Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет14/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Уразбаев К.Б.
 
Учет этнопсихологических закономерностей в духовно-нравственном... 
 
  
очень рано, и представляет собой усвоение определенных форм поведения и 
соответствующих  им  мотивов.  Однако  первоначальное  качество  личности 
проявляется ситуативно, лишь постепенно под влиянием мировоззрения оно 
становится  устойчивой  чертой  характера.  Это  происходит  благодаря 
сознательному  нравственному  отношению  человека  к  соответствующему 
качеству. 
Например, 
под 
влиянием 
каких–либо 
неблагоприятных 
обстоятельств человек может нередко испытывать недоброжелательство или 
недоверие к людям, Но в черту характера такое отношение превратится лишь 
тогда, 
когда 
мизантропия 
(ср. 
Избегание 
общества 
людей, 
человеконенавистник)  станет  «философией»  человека,  войдет  в  систему  его 
взглядов на людей, иначе говоря, станет элементом его мировоззрения.  
 Таким  образом,  формирование  духовно–нравственных  убеждений  и 
мировоззрений  определяет  цели,  которые  он  перед  собой  ставит,  его 
направленность  характера.  Благодаря  возникновению  функционального 
образования, школьник постепенно превращается из существа подчиненного 
влияния  окружающих,  в  человека  самостоятельного,  значительно  более 
свободного  от  императивности  (imperative  анг.  –  повелительный)  как 
внешних воздействий, так и собственных непосредственных побуждений. Он 
становится способным противостоять отрицательным влияниям среды и сам 
активно  на  нее  может  воздействовать,  способным  изменять  самого  себя 
путем духовно–нравственного самовоспитания. 
  
 
 
 
 
 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.
 
Марьенко И.С. Основы процесса нравственного воспитания школьников. - М., 1980. – 183 с. 
2.
 
Ким В.А. Казахстанский патриотизм //Акикат, 1997, №7, с. 2-10. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
104 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Г.Д.ҚОШАНОВА  
педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 
 
БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-ТЕЛЕҚАТЫНАСТЫҚ  
ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ҚҰРАЛДАР 
 
В  этой  статье  классифицированы  информационно-телекоммуникационные  технологии  и 
средства  в образовании. 
 
Information  and  telecommunication  technologies  in  the  sphere  of  education  have  been  classified  in 
the article. 
 
Білім  беруде  электронды  құралдарды  қолдануды  зерттеудің  30  жылдан  аса 
тарихы  бар.  Осы  уақыт  барысында  АҚШ,  Канада,  Англия,  Франция,  Жапония, 
Ресей  және  өз  елімізде,  басқа  да  мемлекеттерде  білім  беруге  арналған, 
ақпараттық  және  телеқатынастық  техникалардың  түрлі  типтеріне  бағдарланған 
компьютерлік  жүйелер  жасалды.  Мұндай  құралдар  оқу  орындары  мен  өндіріс 
орындарында,  әскери  және  азаматтық  ұйымдарда,  мамандарды  даярлау,  қайта 
даярлауда кеңінен қолданысқа ие. 
Білімді  ақпараттандырудың  өзекті  мәселелерінің  бірі  қолданылатын 
ақпараттық және телеқатынастық технологияларды жіктеу болып табылады. 
Білімді 
ақпараттандыру 
құралдарын 
жіктеудің 
бірнеше 
түрлі 
критерийлердің  негізінде  жасалуы  мүмкін.  Біз  оларды  білім  беруге  арналған 
электрондық  басылымдар  мен  қорларды  жіктеу  мүмкіндіктері  негізінде 
қарастырамыз.  
Электрондық 
оқулықтар, 
мультимедиалық 
оқу 
курстары 
мен 
автоматтандырылған оқыту жүйелері оқу материалын беру, ақпаратқа талдау жасау, 
білімді  бекіту  және  бақылау  сияқты  бірнеше  қызметті  қатар  атқарады.  Кредиттік 
оқыту  жүйесінде  электрондық  оқу  басылымдарының  студенттерге  өздігінен  білім 
алу мен өзіндік бақылау жасауда маңызы зор.  
Электрондық  басылым  –  бағдарламалық  басқару  құралдары  мен 
құжаттамалары  бар  және  кез  келген  электрондық  ақпарат  тасымалдаушысында 
орналасқан  немесе  компьютерлік  желілерде  жарық  көрген  сандық,  мәтіндік, 
графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы.  
Электрондық  оқу  басылымы  –  оқытуды  және  білім  бақылауды 
автоматтандыруға  арналған  және  оқу  курсына  немесе  оның  жеке  бөлімдеріне 
сәйкестендірілген,  сонымен  қатар  оқыту  траекториясын  анықтауға  мүмкіндік 
беретін  және  әртүлі  оқу  жұмыстарымен  қамтамасыз  ететін  электрондық  басылым 
[1.24].  

 
105 
Бүгінгі  таңда  оқу  пәндері  бойынша  қазақ  тіліндегі  оқу  әдебиеттеріне, 
электрондық  басылымдарға  деген  сұраныс  өте  жоғары.  Негізгі  білім  мазмұны 
оқулықта  берілетіндіктен,  электрондық  басылымды  жасауға  оқытушы  аса 
жауапкершілікпен  қарап,  оны  жасаудың  технологиясы  мен  әдістемесін  білу 
керек.  Электронды  оқу-әдістемелік  технологияларға  қойылатын  талаптарды 
Қ.Ағанина  былайша  анықтайды:  жалпы  материалдардың  ұсынылу  реті  оқу 
бағдарламалары  мен  оқулыққа  сәйкестігі  қатаң  сақталуы  тиіс;  кез  келген 
ықшамдау мен бейімдеулер қазіргі ғылыми білімге толық сәйкес болуы керек;  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қошанова Г.Д. Білім берудегі ақпараттық-телеқатынастық технологиялар мен құралдар 
 
  
дидактикалық  материалдар,  есептер  мен  жаттығулар  жинағы  шығармашылық 
белсенділігіне  сәйкестендіріліп,  деңгейлік  саралауды  іске  асыруға  бағытталуы 
қажет;  пәнаралық  және  пәнішілік  байланыс  сақталуы  қажет;  ұсынылған 
материалдар  қазіргі  компьютерлік  технологиялармен  жабдықталу  жағдайына 
сәйкес келуі керек; қызығушылығы және дамуға бағытталуы керек; практикалық 
жағынан тиімді болуы керек; белсенділікті арттыруда себін тигізуі қажет [2.35]. 
Баспа  түріндегі  оқулыққа  қарағанда,  ғылым  мен  техника  саласындағы  соңғы 
жаңалықтар  мен  өзгерістерді  электрондық  оқу  басылымдарын  (мультимедиалық 
оқыту бағдарламасына) енгізу (әсіресе дамуы жылдам информатика мен ақпараттық 
технологиялар саласындағы), оқулық мазмұнын жаңарту әлдеқайда жеңіл, жылдам 
болады,  әрі  қаржы  жағынан  арзанға  түседі.  Электрондық  оқу  басылымдарының 
студентке өзіндік бақылау жасауда маңызы зор. Студент өз әрекетінің нәтижелерін 
талдап,  өзін-өзі  бақылап,  өзіндік  бағалау  негізінде  өзінің  оқу-танымдық  әрекетін 
түзетіп,  реттеп  отырады,  қателер  жіберу  мүмкіндігін  алдын-ала  болжайды. 
Бақылауды бағалаумен ұштастыру арқылы өз білімінің деңгейін анықтайды, өзінің 
бұрынғы  білімінің  дәрежесімен  салыстырады.  Компьютерлік  тест  сұрақтары 
бойынша  алған  баға  студент  үшін  объективті  болады,  психологиялық  тұрғыдан 
жақсы  қабылдайды.  Ол  оқу  материалын  бірнеше  мәрте  қайталап  оқып,  тест 
сұрақтарына жауап бере алады, толық игеріп және тест сұрақтарына толық жауап 
бермейінше келесі тақырыпқа ауыса алмайды, кеткен қателіктерді түзету үшін оқу 
материалын  қайталап  оқиды.  Студент  оқу  материалы  бойынша  берілген 
сұрақтардың  дұрыс  жауабын  өз  жауабымен  салыстырып  тексере  алады, 
интерактивті режимде тапсырмалар орындайды. 
Электронды 
оқу 
басылымдары 
оқытуды 
тиімділендіреді, 
яғни 
гиперсілтемелердің  тармақталған  құрылымы  оқу  материалын  игеру  барысында 
кейбір  ұғымдарға  анықтама,  түсініктеме,  қосымша  ақпарат  алуға,  бастапқы  оқып 
отырған мәтінге кері қайтуға және оқулықтың мазмұнындағы кез келген тақырыпқа 
қатынауға  мүмкіндік  береді.  Өздік  жұмыста  білім  алушының  оқу  траекториясын 
таңдау еркіндігі бар, яғни ол меңгеру үшін оқу материалын сызықты түрде, ішінара 
қалауы  бойынша  және  тест  бақылауының  нәтижесі  бойынша  тек  қажетті  ұпай 
жинамаған тақырыптарды оқи алады. 
Графика,  аудио  және  видео  оқыту  элементтері  оқу  курсында  оқытылатын 
объектілер, үдерістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын 
ашу  және  көрсету  үшін  қажеттi  қосымша  дидактикалық  материалдарды  (сызба, 
кесте,  график  пен  диаграммаларды,  бейнеклиптерді  және  т.б.)  келтіруге  арналған. 
Анимациялар графикалық WEB-редактор Macromedia Flash MX арқылы жасалды.  

 
106 
Студенттерге  білім  беруді  ұйымдастыруда  мультимедиалық  оқыту 
бағдарламасының құрамындағы оқыту элементтерін:  
1)
 
оқу  материалын,  сөздіктер  мен  анықтамаларды  жаңа  білімді  студенттің 
өздігінен игеруі үшін берілетін теориялық сипаттағы тапсырмаларды орындауда; 
2)
 
орындалатын  бағдарламаларды,  сұрақтар  мен  жаттығуларды  теориялық 
білімдерін  бекіту,  біліктері  мен  дағдыларын  шыңдау  үшін  берілетін 
тапсырмаларды орындауда; 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қошанова Г.Д. Білім берудегі ақпараттық-телеқатынастық технологиялар мен құралдар 
 
 
  
3)
 
орындалатын 
бағдарламаларды, 
графика, 
анимация 
және 
бейнефрагментті  өздік  жұмыстың  тапсырмасының  мазмұны  мен  талаптарын, 
орындалу  үлгісін  демонстрациялау  үшін,  эксперименттерді  демонстрациялау 
және презентацияларын көрсетуде; 
4)
 
тестілерді, сұрақтарды өздік жұмысты бақылау үшін қолдануға болады.  
Электрондық  оқу  басылымдарын  қолдану  деңгейлік  саралап  оқыту  мен 
оқытуды дараландыруды, білім алушының шығармашылық танымдық белсенділігін 
артуына  мүмкіндік  берумен  қатар,  білім  алушыларды  қазіргі  заманғы  компьютер 
құралдарымен,  ақпараттық-телеқатынастық  технологиялармен,  телеқатынастармен 
тереңірек таныстыру және компьютердің мүмкіндіктерін барынша игеріп, болашақ 
кәсіби мамандықтарында еркін, шығармашылықпен қолдана білуге үйрету құралы 
болып табылады.  
Бір  жағынан,  орындайтын  қызметі  бойынша  мұндай  басылымдар  мен 
қорларды  жіктеуде  дәстүрлі  оқу  басылымдары  мен  оқу  құралдарына 
қолданылатын жіктеу принциптерін пайдалануға болады. 
Алдымен,  білім  берудің  электронды  басылымдарын  сипаттайтын  жіктеу 
критерийлеріне  негіз  болатын  негізгі  параметрлерді  бөліп  алу  қажет.  Біздің 
зерттеуіміз бойынша негізгі ұқсас параметр-критерийлер сапасында: 
–  білімді ақпараттандыру құралдарының типі; 
–  пәндік немесе білім беру аймағы; 
–  білім берудің ұсынылатын деңгейі; 
–  білім беру үдерісінің ұсынылатын типі; 
–  білім беру үдерісінің ұсынатын формасы; 
–  аудиторияның мамандығы. 
Жоғарыда  аталған  параметр-критерийлерге  орай,  электронды  басылымдар 
мен қорлардың көпдеңгейлі жіктемесін құруға болады. 
Оқыту  жүйесінде  толық  қолданылатын  оқытуды  ақпараттандыру 
құралдарының келесі түрлерін атауға болады: 
–  білім  және  ғылым  министрлігі  бекіткен  білім  беру  стандарттары  мен 
бағдарламаларына  және  берілген  оқу  пәні  бойынша  ғылымға  (пәндік  аймаққа) 
сәйкес  дәстүрлі  оқыту  жүйесінде  қолдануға  арналған  электронды  басылымдар 
мен қорлар; 
– факультативтік жұмыстарға, пән бойынша білімді тереңдетуге белгіленген 
электронды басылымдар мен қорлар; 

 
107 
–  оқу  іс-әрекеті  нәтижесін  бақылаушы  және  бағалаушы  электронды 
басылымдар мен қорлар; 
– электронды анықтамалықтар мен энциклопедиялар. 
Қазіргі  кезде  білімді  ақпараттандыру  құралдарының  әдістемелік 
мақсаттарына байланысты келесі түрде жіктеуге болады: 
  оқытушы  (білімді  хабарлайды,  білімді  меңгерудің  қажетті  деңгейін 
қамтамасыз  етіп,  оқу  немесе  практикалық  іс-әрекет  біліктіліктерін,  дағдыларын 
қалыптастырады); 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қошанова Г.Д. Білім берудегі ақпараттық-телеқатынастық технологиялар мен құралдар 
 
 
  жаттықтырушы  (біліктіліктер  мен  дағдылардың  әртүрін  өңдеуге, 
қайталауға немесе өтілетін материалды бекітуге арналған); 
  бақылаушы  (оқу  материалын  меңгеру  деңгейін  бақылау  және  өзін-өзі 
бақылауға арналған); 
  ақпаратық-іздеу  және  ақпараттық  анықтамалық  (мәліметтерді 
хабарлайды,  ақпаратты  жүйелендіру  бойынша  білімдер  мен  дағдыларды 
қалыптастырады); 
  демонстрациялық  (нысанды,  құбылысты,  үдерісті  зерттеу,  тану  және 
үйрену мақсатында визуалдайды); 
  имитациялық  (нақтылықтың  анықталған  аспектілерін,  оның  құрылымын 
немесе қызметтік сипаттамасын оқып үйрену үшін бейнелейді); 
 лабораториялық (нақты құрылғыларға қашықтықтан эксперимент жүргізу 
мүмкіндігін береді); 
 модельдеуші (нысанды, құбылысты, үдерісті зерттеу және тану мақсатында 
модельдеуге мүмкіндік береді); 
 есептік (түрлі есептерді автоматтандырады); 
– 
оқу-ойындық 
(білімгерлердің 
іс-әрекеттері 
ойын 
формасында 
ұйымдастырылатын оқу жағдайын құруға арналған); 
– ойындық (есті, зейінді, т.б. тұлғалық сапаларды дамытады). 
Бұдан  басқа,  білім  беруге  арналған  электронды  басылымдар  мен  қорларды 
сабақты  ұйымдастырудың  формасына  байланысты  келесі  топтарға  бөлуге 
болады.  Яғни,  олардың    лекцияны,  лабораториялық  сабақтарды,  практикалық 
сабақтарды,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге,  өз  бетінше  дайындалуға, 
курстық  немесе  дипломдық  жобаларды  орындауға,  сынақ  және  емтихан 
қабылдауға ұсынылатын түрлері бар.  
Білімді  ақпараттандыруға  бағытталған  компьютер  құралдарын  олардың 
білімді қалыптастыру, мәліметтерді хабарлау, дағдыларды қалыптастыру, білімді 
бекіту,  оқыту  деңгейін  бақылау,  жалпылау,  білімді  және  біліктіліктер  мен 
дағдыларды  жетілдіруге  бағдарланған  дидактикалық  мақсаттарына  байланысты 
да  жіктеуге  болады.  Бұл  жіктеулер  ақпараттандыру  құралдарын  құруда 
қабылдау,  ойлау,  тұлғалық  тәжірибені  қалыптастыру  (біліктілік,  дағды,  кәсіби-
бағдарланған  интуиция)  жобалау-зерттеушілік  және  іздеу  іс-әрекеті  сияқты 
танымдық  іс-әрекеттердің  психологиялық  тізбегіне  негізделіп  жасалуына 
байланысты толықтырылуы мүмкін. 

 
108 
Оқу  материалын  мазмұндау  бойынша  білім  берудің  электронды 
басылымдары мен қорлары конвенциялық, бағдарламаланған, проблемалық және 
әмбебап болып бөлінеді. 
Конвенциялық 
құралдар 
классикалық 
педагогикада 
қалыптасқан 
монография,  энициклопедиялық  сипатқа  ие.  Мұндай  электронды  басылымдар 
мен қорлар оқытудың ақпараттық қызметін іске асырады. 
Бағдарламалық  құралдар  “стимул-реакция”  жүйесі  бойынша  оқытуға 
негізделген.  Мұндай  құралдар  сызықтық  немесе  тармақталған  компьютерлік 
бағдарламалар  формасында   болып,   білімгерлердің   өзіндік   жұмыстарына
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қошанова Г.Д. Білім берудегі ақпараттық-телеқатынастық технологиялар мен құралдар 
 
  
бағдарланып,  білім  алу  және  алынған  білімнің  кәсіби  дағдылармен  өзара 
әрекеттесуі мен әдістемелік негіздерін айқындайды. 
Проблемалық  құралдар  проблемалық  оқыту  теориясына  негізделеді  және 
логикалық 
ойлауды 
дамытуға, 
білімді 
қабылдаудың 
шығармашылық 
құраушысына негізделеді. 
Аралас  (әмбебап)  құралдар  аталған  электронды  білім  беру  басылымдары 
мен құралдарының жеке элементтерімен мазмұндалады. 
Жоғарыда  келтірілген  білімді  ақпараттандыру  құралдарын  жіктеу 
критерийлерін толық және жалғыз деп санауға болмайды. 
Білімді  ақпараттандыру  құралдарын  таралу  технологиясы  бойынша  келесі 
түрде жіктеуге болады: 
– жергілікті құралдар жергілікті пайдаланушыларға арналған және ақпарат 
тасымалдағыштарда белгілі сандық көлемде шығарылады; 
–  желілік  құралдар  телеқатынастық  желілер  арқылы  пайдаланушылардың 
шексіз санының пайдалануына арналған; 
–  аралас  таралу  құралдары  білімді  ақпараттандыру  мен  желілік  құралдар 
арасында пайда болады. 
Пайдаланушы  мен  ақпараттандыру  құралдарының  өзара  әрекеттесуінің 
сипатына байланысты детерминделген және детерминделмеген құралдар болып 
бөлінеді. 
Детерминделген ақпараттандыру құралдарының  параметрлерін, мазмұнын 
және  өзара  әрекет  түрін  құралды  жасаушы  анықтайды  және  оны  пайдаланушы 
өзгерте алмайды. 
Детерминделмеген  деп  параметрлері,  мазмұны  мен  өзара  әрекет  тәсілдері 
тікелей  және  жанама  түрде  пайдаланушының  қызығушылығына,  мақсатына, 
даярлық  деңгейіне  сәйкес  орнатылатын  ақпараттандыру  құралдарын  айтамыз. 
Барлық  өзгерістер  ақпарат  пен  жасаушы  анықтаған  алгоритм  көмегімен 
жүргізіледі [3.76-80]. 
Жоғарыда  ұсынылған  білімді  ақпараттандыру  құралдарының  жіктелулері 
мен  сипаттауларына  сүйене  отырып,    білім  берудің  электронды  басылымдары 
мен  материалдары  жасалу  жолдары  бойынша  дидактикалық  потенциалдарының 
деңгейіне орай төрт негізгі топқа біріктірілуі мүмкін.  
Бірінші  топ  декларативтік  типтегі  құралдар  мен  басылымдар  –  баспа 
материалдары,  олардың  электронды  көшірмелері,  аудио,  бейне  таспалар.  Баспа 
басылымдары  оқу  материалы  тақырыбы  бойынша  оқу  мәтіні  түрінде,  оның 

 
109 
графикалық  иллюстрациясы,  оқытушылар  мен  білімгерлерге  нұсқаулар, 
тапсырмалар  жинағымен  мазмұндалады.  Аудио  және  бейне  таспаларда  лекция 
жазбалары  жазылады.  Бұл  басылымдардың  дидактикалық  мақсаты  –  оқу 
материалымен  бастапқы  танысу  және  қабылдау. Бірінші  топтағы  басылымдар 
шығыс материалы сипатына ие, соңында бұдан толықтай білімді ақпараттандыру 
құралы жасалады. 
Екінші топ бұл да декларативтік типтегі ақпараттандыру құралына жатады. 
Бұған негізгі дидактикалық қызметтері – ойлау, білімді  бекіту және бақылау
  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қошанова Г.Д. Білім берудегі ақпараттық-телеқатынастық технологиялар мен құралдар 
 
  
болатын  электронды  оқулықтар,  виртуальды  оқу  кабинеттері  және  тестілік 
компьютерлік жүйелер жатады. 
Білімді  ақпараттандыру  құралдарының  үшінші  тобына  виртуальды 
жаттықтырушылар,  виртуальды  оқу  лабораториялары,  қашықтықтан  ену 
мүмкіндігі  бар  лабораториялар  және  осы  аталғандарға  ұқсас  компьютерлік 
жүйелер жатады. Мұндай жүйелердің өзіндік ерекшелігі олармен жұмыс істеуде 
үйренілетін  нысандардың,  үдерістердің  математикалық  модельдерін  пайдалану 
және  басқарылатын  зерттеу  режиміндегі  оқу  міндетін  шешуге  ықпал  ететін 
мамандандырылған интерфейстің болуы.  
Білімді  ақпараттандыру  құралдарының  төртінші  тобын  кәсіби  іс-әрекетті 
автоматтандырудың  компьютерлік  жүйелері  немесе  олардың  қолданбалы 
бағдарламалар  пакеті  түріндегі  оқуға  арналған  аналогтары  құрайды.  Оларды 
білімгерлер  оқып  үйренілетін  тақырып  курстық  және  диплом  жобасын  әзірлеу 
бойынша түрлі міндеттерді шешуде пайдалана алады. 
Осы топтағы ақпараттандыру құралдарын пайдалануда оқу жұмысы үдерісі 
еркін  зерттеу  режимінде  өтеді  және  өзінің  сипатына  байланысты  маманның 
кәсіби қызметіне жақын болады. 
Білім  беру  үдерісінде  ақпараттық-телеқатынастық  технологиялардың 
кеңінен  қолданылуы  интерактивті  жүйе  құруға  алып  келді.  Интерактивті  жүйе 
жеке  компьютерді  пайдалану,  сондай-ақ  бейне  дискілі  құрал  және  теледидар 
кешендері  негізінде  құрылады.  Мұндай  қазіргі  заманғы  кешендер  интерактивті 
оқыту қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. 
Оқытудың  интерактивті  технологиясы  ұғымына  тоқталайық.  Зерттеулер 
бойынша  интерактивті  оқыту  осы құбылыстың мәнін  және  оқытудың  баламалы 
әдістері мен ұйымдаструшылық формаларын бейнелейді.  
Жоғарыда  аталған  білімді  ақпараттандыру  құралдарының  жіктемелері  мен 
олардың  бағдарламалық  жабдықтарының  барлық  салаға  бағыттала  оқытылуы 
болашақ  мамандардың  өз  деңгейінде  бәсекеге  қабілетті  маман  болып 
қалыптасуларына ықпал етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Гриншкун  В.В.  Организация  компьютеризированного  обучения  на  базе  иерархических  структур 
данных. Автореф. дис. док. пед. наук. Москва, 2004. -36-45 с. 
2.
 
Ағанина Қ. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама //Информатика негіздері. 
2003, -№ 2. -Б. 5-7. 

 
110 
3.
 
Қошанова  Г.Д.  Болашақ  экономика  саласы  мамандарына  информатикалық  пәндерді  білімді 
ақпараттандыру жағдайында оқытудың әдістемелік негіздері. Пед.ғыл.канд.дисс.  -Алматы, 2009. 
-156 б. 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Т.Ә.ДАНИЯРОВ  
 педагогика ғылымдарының кандидаты  
 
Д.Ж.ЕРЖІГІТОВ
  
М.Әуезов атындағы ОҚМУ 
 
САЛАУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ТУРИЗМНІҢ РӨЛІ  
 
В  данной  статье  авторами  раскрываются  туристические  ценности  республики,  а  также 
затрагиваются экологические проблемы страны. 
 
The  authors  of  this  article  reveal  tourist  values  of  our  republic.  Some  ecological  problems  of  our 
country have been analyzed in the article as well. 
 
Қазақстан  Президентінің  жыл  сайынғы  Жолдаулары  мемлекеттік 
саясатты  дамытудың  негізгі  міндеттері  мен  перспективасын  анықтайтын 
нақты және бірізді стратегиясымен ерекшеленеді. Шет елдерде тұрып жатқан 
отандастарымыз Қазақстан саясатына бейімделуге тырысады. Бұл Қазақстан 
басшысы  жақын  жылдарға  қойып  отырған  міндеттерді  бірлесіп  және  өзара 
тиімді шешуге мүмкіндік береді. Президент өз жолдауында Қоғамдық келісім 
туралы  айтып  өтті.  Қазақстан  ұлтаралық  және  конфессияаралық  келісімді 
орнатуға белгілі бір табыстарға жеткен ТМД-дағы аз елдердің бірі. Осы жайт 
Ресейде  тұратын  қазақтарға  өз  конституциялық  құқықтарына  қол  жеткізуге 
және тарихи отандарының жетістіктерін мақтан тұтуларына мүмкіндік беріп 
отыр [1]. 
Қазақстан мен Ресей арасында байланыс орнатылуға баса мән берілуде. 
1991  жылы  Мәскеудегі  қазақ  жастарының  «Мұрагер»  мәдени  қоғамы  өз 
жұмысын  бастады.  Астанада  көп  ұлтты  мегаполис  жағдайында  бірбірімен 
тығыз  қарым  қатынасын  сақтап  қалу  үшін  мәскеулік  «Қазақ  тілі»  қоғамы 
ұйымдастырылды. Өткен жылдар ішінде бұл қоғамдар мен бірлестіктер біраз 
жұмыс атқарды. Ресейде наурыз тойын жыл сайын тойлау дәстүрге айналды. 
1990  жылдың  тамыз  айында  Астраханьда  Қазақстан  өнері  мен  әдебиетінің 
күндері  өткізілді.  Ресейдің  әр  түрлі  аймақтарындағы  қазақ  қоғамдары  мен 
ұйымдары  бір-бірімен  тығыз  байланыс  орнатып,  біріккен  ұлттық 
фестивальдар  мен  мерекелерге  қатысуда.  Ресей  Федерациясындағы қазақтар 
қауымының  өкілдері  1992  жылы  Алматыда  өткен  Дүниежүзілік  қазақтар 
құрылтайына қатысты. 

 
111 
 Еуразияның ұлы бір ойшылы бұдан бір жарым ғасыр бұрын былай деген 
екен:  «Сыртқы  күш  дегеніміз  –  ішкі  күштің  туындысы».  Бұл  ойды  басқаша 
айтсақ:  «Сыртқы  дағдарыс  дегеніміз  –  ішкі  дағдарыстың  туындысы»  екенін 
әбден анық пайымдауға болады. Сондықтан да қазіргі  жаһандық дағдарыс – 
бұл  мүлде  қандай  да  бір  табиғи  апат  емес  және  жағдайлардың  кездейсок 
қиылысының  нәтижесі  емес,  бір  терең  ішкі  ақаулықтың  заңды  сыртқы 
салдары. Содан да біз оны нақты айқындап, белгілемейінше, дағдарыстың өзі 
бастау  алған  әлемдік  валюта-қаржы  жүйесін  жөндеу  жөніндегі  біздің  бүкіл 
күш-
жігеріміз  тек  косметикалық сипатта ғана  болады

Бұл  жағдайда  біз  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет