Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата09.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8587
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Әбушәріп С.
  
Тұран топырағындағы интеллектуалдық шығармашылықтың бастаулары
 
 
 
 

 
210 
Бұғра  ханның  да  оған  деген  ілтипаты  мен  махаббаты  айрықша  болған  деп 
есептеуге болады. 
«Қутадғу білігтегі» «жаһангер», «білімді», «ақылды», «батыр», «дана ел 
бегі»,  «елбасы»,  «жаһанды  билеуші»  сияқты  т.б.  атаулар  мен  сөздерді  бір 
тұлғаға  телінген,  берілген  айрықша  сипаттар  ретінде  қабылдау  қате 
болмайды.  Б.Тухлиев  пен  А.Абдурахмоновтар  да  осынау  пікірді  ұстанады 
[3].  Жоғарыда  тілге  алынған  билеуші  сипаттарының  Алп  Ер  Тонга  атына 
телінгендігін  «Қутадғу  білігген»  орын  алған  Алп  Ер  Тонга  хикметтерінен 
анық  көруге  болады.  Біз  осынау  хикметтерді  анықтап,  құрметті  оқырман 
назарына  ұсынуға  кірісер  екенбіз,  оларды  дайындауда  Қ.Каримов  баспадан 
шығарған 
«Қутадғу 
білігтен» 
(Тошкент, 
«Фан», 
1972) 
және 
А.Абдурахмоновтың  жоғарыда  сөз  болған  еңбегінен  пайдаландық.  Бұл 
хикметтердің Алп Ер Тонгаға тиесілі екендігін мына жолдар да растайды: 
Алп Ер ашық айтар соған ұқсатып, 
Бұл сөздің маңызын шағып көргін сен татып.  
...Және де жақсы айтқан бұл түрік бастығы, 
Байқағын мұны перзент – көрер көз жарығы.  
Жауды жеңген Алп Ер ұқтырып айтмыш, 
Маған төрт мың жігіт жетерлік болмыш. 
Атақты Алп баһадур не сөйлеміш,  
Сара жігіт әскерге жарамды дерміш.  
Алп Ер Тонга не дер екен тыңдағын
Білім үйретіп, насихат айтар тағын. 
Бұдан да жақсы айтармыш парасатты ер. 
Әділеттікпен әлемді қолында ұстаған ер. 
 
Бұл  хикметтердің  «Девону  луғот-ит  туркте»  берілген  «Алп  Ер  Тонга 
дастанынан»  орын  алған  Алптың  әскери  жорық,  жауынгерлік  қасиеттер, 
мемлекеттік билік жөніндегі көзқарастарымен үндестігі таң қаларлықтай. 
Енді  «Қутадғу  біліг»  шығармасында  көрініс  берген  Алп  Ер  Тонганың 
бірер хикметтерін оқимыз: 
Неку тер эшитгил бу эл кент беги,  
Уқушқа билигқа йетурмиш уги. 
(Не дер екен тыңдағын, бұл ел, кент басы,  
Ақылы асқан және білімді пайымдаған кісі). 
Ажун тутғуқа эр уқушлуғ керак,  
Будун басғуқа уг керак хам йурак.  
(Жаһанды тұтпаққа ақыл керек, 
Халықты басқару үшін де – ақыл әрі жүрек). 
 
Эштгил неку тер бугу билга бег,  
Бу суз ишка тутғил айа қирғу энг.  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Әбушәріп С.
  
Тұран топырағындағы интеллектуалдық шығармашылықтың бастаулары
 
 
 
 

 
211 
 (Дана бек не дер естігін, әуеле,  
Бет бұрып, құлақ ас бұл сөзге). 
 
Буши булса йанглуқ билигсиз булур,  
Қали увка келса уқушсиз қилур.  
(Қатыгез болса, адам білімсіз болар,  
Ашу келсе, ақыл кетер, 
Ашу келсе ақыл нетер). 
 
Сонымен, М.Қашқаридің «Девону луғот-ат турк» кітабына енген Алп Ер 
Тонгаға  бағышталған  өлеңдер  тобы,  олардың  үзіктері  біртұтас  өлеңдік 
шығарманың  бөліктері  болып  табылады.  Дастанның  қорытындылаушы 
бөлімінде  шығарма  авторының  көңіл-күйі  берілген.  Онда  өткендегі  ұлы 
адамдарды  еске  алу,  олардың  дана  ойларынан  бахра  алу  қажеттігі  сезімі 
поэтикаландырылған.  Дастанды  келешекте  оқитын  жандарға  үлкен 
жауапкершілік  –  бұрынғы  замандардағы  жоғары  білім,  даналық  ой,  ақыл-
парасат иесі болған кісілердің кеңесіне құлақ салу, қаһармандықты дәйім еске 
алып тұру міндеті жүктелген . 
Көрініп  тұрғанындай,  белгілі  бір  тарихи-мәдени  ортада  туылатын, 
таралатын, өрбитін идеялардың сипатын зерттеудің маңызы зор. Бірақ кейбір 
зерттеушілердің жазуынша, «Перед историей идей ставилась весьма сложные 
задачи: понимание того, как возникают и распространяются новые убеждения 
и интеллектуальные формы, освещение психологической природы процессов, 
воздействующих на изменение в популярности и влиятельности тех или иных 
идей,  выяснение  того,  как  концепции,  которые  доминировали  или 
преобладали  в  одном  поколении,  теряют  свою  влиятельность  над  умами 
людей и уступают место другим» [4.7-11]. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Жұмабаев М. Шығармалар. I том. Алматы: Білім, 1995. 
2.
 
Кошғарий М. Девону луғот-ит турк. Уч томлик, II том. Т., 1974. 
3.
 
Тухлиев Б. Юсуф Хос Хажиб. Қудатғу билиг. Тошкент, 1991. 
4.
 
Lovejoy A. O. The Great Chain of Being: A Study of the History of an Idea. Cambridge, 1936. 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
 
Ж.ОМАР 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 

 
212 
 
КАВКАЗ, ҚЫРЫМ ЖЕРІНЕН ҚАЗАҚСТАНҒА ДЕПОРТАЦИЯЛАНҒАН 
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ 
 
 
В  данной  статье  рассматриваются  жизнь  и  судьба  тюркских  народов  Кавказа  и  Крыма, 
насильно переселенных в Казахстан в период Великой Отечественной Войны.  
 
The author of the article presents some facts about life and destiny of Turkic nations of Caucasus and 
Crimea migrated by force to Kazakhstan during the Great Patriotic War. 
 
Қазақстан  тарихының  бұрынғы  КСРО-ның  басқа  республикалары  мен 
халықтарының  тарихымен  байланысты  кезеңдері  жетерлік.  Солардың  бірі  - 
Қазақстанға  басқа  ұлт  өкілдерінің  күшпен  қоныс  аударылып  келу  тарихы. 
Кеңестік кезеңдегі бұл тарихи кезең тоталитарлық жүйенің әміршіл - әкімшіл 
басшыларының  көптеген  этникалық  топтарды,  әр  түрлі  ұлттарды  өз 
Отандарынан  қуғындау  саясаты  еді.  Депортацияға  ұшыраған  көптеген 
ұлттардың тағдыр - тарихы Қазақ елімен тығыз байланысты. Осынау қуғын-
сүргін  кезеңі  түбі  бір  түркі  қандастарымыздың  да  басынан  кешкені  мәлім. 
Сондықтанда бұл тарихи оқиғалар туралы айтпай кету жөн болмас.  
 
Түркі  халықтарын  зорлықпен  құғын-сүргінге  ұшырату  тарихы  Отандық 
тарихта  маңызды,  зерттеуді  қажет  ететін  ақтаңдақ  беттерінің  бірі  болып 
табылатыны  баршаға  аян.  Кезінде,  патшалық  Ресейдің  отаршылдық 
саясатының  терең  күш  алған  сәтте,  отарлық  әкімшіліктің  басты  мақсаты  – 
барынша  кең  территориялық  жерлерді  иемденіп,  сол  аумақтарды  көпұлтты 
дәрежеге  жеткізу  еді.  Осы  саясатты  ұстанған  Ресей  империясы  шығыста 
Қытай  мен  Ұлыбританияның  ықпалын  әлсіретуді  көздеп,  ХІХ  ғасырдың 
екінші жартысында Жетісу өлкесіне ұйғырлар мен дүнгендерді, ХХ ғасырдың 
басында  Кавказ  халықтарын  жаппай  зорлықпен  қоныстандыру  саясатын 
жүргізген.  Сонымен  қатар,  1861  жылы  Ресейдегі  басыбайлық  жүйенің 
жойылуымен  қазақ  жерлеріне  орыс  шаруалары  қоныстандырылған. 
Нәтижесіңде,  Орталық  Азияның  этномәдени  өзегі  өзгеріске  ұшырап,  жаңа 
ұлтаралық қатынастар жүйесі пайда болды. 
Түркі  халықтарын  қуғынға  ұшырату  КСРО  кезеңінің  басты  ұлттық 
қайшылықты  көріністерінің  бірі  еді.  Жергілікті  кеңестік  жоғарғы 
басшыларының  және  Жоғарғы  бастықтың  бұйрығымен  Сібірдің  және 
Орталық Азия, Қазақстан топырағына күшпен жер аударылған халықтардың 
саны  мен  ұлттық  құрамы  аз  емес.  Кезінде  жабық  мұрағаттағы  құжаттарды 
зерттемек  түгілі  ашық  әңгімелесуге  мүмкіндік  бермеген  осы  мәселеге 
байланысты қасіреті тарих беттерінде енді ашық жазылып жатыр.  
Қырым, Кавказ халықтарын қуғындау бұл Сталин басқарған жылдардағы 
қатал жазалау операцияларының бірі. Қуғынға ұшыраған халықтар тарихына 
тереңірек үңілсек Сібір мен Орталық Азия жеріне көптеген ұлттарды жаппай 
қоныстандыру 1937 жылдан басталғанын көреміз [1.19].  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омар Ж. Кавказ, Қырым жерінен Қазақстанға депортацияланған түркі халықтары 
 
 
 

 
213 
Германияда  фашистік  биліктің  орнатылуымен  жаңа  пропорционалды 
идеологиялық қарсылас блоктар құрылып, миллиондаған халықтардың өмірін 
алып кеткен Екінші Дүниежүзілік соғысты бастағаны тарихтан мәлім. Екінші 
Дүниежүзілік соғыс жылдарында түркі халықтарын зорлықпен депортацияға 
ұшырату науқаны күшейе түсті. Әсіресе, 1941-1943 жылдар аралығында түркі 
халықтарынан  қуғынға  ұшыраған  әзербайжан,балқар,  (Малқар)  Қырым 
татарлары, ақысқа (месхет) түрлері, ингуштар мен қарашайлар және т.б. түркі 
халықтары  Қазақстан  мен  Өзбекстанның  Ташкент  және  Ферғана 
уалаяттарына еріксіз зорлықпен жер аударылған. 
Бұл  қуғын  сүргінді  ұйымдастырған  Сталиннің  шешімімен  Кавказ  және 
Кырым халықтарын өз ата қонысынан өзге жерге қоныс аудару жүзеге асты. 
Жер  аударудың  себебі:  Қаратеңізді  бақылауда  ұстау  және  Кавказ  үшін 
қақтығыстарға жол бермеу, сонымен қатар Дүние жүзілік соғыс бола қалған 
жағдайда  бұл  халықтар  Кеңес  Одағына  сатқындық  жасайды  деген  күдік  те 
болды [2.97]. 
Кеңес  үкіметі  алғашқы  әрекетін  әзербайжан  халқынан  бастады.  1918-
1920 жылдары арасында 2 мыңдай азери, Армениядағы Ереван және Зангезур 
аймақтарынан  қуылды.  Азеридің  Орталық  Азиядан  қуғындалуы  1932  жылы 
түркілеу кезінде жүзеге асырылды. Азербайжан территориясынан және таулы 
Карабактан көптеген кедей және орта шаруаларды тәркілеуге ұшыратып және 
жер аударылды [2.98]. 
1937-1938  жылдары  басталған  қуғын-сүргін  саясаты  1944  жылға  дейін 
жалғасты.  Грузияның  Месхетия  маңындағы  түркі  халықтары  1937  жылы 
басқа территорияларға қоныс аударылды [3.877]. 
Кавказ халықтары ішінде ерекше қарсылығы мен және жауынгерлігімен 
көзге  түсетін  шешендер  мен  ингуштерді  туған  жерінен  көшіру  НКВД 
тарапынан  үлкен  дайындықты  қажет  етті.  Алғаш  олар  есепке  алынды  және  
жер  аудару  керектігі  анықталды.  Операцияны  сегіз  күнде  аяқтау  белгіленді.   
Жер  аудару  1944  жылы  23  ақпанда  таңертең  басталды.  Халықтың  елді 
мекендерден  шығып  кетулеріне  мүмкіндік  берілмей,  олар  әскер  қыспағына 
алынды. Халық жиналыса шақырылды да, олар сол жерде қарусыздандырды, 
поезд  вагондарына  тиелетін    жерге  жөнелтілді.  Операцияны  өткізу 
барысында    ингуш  халқын  «кеңеске  қарсы  элемент»  деген  айдармен 
тұтқындалды.  Ал  олардың  қаншасы  ату  жазасына  кесілгені  туралы  дерек 
жоқ.    29  ақпанға  дейін  180  темір  жол  вагондарына  халық  тиеліп,  операция 
соңына  қарай  ингуштардың  бұрынғы  беделді  басшылары,  беделді 
дінбасылары арнайы эшелонмен жөнелтілді [1.21]. 
1942  жылы  қарашай  облысында  үлкен  соғыс  басталды.  Сол  жылдың 
қаңтарынан бастап, 1943 жылға дейін қарашай жері түгелімен фашисттердің 
қол астында болды. Кеңес үкіметі қарашай облыстарын немістерден азат етті, 
неміс  әскерін  кері  шегіндіргеннен  кейін  қарашай  халқына  жаппай  жазалау 
жүргізілді. Қарашайлықтар ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қолдағы  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омар Ж. Кавказ, Қырым жерінен Қазақстанға депортацияланған түркі халықтары 
 
 
 

 
214 
қаруларымен  қорғануға  тырысты,  бірақ  бұл  әрекеттері  нәтиже  бермеді. 
Шекараға ең жақын мемлекет болған қарашай және Балкар жерінде төтенше 
жағдай  жарияланды.  1943  жылы  Кеңес  үкіметі  күмәнді  деп  таныған  бүкіл 
халықтарды  жаппай  тұтқындай  бастады.  1943  жылы  12  қазан  Жоғары 
кеңестің шешімімен қарашайлық автономиялық облыс таратылды. 1943 жыл  
14  қазанда  Совнаркомның  шешімімен  барлық  қарашайлықтарды  көшіруге 
бұйрық берілді [4.203].   
Осы  бір  тарих  алдында  абырой  әпермес  шараны  қалай  жүргізілгенін 
Түркиялық  ғалым  Уфук  Таукулдың  қарашай  халқының  қалай  жер 
аударылғанын  жан-жақты  көрсететін  «Түркі  дүниесі  тарихы»  журналында 
1993 жылы (№83)( жарық көрген еңбегінен )  қазақшасын Фадли Әли «Азия» 
газетінде  1993ж.  №52  (80)  жариялады  /  байқай  аламыз.  Бұл  қарашайлардың 
1942  жылдың  тамыз  айынан  1943  жылдың  қаңтар  айына  дейін  немістердің 
қол  астына  болған  кезеңі.  Қарашайлар  неліктен  немістермен  тіл  табысты 
дегенге  келсек,  аталған  автор  мынандай  жауап  береді  оның  жазғанына 
қарағанда  немістер  төмендегідей  уәде  берген:  Біріншіден  Тәуелсіз  ұлттық 
басқару  жүйесі  қалпына келтіріледі және  дінді  қоса  алғанда өмірдің  барлық 
салаларында  халыққа  толық  еркіндік  беріледі,  екіншіден,  колхоздардың 
орнына  жеке  меншік  жүйесі  енгізіледі.  Үшіншіден,  орыстар  күшпен  екіге 
ажыратқан  қарашай  –  балкар  халқы    қайтадан  біріктіріледі.  Бұл  бастамалар 
қарашай  халқының  немістерге  жақтаса  отырып,  орыстарға  қарсы 
қимылдауына ықпал еткен еді [1.20]. 
Тап  осы  жағдай  балқар  халқының  басына  келді.  Кабардин-Балқар 
Автономиялық облысы 1922 жылы 16 қаңтарда РСФСР құрамында құрылды. 
1936  жылы  4  желтоқсан  облыс  Автономды  Республика  дәрежесін  алды. 
Балқар халқын қуғын-сүргінге ұшырату туралы шешімі 1944 жылы 5 наурыз 
ГКО-ның  жиналысында  қабылданды.  1944 жылы  7  наурыз    Берия  Сталинге 
жіберген  жедел  хатында,  операцияға  НКВД-ның  19  мың  офицерлері  мен 
арнай  әскерлері  жұмылдырылғанын  жазған.  Олардың  басым  бөлігі 
қарашайлар мен балқарларды қуғындауда белсенділік танытқан [5.40]. 
Қуғын-сүргін  саясатына  Солтүстік  Кавказ  халықтарымен  бірге  Қырым 
татарлары да тап болған. Қырым АССР-і 1921 жылы РСФСР-дің құрамында 
бой  көтерді.  Республика  құрамында  қырым  татарлар  мен  қатар  орыстар, 
украиндықтар, гректер, болгарлар, армяндар т.б. халықтар өмір сүрген. 1940 
жылғы 1 сәуір халық санағы бойынша республика құрамында 1 126 800 адам 
тіркелген. Оның ішінде 218 мыңы қырым татарлары. Соғыстың басталуымен 
20 мың қырым татарлары Қызыл әскер қатарында немістерге қарсы соғысқан. 
Германияның жоспары бойынша келешекте қырым немістердің еншісіне өту 
қажет  еді.  Сол  үшін  Германия  халық  арасында  түрлі  сепараттық  үгіт-
насихаттарын  жүргізген.  Сондықтан  бұл  жерде  немістермен  тығыз  қарым 
қатыста болған қырым татарлары бар еді. 1944 жылы 22 сәуір совнаркомның  
ішкі  істер  жұмыстары  бойынша  орынбасары  Кобулов   пен  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омар Ж. Кавказ, Қырым жерінен Қазақстанға депортацияланған түркі халықтары 
 
 
 

 
215 
Серовтың  Берия  атына  жіберген  мәлімдемесінде,  51-ші  әскер  қатарына  20 
мың  қырым  татары  немістер  тарапына  өткен.  Сонымен  қатар  Евпаториялық 
секторда  67  адам  шпиондық  -  диверсиондық  жұмыстар  атқарған  [6.151]. 
Әрине  бұл  мәліметтерді  егжей-тегжей  зерттеу  қажет.  Себебі  Қызыл  әскер  
құрамында  әскер  борышын  атқарған  20  мың  қырым  татардың  барлығы 
немістер  тарапына  өтті  деп  айта  алмаймыз.  Дегенмен,  басқару  әкімшілігі 
мұндай  фактілерді  келтіре  отырып,  барлық  халықты  зорлықпен  құғын-
сүргінге  ұшыратуға  қандай  құқығы  болды  деген  сұрақ  туындайды.  Осыған 
қарамастан  соғыс  жылдарында  8  мың  қырым  татары  КСРО-ның 
медальдарымен марапатталды, соның ішінде жетеуі Кеңес Одағының батыры 
атағын  алды.  Мәселен  ұшқыш  Ахмет-хан  Сұлтан  Кеңес  Одағының  батыры 
алтын жұлдызымен марапатталды. 
Қырым  татарларын  отанынан  жат  жерге  қуғынға  ұшырату  науқаны 
Берияның  1944  жылғы  13  сәуір  «Қырым  АССР-ін  антикеңестік 
элементтерден тазалау шаралары» атты бұйрығына сәйкес басталды. Осыған 
байланысты  науқанды  бастау  үшін  Қырым  АССР-і  НКВД-нің  басқаруымен 
2000  жүк  тасымалдайтын  автокөлік,  оған  1500  тонна  жанар-жағар  май 
бөлінді.  Қырым  татарларын  зорлықпен  қуғынға  ұшырату  науқанын  Берия 
1944 жылы 1 маусымда аяқтауды жоспарлаған еді. Оны 1944 жылы 10 мамыр 
Берияның  Сталинге  жіберген  мәлімдемесінен  аңғаруға  болады.  Онда  ол 
«Қырым татарларының сатқындық пиғылдарына сәйкес және олардың бұдан 
былай  Қырымда  өмір  сүруі  қауіпті  деп  танып,  КСРО-ның  НКВД-і  Сіздің 
құзырыңызға  шешімнің  жобасын  Мемлекеттік  Қорғаныс  комитетінде 
қаралуын  және  барлық  қырым  татарларын  Қырымнан  тазартуды  жөн 
көремін» деп бір мезетте қырым татарлардың тағдырын шешкен. 
«Арнайы  қуғындалғандар»  қоныстандырылған  аумақтарда  ауыр 
шарттарда  өмір  сүруін  жалғастыра  отырып,  шаруашылықтар  мен  ірі 
өнеркәсіп  орталықтарда  жұмыстарға  жұмылдырылған.  Қазақ  ССР-нің 
Совнарком  төрағасы  Оңдасыновтың  1943  жылы  27  қазан  берген 
мәліметтеріне 
қарағанда, 
Солтүстік 
Кавказдан 
келген 
«арнайы 
қуғындалғандардың»  6  мың  отбасысы  Жамбыл  облысы  мен  Оңтүстік 
Қазақстан  аудандарына  қоныстандырылған.  Әрбір  облысты  аудан  бойынша 
жіктейтін  болсақ:  Жамбыл  ауданына  –  1000  отбасы,  Свердловқа  –  900, 
Таласқа  –  300,  Луговое  ауданына  –  400,  Мерке  ауданына  –  700,  Қордай 
ауданына  –  700,  Шу  ауданына  –  1000  отбасы  орналастырылған.  Оңтүстік 
Қазақстан облысы бойынша: Киров ауданына – 2000, Мақтаарал ауданына – 
1200, Қызылқұм ауданына – 400, Арыс ауданына – 400, Сарыағаш ауданына – 
500, Сайрам ауданына – 800, Сайрам ауданына – 800,  Келес ауданына – 600 
отбасы  қоныстандырылған  [7.45].  Қоныстандырылу  барысы  коменданттар 
тарапынан  бақылауға  алынып,  олар  колхоздар  мен  совхоздардың 
жұмыстарына жұмылдырылған.  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
Омар Ж. Кавказ, Қырым жерінен Қазақстанға депортацияланған түркі халықтары 
 
 
 

 
216 
Колхоз,  совхоздарда  қуғындалғандар  арасында  бәсекелік  жұмыстар 
ұйымдастырылды. 
Олар 
кейінен 
марапатталды. 
Қуғындалғандар 
Қазақстанның  өнеркәсіп  орталықтарында  да  белсенділіктерімен  танылды. 
Мәселен, 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облысының 
Келес 
ауданына 
қоныстандырылып,  жол  құрылыстарында  жұмыс  істеген  қарашайлар,  өзге 
колхоздармен  бәсекелесіп,  бірінші  орынды  иемденді.  Олардың  120-на  сый 
ақы берілді. Мақтаарал совхозындағы қоныстанушылар мақта жұмыстарына 
жұмылдырылып, нормадан тыс мақта өткізетін.  
Қазақ  елі  сол  тоталитарлық  кезеңде  өз  ата  қонысын  мәжбүр  бен  тастап 
келген  түркі  қандастарымызға  қолдан  келген  көмегін  аяған  жоқ.  Оларға  өз 
шаңырағының төрінен орын беріп, қиыншылықтарымен  бөлісті.  
Сонау зобалаң кезеңінде тарихи Отандарынан күшпен қуғындалған түркі 
халықтары да Қазақстанды екінші Отаны деп таниды. Міне осындай тарихи 
оқиғалардың көрінісінен Қазақстан топырағында супер этникалық (көпұлтты) 
құрамы  қалыптасты.  Әрине,  бұл  көріністер  сталиндік  жылдардағы  ауыр 
кезеңдердің  көрінісі  болғандықтан  ұлт  тағдыры  үшін  кешірілмес  күнә  екені 
даусыз.  
  
                                   
          ӘДЕБИЕТТЕР   
 
1.
 
Омарбеков Т. Депортация: Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарын қуғындау //Ақиқат. 1997, 
№5. 
2.
 
Bice Hayati Kafkasyadan Anadoluya Gocler. Т.Т.К баспасы. Ankara, 1991.  
3.
 
Türkler. 18. cilt . Yeni Türkiye yayınları. Ankara, 2002. 
4.
 
Верт А. Россия в войне 1941-1945 гг. М., 1967.  
5.
 
Бугай Н.Ф. Правда о депортации чеченского народа //Вопросы истории 1990, №7.  
6.
 
Погружены  в  эшелоны  и  отправлены  к  местам  поселений  Л.Берия-Сталину  //История  СССР. 
1995, №1.  
7.
 
Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ века. А., 1995.  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 
 
ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ 
  
 

 
217 
Қ.Р.ҚАРАТЫШҚАНОВА 
философия ғылымдарының кандидаты, 
 А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
ИСЛАМДА ТӘҢІР БОЛМЫСЫН ТАНУДЫҢ  
ЭПИСТЕМОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ 
 
В  статье  рассматривается  одна  из  важнейших  тем  философии  суфизма  –  сущность 
познавательного  отношения  суфия  к  Богу,  возможность  познания  Бога  человеком.  Приводится 
анализ  форм  доказательств  сущности  Творца,  а  также  раскрываются  причины,  побуждающие 
основывать факт существования Творца. 
 
This article deals with one of the most important philosophical topics – the essence of cognitive Sufy’s 
attitude towards God. The opportunity of God’s cognition by humans. Proofs of Creature existence have 
been analyzed in the article as well. 
 
 
Тәңірдің  бар  болуын  сипаттау  философияның  да,  теологияның  да 
орталық  мәселесі  болып  табылады.  Философия  тарихында  бұл  классикалық 
мәселе  турасында  сөз  айтпаған  философ  жоқ  десе  болады.  Бұл  салада 
көптеген  кітаптар  жазылса  да,  қазіргі  таңда  философия  мен  теология 
саласында  әр  айда  жазылып  жатқан  жаңа  кітаптар  мен  көптеген 
мақалалардың  баспадан  шығып  жатуы  бұл  тақырыптың  бәсеңдемегенін 
көрсетеді. 
Тәңірдің  барына  сену  не  сенбеу  мәселесінің  шешілмеуіне  қарағанда, 
соншалық  қиын  бе  еді?  Ғазали  мен  Декарт  сынды  танымал  ойшылдардың 
сенім  адам  табиғатына  тән  деулеріне  қарамастан,  Тәңірдің  бар  болуына 
қатысты бірқатар дәлелдер берілуде. Әрине мұндай әрекет түрлі себептерден 
келіп шығатыны мәлім. Бұл себептердің бірнешеуіне тоқталайық [1. 20]. 
а.  Дәлел  мен  тұжырымды  іздеуге  итермелеген  күштердің  басында 
діндердің  қасиетті  жазбаларындағы  түсініктер  тұр.  Үлкен  әлемдік  діндер 
шығысымен  бірден  қабылданбаған.  Кедергілер  адамға,  саясатқа,  ой-пікірге 
қатысты туындап отырған. Әсіресе, ой-пікірдегі кедергілерді жоюдың діннің 
тамыр жайып орнығуына алып баратын өмірлік мәні бар. Ой-пікір кедергісіне 
оймен  қатынас  жасау  үлкен  пікірталасқа  алып  келді.  Осы  пікірталас  түрлі 
кәламдық  және  философиялық  әрекеттердің  негізін  салады.  Мұны  мынадай 
мысалмен түсіндіруге болады. Исламға сенбеген меккелік арабтар Құрандағы 
құдай  түсінігіне,  өлімнен  кейін  өмір  жалғасатынына  қатысты  сенімдерге 
қарсы  болған.  Құран  бұл  қарсылықтарға  жауап  бергенін  білеміз.  Ой 
алаңындағы  қарсылықтарға  берілген  жауаптардың  бірнеше  дәлелдерге 
сүйенгенін  байқасақ,  Ислам  тарихында  орын  алған  тартысуларда  неліктен 
Құран  негізге  алынғанын  жақсы  түсінуге  болады.  Тартысқа  түскендер 
Құрандағы  ұғымдар  мен  түсініктерді  қолданғанын  көреміз.  Мысалы, 
Құдайдың  бар  болғанына  қатысты  тартыстарда  жиі  қолданылған  дәлел, 
бұрхан,  сипат,  т.б.  сөздер  Құранда  кездеседі.  Алладан  басқа  тәңірлерге 
сенушілерге  қаратып  Құран:  «Немесе  олар,  Алладан  өзге  тәңірлер   жасап  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет