  жүз  Ресейге  қосылғаннан  кейін 

ғана орыс-қазақ саудасы жандана түсті. Орыстарға армияға аттар, өнеркәсіп 

үшін шикізат - түбіт, жүн, тері, қой терісі, елтірі, киіз, кілем, тамақ өнімдері 

мен аңшылық заттары (түлкі, қарсақ, қасқыр терісі) керек болды. Қазақтар 

өнеркәсіп  заттары  мен  металл  бұйымдарға:  қазан,  балта,  кетпен,  орақ, 

шалғы,  ыдыс-аяқ,  шеге,  қаңылтыр  мен  мыс,  аңшылық  қажеттері,  ашутас, 

былғары,  мата  сияқты  заттарға,  галантерея  бұйымдарына  және  басқа 

тауарларға мұқтаж болды.  

1735  жылы  Орынбор  қаласының  салынуы  татарларға  Қазақстан  мен 

Орта  Азияда  еркін  түрде  сауда  жасауға  жол  ашты.  Орынбор  қаласының 

жанында Қарғалы атанған селоның іргесі қаланып, оған татар саудагерлері 

қоныстана бастады. Ең алғаш болып бұл селоға татарлар Сағит Хаялин мен 

көпес Сейітов қоныс тепкен. 1744 жылы Сенат Жарлығы бойынша “Сейітов 

слободкасы”  салынады. Бастапқы  кезде  слободкаға  көпес  Сейітовпен  бірге 

200-дей  татар  қоныстанған  болатын.  Қарғалы  осы  өлкедегі  ең  негізгі  сауда 

орталығының  біріне  айналды.  1761  жылы  Қарғалыдағы  сауда  жасайтын 

көпестердің  саны  1160,  ал  1765  жылы  1600-ға  жеткен.  Татар  Ғабдолла 

Хаялин  көпестердің  басын  біріктіріп,  Орынборда  сауда  компаниясын 

құрады.  Бұл  компания  Қазақстан  мен  Орта  Азияда  еркін  сауда  жасауға 

құқық  алды.  Компанияның  басшылығымен  Орта  Азияға  сауда  керуендері 

жіберіліп  тұрды.  1760  жылдары  Кіші  жүз  бен  Орта  Азияның  ұсақ 

саудасының барлығы татарлардың қолында болды [1.10].  

 

Татар  ғалымы  Г.Т. Хайруллин  1760  жылдардың өзінде  Қазақстанның 



Кіші  және  Орта  жүздегі  барлық  ұсақ  сауда  татар  саудагерлерінің  қолында 

болды  деген  мәлімет  келтірсе  [2.101],  татар  жәдидшілдігін  зерттеген  С.Г. 

Батыев  та  бұл  мәліметті  растап,  Астрахан,  Орынбор,  Орал,  Омбы, Троицк, 

Петропавл,  Семей  қалаларындағы  барлық  сауда  ісі,  татар  көпестерінің 

қолында  шоғырланғандығын жазады [3.53-63]. 

Орынбордағы  “Сейітов  слободкасы”  тез  қарқынмен  өсті.  Бұл  жерде 

қазақтың ру басыларының балаларына арнап мектеп ашылып, ортаазиялық 

көпестер  келіп   қоныстана  бастады. Сауда  ісімен  қоныстанушы   татарлар  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жораева Г.Т. Татар диаспорасы және Қазақстандағы экономикалық, мәдени, сауда...  

    

 

135 



 

 

айналысты.  Татар  ғалымы  Ғ.  Ибрагимов:  “Шығыс  пен  Батысты 



жалғастырушы  қалалардағы  барлық  сауда  татарлардың  қолында  болған”,  - 

дей  отырып,  ол  қалалардың    қатарына  Орал,  Орынбор,  Ор,  Троицк, 

Қызылжар, Семей қалаларын жатқызды [4]. 

Қазақ  жерінде  сауда  мәселесін  күшейту  үшін  патша  үкіметі  қажетті 

шаралар  қолдана  бастады.  Атап  айтқанда,  саудагерлер  үшін  Орынбор, 

Семей  және  Ямышев  қамалдарында,  Троицкіде  жыл  бойына  сауда  ісін 

жүргізуге  мүмкіндік  беретін  арнайы  үй-жай  салынды.  Татар  саудагерлері 

Азиядан  өңделмеген  тауарларды  алып,  оларды  Ресейге  немесе  Еуропа 

елдеріне  жіберді.  Ал  қазақ  даласында  Мәскеуден  немесе  Батыстан  әкелген 

тауарларын саудалады. 

XVIII  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  XIX  ғасырдың  бірінші 

жартысынан бастап қазақ жерінде сауда ісі дамыды. Сауда орталығы болған 

Орынборға Орта Азияның саудагерлерінің керуендері де келе бастады. Кіші 

жүзде  жәрмеңкелер  ұйымдастырылды.  Бөкей  Ордасындағы  алғашқы 

жәрмеңке  1813  жылы  ашылды.  Жәрмеңкеге  жан-жақтан  әр  түрлі  тауарлар 

мен мал әкелінді. Қазақстандағы сауда ісінің дамуына татар ұлт өкілдері де 

өзіндік үлес қосты. Бұл жәрмеңке өлке өмірінде үлкен рөл атқарған. Татар 

саудагерлері да ірі қалалардан әкелген күнделікті тұтынуға қажетті заттарды 

малға, теріге, жүнге және тағы басқа өнімге айырбастап отырды. Жергілікті 

қазақ саудагерлері бастапқы кездерде орыс және татар көпестерінен несиеге 

тауар  алып  отырды.  А.Дж.  Рибердің  жазуынша,  1851  жылы  Орал-Волга 

аймағындағы  сауда  жасайтын  мұсылман  саудагерлерінің  саны  Пенза 

губерниясында  -  189  (11,6%),  Самара  губерниясында  -  608  (12%),  Вятск 

губерниясында  -  123  (0,6%),  Қазан  губерниясында  -  762  (34%),  Орынбор 

губерниясында - 1752 (57%), Тобыл губерниясында - 87 (9%) болған. Татар 

саудагерлерінің 

көпшілігі 

Қазан 


мен 

Орынбор 


губернияларына 

қоныстанған.  Орынбор,  Ор  және  Троицк  қалалары  арқылы  саудагерлер 

қазақ даласы мен Орта Азия мемлекеттеріне сауда жасады. XVIII  ғасырдың 

ортасына  қарай  Орынбордағы  сауда  табысы  100%-ды  құрады.  Тіпті  1862 

жылдың өзінде Ресей жағынан Орта Азияға жүргізген керуен саудасы татар 

саудагерлерінің қолдарында болған [5.60].  

ХІХ  ғасырдың  40-шы  жылдары  осы  жәрмеңкелер  ауданында  тау-кен 

өндірістері  дами  бастаған.  Александров  күміс  балқыту  (1849  жылы), 

Богословск (1857 жылы), Николаевск (1859 жылы) және Спасск мыс қорыту 

зауыттарының іске қосылуы, дала саудасының дамуын жеделдетті. Сондай-

ақ,  патша  үкіметінің  көршілес  елдермен  сауда  қатынасын  дамыту  үшін 

жасаған  қадамдары  да  Қазақстандағы  сауданың  дамуына  ықпал  етті. 

Мәселен,  Ресейдің  Сібір  линиясындағы  салықты  жою  турасындағы  заң, 

Сібірге  келген  Азия  көпестеріне  өз  тауарларын  сауда  куәлігінсіз  сатуға 

мүмкіндік  берді,  әрі  татар  саудагерлеріне  өте  тиімді  болды.  Осы  жеңілдік 

заң  негізінде  1852  жылы  5  жылға,  ал  1857  жылы  одан  әрі  ұзартылған 

болатын.  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жораева Г.Т. Татар диаспорасы және Қазақстандағы экономикалық, мәдени, сауда...  

 


    

 

136 



 

1869 жылы Семей губерниясының әскери губернаторы мен Қарқаралы 

уезінің  бастығы  Қоянды  сауда  орнын  жәрмеңке  ретінде  тану  турасында 

бұйрық шығарды [6.169].  

XІX ғасырдың соңында Қарқаралының татар көпестері өлкедегі кенді 

өңдеп,  өнім  алу  үшін  зауыттар  сала  бастады.  Көпестер  Хамидолла  мен 

Гүлшад  Бекметевтер  Балқаш  бойынан  қорғасын-күміс  зауытын  ашқан. 

Зауыттың  иесі  Гүлшад  Бекметев  болғандықтан,  өңірде  оны  “Гүлшад 

зауыты” деп атаған. Зерттеуші Е. Ділмұхамедовтың жазуынша, бұл зауытта 

1885  жылы  бір  пештің  өзінен  1030  пұт,  ал  1886  жылы  3000  пұт  күміс-

қорғасын балқытылып алынған [7.284].   

Жәрмеңке  саудасы,  әсіресе,  Ақмола  облысының  солтүстігінде  де 

қарқынды  түрде  дамыды.  Мұнда  үш  ірі  жәрмеңкелер:  Тайыншакөл 

(Петропавлда),  Константинов  (Ақмолада),  Петров  (Атбасарда) және  50-ден 

астам  ұсақ,  орташа  жәрмеңкелер  жұмыс  істеді.  Аталмыш  жәрмеңкелердің 

дамуына темір жолдың тартылуы да үлкен әсер тигізді. 1894-1895 жылдары 

Омбы  мен  Челябінің  (Сібір  магистралі)  арасына  темір  жол  салынды.  Ол  

Ресей  губернияларын  Ақмола  облысының  өнеркәсіп  орталықтарымен 

байланыстырып, сауда және өнеркәсіп капиталына кең бағыттар ашты.   

Петропавл  қаласының  географиялық  орналасуы  да  қалада  сауданың  

жоғары  деңгейде  дамуына  үлкен  әсерін  тигізді.  Өйткені  қала  екі  маңызды 

сауда  жолының  түйіскен  жерінде  орналасқан  болатын.  Петропавлға 

Ресейден,  Орта  Азиядан,  Сібірден  өнеркәсіп,  азық-түлік  тауарлары  көптеп 

әкелінді.  Петропавл  бекінісі  салынған  кезде  келіп  қоныстанған,  бастапқы 

кезде  сауда  жасап  күн  көрген  татар  саудагерлері  бірте-бірте  әлеуметтік 

деңгейін  көтеріп,  кәсіпорындар  салып,  қазақтарды  жалдамалы  жұмысқа 

тартты.  Қаланың  ірі  кәсіпорын  иелері,  көпестері,  қызметшілері  татар  ұлт 

өкілдерінен  болды.  Мәселен,  Ғазиз  Акчурин  қалалық  басқармада,  ал 

Әбдірахман  Мамлютов  банк  саласында  қызмет  еткен.  Нығметжан  Шафеев 

май  ерітетін  және  жүн  жуатын  зауыттың  иегері  болып,  оның  қол  астында 

жүздеген  жалдамалы  жұмысшылар  жұмыс  істеген.  Қалада  сауда  саласы 

жақсы  дамыды.  Бұл  туралы  Петропавл  қаласының  полициясының 

жазбасында: “Инородцы киргизы, живущие в городе Петропавловске, почти 

все  состоят  в  работах  у  богатых  купцов  -  татар,  иногда  за  ничтожное 

вознаграждение”,  -  деп      келтірілсе  [8.143],  ал  украин  халықшылы 

К.А.Белиловский қала татарлары туралы өзінің есебінде: “Здешние татары - 

народ  торговый,  живой,  подвижный.  Все  коммерческие  операции 

производят  они  преимущественно  в  степи,  среди  киргиз,  у  которых 

обменивают европейские товары на скот, баранов, шерсть, волос, мех и пух, 

или покупают баранов, рогатый скот и кожи для продажи в Петропавловске 

или на Ирбитской, Крестовской и других ярмарках”, - деп жазады [9.35-36].   

XIX ғасырдың соңына қарай патша үкіметі Қазақстан мен Орта Азияда 

татарларға жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым сала бастады. Бұл татар 

байларының өндіріс орындарының өсуі мен саудасына үлкен зиян  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жораева Г.Т. Татар диаспорасы және Қазақстандағы экономикалық, мәдени, сауда...  

 

 



    

 

137 



келтірді. Татарларға астық өндірісі мен мал шаруашылығын дамытуға да 

шек қойылды. Орыс үкіметінің мұндай жарлығынан кейін татар байлары 

мен  саудагерлері  жоғарғы  пайдаларынан  айырылды.  Патша  үкіметі 

осындай  заңдар  арқылы  татар  капиталының  еркін  түрде  өсуіне  тежеу 

жасады.  Ресейдің  бүкіл  ауыр  өнеркәсібі  мен  саудасына  қожалық  жасап 

келген  орыс  буржуазиясы,  жаңа  қалыптасып  келе  жатқан  татар 

буржуазиясынан  үрейленді.  Татар  буржуазиясын  өзінің  бақталасы 

есебінде  көрді.  Сол  себептен  татарларды  ығыстырып,  оларға  саяси-

экономикалық  қысым  жасалынды.  Мәселен,  XIX  ғасырдың  екінші 

жартысынан  бастап  татар  жерінде  мәуіті  өнеркәсібі  дами  бастаған 

болатын.  Негізінде  татарларда  тек  бір-ақ  ірі  мәуіті  фабрикасы  болып, 

оны  Акчуриндер  иеленген.  Фабрика  1840  жылдан  қазан  төңкерісіне 

дейін жұмыс істеген. Бұл өнеркәсіп орнына қажетті шикізат, яғни, мақта 

тек  Қазақстан  мен  Орта  Азиядан  әкелінетін.  Патша  үкіметі  осындай 

заңдар  арқылы  татар  капиталының  еркін  түрде  өсуіне  тежеу  жасады. 

Бұған  қарамастан татар саудагерлерінің саудасы  қазақ  жерінде  табысты 

жүрді. Сауданың өзінен олар үлкен капитал қорын жинап алды. Сөйтіп, 

қазақ жерінде саудамен әлеуметтік жағдайын көтеріп алған көпестер ірі 

сауда орындарын, баспаханалар ашты.  

Қазақстанның  ірі  қалаларында  татарлардың  сауда  орталықтары, 

яғни, дүкендері ашылып, күнделікті тұтынатын тауарлар сатыла бастады. 

Сондай-ақ,  татар  саудагерлері  ауыл-ауылды  аралап,  қазақтарды  қажетті 

заттармен  қамтамасыз  етіп  отырды.  Әрине,  қазақтар  үшін  жақсы  және 

жаман  жағы  да  болды.    Бір  жағынан,  ауылды  жерлердегі  қазақтардың 

үйге  қажетті  тауар  үшін  қалаға  сабылмауына  жағдай  жасаса,  ал  екінші 

жағынан келсек болмайтын бір зат үшін қаншама малын беруге мәжбүр 

болды.  Татарлар  көп  жағдайда  тауарларын  малға  айырбастаған  немесе 

қарызға  берген.  Қарызын  мерзімінде  өтей  алмағандардың  өсімі  көбейіп 

отырған.   

Сонымен,  татарлардың  қазақ  даласындағы  сауда  барысы  және 

шағын  кәсіпорындар  ашуы  елдің  экономикасының  дамуына,  жұмысшы 

табының  қалыптасуына  алып  келді.  Тауар  өндірісі  мен  ақша 

қатынастарының  өсуіне  себепші  болды.  Ішкі  рынокта  сұраныс  артты. 

Тасымал  сауда  неғұрлым  кеңінен  тарады.  Ел  аралап,  сауда  жасаған 

саудагерлердің  саны  күннен  күнге  өсті.  Сауда  саласының  дамуы 

жәрмеңкелердің  маңызын  арттыра  түсті.  Маусымдық    жәрмеңкелерден 

басқа, Қазақстанға сауда капиталының енуі нәтижесінде өлкеде тұрақты 

дүкендер  мен  көтерме  сауда  орындары  орнықты.  Петропавл,  Семей, 

Омбы, Орал, Орынбор, Павлодар қалаларында жүздеген ірі дүкендер мен 

сауда орталықтары ашылып, Ресей мен Орта Азиядан әкелінген

 

тауарлармен 



сауда жүргізді. Айырбас  саудасымен  бірге ақша

 қатынастары 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет