Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет30/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Уваисова М.М. Қазақстан  Республикасының  аумағында  жарнама жасау және тарату үрдісінің...  
 
 
 

 
241 
белгіленген    талаптардың    бұзылуына      жол    берілген    жосықсыз,  дәйексіз, 
әдепсіз, көрінеу жалған және жасырын жарнама [3.7].  
Жарнама  негізінен  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  және де  басқа да 
нысандардың  көмегімен  таратылады.  Жарнама  ақпарат  көзі  болғандықтан  ол 
ақпараттың  авторы,  жасаушысы,  таратушысы  және  тұтынушысы  бар.  Заң 
бойынша  ақпарат  авторлары  – жарнама беруші және  жарнама  жасаушы  ретінде 
анықталады. «Жарнама беруші – жарнама жасау, тарату және орналастыру үшін 
жарнамалық  ақпарат  көзі  болып  табылатын  жеке  немесе  заңды  тұлға»  ал 
«жарнама  жасаушы  –  жарнамалық  ақпаратты  тарату  және  орналастыру  үшін 
дайын нысанға келтіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға» [3.7].  
Жарнама  таратушы  -  «мүлікті,  соның  ішінде  радио  (немесе)  теледидар 
хабарларын  таратудың  техникалық  құралдарын  беру  және  (немесе)  пайдалану 
жолымен өзге де тәсілдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды 
жүзеге  асыратын  жеке  немесе  заңды  тұлға»  болып  табылады  [3.7].  «Жарнама 
арналған    жеке  және  (немесе)  заңды  тұлғалардың  тобы»  -  жарнаманы 
тұтынушылар болып табылады [3.8]. 
Қазақстан  Республикасының  аумағында  жарнамаға  қойылатын  талаптарды 
да осы заң анықтайды. Мәселен, ең басты талап – кез келген жарнама мазмұны 
мен  формасына  қарамастан  сол  саладан  арнаулы  білімі  жоқ  кез  келген  адамға 
түсінікті  болуы  тиіс.  Қазақстан  Республикасында  жарнама  қазақ  және  орыс 
тілдерінде,  қажет  кезінде  басқа  да  тілдерде  таратылады.  Заңда:  «Жарнама 
мазмұнының  бір  тілден  екінші  тілге  аудармасы  оның  негізгі  мағынасын 
бұрмаламауға тиіс» –  деп атап көрсетілген [3.9]. 
Жасалуына  және  сатылуына  тыйым  салынған  тауарлар  мен  жұмыстарды, 
көрсетілетін  қызметтерді  жарнамалауға  тыйым  салынады.  Жарнама  қоғамда 
дүрбелең  туғызбауға,  азаматтарды  агрессияға  бастамауға,  сондай-ақ,  құқыққа 
қарсы өзге де әрекетті қоздырмауға тиіс. «Жарнама Қазақстан Республикасының 
конституциялық  құрылысын  күштеп  өзгертуді,  тұтастығын  бұзуды,  мемлекет 
қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық 
және  рулық  араздықты  қоздыруды,  қатыгездік  пен  зорлық-зомбылыққа  бас 
ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге пайдаланылмауға, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді 
және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдаланылмауға тиіс» 
[3.11].  Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес 
тіркелмеген  діни  ұйымдар  мен  діни  оқу  орындарын  жарнамалауға  тыйым 
салынады.  
Аталған  заңда  жарнама  саласындағы  келеңсіздіктерді  болдырмау  үшін  де 
арнайы  баптар  қарастырылған.  Мәселен,  заңның  «Жарнама  саласындағы 
мемлекеттік  реттеу»  деп  аталатын  3-тарауының  17-21  баптары жарнама  туралы 
заң бұзылған жағдайда жауапкершілік жүктелетін тараптарды анықтайды. Заңға 
сәйкес  «жарнама  жасаушы  жарнаманы  рәсімдеуге  немесе  жарнаманы  жасауға 
қатысты  Қазақстан  Республикасының  жарнама  туралы  заңын  бұзған  жағдайда 
жауапты болады [3.31]. Егер жарнаманы таратудың, орналастырудың уақытына, 
орнына, тәсіліне қатысты заң бұзылса, оған жарнама таратушы жауапты болады.  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Уваисова М.М. Қазақстан  Республикасының  аумағында  жарнама жасау және тарату үрдісінің...  

 
242 
 
 
 
Егер  жарнаманың  мазмұны  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан 
Республикасындағы  жарнама  туралы»    Заңына  қайшы  келсе,  ол  қайшылықтың 
туындауына  жарнама  жасаушы  немесе  жарнама  таратушы  кінәлі  болмаса,  онда 
оның  жауапкершілігі  заң  бойынша  жарнама  берушіге  жүктеледі.  Сондай-ақ, 
аталған  тарауда  жарнама  жасауды,  таратуды  және  орналастыруды  Қазақстан 
Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бақылап отыру жағы 
да  қарастырылған.  Мемлекет  тарапынан  жүзеге  асырылатын  мұндай  реттеудің 
мақсаты:  ұлттық  мүдделерді  қорғау;  адамгершілік  нормаларына  қол  сұғатын 
жарнаманы 
болғызбау. 
Қазақстан 
Республикасының 
«Қазақстан 
Республикасындағы жарнама туралы»  Заңын бұзу фактісі анықталған жағдайда 
заңның бұзылуына  жол  берген  тұлға  жарнаманы таратуды  дереу  тоқтатып қана 
қоймай аталған ақпаратты теріске шығаруға, оған кеткен шығынды өзі көтеруге 
міндетті. 
Қорыта  келгенде,  қазіргі  Қазақстан  қоғамында  жарнаманың  нормативтік-
құқықтық негізі жасалды. Бұл әрине уақыт талабына орай жетіле беретіні сөзсіз. 
Жарнама  бұқаралық  коммуникацияның  бір  түріне  айналды.  Жарнаманың 
мемлекеттік  тілде  жасала  бастағанына  көп  уақыт  өтпесе  де,  қазақ  тіліндегі 
жарнамалар негізінен орыс тілінде жасалған жарнамалардың аудармасы болса да, 
қазір қазақ жарнама тілі қалыптасып келеді деуге болады.  
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебесін  іске  асыру  әлем  тілдерін  дамыту 
тәжірибесіне  сәйкес  жүзеге  асырылған  жағдайда  ғана  өз  жемісін  берері  сөзсіз. 
Бұл  тұрғыда  жарнамаға  ұлттық  сипат  беру  мәселесі  де  өзекті  болып  табылады. 
Себебі  жарнама  –  тұтынушыға  арналған  ақпарат.  Ал  қазіргі  жарнамаларда, 
әсіресе  қазақ  тілінде  беріліп  жатқан  жарнамаларда  тұтынушы  менталитеті 
ескеріліп  отыр  деп  айта  алмаймыз.  Жаңа  әлеуметтік-мәдени  және  ғылыми 
болмыс  жарнама  тілінің  лексикалық  және  семантикалық  мүмкіндіктерін 
кеңейтуді талап етіп отыр. Жарнама саласындағы негізгі міндеттердің бірі - жаңа 
лексикалық  бірліктерді  енгізу  процестерін  бірыңғайландыру  болып  табылады. 
Жарнама  мәтіндеріндегі  қазіргі  казақ  әдеби  тілінің  грамматикалық 
нормаларының бірізділігін сақтауды қамтамасыз ету мақсатындағы іс-шараларды 
да  жетілдіру  қажет.  Қазақ  тілінде  берілетін  жарнама  мәтіндерін  жақсарту 
жарнама  ісін  ұйымдастыру  мәселесін  дұрыс  жолға  қоюмен  қатар  жүргізілгенде 
ғана жақсы нәтиже берері сөзсіз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Құжаттар 
жинағы. Сборник документов. – Алматы: Алматы қаласы әкімдігі тіл басқармасы, 2004. – 141 б. 
2.
 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-том. – Алматы: Ғылым, 1978. 735 б.  
3.
 
Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  жарнама  туралы»    Заңы  /Орысша-
қазақша жарнама мәтіндерінің үлгілері. –Алматы: Кие, 2007. – 266 б. 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Г.О.МАВЛЕНОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 

 
243 
 
АТА–АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ 
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ 
 
В  данной  статье  рассматривается  правовой  аспект  воспитания  детей,  оставшихся  без 
родительской опеки. 
 
This article deals with the aspect of education of children left without parents’ guardianship.
 
  
«Неке және отбасы» туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 
қорғаншылық пен қамқоршылық келесі жағдайларда беріледі: 
-
 
ата–анасының  қайтыс  болуының,  оларды  ата-аналық  құқықтарынан 
айырудың,  ата–анасын  әрекетке  қабілетсіз  деп  танудың,  ата  анасының 
науқастығының,  ата  анасының  ұзақ  уақыт  болмауының,  ата  анасының 
балаларын  тәрбиелеуден  немесе  олардың  құқықтары  мен  мүдделерін 
қорғаудан  жалтаруының,  оның  ішінде  ата  анасының  балаларын  тәрбиелеу, 
емдеу  және  басқа  да  осыған  ұқсас  жағдайларда  мекемелерден  алудан  бас 
тартуының салдарынан, сонымен бірге ата–аналық қамқорлық құқығынан сот 
шешімімен айырылған жағдайда, баланың құқықтарын қорғау мақсатында; 
-
 
әрекет  қабілеті  жоқ  немесе  қабілеті  шектеулі  кәмелетке  толған 
адамдардың  мүліктік  және  мүліктік  емес  жеке  құқықтары  мен  мүдделерін 
қорғау үшін беріледі [1.5]. 
Басқа  жағдайларда,  атап  айтқанда  белгілі  адамның  басқа  жерде  мүлкі 
болса,  оның  орналасқан  жері  бойынша  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
сол мүлікті басқару үшін белгіленеді. 
Еліміздің  қорғаншы  және  қамқоршы  органдары  ата  аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  анықтап,  олардың  есебін  жүргізіп  және 
ата – анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты себептерін анықтай отырып, 
оларды  орналастырудың  нысанын  таңдайды,  сондай  ақ  оларды  асырау, 
тәрбиелеу  және  білім  беру  жағдайларына  одан  әрі  бақылауды  жүргізіп 
отырады. 
Басқадай жағдайда: «жеке және заңды тұлғалар өкілдеріне ата- анасының 
қамқорлығынан айырылған балаларды орналастыру құқығы берілмейді»- деп 
белгіленген «Неке және отбасы» заңының 100- бабы, екінші тармағында және 
сол заңға әлі де өзгертулер енгізілген жоқ. 
Ендігі кезекте қорғаншылық пен қамқоршылықты тағайындаудың негізгі 
ерекшеліктеріне  тоқтала  кетейік.  Қорғаншылық  он  төрт  жасқа  толмаған 
балаларға,  сонымен  қатар  психикалық  аурудың  салдарынан  әрекетке 
қабілетсіз  деп  таныған  адамдарға  белгіленуі  тиіс.  Сонымен  бірге  осы 
азаматтардың  белгілі  сот  шешімінің  негізінде,  сондай-ақ  хабар-ошарсыз 
кеткен  деп  сот  шешімімен  расталған  азаматтардың  мүлкіне  мемлекет 
тарапынан тағайындалады.  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мавленова Г.О. Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық... 
 
 
 

 
244 
Қамқоршылық  он  төрттен  он  сегіз  жасқа  дейінгі  кәмелетке 
толмағандарға,  сондай  ақ  спиртті  ішімдіктерге  немесе  есірткі  заттарға 
салынуы салдарынан сот әрекет-қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға 
белгіленеді.  Денсаулығының  жай-күйіне  байланысты  өзінің  құқықтарын  өз 
бетінше  жүзеге  асыра  алмайтын  және  міндеттерді  орындай  алмайтын 
кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың арызы бойынша оларға 
қамқоршылық белгіленуі мүмкін. 
«Неке және отбасы» заңына сәйкес қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа 
алынатын бірнеше кәмелетке толмаған, бірақ бір отбасы балаларына бір ғана 
қамқоршы (қорғаншы) белгілеуге жол беріледі. 
Ата-анасы  әрекетке  қабілетсіз  және  ата-аналық  құқықтарынан 
айырылмаған,  бірақ  оларды  тәрбиелеуді  жүзеге  асыра  алмайтын  кәмелетке 
толмаған  балаларға  қорғаншылық  және  қамқоршылық  белгілеу,  сот 
шешімімен  ата-ана  құқығынан  айырылмаған  болса,  онда  олардың  тілектері 
ескеріле отырып тағайындалады [1.7].  
Қазақстан Республикасының кез-келген әрекетке қабілеті бар, есі дұрыс, 
әлеуметтік  жағдайы,  денсаулығының  дұрыстығы  бола  тұра,  бұрын  соңды 
соттылығы болса және қазіргі кезде қоғамда тұрақты жұмысы болса да оның 
заң бойынша қорғаншы (қамқоршы) болуына рұқсат етілмейді. Осы орайда, 
қоса кететін жәйт, кез–келген азамат жаңылып бір рет шалыс басқандығына 
байланысты,  оны  өз  балаларына  немесе  туыстарына  қайта  қамқоршы 
(қорғаншы) бола алмауы әрине өте өзекті дауды тудырады.  
Сондықтан  менің  жеке  көзқарасым  бойынша,  бұрын  соңды 
соттылығының  жалпы  мәніне  және  одан  кейінгі  жағдайда  индивидтің 
қоғамда  бейімделіп  кетуіне  қарай,  уақыт  беріп  содан  оған  қамқоршылық 
(қорғаншылық)  құқығын  беру,  берместік  жайында  сөз  айтсақ  деген 
ұсынысым бар. 
Қазақстан  Республикасының  президенті  мен  Үкіметінің  1999  жылғы  9- 
қыркүйек  №  1346  қаулысымен  белгіленген  қамқоршылық  (қорғаншылық) 
құқығына ие болу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілді, олар: 

 
 адамның қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетіндігі туралы өтініші; 

 
 егер  жасы  кәмелетке  толмаған  балаға  қорғаншы  (қамқоршы)  болғысы 
келген адам некеде тұратын болса, жұбайының келісімі; 

 
 қорғаншы  (қамқоршы)  болғысы  келетін  адамның  денсаулығы  жағдайы 
туралы анықтама; 

 
 егер қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетін адам некеде тұратын болса, 
жұбайының денсаулығы жағдайы туралы анықтама; 

 
 баланы  тәрбиелеуге  тілек  білдірген  адамның  тұрмыс  жағдайының 
тексеру актісі; 

 
 қорғаншылық  (қамқоршылық)  белгіленетін  баланың  тұрмыс  жағдайын 
тексеру актісі болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органдары 
шешеді [1.1]. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мавленова Г.О. Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық... 
 
 
 

 
245 
Сонымен жоғарыда аталған барлық талаптар орындалған жағдайда ғана 
қамқоршылық  (қорғаншылық)  құқығы  беріледі,  соған  байланысты 
қамқорлығына  алынған  баланың  мүддесін  соттарда  ешқандай  өкілдіксіз 
қорғауға  жол  беріледі.  Қорғаншылық  және  қамқоршылық  органдарының 
белгіленген тәртіппен мынадай құқықтарға ие: 
1. Қорғаншылар мен қорғаншыларды тағайындауға; 
2. Қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлығындағы баладан оның 
тәрбиесіне,  құқықтары  мен  мүдделеріне  қолайсыз  әсер  етпеуі  шартымен 
бөлек тұруына рұқсат беруін; 
3.  Қорғаншыларды  (қамқоршыларды),  егер  олар  науқастығына,  мүліктік 
жағдайы өзгеруіне, қамқорлығындағы адаммен өзара түсіністіктің болмауына 
орай  немесе  басқа  да  дәлелді  себептер  бойынша,  олардың  өтінімі  бойынша 
оларды өз міндеттерін орындаудан босатуға; 
4.  «Неке  және  отбасы»  Қазақстан  Республикасының  Заңында  белгілеген 
жағдайларда баланы асырап алуға келісім беруге
5. Егер асырап алушы баланы тәрбиелеу және оған қамқоршылық жасау 
жөніндегі  өзінің  міндеттерін  дұрыс  орындамаса,  сондай-ақ  баланың 
мүдделері  оны  талап  ететін  басқа  да  жағдайларда  асырап  алуды  тоқтатуды 
талап етуге; 
6.  Асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге; 
7.  Егер ол балаға зиянды әсер етпесе, ата-аналық құқығынан айырылған 
ата-ананың  (олардың  біреуінің)  өтініші  бойынша  баламен  кездесуге  рұқсат 
етуге; 
8.    Заңдарда  көзделген  жағдаларда,  егер  ол  балаға  зиянды  әсер  етпейтін 
болса,  ата-аналық  (олардың  біреуінің)  өтініші  бойынша  баламен  кездесуге 
рұқсат етуге; 
9.  Ата-ананың  арасындағы  балаларды  тәрбиелеу  мен  білім  беруге 
қатысты мәселелер жөніндегі келіспеушілікті шешуге; 
10.  Қорғаншыға  (қамқоршыға)  қамқорлығындағы  адамның  мүлкін 
иеліктен  шығару,  оның  ішінде  айырбастау  немесе  сыйға  тарту  жөнінде 
мәміле жасауға (мәміле жасауға келісім беруге) немесе оның атынан кепілдік 
шарт жасауға, оны жалға (арендаға), тегін пайдалануға немесе кепілге беруге, 
қамқорлығындағы адамның заң бойынша және өсиет бойынша мұраға тиесілі 
құқығынан  бас  тартуға  әкелетін  мәміле жасауға  оның  мүлкін  бөлуге  немесе 
одан  оның  үлесін  шығаруға,  сондай-ақ  қамқорлығындағы  адамның  мүлкін 
азайтуға әкелетін кез- келген басқа да мәмілелерді жасауға рұқсат беруге; 
11.   Қорғаншы көрсетілген мәмілелердің нәтижесінде алған қаражаттың 
қалай жұмсалуы қажет екендігін айқындауға; 
12.  Қамқорлығындағы  адамның  қорғаншыға  (қамқоршыға),  оның 
жұбайына  немесе  туыстарына  осы  адам  қорғаншы  (қамқоршы)  болып 
тағайындалғанға  дейін  пайда  болған  қамқорлықтағы  адамның  қарыздарын 
төлеуіне рұқсат етуге; 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мавленова Г.О. Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық... 
 
 
 

 
246 
13.  Белгіленген  тәртіппен  қайтыс  болған  немесе  хабар–ошарсыз  кеткен 
деп танылған адамдардың мүлкіне қорғаншылық тағайындалуға
14.  Баланы асырап алуды жарамсыз деп табуды талап етуге; 
15. Баланы асырап алуды жоюды талап етуге; 
16.  Ата-анасын  немсе  олардың  біреуін  ата-аналық  құқықтарынан  айыру 
туралы іс қозғауға; 
17.  Қорғаншылар  мен  қамқоршылардың  іс-әрекетіне  шағымдарды 
қарастыруға; 
18.  Қорғаншы  немесе  қамқоршы  өзіне  жүктелген  міндеттерді  дұрыс 
орындамаған,  оның  ішінде  олар  қорғаншылық  пен  қамқоршылықты  жеке 
басының  мақсатына  пайдаланған  кезде  немесе  қамқорлығындағы  адамды 
бақылаусыз және қажетті көмексіз қалдырған жағдайларда, қорғаншылар мен 
қамқоршыларды бұл міндеттерді орындаудан шеттетуге; 
19.  Қамқорлыққа  алынған  адамға  оны  ұстауға  жеткілікті  қаражат 
болмаған жағдайда, жәрдемақы тағайындауға
20. Кәмелетке толмаған, сондай–ақ кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз 
немесе  қабілеті  шектеулі  адамдардың  мүліктік  және  мүліктік  емес  жеке 
құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басқа да қызметтерді жүзеге асыруға 
құқытары бар.  
Қазақстан  Республикасының  «балалар  құқығының»  2002жылдың  8-
тамызындағы  №345  қаулысымен  шыққан  заңының  17-бабымен  балалар 
құқығының  мемлекетпен  қорғалып,  олардың  жәрдем  алуын  дәріптейді.  Заң 
мемлекеттік көмек әрбір балаға берілуін түсіндіреді. Оның көлемі мен тәртібі 
Қазақстан Республикаысның заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, ата-
анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар,  сонымен  жетім  балалар 
мемлекеттің 
қорғауында 
болатынына 
кепілдік 
етуін 
түсіндіреді. 
Қорғаншылық  пен  қамқоршылық  түріне  қарамастан  ата-  анасының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  мемлекеттік  органдар  әрбір  балаға 
материалдық және т.б. жағдай түрімен қамтамасыз етеді [2.37]. 
 Демек,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  баланы,  басқа  бір 
отбасына  патронаттық  тәрбиелеуші,  өзге  де  құзырлы  атқарушы  органдар 
назарына беріледі.  
  Патронаттық құқық жайында сөз болған соң, бұл құқық негізінен «Неке 
және отбасы» заңының 119-бабымен түсіндіріледі, онда:  
-
 
қорғаншылық  және  қамқоршылық  нысанындағы  патронат  ата- 
анасының  қамқорлығынсыз  қалған,  соның  ішінде  тәрбиелеу,  емдеу  немесе 
осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді. 
-
 
Баланы  тәрбиелеуге  алуға  тілек  білдіруші  адам  (патронат  тәрбиеші) 
мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы тәрбиелеуге 
беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып табылады. Ал патронаттық
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мавленова Г.О. Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық... 
 
 
 
туралы ережені Қазақстан Республикаысының Үкіметі бекітеді [3.10]. 

 
247 
-
 
 Баланы  тәрбиелеуге  беру  туралы  шарт  баланы  асырап  бағу, 
тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиеші белгілі мөлшерде 
мемлекет  тарапынан  балаға  қатысты  алименттік  қатынасқа  отыруымен 
жүзеге асырылады.  
Қорыта келгенде, егер шартта жоғарыда аталған талаптар орындалмаса, 
онда  шарт  атқарушы  органдардың  бастамасымен  мерзімінен  бұрын 
бұзылады.  Қазақстан  Республикасының  заңдылығына  сай  балаға  қатысты 
барлық әлеуметтік төлемақылар тиісті түрде, оның жеке шотына аударылып 
отырады. Ал, тәрбиелеу мекемелеріндегі баланың құқықтары толық сақталуы 
тиіс.  Атап  айтқанда:  білім  алуға,  жан-жақты  дамуына,  оның  ар-намысының 
қорғалуына,  қадір  қасиетінің  қадірленуіне,  өзінің  мүмкіндіктерінің  толық 
қорғалуына,  ана  тілінің,  мәдениетінің,  салт  дәстүрінің,  әдептерінің  толық 
сақталуына  ата  заңымыз  толық  кепілдік  береді  және  қорғалады.  Бұл  жайда 
Конституциямыздың  1-бабында  былай  дейді:  «Мемлекетіміздің  ең  қымбат 
қазынасы  адам  өмірі  мен  оның  құқықтары  мен  бостандықтары»,  сондықтан 
еліміздегі  тәрбиелеу  мекемелері  қызметкерлері  тарабынан  қандай  да  бір 
моральға  жат  қылықтар  мен  зәбір  көрудің  нендей  түріне  әкімшілік 
жауапкершілік  түрінен  бастап  қылмыстық  жауапкершілікке  дейін  тартылуы 
әбден мүмкін.  
Мемлекетіміз  өзін  зайырлы,  құқықтық  кепілдік  беруші  республика  деп 
тапқан  сәттен  бастап,  әрбіріміздің  санамызда  барлық  идеологиялық 
құндылықтарымызды  жоғалтпау,  басты  принципіміздің  негізі  ретінде 
қалыптасуы қажет деп ойлаймыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
«Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің» актілер жинағы №46 қаулысы. Астана: 
Фолиант, 1999. 
2.
 
«Қазақстан Республикасының неке және отбасы» туралы заңы. Алматы: Жеті жарғы  2001, 45-48 б. 
3.
 
«Сборник  нормативных  правовых  актов  о  социальном  обеспечении  в  Республике  Казахстан». 
Астана: Фолиант, 2001.  С.39-40. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
ӨНЕРТАНУ 
  
 
Г.К.ШҮКІРОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ доцент. м.а. 

 
248 
ҚР Мәдениет қайраткері 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӘН АЙТУҒА  
БАУЛУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
 
В  этой  статье  рассматриваются  методы  и  способы  привития  навыков  пения  ученикам 
начальных классов. 
 
This  article  deals  with  methods  and  ways  of  introduction  of  singing  skills  to  pupils  of  primary 
education.  
 
 
Жас  жеткіншектердің  биік  өнер  шыңына,  терең  талғампаздыққа 
ұмтылуын эстетикалық тәрбие берудің, тұлғаны жан-жақты, кеңпейілділікке, 
мейрімділікке,  имандылыққа,  инабаттылыққа  талпынудың  негізгі  нысанасы 
деп түсінген жөн. Әлбетте, адамның өнерге деген ұмтылысын сана-сезімімен, 
көркемдік тұрғыда түйсінуі мен талғампаздығы арқылы байқалады. 
 Жалпы  адамзат  дамуының  заңдылықтарына  көз  жіберсек,  жеке 
тұлғаның  рухани  дамуына  өнер  мен  мәдениеттің  әсері  туралы  мағлұматтар 
ерте  кезден  бастау  алады.  Бұл  жөнінде  ұлы  ғұламалар  (әл-Фараби,  Дәуріш 
Әли  Ибн  Сина  т.б)  музыка  өнерінің  теориялық  және  тәжірибелік  негіздерін 
дамытуда маңызы зор ғылыми еңбектер, тұжырымдар қалдырды.  
 Халыққа  білім  беру  жүйесінің  үнемі  дамып,  оқу  және  тәрбие 
жұмыстарының жақсы жолға қойылып, уақыт талабына сай дамуына қазіргі 
кезде  енгізіліп  отырған  мектеп  реформасының  маңызы  зор.  Осыған 
байланысты  эстетикалық  білім  мен  тәрбие  берудің  қаншалықты  роль 
атқаратындығы  белгілі,  әсіресе  бұл  ретте,  музыка  сабағының  алар  орны 
ерекше.  Музыка  сабағы  жалпы  оқыту  жүйесінің  бөлінбес  негізгі  бір  бөлігі. 
Оның  балаларды  сезімталдыққа  тәрбиелеудегі  жан-жақты  дамуына  әсер 
етудегі  қосар  үлесі  орасан  зор.  Музыка  сабағында  балалардың  алдынан 
бұрыннан  таныс  емес,  ғажайып  дыбыстар  әлемі  көрініс  береді,  мұғалім 
оларды аталған әлем көкжиегіне жетелей отырып, шәкірттерін ести және де 
сезіне білуге, халықтың жан дүниесін туғызған өнерді түсіне білуге баулиды.  
 Музыка  сабағы  –  бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  ең  бір  әдемі,  кең 
тараған музыкалық тәрбиенің түрі. Олар ән айтуды сүйеді, жан тәнімен беріле 
орындайды,  мұның  өзі  олардың  ішкі  сезімдерін  сыртқа  шығара  білуге, 
музыканы  терең  түсіне  білуге  жол  ашады.  Музыкалық  педагогикада, 
балаларды  әнге  тәрбиелеудің  мәселелері  жөнінде  біраз  еңбектер  жазылады. 
Олардың  ішінен  көптеген  еліміздің  алдыңғы  қатарлы  педагог  вокалистерін, 
хормейстерлерін, психологтарын кездестіруге болады [1-40] . 
 Дегенмен,  осы  жолда  көптеген  еңбектер  істелді,  көптеген  жетістіктерге 
қол  жетті  дей  отырсақ  та,  балаларды  әнге  баулу  ең  бір  қиын  жұмыстардың 
бірі  болып  отыр.  Бұл  көптеген  жылдар  бойы  осы  мәселе  төңірегінде 
бастауыш   мектеп   мұғалімдерінің  «Музыка»  сабағында   жеткілікті   көңіл  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Шүкірова Г.К. Бастауыш сынып оқушыларын ән айтуға баулудың әдіс-тәсілдері 
 
 
 
бөлмеуінен болса керек. Осыған байланысты, біз өзіміздің зерттеулеріміздің 
арқауы  ретінде  бала  даусының  қыр-сырын  анықтау  мәселесін  мақсат  етіп, 

 
249 
музыка  сабағындағы  және  сыныптан  тыс  жүргізілетін  оқу-тәрбие 
жұмыстарына  тереңірек  жүгінуді  жөн  көрдік.  Мұның  заңдылығы  мен 
өзектілігі  заман  талабына  сай  жан-жақты  жетілген  азамат  тәрбиелеуге 
септігін тигізетіндігінде [1.64]. 
 Балаларға эстетикалық тәрбие беруді қазақ халқы сонау ертеден көшпелі 
тұрмыс кезінде-ақ бастаған. Қазақтың байырғы тарихын зерттеушілердің бірі 
ғалым Рольфсон өзінің «Қазақтар» (киргизы) деген еңбегінде қазақ халқының 
әнге  құмарлығын  айта  келіп:  «Әннің  қазақ  өмірінде  алатын  зор  маңызын 
басқа халықтан кездестіру екі-талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға 
әннің  көмегімен  оқытады.  Алдымен  жеке  дыбыстарды  әндетіп,  соңынан 
толық бір сөзді әнмен айтқан».  
 Қазіргі  таңда  мектептерде  жас  ұрпақты  әсемдікке  баулудың  негізгі 
құралы  –  музыка  сабағы.  Сабақта  балалар  дауысын  тәрбиелеп,  олардың 
музыкалық есту қабілетін дамытып отыру әнші-педагогтың міндеті. Мәселен, 
ән  айту  адамның  физиологиялық,  анатомиялық,  психологиялық  және 
педагогикалық қасиеттерін қамтумен бірге, техникалық жаттығуды да қажет 
етеді.  
 Қорыта  келе  айтарымыз,  балаларды  ән  салуға  баулудың  жолдары  мен 
бағыттары өте үлкен де күрделі түсінік болып табылады. Бұл күрделі жұмыс 
тек арнайы зерттелген ән салуға баулудың жолдары мен толық кең көлемде 
қамтылған  әдістемелерінің  көмегімен  ғана  шешілуі  тиіс.  Белгілі  вокал 
мұғалімі Н.Д.Орлова былай деп жазды: «…Вокалдық – хор өнерін пайдалану 
арқылы,  балалардың  эстетикалық  тәрбиесін қалыптастыруда сәттілікке  жету 
үшін, ән сабағының мұғалімі немесе балалар хорының жетекшісі әнді үйрету 
барысындағы балаға қоятын талаптары мен міндеттерін қатаң сақтай отырып, 
баланың дауысының даму жолдарын және ерекшеліктерін жан-жақты білуге 
міндетті… өте ерте жастан бастап, баланың музыкалық эстетикалық тәрбиесі 
мен вокалдық-техникалық дамуы үнемі үздіксіз, бірін-бірі толықтыра жүріп- 
тұруы тиіс» [3.50].  
 Адамның  жан  дүниесімен  өнер  таңдау  жолын  қалыптастыруда,  ұстаздың 
еңбегі  құнды  да  сарқылмас  бай  қазына.  Бұл  жансақ  басу  мен  қателесуді, 
шалағайлықпен  немқұрайлықты  болдырмайтын,  үлкен  жауапкершілікті  талап 
ететін еңбек. Музыка сабағының мұғалімі бүгінгі таңдағы мектепте тек өз пәнінің 
білгірі ғана емес, тәрбиеші әрі жетекші болуы керек. Себебі, оның жан сарайында 
қалыптасқан көрегендігі, бойында жұмбақ сыр тұнған адам жанын түсіне білетін 
сезімталдығы, әр оқушыны өзіне баурап алатын ерекше қасиеті болып табылады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Методические рекомендации к урокам музыки в общеобразовательной школе. М.: Музыка, 1971. 
2.
 
Воспитание музыкой. Алматы: Мектеп, 1983. 
3.
 
Орлова Н.  Детский голос. М.:  Педагогика, 1970.  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
А.Ы.ЖҰМАШ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доцент м.а. 
 
ДАУЫСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 
250 
 
В статье рассматриваются некоторые проблемы постановки голоса и голосового аппарата. 
 
The article deals with some problems of voice training and vocal device. 
 
Сөйлеу  жүйесінің  барлық  мүшелерінің  координациясы  балалық  шақта 
қалыптасып,  есейгенде  автоматты  түрде  жұмыс  істей  бастайды.  Осыдан  әрі 
өрбітсек  –  әнші  дауысының  қойылуы  сөйлеу  тәсілін  ән  салу  тәсілінен 
айрықша ерекшелендіреді. Себебі, әншінің дауысын қою үдерісінде әншінің 
күнделікті  тұрмыста  сөз  сөйлеу  тәсілінен  ерекше,  әнші  дауысында  жаңа 
қабілеттер  қалыптасады.  Бірақ,  ән  салу  адамның  тұрақты  іс-әрекетіне 
жатпайды және қаншама әнқұмар әнші болса да, оның өз ғұмырында салған 
әнінен – сөйлеген сөзінің артық болуы дау тудырмасы анық. Ал, драма театр 
актёры  сөзді  өмірде  де,  сахнада  да  сөйлейді.  Сахнадан  драматург  мәтінін 
орындап  әрекет  еткен  актёр,  өзінің  табиғи  дауысын  пайдалана  жүріп  ол  өз 
дауысының  кемшіліктері  мен  мүмкіндіктерін  көбінесе  байқамайды  да, 
өйткені  оның  күнделікті  тұрмыстағы  тосын  жағдайлар  кезінде  дауыс 
аппаратына мән бермейтіндігі сөзсіз. 
Дауыспен  жұмыс  істеу,  дауысты  кәсібилендіруді  вокалдағыдай  «дауыс 
қою»  деп  емес,  қайта  кәсіби  жұмыстағы  дауыстың  табиғи  мүмкіндіктерін 
тәрбиелеу, анықтау деп атаған дұрыс болар деген ойды ұстанамыз. 
Табиғи дауыстың кемшіліктерін жоя  отырып,  оны  сахнадан көрерменге 
таза,  анық  дыбысталуына  қол  жеткізу  –  уықытты  әрі  табанды,  қажырлы 
еңбекті қажет ететін үдеріс. 
«Актёрдың  дауысы  зор,  икемді,  барынша  кең  диапазонды  және  сахна 
мен көрермен залында кез келген жағдайда төзімді болуы керек...» [1.103]. 
Актёрдың  шығармашылық  мүмкіндігі  әрине  тек  оның  әдемі  дұрыс 
қойылған дауысымен шектелмесі анық. Мұнан түйіндеріміз: 
1.  Сахнадағы  актёр  дауысының  дыбысталуы  оның  сахнадағы  іс-
әрекетінен бөлек қарастырылмауы қажет; 
2.  Келешек  актёр дауысының  тәрбиеленуі,  оның  актёрлық  шеберлігімен 
үнемі ұштасып тұруы қажет; 
3.  Дауыс  аппаратымен  жүргізілген  жұмыс  тек  дауысты  тәрбиелеу  үшін 
ғана жүргізілмеуі тиіс; 
4.  Дауыс  аппаратын  тек  арнайы  жаттығулармен  ғана  шынықтырмай, 
сонымен  қатар  көрерменге  арналған  мәтіндермен  де  терең  жұмыс  істеу 
қажет. 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Жұмаш А.Ы. Дауыспен жұмыс істеудің кейбір ерекшеліктері 
 
 
 
Әрине  дауыс  айқындылығының  деңгейі  оның  табиғи  мүмкіндігіне 
байланысты, бірақ үздіксіз шыныққан дауыс аппаратының төзімділігі артып, 
сөзсіз жоғары кәсіби деңгейге көтеріледі. 

 
251 
Ерекше  ескеретін  жайт:  тек  ауруға  шалдықпаған  дауыс  аппаратымен 
ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын қаперде сақтау қажет. 
Жақсы  шыныққан  адам  денесі,  оның  барлық  дене  мүшелеріне  де,  және 
сонымен  қатар  дауыс  аппаратына  да  игі  әсерін  тигізеді.  Шыныққан  адам 
денесі,  өз  бұлшы  қеттерін  оңай  басқара  алады,  ал  мұндай  жағдайда  дыбыс 
табиғи  дыбысталады.  Мысалы:  актёрдың  сахнада  жүгіруі,  секіруі,  аунауы, 
бүгілуі, шалқаюы, отыруы, жатуы, серіктесіне немесе көрерменге теріс тұрып 
кейіпкер мәтінін орындау секілді әр түрлі физикалық қимыл-қозғалыстар. 
Болашақ актёр-студенттермен Сахна тілі сабағында дем алу және дауыс 
аппаратын шынықтыруға арналған жаттығуларды орындату барысында жасы 
17-20 
жас  шамасындағы  ұл-қыздардың  көбіне  дене  мүшелерінің 
қалыптаспағандығы, олардың бүкірейіп еңсесін көтермей жүретіндігін сабақ 
барысында  ерекше  назар  аудару  қажет.    Ал  ұлдардың  бұл  жаста  әлі  де 
дауыстарының  қалыптасып  үлгермеуіне  байланысты  дауыс  күші  мен  кеуде, 
бас арқылы дыбысталу деңгейі жеткіліксіз. Бұл жайттардың барлығын сабақ 
барысында  қаперде  ұстау  қажет,  себебі  дауыс  аппаратымен  жұмыс 
барысында қателік кететін болса дауысқа қатер төніп, студент дауысынан да 
айрылып қалуы мүмкін. 
Енді  бір  тоқтала  кететін  мәселе  болашақ  актёр-студенттің  жалпы 
гигиенасы.  Әрине  гигиенаны  сақтау  әрбір  адамның  ағзасына  қажет,  ал 
болашақ  актёр-студент  үшін  гигиенаны  сақтау  бұлжымас  заңдылыққа 
айналуы тиіс.  
Темекі шегуден, алкогольдік ішімдіктерден бас тарту, уақытылы ас жеп, 
уақытылы  тыныққан,  денсаулығы  дұрыс  –  болашақ  актёр-студенттің 
ағзасымен үйлесімді дұрыс дамыған дауыс аппаратының қалыптасуына үлкен 
ықпал тигізеді. 
Дауыс мүмкіндігінің дамуы, жан-жақты сан-алуан қабілеттердің жаңадан 
ашылуы  мен  қалыптасуы  сөйлеу  және  дауыс  аппаратының  табиғи 
мүмкіндігінің  бөлек-бөлек  -  болашақ  актёр-студенттің:  нерв  жүйесіне,  есту 
қабілетіне, дарындылығы мен ең бастысы еңбекқорлығына тәуелді. 
Сондықтан  деммен,  дауыс  аппаратымен  жұмыс  істеу  сан-алуан 
тәсілдерді  үйреніп,  дауысты  кәсіби  ету  ғана  емес,  ол  болашақ  актёрдың 
Актёрлық  қабілетін  дамыта  отырып  оның  сөйлеу  аппаратымен  жұмысты 
ұйымдастыру. 
Дем және дауыс аппаратымен жоғары оқу орынында дұрыс жүргізілген 
жұмыс, кейін болашақ актёр-студенттің сан-алуан театрдағы шығармашылық 
өмірінде  жалғасын  табуы  тиіс.  Актёрлық  өнер  мамандығына  маманданушы 
студент ЖОО қабырғасында білім алу барысында: дауысты дамытуда қажетті 
бағыт-бағдар алдым, дем мен дауыс аппаратымды қалыптастырдым, енді  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Жұмаш А.Ы. Дауыспен жұмыс істеудің кейбір ерекшеліктері 
 
 
 
мендегі даму үдерісі шыңдалды деп есептесе – ол үлкен қателік болып табылады. 
Деммен,  дауыс  аппаратымен  жұмысты  болашақта  театрдағы  шығармашылық 
өмірінде де жалғастырып шынықтыру қажет. 

 
252 
КСРО  мен  Қазақстанның  халық  әртісі,  КСРО  мен  Қазақстанның 
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, аяулы ұстазым Хадиша Бөкеева 
сабақ  үстінде  үнемі  актёр  тілінің  тазалығы  жайлы  айтып,  біздің  осы  мәселеге 
атүсті қарамауымызды айтатын. 
Бірде  өзінің  театрдағы  шығармашылық  өмірінен  бір  оқиғаны  айтып  берді: 
«Абайдың  сахнаға  қойылып  жатқан  сәті  болатын,  репетицияны  өзі  қадағалап, 
қарап  отырған  Мұхтар  Омарханұлы  Әуезов,  бір  актёрдың  сөйлеген  сөзінің 
анықтылығына  көңілі  тоймай:  «Егер  актёрдың  сөйлеген  сөзі  көрерменге  толық 
және  анық  жетсе,  онда  сахнаға  қойылған  шығарма  өзінің  75%  пайыз  міндетін 
атқарғаны»,  -  деп  айтқан  болатын»,  -  деген  еді.  Бұдан  заңғар  жазушының 
актёрдың  сахнадағы  анық  әрі  таза  тіліне  берген  жоғары  бағасын  аңғарамыз. 
«Театр эстетикасында сахна тілі ерекше орынға ие...» [2.33].  
Дем  және  дауыс  аппаратымен  үнемі  жұмыс  істеу  үшін  болашақ  актёр-
студент оның құрылысын, дыбыстың қалай туындайтынын білу қажет. Әрине біз 
бұл дем алу, дыбыстың туындауы секілді үдеріске егжей-тегжейлі тоқтамасақ та, 
негізгі  мүшелер  мен  олардың  қызметі  жайлы  болашақ  актёрдың  толық 
мағлұматы болуы тиіс. 
Жалпы дыбыс тудыруға мына төмендегі ағза мүшелері қатысады: 
1.
 
Көмей мен дауыс желбезегі; 
2.
 
Жұтқыншақ пен оның бұлшық еттері
3.
 
Мұрын мен мұрын қуысы; 
4.
 
Ауыз қуысы; 
5.
 
Астыңғы жақ, еріндер мен мимикалық бұлшық еттер; 
6.
 
Кеңірдек, бронхылар мен өкпе; 
7.
 
Кеуде бұлшық еттері, іштің бұлшық еттері мен диафрагма. 
Өкпеден  шыққан  дем  кеңірдек  арқылы  көмейге  келіп,  дауыс  желбезегінің 
көмегімен  дыбысқа  айналады.  Көмейде  туған  дыбыс  жұтқыншақ,  ауыз  қуысы 
мен  мұрын  қуысында  қалыптасады.  Мысалы:  А  әрпі  айтылғанда  жұтқыншақ 
жиырылып кішірейсе, У әрпі айтылғанда ұлғаяды. Ауызекі тіліміздегі дауысты-
дауыссыз дыбыстарды айтарда, жұтқыншақ қаншама күрделі жұмыс атқарады.  
«Күнделікті  жүйелі  жаттығу  дауыс  аппаратын  күшейте  шынықтыруға, 
олқылықтан  сақтауға,  шығармашылық  үдеріске  дайындауға,  айтылған  сөз 
айқындылығына  әсер  етуге,  келешек  актёр  тілінің  кәсіби  сапалылығының 
деңгейін ұзақ мерзімге созуға көмектеседі» [3.6].  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Тұранқұлова Д.Т. Сырлы сөз – сахна сәні. А.: Білім, 2003.  
2.
 
Петрова А.Н. Сценическая речь. М.: Искусство, 1981.  
3.
 
Жұмаш А.Ы. Мұқам. А.: Абай атындағы АМУ-дің компьютер-баспа орталығы. 2000. 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 
  
 
СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР  
ОРАЗБЕК НҰСҚАБАЙҰЛЫ НҰСҚАБАЕВ 60 ЖАСТА 
 
 

 
253 
Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық  Қазақ-Түрік  университетінің 
Социология  және  Политология
 
кафедрасының  меңгерушісі,  социология 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Оразбек  Нұсқабайұлы  Нұсқабаев  2010 
жылдың Желтоқсан айының 5-і күні 60 жасқа толады. 
Оразбек  Нұсқабаев  әлеуметтік-философиялық  ғылымдар 
саласында 
өзіндік  белгілі  бір  орны  бар  қоғамтанушы  ғалым.  Ол  1950  жылы  Желтоқсан 
айының  5-і  күні  Қазақстан  Республикасының  оңтүстік  өңірінде  орналасқан 
бұрындары Отырар кенті, ал бұл күндері Шәуілдір селосы деп аталатын ауылда 
шаруа  отбасында  дүниеге  келді.  1967  жылы  орта  мектепті  бітірісімен  жұмысқа 
орналасып,  аудандық  газетте  4  жыл  корректор  болып  қызмет  етті.  1971-1973 
жылдары  аралығында  әскер  қатарында  отан  алдындағы  борышын  өтеді.  1973-
1978  жылдары  аралығында  Қазақ  Мемлекеттік  университетінде  оқып,  оны 
философия мамандығы бойынша бітіріп шықты. 
Оразбек  Нұсқабаевтың  қоғамтану  ғылымына  қосқан  өзіндік  қомақты  үлесі 
бар  ғылыми  ізденістері,  белсенді  оқытушылық  және  қоғамдық  қызметі  1978 
жылы, яғни ол жас маман ретінде Орал қаласындағы педагогикалық институтқа 
жолдамамен  келіп,  Философия  кафедрасына  ассистент  болып  орналасқан 
алғашқы  күндерінде-ақ  басталды.  Осы  институтта  жұмыс  істей  жүріп 
О.Нұсқабаев  1989  жылдың  31  наурызында  Қазақ  Мемлекеттік  университеті 
жанындағы философия мамандығы бойынша диссертациялар қорғалатын К. 058. 
01.  01  мамандандырылған  Кеңесте  диссертация  қорғап,  философия 
ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  иеленді.  Ал,  әлеуметтік-
философиялық  пәндерді  оқытуда  қол  жеткізген  жетістіктері  үшін  оған  СССР 
Жоғары  Білім  беру  министрлігінің  аттестациялық  комиссиясы  өз
 
шешімімен 
1991 жылы Философия мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын берді. 
Қазақстан  өз  егемендігіне  қол  жеткізіп,  халқы  масаттанған  1991  жылы 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей жарлығымен Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи 
атында  мемлекеттік  университет  ашылды.  Жаңадан  ашылған  осы  жоғары  оқу 
орнына  жоғары  деңгейдегі  білікті  маман  оқытушы  ретінде  Қазақстан 
Республикасы  Жоғары  Білім  беру  министрлігінің  арнайы  нұсқауымен 
алғашқылардың қатарында О.Нұсқабаев та шақыртып алынды. Міне, сонан бері 
ол  осы  университетте  алғашында  біртұтас  әлеуметтік-философиялық  және 
педагогикалық  пәндер  кафедрасының,  1996  жылы  біртұтас  кафедра  бірнеше 
кафедраларға  бөлінгеннен  бері  Социология  және  Политология  кафедрасының 
меңгерушісі қызметін атқарып келеді.  
Оразбек  Нұсқабаев  университетте  жұмыс  істей  бастаған  алғашқы 
күндерден  бастап-ақ  өзін  өз  ісіне  мығым  жоғары  дәрежелі  білікті  маман,  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Социология ғылымдарының докторы, профессор Оразбек Нұсқабайұлы Нұсқабаев 60 жаста 
 
 
 
тәжірибелі педагог, іскер ғылыми қызметкер, қоғамдық жұмыстарға белсенді 
түрде  араласушы  саяси  мәдениеті  жоғары  азамат  және  қадірменді  отбасы 
ретінде  таныта  білді.  Ол  жоғары  теориялық  және  ғылыми-әдістемелік 
деңгейде  университет  студенттеріне,  магистранттар  мен  аспиранттарға 
Философия,  Социология  және  Политология  курстарынан  дәріс  оқиды. 

 
254 
Жоғары  оқу  орындары  педагогикасының  озық  оқу-методикалық  және 
әдістемелік  тәсілдерін,  техникалық  және  көрнекі  құралдарды  әлеуметтік-
философиялық  пәндерді  оқытуда  тиімді  пайдаланудың  нәтижесінде  ол 
студенттердің  қоғадық-саяси  пәндерді  оқуға  деген  ынта-ықыласы  мен 
қызығушылығын оята біледі. 
 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен 
Түркия  Республикасының  Премьер-Министрі  С.Демирел  арасында  А.Ясауи 
атындағы  Түркістан  мемлекеттік  университетіне  Халықаралық  қазақ-түрік 
университеті  мәртебесін  беру  туралы  уағдаластыққа  қол  жеткізілді. 
Университет  халықаралық  деңгейде  аттестаттаудан  (аккредиттеуден) 
өткізілді.  Университетте  жаңа,  дипломы  бітірушіге  дүниежүзінің  кез-келген 
елінде  жұмыс  істеуге  мәртебе  беретін  мамандықтар  ашыла  бастады. 
Солардың  қатарында  О.Нұсқабаевтың  ұсынысымен  Социология  және 
Политология мамандықтары бойынша халықаралық деңгейде жоғары білікті 
мамандар даярлау ісі де қолға алынды. Қазір университеттің осы Социология 
және Политология кафедрасы осы өңірдегі Қазақстанның оңтүстік облыстары 
мен  Орталық  Азия  республикалары  үшін  социолог  және  политолог 
мамандарын  даярлайтын  бірден-бір  жоғары  деңгейде  жасақталған  кафедра 
деп  орынды  аталып  жүр.  Осы  уақытқа  дейін  кафедра  200-ге  жуық 
студенттерді,  магистранттарды  және  аспиранттарды  оқытып,  еңбек 
майданына жөнелтіп үлгерді. 
Оразбек  Нұсқабаев  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен  де  белсенді  түрде 
айналысады. Ол 1996 жылдан бері Социология ғылымдарының докторы. Бұл 
ғылыми  дәреже  оған  1995  жылдың  Сәуір  айының  28-і  күні  әл-Фараби 
атындағы 
Қазақ 
Ұлттық 
университеті 
жанындағы 
Социология 
ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  диссертация  қорғау 
жөніндегі  Д14.А01.27  мамандандырылған  Кеңестің  мәжілісінде  докторлық 
диссертация қорғау нәтижесінде берілді. Ал, 1997 жылы О.Нұсқабаев оқыту 
үрдісіндегі  озық  жетістіктері  үшін  22.00.00  –  Социология  мамандығы 
бойынша профессор ғылыми атағын алды. 
Профессор  О.Нұсқабаевтың  республика  ғылымдары  мен  жоғары  оқу 
орындары  профессор-оқытушылары  арасында  беделі  өте  жоғары.  Олар 
профессор  О.Нұсқабаев  жазып  әлеуметтік-философиялық  ғылым  салалары 
бойынша баспа жүзінде жарық көрген оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу 
бағдарламаларымен,  семинар  сабақтарын  өткізу  іс-жоспарларымен  және 
сырттай  оқыту  бөлімі  студенттеріне  арналған  әдістемелік  нұсқаулықтармен  
жете   таныс.  2001  жылы   Түркістан  қаласындағы   «Тұран»  баспасында
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Социология ғылымдарының докторы, профессор Оразбек Нұсқабайұлы Нұсқабаев 60 жаста 
 
 
 
О.Нұсқабаевтың  авторлығымен  тұңғыш  рет  қазақ  тілінде  жарияланған 
«Социология»  осы  уақытқа  дейін  студенттердің  қолдарынан  түспейтін 
оқулықтардың  қатарында  аталады.  Жалпы  О.Нұсқабаев  осы  уақытқа  дейін 
баспа  жүзінде  жарияланған  7  монографияның,  2  оқулықтың,  25  оқу-
әдістемелік құралдың, 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. 

 
255 
Ғылыми  зерттеулер  жүргізуде  социология  ғылымдарының  докторы, 
профессор  О.Нұсқабаев  әлеуметтік-философиялық  ғылымның  ең  өзекті 
проблемаларын  зерттеулермен  айналысатын  ойшыл  ретінде  аты  танылған 
ғалым. Айталық, ол сонау Совет өкіметі билік құрған әрі кеңестік жүйе мен 
батыстық дамыған елдер арасында идеологиялық теке-тірес пен қырғи-қабақ 
психологиялық  соғыс  үдеп  тұрған  жылдарда-ақ  буржуазиялық  ілімнің 
адамның биоәлеуметтік мәнін түсіндіретін тұғырлық ұғым-түсініктерінің бірі 
делінгеніне  қарамастан  «Әлеуметтендіру»  ұғымын  қазақстандық  қоғамтану 
ғылымында  алғаш  рет  қолданып,  ғылыми  айналымға  батыл  ендіре  білген 
ғалым.  «Әлеуметтендіру»  ұғымының  мәні,  құрылымы,  сипаттамалық 
белгілері  әрі  бұл  ұғымның  «тәрбие»  мен  «білім  беру»  ұғым-түсініктерінен 
айырмашылығы және  әлеуметтендіру  үрдісінің жаңадан  өмірге  келген әрбір 
ұрпақты қоғамдық өмірге бейімдеп, қосудағы орны мен рөлі О.Нұсқабаевтың 
1984  жылы  Алматы  қаласындағы  «Қазақстан»  баспасынан  жарық  көрген 
«Дүниеге  ғылыми  көзқарас  және  жастар»  (127  бет)  атты  монографиялық 
зерттеуінде  алғаш  рет  жан-жақты  қарастырылып,  талданған  болатын.  Осы 
мәселелерге  қатысты  ой-пікірлерін  одан  әрі  сабақтай  түскен  О.Нұсқабаев 
1997  жылы  «Мектеп  жас  ұрпақты  әлеуметтендіру  институты»  (Алматы, 
«Қазақстан»  баспасы,  152  бет)  атты  екінші  кітабын,  2003  жылы  «Студент: 
әлеуметтік  бітімі,  көзқарастық  бағдарлары»  атты  (Түркістан,  «Тұран» 
баспасы,  132  бет)  үшінші  кітабын  жариялады.  Қазір  ғалымның 
әлеуметтендіру мәселелеріне арналған кешенді зерттеулері «Әлеуметтендіру» 
деген  атпен  1000  беттік  кітап  болып  Алматы  қаласындағы  «Қазақстан» 
баспасында  шығарылуға  дайындалуда.  Кітапта  ертеңгі  күні  ел  тұтқасына 
айналар,  ал  бүгінгі күні әлі  жеткіншек  шақтағы  ұрпақты  оқытып,  тәрбиелеу 
негізінде  белгілі  бір  тәртіпке  келтіріліп,  жинақталған  қажетті  ғылыми 
білімдерді, құндылықтарды және мінез-құлық нормаларын меңгерту арқылы 
оларды  біртіндеп  Егеменді  Қазақстан  өміріне  қосудағы  әртүрлі  әлеуметтік 
институттардың қызметі талданып, сараланған. 
Қоғамдық  өмір  сан  қырлы,  сала-сала.  Онда  көріністері  бір-бірінен 
ажырағысыз,  бір-біріне  кіріге  байланысқан  әрі  мың  құбылған  өмір 
құбылыстары,  тіршілік  иірімдері.  Шындап  қарағанда  оларды  бір-бірінен 
ажыратып,  бөліп  алу  мүмкін  емес  сияқты.  Дегенмен,  ғылым  өмір 
құбылыстары мен үдерістерінің мәнін, олардың өмірдегі орны мен қызметін 
анықтау  үшін  олардың  әрқайсысын  жеке-жеке  бөліп  алып  талдайды.  Онсыз 
заттардың,  өмірлік  құбылыстар  мен  үдерістердің  мәнін,  өздеріндей  басқа 
заттармен,  өмірлік  құбылыстармен,  үдерістермен  араларындағы байланыстары
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Социология ғылымдарының докторы, профессор Оразбек Нұсқабайұлы Нұсқабаев 60 жаста 
 
 
 
мен  айырмашылықтарын  түсіндіру  мүмкін  емес.  Осыны  терең  түсінген 
О.Нұсқабаев  әлеуметтендіру  үрдісін  зерттеулермен  қатар  қоғамдық  өмірдің 
басқа  салаларында  да  жүріп  жатқан  терең  әлеуметтік    мәні  бар  құбылыстар 
мен  процестердің  мән-мағыналарын  анықтауларға  да  зер  салып  отырады. 
Оның  дәлеліне  О.Нұсқабаев  жарияланған  жастар  арасындағы  қылмыстың 

 
256 
алдын-алу,  есірткіге  қарсы  күрес,  қылмыс  социологиясы,  адамгершілік 
социологиясы,  девианттық  мінез-құлық  мәселелері  өзектелген  тұщымды  да 
мазмұнды  еңбектерді  атауға  болады.  Осылармен  қатар  О.Нұсқабаевтың 
қаламынан  туындаған  білім  беру,  кәсіптік  бағдар  мен  кәсіпшілдікке  баулу, 
орта мектеп пен жоғары оқу орындарының қызметтерінде орын алып отырған 
кемшіліктер  мен  жетістіктер  сараланған  өткір  талдаулар  оны  Білім  беру 
социологиясы  мамандығы  бойынша  жоғары  дәрежелі  білікті  маман  ретінде 
көпшілікке таныта алды. 
Оразбек  Нұсқабаев  өнегелік  тағылымы  мен  толғандырар  оң 
толғаныстары  мол,  саналық  нәрі  терең  философиялық  зерттеулерге  де  ден 
қойған  қоғамтанушы  ғалым.  Оның  қаламынан  туындаған  «Мұсылмандық 
шығыстағы  әлеуметтік  философия»  атты  тақырыпты  қамтыған  кешенді 
зерттеулер,  суфизмнің  мәні,  оның  басқа  философиялық  ағымдардан 
айырмашылығы  сипатталған,  құрылымдық  жүйесі  нақтыланған  мақалалар, 
Жалал-ад-дин Румидің философиялық дүниетанымы, қазақ философтарының 
көзқарастық  ұстанымдары  туралы  ой  толғаулары  қазақтың  философиялық 
ой-санасы дамуының бір қырын көрсете алатын тың туындылар. 
Социология  ғылымдарының  докторы,  профессор  О.Нұсқабаев  жоғары 
дәрежелі білікті маман, тәжірибелі педагог, қарымды ғылыми қызметкер ғана 
емес,  сонымен  қатар  ол  халық  шаруашылығы  үшін  берер  пайдасы  мол 
ғылыми  істерді  ұйымдастырушы  да.  Сөзіміздің  дәлеліне  О.Нұсқабаевтың 
ұйымдастыруымен  әрі  жетекшілігімен  қаржылық  тапсырыс  бойынша 
кафедра  мүшелерінің,  магистранттар  мен  аспиранттардың  бірнеше 
қолданбалы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізгендігін  әрі  бүгінгі  күндері  де 
жүргізіп  келе  жатқандығын  мысалға  келтіруге  болады.  Айталық,  кафедра 
мүшелері  Дүниежүзілік  банктің  ғылыми-зерттеулер  жүргізу  қоры  грантын 
ұтып  алып,  Қазақстанның  оңтүстік  өңірлерінде жүргізілген  төмендегілердей 
зерттеу жұмыстарына атсалысты. 
1.  Ауыл  шаруашылығы  мәселелері  (фермерлік  шаруашылық  құрудың 
оңтүстік  өңірлерге  тән  ерекшеліктерін  зерделеу,  шаруашылық  құрылымдық 
өзгерістердің  мәнін  талдау,  жеке  иеліктердегі  жерлерді  тіркеу  және  т.с.с.). 
Қызылорда облысы бойынша, 2003 ж. 
2.  Қоршаған  ортаны  қорғау  (Қаратау-Түркістан  аймағы  мен  Сырдария 
өзенінің  орта  ағысындағы  қоршаған  ортаны  қорғау  және  осы  аймақта 
тұратын  халықтарды  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  мәселелері)  Оңтүстік 
Қазақстан облысы бойынша, 2005 ж.   
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Социология ғылымдарының докторы, профессор Оразбек Нұсқабайұлы Нұсқабаев 60 жаста 
 
 
 
3.  Инфрақұрылым  (Ауыз  су,  сәулеттендіру  және  транспорт  мәселелері) 
Түркістан қаласы, 2007 ж. 
4. Ауылдың әлеуметтік мәселелері: жай-күйі, жетістіктері және келешегі. 
Қазақстан социологтар Ассоциациясының тапсырмасы. 2009 ж. 

 
257 
Социология  және  Политология  кафедрасы  жақын  және  алыс  шет 
елдердегі  өз  әріптестерімен  де  бірлесіп,  ынтымақтастықта  жұмыс  істеп 
келеді.  Айталық,  кафедра  құрамына  Мюнхень  Гладбах  (Германия), 
Нейгмехен  (Нидерланды),  Барселона  (Испания),  Артефиде  (Бельгия) 
университеттері  енетін  Европалық  консорциуммен  бірлесе  отырып 
«Создание  программы  обучения,  переобучения  и  повышения  квалификации 
социальных  работников»  атты  жоба  бойынша  Европалық  комиссияның 
«Темпус» жобасы аясында жұмыс жүргізді. 
Бұл жобаның негізгі мақсаты университет аясында «Социальная работа» 
(«Әлеуметтік  қызметтер»)  мамандығын  негізге  ала  отырып,  келешекте 
университетімізде  республика  халқын  әлеуметтік  тұрғыдан  қорғау 
қызметкерлерінің білім мен біліктілігін арттыру институтын ұйымдастыруға 
атсалысу болды.  
Бұл күндері кафедра өзінің толық құрамында профессор О.Нұсқабаевтың 
жетекшілігімен  төмендегі  тақырыптар  бойынша  мемлекеттік  тапсырыс 
аясында  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жоспарлы  түрде  тұрақты  жүргізіп 
келеді: 
1.  Қазіргі  Қазақстан:  әлеуметтік-саяси,  экономикалық-нарықтық  және 
этникалық процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеп талдау. 
2.  Қазақстан  Республикасының  оңтүстік  өңірі  халықтары  діни 
сенімдерінің деңгейін саралап анықтау. 
Соц.ғ.д., профессор О.Нұсқабаевтың жетекшілігімен осы уақытқа дейін 2 
докторлық, 12 кандидаттық, 16 магистрлік диссертация қорғалды. Салиқалы 
ғылыми  жетекшіге  лайықты  мағыналы  зерттеулерді  саралайтын  тың 
тақырыптарды  ұсына  білу  қабілеттілігі  О.Нұсқабаевтың  жанына  талантты 
жастардың  топтасып,  қоғамтану  ғылымында  жаңа  мектептің  қалыптасуына 
себепші  болды.  Соц.ғ.д.,  профессор  О.Нұсқабаевтың  жетекшілігімен  олар 
бүгінгі таңда осы заманның көкейтесті мәселелерін зерттеумен айналысуда. 
Соц.ғ.д.,  профессор  О.Нұсқабаев  Қ.А.Ясауи  атындағы  ХҚТУ-інің 
жанынан  Түркістан  қаласында  тұңғыш  рет  ашылған  Философия  және 
Социология 
мамандықтары 
бойынша 
диссертациялар 
қорғалатын 
Мамандандырылған  кеңес  (1998-2002  жылдар  аралығында  жұмыс  істеді) 
төрағасы  болды.  Ол  бірнеше  ғылыми  басылымдардың  редколлегия  мүшесі, 
әлеуметтік-гуманитарлық  ғылым  салалары  бойынша  осы  уақытқа  дейін 
өткізілген  40-тан  астам  Халықаралық  ғылыми  симпозиумдар  мен 
конгрестердің тұрақты қатысушысы, мемлекеттік гранттар бөлінген салиқалы 
ғылыми зерттеулер жетекшісі. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Социология ғылымдарының докторы, профессор Оразбек Нұсқабайұлы Нұсқабаев 60 жаста 
 
 
 
Профессор  Оразбек  Нұсқабаев  қоғамдық  жұмыстарға  да  белсене 
қатысады.  Ол  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Жаратылыстану  Ғылым 
Академиясының  академигі,  Қазақстан  Республикасы  әлеуметтік  ғылымдар 

 
258 
академиясының  және  бірнеше  халықаралық  ғылыми  бірлестіктер  мен 
ассоциациялардың 
толық 
мүшесі, 
қалалық 
әкімшілік 
жанынан 
ұйымдастырылған социологиялық зерттеу орталығының төрағасы. 
Педагогикалық  қызметтегі,  ғылымдағы  сіңірген  зор  еңбегі  және 
қоғамдық  өмірдегі  белсенділігі  үшін  профессор  О.Нұсқабаев  әр  жылдары 
мемлекет  тарапынан  марапатталып  келеді.  Айталық,  ол  2003  жылы  ғылым 
саласына  сіңірген  еңбегі  үшін  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрлігінің  «Қазақстан  Республикасы  ғылымына  еңбегі  сіңген»  төс 
белгісімен,  2008  жылы  үздік  оқытушылық  қызметі  үшін  «Ы.Алтынсарин 
атындағы  медальмен,  2010  жылы  «Қазақстанның  білім  беру  ісінің  құрметті 
қызметкері»  төс  белгісімен  марапатталды.  Түркістан  қаласы  әкімінің, 
Өкілетті  кеңес  төрағасының  және  Университет  ректорының  бірнеше  мақтау 
грамоталарының иегері. 
Оразбек  Нұсқабаев  қадірменді  отбасы  иесі.  Әйелі  ұстаз.  Қызы  Гүлназ 
медицина  ғылымдарының  кандидаты.  Жоғары  білікті  дәрігер.  Күйеу  баласы 
Нұркен  заңгер.  Ұл  немерелері  Дәулет  пен  Азамат  мектепте  оқыса,  немере 
қызы Іңкәр 2 жаста. 
Социология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Оразбек  Нұсқабаевты 
өз  ісіне  мығым,  жолдастыққа  адал,  тұрмыста  қарапайым,  көңілі  таза  азамат 
ретінде  танитын  университет  ұжымы  ғалымды  60  жасқа  толған 
мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. 
Отбасыңызға  амандық,  өзіңізге  зор  денсаулық  және  шығармашылық 
табыс тілейміз. 
  
 
Ізгі ниетпен 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ұжымы 
 
 
 

 
259 
  
 

Document Outline

  • bookmark0
  • bookmark1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет