Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қоңырбаева А. Сөзжасамдық тип және үлгі мәселесінің басқа республикалардың
 
тіл біліміне тарауы 
 
 
 
Сөзжасамдық типті ажыратуды осы үш белгінің  бірі сай келмесе, ол бір 
сөзжасамдық  тип  болмайды  деп  автор  қателіктен  сақтандыруды 
монографияда  былай  көрсетілген,  монографияда  да  айтыс,  соғыс,  мәніс, 
жеміс,  кеміс,  кеңіс  сияқты,  т.б.  мысалдарды  келтіріп,  олардың  бір  жұрнақ 
арқылы  жасалғанымен,  бір  сөзжасамдық  типке  жатпайтынын  былайша 
дәлелдеген:  «Келтірілген  мысалдар  сырттай  қарағанда,  сөзжасамның  біріне 
жататын  сияқты.  Оны  анықтау  үшін  жоғарыдағы  үш  белгіні  іздеу  керек. 
Бірінші белгі тұрғысынан қарағанда, осы туындылардың тип негіздері бір сөз 
табына жату керек, бірақ олар үш түрлі сөз табына жатады, тип негіздері: 
1) етістік: айтыс, соғыс, керіс; 
2) зат есім: жеміс, мәніс; 
3) сын есім: кеміс, кеңіс».  
Талданып  отырған туындылар үш түрлі мағыналық қатынасты білдіреді: 
1)  айтыс,  соғыс,  керіс  туындылары  бірнеше  субъектіге  ортақ  қимыл  заттық 
ұғымға  көшуін  білдіреді,  2)  жеміс,  мәніс  туындыларында  1-топтағы 
қимылдық ортақтық мағынасы жоқ бір заттық ұғымнан екінші заттық ұғымға 
ауысқан, 3) мұнда жоғарыдағы екі ұғымның екеуі де жоқ, бір белгіден екінші 
белгінің аты жасалған. 
        Сөйтіп,  келтірілген  мысалдар  сөзжасамдық  типктің  бір  соңғы  белгісіне 
ғана  сай  –ыс,  –іс  жұрнағы  арқылы  жасалған.  Бірақ  алғашқы  екі  белгіге 
сәйкеспейді. Осы мысалдар сөзжасамдық 3 типке жатады» деген. 
Сонымен  әр  түрлі  аталған  сөз  табынан  бір  түрлі  жұрнақ  арқылы 
жасалған  туынды  сөздердің  мағыналары  түрлі    болды.  Тек  бір  жұрнақ 
арқылы жасалғанымен, олар 3 түрлі сөзжасамдық типке жататыны анықталды 
[5.65]. 
Монографияда  түрлі  мысалдар  арқылы  сөзжасамдық  типтің  үш  белгісі 
толық  сай  келмесе,  туынды  сөздің  бір  сөзжасамдық  типке  жатпайтыны  өте 
анық дәлелденген. 
«Қазақ  тілінің  сөзжасамы»  оқулығында  сөзжасамдық  тип  туралы 
мынадай  мағлұмат  берілген:  «Сөзжасамдық  тип  деп  бір сөз  табынан  белгілі 
бір  жұрнақ  арқылы  жасалған  ұқсас  мағыналы  туынды  сөздердің  жасалуы 
аталады. Мысалы, сын-сынақ, ат-атақ, жол-жолақ, т.б.» [6.43]. 
Оқулықта  сөзжасамдық  типтің  мынадай  ерекшеліктері  көрсетілген: 
«Сөзжасам  әрекеті  тікелей  сөзжасамдық  типтер  арқылы  жүзеге  асады.  Яғни 
туынды түбір арқылы белгілі сөзжасамдық тип арқылы жасалады». Оқулықта 
берілген  бұл  дерек  сөзжасамдық  типтің  тілдің  сөзжасам  жүйесінен  негізгі 
орын  алатынын  білдіреді.  Өйткені  тілде  сөзжасамдық  типсіз  жасалған 
туынды түбір сөздер бірлікке ғана, олай болса туынды түбір атаулы негізінен 

 
56 
сөзжасамдық  типпен  байланысты.  Бұл  сөзжасамдық  типтің  сөзжасам 
жүйесінде негізгі орын алатынын дәлелдейді [5.48]. 
Оқулықта жеке белгі сөзжасамнан мынадай мысал келтірілген: 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қоңырбаева А. Сөзжасамдық тип және үлгі мәселесінің басқа республикалардың
 
тіл біліміне тарауы 
 
  
 
 
 
 
 
 
             
                                                  
 
 
Бұл сөзжасамдық типті күрделі сөздердің де сөзжасамына да қолдануға 
болатынын дәлелдеді. 
Осы  сияқты  сөзжасамдық  типті  жалпы  зерттеу  мәселелерінде  аталған 
еңбекте кездеседі. Мәселен, М.Т.Есматова «Есім негізді туынды сын есімнің 
сөзжасамдық  жүйесін  тақырыбына  жазған  кандидаттық  диссертациясының 
авторефератында  сөзжасамдық  тип  туралы  мынадай  деректер  келтірген: 
«Есім  негізді  дегенде  негіз  сөздер  зат  есім,  сан  есім,  сын  есім,  есімдіктен 
болады,  олардан  туынды  сын  есім  жасалады,  тілімізде  сөзжасамдық  типті 
туғызады  деп  оларға  қысқы,  түнгі,  күзгі,  кешкі,  ащылы,  тұщылы,  алалы, 
кішкенелі;  ондық,  үштік;  мендік,  өздік  деген  мысалдардың  жұрнақтарын 
көрсетіп, оларды сөзжасамдық типтің 3 белгісіне сай сөзжасамдық типтер деп 
таныған». 
Сонымен  бірге,  зерттеуші  сөзжасамдық  3  белгісі  түгел  болмаса,  ол 
сөзжасамдық тип болмайтынын да дәлелдеген. 
Оқулықта түрлі сөзжасамдық типтің жасалуы туралы былай деген: «Ол, 
негіз  сөздер  түрлі  сөз  табынан  болуына,  олардан  туынды  түбірлердің  түрлі 
жұрнақтар арқылы жасалып, түрлі мағына жасауы тілдік түрлі сөзжасамдық 
типті туғызады». 
Енді оқулықта бір сөзжасамдық типке қандай туынды сөздер жататынын  
төмендегіше  көрсеткен:  «Бір  сөзжасамдық  типке  белгілі  бір  жұрнақтың  бір 
сөз  табынан  болған  негіз  сөздерге  жалғанып,  оларға  бірдей  мағына 
қосылуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы қолда, майла, көзде, 
т.б».  Ал  бұл  туынды  түбірлердің  бір  сөзжасамдық  типке  жататындығын 
былай  дәлелдеген:  «Бұл  туынды  түбірлер  бір  сөзжасамдық  типке  жатады. 
Олардың басын қосатын ортақ белгілер мыналар: 1) негіз сөздері бәрінде зат 
есім,  2)  бәрі  бір  жұрнақ  арқылы  жасалған,  3)  туынды  түбірлердің  бәрінде 
қимыл мағынасы жасалған».  
Оқулықта  жеке  белгі  сөзжасамдық  тип  жасалмайтынын  жалтақта, 
қорқақта, анықта; екеуле, үшеуле, төртеуле туынды түбірлерінің басқа-басқа 
Ауыз 
Бет  
Есік                      
                              ашар бір типке жатады, сөзжасамдық сыңар-мағына-ортақ 
Жол 
Тіл 
Із  

 
57 
сөзжасам  типке  жататыны  арқылы  дәлелдеген.  Қорыта  келе,  сөзжасамдық 
типті ажырату үшін мына белгілеріне сүйенуді ұсынған: 
1) негіз сөздің қай сөз табынан болғаны; 
2) бір жұрнақ арқылы жасалуы; 
3) туынды түбірлердің мағыналық байланысы. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Қоңырбаева А. Сөзжасамдық тип және үлгі мәселесінің басқа республикалардың
 
тіл біліміне тарауы 
 
 
 
Осы  белгілер  сөзжасамдық  типті  белгілеуде,  анықтауда  негізге  алынуы 
керек.  Өйткені,  тілде  бір  жұрнақтың  түрлі  қызмет  атқаруы,  тіл  дамуында 
мағыналары  өзгеруі,  ағзаның  сияқты  түрлі  құбылыстар  кездеседі.  Оларды 
ажырата білу өте қажетті деп, оқулықта оларды ажыратуда сөзжасамдық тип 
үлкен қызмет атқаратынын аңғартқан.   
Сөзжасамдық  тип  арнайы  зерттелмесе  де,  оның  оқулыққа  кіруі,  негізгі 
белгілерінің  оқулықта  берілуі  сөзжасамдық  тип  мәселесінің  тілдің  сөзжасам 
жүйесінің негізгі мәселесіне жататынын анық дәлелдейді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Балаликина Э.А., Николаев Г.А. Русское словообразование. Казань, 1987.  
2.
 
Земская Е.А. Современный руский язык. Словооброзавания. М., 1973. 
3.
 
Белошапкова В.А. Современный русский язык. Раздел ІІ. М., 1981.  
4.
 
Тихонов А.Н. Словообразование. Морфология. М., 2000. 
5.
 
Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілі. А., 2002. 
6.
 
Оралбаева Н. Сөзжасам. А., 1989. 
7.
 
Виноградов В.Н. Актуальные проблемы русского словообразования. Ташкент, 1985. 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
58 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Н.ӘБІЛХАЙЫРОВ 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ізденушісі 
 
АЛТЫ АҚЫННЫҢ ӨМІР ТУРАЛЫ АЙТЫСЫ 
 
В данной статье изложены факты участия групп акынов в состязании стихотворцев, а также 
рассматривается  состязание  стихотворцев  о  жизни  Алты  акына  с  использованием  поэтической 
формы «назира». 
 
The article presents some facts of participation of a group of akyns in the poetic contest.  This poetic 
contest about Alty akyn’s life with employment of “nazira” poetical form has been analyzed as well in the 
given article. 
 
Сыр  шайырларының  топтасып  мүшәйраға  түсуі  қазақ  поэзиясында 
өзіндік  із  қалдырған  ерекше  құбылыс  саналады.  Ондай  жыр  жарысының 
таңдаулы  тақырыбы  –  өмір,  тіршіліктің  мәні  туралы  ақындық  философия. 
Мүшәйраның  бір  түріне    «Алты  ақынның  өмір  туралы  айтысын» 
жатқызуға  болады.  Кейін  Сыр  өңірі  жыршы-жырауларының  репертуарынан 
тұрақты  орын  алған  осы  мүшәйра  Тұрмағамбеттің  Шораяқтың  Омарына 
жазған «нәпсі» туралы ғазалынан басталады. 
1.
 
Тұрмағамбет: 
Келтірмес өлімді ойға нәпсіге ерсең, 
Нәпсіге ер емессің ерік берсең. 
Тастайды ара шөлге адастырып, 
Алдыңа «әуес» атты қойып көрсең. 
Қанағат сол уақытта етпес көңілің, 
Бар мүлкін бұл жаһанның жинап-терсең... 
Жеріңе көңіліңе алған жеткізе алмас
Нарқы арзан нәпсі-жабы, нағыз тершең. [1.291] 
2.
 
Омар: 
Қайғысын бұл жаһанның қабат ойлап, 
Қайтеді ақылыңды екі бөлсең? 
Еңбектің іске аспағы екіталай, 
Табандап тас көшеде аттай желсең. 
Ей, інім, ақылың ағла
1
 аңлауымда 
Тұрықсыз туысыңа тұрған дөңсең... 
 –  дей  келе,  әріптес  інісіне  екі  дүниенің  қамын  бірдей  ойлау  керектігін 
ескертеді.  Ол  да  алдыңғы  шайырдың  ұйқысын  бұзбастан  және  айтар 
идеясының мәнін жоғалтпай әрі қарай жалғайды. Омардың осы ғазалындағы:  
  
                                                           
1
  ағла – биік,  үздік 

 
59 
Әр түрлі хикая мен дастан жазып, 
Болмай ма қатарыңды жалпы жеңсең. 
Ахмет Байтұрсынов, Мадиярша 
Жорналға сөз беруге енді белсен [2.193], –  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Әбілхайыров Н.
 
Алты ақынның өмір туралы айтысы 
 
 
 
деген  өлең  жолдарының  сол  дәуір  үшін  мәні  өте  зор  болатын.  Алаш 
қайраткерлерінің  жұрт  үшін    жұмылған    жанашыр    істерін    Сыр    шайырлары  
үнемі  дәріптеп  отырады. Өкінішке орай, мұндай мағыналы өлең жолдары Кеңес 
кезеңінде түгелдей қырқылып тасталды. Омар  шайырдың: 
 
Ерлерше  ел-жұртыңа  еңбек  сатпай, 
 
Жетерсің жеңсігіңе  тура  ізденсең. 
 
Көсемдер көпшіліктің  салын  сүйреп, 
 
Мақсатқа  жеткен  талай  мағлұм  білсең. 
 
Мысалға  білімді  ердің  бірін  алып
Тарихын    тәрбиелі    оқып,    көрсең,  –  деген  сөзіне    де  еріксіз    назар  
аударасыз.    Бұл    да    ояну    дәуіріндегі  (1905  –  1917жж.)  қазақ    әлеуметі    үшін 
қажетті  үгіт,   ғибраттың  қатарындағы  есті   сөз.   Шайырдың «Қара  Шекпен»  
дастанының кіріспесінде  ұшырайтын: 
 
... Бұл  күнде  мәдениет  жолын  біліп, 
 
Қазақтың  дана  болды  ұлы-қызы. 
 
Бастағы « бағалының»  базары  айнып, 
 
Бақсының  секілденді  құр  қобызы. 
 
Міржақып,  Байтұрсынов  бақ  аумаған, 
      Жаһанға  жария  болды  білім  тұзы [2.89],– дейтін  жолдар,  не  болмаса : 
 
Сіздердің  көңіліңізге  кір  жағыпты, 
 
Бұзықтың  бұрын  тиіп  баһанасы. 
 
Орын  бер  сөздеріме  өтінемін, 
Ташкентте – «Ақжол»  газет  мәкамасы [2.60], – деген  шумақта  Шораяқтың  
Омарының    Алаш    Орда    көсемдеріне,    олардың    ұлт    жолындағы    қызметіне  
тілеулестігі    кәміл    сезіледі.    Осындай    пайдалы    кеңес,    халықты    білімге,  
өркениетке,    ұлтты    бірлік    пен    татулыққа,    елдікке    шақырған    лебіздер    Сыр  
ақындарының    жазба    айтысы  –  мүшәйрада    терең    әңгіме    болған,    шайырлар  
ақындық    дарынын    сынап,    сөз    жарысына    түсумен    бірге    қалың    көпшілік  
алдындағы  перзенттік  парыздарын  еш  ұмытпаған.  Бұл  да  білімді,  сауатты  
және  иманға  ұйыған  талант  иелерінің  бойына  шақ,  құптарлық  дәстүр  екені  
шүбәсіз. 
3.
 
Кете  Жүсіптің  Тұрмағамбет  пен  Омарға  жазғаны: 
Кең  ойлы  кемеңгердің  өздерісің
Жарастық  жақсы  жолды  иеленсең... 
Бедеудің  иман  атты  беріп  жемін, 
Жалғанда  жарастық  сол – жалын  өрсең. 
 
Секілді  тағат – атаң,  сауап – анаң, 
Аштық  жоқ  қанағатпен  сүтін  емсең... 

 
60 
«Ат  кейін  қалдырам»  деп  арамдық  қып, 
Тұрса  ұят  ақыретте  түсіп  еңсең... [1.292] 
Сыр  сүлейлерінің  бірі  Кете  Жүсіп  Ешниязұлының  да  айтқан,  жазған  
сөзінде   өмір,   адамдық,  намыс,  абырой  мен  нәпсі  жайында  исламдық  ой   
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Әбілхайыров Н.
 
Алты ақынның өмір туралы айтысы 
 
 
 
қуатына  суарылған,  қазақ  түсінігіне   қайшы  келмейтін  әдемі,  әсерлі  пікір,  
бейнелі    сөздер    жетерлік.    Мұндағы    тағат,    сауап,    қанағат,  ақирет,    иман  
сөздерінің    өзі-ақ    көзі    ашық    жанға    көп    нәрсені    ұқтырып    тұрғандай. 
Мүшәйраға  ең  көп  қатысқан  ақынның  айтар  ақылы – «Жалғаншы  өмірдегі  аз  
қызыққа    әуеленіп,    жас    күніңді    босқа    өткізбе»    демекші.    Асты    сызылған 
сөздермен тіркескен  метафора-теңеулер  де шайыр  сөздеріне  поэтикалық  күш-
қуат  дарытып  тұр.  
4.
 
Кете Шахар  ақын  алдыңғы  үш  ақынға:  
Есебін  өткізерсің  бір  күн  қолдан, 
Орынсыз  опасыз  да  ойнап-күлсең. 
Басыңда,  пенде  болсаң,  тотия  жоқ
Сұлтан  боп  Сүлеймендей  бұлтқа  мінсең. 
Жалғанда  ат  шығару  қиын  емес, 
Біраз  жыл  Қарабайша  томар  үйсең... [1.292],– дейді. 
Шахар    шайырлық    дәстүрімен    көне    Шығыс    кейіпкерлерін    мысалға  
келтіре    отырып,    мейлі    Сүлеймендей    табиғаттың    тілін    білсең    де,    мейлі,  
Қарабайша    надандықпен    мал    жинасаң    да,    егер    таза    момындық,  
мұсылмандық    жолын    тұтпасаң,    бекер    уақыт    өткізгенің    деген    ой-  
тұжырымын  тұспалдай  жеткізеді.  Ежелгі «Таурат»  жазбаларынан  мәлім  Дәуіт  
пайғамбардың    отыз    ұлдың    орнына    Құдайдан    тілеп    алған    жалғызы  – 
Сүлейменді    де,    діни    хикаяларда    айтылатын    Һарун,    Қарынбай    образдары  
арқылы    ақын    айтарын    астарлап    жеткізіп    үлгереді.    Өйткені,    Шығыс  
даналығы  көп  сөйлегеннен  гөрі,  түйінді  ойға,  қанатты,  образды  шешендік  
орамдарға    тез    түсініп,    тоқтағанды    жөн    көреді.    Ең    бастысы,    мүшәйра  
тақырыбынан  ауытқымаған  ақын,  ілгері  шайырлардың  ұйқас,  ырғақ  ізін  де  
сақтай  алғанын  аңғарамыз.  
5.  Керейт    Шәді    алдыңғы      төрт    әріптесіне    мынадай    ғибрат    хатын 
жолдапты:  
 
Данаң  бар,  дарияң  бар,  ақылың  бар, 
 
Кетенің  сөз  жазыпсың  дүрлері  өңшең. 
 
Бір  кетсе,  екі  келмес,  енді  айналып, 
 
Қараша  үй,  қазақшылық – тіккен  кеңсең... 
 
Асылы  әділ  жолдан  қия  баспай
 
Миуасын  тіршіліктің  тынбай  терсең... 
 
Сауапты  іс – сарқылмайтын  Оман  дария, 
 
Қайғырып  халқың  үшін  жортып,  желсең [1.293].  
Шәді    Сеңгірбайұлының  (1890-1933)    22    бәйіттен    құралған    ғазалының  
әрбіреуі    терең    мағыналы    да    тәрбиелі    насихат    сөздерге    толы.    Шайыр  
өлеңдерінің    Шығыс    әлемінің    әдебі,    имандылық    пен    кісілік,    халал    мен  
харам,    білім    мен    ілім,    жақсылық    пен    жамандық,    көсемдік    пен    кесірлік
  

 
61 
хақындағы    көне    әрі    ескірмейтін    мотивтерге    негізделгенін    көреміз.    Шәді: 
«Ежелгі    ер    дұшпаны  –  нәпсі    мұндар,//  Жерің    сол  –  озған    мықтап,    соны  
жеңсең...    Насихат    кейінгіге    сен    де    айтарсың,//  Ұялып    үлкендерден    көп  
именсең... Шайтаннның  сүйген   асы  арақты  ішпей,//  Қар  бойы  қазып  терең   
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Әбілхайыров Н.
 
Алты ақынның өмір туралы айтысы 
 
 
 
жерге    көмсең»/    деген    жолдарда    ілгері    шайырлардың    ізін    баса    отырып,  
өзінше    ой    сүрлеуіне    түседі.  Оның    үлкенге    ізет,    кішіге    құрмет    көрсету,  
арақты  «шайтанның  асы»  ретінде  жерге  көму,  адал  еңбек  ету,  ілім  үйрену  
түріндегі  үгіт  сөздері  бүгінгі  қазақ  жастарына  да  қажет  тәлім-тәрбие  көзі  
деп  есептейміз.  
Алты  ақынның    өмір    туралы    мүшәйрасына    түскен    соңғы    шайыр  – 
Молдағали  Құлмырзаевтың  ағаларына  арнап  жазғаны  мынау: 
 
 
Меніңше,  бәрінен  де  бұл  айтқанның 
 
 
«Ақ  жүзді болса, – деймін,– жақсы  жеңешем!» 
 
 
Қасында  домбыра  шертіп  сен  отырсың, 
 
 
Алдында  ақ  жеңгейдің  болып  өншең. 
 
 
Міндет  қып  өрелігін  өлеңіңнің
 
 
Алтын  мен  күміс  тауын  белден  кешсең. 
 
 
Жақсы  ғой  ойдағының  бәрін  істеп, 
 
 
Мың  жасап  Ұлықпандай  дәурен  сүрсең [1.294]. 
Молдағали  шайырдың  жастық  мінезі,  алып-ұшпа  бозбала  көңілі,  інінің  
аға   алдындағы    еркелігіндей.  Дегенмен,    оның    «өрелі    өлең»    туралы    ойлары  
салмақты.  Ақын  ойға  алған  мақсатыңды  түгел  орындасаң, «Лұқпандай  мың  
жыл  өмір  сүргенің»  дегенді  меңзейді.  Шығыс  даналығының  мәйегі  Лұқпан  
хакімге    соқпай    өтпейтінін    еске    түсірсек,    жас    шайырдың    аз    сөзге    көп  
мағына    сыйғызып    тұрғанын    бағамдаймыз.    «Алты    ақынның    өмір    туралы  
айтысы»  Шығыс  классиктері  үлгісіндегі  мүшәйраның  Сыр  топырағында  өз  
жалғасын  тапқанын  толық  дәлелдейді.  Мұның  сырын  тек  ХІХ – ХХ  ғасыр  
көлеміндегі  кітаби,    қиссашыл    ағымның    әсерінен    деп    танысақ,    қатты  
қателесеміз.    Себебі,    Сыр    бойындағы    шайырлық    өнердің    соқпағы    Орта  
ғасырлардағы  түркі-қыпшақ  және  шағатай  әдебиетінен  бастау  алып,  кейінгі  
кезеңге  үзілмей  жеткен-ді.  Өткен  ғасырларда  қазақтар  мен  Орта  Азия  елдері  
арасында    қазіргідей    ресми    шекара    болған    жоқ.    Сыр    бойындағы    қазақ  
рулары    Бұхара,    Самархан    төңірегі  мен    төменгі    Хорезм    ойпатына    дейін  
жетіп,    мал    қыстатып    отырды.    Тіпті,    сол    өңірде    мүлде    тұрақтап    қалған  
қазақтар  қаншама! Майлықожа,  Шәді,  Мәшһүр  Жүсіптерді  былай  қойғанда,  
Сырдағы    қалың    елдің    арасынан    шыққан    Қарасақал    Ерімбет,    Шораяқтың  
Омары,    Тұрмағамбет,    Ысқақ,    Таубайдың    Жүсібі,    Ораз    молда,  Шегебей  
сынды   сандаған  шайырлар  Орта  Азия  медреселерінде  оқып,  ескіше  сауатын  
ашты.    Ал    ондай    оқу    орындарында    Ислам    ғалымдарымен    бірге  
жаратылыстану,    тарих,    астрономия,    медицина    негіздері    және    Шығыс  
класситерінің    шайырлары    оқытатын.    Мәселен,    Тұрмағамбет    Бұхарада  тек  
Фирдоуси,    Сағди,    Жәми    жырларын    оқумен    шектелмей,    Бесқала    өлкесінің  
арғы-бергі  ақын-шайырларымен  де  көп  оқып,  таныс  болған. Ол Әбу  Райхан  

 
62 
Бируни    өлеңдерін    қолжазбадан    оқып    білсе,    Бердақ,  Әжінияз,    Мақтымқұли  
жырларын  ел  аралап,  арнайылап  барып  жазып  алып  жүрді. Осындай  деректі  
мәліметтер    зерттеуші  Б.Ысқақовтың    мақаласында    жан-жақты    баяндалады.  
Оның   жазуынша,  Тұрмағамбет  Бұхара медресесінде  оқып   жүрген  жаз
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Әбілхайыров Н.
 
Алты ақынның өмір туралы айтысы 
 
 
 
айларында    демалысқа    шыққан    сайын    Қарақалпақ    ауылдарында    болады,  
Төрткүл,  Шымбай,  Шорахан  сияқты  қалаларды  аралайды.  Ол  осы  жерлерде  
жүріп    қарақалпақ,  қазақ    балаларын    оқытып,  ұстаздық    қызмет    атқарған.  
Ақынның  сол  жақта  жүріп  жазған  кейбір  өлеңдері,  өткір  өлең-тақпақтары  
Әмудария  мен  Сырдария  бойындағы  елдер  арасына  кең  тарап  кеткен.  
Тұрмағамбет    қазақ    ауылына    Орта    Азия    халықтарының    классикалық  
әдебиетімен  бірге  қарақалпақ  шайырларының  өлең-жырларын  да  ала  келеді.  
Әсіресе,    қарақалпақ    әдебиетінің    классигі    Бердақтың    шығармаларын    көп  
біліп,    оны    өзі    өскен    Сыр    бойына    таратады.  Бердақ    пен    Тұрмағамбет  
шығармаларынан  көптеген ұқсастықты  көруге  болады.  Бұл  форма  жағынан  
еліктеген    жай    мәндегі    ұқсастықтар    ғана    емес.    Тұрмағамбет    шығармалары  
идеялық  мазмұн  жағынан  да  Бердақ  жырларымен  үндес  келеді [3].  
Тұрмағамбеттің    өзі  де  алғаш  баспа  бетін  көрген  өлеңдерінің  бірі  - 
«Шөлмек»   толғауында:  
 
Жазған  сөзім  қыдырды 
 
Орал  менен  Торғайды, 
 
Хорезм  жұрты  хабарлы, 
 
Шорахан, Төрткүл, Шымбайды. 
 
Киіз  үйлі  қазақтың 
 
Есіткен  жері  сөзімді 
 
Аяқ  асты  қылмайды [4.116-117], 
деп  ақындық  даңқының  талай  жерге  таралғанын  аңғартады. 
Бір    ғана    Тұрмағамбет    емес,    Мәшһүр    Жүсіп    пен    Шәді    Жәңгірұлы,  
Қарасақал  Ерімбет  пен  Шораяқтың  Омары  және  басқа  да  қазақ  ақындары  
Орта  Азия  мен  Шығыс  классикалық  поэзиясын,  оның  дүние  жүзіне  белгілі  
сиқырлы  сюжеттерін,  хикметке  толы  қызықты  хикаялары  мен дана  сөздерін  
жақсы  білгендері  даусыз.  
Мүшәйраның  бір  түрі  дәстүрлі  нәзира  үлгісінде  өткізетіндігін  жоғарыда  
айтып    өткенбіз.  «Алты    ақынның    өмірі    туралы    айтысы»    да    осы    тәсілмен  
туғандығы    көрініп    тұр.   Мұның   басты    белгісінің    бірі  –  алты    ақынның   бір  
тақырыпты    таңдап,    сол    идея    төңірегінде    сөз    жарысына,    ой    бәсекесіне  
түсулері  болса,  екіншісі – шайырлардың  бәрі  де  өмір  туралы  өлеңдерін  бір  
өлшемге,  бір  ұйқасқа  құрулары.  Нәзира  үлгісінде  өткізілетін  мүшәйраның  да  
өзіндік    түр,    ерекшелігі    болады.  Демек,  бұл  тақырыпты  тереңдей  зерттеу  –  
қазақ әдебиеті үшін маңызды ғылыми нысан болып табылады. 
     
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Айтыс. Екінші том (Құраст. Ш. Ахметов, т.б.). Алматы: Жазушы, 1965.– 664 б. 
2.
 
Шораяқтың  Омары. Сөйле,  тілім,  жосылып.  Өлеңдер,  дастандар,  айтыстар. Алматы: Рауан, 
1995. –301 б. 

 
63 
3.
 
Ысқақов Б. Бердақ   пен  Тұрмағамбет //Соц. Қазақстан, 1962 жыл, 31 қазан. 
4.
 
Ізтілеуұлы  Т.    Шығармалары.  1-том  (Құраст.  М.Байділдаев,  А.Алматов).  Алматы:  Жазушы, 
2007.– 312 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет