Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
                                                             
                                                                         
Ш.БЕКМАҒАМБЕТОВ 
филология ғылымдарының кандидаты 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
 
ТІЛДІК БЕЛГІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ТАҢБА ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ 
АРА ҚАТЫНАСЫ ЖӨНІНДЕ 
 
В  статье  указывается  на  некорректное  использование  в  казахском  (тюркском)  языкознании 
термина  «тілдік  таңба»,  употребляемого  в  традиционном  языкознании  в  качестве  эквивалента 
термину  «знак  языковой»  и  предлагается  иное  толкование  значения  понятия  «тамга  языковая», 
совершенно отличное от термина «знак языковой».   
 
The article deals with wrong employment of the “тілдік таңба” (linguistic tamga) term in Kazakh 
(Turkic)  linguistics,  which  is  mostly  used  as  the  equivalent  of  the  “Linguistic  symbol”  in  traditional 
linguistics. Another interpretation of “тілдік таңба” concept has been presented in this research which is 
quite different from the term «знак языковой» (“linguistic symbol”).   
 
Тілдік  құбылыстың  орыс  тіл  білімінде  қалыптасқан  «знаковая  система» 
ретіндегі  түсінігі  қазақ  тіл  білімінде  «таңбалық  жүйе»  ретінде  танылып, 
осылайша  орнығып  кеткен.  Дегенмен,  тілді  таңбалық  жүйе  ретінде 
қарастырғанда,  біздің  қазақи  (түркілік)  ұғым-түсініктегі  таңба  ұғымы  мен 
батыстық  және  орыстық  тіл  біліміндегі  знак  ұғымының  арасындағы  үлкен 
және 
аса 
маңызды 
айырмашылық 
еленбей, 
ескерілмей 
жүр. 
Терминологиялық  мәселедегі  осы  қателік  жалпы  тілдік  құбылыстың 
табиғатын тереңдей тануға кедергі келтіріп отыр.  
Батыстық  түсінікпен  алғандағы  знак  ұғымы  біздің  түсінігімізде  бар 
болғаны тек  белгі ғана (тілге қатысты алғанда, ол 

  тілдік  белгі),  яки  оның 
мағынасы 
заттың 
тілдік-дыбыстық 
орынбасары, 
шартты 
түрдегі 
алмастырушысы (заменяющий) дегеннен ұзап кетпейді. Мұндағы тілдік белгі 
ұғымы  лингвистикадағы  кәдімгі  лексикалық  бірлік  ретіндегі  сөз  ұғымымен 
бірдей,  яки  сонан  айтарлықтай  айырмашылығы  жоқ.  Қазіргі  түсіндірулер 
бойынша,  тілдік  белгі  дегеніміз  тек  қана  сөздік  деңгеймен  шектелмей, 
жоғарғы деңгейлердегі басқа да тілдік бірліктерді (сөз тіркесі, сөйлем, мәтін) 
қамтитыны да айтылып жүр.  Ф. де Соссюр ілімі де, онан кейінгілер де тілдік 
белгіні (знакты) осы деңгейде ғана түсіндіреді.   
Тілдік  белгіге  берілген  анықтамалар  қазірде,  негізінен,  мынадай  болып 
келеді: «Знак языковой – материально-идеальное образование (двусторонняя 
единица  языка),  репрезентирующее  предмет,  свойство,  отношение 
действительности;  в  своей  совокупности  З.я.  образуют  особого  рода 
знаковую  систему  –  язык...»  [1.167]  десе,  қазақ  тіл  білімінде  осы  түсінік 
таңба термині арқылы берілген. Онда: «Тілдік таңба. Тіл тілдік таңбалардан 
тұрады.  Тілдік  таңба 

  ойдағы  мазмұн  (белгіленетін)  мен  жіктелген 
дыбыстардан  (белгілеуші)  құралады.  Тілдік  таңбаның  осы  екі  қыры  арқылы 
адам  санасында  қоршаған  орта,  оқиғалар  мен  фактілер  бейнеленіп, 
қабылданады. Тілдік таңбаның жиі кездесетін түрі – сөз...» [2.246] 

 дейді.  
 

 
11 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Бекмағамбетов Ш.
 
Тілдік белгі және тілдік таңба туралы мәселелердің ара қатынасы жөнінде 
 
 
 
Біздің  пайымдауымызша,  тілдегі  әр  сөз  немесе  тілдік  бірлік  ретінде 
танылып  жүрген  кез-келген  басқа  бір  тілдік  элемент  тілдік  таңба  ретінде 
танылатын болса, онда тілде сан мыңдаған таңбалар болған болар еді.  Бірақ 
біздің  ұлттық,  жалпы  алғанда,  түркілік  ұғым-түсінігіміздегі  таңба 
табиғатына  мұндай  түсінік  сай  келмейді.  Жалпақ  тілмен  айтқанда,  қазақ 
әзелде жиырма мың жылқысына осыншалықты таңба салмаған, тек бір ғана 
таңба  салған.  Сан  мыңдаған  халқы  бар  рулардың  да  тек  бір  ғана  таңбасы 
болған. Яғни қазақи (түркілік) танымда  таңба ұғымына әлдеқайда кең және 
терең  мағына  беріледі:  түркілік  түсінікте  таңбаның  кең  ауқымды,  терең 
мағыналы  әмбебаптығы  мен  сакральдығы  маңызды  орын  алады.  Таңба  сөзі 
түркілік  түсінікте  тек  белгілі  бір  затты,  немесе  заттық  ұғымды  тілдік- 
практикалық  қолданыста  алмастырушы,  белгілеуші  дегенді  ғана  білдіріп 
қоймайды,  мұнда  таңбаның  ерекше  құпиялығы,  оның  дүниетанымдық 
түсініктерден туып, адамның ішкі психикалық құбылыстарымен байланысты 
болатын  салт-саналық,  сезімдік  қасиеттерімен  қатар,  оның  жаратылыстық-
болмыстық  әлеммен  жалпы  дүниетанымдық  сипаттағы  байланысы  туралы 
түсініктер қоса-қабат астасып жатады. Тілдік знакты таңба деп атағанда, осы 
жайларды  ескермегендіктен  де,  біз  тілдік  таңбадан  өзіміздің  түркілік 
түсінігіміздегі  жоғарыдағыдай  ерекше  қасиеттерді  батыстық  түсініктегі 
«алмастырушы белгіден» - знактан іздеп әуре болып жүрміз. Ал олар болса, 
тілдік  таңба  табиғаты  туралы  біздің  түсініктегі  танымдық  ұғымды 
ойламағандықтан,  мүмкін,  тіпте  олардың  ұлттық  жадында  мұндай  түсінік 
мүлде  болмағандықтан,  мәселеге  сол  өз  түсініктерінің  дәреже-деңгейіндегі 
талаптар тұрғысынан ғана қарайды. Яғни, тағы да қайталап айтайық, қазақ тіл 
білімі  ғылымында  әуелден-ақ  знак  терминін  таңба  деп  аударып  алғанда, 
тіліміздегі таңба ұғымының аса маңызды  осы ерекшелігі ескерілмеген.  
Ағылшын тілінде sign түрінде берілетін осы ұғым орыстың знак дегеніне 
сәйкеседі,  ал  қазақтың  таңба  сөзі,  жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  өте  кең 
мағынаны,  яки  ғаламдық-дүниетанымдық  сипаттағы  ұғым-түсініктермен 
тамырласып жататын терең байланыстарды қамтиды. Сондықтан да, ең әуелі 
бірден басын ашып алатын мәселе 

 терминологиялық мәселе, яғни батыстық 
тіл білімінде sign, орыс тіл білімінде знак деп аталып жүрген ұғымның қазақ 
тіл  білімінде  таңба  деп  аталуы  дұрыс  болмаған.  Мұның  өзі  ғылымда  знак 
ұғымының  әлі  күнге  дейін  толық  айқындалып  болмауымен  де  байланысты 
дер едік.  
Таңба  сөзінің  тіліміздегі  ең  негізгі  мағыналары  рулық  таңбалар 
ұғымымен  байланысты  көрінеді.  Қазақтың жылқы  малына күйдіріп  басатын 
таңбалары  да,  негізінен,  белгілі  бір  иелікті  білдіру  мақсатын  көздейді  де, 
тарихи  генеалогиялық  табиғаты  жағынан  ғасырлар  тереңіне  кетіп,  жалпы 
адамзаттық дүниетанымдық түсініктермен байланысып жатады. Таңба, оның 
пайда болуы туралы бір шеті аңыздарға тірелетін біраз тәмсілдер бар, бірақ 
біз  бұл  жерде  оларға   тоқталып  жатпаймыз.   Біздіңше,  таңба - өзіндік
  

 
12 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Бекмағамбетов Ш.
 
Тілдік белгі және тілдік таңба туралы мәселелердің ара қатынасы жөнінде 
 
 
 
генеалогиялық  негізі  бар,  түптеп  келгенде,  белгілі  бір  жалпы  адамзатқа 
ортақ  дүниетанымдық  ұғымды  білдіретін,  әдетте  қастерлі,  киелі 
саналатын,  әрі  астарлы  образды  болып  келетін  ерекше  нышандық 
сипаттағы бейне. 
Біз  де  тілді  таңбалық  құбылыс,  яки  таңбалар  жүйесіне  негізделген 
құбылыс  ретінде  қарастырамыз,  бірақ  біздің  таңба,  тілдік  таңбалар  жүйесі 
туралы  түсінігіміз  қазіргі  ғылымдағы  түсініктен  мүлде  өзгеше,  жаңаша 
сипатта.  Бізге  белгілі  қазақ  (түркі)  таңбаларының  ең  көне  үлгілері  қола 
дәуіріндегі  Бегазы  –  Дәндібай  мәдениеті  деректерінен  табылған.  1882-
1992 ж.ж  Н.Ф.Кастанье   түркі  халықтарына  тән  үш  мыңға  жуық  таңба 
үлгілерін жинапты [3]. Бірақ, біздіңше, бұлар – кейінгі дәуірлерде алуан түрлі 
өзгерістерге  түсіп,  жаңаша  нұсқаланған  таңбалар.  Ал  ең  ежелгі  таңбалар 
әуелде  бір  ғана  негіз-таңбадан  тарап,  ғаламдық-жаратылыстық  ұғымдарды 
алуан  қырынан  бейнелеп  түсіндіруге  арналған  санаулы  ғана  таңбалар 
жүйесінен  тұрған.  Біз  мұндай  пікірге  тілдік  құбылыс  табиғатын  тереңдей 
талдау арқылы келіп отырмыз.   
Әдетте таңба сөзінің этимологиясы отпен күйдіру мағынасындағы там 
сөзімен  байланыстырылады.  Біз  бұл  түсінікті  де  теріске  шығармаймыз, 
дегенмен  оның  басқа  варианттарын  ескерудің  де  артықшылығы  болмас  деп 
білеміз. Мысалы, осы сөздің тан морфемасын тану, білу мағынасында, ал ба 
морфемасын  жазу  (таңба,  бейне)  мағынасында  түсінуге  толық  негіз  бар. 
Олай болса, ең ежелгі таңбалар тек қана таңба емес, ең ежелгі жазулар болды 
деп түсінуге де болады. Екінші жағынан, біз осындағы соңғы морфеманы  (-
ба)  зат,  ғалам,  жаратылыс,  болмыс  деген  мағынада  да  оқуымызға  болады 
деп  білеміз.  Мұнда  таңбаның  дүниетанымдық  табиғаты  аңғарылады.  Соңғы 
жағдайдағы түсінікке тоқтасақ, таңба сөзі әуелде дүниені (тар мағынасында 
алғанда  –  затты)  оның  ішкі  құпиясын  тану  деген  ұғымды  білдірген.  Сөз 
құрамындағы  ң  дыбысын  ескере  отырып,  мұны  тан  +  қы  (етістік)  +  ба 
түрінде  де  оқуға  болады.  Орыс  тілінің  төл  лексикалық  қорында  таңба  сөзі 
жоқ,  сондықтан  оның  негізгі  ұғымы  да  олар  үшін  түсініксіз  болуына 
таңдануға болмайды.   
Көне  түркі  жазу  таңбаларының  шығу  тегін  зерттеуші  кейбір  ғалымдар 
оны ежелгі дәуірлердегі малға басатын таңбалармен байланыстырып жүрген 
жайы  жоқ  емес.  Қаржаубай  Сартқожаұлы  түркі  жазуларының  шығу  тегі 
туралы  пікірлер,  негізінен,  үш  топқа  бөлінетінін  айта  келіп,  соның  ішінде 
арамейлік  және  соғдылық  әліпбилер  негізінде  емес,  көшпелілердің  өзіндік 
төлтума  өнерінің  негізінде  көне  түркі  жазуы  пайда  болған  деген  пікірді 
жақтайтынын аңғартады. Ол: «Себебі, Азия мен Еуропада өмір сүріп отырған 
түрік  халықтары  мен  түрік  текті  отырықшы  халықтардың  ежелгі  дәуірден 
бастап бүгінге дейін малға басатын руникалық әліпбидің кескіндері, сонымен 
бірге,  түрік  текті  көшпелілердің  автохтондық  (тұрғылықты)  мекені  Еуразия 
ұлы даласынан  табылып отырған мыңдаған таңбалар бұл ұсыныстың дәлелді  

 
13 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Бекмағамбетов Ш.
 
Тілдік белгі және тілдік таңба туралы мәселелердің ара қатынасы жөнінде 
 
  
екенін айғақтайды» [3.70] 

  дейді.  Әрине,  малға  басатын  таңбалар  әуелі  сол 
мал  иесі  адамдарға,  солардың  тобына  (руларға)  тән  болатыны  түсінікті.  Ал 
рулық  дәуірден  ары  кетсек,  біздіңше,  таңба  табиғаты  адамзаттың  ең  ежелгі 
дүниетанымымен  –  ойлауымен,  тілімен байланысты  пайда болған.  Біз  мұны 
тілдік  құбылыстың  ішкі  табиғатын  генетикалық  тұрғыдан  тереңдей  зерттеу 
арқылы айтып отырмыз.  
Мұхтарова  Г.  жапон  тілі  деректеріне  сүйене  отырып,  таңбалардың, 
негізінен, шеңбер, қосарлы шеңбер, жарты шеңбер, түзу сызықтар, координат 
жүйесі,  т.б.  тәрізді  формаларда  келетініне  назар  аудара  отырып,  түркілік 
таңбалардың  жапон  иерогливтері  мен  петрогливтерге  сырттай  өте  ұқсас 
болып  келетініне  тоқталады  [4.85].  Аристов  Н.  зерттеулерінде  түркі 
тайпаларының  таңбалары  өздерінің  көптеген  белгілері  жағынан  Солтүстік 
және  Оңтүстік  Америка  мен  Калифорниядағы  жартастарға  салынған  таңба-
белгілерге өте ұқсас екендігі айтылады [4. 85]. Біздің байқауымызша, қазіргі 
қытай  тіліндегі  аша  (аса  таяқ)  иероглифінің  сыртқы  формасы  да  (Ү), 
мағынасы  да  қазақ  тіліндегі  нұсқаларымен  еш  айырғысыз  бірдей:  Yacha  -  
развилина, разветвление;  <  аша. [5.683] 
 Сондай-ақ,  шеңбер,  координат  жүйесі  түріндегі  таңбалардың  да  жалпы 
адамзатқа  ортақ  екендігін  түсінуге  болады  деп  ойлаймыз.  Жапон  тілінде 
біздің  «хат»  (письмо,  корреспондентция)  деген  сөзіміз  «тэгами»  түрінде 
беріледі  екен  [6.479].  Біздің  ойлауымызша,  осы  сөз  де  қазақтың  «таңба» 
сөзінің  бір  варианты:  тамга  <>  тэ-га-ми.  Мұндағы  тілдік  нышандардың 
(символдардың)  орындары  ғана  ауысқан.  Ал  бұл  тілдік  нышандардың 
ауыстырымдылық  заңдылығы  деп  аталады  [7.158].  Мағынасы  хат,  жазу
кітап  түрінде  әр  түрлі  оқылуға  болатын  осы  сөз  түркілік  таңба  ұғымының 
тамыры  өте  әріде  жатқанын,  жалпы  алғанда,  мұның  адамзатқа  ортақ 
танымдық бейнелер екендігін тағы да дәлелдесе керек. 
Жазу  сауаттылығы  жаңа  қалыптаса  бастаған  Кеңес  дәуірінің  алғашқы 
кезеңдерінде  әріптік  белгілерді  әріп  таңбасы  деп  қолданудың  солақай 
тәжірибесі  таңба  сөзінің,  ол  білдіретін  ұғымның  ежелден  қалыптасқан 
сакральдық  сипатын  өзгертіп  жіберуге  себеп  болған.  Мүмкін,  ежелде  жазу 
өнерінің  құпия  болғандығын,  жазудың  сиқырлы  мән-мағыналары 
болғандығын  ескерсек,  әріптерді  таңба  деп  атаудың  өзіндік  себептері  де 
болған шығар. Біз қазіргі ғылымдағы тілдік знак (знак языковой) терминінің 
мағынасына қазақ тіліндегі тілдік белгі сөзі сәйкес келеді деп білеміз. Әрине, 
белгі сөзінің де тіліміздегі мағыналары алуан түрлі. Дегенмен,  таңба сөзіне 
қарағанда осы сөз аталмыш знак терминінің ұғымын жақынырақ ашады.  
Ғылыми  жүйе  ретінде  өткен  ХХ  ғ.-дың  60-70  ж.ж.-да  ғана  қалыптаса 
бастаған  семиотика  ғылымы  өзінің  негізгі  зерттеу  нысанының  –  белгінің  – 
табиғатын  әлі  толық  түсіндіре  алмай  келе  жатқаны  бекер  емес:  «…  не 
удалось  обнаружить  какие-либо  знаки  универсально  присущие  разным
  

 
14 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Бекмағамбетов Ш.
 
Тілдік белгі және тілдік таңба туралы мәселелердің ара қатынасы жөнінде 
 
 
 
естественным  языкам,  тем  более  разным  семиотическим  системам  (нет 
знаков  общих  для  языка,  живописи,  кино,  и  т.д.  [2.441]»–деу 

  әділ 
мойындау.  Мұның  өзі  әуелі  жеке  белгілер  табиғатының  жете  зерттеліп 
болмауымен  де  тікелей  байланысты  болса  керек.  Тілді  белгілер  жүйесі 
ретінде  қарастыру  қаншалықты  қажет  екендігі  бөлек  мәселе,  біздіңше,  аса 
маңызды мәселе – тілдік құбылысты таңбалық жүйе ретінде тану болмақ.  
Біз  тілдік  таңба  табиғатын  адамзаттың  ең  алғашқы  дүниетанымдық  
ойлауымен байланысты пайда болып, сол алғашқы ойлауға да, ең ежелгі және 
қазіргі  тілге  де    негіз  болып  қаланған  нышандық  сипаттағы  бейне-образ 
түрінде  түсінеміз.  Осы  ең  алғашқы  нышандық  сипаттағы  таңба  (таңба-
нышан) ғаламдық қоршау  (ғалам, космос) ұғымын білдіріп, дыбыстық тілге 
дейінгі  кезеңде  қол  тілі  (хорема)  арқылы,  ал  дыбыстық  тілдің  дамыған 
кезеңінде УП тілдік-дыбыстық тұтастығы арқылы бейнеленген.
  
                                                       
 
1-сызба: УП «шар-қоршау» (Ғаламдық қоршау) таңбасы.
 
Бұндағы У – сол тілдегі барлық дауысты дыбыстардың өкілі де, ал дауыссыз 
дыбыс (П) өз аллофондарына өзгере алады. Сонда, мысалы, УП тілдік негізі 
шамамен мынадай вариация жасайды:  
 
 
У 
А 
Ә 
Е 
О 
Ө 
Ұ 
Ү 
Ы 
І 
П 
уп 
ап 
әп 
еп 
оп 
өп 
ұп 
үп 
ып 
іп 
Ф 
уф 
аф 
әф 
еф 
оф 
өф 
ұф 
үф 
ыф 
іф 
Б 
уб 
аб 
әб 
еб 
об 
өб 
ұб 
үб 
ыб 
іб 
В 
ув 
ав 
әв 
ев 
ов 
өв 
ұв 
үв 
ыв 
ів 
М 
ум 
ам 
әм 
ем 
ом 
өм 
ұм 
үм 
ым 
ім 
Й 

ай 
әй 
ей 
ой 
өй 
ұй 
үй 
ый 
ій 
У 

ау 
әу 
еу 
оу 
өу 
ұу 
үу 
ыу 
іу 
Біз «шар-қоршау»  (сфера) түрінде танитын осы УП таңба-нышаны кейіннен алуан түрлі 
басқа да ұғымдарды білдіріп, өзінің  сан түрлі  логикалық элементтеріне ажырады.  Мысалы, 
осы таңба нышаннан адамзат ойлауы мен тіліне ортақ тән болып табылатын дөңес, ойыс, ось, 
өзек,  т,б,  логикалық  ұғымдар  пайда  болады.  Біз  өз  еңбегімізде  осындай  отызға  тарта  негіз-
ұғымдарды көрсеттік.   
Сондай-ақ  жоғарыдағы  дауысты/дауыссыз  (VС)  түрінде  келген 
нұсқалардың  керісінше  дауыссыз/дауысты (СV)  түріндегі  нұсқалары  да бар. 
Сонда  біздің  бір  ғана  УП  дыбыс-сөзі  деп  отырғанымыз  тілде  140-қа  жуық 
түрмен  келе  алады.  Ал  кей  тілдерде  басқа  туыстас  дауыссыз  дыбыс  не 
дауысты  дыбыстар  болса,  онда  олар  да  жұптасқан  түрде  қосылып, 
варианттардың  жалпы  санын көбейте түседі. Мысалы, Э дауыстысын  алсақ,  

 
15 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Бекмағамбетов Ш.
 
Тілдік белгі және тілдік таңба туралы мәселелердің ара қатынасы жөнінде 
 
 
 
онда эп, эф, т.б. нұсқалар қосылады. Таблицада алғашқы вертикаль бағанада 
тұрған дыбыстар  – п, ф, б, в, м, й, у  дыбыстары  – барлығы жеті дыбыс  – П 
дауыссыз  дыбысының  генеалогиялық  варианттары,  яки  аллофондары. 
Жоғарыда  келтірілген  жеті  түрлі  дыбыс-сөздің  бәрі  де  тілде  осындай 
өзгерістермен келе алады [8]. 
Енді біз неліктен осы УП тілдік-дыбыстық бірлігін таңба-нышан ретінде 
танитынымызға  келейік.  Мұның  ең  басты  себебі  –  осы  тілдік  таңба-нышан 
арқылы тіл-тілде сан мыңдаған сөздер жасалады. Біз солардың кейбіріне ғана 
тоқталатын боламыз. Қазақ тіліндегі бір, бүтін, бөлек, бар, бос, басқа, бөтен, 
берік,  мықты,  т.б.  сөздердің  бәріне  де  ортақ  негіз  ретінде  осы  УП  (бі,  бү, 
бө,...)  тілдік-дыбыстық  элементін  танимыз.    Ал  неліктен  осы  сөздер  осы 
тілдік-дыбыстық  бірлік  арқылы  жасалып  тұр  дегенге  келсек,  мұнда  «шар-
қоршау»  таңба-нышанының  бейнелік-логикалық  ұғымдары  тұр.  Мысалы, 
олардың  кейбіреуін  таратып  айтсақ,  мынадай:  «шар-қоршаудың»  бүтін 
екендігі  ақиқат.  Кең  мағынасында  алғанда,  бұл  –  дүниенің  –  Ғаламның 
бүтіндігі.  Бүтін  нәрсенің  бір  болатыны  ақиқат  және  олар  (бүтін,  бір)  бөлек 
болатыны белгілі. Сондай-ақ бір болса, бүтін болса, онда оның БАР болғаны. 
Бүтін нәрсе, басқа бүтіндер үшін бөлек, бөтен, басқа болатыны тағы белгілі. 
Бірлік,  бүтіндік  ұғымдары  беріктік,  мықтылық  ұғымдарымен  шектес. 
Мұндағы  бос  (кеңістік)  ұғымы  шар-қоршаудың  ішкі  қуысы  арқылы 
түсіндіріледі.  
Қазіргі  тіліміздегі  үй  (еб)  ұғымын  жоғарыда  келтірілген  кестедегі  әр 
алуан  вариациядағы  дыбыстық  тіркестердің  бәрі  де  білдіре  алады.  Мысалы, 
мектеп, бейіт, мола, ипотека, вилла, т.б. тәрізді сөздердің құрамындағы ме, 
бе, мо, ип, ви элементтері үй мағынасын білдіреді. Осы дыбыс-сөз ом түрінде 
орыстың  дом  сөзінің  құрамында  да  тұр.  Сондай-ақ  ол  ғаламдық  қоршау 
мағынасында  МИР,  WORLD,  WELT,  ҒАЛАМ  сөздерінде  де  бар.  Мұнан  біз 
үй (еб) дегеніміз – ғаламдық ұлы қоршаудың кішкене макеті екенін көреміз. 
Жалпыадамзаттық таным негіздері осыны аңғартады. 
Тілдік  таңба-нышандар  тіл-тілдің  бәріне  ортақ  деп  білеміз.  Біз  мұны 
кейбір  батыс  тілдері  (неміс,  ағылшын)  және  шығыс  тілдері  (араб,  парсы, 
жапон) деректері негізінде байқадық.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Большой энциклопедический словарь. Языкознание. 

 М.: Российская энциклопедия, 1998. 685. 
2.
 
Лингвистикалық түсіндірме сөздік: Сөздік-словарь. 

 Алматы, 1998. 

 303 б. 
3.
 
Сартқожаұлы  Қаржаубай.  Байырғы  түрік  руни  жазуының  шығу  тегі  //  «Көне  түркі  жазба 
ескерткіштері: жазу мәдениетінің бастаулары, тілдің даму құбылыстары»: Халықаралық конференция 
материалдары. 

 Алматы: «Информ-А», 2005. 

 256 б. 
4.
 
Мұхтарова Г. Запад и восток: диалог искусств. 

 Поиск (Ізденіс). 

 1997. 

 № 1. 

 С.
 
84-88 б.б, 
5.      Китайско-русский словарь (Минимум). А.В.Котов. Москва:  Русский язык, 1990. 
6.
 
Русско-японский словарь. 

 М., 1950. 

 1000 с. 
7.
 
Бекмағамбетов Ш. Тілдік таным негіздері және тілдік символдар. А., 1999.   218 б. 
 
 

 
16 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Ж.КАМАЛҚЫЗЫ 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
ХАРАКТЕР МЕН ОҚИҒАНЫҢ БІРЛІГІ 
 
В  данной  статье  рассматривается  одно  из  главных  требований  теории  романа  –  роль 
обстоятельств в создании характера.  
 
This article deals with one of the main demands of novel’s theory – with the role of circumstances in 
the character creation. 
 
 
 
Қазақ    романдарын    көркемдік    әдістері    жағынан    бағалап,    роман  
теориясын    жасауға    бет  бұрған    ғалым      академик    Рахманқұл    Бердібай  
оқиғаның    характер  жасаудағы  негізгі  құрал  екеніне  көбірек  көңіл  бөлген.  
Роман  жанрының  негізгі  ерекшелігі  -  онда  сөз  болатын  кейіпкер  өмірін 
тұтасқа  жуық  суреттеу  болатыны,  яғни  А.Байтұрсынов  сөзімен  айтқанда 
«айтылу ауданының» ауқымдылығы. Осы мәселені толық сөз ету үшін ғалым 
«Сюжет пен характер» деген тақырыпты таңдайды.  Басқа ғалымдарда да бұл 
мәселе  сөз  болады.  Бірақ  Р.Бердібай  барлық  зерттеулерін  осы  бір  мәселені 
толық  шешуге  жұмылдыра  білген.  Роман  талабы  дәл  осы  мәселе 
орындалғанда  ғана  жетістікке  жететінін  теория  талабымен  дәлелдеген.  Ірі 
зерттеу еңбектерін айтпағанның өзінде, «Әдебиеттің  асыл  мұраты»,  «Оқиға  
және    характер»,  «Характер    жасау    жолында»,  «Характер    және    жағдай», 
«Боран  туралы  бірер  сөз», «Сюжет  пен  характер», т.б. сын мақалаларында 
тікелей  романның  бағасын  оның  характерге  қатысты  заңдылықпен  беруге 
әрекет  еткенін  көреміз.  Бұл  сол  кезеңдегі,  тіпті  қазірдің  өзінде  көпшілік 
зерттеушілер айналып өтетін мәселелер. Ғалым  «Әдебиеттің  асыл  мұраты»  
мақаласында:  «Негізгі    нысана    қашан  да    адам    образының    жасалу  
шеберлігіне    тірелмек»  [1],-дейді.    Өзінің        мақала,    зерттеулерінде  барлық  
көркем    шығармаларды    осы    ұстаным    тұрғысынан    бағалайды.    Романда  
алынған  оқиға  автордың   ойын   орындаушы  болмай,  оқиғаны  характер  
жасау    керектігіне   бағыт    береді.    Нағыз   көркем    туынды    «оқиғалар    мен  
характерлері    тұтастыққа    жеткен»  [1]    шығарма    деп    бағалайды    «Оқиға  
және    характер»    мақаласында.  «Образды    көркейту    үшін    әрекетке  
араластыру  қажет. Бірақ  кез-келген  оқиға  кейіпкердің  келбетін  айқындап  
кете    алмайды.  Характерді    көркейтуге    терең    астарлы    оқиға    алу    шарт» 
[1.82], - дейді  «Сюжет пен  характер» деген  мақаласында. Қызық  оқиғалар  
тізбегі  көркем  шығарма  жасай  алмайды.  Оқиға  характерге  қызмет  етуі  
керек    екендігін    ғалым    тәптіштеп    түсіндіреді.  «Көркем  сюжетке    әрбір  
көрініс,    әрбір  құбылыс    көп    мүмкіншіліктің    ішінен    іріктеліп,    екшеліп  
алынуға  тиіс.  Нағыз  реалистік туындыларда  әр  қимыл-әрекет өз  орнында  
көрсетіледі. Оқушы  ойында  зәредей  күдік, дүдәмал  қалмайтындай, «иә  бұл  
осындай»  дегізерліктей  анықтыққа    келу    шарт.    Бұл    үшін    характерге,  
жағдайға  тән, белгілі  құбылыстың  құпиясын  кең  байқатарлықтай оқиғалар  

 
17 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет