Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012



Pdf көрінісі
бет29/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8313
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Орманова Ғ.К., Фазилова А. Кредиттік оқыту жҥйесінің болашақ мамандарды даярлаудағы мҥмкіндіктері 
 
 
 
бҥкіл Еуропада танылатын білім туралы бірыңғай қҧжаттың болуын, студенттер 
мен оқытушылардың  басқа ел және оқу орнына ауысуына мҥмкіндік берілуі деп 
анықтаса,  қарсылары  ӛз  білім  жҥйелерінің  негіздерінен  айырылып  қаламыз  деп 
қауіптенеді.  
Кезкелген  шетелдік  білім  беру  ҥлгісін  қандай  болса  да  сол  қалпында 
ӛзгеріссіз  қолдануға  болмайды.  Кезкелген  мемлекеттің,  ҧлттық  білім  беру 
жҥйесінің  ӛзіндік  менталитеті  бар,  білім  беру  жҥйесінің  жинақталған  озық 
тәжірибесі,  педагогикасындағы  қалыптасқан  дәстҥрлері  мен  ҧстанымдары  бар. 
Отандық педагогикада басты орынға тҧлғаны, оны жан-жақты дамыту, жас және 
жеке  бас  ерекшеліктерін  ескеруді,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуды 
қояды. Білім беруде басты назар тек жоғары білікті мамандарды дайындауға ғана 
емес, адамгершілігі жоғары, ізгілікті тҧлғаны қалыптастырумен қатар қойылады. 
Шетел  университеттерінде  кӛп  жыл  еңбек  еткен  ғалымдар  ондағы  білім 
жҥйесімен  салыстыра  келе,  отандық  университеттік  білімнің  артықшылықтары 
ретінде бізде іргелі білім беруге баса кӛңіл бӛлінетінін, кең профильді мамандар 
даярланатынын да атап ӛтеді. 
Ресей  зерттеушілерінің  пікірінше,  Болон  ҥдерісі  жаһанданудың  белгісі 
болғандықтан,  Ресей  оның  мҥмкіндіктері  мен  ауқымды  келешегіне  мҥдделі 
болып отыр.  Болон  ҥдерісіне  бейімделу  жоғары  білім  беруді жетілдіруге,  Ресей 
мен  Еуроодақ  арасындағы  ықпалдасуды  кҥшейтеді.  Бҧл  ҥдеріске  қарсы  тҧру 
стагнация мен оқшаулануға әкеп соғады. Білім беру саласын жетілдіруде ҧлттық 
білім берудегі дәстҥрлерді сақтай отырып, екі жақты мҥддені де ескеру қажет деп 
санайды. 
 Болон  ҥдерісіне  қатысты  әр  алуан  пікірлерді,  еңбектерді  талдай  келе, 
мынандай  қорытынды  жасауға  болады:  жаһандану  жағдайында  Болон  ҥдерісі  – 
объективті қажеттілік және Еуроодақпен ықпалдасудың нақты жолы.  Сондықтан 
қоғамның  маңызды  бір  жҥйесі  болып  табылатын  жоғары  білім  жҥйесінің 
реформасы  алдын  ала  жан-жақты  және  тыңғылықты  тҥрде  зерттеліп,  ғылыми 
негіздемеге  жҥйелі  тҥрде  сҥйеніп,  шетелдік  тәжірибені  талдап,  отандық  білім 
берудің іргелі қҧндылықтарын сақтай отырып дайындалуы тиіс. 
Болон  декларациясының  негізгі  міндеттерінде  айтылған  мақсаттарға  жету 
ҥшін  оның  тетіктері  ретінде  кредиттік  жҥйеге,  еуропалық  сынақ  ауыстыру 
жҥйесіне  (ECTS)  және  жалпыеуропалық  дипломдардың  Қосымшасына  ерекше 
мән  беріледі.  Бҧл  тетіктердің  ҧлттық  және  халықаралық  деңгейлерде  ендірілуі 
мен қолданылуы ашық жалпыеуропалық білім беру кеңістігін қалыптастырудың 

 
236 
тиімді  тәсілі  болып  табылады.  Жоғары  кәсіптік  білім  беру  әлемнің  алдыңғы 
қатарлы елдерінде білім берудің бағдарламаларын игеруді бағалаудың кредиттік 
жҥйесін қолдануға негізделген [6].  
Кредиттік  оқыту  жҥйесінің  негізгі  ерекшелігі  –  жеке  пәндер  бойынша 
студенттер  мен  оқытушылардың  еңбегін  бағалау  ҥшін  сынақ  бірлігінің  (немесе 
кредиттер жҥйесінің) енгізілуі. Ал оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау 
ҥшін міндетті тҥрде балдық-рейтингілік жҥйе қолданылады. 
Кредиттік  оқыту  жҥйесі  –  ерекшелену,  білім  беру  траекториясының 
таңдамалылығы және  білім  ауқымын  кредиттер  тҥрінде есепке алу негізінде ӛз  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Орманова Ғ.К., Фазилова А. Кредиттік оқыту жҥйесінің болашақ мамандарды даярлаудағы мҥмкіндіктері 
 
 
 
бетінше  білім  алу  және  білімді  шығармашылықпен  игеру  деңгейін  арттыруға 
бағытталған білім беру жҥйесі. 
Кредиттік оқыту технологиясы пән сабақтарын жекелей жоспарлау негізінде 
ӛздігінен  білім  алудың  және  ерекшелену  арқылы  білімді  шығармашылықпен 
игеру арқылы оқу ҥдерісін ҧйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол 
әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, сапалы білім беру арқылы 
біліктілігі  жоғары  және  еңбек  нарығында  бәсекелестікке  кезкелген  жағдайда  
дайын мамандарды даярлауға мҥмкіндік береді.  
Бәсекеге  қабілетті  мамандарды  дайындау  ӛлшемінің  кӛрсеткіштері  жоғары 
оқу  орны  тҥлегінің  динамикалық  ӛзгеретін  ортаға  тез  бейімделе  алуы,  тҥлектің 
жаңа  мамандықтарды  меңгеруге  уақыт  пен  кҥш  шығармай  еңбек  ете  алатын 
сабақтас  салалардың  саны,  дҧрыс  басқару  шешімдерін  қабылдау  қабілеті  және 
жҥйелі тҥрде басқару дағдысының болуымен анықталады. 
Қазақстанның жоғары оқу орындарында кредиттік жҥйенің ендірілуі әлемдік 
білім  беру  саласындағы  беталыстарды  ескеруді,  шет  елдердегі  бҧл  жҥйенің 
тәжірибесін зерттеуді және жинақтауды қажет етеді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тҧжырымдамасы  //Жоғары 
мектеп. – 2004. № 1. Б. 5-8. 
2.
 
Конвенция о признании квалификаций, относящихся к высшему образованию в европейском регионе. 
Лиссабон, Португалия, 11.04.1997 год // www.rc.edu.ru. 
3.
 
Зона  европейского  высшего  образования.  Совместное  заявление  европейских  министров 
образования. Болонья, Италия, 19 июня 1999 г. //www.bologna.ru. 
4.
 
Қазақстан Республикасының «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы» 
Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы. № 202-1. 13.12.1997 ж.  
5.
 
Кулекеев Ж.А., Пивень Г.Г., Нургужин М.Р., Каланова Ш.М., Падиарова И.П. Системы менеджмента 
качества  организаций  высшего  профессионального  образования.  Теория  и  практика.  –  Караганда: 
Издательство КарГТУ, 2004. – 356 с. 
6.
 
Орманова  Г.К.  Болашақ  мамандардың  танымдық  іс-әрекетін    кредиттік  оқыту  жҥйесі  жағдайында 
қалыптастыру. П.ғ.к. ...дисс. - Тҥркістан, 2010. -Б.45-60. 
 
 
 
 
 
 

237 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
 
Ә.Х.САРЫБАЕВА 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент   
 
И.Б.УСЕМБАЕВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы 
 
Ф.МЫҢБАЕВА  
№1 А.Байтҧрсынов атындағы орта мектеп мҧғалімі (Тҥркістан) 
 
«МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА» КУРСЫНАН  ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында    «Әлемнің  алдыңғы  қатарлы  елдерінде 
жоғары  және жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  жҥйесінің  дамуын талдау, 
онда  кредиттік білім беру жҥйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың ҥш сатылы 
моделінің  кең  тарағанын  кӛрсетеді.  Оқу  ҥдерісін  ҧйымдастырудың  дәстҥрлі 
жҥйесінің  орнына  оқытудың  кредиттік  жҥйесі  енгізіледі,  ол  оқитындардың  ӛз 
бетінше белсенді жҧмыс істеуін ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың 
болуын, ҧтқырлығын, бакалаврлардың, магистранттардың және докторанттардың 
академиялық  еркіндігінің  ҥлкен  дәрежесін  қамтамасыз  етеді,  білім  туралы 
қҧжаттардың  әлемдік  білім  беру  кеңістігінде  танылуына  әсер  етеді»  делінген. 
Болашақ  мҧғалімдерді  ҥш  сатылы  модель  жағдайында  кредиттік  оқыту  жҥйесі 
негізінде  дайындау  –  оқу  ҥдерісіне  жаңа  ақпараттық  технологияларды  кеңінен 
қолдану,  білім  беру  бағдарламаларына  сәйкес  электрондық  оқулық 
басылымдарымен қамтамасыз етуді талап етеді.  
Қазіргі  уақытта  кредиттік  оқыту  жҥйесінің  ережесіне  сәйкес  «оқу 
сабақтарының  басым  бӛлігі  белсенді  шығармашылық  нысанда  жҥргізілуі  тиіс 
(кейс-стади,  іскер  ойындар,  тренингтер,  диспуттар,  дӛңгелек  ҥстелдер, 
семинарлар)» [1.  
Кредиттік  оқыту  технологиясында  студенттердің  шығармашылық  бағытта, 
ӛзіндік  жҧмыстарын  орындауда  пән  саласы  бойынша  даярланған  электрондық 
оқулықтарды қолданудың ерекше маңызы бар. 
Сонымен  қатар,  болашақ  физика  мҧғалімдерінің  кредиттік  жҥйе  бойынша 
білімдерін  бақылау  мен  бағалау  рейтингілік  жҥйеде  іске  асатындықтан 
аудиториялық, практикалық, зертханалық сабақтарда студент тек белсенді тҥрде 

 
238 
қатысуы  арқылы  ғана  тиісті  бағаға  (балға)  жетеді.  Мысалы,  «Молекулалық 
физика»  пәнін  оқытуда  осы  пәннен  дайындалған    электрондық  оқулықты  
пайдаланудың тиімділігі байқалды. Электрондық оқулықты пайдаланып, студент 
кез  келген  уақытта  сабаққа  дайындала  алады.  Сонымен  қатар,  зертханалық 
жҧмыстарды  орындау  барысында  да  біздің  арнайы  зертханалардағы 
компьютердегі  виртуальдық  зертханалардың  да  кӛмегімен  орындай  алады. 
ОБСӚЖ  оқытушы  мен    студенттің    бірге    орындайтын  жҧмысы  болғандықтан 
оны  ӛткізу  формасын  оқытушы  ӛзі  таңдайды  оны:  тренинг,  дискуссия,  іскерлік 
немесе  дидактикалық  ойындар,  миға  шабуыл,  кейс  қҧрастыру,  топ  болып 
сҧрақтарға талдау жасау арқылы ӛткізген тиімді.  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Сарыбаева Ә.Х., Усембаева И.Б., Мыңбаева Ф. «Молекулалық физика» курсынан  электрондық оқулықты... 
 
 
 
Сонымен, қорыта айтқанда, бҧл кӛрсеткіштер  жаңа жҥйенің біз кӛре білген  
тиімді жақтары. Олар: 

 студенттің ӛз еркімен, ӛз бетінше ізденуі;  

 студент қолында силлабустың болуы;  

 бағалауда студенттің кҥнделікті сҧралатыны, яғни оның әркез белсенділігі; 

  болашақ  мамандығына  қажетті  пәндердің  негізгілерін  студенттің  ӛзі 
таңдауы, яғни қалауы бойынша оқуы. 
Мҧнымен  жаңа  технологияны  толық  меңгердік  деп  айтуға  болмайды. 
Болашақта  жоғары  оқу  орыны  тҧтас  осы  жҥйеге  кӛшетін  болса,  біздегі  оқу- 
материалдық,  техникалық  базаның  жеткіліксіздігін  айта  кету  керек.  Ал  біздің 
студенттерімізге де білім кеңістігіндегі іргелі елдердің студенттерімен тең тҥсуі 
ҥшін, бізге әлі де оқу-әдістемелік тҧрғыдан ҥлкен дайындықтар қажет.  
Сонымен, оқу ҥрдісінің тиімділігін арттыру ҥшін, дәстҥрлі  және кредиттік  
оқыту жҥйесінде электрондық оқулықтарды пайдалану қажет. 
Электронды 
оқулықтың 
бір 
артықшылығы, 
студент 
компьютер 
лабораториясында  сабақтан  тыс  уақытта  жҧмыс  істей  алады  немесе  ҥйінде  ӛз 
компьютерінде  дайындала  алады.  Қажет  болған  кезде,  студент  ӛзінің  жеке 
жоспары бойынша оқытушының бақылауымен жҧмыс істеуіне болады. 
Сонымен,  оқу  ҥрдісінің  тиімділігін  арттыру  ҥшін,  кредиттік  оқыту 
жҥйесінде электрондық оқулықтарды пайдалану қажет. 
Электронды 
оқулықтың 
бір 
артықшылығы, 
студент 
компьютер 
лабораториясында  сабақтан  тыс  уақытта  жҧмыс  істей  алады  немесе  ҥйінде  ӛз 
компьютерінде  дайындала  алады.  Қажет  болған  кезде,  студент  ӛзінің  жеке 
жоспары бойынша оқытушының бақылауымен жҧмыс істеуіне болады. 
Электрондық  оқулықты  пайдалану  болашақ  мҧғалімдердің  кәсіби 
даярлығын және оқу ҥдерісін жетілдіруде міндетті компоненті болып табылады. 
Сондықтан да кез келген деңгейдегі білім беруде мҧғалім даярлау ҥшін олардың 
болашақ кәсіби әрекетінде   электрондық оқулықты қолдану қажет.  
Электрондық 
оқулықтармен 
оқыту, 
оларды 
жетілдіруге 
қажетті 
жағдайларды қҧру, ӛңдеу және ендіру, жаңаны дәстҥрлі әдіспен  қиылыстырудың 
жолдарын іздеу  психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік  проблемаларды 
шешуді талап етеді. Оларды әр тҥрлі бағыттар қатарында ажыратуға болады: 

  оқу  ҥдерісіне  электрондық  оқулықты  ендіру  проблемасын  шешу  ҥшін 

239 
 
бірыңғай ғылыми-әдістемелік комплексті жетілдіру

 практикалық іс-әрекетте электрондық оқулықты пайдаланудың әдістемесін 
жасау;    

  электрондық  оқулықпен  оқытатын  болашақ  мҧғалімдерді  даярлау  және 
оны оқу процесіне ендіру

 жоғары оқу орындарын материалдық-техникалық жабдықтау; 

 қажетті әдістемелік қамтамасыздандыруды іздеу,  ӛңдеу және қҧру. 
Осыған орай, студенттерге «Молекулалық физика» 
бӛлімі тарауларындағы
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Сарыбаева Ә.Х., Усембаева И.Б., Мыңбаева Ф. «Молекулалық физика» курсынан  электрондық оқулықты... 
 
 
 
қҧбылыстар мен процестерді компьютерді пайдаланып оқыту ҥшін электрондық 
оқулық жасақтадық. 
Біз  жасаған  электрондық  оқулықты  тиімді  пайдаланудың  жолдарын 
мынадай тақырыптарды оқытудын байқауға болады. 
Термодинамиканың  бірінші  бастамасы және оны изопроцестерге қолдану.  
Экрандағы кӛріністе ішкі энергия негізінен екі тҥрлі процестің:  дененің  А 
жҧмыс  істеуі  мен  денеге  берілген    Q  жылу  мӛлшерінің  есебінен  ӛзгере  алады. 
Жҧмыс істеу системаға әсер етуші сыртқы денелердің орын ауыстыруымен қоса 
жҥреді.    Осыған  орай  монитордағы  динамикалық  компьютерлік  модельдерден 
термодинамиканың  бірінші  бастамасын  изохоралық,  изобаралық,  изотермалық, 
адиабаталық процестердің ӛту қҧбылыстарын нақты кӛрсетіп, тҥсіндіруге болады 
(1,2,3,4-суреттер). 
Ішкі  энергия  негізінен  екі  тҥрлі  процестің:    дененің   
A
  жҧмыс  істеуі  мен 
денеге  берілген    Q  жылу  мӛлшерінің  есебінен  ӛзгере  алады.  Жҧмыс  істеу 
системаға  әсер  етуші  сыртқы  денелердің  орын  ауыстыруымен  қоса  жҥреді.  
Мәселен,    ыдыстағы  газды  жауып  тҧрған  поршень  орын  ауыстыра  отырып 
қозғалған  кезде  газ    А    жҧмыс  істеді.  Ньютонның  ҥшінші  заңы  бойынша  бҧл 
кезде газ да жҧмыс жасайды: 
'
A
A


 
Денеге  жылу  беру  сыртқы  денелердің  орын  ауыстыруымен  тәуелді  емес, 
демек,    денеге  жасалған  микроскопиялық  (яғни,  денені  қҧрайтын  барлық 
молекулаларға  қатысты)  жҧмысқа  да  тәуелді  емес.  Ішкі  энергияның  бҧл 
жағдайдағы  ӛзгерісі  ыстығырақ  дененің  жеке  молекулаларының  салқынырақ 
дененің  молекулаларына  қарсы  істеген  жҧмысының  әсерінен  болады.  Бҧл 
жағдайда  энергия  сәуле  шығару  арқылы  да  беріле  алады.  Бір  денеден  екінші 
денеге энергияның берілуіне  әкелетін  микроскопиялық  (яғни тҥгел  денені  емес, 
тек  оның  жеке  молекулаларын  ғана  қамтитын  )  процестердің  жиынтығы  жылу 
берілу деп аталады. 
Бір  дененің  екінші  денеге  беретін  энергия  мӛлшерінің  дененің  бір-біріне 
істететін 
A
  жҧмысы  арқылы  анықталатыны  тәрізді,  бір  денеден  екінші  денеге 
жылу  берілу  арқылы  берілетін  энергия  мӛлшері,    дененің  алатын   
Q
  жылу 
мӛлшері  арқылы  анықталады.  Сонымен,  системаның  ішкі  энергиясының 
ӛсімшесі  системаға  істелген 
'
A
  жҧмыс  пен  системаға  берілген  жылудың 
қосындысына тең, системаға берілген жылудың қосындысына тең болуы тиіс:  

 
240 
'
1
2
A
Q
U
U



.                    (5) 
Мҧндағы 
1
U
және 

2
U
системаның  ішкі  энергиясының  бастапқы  және 
ақырғы  мәндері. 
Әдетте,  сыртқы  денелердің  системаға  істелген 
A
  жҧмысының    орнына 
системаның  сыртқы  денелерге  істеген 
A
(-
'
A
жҧмысқа  тең)  жҧмысын  алады. 
'
A
орнына  -
A
-  ны  қойып  және  де  (5)-  теңдеуді 
Q
-ға  қатысты  шешіп,                  
A
U
U
Q



1
2
    (6) тҥрге келтіруге болады. (6) теңдеуі  энергияның  сақталу  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Сарыбаева Ә.Х., Усембаева И.Б., Мыңбаева Ф. «Молекулалық физика» курсынан  электрондық оқулықты... 
 
 
 
заңын  ӛрнектейді,  әрі  термодинамикалың  бірінші  заңының  (бастамасының) 
мазмҧны  болып  табылады.  Оны  сӛзбен  тӛмендегіше  айтуға  болады:  системаға 
берілген  жылу  мӛлшері  системаның  ішкі  энергиясының  ӛсімшесіне  және 
системаның сыртқы денелерде атқаратын жҧмысына жҧмсалады. 
Бҧл  айтылғаннан,    жылу  берілген  кезде  әрқашан  да  системаның  ішкі 
энергиясы артады екен деп тҥсінуге болмайды. Системаға жылу берілгенмен де 
оның  энергиясы  артпай,    кемуі  мҥмкін  (
1
2
U
U

).  Бҧл  жағдайда  (6)  бойынша 
Q
A

немесе  система  жҧмысты  алынған 
Q
  жылу  есебінен  де,  кеміуі 


2
1
U
U
ге тең ішкі энергияның қоры есебінен де істеуі мҥмкін. Сондай-ақ (6) 
теңдеудегі 
Q
  мен 
A
  шамаларының  алгебралық  екендігін  ескеру  керек 
(
0

Q
системаның жылу алмай, жылуды беретіндігін білдіреді). 
(6)  теңдеуден  жылу  мӛлшерінің  жҧмыс  немесе  энергия  ӛлшенетін 
бірліктермен ӛлшенетіндігін кӛруге болады. СИ системасында жылу мӛлшерінің 
бірлігі – джоуль болып табылады. 
Системаның істеген жҧмысын немесе системаның алған жылуын есептеген 
кезде  қарастырылып  отырған  процесті  әдетте  әрқайсысы  системаның 
параметрлерінің  азғантай  ғана  (шектік  жағдайда  шексіз  аз  шамаға  )  ӛзгеруіне 
сәйкес келетін бірнеше жай элементар процестерге бӛлуге тура келеді.  (6)теңдеуі 
элементар  процесс  ҥшін 
A
U
Q
'
'





    (7)
  тҥрінде  жазылады,    мҧндағы 


Q
'
элементар  жылу  мӛлшері,   
'
A

-  элементар  жҧмыс  және 
U

-  осы 
элементар процесс кезіндегі системаның ішкі энергиясының ӛсімшесі. 
 


Q
'
және 


A
'
ны 
Q
және 
A
шамаларының  ӛсімшесі  ретінде  санауға 
болмайтындығын  ескерген  жӛн.  Бір  кҥйден  екінші  кҥйге  ӛтуге  сәйкес  келетін 
f


 системаның ӛту жолына тәуелсіз болатын, яғни 
f
шамасы кҥй функциясы 
болатын жағдайда элементар процеске сәйкес келетін қандай да бір шамасын осы 
шаманың  ӛсімшесі  деп  қарауға  болады.  Кҥй  функциясын  айтқанда  оның  әрбір 
кҥйдегі  «қоры»  жайында  айтуға  болады.  Мәселен,    әр  тҥрлі  кҥй 
жағдайларындағы системаның ішкі энергиясының қоры жайында айтуға болады. 
Алда  кӛретініміздей,  системаның  істеген  жҧмысы  мен  системаның  алған 
жылу  мӛлшерінің  шамасы  системаның  бір  кҥйден  екінші  кҥйге  ӛту  жолына 
тәуелді  болады.  Демек, 
Q
  да, 
A
  да  кҥй  функциясы  емес,  сондықтан  да 

241 
 
системаның әр тҥрлі кҥй жағдайларындағы жылуының немесе жҧмысының қоры 
жайлы айтуға болмайды.  
Сонымен, 
A
және 
Q
  шамаларының  алдындағы 

символы 
U
шамасының 
алдындағы 

символынан  басқаша  мағына  береді.  Осы  жағдайды  баса  кӛрсету 
ҥшін,  бірінші  жағдайдағы 

штрихпен  белгіленеді.
U

  символы  ішкі 
энергияның  ӛсімшесін  білдіреді,  ал 
Q
'

 
және   
A
'

  символдары  жылу  мен 
жҧмыстың ӛсімшесі емес, элементар жылу және элементар жҧмыс мӛлшерлерін 
білдіреді [2]. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Сарыбаева Ә.Х., Усембаева И.Б., Мыңбаева Ф. «Молекулалық физика» курсынан  электрондық оқулықты... 
 
 
 
       
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. Изохоралық процестің монитордағы кӛрінісі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет. Изотермиялық процестің  кӛрінісі 
 
 
 
 
3-сурет. Изобаралық процестің монитордағы кӛрінісі 
 

 
242 
 
4-сурет. Адиабаталық процестің экрандағы кӛрінісі 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Сарыбаева Ә.Х., Усембаева И.Б., Мыңбаева Ф. «Молекулалық физика» курсынан  электрондық оқулықты... 
 
 
 
Сабақ 
кезінде 
электрондық 
оқулықтарды 
қолдану 
мҧғалімге 
молекулалық  физика  курсынан  физикалық  ҧғымдардың  мәнін  тереңірек 
ашуға,  қазіргі  кездегі  физикалық  тәжірибелік  негізімен  таныстыруға, 
физикалық қҧбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерін толығырақ ашуға, 
білім  жҥйесін  ғылыми  зерттеу  әдістерімен  тығыз  байланыстыра  отырып 
хабарлауға мҥмкіндік береді. 
Қорыта  айтқанда,  теориялық  материалдарды  тҥсіндіру  кезінде 
электрондық  оқулықтарды  қолдану  ӛтіліп  отырған  материалды  терең 
тҥсінуге, онда баяндалатын қҧбылыстардың физикалық мәнін, сырын ашуға,  
шығармашылықпен ойлауға итермелейді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Андасова  Б.З.  Кредиттік  оқыту  жҥйесі  бойынша  болашақ  экономистердің  ӛздік  жҧмысын 
ҧйымдастырудың  педагогикалық  шарттары.  пед.ғыл.канд.….дис.:.13.00.08. 

Астана:  ЕуразияГИ,  2007. 

134. 
2.
 
Савельев И.В. Жалпы физика курсы. Алматы: Мектеп, 1987. 456. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

243 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
 
Г.ҚОШАНОВА  
 
педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет