Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8313
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

 
  
 
 
 
 
 
КӚРСЕТКІШТЕР 
Мотивациялық 
Мазмҧндық 
Іс-әрекеттік 
Физика-техникалық пәндер курсын оқудың 
маңыздылығын тҥсінуі, физика және техникаға 
деген қызығушылық мотиві 
Физика-техникалық пәндер бойынша алған 
теориялық білімі және физика-техникалық 
пәндер бойынша алған пәндік білімді меңгеруі 
Физика-техникалық пәндер бойынша 
қалыптасқан танымдық іс-әрекетін, меңгерген 
білімін, шеберлігін пайдалану іскерлігі 
КОМПОНЕНТТЕР
 
ӚЛШЕМДЕР 

 
194 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1.  Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін кредиттік оқыту жҥйесі жағдайында  
қалыптастырудың қҧрылымдық моделі             
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Орманова Ғ.К. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін  кредиттік оқыту жҥйесі жағдайында... 
 
  
Зерттеу  проблемасын  теориялық  талдау  мен  педагогикалық  тәжірибені 
зерттеудің  нәтижесінде  кредиттік  оқыту  жҥйесі  жағдайында  болашақ 
мамандардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру  моделіне сәйкес болашақ 
техника  мамандарының  танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыру  ҥшін  пәнді  оқыту 

195 
 
мақсаты,  мазмҧны,  технологиясына,  танымдық  іс-әрекеттерін  қалыптастыру 
әдістері  мен  қағидаларына  сҥйене  отырып,  тӛмендегідей  педагогикалық 
шарттардың,  яғни  кҥтілетін  нәтижеге  жетуді  қамтамасыз  ететін  сыртқы 
талаптардың,  жҥйелі және кешенді тҥрде орындалуы қажет екендігі анықталды:  
1. Оқу ҥдерісінің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі:  а) материал-
дық-техникалық  базамен  қамтамасыз  етілуі  (оқу  орнының  материалдық-
техникалық  базасының  талапқа  сай  жабдықталуы  (зертханалар,  кітапхана  қоры, 
жабдықталған  аудиториялар,  интерактивті  тақталар,  компьютер,  интернет), 
аудиториялардың пән бойынша әр тҥрлі сабақ тҥрлерін жҥргізуге лайықтылығы 
және  оның  қызметтерінің  студентке  қолайлы  болуы;  оқу  ҥдерісінде 
инновациялық  технологиялардың  қолдануы  (студенттің  тҥрлі  ақпарат  кӛздеріне 
колы  жетуіне  мҥмкіндік  беретін  және  электронды  оқыту  қҧралдарын  қолдануға 
оңтайлы жағдай жасайтын техникалық қҧралдардың жиынтығы); ә) ақпараттық 
тҧрғыда  қамтамасыз  етілуіне  байланысты  шарттар:  барлық  оқу  пәндерінен 
оқу-әдістемелік  және  оқу,  дидактикалық  материалдардың  болуы,  кітапхананың 
қажетті  әдебиеттермен  қамтамасыз  етілуі;  әр  пән  бойынша  білім  алушы  оқу 
курсының  баспа  және  электронды  тҥрде  сипаттамасы  болуы,  студенттердің 
ӛзіндік  жҧмыстың  мазмҧны  мен  ӛткізу  мерзімі,  ӛз  бетімен  игеру    деңгейін 
бақылаудың  формалары  мен  қҧралдары  кӛрсетілген  қажетті  оқу-әдістемелік 
кешенмен, анықтамалық материалдармен, оқулықтармен қамтамасыз етілуі;  
б)  студенттердің  аудиториялық  және  ӛзіндік  жҧмыс  кӛлемінің  бӛліну 
сәйкестілігі:  студенттердің  аудиториядағы  және  ӛзіндік  жҧмысының  кӛлемінің 
дҧрыс ҥйлесімі (санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес 6 сағат аудиториялық, 
3-4 сағат ӛзіндік жҧмыс, барлығы 9-10 сағаттан аспауы тиіс); студенттің барлық 
оқу  пәндерінен  алған  тапсырмалары  мен  СӚЖ  жҥктемесінің  ҥйлесімді,  тиімді 
болуы;  оқытушының  оқытудың  формаларын,  тҥрлерін  оңтайлы  тҥрде  таңдап, 
оның  кҥрделігін  анықтауда  студенттің  уақытын,  орындау  мҥмкіндігін, 
қамтылуын  ескеруі  олардың  танымдық  іс-әрекеттерінің  қалыпасу  нәтижесіне 
ҥлкен  әсер  етеді.  в)  оқу  ҥдерісін  ҧйымдастыруға  қатысатын  адамдарға 
байланысты  шарттар:  ҧйымдастыруға  байланысты  факторлар  (оқу  бӛлімі, 
деканат, кафедраның оқу ҥдерісін ҧйымдастыруы, тҥрлі қызмет бӛлімінің дҧрыс 
тиімді  қызмет  етуі:  мысалы,  сабақ  кестесін  жасайтын  диспетчерлік  қызмет, 
кітапхана,  оқу  корпусындағы  асхана  қызметі  т.б.);  эдвайзерлер  мен 
тьюторлардың дҧрыс таңдалуы, офис регистраторының дҧрыс қызметі; кредиттік 
оқыту негізінде оқу ҥдерісін тиімді ҧйымдастыруға оқытушылардың даяр болуы;  
2.  Әдістемелік  тҧрғыдан  студенттің  танымдық  іс-әрекетін  қалыптас-
тыру  ҥшін  аудиториядағы  және  одан  тыс  ӛзіндік  жҧмыс  тҥрлерінің  дҧрыс 
ҧйымдастырылуы:  пән  бойынша  білім  алушының  ӛзіндік  жҧмысты  орындауға 
қажетті  оқу-әдістемелік  кешенмен,  оқулықтармен,  әдістемелік  қҧралдармен 
қамтамасыз  етілуі;  студенттер ӛзіндік жҧмыс тапсырмаларын орындауы ҥшін  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Орманова Ғ.К. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін  кредиттік оқыту жҥйесі жағдайында... 
 
  
олар  әдістемелік  тҧрғыдан  қамтамасыз  етіліп,  орындалуына  әдістемелік  нҧсқау 
беріліп, типтік міндеттерді шешу ҥлгілері келтіріліп, оқу-әдістемелік әдебиеттер 
кӛрсетілуі  тиіс;  оқу  ҥдерісін,  ӛзіндік  жҧмысты  ҧйымдастыруды  тиімді  қолдану 

 
196 
ҥшін  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  қолданылуы;  пән  тапсырмаларының 
мазмҧны пәнді оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай, келешекте ӛз мамандығында 
қолдануына  жарайтындай,  студенттің  білім  деңгейіне  сәйкес  бірнеше  деңгейге 
лайық  жасалынып,  оны  орындай  алатындай  болуы;  пәннің  мақсаты  мен 
міндеттеріне,  ерекшелігіне,  кҥрделігіне  және  практикалық  сҧранысына, 
студенттің 
 
мамандығына 
сәйкес 
оқытушы 
жаңа 
педагогикалық 
технологияларды,    аудиториядағы  және  одан  тыс  ӛзіндік  жҧмыс  тҥрлерін 
ҧйымдастырудың  әр  алуан  тҥрлері  мен  формаларын,  әдіс-тәсілдерін  тиімді 
қолдануы; студентті ақпаратты іздеуге, интерпретация жасай білуге және талдау 
жасай білуге ҥйрететіндей тапсырмалар жҥйесі жасалуы тиіс. 
3.  Студенттің  оқытушымен  қарым-қатынас  ҥдерісінде  студенттің 
белсенділігін,  ӛздігімен  білім  алуға  ҧмтылысын,  ынтасын,  қызығушылығын 
арттыру  жҧмыстарын  ҧйымдастыру:  іскер  ойындар,  топтық  зерттеу 
жобалары,  пәнаралық  курстық  жҧмыстар  сияқты  ҧйымдасқан  жҧмыс  тҥрлері 
жасалынып,  оқу  ҥдерісіне  ендірілуі  тиіс.  Студент  білімінің  тҥрлі  деңгейлерін 
ескере отырып жасалынған  тапсырмалар студенттерді ойлауға, талдауға, мақсат 
қоя  білуге,  оның  шешімін  таба  білуге,  шығармашылық  жҧмыс  жасауға 
ынталандыратындай  болуы  қажет.  Оқу  ҥдерісінің  тиімділігін  және  оны 
орындауға студенттің ынталылығын арттыруда дидактикалық қҧралдарды, жаңа 
ақпараттық  технологияларды,  телекоммуникацияларды  қолданудың  танымдық 
іс-әрекетті қалыптастырудағы маңызы зор.  
4.  Студенттің пәнге қызығу мотивациясы: физика-техникалық  пәндер бо-
йынша танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың психологиялық шарттары; «Оқы-
тушы-студент»  арақатынасында  ӛзара  тҥсіністіктің  болуы;  «студент-оқытушы» 
кері  байланысының  жҥйесі  жасалып,  ендірілуі;  оқытушының  ӛз  пәнін  оқытуға 
кәсіби  қҧзыреттілігі;  студенттің  оқуына  оң  мотивация  туғызу;  студенттің 
демалысы  мен  тҧрмысының  жағдайларын  жақсарту  және  тҥрлі  субъективті 
факторлар.   
5. Оқу ҥдерісін шығармашылық деңгейге кӛтеру мақсатында студентті қа-
жетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету: оқу барысында студент-
тер  кітаппен  жҧмыс  істеуді,  бірнеше  әдебиеттен  керектісін  таңдай  білуді,  тҥрлі 
ақпарат  қӛздерімен  жҧмыс  істеуді  ҥйренуі  тиіс.  Оқу  орнының  кітапханасында 
қажетті  оқу  әдебиеттерінің  қорының,  электрондық  оқу  қҧралдары  мен 
электронды  оқыту  бағдарламаларының  және  қазіргі  таңдағы  бірден-бір  жедел 
ақпарат  кӛздерінің  бірі  Интернеттің  болуы,  оқу  ҥдерісінің  компьютерленуі 
студенттің ӛздігінен білім алуына, ӛзіндік бақылау жасауына, ӛз бетімен ақпарат 
кӛздерімен  жҧмыс  істеуіне,  уақытын  ҥнемдеуіне  жағдай  жасайды.  Сондықтан 
мазмҧнын  динамикалық  тҥрде  ӛзгертуге  және  соңғы  ғылыми  жаңалықтармен 
жаңартуға болатын, әрі қолданысқа икемді, қаржы жағынан тиімді, қазір жаппай 
жасалып,  кеңінен  қолданыс  тауып  жатқан  электрондық  басылымдардың 
студенттердің танымдық іс-әрекетін ӛз бетімен қалыптастырудағы маңызы зор. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Орманова Ғ.К. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін  кредиттік оқыту жҥйесі жағдайында... 
 
  
6.  Студенттің  танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыру  ҥшін  оқу  ҥдерісін, 
аудиториядағы  және  одан  тыс  ӛзіндік  жҧмыс  тҥрлерін  тиімді  ҧйымдастыру 
шараларын  бақылау:  әр  сабақтың  мақсаты  айқын,  тҥсінікті,  оның  кӛлемі  мен 

197 
 
мазмҧны  пәннің  оқу  мақсатына  сай,  студентті  орындауға  ынталандыратындай 
және  оны  орындауға  студенттің  жағдайы  мен  мҥмкіндігі  болуы  тиіс.  Оқу 
тапсырмалары дайын ҥлгі бойынша орындау емес, алған білімді жаңа жағдаятта 
қолдануды, жаңадан ӛздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық 
қабілеттерін  арттыратындай  болуы  қажет.  Студенттердің  ӛзіндік  жҧмыстары 
жҥйелі,  жоспарлы  тҥрде  график  бойынша  жҥруі,  міндетті  тҥрде  бақыланып, 
бағасы қорытынды бағаға кіріп, объективті және айқын болуы керек. 
Оқу  ҥдерісіне  мониторинг  жасауда  кеткен  кемшіліктерді  дер  кезінде 
тҥзетуге,  оқытушы  мен  студент  тҧлғасының  дамуына,  білім  сапасын  арттыруға 
оң  ықпал  етеді.  Ол  ӛзіндік  бақылаумен  бірігіп,  тҧлғалық,  шығармашылық  және 
дамытушылық  сипатта  болуы  және  ол  болашақ  маманның  ӛзіне  қажетті  және 
пайдалы  болуы  тиіс;  оқыту  нәтижесін  бақылау  және  тиімділеу  мониторингінде 
ақпараттық  тестілеу  технологиялары,  рейтинг  бақылаулар,  коллоквиум  және 
бақылаудың басқа тҥрлері орнымен қолдануы тиіс.  
Кредиттік оқыту жҥйесі жағдайында оқу ҥдерісін ҧйымдастыру мәселесінің 
педагогикалық  теория  мен  практикадағы  жағдайы  осы  мәселені  зерттеуге 
теориялық  негіз  болған  алғышарттарды  анықтауға  мҥмкіндік  берді.  Болон 
ҥдерісіне  қосылу  еліміздің  ҧлттық  білім  беру  жҥйесінде  тҥбегейлі  ӛзгерістер 
жасауға  әкелді,  Қазақстандық  білім  берудің  жаңа  мҥмкіндіктері  ашылды. 
Дәстҥрлі  оқыту  формалары  мен  ӛмірдің  талабы  арасындағы  алшақтықты, 
маманның  тиімді  кәсіби  әрекет  жасауына  қажетті  ғылыми  білімнің  кӛлемінің 
ҧдайы  артуы  мен  мамандардың  нақты  даярлануы  арасындағы  сәйкессіздікті 
жоятын және толыққанды білімді қалыптастыруға, ӛздік жҧмыс пен ӛзіндік білім 
алу  дағдыларын  дамытуға  мҥмкіндік  беретін  оқыту  жҥйесінің  қажеттігі 
айқындалды. 
Болашақ  мамандардың  танымдық  іс-әрекетін  кредиттік  оқыту  жҥйесіне  сай 
қалыптастыру  оқу  ҥдерісінің  кредиттік  технология  қағидаларына  негізделіп 
дҧрыс  ҧйымдастырылуына,  педагогикалық  шарттардың  кешенді  және  жҥйелі 
тҥрде орындалуына, білімнің мазмҧны мен сипатына, оқу ҥдерісінің логикасына,  
оның  орындалу  нәтижесіне  оқытушының  қҧзыреттілігі  мен  студенттің 
мотивациясына тікелей тәуелді болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Орманова Г.К. Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін  кредиттік оқыту жҥйесі жағдайында 
қалыптастыру. П.ғ.к. ...дисс. - Тҥркістан, 2010. -Б.45-60. 
2.
 
Беркімбаев  К.М.,  Орманова  Г.К.  Ӛзіндік  жҧмыс  арқылы  болашақ  техника  мамандарының  
танымдық  іс-әрекетін  кредиттік  оқыту  негізінде  қалыптастыру.  //Қазақстанның  ғылыми  әлемі. 
Халықаралық ғылыми журнал. №5, -Б.90-95. Шымкент: 2009.  
3.
 
Омарова Р.С. Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. 
П.ғ.к. ...дисс. - Алматы, 2002. 
4.
 
Орманова  Г.К.  Опыт  использования  современных  технологий  обучения  для  организации 
самостоятельной  работы  по  физике  студентов,  обучающихся  по  кредитной  системе. 
Международная  научно-практическая  конференция  «Аманжоловские  чтения-2007»,  Усть-
Каменогорск, -2007. -С.313-319 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
 
Е.С.АБДРАМАНОВ 
тарих ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 

 
198 
 
ЖАЛПЫ ЕУРОПАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ – АУЫЛДАҒЫ  
ОҚУ-АҒАРТУ ІСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Бiлiм беру жҥйесiнiң дамуы - әлемдегi ӛрлеудiң ең басты қозғаушы кҥшi 
болып  табылады.  Бiлiм  халықтың  ең  ҥлкен  қазынасы  десек,  сол  бiлiмнiң 
бастауы  -  мектеп.  Мектептiң  жастарға  бiлiм  мен  тәрбие  берудегi  негiзгi 
мақсаты  -  олардың  жан-жақты  дамуына  жағдай  жасау,  адамзат  баласының 
қол  жеткiзген  жетiстiктерi  мен  рухани,  мәдени  байлықтарын  жастардың 
бойына 
сiңiру, 
елжандылыққа, 
ҧлтжандылыққа, 
адамгершiлiкке, 
кiшiпейiлдiлiкке,  әлемдiк  мәдениетке  тәрбиелеу,  әрбiр  баланы  таза  жҥректi, 
ӛнер мен ғылымға қҧштар азамат болуға баулу, олардың iшкi рухани әлемiне, 
парасаттылығы  мен  бiлiмдарлығына  ҥңiле  отырып,  егемен  елiмiз  ҥшiн жаңа 
рухтағы азамат даярлау жолына бастама жасау болып табылады. 
Мектеп  жас  ҧрпақты  бар  жақсылыққа,  iзгiлiкке  уағыздайды,  ҧстаздар 
бала  жҥрегiне  адамгершiлiктiң  дәнiн  егедi,  ҧлағат  кӛрсетiп,  ҧлылыққа 
ҥндейдi. Мектеп оқушыға тек белгiлi бiр дәрежеде бiлiм берiп қана қоймай, 
сонымен  қатар  ӛресi  биiк  жеке  тҧлғаны  тәрбиелеуге,  ҧлттық  және  әлемдiк 
мәдениеттi  бойына  сiңiруiне,  адамгершiлiк  қасиетi  мен  дҥниетанымының 
қалыптасуына мҧрындық болады. 
2006/2007-2010/2011  оқу  жылдары  аралығында  Қазақстанның  ауылды 
жерінде мемлекеттік жалпы бiлiм беретiн мектептер саны 40-қа кемiген, оның 
iшiнде  131  бастауыш  мектеп  және  6  негiзгi  мектеп  қысқарған,  ал  орта 
мектептер керiсiнше, 48 санға артқан. 
Бастауыш  және  негізгі  мектептердiң  қысқарып,  орта  мектептердiң 
ауылды  жерде  ӛсуi,  ауыл  балаларының  сапалы  бiлiм  алуына  дҧрыс  кӛңiл 
бӛлiне  бастап  келе  жатқандығының  айғағы  болса  керек.  Алайда,  елiмiздiң 
шалғай  аудандарында  мектеп  жасындағы  14  мың  бала  тҧратын  544  елдi 
мекенде  мектеп  тiптен  жоқ,  соған  қарамастан  шағын  мектептердi  жабу 
науқаны әлi де тоқталар емес. 
Сайып  келгенде,  осы  келеңсіз  жағдайдың  барлығы  жергiлiктi  қазақ 
халқының  аянышты  жай-кҥйiн  барынша  елемеуге  тырысқан  кеңестiк 
тоталитарлық  тәртiптiң  әбестiк  әлеуметтiк-экономикалық  саясатының 
салдары  болып  табылады.  Негізінен  мал  шаруашылығын  кәсіп  еткен 
халқымыз шалғай және халық аз қоныстанған елдi мекендерде тҧруға мәжбҥр 
болды,  қазiр  ол  жерлер  туралы  ―болашағы  жоқ‖  деген  тҥсiнiк  қалыптасып, 
тҧрғылықты халқы жаппай iрi елдi мекендерге кӛшіп жатыр. 
Бҥгінде  еліміздің  бiлiм  беру  саласында  бiрқатар  әлеуметтiк-мәдени 
жаңарулар байқалады. Қазақ жерінде бiлiм беру жҥйесi қалыптасқан кезеңнен 
бастап  ауыл  мектептерi  мен  ондағы  оқушылар  саны  қалаға  қарағанда 
әлдеқайда басым болатын, дегенмен ӛткен  ғасырдың аяғына қарай  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Абдраманов Е.С.
 
Жалпы еуропалық білім беру кеңістігінде - ауылдағы оқу-ағарту ісінің мәселелері 
 
  

199 
 
орын алған қиын-қыстау кезеңде жағдай біршама ӛзгерді. Егер, 1980/81 оқу 
жылының басында ауыл оқушылары қала оқушыларынан 399,9 мыңға артық 
болса, 1989/90 оқу жылы 51,1 мыңға, 1996/97 оқу жылы 10,5 мың балаға ғана 
басым  болды.  1997/98  оқу  жылынан  бастап  елiмiзде  қала  оқушыларының 
саны  алғаш  рет  ауыл  оқушыларынан  бiрден  35,9  мың  балаға  басып  озды. 
1999/2000 оқу жылы бҧл арақатынас 112,1 мың оқушыға жеттi. 
Жағдайдың  былай  ӛрбуін  келесi  оқиғалармен  байланыстыруға  болады. 
Бiрiншiден,  ӛткен  ғасырдың  90-шы  жылдарының  соңына  қарай  қала 
тҧрғындарының  саны  ауыл  тҧрғындарына  қарағанда  едәуiр  артып,  бҥгiнде 
қала  тҧрғындары  елiмiзде  басым  кӛпшiлiктi  қҧрап  отыр;  екiншiден,  бiлiм 
беру  басқармаларының  тiкелей  нҧсқауымен  iске  асырылған  болашағы  жоқ 
ауыл  мектептерiн  ―оңтайландыру‖  бағдарламасы,  сайып  келгенде  ауыл 
мектептерiнiң  санын  қысқартуға  бағытталды.  Осындай  iс-шаралардың 
нәтижесiнде  бастауыш  және  негiзгi  мектептердiң,  әдетте  қазақ  тiлiнде  бiлiм 
беретiн оқу орындарының жабылғаны байқалды. 
Тек,  2007/2008  оқу  жылынан  бастап  ауыл  оқушыларының  саны  қала 
оқушыларына  қарағанда  қайта  арта  бастады.  2010/2011  оқу  жылы  бҧл 
арақатынас  86,3  мың  балаға  жетті.  Мҧның  басты  себебі,  кейінгі  жылдары 
ауыл  шаруашылығын  дамытуға  бағытталған  бірқатар  мемлекеттік 
бағдарламалардың  жемісті  жҥзеге  асуымен,  ауылдың  қайта  жандана 
бастауымен тҥсіндіруге болады. 
Бҥгiнде,  ҧстаздың  кәсіби  деңгейi,  оның  білімі  мен  біліктілігі, 
шығармашылық  еңбекке қатысы  маңызды  рӛл атқарады.  Оқушының  рухани 
әлемi  мен  қоршаған  ортаға  кӛзқарасының  қалай  қалыптасатыны  тiкелей 
ҧстазға  байланысты,  себебi  ол  жанама  тҥрде  болса  да  ауыл  жастары  мен 
жалпы  ауыл  тҧрғындарының  әлеуметтiк-мәдени  дамуына  әсер  етедi.  Қазiргi 
кезде ауыл мҧғалiмдерiнiң басым кӛпшiлiгi жоғары бiлiмдi мамандар. 2000/01 
оқу  жылы  ауыл  мектептерiнде  дәрiс  берiп  жҥрген  152410  ҧстаздың  98095-i, 
яғни 64,4

 жоғары бiлiмдi мҧғалiмдер екенi анықталды. 
Дегенмен,  бҧқаралық  ақпарат  қҧралдарында  ауыл  мҧғалiмдерiнiң 
сапалық деңгейі мен олардың ӛз уақытында тиiсiнше бiлiктiлiгiн жетiлдiрмей 
жҥре  беретiнiне  қатысты  кӛптеген  сыни  мақалалар  жарық  кӛруде.  Мәселен, 
―Оңтҥстiк  Қазақстан‖  газетiнiң  тiлшiсi  Сабырбек  Олжабай

  ―Республикалық 
пән  олимпиадаларында  жҥлделi  болып,  мерейi  ҥстем  болған  ауыл 
оқушыларымыз  саусақпен  санарлық  қана.  Аудандарда  бiлiм  беру  жҥйесi 
ойдағыдай  жҧмыс  iстемейдi.  Мҧғалiмдер  жан-жақты  iзденбейдi.  Ескi, 
кӛнерген,  қолданудан  әлдеқайда  қалып  қойған  әдiстемелiк  нҧсқаулармен 
жҧмыс  iстеуде,‖  -  деп  жазады.  Тӛлеби  аудандық  бiлiм  бӛлiмi  әдiстемелiк 
кабинетiнiң  меңгерушiсi  Жақсыбай  Ҥсенов  керiсiнше,  ауыл  мҧғалiмдерiн 
арашалап

  ―Мҧғалiмнiң  жҧмысын  бҧрын-соңды  болмаған  дәрежеге  дейiн 
қиындатып жiбердi.  Мектептегi  баланың  тәртiбi, оның  сабаққа   қатысуына  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Абдраманов Е.С.
 
Жалпы еуропалық білім беру кеңістігінде - ауылдағы оқу-ағарту ісінің мәселелері 

 
200 
 
  
мҧғалiм  жауап  бередi.  Осындай  қосымша  жҧмыстар  мҧғалiмнiң 
шығармашылықпен айналысуына кедергi келтiрiп отыр,‖ - деп қынжылады. 
Бҥгiнде,  ауылдық  халыққа  бiлiм  беру  мекемелерiнiң  материалдық-
техникалық  жағдайы  сын  кӛтермейді.  Оңтҥстiк  Қазақстан  облысында 
мектептердiң  60

  типтiк  емес  жобада  салынған  ғимараттарда  орналасқан, 
оның  2

  апатты  жағдайда  тҧр.  Бiрқатар  мектептерде  жылу  жҥйесi,  су 
қҧбыры,  сыртқа  су  шығаратын  қҧбырлар  жҥйесi,  спорт  кешендерi,  еңбек 
шеберханасы  мен  оқушылар  асханасы  салынбаған.  Оңтҥстiк  Қазақстан 
облысының  ауылды  жерiнде  тҧратын  оқушылардың  37,4

  және  Жамбыл 
облысындағы  ауыл  оқушыларының  31,6

  екiншi  және  ҥшiншi  ауысымда 
оқуға мәжбҥр. 
Ауыл мектептерiнде оқу сапасы мен оқушылардың бiлiм деңгейi бҥгiнгi 
кҥннiң талабына сай келе бермейді. Оңтҥстiк Қазақстан облыстық бiлiм беру 
департаментi  бастығының  орынбасары  Рахима  Қожамжарова

  ―Мектептерге 
лицензия  берудi  нақты  ереже  бойынша  ӛткiзетiн  болсақ,  облыстағы  934 
мектептiң бiрде-бiреуiне лицензия берiлмес едi, ӛйткенi бiздiң мектептерiмiз 
оның талаптарына сай емес,‖ - деп мәлiмдеме жасады. 
Бiлiм беру мекемелерiнiң негiзгi материалдық-техникалық базасы ӛткен 
ғасырдың  1950-80  жылдары  жасақталғанын  ескерсек,  бҥгiнде  олар  қайта 
жаңартуды  немесе  кешендi  жӛндеудi  қажет  етедi.  Ауыл  мектептерінде 
лабораториялық заттар мен оқу-кӛрнекi қҧралдары әбден ескiрген. Дегенмен, 
кейінгі жылдары бҧл мәселені шешу ҥшін мемлекет тарапынан «100 мектеп, 
100 аурухана» бағдарламасы қолға алынып, оның аясында бірқатар жҧмыстар 
атқарылды. 
Орта мектептегi келеңсiздiктiң едәуір бӛлігі материалдық жетiмсiздiктен 
туындайды.  Қашан  да  жасампаздықтың  жаршысы  ретiнде  бағаланатын 
мҧғалiм  еңбегiн  бағалаудың  кҥрт  тӛмендеуi,  олардың  жаңа  экономикалық 
қатынастар  жағдайында  әлеуметтiк  мәртебесiнiң  қҧнсыздануы,  оқушыға 
сапалы бiлiм беруiне кеселiн тигiзбей қоймады. 
Қалай  десек  те,  ел  келешегi  саналатын  жас  ҧрпаққа  бiлiм  беру  iсiндегi 
кӛп  тҥйткiлдi  уақыт  оздыра  бермей  шешудi  ӛмiр  талабы  алға  тартып  отыр. 
Ендеше,  ауыл  мектептерiндегi  оқу-әдiстемелiк  жҧмыстарды  тҥбiрiмен 
жаңарту,  оқытудың  жаңа  технологиясын  оқу  процесiне  енгiзу,  оқытудың 
жаңа  әдiстемелерi  негiзiнде  дайындалған,  мектеп  оқушыларына  және 
мҧғалiмдерге  арналған  жаңа  типтегi  оқулықтар  мен  оқу  қҧралдарын  сапалы 
әзiрлеп, уақыт кҥттiрмей оқу бағдарламасына ендiру қажет. 
Елiмiздегi  негiзгi  жҧмысшы  тапты  ауыл  шаруашылығы  саласында 
жҧмыс  iстейтiн  еңбекшi-шаруалар  тобы  қҧрайды.  Республиканың  ауылды 
жерiндегi  ауыл  қожалықтарына  қажеттi  жҧмысшы  мамандарды,  негiзiнен, 
аудан орталықтарында орын тепкен бастапқы кәсiптiк бiлiм беру мекемелері 
қамтамасыз етедi. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Абдраманов Е.С.
 
Жалпы еуропалық білім беру кеңістігінде - ауылдағы оқу-ағарту ісінің мәселелері 

201 
 
 
 
 
Республиканың  ауылды  жерiнде  ең  алғашқы  кәсiптiк-техникалық  оқу 
орындары  ӛткен  ғасырдың  50-шы  жылдары  пайда  болды.  Ол  кезде,  олар 
бiрнеше мамандық бойынша ғана мамандар даярлайтын. Уақыт ӛте келе бҧл 
оқу  орындарының  саны  да,  ондағы  оқушылардың  қатары  да  айтарлықтай 
толысты. Қазiргi кезде Оңтҥстiк Қазақстан облысында 8718 баланы қамтыған 
21  және  Жамбыл  облысында  1,9  мың  баланы  қамтыған  17  кәсiптiк-
техникалық оқу орындары бар. Айта кететiн бiр нәрсе, бҧл оқу орындарының 
басым  кӛпшiлiгi  аудан  орталықтары  мен  халықтардың  тығыз  қоныстанған 
елдi  мекендерiнде  орналасқан.  Олар  халық  шаруашылығы  саласына  қажеттi 
46 мамандық бойынша жҧмысшыларды даярлап жатыр. 
Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру iсiнде қазiргi заманғы жаңа қҧралдарды 
қолдану  ҥлкен  рӛл  атқаратыны  тҥсiнiктi.  Бiрақ  бҧл  оқу  орындарының 
материалдық-техникалық  қамтамасыз  етiлуi  заман  талабына  сай  еместiгi 
байқалады. Кейбір колледждерде осы уақытқа дейiн ӛткен ғасыр басындағы 
технологияларға сҥйене отырып дәрiс беретіні жасырын емес. 
Ӛкiнiшке  орай,  кәсiптiк-техникалық  оқу  орындары  жҧмысшы 
мамандарды  ӛнеркәсiп  мекемелерiнiң  сҧранысын  ескермей  дайындайды. 
Олар  әзiрлеп  жатқан  жҧмысшылар  осыдан  он-жиырма  жыл  бҧрын 
дайындаған мамандықтары бойынша оқытылып жҥр, ал қазiргi заман талабы 
мамандарды  ауыл  шаруашылығы  саласында  жаңа  ғылыми-техникалық 
прогреске сәйкес оқытуды қажет етедi. 
Сонымен, елiмiзде берiлетiн бiлiм деңгейiн әлемдегi ӛркениеттi, алдыңғы 
қатарлы дамыған елдерде қабылданған стандарттарға сәйкестендiрiп, сапалы 
бiлiм  мен  саналы  тәрбие  беруге  кӛшу  уақыт  кҥттiрмейтiн  iс.  Бiлiм  беру 
жҥйесiн жетiлдiру, жалпы бiлiм беретiн мектеп пен кәсiптiк-техникалық оқу 
орындарының  санын  арттыру,  ауыл  мәдениетiн  дамытудың  ең  басты 
қозғаушы кҥшi болмақ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет