А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Серғазы Л.А. М.Әуезовтің көркемдеу тәсілдері және
түркі әдебиетіндегі ортақ дәстүрлер
күшейтіп суреттейді. Абайдың әлеуметтік сипаттағы өмірі мен табиғи орта
арақатынасы белгілі бір өлшеммен бейнеленеді... Тоғжанмен арадағы
бақытты шақ, Тоғжанды жоғалтудың ауырлығы. Әйгеріммен табысу, бұл
табысудың Тоғжанмен табысқандай қуанышы, бұл қуаныштың мұңды налаға
ауысуы — бәрі бірімен бірі қарама-қарсы мәндегі оқиғалар. Табиғи ортада да
Абай осындай қым-қиғаш құбылыстарды бастан өткереді. Аңшылық пен пәк
табиғатты тамашалау, оның ләззаты, бұл ләззаттың бұзылуы, ақыры, ауыр,
тым жабырқау күйге ауысуы — бұлар да өзара контрастық қатынаста
алынған. Осы боранды күні Абайдың Тоғжанмен ұшырасуы бұған дейінгі
контрастық қатынастағы барлық оқиғаларға түгелдей қайшы әрі бұл қарама-
қарсылықтардың
ең
шырқау
биігі
болып
табылады.
М.Әуезов
шығармашылығының, әсіресе, “Абай жолының” үздік көркемдік сапаға
иеленуі, жазушының эпикалық және лирикалық суреттеу тәсілдерін үлкен
суреткерлік қуатпен пайдалана білгендігінде. М.Әуезов шығармашылығына
тән көркемдік шеберлік үлгілері түгелдей осы екі тәсілдің аясында, осы екі
тәсілдің тоғысқан тұсында, синтезі арнасында жүзеге асады. Бұл ретте
М.Әуезов үлкен эпоста классикалық стильді толық қалыптастырды деп
айтуға болады.
“Абай жолында” бейнеленетін табиғи орта көріністерінің ішінде
көлемді, мазмұндыларының бірі және үлкен жинақтаушылық қызмет
атқарып тұрғаны — соңғы кітаптағы Абайдың даламен бетпе-бет, соңғы рет
оңаша қалуы. Өмірінің бар қызулы, қызықты шағын өткеріп, қажыған ақын
өзі қоршаған табиғи ортадан, туған даласынан, өзінің өткен өмірін көреді.
Даланың ішкі көрінісімен оңаша қалған Абай одан өз өмірінің
шындықтарынан басқа да кұпиялар сезінгендей болады. Дала жүзінен өз
өмірінің тарихын көріп тұрғаны секілді, Абай көңілінде енді осы “ақ адыр сар
дала” қойнауында жатқан бір көне сыр, ескі тарихты тану тілегі оянады. Сол
белгісіз сырлар, құпиялар ашылатын заман, болашақ дәуір туралы ойға
түседі. “Сол дүниені, сол заманды көрер ме еді!..” деген тілекке беріледі.
Өзіне дейінгі өмірді жұмбақ күйінде ұғынған
Абай өз дәуірінің де кейінгі
заман үшін осындай жұмбақ секілді болып көрінетінін ойға алады.
Ақырында, бар ой-толғаныс, әсерлер мен әрекеттер тоғысы ақын
кейіпкердің жаңа шығармасының тууына келіп саяды, осымен түйінделеді.
Шығармашылық процестің бар сатысы, ақындық ойлау - образдық табиғаты,
ақын жаратылысының өршіл қасиеті — бұлар да көрінеді. Ақын кейіпкер мен
табиғи және әлеуметтік орта қатынасын суреттеудегі М.Әуезовтің осы
дәстүрі – бүгінгі тарихи романдарда сәтті жалғастырылып келеді. Өнер, білім
адамдары туралы романдарда мұндай дәстүрлік түр жиі қолданылады.
32
С.Жүнісовтің “Ақан сері” романында Ақан серінің Біршек қасқырды
қууы, Басарала ит пен қасқырдың жанкешті шайқасы және осы оқиғаны
аясына сыйдырып тұрған табиғат құбылыстары М.Әуезов дәстүрінің
арнасында
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Серғазы Л.А. М.Әуезовтің көркемдеу тәсілдері және
түркі әдебиетіндегі ортақ дәстүрлер
суреттелген. Ит пен қасқыр арпалысы күннің кешкірген, батуға таянған
сәтінде өтеді. Кешкі күннің баяу жылжып, батыс бетті алқызыл түске бояуы,
дала қойнауына біртіндеп қою көлеңке ұялай бастауы ит пен қасқырдың өмір
үшін жанталас күресінің мазмұнына, бағытына сай, қасқырдың өшіп бара
жатқан тіршілігіне параллель күйде, соған бір қосымша мазмұн ретінде
суреттеледі. Қасқырдың жан үшін арпалысының кейіпкер көңілін табиғат
құбылыстарына аударуы, қасқырдың жантәсілім күйі мен кешкі күн бояуы
арасындағы әлдеқандай табиғат көрінісінің өзгеру процесі мен қос арланның
жан үшін күресі арасындағы осы сабақтастықтың кейіпкер санасында жаңа
бір ойдың тууына себепкер болуы — бұл жайларды суреттеудің жалпы
сипатымен қатар кей детальдары да М.Әуезов дәстүрінің аясында
айқындалады.
С.Жүнісов М.Әуезов дәстүрінің басты мазмұндық немесе формалық
үлгісіне жалаң еліктемейді, үйренуші ғана болып қалмайды, үйрене отырып,
ұлы жазушының тәжірибесіне сүйене отырып, мүлде бөтен, басқа көркемдік
құбылысты ұсынады. Қазіргі қазақ тарихи романында кейіпкерлердің ішкі
әлемі, негізінен, мейлінше кең ашылады. Қоршаған ортамен қарым-
қатынасындағы толып жатқан қайшылықтар мен олардың қақтығысы
кейіпкер жанында да түрлі сезімдерге, ойларға қозғау салады, ол ой-
сезімдерге бірде үстемдігін жүргізсе, бірде олардың кернеулі ағынына бағдар
сілтейді. Осының бәрі кейіпкердің жан дүниесінен ізсіз өшіп кете бермейді.
Әр өткен оқиға қалдырған сезім, ой-толғаныстар кейіпкер жанында өз ізін,
таңбасын қалдырып отырады. Міне, осы сыртқы дүниенің адамның жан
әлемінде қалдырып отырған әсерінің тұтастығы бұлардан басқа бір өмірлік
құбылысты игеруде, белгілі дәрежеде, бағалаушылық қызмет атқарады.
Мұның өзі адамның өмір шындығын қабылдау процесінде сезімдік және
ойлау қабілеттерінің үздіксіз жетіле беретіндігін көрсетеді. Екінші жағынан,
адам мен ортаның арақатынасы барынша көп қырлы, бай өмір шындығына
адамның реакциясы да түрліше. Өмір шындығының көп қырлылығына орай,
сол шындықтармен өмір сүретін адам жанының құбылулары өлшеусіз мол
және әр қилы.
Жазушының суреткерлік зердесінен туған шынайы әдеби шығармадағы
адам қашанда іздену үстінде, жетілу, өсу үстінде болады. Бұл процесте
жазушы өз кейіпкерлерін белгілі, ешбір бұралаң-бұлтарыстары жоқ, айқын да
анық жолмен жүргізбейді. “Қилы заман”, “Қараш-Караш оқиғасы” секілді
шығармалардағы кейіпкерлердің қай-қайсысының да өсуі, кемелденуі өмірді
танудың толып жатқан қиыншылықтарымен қатар жүзеге асырылады. Белгілі
іс-әрекеттің, таңдалған бағдардың дұрыс я бұрыстығы кейіпкерлердің жеке
тәжірибесі, нақты
әрекеті үстінде анықталады. Абай, ең алдымен істің емес,
33
ойдың адамы. Оның әлеуметтік жетілу процесі, ақындық кемелденуімен
сәйкес, біртіндеп өтеді. Кейіпкерінің мұндай жаратылысы жазушының
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Серғазы Л.А. М.Әуезовтің көркемдеу тәсілдері және
түркі әдебиетіндегі ортақ дәстүрлер
эпикалық баяндауының лирикалық суреттеумен тоғысып, қабаттасып
отыруын талап еткен.
М.Әуезов поэтикасының басты қасиетін белгілеген эпикалық және
лирикалық суреттеу тәсілдерінің жоғары көркемдік формалары қазақ
жазушыларының көркемдік ойлау табиғатына мүлде жаңа сипат берді.
Бүгінгі жазушылар енді эпикалық баяндауды лирикалық суреттеумен тығыз
ұштастыра толғауға ойыса бастады. Кей жазушылардың шығармаларында
суреттеліп отырған дәуір шындығын, әлеуметтік өмір тынысын кейіпкердің
ішкі әлемі арқылы көрсету тәсілі басым түсіп жатады.
Мұндай формалық белгі шығармашылық адамы туралы романдарға ғана
емес, тарихи прозаның басқа типтеріне де тән. А.Нұрмановтың – “Құланның
ажалы”,
Ә.Кекілбаевтың
“Аңыздың
ақыры”
романдарында
және
Ә.Нұрпейісовтің – “Қан мен тер”, X.Есенжановтың “Ақ Жайық”
трилогияларында бұл сапа мол.
Өмір құбылысын терең, бар шындығымен ашу мақсатымен суреткер
белгілі құбылысты я оның бір бөлшегін баса суреттеп, қайталап көрсетіп
отырады. Жазушы Абай психологиясындағы Тоғжанға деген ыстық күй,
ыстық сезімді Тоғжан таққан шолпы үнімен жарыстыра, сабақтастыра
суреттейді. Абай жүрегінің лүпілін – бірде шолпы сылдыры, шолпы үнін
бірде Абай жүрегінің лүпілі басып кетіп отырады. Шолпы сыңғыры
Тоғжанның келіп-кетуінен хабар береді. Абай өмірінде туған дала суреттері
де осындай қызмет атқарады. Даланың қайталанып келетін суреттері,
көбінесе, біріне-бірі қарама-қарсы сипаттағы әсерімен ерекшеленеді. “Абай
жолы” эпопеясының бірінші кітабының басындағы және соңындағы дала
суреті Абай санасында қарама-қарсы екі түрлі эмоциялық реңкімен, көркімен
сәулеленеді. Бірінші кітаптың басында қаладан далаға асыққан, тағат таппай,
алға ұмтылған Абай көңілі енді сол даладан қалаға қарай талпынады.
“Енді, бірақ сондағыдай үміт, бақыт тілегін қаладан іздеп, соны аңсап
келеді” [5 407]. Эпопеяның соңғы кітабында дала суреттері кең қамтылып,
олардың өзара контрастық қатынасы, оның Абай психологиясында,
санасында бейнеленуі әсерлі беріледі.
С.Жүнісовтің “Ақан сері” романында Ақан серінің даламен, Сырымбет
саласымен, Көкше жерімен бетпе-бет табысқан сәтінің суреттелуінде
Әуезовтің осы принципі сақталған. Бір кезде, “сағынып жеткенде, арнасына
сыймай, тасыған әндей бар сұлу келбетімен қарсы алып, жас ақынды
тебіренткен Көкше жері қазір салқын, сұсты...”
Баурайында Ақтоқты мен екеуі жастық сырларын, бақытты дәуренін
өткізген Көкше жері енді Ақтоқтыны біржола айырып әкетеді. Осы зорлық,
осы күш қоршаған табиғи ортаның Ақан санасында сәулеленуіне өзіндік
34
эмоциялық рең беріп тұр. Даланың кейінгі суретінің мазмұндық бөлектігі
оның алғашқы суретін еске түсіреді. Кейіпкер мен орта қатынасындағы
осындай
ерекшеліктердің, яғни кейіпкердің қуат-күші қайтқан, қартайған
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Серғазы Л.А. М.Әуезовтің көркемдеу тәсілдері және
түркі әдебиетіндегі ортақ дәстүрлер
шағындағы әрекетінің ерекшелігін көрсету өз алдында, дара қалыпта тұрып
шығармашылық өзара әсер аймағына ене алмайды. М.Әуезов объективті өмір
шындықтарын кейіпкер санасынан өткізе, кейіпкердің ой-сезімі арқылы
беруге ықпал еткен. Кейіпкер характерін ашудағы мұндай лирикалық тәсілді
пайдалану мәнері аталған жазушыларды қазақ әдебиетінде М.Әуезов
дәстүрінің арнасына алып келді.
“Жазушы
С.Жүнісов
кейіпкерлерінің
шытырманды
сәттердегі
психологиялық халін динамикалық тәсілмен жеткізеді. Ақтоқтыдан
айырылған тұстағы, кейін Құлагер мерт болған сәттердегі Ақан серінің жан
күйзелісін жеткізуде де автор аналитикалық талдауға көп сүйене бермейді.
Мұны кемшілік ретінде қабылдауға болмайды” [6.88]. Жазушы кейіпкер
психологиясын дәл жеткізетін қимыл-қалып ерекшелігі арқылы да оның жан
дүниесінде болып жатқан құбылыстарды айқын таныта алады. Кейіпкер
санасындағы ой мен сезім ағындарының, қайшылықтарының сыртқы
формада көріну ерекшеліктеріне баса назар аударады. Романның екінші
кітабының соңында берілетін Ақан халінің суретінен осындай ерекшелік
көзге түседі: “Ақан бауырындағы ұлын мазаламай, ақырын, бақырашпен су
алмаққа көрпесін кеудесінен жылжыта беріп еді, қолына дым білінді.
Алақанымен ақырын ғана сүртті: шалқалай жатқанда, сақалын бойлай ағып,
Ыбанын қысқан ыстық кеудесіне құйылған өзінің көз жасы екен”.
Жазушы суреттеп отырған осы көрініс, одан кейінгі Ақан мен Ақтоқты
арасындағы сезім сырлары, Ақан өміріндегі Ақтоқтының орны; Абай
өмірінде Тоғжан қандай қастерлі болса, Ақан сері үшін сондай қастерлі
болып суреттеледі. Онегин мен Татьяна, Абай мен Тоғжан секілді ғашық
жұптардың әр қайсысының да түбірлі өмірлік өзгерістерден кейінгі
кездесулерінің ерекше жыр мен сырға көмкеріліп суреттелгені оқырмандар
көңілін ерекше толқытқан-ды. Ал Ақтоқты мен Ақан кездесуіндегі
кейіпкерлердің жан толқынысын бұлайша терең ашуды автор, әлденеге, аса
мәнді деп таппағандай. Бұл екі жанның уақыт билігіне бас иіп, мойынсұнған,
бірақ өз еріксіздігін сезіне түскен сайын, кернеуі күшейе беретін ішкі арман-
тілегі, сан жылдар ауыртпалығынан сартап бола бастаған жүрек құштарлығы,
оның ендігі көнбіс ырғағында әлсіз үнмен діріл қаққан, әйтсе де әлі таза, енді
сол тазалығымен жан егілтетін сыр осы жерде бір лықсып шығуы керек
секілді еді. Бұған қоса, осы тұста “Қараторғай” әнінің шығуына негіз болған
өмір шындығы суреттеледі: төбеде Қараторғай. Қартайған, ауырлап ұшып,
аспанға көтерілгенімен, қайтып қона алмайды. “Жерден тиянақ таба алмаған
адам да қонақтай алмаған құс сияқты ғой”,— дейді Ақан қасындағы
Ақтоқтыға. Жазушы Қараторғай күйі мен Ақан өмірі арасында әлдебір
жақындық, ұқсастық барына мегзейді. Расында да солай. Қараторғай мен
35
Ақанның бұл сәттегі халдерінде іштей де, сырттай да көп жақындықтар бар.
Сол
жақындық “Қараторғай” әнінің тууына
себеп
болады. Әннің соншалықты
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Серғазы Л.А. М.Әуезовтің көркемдеу тәсілдері және
түркі әдебиетіндегі ортақ дәстүрлер
соншалықты сырлы, элегиялы болуының өзі де осымен байланысты сияқты.
Ақтоқтыдан, Қараторғайдан және көз жазған, айырылған Ақан:
“Бірге өскен кішкентайдан, қарағым-ай,
Айрылдым қапияда сенен неғып” –
деп салады әнін. Мұнда Ақанның Қараторғай мен Ақтоқтыға деген аңсаулы,
мұң жапқан кіреукелі сезімі де бар еді. Жазушы ақын өлеңі мен әніне сүйене
отырып, осындай сәтті суреттер жасайды.“Қараторғай” жайы да, Ақтоқтымен
кездесу де Ақан жанын тереңнен козғап, тына бастаған дүниелік тілегін және
бір тербеп өткені даусыз. Өмір өгейлігін көп көріп, көп жапа шеккен, бағы,
бақыты үшін тағдырымен сан мәрте тартысқа түсіп, өмір ағынына қарсы
жүрген, ақыры қажыған, өмір мен уақыт қатар, екеулеп қажытқан, егде
тартқан ақынның іштей бір ақтарылып төгілетін, тұңғиық түбіне дейін бір
аударылып түсетін сәті еді бұл.
Аталған романдардың басты ортақ қасиеті — кейіпкердің өмір
шындықтарын қабылдау, тану процесін, өмір шындығының кейіпкер
санасында сәулелену процесін жазушы бар күрделілігімен кең ашып
көрсетуге күш салады. Өмір құбылыстарының кейіпкер санасында образды
түрде бейнеленуінің өзгешелігін айқындай түседі. Бұл процесте кейіпкерді
қоршаған табиғи және әлеуметтік орта белгілері мен мазмұндары бір-бірімен
тығыз бірлікте алынады. Мұның бәрінде әр автор М.Әуезов тәжірибесіне
өзінше сүйеніп, өзінше ізденеді. М.Әуезовтің көркемдік әлеміне тән белгілі
бір көркемдік құбылысты қайталай отырып, оның дәстүрін жаңа формалық
және мазмұндық құбылыстармен байытады, жалғастырады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. А., 1988.
2.
Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. А., 1958.
3.
Ауэзов М. В воспоминаниях современников. А., 1972.
4.
Каратаев М. Вершины впереди. А., 1977.
5.
Уақыт және қаламгер. Төртінші кітап. А., 1976.
6.
Тоқтаров Р. Әдеби бейне және көркемдік шешім // Жұлдыз, 1990, №5. 187-199 бб.
36
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
К.А.ҚҰСМАНОВА
филология ғылымдарының кандидаты
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің аға оқытушысы
ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМГЕ ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
(АЙТЫС ӨЛЕҢДЕРІ БОЙЫНША)
В статье рассматриваются особенности этнолингвистики и использование лексики в
религиозных исповедях.
This article deals with peculiarities of ethnolinguistics and using vocabularies in religious confession.
Тілдің шежірелік қыры мен танымдық қызметі туралы академик
Ә.Қайдар: «Кез келген этностың (бүгінгі ұлыстың, халықтың не ұлттың)
тілінде оның басынан өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың,
яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тек тілінде
ғана сақталады [1. 21], - дейді. Халықтың діні, наным-сенімдегі көзқарастары
әр этностың жүріп өткен тарихына, бүгінгі күндегі рухани-мәдени, саяси
өміріне зор ыкпалын тигізеді.
Адамзат болмысына рух, мән-мағына беретін рухани күш кез келген
ұлттың мәдени өмірін – оның дүниетанымын, діни көзқарасын тұтастай
зерделеп, ұғынған сәтте ғана білуге болады. Діннің ұлттық рухқа тікелей
қатысы бар. Дінде ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн беруші,
тәртіпке салушы күш бар. Дінсіз ұлт, халық болмайды.
Бес уақыт намазын қалт жібермей, Құдайға ертелі-кеш құлшылық еткен
ата-бабаларымыздың рухани өміріндегі діни-салт көріністерінен тілімізде
діни лексиканың пайда болғаны анық. Қазақ этнографиясында атаулы
салттың зерттелуі жайлы Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Г.Потанин, Ә.Диваев,
Б.Залеский, т.б. ғалымдар еңбектерінде сөз етілген. Діни дәстүрді халық тілі
мен мәдениеті тұрғысынаи арнайы зерттеген ғалым Қ.Ғабитханұлы ұлт
мәдениетін тануда діни салт-дәстүрлердің маңызын атап көрсетеді. Діни
лексиканы анықтайтын этноатаулардың сыры С.Сәтенова, Н.Уәлиев,
Ғ.Аронов, А.Сейілхан, т.б. тілші-ғалымдар еңбектерінде қарастырылған.
Айтыс өлеңдерінде діни лексикаға қатысты атауларды топтастырып,
кейбір құбылыстардың табиғатына, тілдегі тарихы мен мазмұнына үңілуге
мүмкіндік
аламыз.
Соның
нәтижесінде
бүгінгі
этномәдени
ақиқаттарымыздың бір тармағы дінмен тамырласып жатқанын байқауға
болады. Ғасырлар бойы халықтың танымына орнығып, өз қасиетімен
табиғаттың сырын ата-бабалар санасына дүлей тылсымымен жеткізген діни
ғұрыптарға ата жұрт «тәуелдіміз» деп есептеген. Себебі олардың түсінігінде
табиғат пен тәңір өмірдегі барлық келеңсіздік пен жамандықтан сақтайды
деген ұғым басым болған және халық жадында оларға деген ерекше құрмет
37
пен өзіндік рухтын белгісі орасан сақталған. Жыр жолдарында ата-баба
даңқына табыну, оның рухын жоғары ұстау, әулие тұту, аруақтарды дәріптеу
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Құсманова К.А. Діни наным-сенімге қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты...
сияқты образды бейнелер кеңінен өріс алған. Мысалы, жырда колданылған
Шашты Әзіз, Ер Ғали, Мұхамбет, Ер Дәуіт, т.б. образдар діни кейіпкерлердің
атауы ретінде танылады.
Мәселен, Шашты Әзіз - үлкен ата, қолдап, жебейтін әулие. Көп жағдайда
қазақтар алыс ұзақ сапарға аттанатын жолаушыны Шашты Әзіздің аруағына
тапсырған. Ал Қобыланды жырында Қобыландыны ұзақ сапарға аттанардағы
анасы Аналықтың қоштасқан зарында:
Ықылас атты Шашты Әзіз,
Осы кеткен қозымды
Тек тапсырдым қолыңа [2.95J.
Бабай Түкті Шашты Әзіз Ықылас ата Шашты Әзіз, Ықылас атты Шашты
Әзіз, Шашты Әзіз, Баба Түкті сияқты әртүрлі формаларда қолданыла береді.
Мәселен, жыр лексикасында:
Жау жакындап келгенде, Қара басып өзімді, Ұйқы басып көзімді,
Ықылас ата Шашты Әзіз [5.124]. Мифтік деректерге қарағанда, Бабай Түкті
Шашты Әзіз басқа түркі халықтарында да киелі әулие ретінде саналған. Оған
дәлел, мысалы, буряттардың «Құтайын Бабайы – жер иесі саналуы, сахаларда
«Бай анаға табыну салты күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе
жатқанын этнографиялық деректерден көруге болады.
Бабай сөзінің төркінін баба сөзінен табуға болады. Баба - арғы ата, ұлы
ата (ҚТС, 73) мағынасын береді, ал -й зат есім мәнін тудырушы тұлға
жалғанып, тіліміздегі осы атаудағы реңк мәнінде айқындайтын апа+й, аға+й,
баба+й сөздерімен төркіндес туындаған деп пайымдауға болады.
Әулиеге табынуда Қорасанға қой айту атауындағы Қорасанның халық
сеніміне қанша қатысы барын былайша пайымдауға тырыстық.
Ертедегі халық танымында ауруды емдеуде тәңірге жалбарынумен қатар,
елді мекендердегі әулиелер зиратына барып құрбандыққа қой шалу жұрттың
рухани дәстүріне айналған. Тіршілігінің көзі - төрт түлік малына ауру-
сырқаудың келмеуін тілеп, соның ішінде қорасан дертінен (жұқпалы шешек
ауруының асқынған түрі) айығу, құтылу үшін жасаған ғұрыпқа байланысты
туған болуы мүмкін. Осы атаудың негізін С.Сәтенова тарихи тұрғыдан
қарастыра зерттеген: «Қорасан баба атанып кеткен Әбдіжәмил баб Әзірет
Әлімен алтыншы атадан, Мұхаммед пайғамбармен жетінші атадан косылады.
Әбдіжәмил баб – көп оқыған ғүлама, мыңдаған қолды бастаған жауынгер
қолбасшы және елге мұсылман дінін таратушылардың бірі. Шежірешілер
оның Қорасан лақабын иемденуін Ирандағы Қорасан қаласын жаулап алуына
әкеп тіресе, бір деректе қорасан ауруына ем табумен де байланыстырады [3.
219].
Дегенмен, бұл тіркестің төркіні тарихи деректерді ақпараттаса да, оның
өн бойынан халықтың тұрмыстағы наным-сенімінің рухы басымырақ екені
38
сезілетіндей. Олай дейтініміз, казақ ауыз әдебиеті жанрларында (әсіресе
батырлар жырында) дәстүрлі композициялық сипатқа ие болатын бай,
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №4-5, 2010
Құсманова К.А. Діни наным-сенімге қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты...
дәулетті жандардың бір перзентке зар болып, әулие, мазар басына түнеп,
құрбандық шалу ғұрыптары осы ойымызды ұштай түседі. Мәселен,
«Қобыланды батыр жырында Құдайдан жақсылык тілеп, құрбандық шалу
ғұрпынан туған көріністердің ізі былайша жырланады:
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Қабыл болған тілегі [2.78].
Дәстүрлі мәдениетте зат өндіру ғүрып ретінде сакральдық сфераға
жататындықтан құдайлар, киелі рухтар әлемінен санцияланып, басқарылып
отыруға тиіс еді, адам тек сол ерікті орындаушы ғана ретінде түсінілді.
Қазақтарда әрбір кәсіптің киелі пірі болады деп саналып, істі істеуде сол
пірге сиыну дәстүрі болды. Қазақтар бір істі істегенде сол пірлерінің атын
айтып, «менің қолым емес, пәленшенің қолы» деп тілек сөз айтып, істің
жасалу процесін осы киелі күштерге тапсыратын. Ұсталықтың пірі Дәуіт
пайғамбар саналады, бұл киелі тұлға қазақтарға ислам дінімен бірге кірген.
Дәуіт пайғамбар - мұсылман мифологиясында темір өңдеуді, қару-жарақ
жасауды Алла үйреткен бірінші адам. Қазақ ұсталарының жұмыс бастарда
Дәуітке сиынып айтатын сөздерінің бүл үлгісін кезінде И.Кастанье жазып
алған.
Қазақтардың түсінігінде, ұсталардың жасаған кару-жарақтарында
Дәуіттің балғасының ізі болады, оны Дәуіт соғады деп сенген [4. 98].
«Жеті қазынаның бірі - ұста дүкені, ал ұстаның желеп-жебеушісі - Дәуіт,
- дейді қария кісілер. Мұндай түсінік айтыс өлеңдерінде де көрініс тапқан:
Жағасы - алтын, жеңі - жез
Бадана кезді ақ сауыт
Бекітіп соққан Ер Дәуіт [5. 135].
немесе:
Бүгін қанға боялсын,
Балғаң тиген аксауыт
Бекітіп соққан Ер Дәуіт [5.136]. Ұста дүкеніне кірген кісі келген
шаруасын айтпас бұрын «Көрігің желді болсын, көлігің жемді болсын деп
амандасады. Қара мылтық та, қара қазан да, өзге де аса қажетті бұйымдар
ұста дүкенінде жасалады. «Балта басқан байымас, бақан аттаған жарымас
тәрізді мақал-мәтелдер ұста дүкенінде соғылған бұйымдарды халықтың
қадірлеп ұстағанын көрсетеді [6. 18-19].
Батырлар жырында жауға аттанарда батырлардың өзінің жақындарын
(әке-шеше, қарындас, жар қосағы) әулие-әнбиелерге, ал мал-жанын тылсым
күш иелеріне былайша тапсырады:
Тоқсанда атам Тоқтарбай
Құдіретке тапсырдым,
39
Алпыста анам Аналық
Бибібатимаға тапсырдым,
Достарыңызбен бөлісу: |