Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

 
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ  
АКТ-ны КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДЕ ПАЙДАЛАНУ ДАЯРЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ 
 
В  статье  рассматриваются  педагогические  условия  формирования  подготовки  будущих 
учителей  по  использованию  информационно-компьютерной  технологии  в  профессиональной 
деятельности с применением электронных учебников. 
 
This  article  deals  with  pedagogical  conditions  of  formation  of  preparation  of  future  teachers  to  use 
information computer technology in professional activity with application of electronic textbooks.
 
 
Болашақ  педагогтардың    ақпараттық  мәдениетінің  даму  деңгейі  тек 
олардың  білім  сапасынан  ғана  емес,  сонымен  қатар,  оқытушының 
ақпараттық-компьютерлік  технологиялық  құралдармен  жұмыс  істеуге 
психологиялық және кәсіби дайындығына да тәуелді. 
Болашақ  педагогтардың  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыруда  келесі 
шарттар сақталуы тиіс: 
1.  Оқу  жоспары  мен  оқу  бағдарламаларының  нақты  саладағы 
ақпараттық-компьютерлік технологиялар тенденцияларына сәйкес келуі.  
2.    Жоғары  білім  беруге    ақпараттық-компьютерлік  технологиялардың 
ендірілуі. 
3.  Студенттерде  өз  қызмет  саласында    ақпараттық-компьютерлік 
технологияларды  пайдалану  қолдану  қабілеттілігі  мен  информатика  және 
есептеу техникасы орталарын меңгеруінің кәсібилігін қалыптастыру. 
4.  Маман-педагогтардың  кәсіби  даярлығының  ақпараттық  және 
компьютерлік технологиялар аймағы бойынша жоғары деңгейі. 
5.    Заманауи техникалық (компьютерлік) қордың бар болуы. 
Философиялық  ғылымда  “шарттар”  түсінігі  заттың  оны  қоршаған  орта 
құбылыстарына  қатынасы  ретінде  анықталады.  Шарттар  құбылыс  пайда 
болатын, қалыптасып, дамитын ортаны, жағдайды құрайды. 
Ал,  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде  шарттар  –  оқу-тәрбие 
процесіндегі  студенттердің іс-әрекетінің жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз 
ететін  өлшемдердің жиынтығы.  
Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде  шарттар  студенттердің  іс-әрекетте 
(М.Е.Дуранов, 
А.Я.Найн 
және 
т.б.) 
жоғары 
деңгейге 
жетуін 
қамтамасыздандыратын 
оқу-тәрбие 
процесі 
шараларының 
жиынтығы
 
(мүмкіндіктері)  ретінде  анықталады.  Осыны  ескере  отырып,  біз  өз 
зерттеуімізде  бұл  ұғымға  былайша  түсінік  береміз:  “Педагогикалық  шарттар 
дегеніміз  –  студенттердің  ақпараттық-компьютерлік  технологияларды    (АКТ) 
кәсіби 
іс-әрекеттерде 
пайдалануда 
жоғары 
деңгейге 
жетуін 
қамтамасыздандыратын   педагогикалық  процестің  өзара   байланысы,  өзара 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Ташимова А.Л. Электрондық оқулық арқылы болашақ мұғалімдердің АКТ-ны кәсіби... 
 
 

 
180 
әрекеттестігі шаралар жиынтығы” [1,2]. 
Сондықтан,  біз  зерттеуімізде  педагогикалық  шарттар  деп  болашақ 
мұғалімдердің  АКТ-ны  іс-әрекеттерде  пайдалануда  жоғары  деңгейге  жетуін 
қамтамасыз  ететін,  өзара  байланысқан  және  өзара  әрекеттесуші 
педагогикалық процестер кешенінің өлшемі деп түсінеміз.  
Шет  және  ТМД  елдерінің  тәжірибесінен  көрініп  отырғандай, 
ақпараттандырудың  жетістіктері  мынадай    педагогикалық  шарттарда 
мүмкін болады: 
– нормативті база (негіз) жасалғанда; 
–  компьютерлендіруді  жүргізу,  яғни  жалпы  білім  беретін  мекемелер, 
компьютермен, 
АТТ 
құраушыларымен 
байланыссыз 
басқарулар 
компьютерлермен, ақпаратқа ену/ендіру құрылғыларымен жабдықталғанда; 
–  бағдарламамен  қамтамасыз  ету  жүзеге  асырылғанда,  яғни  ақпараттық 
қорлар  (жүйелік,  жалпы,  арнайы  және  оқу  бағдарламалық  құралдары, 
ақпараттық  банкілер  және  іздестіру  жүйесі,  жаттықтырушылар,  тестік 
қабықшалар  және  оларды  толтыру,  электрондық  оқулықтар,  желілік 
әдіскерлер) пайдаланылғанда;  
– техникалық қолдау көрсету жүйесін жасау, яғни телеқатынасты қолдау, 
жөндеу, шығындалған материалдарды жабдықтау және қызмет көрсету. 
Өйткені  олар,  біріншіден,  студенттердің  ақпараттық-компьютерлік 
технологияларды 
кәсіби 
іс-әрекеттерде 
пайдалануға 
даярлығын 
қалыптастырудың  өлшемдері  мен  көрсеткіштерін,  екіншіден,  даярлықты 
қалыптастыру  жүйесінің  құрылымын  және  осы  даярлықты  қалыптастыруды 
қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттарды анықтауға көмектеседі. 
Болашақ  мұғалімдердің  АКТ-ны  кәсіби  іс-әрекеттерде  пайдалануға 
даярлаудың педагогикалық шарттары төмендегідей айқындалады: 
1)  болашақ  мұғалімдердің  АКТ-ны  кәсіби    іс-әрекеттерде  пайдалану 
даярлығын  белсендендіруі  (студенттің  кәсіби  іс-әрекетте  АКТ-ны 
пайдаланудағы  жетістіктері,  проблемалық  оқыту  жағдайын  жасау, 
бейімделуі, қиындықтарды жеңе білуі, өз бетінше АКТ-ны пайдалана алуы); 
2)  болашақ  мұғалімдердің  АКТ-ны  кәсіби    іс-әрекеттерде  пайдалану 
даярлығын  қалыптастыруда  өзін-өзі  басқаруы  (оқытушы  мен  студенттің 
АКТ-ны  кәсіби  іс-әрекетте  пайдалануын  қалыптастыру,  педагогикалық 
процесте  субъектілердің  өзара  байланыс  жүйесін  қолдану,  өзара  әсердің 
болуы); 
3)  оқу  материалының  құрылымдық-модульдік  технологиясын  болашақ 
мұғалімдердің  АКТ-ны  кәсіби    іс-әрекеттерде  пайдаланудың  теориясы  мен 
практикасын жасауда  қолдануы (оқытуда модульдік технологияны қолдану, 
модуль түрінде берілген оқу бағдарламасы мен студенттің өз бетінше жұмыс 
істей алуы, оқу  материалының  мазмұны мен модульді меңгеруге бейімделуі,  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Ташимова А.Л. Электрондық оқулық арқылы болашақ мұғалімдердің АКТ-ны кәсіби... 
 
 
кері байланыстың болуы, студенттің өз бетінше жұмыс істей алуы, оқу процесін 
ұйымдастырудың икемділігі, оқу іс-әрекетінің тиімділігінің артуы). 

 
181 
Электрондық  оқулық  (ЭО)  XXI  ғасырдың  бәсекеге  қабілетті  мамандарын 
даярлауда 
ақпараттық–телекоммуникациялық 
технологияларды 
оқыту 
процесінде пайдалану дидактиканың негізгі мәселесінің бірі болып саналады. 
Электрондық  оқулықпен  оқыту  еңбек  нарығындағы  едәуір  өзгерістерге,  
қажетті  маманға  қойылатын  талаптардың  өсуіне,  мамандықтардың  қарекетіне 
ақпараттық  технологияларды  ендіруіне  т.б.  жағдайларға  байланысты  
жетілдірілуде.  
Л.Х.Зайнутдинованың  зерттеулерінде  электрондық  оқулықтарды  жасаудың 
технологиясы  ұсынылған.  Ол  теориялық  ұғыну  әдісін  қолдануға  негізделген. 
Онда  оқу  ақпараты  қолданушының  сұранысы  шамасы    бойынша  экранда  
жинақталады және интеграцияланады [3].  
К.Ә.Тілегенова  дәстүрлі  және  электрондық  оқулық  кітаптарының 
төмендегідей функцияларының барлығын ойдағыдай орындайды: оқыту, дамыту, 
тәрбиелеу,  сезімді  ояту,  бақылау-түзету.  Арнайы  жасалынған  бағдарламалық 
оқулық  кітаптарын  пайдаланғанда  бақылауға,  түзетуге,  білімге  диагноз  қоюға, 
іскерлікке байланысты сұрақтар тиімді түрде шешіледі деп есептейді.  
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар (ЖАКТ) жағдайындағы 
оқу үдерісі – электрондық оқулықтармен (ЭО) Интернет-технологиясын кеңінен 
қолдана  отырып  білімді,  іскерлікті  және  машықтықты  меңгеретін  күрделі 
процесс,  ол  студенттің  ой-өрісін,  жігерін,  күш-қайратын  қажет  етеді  және 
олардың дамуына жағдай жасайды [4]. 
А.Ю.Уваров  оқыту  процесінде  педагогикалық  дизайнды  көрнекі  құрал 
ретінде  қолдануды  қарастырды.  Ол  педагогикалық  дизайнның  төрт  деңгейін 
көрсетті:  курс  жүйесінің  деңгейі,  сабақтың  деңгейі,  педагогикалық  шарттың 
деңгейі, оқу қадамының деңгейі [5]. 
А.И.Тажигулова өз зерттеулерінде педагогикалық принцип жүйесі негізінде 
кәсіптік  білім  берудің    жалпы  білім  беру  компоненттері  бойынша  электрондық 
оқулықтарды өңдеуді қарастырған [6]. Сонымен бірге, ЭО-ты құрудың төрт өзара 
байланысты компоненттерін ұсынады: 
– мотивациялық-тұтастық; 
– мазмұндық; 
– операциялық; 
– нәтижесін бағалаушылық. 
Жоғарыда  аталған  педагогикалық  шарттарға  қосымша    болашақ 
мұғалімдердің АКТ-ны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлауға байланысты 
(Интернеттегі  материалдар  негізінде)  арнайы  төмендегідей  дидактикалық 
шарттарды игерген жөн сияқты:    
1. 
Бейімділік  шарты.  Электрондық  оқулықты  студенттің  жеке 
мүмкіндіктеріне  байланысты  бейімдеу.  Бұл  –  білім  мен  іскерлікті    студенттің 
психологиялық  ерекшеліктеріне  қарай  оқыту  үдерісінде  бейімдеу.  Бейімделудің 
бірінші  деңгейі  материалды  меңгерудің  өзіне қолайлы түрін таңдау мүмкіндігі, 
екіншісі  студенттің  жағдайын  диагностикалау,  үшіншісі   студенттер  үшін
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Ташимова А.Л. Электрондық оқулық арқылы болашақ мұғалімдердің АКТ-ны кәсіби... 
 
 
бағдарламаны қолданудың бірнеше нұсқасын жасаумен сипатталады. 

 
182 
2.  Оқытудағы  интерактивтілік  шарты.  Оқыту  үдерісінде  студент  пен 
электрондық  оқулық  арасында  өзара  байланыс  болуы  тиіс.  ЭО  интерактивті 
диалогты немесе кері байланысты қамтамасыз етуі керек. Интерактивті диалогты 
ұйымдастырудың  негізі  шарты  электрондық  оқулықты  қолданушы  студенттің 
кері әсері қажет. 
3.  Компьютерлік  визуалдық  шарты.  Бұл  шарт  бойынша  қазіргі  заманғы 
ақпараттық 
бейнелеу 
құралдары 
мүмкіндіктерін 
(компьютерлер, 
мультимедиалық  проектор,  виртуалдық    құралдар,  қажетті  бағдарламамен 
қамтамасыздандыру),  оқу  ақпаратындағы  электрондық  оқулықтың  сапасын 
салыстырып талдау. 
4.  Интеллектуалдық  потенциалын  дамыту  шарты.  Электрондық  оқулық 
арқылы  әртүрлі  ойлау  түрлерін  (алгоритмдік,  көрнекі  бейнелеу,  рефлекстік, 
теориялық),  қиын  жағдайларда  тиісті  шешімдер  қабылдау,  ақпаратты  өңдеу 
біліктіліктерін қалыптастыру.  
5. 
Құрылымдық

функционалдық 
байланыс 
шарты
Электрондық 
оқулықтағы барлық қажетті оқу материалдарын көрсету. 
6. Оқытудың дидактикалық циклінің үзіліссіздігін қамтамасыз ету шарты
Электрондық оқулықты қолдану барысында оның дидактикалық циклінің барлық 
аралықтарының мүмкіндіктерін көрсету болып табылады. 
Қолданылған ЭО–ның артықшылықтарына    мыналар жатады: 

 электрондық оқулықпен жұмыс істегенде  пайдаланушы оның әр түрлі 
режимін таңдай алуы

 оқу элементтерімен интерактивті байланыстың болуы; 

  студенттердің  білім  деңгейін  тексеруді  автоматтандыру  арқылы    
жүйелеу; 

 оқулықтың толық көлемдегі мультимедиалық безендірілуі. 
Электрондық  оқулықты  жасау  кезінде  біз  даралап  оқытуға,  сабақтың 
көрнекілігін кеңейтуге, студенттерге белгілі бір іс–әрекет тәсілдерін меңгертуге, 
оқытуды 
рефлексивті 
(шартты) 
басқаруға, 
студенттердің 
арасында 
рефлексациялық  қатынасты  дамытуға  мүмкіндік  беретін  психологиялық 
аспектілерді басшылыққа алдық. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
7.
 
Дуранов  М.Е.  Теоретические  и  методические  предпосылки  формирования  направленности 
личности 
/М.Е.Дуранов, 
Т.Н.Третьякова, 
М.И.Дуранов. 
Челябинск: 
Южно-Уральский 
государственный университет, 2000. – 82 с.  
8.
 
Найн А.Я. Общенаучные понятия в педагогике //Педагогика. 1992. № 7-8. С.15-19. 
9.
 
Зайнутдинова Л.Х. Создание и применение электронных учебников (на примере общетехнических 
дисциплин): Монография. Астрахань: ЦНТЭП, 1999. 

С.251. 
10.
 
Тілегенова  К.Ә.  Электрондық  оқулық  негізінде  орыс  бөлімдеріндегі  студенттерге  қазақ  тілін 
оқытудың  дидактикалық  шарттары:  п.ғ.к.  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  автореф., 
Алматы, 2007. – 26 б. 
11.
 
Уваров  А.Ю. Электронный учебник: теория и практика. М.:УРАО, 1999. 

С.243. 
12.
 
Нургалиева  Г.К.,  Тажигулова  А.И.  Опыт  и  перспективы  информатизации  образования  //Вестник 
НЦП им.Абая. №27. 

С.24. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
А.Қ.МЫРЗАХАНОВА  
 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ізденушісі 
 

 
183 
ТІЛДІ ГАЗЕТ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
 
В  статье  говорится  о  важности  использования  газетных  текстов  в  качестве  материала  для 
создания учебного пособия по лингвокультурологии. 
 
The article deals with the importance of presenting newspaper texts as  the resource for creation of a 
new textbook in Linguistics and Culturology. 
 
      
Әдіс  –    мақсатқа  жету  тәсілі  екені  белгілі  [1].  Оқыту  әдістері  –  оқыту 
үдерісінде  қабылдаулар мен  жеткізіп  түсіндіре  білудің    бірігуінен  көрінетін 
оқытушы  мен  оқушының  арасындағы  қарым-қатынас.  Бүгінгі  таңдағы  
оқытуда   оқыту үдерісі
  
оқытушы мен оқушылардың үйренушілердің белгілі 
бір  білімді,  дағдыны,  қабілетті  игеруге  деген  мақсатынан  құрылған 
арақатынасы.  Оқыту әдістерін зерттеушілерде кездесетін проблеманың көбі  
«әдіс»  түсінігі  көп  қырлы  болғандықтан,  оқыту  әдісі  әрбір  жағдайда 
оқытушы  арқылы  конструкцияланып  отыруы  керек.  Кез-келген  оқыту 
қызметі актісінде  үнемі бірнеше әдістер үйлеседі. Әдістер үнемі педагогтар 
мен  оқушылардың  өзара  әрекеттерін  жан-жақты  көрсете  отырып,  бір-біріне 
өзара кірігіп кетеді. 
Дидактикада мынадай заңдылық орнаған: оқытушының таңдаған оқыту 
әдістері қаншалықты көп аспектіден құрылған болса, оқу үдерісі барысында 
соншалықты  жоғары  және  сапалы  оқу-тәрбие  нәтижелері    көрініс  табады, 
және де аз уақыт ішінде.  
      Оқыту  әдістерін  үйлестіру,  таңдау  барысында  келесі  критерийлерді 
басшылыққа алуымыз керек:     

 
Әдістердің оқу принциптеріне сәйкестігі. 

 
Оқу мақсаттары мен тапсырмалар сәйкестігі. 

 
Берілген тақырыптың мазмұнына сәйкестігі. 

 
Оқу мүмкіншілігінің  оқушылардың: жас ерекшелігі, психологиялық,; 
дайындық деңгейіне   (білімділігіне, тәрбиелілігіне және дамуына) 
сәйкестігі. 

 
Оқуға кеткен уақыт пен қолдағы бар шарттардың сәйкестігі. 

 
Оқу көмекші құралдарының мүмкіншілігіне сәйкестігі. 

 
Оқытушылардың  өздерінің  мүмкіншіліктерге  сәйкестігі.  Бұл 
мүмкіншіліктер  олардың  тәжірибелері,  талапшылдық  деңгейі,    билік 
доминанттығының  өзгеше  ерекшеліктері,  педогогикалық  қабілеті,  сондай-ақ 
оқытушының жеке қасиеттері арқылы анықталалды. 
      Өзге  тілді  үйрету  әдістемесінің  тарихында  барынша  орынды  оқыту 
әдістерінің  өте  көп,  сан  түрлі  әрекеттері  көрініс  тапқан.  Ең  ежелгі  әдіс, 
баланы өз тілінде  сөйлеуге  жаңадан  үйретудегі әдістен  еш  айырмашылығы  
жоқ,  табиғи  әдіс  болып  табылады.  Шетел  тілі  дайын  үлгілерге  еліктеу 
жолымен,  өте  көп  қайталаулар  мен  жаңа  материалды  үйренген  сөздің
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мырзаханова А.Қ. Тілді газет
 
материалдары
 
арқылы оқыту әдістемесі 
 
 
 

 
184 
ұқсастығымен  елестетіп  айту  арқылы  игерілген.  Бұл  сөйлей  алу  мен  жеңіл 
мәтінді  оқи  алуды  үйрету    әдісі    біраз  уақыт  бойы  қоғам  қажеттілігін  ұзақ 
қанағаттандырды. Мектептердің пайда болуы мен онда шетел тілінің жалпы 
білімдік  пән  ретінде  енгізілуі  кезінде  де    тілді  табиғи  әдіспен  оқытуға 
тырысты, дегенмен кейіннен оның орнын аударма әдісі ауыстырды. 
     Заман  ағымына  қарай  бүгінде  «тіл  және  мәдениет»  деп  аталатын  жаңа 
бағыт пайда болды. Тілді мәдениеттен бөліп оқытудың мүмкін емес екендігін 
түсіндік. Тіл  –  қарым-қатынас құралы болса, қарым-қатынас тілі – сол тілді 
қолданушының  мәдениетін,  мәдени  білімін  танытатын  құрал  болып 
табылады.
          
       
Тіл  –  мәдениетті  танытушы  құрал  ғана  емес,  тілдің  бойында  оның 
(мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап 
тұратын ұлы күш ретінде анықталады. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ 
халқының  этностық,  ұлттық  мәдениеті,  негізінен  тілде  көрініс  тапқан.  Осы 
орайда  тіл  –  ұлттық  болмысымен  қалыптасқан  төл  мәдениетіміз  сақталған 
негізгі  көздердің  бірі  [1].  Бір  этностың  мәдениеті  екінші  этносқа  оның  тілі 
арқылы танылады. Ал тілдік таңбалар – рухани және материалдық мәдениетті 
сипаттаушы  таңбалар жиынтығы. Тілдегі  бірліктер  халықтың  дүниетанымы, 
болмысы,  рухани  мәдениеті,  сол  халықтың  тіршілігінен,  өмір  сүрген 
ортасынан, 
менталитетінен, 
психологиясы 
мен 
әлеуметтік-саяси 
көзқарасынан  мағлұмат  беретін  ұлттық  құбылыс  болып  табылады.  Тілдік 
таңба – мәдениеттің феномені, ұлт мәдениетінің көрінісі ретінде ғылымда әлі 
де  зерттелмей  келеді.  Тіл  -  рухани  күш,  демек  тілдік  таңбалар,  яғни 
таңбалаушы, таңбаланушы және объект арқылы адам кез келген құбылысты 
қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады [2]. 
         Тіл  –  мәдениеттің  қайнар  көзі,  мәдениеттің  құрастырушы  бөлігі, 
сонымен қатар тіл мәдениетті танытудағы негізгі құрал, себебі біз сол арқылы 
мәдениетті  меңгереміз.  Тіл  мәдениеттің  жалпы  сипатын  танытады.  Негізгі 
ақпаратты сақтайды, жинақтайды, таратады. Осыған сай тіл әрбір этникалық 
қоғамдастықта  этностың  мәдени  ерекшелігін  танытатын  фактор  ретінде, 
мәдениеттің  тіл  арқылы  ұрпақтан  ұрпаққа  жетуін  қамтамасыз  етеді. 
Осылайша,  ұлтты  бір  тұтастырып,  бүтіндігін  сақтайды.  Мәдениет  арқылы 
тілімізде  этномәдени  ақпараттар  қалыптасады.  Олар  рухани  мәдениет  және 
материалдық  мәдениет  формасында  таралады.  Қандай  да  болмасын  заттың 
атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. 
 
Лингвомәдениеттану  негізінде  ұлтқа  тән  мәдени-танымдық  жүйенің 
қалыптасуын анықтауға болады. Ол бұндай зерттеулерге тілдің кумулятивтік 
қызметі негіз болады. Ал  дүниенің  тілдік  бейнесіндегі  ұлттық  сипатты 
айқындаушы  лингвомәдени  көрсеткіштерді  тіл,  мәдениет,  өркениет 
ұғымдарының өзара байланысы тұрғысында қарау қажет. 
Әр  халықтың  басынан  кешкен  тарихы, бүкіл  рухани, мәдени байлығы, 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Мырзаханова А.Қ. Тілді газет
 
материалдары
 
арқылы оқыту әдістемесі 
 
 
 

 
185 
болмысы,  дүниетанымы,  өмір  тіршілігіне,  күнделікті  тұрмысына  қажет 
бұйымдары,  әдет-ғұрпы,  салт-санасы,  талғамы,  т.б.  сол  тілде  таңбасы  емес, 
дүниенің  тікелей  бейнесі  емес,  оның  біздің  санамызда  тілдік  шығармашылық 
процесс  нәтижесінде  туған  бейнесі,  яғни  «дүниенің  тілдік  бейнесі».  Осыған 
байланысты  профессор  А.Салқынбай:  «Әлем  бейнесінің  бүкіл  көрінісі  мен 
қоғамдық  сана  қалыптастырған  ұғымдарын  бейнелейтін  тіл  –  адамзат 
танымының  феномені.  Тіл  –  тек  қарым-қатынас  құралы  ғана  емес,  адамзат 
дүниетанымы  мен  сананы  қалыптастырып,  дамытуға  қызмет  ететін  күрделі 
құрылым. Тіл ұлттық мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып қана қоймайды, 
бүкіл мәдениет пен танымның негізі саналады. Мәдениет тіл арқылы жүйеленіп, 
қалыптасып  дамиды.  Тілдің  қоғамдағы  рөлі  қарым-қатынас  жасау  сипатымен 
ғана  шектелмейді,  адам  ойының,  санасының  жетілуі  мен  дамуына  да  ықпал 
етеді» - дейді
 
[3].
 
Қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып отырған тілді сол 
халықтың  мәдениетінен  бөлек  оқытуға  болмайды.  Орыс  тілінің  академиялық 
сөздігіндегі  «мәдениет»  сөзіне  берілген  жеті  анықтамадан  біз  біріншісіне  – 
антропологиялығына 
– 
тоқталамыз. 
Яғни, 
мәдениет 
– 
адамдық 
қызметтердің,барлық жағынан (рухани, материалдық...) алғандағы нәтижелерінің 
жиынтығы. Мәдениет, бұл – дәстүрлердің, идеялар мен наным-сенімдердің, өмір 
сүру  салтының  және  ұлттық  мінез-құлықтың  жиынтығы;  бұл  –  менталитет, 
тұрмыс  (адамдар  не  жейді,  не  ішеді).  Осының  бәрі  «мәдениет»  кең  ұғымына 
кіреді. Бұдан кейін тек балет, драма ғана емес. Адам тіл үйрену барысында сол 
үйреніп жатқан тілдің әлемі туралы барынша көп білуі керек. 
 
 
Классиктер,  сонымен  қатар  –  Ожегов  тілді  «қарым-қатынас  құралы, 
адамдардың қоғамда өзара түсінісуі және ой алмасуының құралы» деп қарайды. 
Даль  тілге  жеңілірек  қарап,  оны  «өз  ойларын  жеткізуге  дұрыс  үйлестірілген 
халықтың    барлық  сөздерінің  жиынтығынаң    жатқызады.  Бірақ  тіл  белгілер 
жүйесі  және  көңіл-күй  мен  сезім  көрінісін  жеткізу  құралы  ретінде  жануарларда 
да  бар.  «Адамдықң  сөйлеу  не  істейді?  Бүгінгі  таңда  тіл  –  «тек  сөздік  қор  емес, 
сондай-ақ  адамның  өзін  бейнелеу  тәсілі».  Ол  «коммуникация  мақсатында  және 
адамның  барлық  әлем  туралы  түсінігінің  білім  жиынтығын  бейнелей  алуына» 
қызмет етеді. Батыста тіл - коммуникация мақсатында пайдаланылатын ережелер 
қосындысы  мен  белгілі  бір  үзінділерден  тұратын  «қарым-қатынас  жүйесің 
ретінде  танылады.  Батыстық    лингвистикалық  ойлаудың  маңызды  ерекшелігі  – 
тіл  түсінігін  тек  белгілі  бір  мемлекетпен  ғана  емес,  сондай-ақ  елдің  белгілі  бір 
бөлігімен,  ауданымен,  т.б.  байланысты  қарау.  Тілге  мұндай  ыңғаймен  келгенде 
тіл – ел, аймақ бөлігінің  мәдениетімен, яғни адамдардың, қоғамның белгілі бір 
тобының  әдет-ғұрыптарымен,  идеяларымен  қатар  жүріп  отырады.  Кейде 
мәдениеттің  астарында  қоғамның,  өркениеттің  нақ  өзі  туралы  түсінік  жатады.                                                                                                                                                                                                                                             
Лингво-әлеуметтік-мәдени    әдісті  жақтаушылардың  анықтамасы  тілдің  бүгінгі 
әлемдегі  мағынасы  мен  күшін  ұлғайтпайды  деп  ойлайық.  Олардың  көзқарасы 
бойынша,  тіл  –  «адамдар  тобынан  этнос  қалыптастырған;  ұлтты  мәдениет  пен 
дәстүрді  жеткізу,  сақтау;  қоғамдық  сана-сезімнің  сөйлеу  комплексі  арқылы 
құрудың    мықты  қоғамдық  құралың  болып  табылады.  Тілге  бұл  ыңғаймен келу 
мәдениетаралық коммуникация, бұл – бәрінен  бұрын  «ақпарат  алмасушы түрлі  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет