Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Бекмағамбетов Ш. «Ғалам және мен» концептуальдық ұғымының тілдік таным жүйесінде көріну... 
 
 
 
көзқарасының  (қоғамдық,  саяси-әлеуметтік,  философиялық,  т.б.),  оның 
ішінде  нақты  осы  адамға,  оның  өзіндік  «меніне»  деген  көзқарасының 
объективті  болатындығына  қандай  кепілдік  бар?  Яғни  біз  жеке  адамның 
қазіргі  тұрғыдан,  бүгінгі  күн  тұрғысынан  алғандағы  «мені»  туралы  мәселе 
мен  ең  ежелгі  тілжасам  кезеңіндегі  жалпы  адамзаттық  дүниетанымдық 
ойлаудың  негізіне  алынған  «МЕН»  туралы  мәселені  ажырата  қараған  жөн 
болады деп білеміз. Бұлардың алдыңғысы  – жеке адамның нақты қоғамдық-
әлеуметтік орта арқылы айқындалатын «мені» болса, соңғысы – мүлде басқа 
пландағы, яки жалпы адамзаттық ауқымдағы, адамзат ойлауы мен тіліне негіз 
болған «МЕН» ұғымы.  
С.Л.Рубенштейн  пікірінше  де:  «Отношение  другого  «Я»  к  моему  «Я» 
выступает  как  условие  моего  существования»  [3.354].  Яғни  менің  «менім», 
яки  бар  болуым  (болмысым)  басқа  бір  екінші  «меннің»  (өзгенің)  бар 
болуымен  және  оның  маған  деген  қатынасымен  (көзқарасымен…) 
айқындалады екен….  Бірақ  өзгелердің  субьективті  «мен»  дері  менің 
«менімді»  толық  ашпаса  ше?  Мысалы,  кезінде  Галилео  Галилей,  Николай 
Коперник,  Джордано  Бруно    тағдырлары  олардың  әрқайсысының  өзіндік 
«мені»  арқылы  айқындалған  жоқ  па?  Олай  болса,  жеке  адамның,  әсіресе, 
ерекше жеке тұлғаның адами-болмыстық «мені» толық ашылуы үшін қандай 
критерий  керек?..  Яғни  адами  «менді»  үнемі  тек  оның  өзіндей  өзге  адами 
«мендер» арқылы түсіндіру мүмкін бола бермейтін жағдай да ескерілуі керек 
емес  пе?  Бұл  –  мәселенің  бір  жағы.  Ал  жалпы  алғандағы  адамзат  мені 
туралы  мәселенің,  яки  ғаламат  пен  адамзат  арасындағы  қатынаста 
айқындалатын «Мен» мәселесінің жөні мүлде басқа болса керек.  
Жалпы  алғанда,  адамзаттық  дүниетанымдық  түсінік  бойынша,  адами 
жаратылыстық  болмыстың  ғаламдық  жаратылыстық  болмыс  үлгісінде 
жаратылғандығы  туралы  деректер  мол.  Тілдік  таным  деректерінің  табиғаты 
да бізге осыны көрсетеді. Және мұны адамзат баласы сол ең ежелгі тілжасам 
дәуірі кезеңінде-ақ дұрыс және тереңнен түсініп білгенін тілдік деректерден 
аңғаруға  болады.  Бұл  мәселе  біздің  аталмыш  еңбегімізде  ғаламның  тілдік 
бейнесі  түрінде  түсіндіріледі.  Жоғарыда  көріп  отырғанымыздай,  «Мен» 
ұғымын қазіргі сипаттағы философиялық тұрғыдан түсінудің негізінде  адами 
болмыстың  табиғи-жаратылыстық  (ғаламдық)  болмыстағы  орны  емес, 
қоғамдық өмірдегі орны – саналылығы мен белсенділік қызметі ескерілетіні 
көрінеді.    Әсіресе,  адами  тіршілікті  қоғамдық  өмір  сипатымен,  қоғамдық 
өмірге  қатыстылық сипатымен    ғана  өлшеу  принципіне  негізделген қоғамда 
бұл  күмәнсыз  ақиқат  көрінетіні  белгілі.  Дегенмен,  қоғамдық-әлеуметтік 
өмірдің базистік емес, қондырмалық сипатын ескерсек, біз адамзаттың пайда 
болып, дамуымен, оның өзіндік «Менімен»   байланысты мәселеде адам  мен 
қоғамдық өмір қатынастары мәселесінен де бұрын пайда болып қалыптасқан 
адам мен жаратылыстық болмыс арасындағы қатынастарға тереңірек көңіл 

 
25 
аударуымыз      қажет    болар    еді.    Сондықтан    да    Адам    мен    Ғалам  
(Дүние)
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Бекмағамбетов Ш. «Ғалам және мен» концептуальдық ұғымының тілдік таным жүйесінде көріну... 
 
 
 
арасындағы  байланысты  тек  қана  практикалық  танымдық  немесе  адамның 
тіршілік 
қызметі 
тұрғысынан 
ғана 
қарастырған 
С.Л.Рубинштейннің: 
«Причастность  человека  к  миру  осуществляется  и  через  познание,  и  через 
действие человека как овладение природой...» [3.358] - деген пікірі әлі де ойлана 
түсуді  керек  ететіндей.  Бұл  жердегі  айтылып  отырған  «адамның  ғаламмен 
байланыстылығының  әрі  таным  арқылы,  әрі  адамның  табиғатты  игеру  еңбегі 
арқылы  жүзеге  асатындығы»  туралы  пікір  әзірге  тек  жалпылама  түрде  ғана 
көрініп  тұр  деп  білеміз.  Өйткені  осындағы  «адамның  табиғатты  игеру  еңбегі»  
(«действие человека как овладение природой») дегені «адамның ғаламды игеруі» 
деген  ұғыммен  бір  емес.  Мұнда  адам  мен  ғалам  байланысының  күнделікті 
тіршілікке  қажетті  практикалық  жақтары  ескерілгенімен,  бұл  екеуінің 
арасындағы 
жаратылыстық-болмыстық 
байланыстарының 
ментальдық  
сипаттағы  ерекшеліктері,  адамзаттың  ғаламтану  қызметінің  терең  ғылыми 
негізділігі  туралы  мәселелер  ескерілмеген.  Ал  дұрысында  әңгіме  тек  адамның 
табиғатты  (жақын  айналаны,  күнделікті  тіршілікке  қажетті  ортаны)  ғана  емес, 
космостық  деңгейдегі  Ғаламды  космостық  деңгейдегі  дүниетанымдық  ойлау 
қызметі арқылы  игеруі турасында болуы тиіс.   
Аталған  пікірде  ғалам  мен  адамның  о  бастағы  жаратылыс-  болмысының 
өзара  негіздестігі,  тамырластығы    ескерілмеген.  Әрине,  адами  жаратылыс  пен 
ғалами  жаратылыстың  біртұтас  туыстығы  мен  тамырластығы  туралы  мәселе 
ғылыми  тұрғыдан    әлі  толық  дәлелденбеген  деген  күннің  өзінде,  осындай 
түсініктің  адамзаттың  дүниетанымының,  осы  дүниетанымдық  жүйеде  пайда 
болған  тілдік  танымының  негіздерінде  бар  екенін  біз  тілдік  деректерден  толық 
көре  аламыз.  Яғни,  біздіңше,  адамзаттың  дүниетанымдық  түсінігінде 
қалыптасқан  және  осылайша  оның    тілінде  бейнеленген  адами-жаратылыстық 
болмыстың  «МЕН-і»    ғаламдық-жаратылыстық  болмыстың  табиғатына    орай 
жасалған.  Адамзат  баласының  дүниетанымдық  түсінігінде  ол  өзі,  яки  адам  - 
ғалами  жаратылыстың бір  бөлігі  және  тек  жәй  ғана бір бөлігі  емес,  оның өзегі. 
Адамзат  баласы  өзінің  жаратылыс-болмысынан  космостық  болмыстың  бейнесі 
мен рухын көреді. Сондықтан да ол «Күлтегін» жырында: «Тәңірі тег Тәңіріден 
жаралған»  -  деп  асқақ  сөйлейді.  Мұндағы  Тәңірі  ұғымының  өзі  шындығында 
тексіз, негізсіз абстракты емес, ол – барша болмысты жасаушы Жаратушы және 
өзі  де  сол  барша  болмыс  арқылы  танылып  білінетін  ұлығ,  рух,  күш-қуат.  Тілде 
УП  тілдік  негізі арқылы  бейнеленетін  ҒАЛАМ  (ҰЛЫҒ  ОМ),  яки  «ұлы  қоршау»  
түсінігі өзінің тек материалдық қоршау ретіндегі ұғымымен ғана емес, сонымен 
бірге ең әуелі  бүкіл ғаламдық ұлы заңдылықтардың бірегей жиынтық есебі және 
сол ұлы заңдылықтардың  өмір сүру ортасы мен формасы, Тәңірлік Құдыреттің 
асқан  ұлы  жаратылыстық  жемісі,  соның  материалдық  және  идеялық  көрінісі  
ретіндегі  сипаттарымен  ерешеленеді.  Тілдегі  ғаламдық  бейненің  бойында,  яки 
Ғаламның  біз  айқындаған  базистік  сипаттағы    тілдік  бейнесінде  ғаламдық
 
құрылымның    негізгі  элементтері  мен  олардың  өмір  сүру  жүйесі,  олардың 
қызмет ету принциптері (механизмдері) толық бейнеленген.  

 
26 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Бекмағамбетов Ш. «Ғалам және мен» концептуальдық ұғымының тілдік таным жүйесінде көріну... 
 
 
 
 
 
 
1-сызба. Тілдік таным жүйесі 
 
С.Л.Рубинштейн, интуитивтік түрде болса да: «Я» (исходная точка системы 
координат),  как  «Я»!  –  дейді  [3.354].  Бұл  жерде  аталмыш  ғалым  біз  айтып 
отырған  ең  ежелгі  тілжасам  кезеңі  адамының  тұрғысынан  емес,  қазіргі  қоғам 
адамы  тұрғысынан  айтып  отыр,  сондықтан  оның  координата  осі  де  біздікінен 
мүлде  басқа  түсінікке  қызмет  етеді.  Ал,  шынында  да,  жалпы  адамзаттық 
дүниетанымдық  түсінік  бойынша,  ғаламың  тілдік  бейнесіндегі  орталық  нүктеде 
(центрде)  «Мен»  ұғымы  тұрғаны  ақиқат  (сызбадағы  УН  нүктесіне  назар 
аударыңыз). Жаратылыстық болмысты танушы субъект ретіндегі адамның орны 
ғаламдық  болмыстың  өзегінде  (центрінде)  тұр.  Мұның  өзі  тілдік  құбылыстың, 
жалпы  алғанда,  дүниетанымдық  құбылыстың  антропоцентристік  сипатын 
айқындайды.  УП  -  Ғаламдық  болмыстың  (Ғаламдық  қоршаудың)  УН  -өзегінде 
(центрінде)  орналасқан  адами  болмыс  (МЕН)  жалпы  ҒАЛАМДЫ    УС  «ес» 
арқылы  қабылдайтын  ОБ  «биожаратылыс»  түрінде  көрінеді  деп  түсінуге  толық 
негіз бар. Шеңбер және оның центріндегі нүкте арқылы бейнеленетін осы таңба-
нышан көне түркі жазуында НТ, НЧ дыбыстық тіркестерін бейнелеген...[4.174].  
 
2-сызба. Көне түркі жазуларында НТ, НЧ түрінде оқылатын 
«Ғалам және Мен» (немесе: «нәт», «негіз») ұғымының бейнесі 
 
Яғни  УП  «қоршау»  (ҒАЛАМ)  нышаны  мен  УН  «нәт/негіз»  (нүкте,  яки 
АДАМ/МЕН)    нышанынан  тұратын  осы  таңба-нышандық  жүйе  тілдік  таным 
құрылымында  «Ғалам  және  Мен»  ұғымын  білдіреді.    Бұл  –  ғалам  мен  адам 
арақатынасының  тілдік  негіздер  жүйесіне  алынған,  жалпы  адамзатқа  ортақ 
дүниетанымдық  түсініктегі  көрінісі.  УП  «қоршау»  мен  УН  «нәт/негіз» 
нышандарының логикалық ұғымдарын «оқи отырып», біз бұл екеуінің ұқсастық 

 
27 
және  ерекшелік  белгілерінен  адами  болмыс  пен  ғалами  болмыс  арасындағы 
ұқсастық пен ерекшеліктерді түсіне алар едік [5]. Адамзат баласы өзін, өзінің
  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Бекмағамбетов Ш. «Ғалам және мен» концептуальдық ұғымының тілдік таным жүйесінде көріну... 
 
 
 
өзіндік «Менін»  Дүние-Ғаламның (космостың) үлгісінде,  соған барынша ұқсас 
етіліп  жаратылған  деп  білген.  Бұл  ұқсастық,  бейнелі  түрде  алғанда,  шар-
қоршаудың  (ҒАЛАМ)  нүктемен  (АДАМ)  образды-бейнелі  түрдегі  ұқсастығы 
тәрізді. Адамзат о бастан-ақ Дүние-Ғаламға тән толықтық пен кемелдік, сұлулық 
пен жан-жақты жарасымдылық, күш пен қуат маған да («МЕНге») тән деп білді. 
Тіпте  адами    жаратылыстың-  «Меннің»  өмір  сүру  заңдылықтары  да  ғалами 
жаратылыстың    өмір  сүру  заңдылықтарымен  бірдей  болуы  керек  деп  түсінді. 
Мұны қазіргі ғылымда қоршаған ортамен, жаратылыспен сәйкестік  деп жүрміз.  
Сондықтан да тіл-тілде ҒАЛАМ ұғымы да, «МЕН» ұғымы да, негізінен, УП 
«шар-қоршау»  түрінде  бейнеленетіні  көрінеді.  Мұны  мына  төмендегі  сызбадан 
біршама аңғаруға болады. 
 
Ғалам / дүние 
                   МЕН 
қазақ 
ҒАЛАМ:  ұлығ  +  ОМ;  Дүние:  дүн/  тон 
«үлкен, ұлы» + ие / бе «қоршау» 
Мен < БЕ/еб/ап/  < УП 
орыс 
МИР:  МИ  (УП/ОМ  «қоршау»)+УР 
(етістік) 
 Я < йа / ба / бе   < УП 
ағылшын 
WORLD:  WO  «қоршау»+OR  «ур»+L 
«ұлы»+D «етістік...» 
I «ай»: аб/ап/ба/бе < УП 
неміс 
WELT: WE (ОП/УП)+L (ұлы)+T (етістік) 
Мен  -  Ich;  Біз  –  WIR;  Бірақ  септелгенде  Genitiv 
[meiner]  пен  Dativ  [mir]  және  Akkuzativ  [mich] 
жағдайында  орыс  тілінің  дательный  падежіндегі 
тәрізді болып, УП негізі (WI) көрінеді. 
жапон 
Сэкай: сэк «кос/қос»+ай (АП) «қоршау» 
Я - Ватакуси, ватаси/боку: ва/бо < УП 
 
Біз  тілдік  таным  негіздерін  бейнелейді  деп  білетін  жоғарыдағы  1-сызбада 
келтірілген  тілдік  құрылымдық-семантикалық  жүйеден  жалпы  адамзатқа  тән 
көптеген  дүниетанымдық  ұғым-түсініктерді  «оқып»  білуге  болады.  Солардың 
ішінде, әсіресе, УП және УН тілдік негіздерінің семантикалық сипаттарында бірі 
мен  бірінің  көптеген  ұқсастық  жақтары  да  көрінеді.  Жалпы  айтқанда,  бұл  екі 
түрлі  тілдік-танымдық  негіз  элементтің  бірі  мен  бірінің  ұқсастығын  образды 
түрде  алсақ,  оларды  дән  (УН)  мен  жемістің,  мысалы,  алманың  (УП) 
ұқсастығындай деп айтуға болар еді. УП «шар-қоршау» ұғымының бойында бар 
барлық  қасиеттер  (семантикалық  өрістер)  жалпы  алғанда,  белгілі  бір  өзіндік 
ерекшеліктерімен УН тілдік негізінің бойында да бар. Біз бұлар туралы аталған 
еңбегімізде  тоқталған  болатынбыз.  Демек,  ғалам  және  адам  («мен») 
ұғымдарының  өзара  жаратылыстық-болмыстық  жақындығы  да,  олардың  жалпы 
адамзаттық  дүниетанымдық  ойлаудағы  бейнелену  ұқсастықтары  да,  адамзат 
тілінде  бейнелену  жақындықтары  да  –  бәрі  де  айналып  келгенде,  адамзаттың 
барша танымдық қызметінің – ойлаудың және тілдің, жаратылыстық-болмыстық 
жүйемен сәйкестігін көрсетеді деп білеміз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Уәлиев  Н.  «Қамшы»  концептісі  //Академик  Ш.Сарыбаев  және  қазақ  тіл  білімі  мәселелері. 
Алматы, 2005.  
2.
 
Философский словарь. Москва: Издательство Политической литературы, 1975. 
3.
 
Рубинштейн С.Л. Бытие и сознание. Человек и мир. – Питер принт, 2003.  

 
28 
4.
 
Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуының генезисі. Астана, 2007. 
5.
 
Бекмағамбетов Ш. Тілдік таным негіздері және тілдік символдар. Алматы, 1999. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Л.А.СЕРҒАЗЫ  
филология ғылымдарының кандидаты, 
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті 
 
М.ӘУЕЗОВТІҢ КӨРКЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ 
ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОРТАҚ ДӘСТҮРЛЕР 
 
В статье рассматриваются поэтические приемы и основные традиции тюркской литературы в 
произведениях М.Ауэзова, С.Жунусова и др. 
 
The  author  of  the  article  presents  some  poetical  ways  and  main  traditions  of  Turkic  Literature  in 
M.Auezow’s, S. Zhunussow’s and others’ works. 
 
Көркем  шығармашылықтың  екі  объект  тұтастығынан  туатын  бір  ғана 
пәні бар: белгілі қоғамдық орта және  сол ортада өмір кешуші адам. Көркем 
шығарма  қоғамдық  адам  арқылы  қоғам  тынысын,  оның  ішкі  сыр-сипатын, 
әлеуметтік  бетін  танытады.  Қоғамдық  түрлі  қүбылыстар  арқылы  адам 
жаратылысының сан салалы жұмбақ тылсымдарын ашады. Суреткер барлық 
күш-қайратын,  шеберлігін  бір  ғана  мақсатқа  –  адам  жүрегінің  сырын,  адам 
жанының шындығын танытуға жұмылдырады.  
“Көркем  шығармада  адамның  сыртқы  түр-тұлғасы,  нақты  қимыл-
қозғалысымен  бірге  оның  ішкі жан  әлемі, адам  әрекетінің бұл  екі қыры,  екі 
формасы үнемі өзара тығыз бірлікте болып отырады. Адамның ішкі әлемімен
психологиясымен байланыссыз ешқандай әрекет жоқ. Адамның жанын, сезімі 
мен ойын тікелей көзбен көріп, қолмен ұстағандай дәл танып, нақты бағалау 
мүмкін емес. Адамның ішкі ойлары мен сезімдері түгелдей сыртқы әрекетке 
айнала  бермейді.  “Қазіргі  әдебиеттану  ғылымында  прозаға  қатысты 
“лирикалық  роман”,  “лирикалық  повесть”,  тіпті  “лирикалық  проза”  деп 
жалпылай  атап,  ат  қою  бар.  Бұлардың  үстіне  “лирикалық  стиль”  деген 
терминді  қосуға  болады.  Бұл  атаулардың  мәнісінен  эпос  пен  лирика 
арасындағы  әлдеқандай  бір  жақындық,  жаңа  сапалық  белгілер  бар  секілді 
болып  көрінеді.  Дегенмен,  эпос  пен  лирика,  тоғысқанмен  де,  біріге,  тұтаса 
алмайды. 
Көркем  шығарманың  қай  формалық  түрін  алып  қарағанда  да,  онда  сол 
түрге  тән  басты  сапалық  қасиетпен  бірге  басқа  да  түрлердің  белгілері 
ұшырасып  отырады.  Мұны  жалпы  көркем  туындының  жаратылысына  тән 
ерекшелік деуге болады” [1.158]. 
М.Әуезов  шығармалары  туралы  айтқан  бір  пікірінде  М.Қаратаев  былай 
дейді: “...біресе лирик ақынның риясыз таза көңілінен ақтарылған нәзік жүрек 
сырын, біресе эпик әңгімешінің шымырлаған ағыстай ақырын ғана толқыған 
сабырлы хикаясын, біресе жалынды драматургтың от шашып түтіккен өткір 
де  уытты  диалогын  кездестіресіз,  біресе  туған  дала  табиғатының  әр 

 
29 
мезгіліндегі  құлпырған  көп  бояулы  керіністерін  суреттейтін  тамаша 
картиналарды  көресіз...” [2.155]. “Абай” – түрлі  жанрдың  (эпос,  драма,
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Серғазы Л.А. М.Әуезовтің көркемдеу тәсілдері және
 
түркі әдебиетіндегі ортақ дәстүрлер 
 
 
 
лирика)  синтезі,  барлық  әдебиет  жетістіктерінің  асыл  қасиеттері  ұштасқан 
зор пафосты шығарма” [3.20]
 
деген пікір де айтылды. 
Бұл пікірлер М.Әуезов прозасына тән басты стильдік ерекшелікті тануға 
көп  септігін  тигізеді.  Шығармадағы  лирикалық,  драмалық  белгілер  жанр 
ажыратушы ерекшелік дәрежесіне көтерілмейді, өмір құбылыстары эпикалық 
суреттеу тәсіліне бағындырылады. “Абай жолы” эпопеясынан жалпы өнерге 
тән белгі-қасиеттердің бәрін де табуға болады. Сәулет өнері ме, сурет өнері 
ме,  немесе  мүсін  өнері дейсіз  бе,  не болмаса,  тіпті,  кино,  театр  өнері  дейсіз  
бе  —  солардың  бәрінің  де  элементін  анық  аңғаруға  болады.  М.Әуезов 
эпосының даралық қасиеті осында. Қай жазушы алдында да халықтың ауыз 
әдебиетінің,  туысқан  халықтар  мен  дүние  жүзі  елдері  дәстүрлері  тұратыны 
белгілі.  М.Әуезов  өз  шығармашылығында  осы  дәстүрлерге  сүйене  отырып, 
көркемдік ізденулерінде соны табыстарға жетті. 
Эпикалық  суреттеу  тәсілі  қазақ  әдебиетінде  М.Әуезов  қаламы  арқылы 
ғана келген жоқ. Эпикалық кең тыныс — халық шығармашылығының басты 
ерекшелігі, М.Әуезов шығармаларының эпикалық кең құлаштылығының түп 
негізі халықтық эпосқа барып тіреледі. Солай дегенмен де, М.Әуезов эпосы 
халықтық  эпостан мүлде бөлек. М.Әуезов эпосының қалыптасуы да күрделі 
жағдайда өтті. М.Әуезовтің “эпикалық кең кұлаштылық” концепциясы оның 
бар  ғұмыры  бойында  жетіліп  отырды.  М.Қаратаев  М.  Әуезовтің  эпосынан 
қазақ  эпосы  мен  Лев  Толстой,  М.Горький,  А.Толстой  шығармаларына  тән 
белгілердің сезілетіндігін жазады [4.89]. 
Кең құлаштылық ұғымы суреттеліп отырған құбылыстың мейлінше жан-
жақты,  кең  және  терең  ашылуымен  сипатталады.  “Абай  жолында” 
суреттелген  кез-келген  құбылысты,  тақырыпты  алып  қарағанда  да 
жазушының  мәселені  өте  кеңінен  толғайтыны көзге  түседі. М.Әуезов  эпосы 
терең, сырлы лиризмімен ерекшеленеді. М.Әуезовтің адамның ішкі сырларын 
ашу  саласындағы      бар      күш-қуаты,  мүмкіншілігі  әйгілі  “Абай  жолы” 
эпопеясы арқылы танылды. Автордың бұл тәсілге мейлінше бөлек ықыласпен 
ден қоюы романның  бас кейіпкерінің табиғатындағы даралықпен де арналас.  
М.Әуезовтің көркемдік әлемінде адамның ішкі әрекеті өз алдына дербес 
құбылыс  емес,  ол  сыртқы  әрекетпен,  материалдық  өмір  шындықтарымен 
тығыз  бірлікте  ашылады.  Кейіпкер  әрекеттерінің  психологиялық  және 
логикалық  дәйектілігін,  адамдар  тағдырлары  мен  олардың  характерлерінің 
шынайылық  тереңдігін  қамтамасыз  етуге  толып  жатқан  көркемдік  амал-
тәсілдер  қызмет  етеді.  Солардың  ішінде  бұл  мақсат  үшін  психологиялық 
талдаудың  эпикалық  және  лирикалық  тәсілдерінің  атқаратын  қызметі 
айрықша мәнді деуге болады. 

 
30 
М.Әуезов,  сөз  жоқ,  бұл  бағытта  да  үлкен  табыстарға  жеткен  еді. 
М.Әуезов өз кейіпкерлерінің жан әлемін терең де жан-жақты ашып көрсетуде 
психологиялық  талдаудың  осы  аталған  екі түрін,  екі түрлі суреттеу тәсілін  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Серғазы Л.А. М.Әуезовтің көркемдеу тәсілдері және
 
түркі әдебиетіндегі ортақ дәстүрлер 
 
 
 
егіз  пайдаланады,  оларға  қатар  сүйенеді.  Кей  тұстарда  кейіпкерді  қоршаған 
ортаның  даралық  сипатына  байланысты  я  эпикалық  тәсілді,  немесе 
лирикалық  тәсілді  басым  қолданады.  Кейіпкердің  әлеуметтік  және  табиғи 
ортамен 
байланысының, 
қарым-қатынасының 
байлығы 
мен 
көп 
қырлылығына орай, жазушының суреттеу тәсілдерінің формалары да әр түрлі 
және өзара сабақтас, өзектес болып келеді. 
“Абай  жолы”  романындағы  Абай,  Құнанбай  немесе  Тоғжан  —  осы 
кейіпкерлердің  портретіне  назар  аударған  жағдайда,  жазушының  өз 
кейіпкерлерінің  психологиялық  хал-күйін  ашып  көрсету  мақсатында 
психологиялық  талдаудың  эпикалық  тәсіліне  ерекше  мән  беретіндігі  белгілі 
болады. Құнанбайдың қыбыр қақпай, бір нүктеге қадалып сөйлеген қату жүзі, 
жалпы  бет-бедері  ешбір  қимыл-қозғалыссыз  беріледі.  Ал  Абаймен  алғаш 
кездескен, жүздескен сәттегі Тоғжан күйі, оның бет пішіні бірнеше рет қызыл 
бояумен  албырап,  толқып  көрінеді.  Жазушы  Тоғжанның  әшекей  сырғасына 
дейін  толқытып,  баяу  дірілмен  сілкіндіре  түсіп  суреттейді.  Жазушы, 
осылайша, кейіпкер тарапынан болатын түрлі іс-әрекеттерді, олардың көріну 
процестерін суреттеуде эпикалық тәсілден көп мүмкіншіліктер табады. 
“Эпикалық суреттеуден кейіпкердің ішкі психологиялық  құбылуларына   
ауысу  не  кейіпкер  мен сыртқы әлеуметтік орта қатынасындағы әрекеттерді 
бейнелеуден кейіпкердің сезім әлемі, жан дүниесіне ойысу секілді көркемдік 
тәсілдерді М.Әуезов ерекше шеберлікпен пайдаланған. Жазушы кейіпкерінің  
жан    сезімін    тереңнен,      бар  шындығымен  ашып  беру  үшін  оның  өміріне 
тікелей  де,  жанама  да  қатысы  бар  оқиғаларды  әр  қырынан,  көбінесе, 
контрастық  қатынаста  ашып  отырады”  [1.164].  Бұл  жағдайда  Қодар  өлімі 
тұсындағы  Абайдың жан  дүниесіндегі  өзгерісті еске  түсіруге  болады. Туған 
ауылына  деген,  туған  ауылының  адамдарына  деген  сағынышын  әлі  толық 
баса алмай жүрген Абай кең далада кеудесін желге тосып, серігі екеуі жарыса 
шауып  келеді...  Тек  осы  бір  ғана  көріністің,  мезеттің  өзі  жас  Абайдың  жан 
дүниесіндегі  түрлі  сезімдердің  —  елге,  жерге,  адамдарға  деген  ризашылық, 
құрмет,  сүйіспеншілік  сезімдерінің  —  әбден  жарасқан,  салтанат  кұрған  сәті 
еді. Осы күйде, балалық қуанышының арнасы толып, асып төгілердей, көңілі 
алып-ұшқан  албырт  күйде,  Абай  Қодар  өлімінің  үстінен  түседі.  Бұл 
табиғаттың  өзінде де  сирек кездесетін,  бірімен-бірі  кереғар, күн  мен  түндей 
екі өмір, екі әлемнің алғаш бетпе-бет қақтығысуы еді. 
Әйгеріммен  арадағы  көңіл  кірбіңі  тұсында  Абай  серіктерімен  аңға 
шығып,  көңіл  жадыратуды  қалайды.  Саятшылық  үстінде  Абай  шын 
жайдарыланып, көңілі сергиді. Аңшылық қызығына берілген көңіл барынша 
мәз  қалыпқа  түседі.  Осылай  ойын  тұмшалаған  көңілсіздіктен,  ішкі  қападан 
айыққан  Абай  қайтадан  ауыр  күйге  ұшырайды.  Боранға  ұрыну,  тоңу,  адасу 

 
31 
Абай  жанын  тағы  көңілсіз  әсерлермен  баурап  алады.  Жазушы  боранды 
даланың бетін Абайдың ойлау қалпына сай, бейнелі түрде, бояуын
  қалыңдатып,   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет