А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Г.ӨЗБЕКОВА
филология ғылымдарының кандидаты,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті
ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ЖӘНЕ САТИРА
Автор рассматривает освещение сатирических жанров в национальных изданиях в конце XIX
и в начале XX веков.
The author examines the genre of satirical coverage in national publications in the late XIX and early
XX centuries.
Әр халықтың өз тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, сан ғасырлық шежіресі
бар.
Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде әдебиетті» сөзбен өрілген өмір»
дейді. Сондықтан әдебиетіміздің бір саласы сатира – қазақ халқының әр
кездегі салт-санасының көрінісі, қоғам айнасы және күрес жолының елесі.
Сатира тарих тереңінен келе жатыр. Тамыры сонау алыс ғасырдың
қойнауында жатқан сатирамыз күні бүгінге дейін өзінің «садақ» болып
қадалатын, «шаншар» боп шаншитын, «балға» боп ұратын, «ара» боп
шағатын күшінен айрылған жоқ. Керісінше, жаңарып отырып өзіндік түр
ерекшеліктерімен бүгінгі күнге жетті. Сатира – дәуір қателіктерін түзеуге
тырысып, қоғамымызды заман талабының деңгейінде тәрбиелеуді мақсат
тұтып, белсенділік танытқан жанрлардың бірі.
Қазақ әдебиетінің бұл саласы сан жылдардың соқпағынан өтіп, түрленіп
осы күнге жетті. Бұл оның қоғамдағы рөлінің қаншалықты екенін анықтап
береді. Сонау Алдар Көсе мен Қожанасырдың заманынан бері келе жатқан
әдебиетіміздің бұл түрі әр заманда өз құндылығын жойған емес.
Халық арасында өмір сүріп келе жатқан бұл екі кейіпкердің басынан
өткергендері аңыз болғанымен, қоғам шындығынан еш алыстамаған.
Айлакер, Алдар Көсе мен Қожанасырдың қызықты оқиғалары, тапқыр да
талантты Тазша баланың әңгімелері - сол кезеңнің суретін анық көрсетеді.
Жоқ-жұқана жұрт үстем тапқа қарумен қарсыласуға өресі жетпеген шақта
оларға деген ашу-ызасын, кекті үнін әзіл-оспақ, астарлы қалжың мен
шешендік сөз өнері арқылы жеткізген. Сол арқылы үстем тап өкілдерінің
озбырлығын, қиянатын, ұрлығын, сұмдығын сынап отырған. Бұл аңыздар
ақиқатпен өріліп, қоғам қайшылықтары, еңсесі езілген қара халықтың өмірі,
көрінісі ащы күлкінің көмегімен сипатталады. Әңгімелер әр түрлі дәуірде, әр
түрлі ниет-мақсатпен айтылып, ел арасына таралып отырған. Бұлардың бір
71
тобы езгіні көп көрген қазақ халқының теңдік, бостандық іздеуінен, әділдікті
аңсауынан туған. Бұл түгелдей сатира мен юмордың көрінісі.
Әдебиеттің көрінер аренасы - мерзімді баспасөздің пайда болуымен,
газет, журналдардан әзіл-сықақ, күлкі-мысал, шағын фельетондық
шығармалар орын ала бастады. Жаңа талап – жас ақын, жазушылар сол
кездегі келелі
мәселелер – әйелдер теңдігі, жастарды тәрбиелеу істеріне
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Өзбекова Г. Қазақ баспасөзі және сатира
белсене араласып, ондағы кемшіліктерді сынайтын, ескі өмір, шіріген салт-
сананы күлкі ететін әзіл-сықақтық шығармалар бере бастады.
Осылайша қазақ әзіл-қалжыңдары кең құлаш жайып, газет пен
журналдардың бетінде көріне бастады. «XVIII ғасырда сатиралық
журналдардың шығуына байланысты Ресейде публицистика жаңа творчество
түрі ретінде қарқынды қалыпты дами бастаған... Ал қазақ публицистикасы
жаңа түр, жаңа сипат, жаңа саяси маңыз алып тарих аренасына шыққан кез –
XIX ғасырдың екінші жартысы болып саналады» [1.15]. Демек, біздің
баспасөз бетіндегі сатирамыз да сол кезден бастау алады деген сөз. Қазақ
сатирасының дамуына сол кезде әсер еткен екі жағдай. Біріншісі, қазақ
тіліндегі газеттердің пайда болуы. Онда сынау мақсатымен жазылған
фельетон әңгімелер жарық көріп отырды. Бұл газеттер баспасөздегі
сатираның дамуына өзіндік ықпал етті. Екіншіден, қазақ сатирасының
дамуына себеп болған жағдай – қазақ жеріне орыс зиялыларының жер
аударылуы. Қазақ даласына орыс халқының классикалық сатирасы да келді.
Қазақ оқығандары Толстойдың, Крыловтың, Салтыков–Щедрин сияқты орыс
ойшылдарының шығармаларымен танысты. Абай, Ыбырай сияқты
даналарымыз орыстың әлдеқайда озық туындыларын аударып, қазақ тілінде
сөйлетті. Абай қоғам мінін өлеңдер арқылы да сынайды. Ақынның «Болыс
болдым мінеки» деген өлеңі сатиралық туындыға жатады. Онда болыстықтың
қыр-сырын ашып, қатты сынға алады:
Болыс болдым, мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта май,
Қалмады елге тығындап.
Сүйтсе дағы елімді,
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлан-ғайыр
әлеуметтік өзгерістерді көркемдік әлеміне алып шығу үшін жаңа түрлі жаңа
жанрлық ізденістердің қажеттілігі туды. Дәуір келбетін жинақтап, ондағы
қайшылықтармен оқиғаларды суреттеуде кең құлашты сатираның рөлі зор
болды. Алғашқы жазба әдебиет, алғашқы сатиралық жанрлар «Түркістан
уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» беттерінен орын алды. Қазан
72
революциясының алдындағы әдеби, мәдени дамуда елеулі орын алатын
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті қазақ еліндегі елең еткізер
жаңалықтардың ортасында болды.
«Түркістан уалаяты» газеті (1870-1882) - қазақ топрағында туып, қазақ
сахарасына алғаш тараған тұңғыш газет. Әртүрлі тақырыптарға қатысты
мақалалар беріп отырған бұл газетте әртүрлі жанрлар пайда бола бастаған.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Өзбекова Г. Қазақ баспасөзі және сатира
Х.Бекхожинің айтуынша: «Тұңғыш қазақ тілінде шыққан газеттің бетінде
орыс баспасөзінің әсерімен түрлі әдеби жанрлар пайда бола бастады...»
«Бір қудың екі байды алдап кеткендігі туралы» деген әңгімеде
байлардың қомағайлығы әшкереленеді. Бір қу «базарға кісілерім көп қой
айдап келеді. Маған қарызға пәлен сом ақша бере тұрыңдар, ертең
есептесерміз» дейді. Сөйтіп оның қойларын арзан бағамен ала қоярмыз деп
сенген екі алыпсатарды алдап кетеді. Әңгіме «көз тоймаған бір айлакерге
жолығар» деген қанатты сөздермен аяқталады. Бұл фельетон жанрында
жазылған әңгіме [1.75].
Осыдан кейін сатира жанрының жазба түрі осы жылдары пайда болды
деген тұжырымның негізі бар екенін аңғарамыз. Публицистикалық жанрлар
«Түркістан уалаяты» газетінің бетінде пайда болған. Онда заметка, есеп,
фельетон, мақала, корреспонденция, хат, шолу жолсапар очеркі, портреттік
очерк, ғылыми-танымдық очерк сияқты жанрлар алғаш осы газет бетінде
көрініс тапқан.
«Дала уалаятының газеті» (1888-1902) – қазақ публицистикасының,
әдеби баспасөздің қалыптасуына үлкен әсер еткен басылым болды. Газетте әр
түрлі танымдық мақалалар жазған Отыншы Әлжанов газеттің 1901 жылғы 13
нөміріне «Алдар Көсе мен жылан» деген аңызды жариялайды. Ол мұнда
астарлап заман шындығын беруге тырысады.
Қазақ даласында қолдан жасаған әлеуметтік тәуелсіздікке Қорабай
Жапанов қарсы шықты. Ол өз мақалалары мен өлеңдерінде әйел теңсіздігін,
қазақтың шен-шекпенге үйір тобын сынға алады.
Рақымжан Дүйсенбаев газетке ертегі, мысалдар жазып, қазақ өміріне
бейімдеп жариялап отырған. «Қайырымсыз патшадан қулығын асырған уәзір
туралы», «Түйе, түлкі, қасқыр һәм жолбарыс» атты шығармаларда ақылдың
күштіні жеңгендігі туралы, қорқаулық пен жауыздық, жасырын зымияндық
жайында сөз қозғайды. «Дала уалаяты газетіне» жазушылардың ертегіні
көптеп жазуының себебі, онда астарлап болса да Ресейдің отарлық саясатын,
бейбастық әрекеттерін сынға алу. Бұл халыққа өз ойын жеткізетін бірден-бір
төте жол болатын. И.Крыловтың «Құмырсқа мен шегіртке» деген мысалын
Асылқожа Құрманбаев қазақ тіліне аударып бастырған. Мұнда еріншектік
сынға алынады. «Қазақтардың қамсыз еріншектігі турасында айтылған
бірнеше сөз» атты мақаласында қазақ халқының бойындағы еріншектік мінезі
73
туралы айтылады. Осылайша газетте озбырлық, қанаушылық сияқты
жағымсыз дүниелер астарлап сыналып отырды.
«Айқап» (1911-1915) журналының сын-сынақты дамытуда өзіндік орны
бар. Мұндай материалдарды ол 1912 жылғы 3 нөмірінен «Фельетон» деген
айдармен жариялай бастады. 1913 жылы «Фельетон» деп өзінің әдебиет
бөлімін атады.
Бұл
журналдың
прозалық
сықақтарының
бірсыпыра
өзіндік
ерекшеліктері болды. Олар ең алдымен шартты түрде жазылды. Сыналған
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Өзбекова Г. Қазақ баспасөзі және сатира
адамдардың аты-жөні, оқиғаның болған жері, мезгілі ойдан шығарылды.
Екіншіден, журналдың прозалық сықақтарында публицистикадан гөрі
беллетристикалық баяндау басым болды. Үшіншіден, «Айқаптың» прозалық
сатирасында пейзаж мол кездеседі. Мұндай ерекшеліктер У.Ғұмаровтың «Екі
молданың кеңесі», З.Ғайсиннің «Көрген білген», Бақытжан Меңдібектің
«Қасқабай ауылнай мен досы Александрдың сөзі», Б.Майлиннің «Болған іс»
атты сықақ әңгімелерінде көбірек кездеседі.
«Айқаптың» прозалық сатирасының ішінде «Болыс боламын» деген
әңгіме ерекше назар аударады. Онда Абайдың атақты «Болыс болдым
мінеки» өлеңінің мазмұн идеясы аңғарылады. Мұнда да біреудің болыс
болудағы айла-тәсілі, әуре-сараңы, шашқан шығыны сөз болады.
Болыс болушы өзін «болыс бол» деп азғырып жүрген ақсақалдардың да
арам ниет-пиғылын әшкерлей кетеді. «Байқасам, - дейді ол, - баяғы жақсы
болыс іздеп, ел түзелсін деп жүрген жақсылар, ақсақалдарымның ойы
ондағыдай көрінбейді. Бәлкім қара бұқараны бір-біріне ұрыстырып,
жанжалдастырып, пара жеп, пұл түсірмек те, қайдағы қырық жылғыны
даулап, берекесіз жұмыс қылмақ та, аңшының итіндей болыстың соңынан
жүріп, ет жеп, қымыз ішпек». Мұнда да Сәкен Сейфуллиннің
арамтамақтарды сынаудағы «аңшының итіндей» деген теңеуді кездестіреміз.
Яғни, сол замандағы жағымпаздардың бейнесі осы бір теңеумен-ақ айқын
суреттеледі.
«Айқап» өзіне дейінгі қазақтың поэзиялық сатирасын дамытты.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қымыз», Сәбит Дөнентаевтың «Заман
кімдікі?», «Қазақтарға қарап», Әкрам Галимовтың «Жұртқа қалай жағу
керек» сияқты көптеген сықақ өлеңдер жарық көрген.
Журналдың бірқатар өлең сықақтары Абайға үн қосады. Дара ақын
ашына сынаған міндерді жұрт алдына қайта алып шығады. Мысалы, қазақ
қауымындағы Абай сынаған жікшілдік, жақ-жақ болып билікке
таласушылық, еңбексіздік, еріншектік сияқты ұнамсыз қылықтар сынға
алынады. Журналдың бір топ өлеңдерінде де сол тұста жиі күн тәртібіне
қойылатын әйел теңсіздігі мен осы мәселе төңірегіндегі қылмысты қылықтар
сықақталған.
Ғабдолла Ғалымжановтың «Түп-түгел кемшіліктің бәрі бізде» атты
өлеңінде:
74
Дос жылап, дұшпан күлер хал да бізде,
Борышқа жетпейтұғын мал да бізде.
Төртінші тоқалдыққа қыз табылса,
Алпыста оны алатын шал да бізде, - деп қазақ ішіндегі басты індет -
шалдардың арсыздығын ашына айтады. Қазақ қыздарына көрсетілген әралуан
қорлық, тәуелсіздікті сынауда журнал жұмбақ жанрын да пайдаланған.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Өзбекова Г. Қазақ баспасөзі және сатира
Онда:
Бір адам есек мінген базар барған,
Есекке жегемін деп арба алған.
Бағасы без жүз сомдық арғымақты,
Есекке бес теңгелік парлап алған.
Және бір аққу көрдім түсі аппақ,
Бұ да тұр қан базардың ортасында,
Білмеймін қосақтаған қай ақымақ?! - деп жұмбақтайды. Жас сұлуды
арғымаққа, аққуға балап дәріптесе, оларды дүниеге сатып алып, айырбасқа
салып отырған күйеусымақтарды құнсыз есекке, жапалаққа теңеп жерлейді.
Қазақтың тілмарлық, тапқырлық негізінде туған бұл күлдіргі аңыз-
әңгімелер - халықтың ақыл-ой парасатының, даналығының айғағы.
«Айқап» сатиралық шығармалар аударумен де айналысты. Белгілі
ағартушылардың ғана емес, басқа тапкерлердің де аударған сықақтарын
жарыққа шығарып отырды. Журналдағы аудармаларды зерттеген ғалым
З.Тұрарбеков онда қазақ арасындағы келелі мәселелер ерекше орын
алғандығын, «аударма шығармалар және қазақ тіліне аударудың ғылымдық
және практикалық мәселелері туралы» жазылғандығына тоқталып өткен [2].
Журнал қазақ сахарасына тән мінездерді, ортақ кемшіліктерді сынайтын
туындыларды таңдап аударуды мақсат еткен. Журналдағы сықақтардың
көркемдік шеберлігі сатира жанрының талаптарынан біраз ауытқығанмен де
оларда сынның, мысқылдың белгілері бар. Т.Қожакеев өзінің 1969 жылғы
«Қазақ әдебиеті» газетіне шыққан «Айқап» журналындағы сын-сықақ деген
мақаласында: «Айқап» журналы қалдырған сықақ мұраның көркемдік,
шеберлік дәрежесі ала-құла. Журнал өмірінің қысқалығы, дау-дамайдың көп
болуы, сол кездегі әдебиет, мәдениетіміздің жалпы деңгейінің төмендігі онда
жарияланған сатираның сапасына да әсер етпей қоймады», - деп жазды [3].
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. Алматы: Білім, 2004.
2. Тұрарбеков З. Әдебиеттер достығының дәнекері. Алматы: Қазақстан, 1977.
3. Қожакеев Т. «Айқап» журналындағы сын-сықақ //Қазақ әдебиеті, 1969, 15 шілде.
75
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
ПЕДАГОГИКА
Б.Қ.МҰХАМЕДЖАНОВ
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Г.А.МҰРАТБАЕВА
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА
БОЛАШАҚ ӨНЕРТАНУ МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН
ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ӨНЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ МАҢЫЗЫ
В данной статье авторами рассматривается познавательная роль искусства в
совершенствовании
профессинальной
творческой
подготовки
будущих
специалистов-
искусствоведов.
This article deals with the educational value of art in the improvement of professional training of
future art-critics.
Қазақстан Республикасының Еуразиялық аймаққа кіруі, Президенттің
«Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника
мен технология үдерістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында
білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады [1].
Республикада жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және
жоғары
мектептің халықаралық білім
беру
жүйесіне жоспарлы
интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай
басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың
шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік
жүйені енгізу жағдайларында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары
оқу орындарында оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің
қажеттілігін көрсетеді.
Жаңа ғасырдағы қоғамда негізгі мәселелердің бірі бүгінгі жастарға өнердің
танымдық маңызы мен көркемдік идеяларын жеткізе білу. Сан ғасырлар бойы
қалыптасып келе жатқан өнер халық өміріндегі шындықтың бейнесі. Қазақ
халқының сан ғасырларға созылған өзіндік тарихы тағылымы, өнерде де өзіне
тән қалыптасқан ой-пікірі бар. Ата-бабаларымыз өнер арқылы ұрпаққа рухани
байлықты дамытуда оның көркемдік маңыздылығын сусындай білген. Бүгінгі
күннің талабы халқымыздың сонау заманнан қастерлеп келген ұлттық өнерін,
мәдениетін, тарихи болмысын тану арқылы асыл мұраларын пайдалана білу.
Өнер төлтумалары көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана
мен адам іс-әрекеттерінің өзіне тән ерекшеліктерімен белгіленеді. Көркемдік
образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге
76
бөлінеді. Кескіндеме, мүсін, графика, көркем әдебиет, театр, кино өнері өмір
құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері оларды суреткердің
ішкі идеялық-сезімдік толғаныстары арқылы береді. «Сөздің кең мағынасындағы
өнер ұғымына, технологиялық және эстетикалық жағынан асқан шеберлікпен
орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады» [2].
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Мұхамеджанов Б.Қ., Мұратбаева Г.А.
Болашақ өнертану мамандарының кәсіби...
Өнер
адамзаттың өмiрінің ең ертедегi формаларының бiрi. Бүгiнгі таңда
өмiрдiң дәстүрлi түсiнiгi өнер туындыларын қайта қарастыруды қажет етедi.
Себебі өнер еңбектiң, моральдың, дiннiң қызмет етуiн қамтамасыз ететiн әрекет
түрлерiнен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердiң ненi бiлдiретiнiн
ұғыну қажет. Профессор Б.Ғ.Нұржанов өзiнiң еңбегiнде өнер терминiнiң қазiргi
тiлде екi мағынада – кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады [3].
Өзiнiң кең мағынасында өнер адамның барлық шығармашылық жасампаз
әрекетiн бiлдiріп, бұл мағынада өндiрiс те, тiптi дiн де өнердiң формалары ғана
болып табылады. Бұл мағынада ол ежелгi грек тiлiнен орыстың «искусство»
деген терминiнің баламасы «poiesis» сөзi «бiлiм», «туынды», «сана» ұғымдарын
бiлдiредi. Адамның әрекетiмен байланысты және осы әрекеттiң өнiмi болып
табылатын барлық нәрселер «poicsisia» - адамзат саласына жатқызылады. Өнер
ұғымы тар мағынада көркем шығармашылықтың нәтижелерi мен процестерi
(бейнелеу өнерi, музыка, поэзия және т.б.) болып табылады.
Қазiргi әлемде осы мағынадағы түсініктемелері негiзгi болып табылады.
Өнер өзiнiң тұтастығында адамзаттың өмiрлiк тәжiрибесi мен мәдениетiнiң
тұтастығын сақтаушы ретінде қабылданады. Өнердiң бұл бүкiл әлемдiк-тарихи
мақсаты адамзат дамуының барлық кезеңдері үшiн қажеттiлiгi мен құндылығын
қамтамасыз ететiн оның көп қызметтiлiгiн білдіреді. Дамыған қоғамдық
жүйелерде өнер – бұл таным. Өнердің тәрбиелік мүмкіндіктерін педагогика
ғылымы зерттейді. Сонымен бірге өнер – тiл және ақпарат құралы. Өнер
адамның көркемдік, шығармашылық іс-әрекетiнiң формасы ретінде әрбiр
әрекеттi ерекше үлгiлейдi.
Өнер туындыларын қабылдау мен көркем шығармашылық процесi
барысында адамның ләззат алуы мен эстетикалық ықпал етуi арқасында оның
тәрбиелiк мәні, ақпараттық, танымдық орны, тәжiрибелік маңыздылығы, әлем
жағдайында талданылуы әр адамның сезімін шарықтатып, өнердiң кейбір
тұстарын, ерекшелiгiн түсіне білуге жетелейді.
Өнер қоғамдық адамның нақты өмiрлiк тәжiрибесiн тереңдету, кеңейту үшiн
өмiрдi өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол – адам өмiрінің бейнелiк
үлгiсi. Өнер тұлғаны өзiнiң бүкiл көпқырлығында және тұтастығында қайта
жаратады, оның өмiрлiк және көркемдiк тәжiрибесiмен өзара әрекеттесе отырып,
адамның әрекетi мен санасының барлық құрылымына әсер етедi. Көркемдiк
шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында бейнелiк ойлаудың
құрылымын айқындайтын ұлттық көрініс, адамзат сынды әлеуметтiк бастаулар
қиылысады.
Өнер өзiнiң аудиториясына тұлғалық формаға көркемдiк идеяларды сіңдіре
отырып, оқырмандарды, көрермендердi, тыңдармандарды баурап алады. Және
осыдан көркемдiк идеялардың инвариантты көпшiлiгi туындайды: бiр ғана
77
көркем идея әркiмде әртүрлi қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудiң
деңгейi ғана әртүрлi. Өнерде болса иеленудiң деңгейi де, мазмұны да әр түрлi:
көркемдiк шығармада берiлген әлеуметтiк-тарихи тәжiрибенi адам өзiнiң жеке
санасына көшiріп қабылдайды, ал нәтижесiнде қозғалған көптеген мәселелер
төңірегінде адамның тұлғалық қатынасы қалыптасады.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Мұхамеджанов Б.Қ., Мұратбаева Г.А.
Болашақ өнертану мамандарының кәсіби...
Өнер тек суреткердiң тұлғасымен ғана ерекшеленбейді. Шығармада
адамдардың жалпы бұқарасы үшiн маңызды қажеттi, тұрақты нәрселердi
бейнелей отырып, ол оған тұлғалық форма бередi, яғни әлемдi өзiнің көркемдік
әсері арқылы ашады. Осылайша, суреткер халықты өзiнiң өмiрлiк тәжiрибесiн
ұсынады. Осы орайда өнердiң ұлттық ерекшелiгi автордың көркемдiк ойлауының
әсерінен көрiнедi. Өнердiң төлтумалығын ашудың маңыздылығы осында.
Бейнелiк ойлаудың әртүрлi ұлттық құрылымдарында сезiмдер, бояулар, белгiлер
алмасуының эмоционалдық қабылдауы да өзгеше. Өнердегi ұлттық ерекшелiктiң
дәл анықтамасын Н.В.Гоголь бередi: «…нағыз ұлтжандылық сарафаны
(алжапқышты) сипаттауда емес, халықтың рухының өзiнде. Ақын, тiптi, мүлде
бөтен әлемдi сипаттаған кезде де ұлтжанды бола алады, ол оған өзiнiң ұлттық
стихиясының, өз халқының көзiмен қарайды, өз отандастары қалай сезiнiп және
сөйлейтiндей етiп, сезiнедi және сөйлейдi» [4].
Ұлттық өмiрлiк-тарихи және көркем тәжiрибе өз болмысында қайталанбас
дүние. Ол халықтар бiртұтас қоғамдық заңдар бойынша өмiр сүрiп, жасампаздық
көрінісінде қайталанып келеді. Өнер жалпы заңдардың әрбiр халықтың
тарихында өзiнiң индивидуалдық өзгешелiгiмен көрiнгендiктен қайталанбайды.
Әрбiр халықтың өнерi ұлттық пен жалпы адамзаттық көрінісін береді. Нағыз
жоғары өнердегi ұлтжандылықпен тұтастығы арқылы көрiнедi. Суреткердiң
ұлттық алғышартпен сипатталатын санасы белгiлi бiр әлеуметтiк сұраныстарға
сәйкес берілген жағдайында жалпы адамзаттылықты бейнелейдi. Бұл ұлы
туындылардың жаратылысында тарихи шектеулi шеңберiнен тысқа шығып,
ғасырлар бойы өз құндылығын сақтауға, өзге құндылықтың бағдардағы жаңа
дәуiр адамдарының санасына еркiн кiруге мүмкiндiк бередi.
Көптеген әдебиеттерге сүйенетін болсақ, өнер оның алғашқы қарапайым
кейпінің іздері өткен заманда ілгергі тас ғасырында пайда болған. Бұл
ескерткіштер үлгісінен алғашқы өнер туындыларының тастағы басылған түрлі
ою-өрнектер мен әр түрлі сурет-бейнелер арқылы алғаш қоғамдарда адамның
еңбек етуіне үлкен мән берілгені көрініс алады. Заман ағымының қай кезеңі
болса да өнердің тарихи даму барысында қоғамда болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер өз әсерін тигізген.
Қазақ халқында сөз өнері ерекше дамығанын аңғаруға болады. Оның
нәтижесінде шешендік сөздер, лирикалық, батырлық жырлар, ертегілер сияқты
ауыз әдебиетінің сан түрлі жанрлары қалыптасқан. Бүгінігі күні ата-бабамыздан
қалған «Өнер алды - қызыл тіл» деген сөз айналымы өз құнын жоғалтпай келеді.
Қазақ халқының түркі тілдес елдердің арасында ән-күйге әуестігін де аңғаруға
болады. Ән-жырды жанындай жақсы көріп, ерекше дамытқаны да оның осындай
тарихи ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Қай заманда болмасын, қай елде
78
болмасын, өнердің дамуына халық өз үлесін қосып отырған. Сондықтан да
ғылымда кез келген өнер туындыларының қайнар көзін халықтан іздеуге болады.
Өнер қоғамдық болмысты бейнелеудің белгілі формасы ретінде қоғамның
рухани өмірінің, эстетика мен техника, мәдениеттану, мораль, эстетика мен этика
Достарыңызбен бөлісу: |