Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет43/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

336 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
С.АБУТАЕВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
ПРОКУРОРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ БІРІНШІ САТЫЛЫ 
СОТЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
В данной статье рассматриваются особенности участия прокурора в производстве  суда первой 
инстанции уголовного процесса. 
 
The article deals with some peculiarities of the attorney’s participation in the court of the first instance 
of the criminal trial. 
 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  елімізде  сот  төрелігін 
жүзеге  асырудың  басты,  негізгі  принциптерін  бекітті.  Сот-құқықтық 
реформасын одан әрі жетілдірілуі мен дамуы нәтижесінде ҚР-да Қылмыстық 
және Қылмыстық істер жүргізу кодекстеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. 
Ал,  сот  төрелігін  жетілдіруде  ҚР-сы  Жоғарғы  сот  Пленумының  “Сот 
билігі туралы заңнамаларын қолданудың кейбір мәселелері туралы” қаулысы 
өз  үлесін  қосты.  Осы  аталған  нормативтік-құқықтық  актілерде  соттар 
әлеуметтік әділеттік принциптерін өмірге енгізу, әрбір қылмыстық істі шешу 
кезінде  қылмыстық  іс  жүргізудің  міндеттері  мен  принциптерін  басшылыққа 
алуды  және  әділетті  сот  талқылауын  және  қылмыстық  заңды  дұрыс 
қолдануды  қамтамасыз  ету  жүктелінген  болатын.  Сондықтан,  біз  “сот 
төрелігін жүзеге асыру барысында заңдардың дәл сақталуына кепіл болатын - 
ол прокурорлық қадағалау, яғни прокурордың қылмыстық іс бойынша сотқа 
қатысу қызметі” деген пікірге толық қосыламыз [1]. 
Сотта  қылмыстық  істерді  қаралуына  прокурордың  қатысуы  Қазақстан 
Республикасының  “Прокуратурасы  туралы”  заңының  30  бабымен  реттеледі. 
Дегенмен,  бұл  норма  сілтеме  сипатында  болады,  себебі  аталған  бапта  
прокурордың  қылмыстық  істі  сотта  қарау  мен  талқылау  кезінде  қатысуы 
қылмыстық іс жүргізу заңымен анықталынады деп көрсетеді. 
Прокурордың  алып  отырған  дәрежесіне  қарамастан,  мемлекеттік 
айыптаушы ретінде қатысу кезінде ҚР-сы Бас прокурорының өкілі сипатында 
қатысады  және  ол  қылмыстық  іс  жүргізуде  заңдылықты  сақтаушы  болып 
табылады.  Мемлекеттік  айыптауды  қолдау  кезінде  прокурор  сотта 
қылмыстық  істерді  қарауда  заңдылықтың  сақталуына  қадағалауды  жүзеге 
асыру міндетінен босатылмайды. 
ҚР-сы Бас прокуроры мемлекеттік айыптауды төмен тұрған прокурорлар 
қалай жүзеге асырып отыратындығын қадағалап отырады. 
Прокурор  қадағалауды  жүзеге  асыруды  тек  сот  үкімді  немесе 
анықтаманы  қабылдап  қойғаннан  кейін  емес,  сонымен  бірге  қылмыстық  іс 
бойынша сот әлі ешқандай шешім шығармаған жағдайда да жүзеге асырады. 
Егер  сот  сотталушыға  сот  талқылауында  оның  құқықтарын 
түсіндірмеген  болса  және  сот  әрі  қарай  қылмыстық  істі мәні бойынша
  

337 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Абутаева С.
 
Прокурордың қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатылы сотына қатысу ерекшеліктері
 
 
 
қарауды  жалғастырып  отырса,  онда  іске  қатысушы  прокурор  аталған  заң 
бұзушылыққа  қарсы  дереу  әсер  етіп,  қажет  болған  жағдайда  наразылық 
келтіруге  дейін  барады  және  “прокурор  қылмыстық  іс  бойынша  үкім  заңды 
күшіне енгенге дейін заң бұзушылыққа әсер етіп отыруы қажет” [2]. 
Себебі,  заңсыз  әрі  негізсіз  үкімді,  анықтаманың  күшін  жою  үшін 
наразылық енгізудің маңызы кемиді. 
ҚР-ның ҚІЖК-сі сот талқылауына қатысатын қатысушыларға қарағанда 
прокурорға  ешқандай  артықшылықтар  бермейді  (мысалы,  дәлелдемелерді 
ұсынуда, дәлелдемелерді зерттеуде, өтініштерді мәлімдеуде). 
Сонымен  бірге,  заң  прокурордың  іс  жүргізушілік  жағдайын,  сот 
талқылауына  қатысушылардың  іс  жүргізушілік  жағдайынан  біршама 
өзгешелеу  сипатқа  ие  екенін  көруге  болады.  Бұлар  прокурорға  берілген 
артықшылық  емес,  керісінше  ерекше  сипаттағы  айырмашылықтар, 
прокурордың  өзінің  функцияларын  тиімді  жүзеге  асыруына  қолайлы 
жағдайлардың жасалуы. 
Жәбірленуші  сотқа  өзінің  атымен, қорғаушы  сотталушының  атымен,  ал 
прокурор әрқашанда заң мен мемлекет атымен сот отырысына қатысады және 
сотта заң бұзылуын жоюға шаралар қолдануға міндетті болып келеді. 
Сондықтан,  прокурордың  сот  талқылауына  қатысу  арқылы  сотқа 
қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жоюға 
ықпал етеді. 
Прокурордың  сотта  мемлекеттік  айыптаушы  ретінде  ғана  емес,  сондай-
ақ  сотта  қылмыстық  істерді  қарау  барысында  заңдарды  орындаудың 
заңдылығына қадағалайтын орган ретінде де қатысады. 
Сотта  қылмыстық  істі  талқылау  барысында  прокурордың  қатысуының 
басты нормативтік-құқықтық  негізі  - ҚР-ның ҚІЖК-сі болып табылады. ҚР-
сы  ҚІЖК-сі  бойынша  сот  төрелігін  жүзеге  асыру  барысында  заңдардың  дәл 
сақталуына  кепіл  болатын  басты  бір  кепілі  ретінде  прокурордың  сотта 
мемлекеттің мүддесін білдіру институты ерекше орында тұрады. 
Сондықтан,  прокурор  сотқа  қатысу  арқылы,  мыналарды  орындалуына 
әсер етеді: 
- сотта қылмыстық істер жан-жақты, толық және объективті қаралады
- заң және сот алдындағы азаматтардың теңдік принципі сақталады; 
-  сот  талқылауында  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтары 
сақталады; 
- қылмыстық іс бойынша заңды әрі негізді үкім шығады; 
- сотталушының кінәлілігі толық дәлелденеді; 
- сотталушы жасаған қылмысына (дұрыс) баға беріледі; 
- соттар дәлелдемелер толық, жан-жақты және объективті зерттелінеді; 
- сотталушыға әділ жаза беріледі. 
 

338 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Абутаева С.
 
Прокурордың қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатылы сотына қатысу ерекшеліктері
 
 
 
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының алдында тұрған 
міндеттермен бірге, сотта қылмыстық істі талқылау кезінде прокурор өзіндік 
міндеттерді де жүзеге асырады. Олардың ерекшелігі, олар тек қылмыстық сот 
ісін жүргізу барысында орындалады. 
Ал,  қылмыстық  істі  сотта  талқылау  барысында  прокурордың 
қатысуының басты міндеттері ол: 
-  сотта  қылмыстық  іс  бойынша  талқылау  кезінде прокурордың  қатысуы 
барынша тиімді болуын қамтамасыз ету; 
-  қылмыстық  істі  қарауымен  байланысты  шығарылған  үкімдердің, 
қаулылардың, анықтамалардың заңдылығын қамтамасыз ету

қылмыстық 
сот 
ісін 
жүргізу 
барысында 
сотталушының, 
жәбірленушінің,  және  іс  жүргізуге  қатысушы  басқа  да  тұлғалардың 
құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету. 
Осы  аталған  әрбір  міндеттерді  орындау  үшін  прокурор  бірнеше  жеке 
міндеттерді шешу қажет. 
Мысалы,  жоғарыда  аталған  бірінші  міндетті  орындау  үшін  - 
прокурордың  сотқа  қатысуын  ұйымдастыру  қажет,  сотқа  білікті 
айыптаушының қатысуын қамтамасыз ету, қылмыстық істі сот талқылауына 
прокурордың  қатысуын  жан-жақты,  толық  дайындалуын  қамтамасыз  ету 
қажет. 
Екінші  міндетті  орындау  үшін,  прокурор  қылмыстық  іс  бойынша  сот 
шығарған құқықтық актілердің заңдылығын уақытында тексеруін қамтамасыз 
ету,  наразылықтардың  білікті  жасалуын  қамтамасыз  ету,  прокурордың 
апелляциялық,  кассациялық  және  қадағалау  сатылы  сотқа  қатысуын 
қамтамасыз ету қажет. 
Қазақстан  Республикасының  прокуратурасы  туралы  заңы  және  ҚР-ның 
ҚІЖК-сі  сотта  қылмыстық  істі  талқылауына  прокурордың  қатысуының  екі 
бағытын анықтап көрсетеді: 
-  бірінші  сатылы  сотта  қылмыстық  істерді  қарауы  бойынша  сот  ісін 
жүргізуіне прокурордың қатысуы; 
-  қылмыстық  іс  бойынша  соттың  үкімдерін,  қаулылардың  заңдылығы 
мен негізділігіне қадағалау.  
Жоғарыда аталған прокурордың өкілеттіктерін талдай отырып, біз сотта 
қылмыстық  істі  талқылау  барысында  прокурордың  қатысуының  пәнін 
шығара аламыз: 
- сот шығаратын үкімнің заңдылығы мен негізділігі; 
- соттың заңдардың нормаларын дәл әрі бірыңғай қолданылуы; 
-  сот  талқылауында  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарының 
сақталуы. 
Сотта  қылмыстық  істі  талқылау  барысында  прокурордың  қатысуының 
мақсаттары: 

339 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Абутаева С.
 
Прокурордың қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатылы сотына қатысу ерекшеліктері
 
 
 
- заңдардың нормаларының бұзылуын анықтау және оларды жою; 
- қылмыстың жасалуына әсер ететін мән-жайларды жою; 
- қылмыстылықпен күресу; 
- сот процесіне қатысушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын 
қорғау. 
Қылмыстық  істерді  бірінші  сатылы  сот  ретінде  аудандық  және  оған 
теңестірілген соттар, облыстық және оған теңестірілген соттар және ҚР-ның 
Жоғарғы  соты  қарайды.  Прокурордың  бірінші  сатылы  сотқа  қатысуының 
бастапқы  қызметі  -  “ол  прокурордың  айыптау  қорытындысын  бекітуімен 
басталады  және  Айыптау  қорытындысы  істі  сотқа  жіберу  кезінде  прокурор 
сол іс бойынша айыптаушы ретінде қатысатындығын білдіреді” деген пікірді 
біз қолдаймыз [3]. 
ҚР-сы  ҚІЖК-не  сәйкес,  соттың  қылмыстық  істі  қарауына  қатысушы 
прокурор  айыптауды  қолдау  жолымен  мемлекеттің  мүддесін  білдіреді  және 
мемлекеттік  айыптаушы  болып  қатысады.  ҚР-сы  ҚІЖК-нің  317  бабына 
сәйкес,  прокурордың  жеке  айыптау  істерін  қоспағанда,  мемлекеттік 
айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуы міндетті. 
Күрделі  және  көп  эпизодты  істер  бойынша  мемлекеттік  айыптауды 
бірнеше  прокурорлар  қолдауы  мүмкін.  Егер  сот  талқылауы  кезінде 
прокурордың  одан  әрі  қатысуы  мүмкін  еместігі  анықталса,  онда  ол  басқа 
прокурорға  алмастырылуы  мүмкін.  Іске  жаңа  прокурордың  кірісуі  осы 
уақытқа  дейін  сотта  жасалған  іс  әрекеттерді  қайталауға  әкеп  соқтырмайды, 
бірақ прокурордың өтініші бойынша сот оған істің материалдарымен танысу 
үшін уақыт бере алады. 
Прокурор  дәлелдерді  ұсынады  және  оларды  зерттеуге  қатысады,  сотқа 
айыптаудың  мәні  бойынша,  сондай-ақ  сот  талқылауы  кезінде  туындаған 
басқа  да  мәселелер  бойынша  өзінің  пікірін  баяндайды,  сотқа  қылмыстық 
заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады. 
Егер  мұны  азаматтардың  құқықтарын,  мемлекеттік  немесе  қоғамдық 
мүдделерді  қорғау  талап  етсе,  прокурор  іс  бойынша  азаматтық  талап  қояды 
немесе оны қолдайды. Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын 
және  істің  барлық  жағдайларын  қарау  нәтижелеріне  негізделген  өзінің  ішкі 
көзқарасын  басшылыққа  алады.  Сотталушының  жағдайын  нашарлатпайтын 
және  оның  қорғалу  құқығын  бұзбайтын  болса,  прокурор  айыптауды  өзгерте 
алады.  Сонымен  бірге,  “прокурор,  егер  айыптау  сот  талқылауында  қолдау 
таппады  деген  қорытындыға  келсе,  онда  ол  айыптаудан  бас  тартуға  (толық 
немесе  ішінара)  міндетті”  [4].  Мемлекеттік  айыптаушының  айыптаудан  бас 
тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде ғана жол беріледі. 
Прокурор  айыптаудан  толық  бас  тартқан  жағдайда,  егер  айыптаудан 
жәбірленуші  де  бас тартса,  сонда  сот  өз қаулысымен  істі  қысқартады. Ал,  
 

340 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Абутаева С.
 
Прокурордың қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатылы сотына қатысу ерекшеліктері
 
 
 
егер  жәбірленуші  айыптауды  талап  етсе,  сот  істі  талқылауды  жалғастырып, 
оны жалпы тәртіппен шешеді. 
Бұл  жағдайда  прокурор  процеске  одан  әрі  қатысудан  босатылады,  ал 
айыптауды жәбірленушінің өзі немесе өкілі арқылы қолдайды. Прокурор мен 
жеке  айыптаушы  айыптаудан  ішінара  бас  тартқан  кезде  сот  айыптаудың 
тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде істі қысқартады, айыптаудың қалған 
бөлігіндегі іс жалпы тәртіппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе 
және  жәбірленуші  бұрынғы  айыптауды  талап  етпесе,  сот  істі  жаңа  айыптау 
бойынша қарайды. 
ҚР-ның  ҚІЖК-нің  345  бабына  сәйкес,  сот  тергеуі  айыптаушының 
сотталушыға  таққан  айыбының  мәнісін  баяндаудан,  ал  жеке  айыптау  істері 
бойынша арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда сот 
отырысы  хатшысының  шағымды  баяндауынан  басталады.  Айыптаудың 
ауырлығы  төмендеу  түріне  өзгертілген  жағдайда  немесе  айыптаудың  бір 
бөлігінен  бас  тартылған  кезде  айыптаушы  сотқа  айыптаудың  жаңа 
негізделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға міндетті. 
Сот  тергеуінде  айыптаушы  және  қорғаушы  тараптар  ұсынған 
дәлелдемелер  зерттеледі.  Дәлелдемелерді  алдымен  айыптаушы  тарап 
ұсынады. 
Сотталушыдан  жауап  алудың  алдында  төрағалық  етуші  тағылған  айып 
және істің басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, 
сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін 
екендігі оған түсіндіріледі. 
Сотталушы  айғақ  беруге  келісім  берген  кезде  бірінші  болып  одан 
қорғаушы  және  процеске  қорғаушы  тарапынан  қатысушылар,  одан  кейін 
мемлекеттік айыптаушы жауап алады. 
Мемлекеттік айыптаушы айыптау дәлелдемелерін зерттеу аталған өтініш 
туындаған  сәтке  қаралған  дәлелдемелермен  шектеу  туралы  өтініш  білдіруге 
құқылы. 
Сот  тергеуі  аяқталған  соң  төрағалық  етуші  соттың  сот  жарыссөзіне 
көшетінін хабарлайды. Сот жарыссөзіне қатысушының өтініші бойынша оған 
сот жарыссөзіне дайындалуы үшін уақыт беріледі, ол үшін төрағалық етуші 
оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзіліс жариялайды. 
Сот жарыссөзі айыптаушының, жәбірленушінің және іс қатысушы басқа 
да  тұлғалардың  сөздерінен  тұрады.  Іске  қатысушылардың  сөздерінің 
реттілігін  олардың  ұсыныстары  бойынша  сот  белгілейді,  бірақ  барлық 
жағдайларда бірінші болып айыптаушы сөз алады. 
Егер  мемлекеттік  айыптауды  бірнеше  мемлекеттік  айыптаушы  қолдаса, 
іске бірнеше жәбірленуші, қорғаушы және іске қатысушы басқа да тұлғалар 
қатысса,  онда  төрағалық  етуші  өз  сөздерінің  кезектілігін  өзара  келісуі  үшін 
оларға уақыт береді. Қажет болған жағдайда  бұл үшін сот отырысында үзіліс  

341 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Абутаева С.
 
Прокурордың қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатылы сотына қатысу ерекшеліктері
 
 
 
жариялануы  мүмкін.  Егер  аталған  адамдар  жарыссөздегі  өз  сөздерінің 
кезектілігі туралы келісімге келе алмаса, онда сот олардың пікірлерін тыңдап 
сөз кезегі туралы қаулы шығарады. 
Сот  жарыссөзінде  қатысушылар  өз  сөздерінде  сот  отырысында 
зерттелмеген  дәлелдемелерге  сілтеме  жасауға  құқылы  емес.  Сотқа  жаңа 
айғақтар  ұсыну  қажет  болса,  олар  сот  тергеуін  қайта  бастау  туралы  өтініш 
жасай алады. 
Сот, сот жарыссөзінің ұзақтығын белгілі бір уақытпен шектей алмайды, 
алайда  төрағалық  етуші,  егер  жарыссөзге  қатысушы  азаматтардың  сөзі 
қаралатын  іске  қатысы  жоқ  мән-жайларға  қатысты  не  сот  отырысында 
зерттелмеген дәлелдемелерге негізделген болса, онда тоқтатуға құқылы. 
Сот  отырысына  қатысушылардың  барлығы  сөз  сөйлеп  болған  соң 
олардың әрқайсысы тараптар өкілдерінің сөзінде айтылғандар бойынша тағы 
бір  реттен  қысқаша  қарсылықтарын  немесе  ескертпелерін  (репликаларын) 
білдіруге құқылы. 
Репликада  “прокурор  бұрын  айтылған  позициясын  нақтылайды, 
толықтырады  және  басты  сот  талқылауындағы  прокурордың  маңызды  бір 
қызметтерінің бірі ол айыптау сөзін жариялау” [5]. 
Сот  талқылауындағы  прокурордың  жағдайы  мынадай  элементтерінен 
тұрады: 
-  сотта  айыптауды  қолдай  отырып,  қаралып  жатқан  барлық  мәселелер 
бойынша өзінің көзқарасын білдіру міндетті; 
-  өзінің  көзқарасын  прокурор  мемлекеттік  айыптаушы,  яғни  процеске 
қатысушы тарап ретінде білдіреді; 
- ол сотқа  қатысушы тұлғалардан артық ешқандай артықшылықтарға ие 
емес; 
-  айыптауды  қолдау  барысында  прокурор  заң  талаптарын  және  өзінің 
ішкі сенімін басшылыққа алуы тиіс. 
Дегенмен,  прокурорлардың  басты  сот  талқылауына  қатысу  қызметі  әлі 
де  болса  көп  жағдайда  формальды  сипатта  болып  отырғандығын  айта  кету 
қажет.  Ал,  бұл  деген  сөз  прокурорлар  азаматтардың  құқықтары  мен 
бостандықтарын  әлі  де  болса  жеткілікті  деңгейде  қорғап  отырмағанын 
көрсетеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Жумабеков О. Прокурорский надзор как высший надзор в Республике Казахстан. Астана., 2002, 48 С.  
2.
 
Ястребов В.Б. Прокурорский надзор. М., 2001, 191 С. 
3.
 
Костанов  Ю.А.,  Кузьмина  А.И.  Особенности  судебной  речи  прокурора  по    уголовном  делам.  М., 
1991, 89 С. 
4.
 
Смирнов А.Ф. Место и роль прокуратуры в системе государственной власти. М., 1995, 123 С. 
5.
 
Рыжаков А.П. Следственные действия и иные способы собирания доказательств. М., 1997, 62 С. 
 
 

342 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Б.Б.ЖҮНІСБЕКОВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АДАМ 
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ 
 
В  данной  статье  рассматривается  место  права  на  предпринимательскую  деятельность  в 
системе  прав  и  свобод  человека,  анализируется  правовая  основа  предпринимательской 
деятельности по законодательству РК. 
 
The  author  of  the  article  analyses  the  role  of  law  on  business  activity  in  the  system  of  rights  and 
freedoms of a human being. Legal basis of the business activity according to the legislation of the Republic 
of Kazakhstan has been analyzed as well. 
 
Кәсіпкерлікпен  айналысу  құқығы  еліміздің  нарықтық  экономикаға 
көшіп,  қазіргі  кезеңде  қоғамның  тұрақты  даму  сатысына  қадам  басқан 
уақытында  үлкен  маңызға  ие  болып  отыр.  Сондықтан  да,  кәсіпкерлікпен 
айналысу құқығы жалпы адам мен азаматтың құқықтарының жүйесінде үлкен 
рөл  атқарады.  Елімізде  кәсіпкерлікпен  айналысу  құқығының  дамуы  да, 
белгілі  бірнеше  кезеңдерді  бастан  өткерген  болатын.  Қазіргі  кезеңде 
кәсіпкерлікпен айналысу құқығы жаңа деңгейге көтеріліп отырған азаматтың 
конституциялық  құқықтарының  бір  көрінісі.  Кәсіпкерлік  қызметпен 
айналысу құқығы, кәсіпкерлік қызметтің бостандығы жалпы адам құқықтары 
мен  бостандықтарының  жүйесінде  маңызды  рөл  атқаратын  елдің 
экономикалық  дамуын  қамтамасыз  етуші  бірден-бір  тетік  десе  де 
болатындай.  
Адамның  қоғамдағы  алатын  орнын  анықтауда  мынандай  принциптер 
ерекше  рөл  атқарады:  1)  заң  мен  сот  алдында  жұрттың  бәрінің  теңдігі 
(Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  14-бап,  1-тармақ);  2) 
конституциялық  құрылыс  негіздеріндегі  принциптің  бірі  –  Қазақстан 
Республикасы 
азаматтарының 
құқықтары 
мен 
бостандықтарының 
толықтылығы; 
3) 
негізгі 
құқықтар 
мен 
бостандықтарының 
ажыратылмайтындығы  және  олардың  заңсыз  шектелуіне  тыйым  салынуы 
(Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  12-бап,  2-тармақ).  Мұның  өзі 
адам  құқықтары  мен  бостандықтарының  тізбегіне  мемлекет  кепілдік  береді 
деген сөз. Бірақ та, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары 
конституциялық  құрылысты  қорғау,  қоғамдық  тәртіпті,  адамның  құқықтары 
мен  бостандықтарын,  халықтың  денсаулығы  мен  имандылығын  сақтау 
мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектеуі мүмкін  [1.217-218].  
Адамның  құқықтары  мен  бостандықтары  адам  қоғамы  өмір  сүріп 
отырған  кезеңде  қоғамдық  ой  тарапынан  әрқашан  да  талқыланып  отыратын 
мәңгілік  мәселенің  бірі  болып  табылады  десек,  артық  айтқандық  емес. 
Адамның  конституциялық  құқықтарын  қарастыру  барысында,  оның  ішінде 
кәсіпкерлік  еркіндігіне  байланысты  құқық  кіретін  экономикалық-әлеуметтік 
құқықтар  жүйесін  тануда  жалпы  адам  құқығы  мен  бостандық  мәселесі 
жүйесіне
  
ерекше  көңіл   бөлуіміз керек. Мемлекеттің  ұстанған бағытына
  

343 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісбеков Б.Б.
 
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығының адам құқықтары мен ... 
 
 
 
сәйкес  адам  құқықтары  мен  бостандықтарында  бағалау  туралы  көзқарас  та 
өзгеріп отырады.  
Отандық  белгілі  ғалым  Ж.Д.Бусурманов  адам  құқықтары  мен 
бостандықтарын  тұтас  қарай  отыра,  жалпы  адам  құқықтары  мен 
бостандықтарын  объективті  және  субъективті  тұрғыда  бөліп  қарастыруды 
ұсынады.  Ол  оны  былай  сипаттайды:  “В  объективном  смысле  права  и 
свободы  человека  -  это  система  международных  и  национальных  правовых 
норм,  устанавливающих  правовой  статус  личности,  закрепляющих  ее 
положение,  правила  взаимоотношений  между  людьми,  отношения  личности 
(гражданина) и государства.  
В субъективном смысле права и свободы человека - это принадлежащая 
конкретному  лицу  возможность  (правомочие)  предусмотренного  правовой 
нормой и защищаемого государством действия, поступка, поведения. Иными 
словами,  это  официально  признанные  возможности,  которыми  располагает 
физическое или юридическое лицо, организация. Это право, принадлежащее 
отдельному лицу - субъекту права” [2.67-68].  
Осы жердегі тағы да бір теориялық маңызды мәселе айтып отырған адам 
құқықтары  мен  бостандықтарының  кепілдігі  болып  табылады.  Жалпы  адам 
құқықтары  мен  бостандықтарының  кепілдігі  оны  жүзеге  асырудың  және 
сақтаудың  негізі  болып  табылады.  Адам  құқықтары  мен  бостандығының 
кепілдігін  ішкі  мемлекеттік  немесе  ұлттық  адам  құқықтары  мен 
бостандықтарының  кепілдігі  және  халықаралық  құқықтық  кепілдіктер  деп 
бөліп көрсетуге болады.  
Құқықтық  даму  мақсаттарының  бірі  -  саяси  жүйені  жетілдіру  болып 
табылады. 
Халықтың  саяси  белсенділігінің  заңдық  нысандарының  алуан  түрлілігі 
мен мәдениетін шынайы қамтамасыз ету қажет. 
Үкімет  туралы  заңнама  оның  қызметінің  тиімділігін  және  қабылдаған 
шешімдері  үшін  жауапкершілігін  арттыру  мақсатында  жетілдіруді  қажет 
етеді. 
Сайлау  заңдарын,  сайлау  процесін  ұйымдастыруды  одан  әрі  жетілдіру, 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  сайлау  іс-шараларын  әділ  де  толық 
көрсетудегі рөлін нығайту және жауапкершілігін арттыру қажет. 
Мемлекеттік  басқарудың  тиімді  жүйесін  құру  мақсатында  біртұтастық 
пен  басқарушылық  талаптарының  бұлжымай  орындалуы  жағдайында 
мемлекеттік  биліктің  түрлі  деңгейлері  арасындағы  қызметтер  аясын, 
функциялары  мен  жауапкершіліктерін  нақты  ажыратуды  қамтамасыз  ететін 
заңдарды  одан  әрі  жетілдіріп,  сонымен  бірге  жергілікті  мемлекеттік 
басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар туғызу мақсатқа сай болмақ. 
Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын кезең-кезеңмен қалыптастыру 
азаматтық қоғам институттарын нығайтуға ықпал етпек. 

344 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісбеков Б.Б.
 
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығының адам құқықтары мен ... 
 
 
 
Адам  құқықтарының  ең  жоғарғы  құндылық  деп  танылуы,  мызғымас 
болуы  және  жариялық  өкімет  тарапынан  тиімді  қорғалуы.  Бұл  қағида 
негізінен  ХVІІ-ХVІІІ  ғасырларда  Орта  ғасырлық  саяси-құқықтық  жүйеге, 
әсіресе  еуропада  кең  етек  жайған  инквизицияға  қарсылық  білдіруден 
туындады.  Буржуазиялық  қатынастар  қалыптасып  келе  жатқан  Еуропа 
елдерінде  жаңа  күш,  буржуазия  табы  билікке  ұмтылу  барысында  адам 
құқықтарының  аяққа  тапталмай  олардың  мызғымас  болып,  ең  жоғарғы 
құндылықтар екенін саяси-құқықтық ой-пікірде асқан мақтанышпен паш етті. 
Атап  айтқанда  өмір  сүру  құқы,  меншікке  ие  болу,  жеке  адамның 
құқықтарына  қол  сұқпау,  дін,  сөз  бостандықтар,  тең  құқылық  сияқты 
адамдардың құқықтарын табиғи деп жариялады, оларды қорғау, қамтамасыз 
ету  адамның  шыққан  әлеуметтік  тегіне  байланысты  емес,  адам 
болғандығынан  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Адам  құқықтарының  мызғымас 
болуы  туралы  тұңғыш  рет  Англияның  “Еркіндіктің  ұлы  хартиясы”  1215 
жылы  жариялауға  ынта  білдірді.  Бұл  құжаттың  бірнеше  баптарында  заңсыз 
қамалмау,  заңсыз  меншіктен  айыруға  болмайтындығы,  еркін,  ешқандай 
кедергісіз Англиядан кетіп және қайтып келу (39,41 - баптар) және тағы басқа 
нормалар  енгізілді.  Кейінгі  ғасырларда  адам  құқықтарының  негізгі 
қағидалары  “АҚШ-тың  тәуелсіздік  декларациясынан”  (1776  ж.  4  шілде) 
өзінің  нақтылы  шешімін  тауып,  кейінгі  қабылданған  құқықтық  құжаттарға 
өзінің  нақтылы  шешімін  тапты.  Атап  айтқанда,  1789  жылы  Франция  ұлы 
төңкерісінің  “Адамдар  өз  құқықтарында  еркін  және  тең  болып  туылады. 
Қоғамдық  айырмашылықтар  тек  қана  көптің  пайдасына  негізделуі  мүмкін” 
[3.64-65], - деген норманы дүние жүзінде үлгі ретінде паш етті.  
Қазақстан  Республикасында  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын 
қозғайтын  негізгі  мәселелер  Парламент  тарапынан  арнайы  заң  арқылы 
реттеледі.  Қазақстан  Республикасының  Парламенті  Конституцияға  сәйкес 
мынандай мәселелер бойынша заңдар қабылдауға құқылы: 
1)
 
жеке  және  заңды  тұлғалардың  құқық  субъектілігіне,  азаматтардың 
құқықтары  мен  бостандықтарына,  жеке  және  заңды  тұлғалардың  міндеттері 
мен жауапкершілігіне; 
2)
 
меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға; 
3)
 
мемлекеттік  органдар  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарын 
ұйымдастыру  мен  олардың  қызметінің,  мемлекеттік  және  әскери  қызметтің 
негіздеріне; 
4)
 
салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге; 
5)
 
республикалық бюджетке; 
6)
 
сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне; 
7)
 
білім 
беруге, 
денсаулық 
сақтауға 
және 
әлеуметтік 
қамсыздандыруға; 
8)
 
кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; 

345 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісбеков Б.Б.
 
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығының адам құқықтары мен ... 
 
 
 
9)
 
айналадағы ортаны қорғауға
10)
 
республикалық әкімшілік-аумақтық құрылысына; 
11)
 
мемлекет  қорғанысы  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  қатысты 
негізгі  принциптер  мен  нормаларды  белгілейтін  заңдар  шығаруға  хақылы. 
Мұның өзі елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың тағы бір 
айқын кепілдемесі болып табылады деп есептейміз. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  26-бабының  4-тармағында 
әркімнің  кәсіпкерлік  қызмет  еркіндігіне,  өз  мүлкін  кез-келген  заңды 
кәсіпкерлік  қызмет  үшін  еркін  пайдалануға  құқығы  бар,  -  деп  көрсетілген. 
Бұл  былайша  айтқанда,  кәсіпкерлік  қызмет  еркіндігін  конституциялық 
талапқа  айналдырып  отырған  негізгі  шарт  болып  табылады.  Біздің 
ойымызша,  кәсіпкерлік  еркіндігінің  конституциялық  талап  деңгейіне 
көтерілуіне және Конституцияда көрініс табуы өте орынды жағдай.  
Әлем елдерінің конституциялық дамуында кәсіпкерлік еркіндігі мәселесі 
әр  түрлі  деңгейлерде  көрініс  тауып,  бекіп  отырған.  Оған,  әрине  әр  түрлі 
факторлар  әсер  етті.  Мемлекеттің  тарихи  қалыптасуы,  басқа  елдердің 
ықпалы,  т.б.  жағдайлар  қай  қоғамда  болмасын  адам  құқықтары  мен 
бостандықтары  да  конституциялық  деңгейде  көрініс  табуына  ықпал  етуші 
шешуші факторлар қатарына жатады.  
Қазақстан  Республикасының  2006  жылғы  31  қаңтардағы  “Жеке 
кәсіпкерлік  туралы”  Заңында  кәсіпкерлік  субъектілерінің  құқықтары  мен 
бостандықтарына үлкен мән берілген. Аталған заңның 8-бабында кәсіпкерлік 
субъектілерінің мынандай құқықтары мен бостандықтары көрініс тапқан:  
Жеке кәсіпкерлік субъектілері: 
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарына өзгеше көзделмесе, жеке 
кәсіпкерліктің кез-келген түрін жүзеге асыруға; 
2)  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  жалдамалы  еңбекті 
пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға; 
3)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  тәртіппен 
филиалдар мен өкілдіктер құруға; 
4)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  жағдайларды 
қоспағанда, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бағасын 
дербес белгілеуге; 
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат (қарыз) беруге; 
6)  өзінің  құқықтық  қабілеті  шегінде  сыртқы  экономикалық  қызметті 
жүзеге асыруға; 
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға; 
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы 
сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға; 
9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау   
органдарына   және   мемлекеттік   органдарға   жеке   кәсіпкерлік
  

346 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісбеков Б.Б.
 
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығының адам құқықтары мен ... 
 
 
 
субъектілерінің  құқықтарын  бұзуға  кінәлі  тұлғаларды  жауапқа  тарту 
мәселелері бойынша жүгінуге; 
10)  өз  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  үшін  сот  органдарына 
жүгінуге; 
11)  жеке  кәсіпкерлікті  қолдау  және  қорғау  мәселелері  жөніндегі 
нормативтік  құқықтық  актілердің  орындалмауына  немесе  тиісінше 
орындалмауына  септігін  тигізетін  себептер  мен  жағдайларды  жою  туралы 
ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге құқылы. 
Жеке кәсіпкерлік субъектілері: 
1)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын,  жеке  және  заңды 
тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға; 
2)  өндірілетін  өнімнің  (жұмыстардың,  көрсетілетін  қызметтердің) 
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз 
етуге; 
3)  Қазақстан  Республикасының  лицензиялау  туралы  заңына  сәйкес 
лицензиялауға  жататын  жеке  кәсіпкерлік  түрлерін  жүзеге  асыруға 
лицензиялар алуға; 
4)  Қазақстан  Республиканың  заңдарына  сәйкес  азаматтық-құқықтық 
жауапкершілікті  міндетті  сақтандыруды  жүзеге  асыруға  міндетті  [4.10]. 
Көріп  отырғанымыздай  кәсіпкерлік  субъектілерінің  құқықтары  мен 
бостандықтары  әрқашанда  олардың  міндеттерімен  өрбіп  жатады.  Шынында 
да,  қандай  жағдайда  болмасын  құқық  пен  бостандық  міндетпен  тікелей 
байланысты. Сондықтан да, бұл екеуін бөле-жара қарауға болмайды. 
Жоғарыдағы  аталған  заңнамада,  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысушы 
субъектілердің  өздеріне  тиесілі  ақпараттарды  қорғауына  мүмкіндіктер  бар. 
Біз  сөз  етіп  отырған  заңда,  кәсіпкер,  өзіне  тиесілі  ақпаратты  қорғаудың 
төмендегідей  11  талабы  бекітілген.  Нақты  тоқталатын  болсақ,  оларға 
мыналар жатады:  
“1.  Коммерциялық  құпияны  қорғау  коммерциялық  құпияны  құрайтын 
ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады. 
2.  Жеке  кәсіпкерлік  субъектісі  коммерциялық  құпияны  құрайтын 
ақпаратқа  еркін  қол  жеткізу  құқығы  бар  адамдар  тобын  айқындайды  және 
оның құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады. 
3.  Ақпаратты  қолжетімділік  санатына  жатқызу  тәртібін,  коммерциялық 
құпияны  құрайтын  ақпаратты  сақтау  және  пайдалану  шарттарын  жеке 
кәсіпкерлік субъектісі айқындайды. 
4.  Коммерциялық  құпияны  құрайтын  заңсыз  әдістермен  алған,  жария 
еткен  немесе  пайдаланған  адамдар  келтірілген  залалды  Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті. 
5.  Жеке  кәсіпкерлік  субъектісі  немесе  уәкілеттік  берген  адам  өз 
қызметкерлерінен  коммерциялық  құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу  

347 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісбеков Б.Б.
 
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығының адам құқықтары мен ... 
 
 
 
туралы қол қоюын талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарға 
Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  жауапкершілік  туралы 
ескертуге құқылы. 
6.  Міндетті  түрде  жариялануға  не  акционерлердің,  шаруашылық 
серіктестік  қатысушыларының  немесе  өзге  де  белгілі  бір  адамдар  тобының 
назарына  міндетті  түрде  жеткізуге  жататын  ақпараттың  тізбесі  Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес және кәсіпкерлік субъектісінің құрылтай 
құжаттарымен белгіленеді. 
7.  Жеке  кәсіпкерлік  субъектісі  тіркеу,  бақылау  функцияларын  орындау 
кезінде  және  басқа  да  іс-әрекеттер  жасау  кезінде  мемлекеттік  органдарға 
және  лауазымды  адамдарға  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 
белгіленген,  оларға  жүктелген  функцияларды  іске  асыру  үшін  қажетті 
ақпараттан  басқа,  коммерциялық  құпияны  құрайтын  ақпаратты  бермеуге 
құқылы.  
8.  Мемлекеттік  орган  өзіне  жүктелген  функцияларды  іске  асыру 
барысында  алған  жеке  кәсіпкерлік  субъектісі  туралы  кез-келген  ақпарат, 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік 
органға  беру  жағдайларын  қоспағанда,  жария  етілуге  және  таратылуға 
жатпайды.  
9.  Құқық  қорғау  органдары  прокурор  санкциясы,  тергеу  органдарының 
қылмыстық  іс  қорғау  қаулысы  негізінде  не  сот  қаулысының  негізінде  жеке 
кәсіпкерлік  субъектісінен  де,  мұндай  ақпаратқа  ие  мемлекеттік  органдардан 
да  қажетті  ақпаратты,  соның  ішінде  коммерциялық  құпияны  құрайтын 
ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.  
10.  Заңды  күшіне  енген  сот  шешімі  бар  ақпаратты  қоспағанда, 
коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты 
жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етуге болмайды.  
11.  Жеке  кәсіпкерліктің  нақты  субъектісінің  қызметі  туралы  мәліметті 
ашпайтын,  жинақталған  ақпарат  жалпыға  қол  жетімді  болып  табылады”      
[4.11]. Көрсетілген мүмкіндіктердің барлығы кәсіпкердің өз қызметін алаңсыз 
жүзеге  асыруына,  сонымен  қатар,  кәсіпкерлік  аясындағы  коммерциялық 
құпияны  сақтауды  қамтамасыз  етеді.  Көп  жағдайда  қарап  отыратын  болсақ, 
кәсіпкерлік  қызмет  субъектінің  өзі  айналысып  отырған  бағытқа 
шығармашылық  жаңашылдықтарын  салуды  қажет  етеді.  Сондай  жағдайда 
ғана, кәсіпкер жемісті жұмыс атқарып, үлкен жетістіктерге жете алады. 
Қазіргі  кезеңде  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысушы  субъектілер 
мемлекеттік  органдар  тарапынан  қажетті  және  қажетсіз  жағдайларда  да, 
тексеруге  ұшырап  отырады.  Сондықтан  да,  біздің  ойымызша,  кәсіпкерлік 
субъектілерін  бұл  жағдайдағы  құқықтары  мен  бостандықтарын  заңдық 
тұрғыда  
белгілеу  өте  орынды. “Жеке  кәсіпкерлік  туралы”, жоғарыдағы
  

348 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісбеков Б.Б.
 
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығының адам құқықтары мен ... 
 
 
 
аталған  Заңда  мемлекеттік  бақылауды  жүргізу  кезінде  кәсіпкерлікпен 
айналысушы субъектілерге мынандай құқықтар мен міндеттер берілген:  
“1.  Жеке  кәсіпкерлік  субъектілері  жеке  кәсіпкерлікті  мемлекеттік 
бақылауды жүргізу кезінде: 
1)  егер:  осы  Заңның  38-бабының  4-тармағында  көрсетілген  құжаттар 
табыс етілмеген; 
- лауазымды адамдар тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген; 
- тексеруді бастау күні басталмаған немесе өтіп кеткен; 
- тексеруді тағайындау туралы акті осы Заңның 38-бабының 2-тармағына 
сәйкес  рәсімделмеген  жағдайда  объектіге  тексеру  үшін  келген  мемлекеттік 
органдардың лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге
2)  егер  жүргізілетін  тексерудің  мәніне  жатқызылмаған  немесе  актіде 
көрсетілген кезеңге жатқызылмаған болса, мәліметтер бермеуге; 
3)  тексеруді  тағайындау  туралы  актіге  және  тексерудің  нәтижелері 
туралы  актіге  және  мемлекеттік  органдардың  лауазымды  адамдардың  іс-
әрекетіне  (әрекетсіздігіне)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 
белгіленген тәртіппен шағым жасауға; 
 4)  мемлекеттік  органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың  жеке 
кәсіпкерлікті  шектейтін  заңға  негізделмеген  тыйым  салуларын  орындамауға 
құқылы. 
2.  Мемлекеттік  органдар  мемлекеттік  бақылауды  жүргізген  кезде  жеке 
кәсіпкерлік субъектілері: 
1)  осы  Заңның  38-бабы  4-тармағының  талаптары  сақталған  кезде 
тексерілетін  объектінің  аумағына  және  үй-жайларына  мемлекеттік 
органдардың лауазымды адамдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге; 
2) осы Заңның 11-бабының талаптарын сақтай отырып, тексеруді жүзеге 
асыратын  мемлекеттік  органдардың  лауазымды  қағаз  және  электронды 
жеткізгіштердегі  құжаттарды  (мәліметтерді)  не  олардың  көшірмелерін 
тексерудің  нәтижелері  туралы  актіге  қосу  үшін  табыс  етуге,  сондай-ақ 
тексерудің  міндеттер  мен  мәніне  сәйкес  афтоматтандырылған  деректер 
қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге; 
3)  тексеруді  тағайындау  туралы  актінің  екінші  данасында  алғаны 
жөнінде  туралы  белгі  жасауға  міндетті”  [4.27-28].  Бұл  талаптар  орынды 
болғанмен, көп жағдайда шынайы өмірде жүзеге асып жатпайды. Сондықтан 
да, мемлекеттік бақылаушы органдардың құқықтарын кәсіпкерлік қызметтің 
бағытын айқындайтын негізгі заңнамаларда, одан да әрі нақтылай бекіте түсу 
қажет.  Осындай  жағдайда  ғана  біз,  кәсіпкерлік  қызметті  бақылаушы 
органдардың  өзім  білділік  әрекетіне  тыйым  сала  аламыз.  Сонымен  қатар, 
кәсіпкерлік  субъектілерінің  құқығын  қорғайтын  ұйымдардың  белсенділігін 
арттыра түсу қажет. Бұл жағдайлардың барлығы, кәсіпкерге деген және оның 
қызметіне деген, қоғамдағы оң көзқарасты орнықтыра, бекіте түседі.  

349 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жүнісбеков Б.Б.
 
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығының адам құқықтары мен ... 
 
 
 
Қорыта  келгенде,  айтарымыз  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысу  құқығы, 
конституциялық деңгейдегі адам және азамат құқықтары мен бостандықтары 
жүйесінде,  ерекше  қызмет  атқаратын  өзіндік  құрылымдық  сипаты  бар, 
субъективтік  құқықтың  көрінісі  болып  табылады.  Әрине,  Конституцияда 
барлық адам  мен азаматқа  тиесілі  құқықтар  мен  бостандықтарды  жеке-жеке 
бүге-шегесіне  дейін  белгілеп  шығу  мүмкін  емес  және  ондай  қажеттілік  те 
жоқ.  Конституцияда  көрініс  тапқан,  кәсіпкерлікпен  айналысу  бостандығы, 
былайша  айтқанда,  конституциялық  идея,  қағида  қызметін  атқаратын  басқа 
заңнамаларға  негіз  болып  табылатын  ұстаным.  Сондықтан  да,  кәсіпкерлік 
аясындағы  әр  түрлі  мәселелерді  реттейтін  арнайы  заңнамаларда,  бұл 
қағиданың негізгі сипаты жоғалмай, өрбіп дамып отыру қажет. Сол жағдайда 
ғана,  біз,  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысу  еркіндігіне  байланысты,  әрбір 
азаматтың конституциялық құқығын тиісті деңгейде қамтамасыз ете аламыз. 
Осы  айтылған  жағдайларға  қол  жеткізе  алғанда  ғана  біз  кәсіпкерлік 
қызметпен  айналысу  бостандығының  Конституциядан  өзінің  тиісті  орнын 
алатындығына сеніммен қараймыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Табанов С.А., Оразова А.Ә. Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата Заңдарының 
(Конституцияларының) тарихи-құқықтық сабақтастығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 360 б. 
2.
 
Бусурманов Ж.Д. Евразийская концепция прав человека. – Алматы: КазГЮУ, 2006. – 481 с.  
3.
 
Өзбекұлы С., Қопабаев Қ. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 
264 б. 
4.
 
Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы №124-ІІІ Заңы // 
Қазақстан  Республикасындағы  кәсіпкерлік.  Нормативтік  актілер  жиынтығы.  –  Алматы:  Юрист, 
2006. – 268 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

350 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
ӨНЕРТАНУ 
  
 
Қ.БЕКБОСЫН  
ҚР халық әртісі, профессор  
 
ЕРЕН ӨНЕР ИЕСІ  
 
 
Эта статья описывает исторические события 1925 года. Во Франции на Всемирном конкурсе 
искусств  Амре  Кашаубаев,  представляя  казахское  песенное  искусство  своим  серебристо-звонким 
уникальным  голосом,  восхитил  слушателей,  за  что  был  удостоен  серебряной  медали,  заняв  2-е 
место. Его жизнь и творческое искусство вошли в историю казахского искусства и стали символом 
духовного богатства музыкальной одаренности народа. Амре Кашаубаев – певец высшего народного 
признания, ярчайший представитель казахской народной песенной культуры, что далеко известно 
не всем. 
 
This article describes the historical event of 1925.  Amre Kashaubayev represented the Kazakh song 
art in the world art contest in France where he was awarded a silver medal for his unique voice. His life and 
creative  activity  became  the  part  of  history  of  the  Kazakh  culture  and  also  became  a  symbol  of  spiritual 
wealth  of  music  talent  of  the  Kazakh  nation.  Amre  Kashaubayev  is  a  singer  of  the  highest  national 
recognition and a brightest representative of the Kazakh national song culture. 
 
Семей  өлкесінде,  Абай  ауданының  Қайнар  ауылында  жай  шаруаның 
отбасында  дүниеге  келіп,  жастайынан  Тойған  анасының  әнімен,  әкесінің 
домбыра үнімен сусындап өсіп жетіледі. «Әнші бала Әміре», «Қашаубайдың 
әнші  баласы»  атанып,  ауыл-аймақтағы  үлкенді-кіші  жиындарда,  той-
думандарда  ән,  күй,  айтыс,  жыр,  терме  кештерінде  орындалған 
шығармаларды  жан-тәнімен  тыңдап,  бойына  қабылдап  өседі.  Әміре  ән,  күй, 
өнер  сүйгіш  қауым  арасына  шақырылып,  халық  әндерін,  халық 
композиторларының әндерін шебер орындайды. «Әнші бала Әміре» атанады. 
Ауыл-аймақ  мәдениет  кештерінің  көрнекті  қонағы,  төрден  орын  алатын 
дәрежеге  жетеді.  Анасының  ақ  сүтінен  дарыған  әдемі,  әсем,  көркем  даусы, 
күмбірлеген  домбыра  дыбысының  көмегімен  қасындағы  өнерсүйгіш 
жастарды,  ата-әжелерін  тамсандырып  бұрын-соңды  кездеспеген  бала,  жігіт 
даусымен  тыңдаушыларын  өзіне  игеріп  алғандай  сезінген  Әміре  ауыл 
шеңберінен  Семейге  ауысып,  1921-1924  ж.  қазақ  жастарының  «Ес  аймақ» 
атты  ағарту  ұйымына  мүше  болып,  әншілік  өнерін  дамыта  береді.  1924  ж. 
Семейде  өткізілген  халық  өнерпазшыларының  байқауына  қатысып,  бас 
бәйгені  әнші  Қ.Байжанов  екеуі  бөлісіп  алады.  Әншілік  өнерімен  аймаққа 
танылады. Әміренің өнері, ән мектебі - өз замандастары өсіп-өнген халықтық 
тұрғыда  ән  салу,  күй  тарту,  жыр  жырлау,  терме,  айтыс  өнерлерінің  ортасы 
мен  аға  буын  бойындағы  дарындылығы,  салдар  серілер  дәстүрі  деп  білеміз. 
Халықтық  өнер,  мәдениет  мектебінің  түлегі  Әміре  әншілік,  орындаушылық 
ерекшелігінің  арқасында  1925  ж.  сол  уақыттағы  астана  Қызылордада  өткен 
кеңестердің  5-съезіне,  1927  ж.  Мәскеуде  өткен  Одақтық  Кеңестердің  4-
съезіне  делегат  болып  сайланып,  делегаттарға  арналған  концерттерге 
қатысады. Кең өлке қазақ жері мен елінде еркін өсіп, ән  мәдениетін   игерген 
  

351 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бекбосын Қ. Ерен өнер иесі 
 
 
Әміренің  қайталамас  даусына  қайран  қалған  өлке,  Республика  басшылары 
оны  атақты  фольклоршы-этнограф  А.В.Затаевичпен  таныстырады.  Белгілі 
қайраткер,  музыка  зерттеушісі  А.В.Затаевич  Әміренің  дарындылығын  өте 
жоғары  бағалап,  одан  көптеген  шоқтығы  биік  әндерді  жазып  алады  да  оған 
жан-жақты  көмегін  аямай,  республика,  Одақ,  әлем  сахналарына  ұялмай 
өнерін  паш  етуге  болатындығын  басшыларға  дәлелдейді.  Осылай  ерен 
дарындылықты  таныған  А.В.Затаевич  ұсынысы  бойынша  Әміре  1925  ж. 
Парижде өткен Бүкіл дүниежүзілік сауда, сән өнері көрмесінде ұлттық халық 
өнершілерінің жарысына қатысып, 2-бәйге мен күміс медальді алып қайтады. 
Күміс  көмейлі  дарын  иесі  Әміренің  әншілік  мәдениетінің  арқасында, 
қалықтап ұшқан асқақ әні домбыраның сүйемелдеуімен бүкіл әлем қауымына 
тарап,  халқының  ғасырлар  бойы  жиналған  өнер  мәдениетінің  Еуропа 
сахнасынан  жырлауы  кездейсоқ  жай  емес  болатын.  А.В.Затаевич,  «500 
казахских  песен  и  кюев»  атты  жинағында  әміренің  әншілік  өнеріне  берген 
бағасы:  «Амре  Қашаубаев  -  выдающийся  каркаралинский  певец,  он  весной 
1925 года состоял в группе казахского государственного театра. 
Кашаубаев  обладает  красивым,  сильным,  сочным  голосом  (тенор)  при 
большом запасе дыхания. Чтобы охарактеризовать его как певца и музыканта 
лучше  всего  сопоставить  его  с  двумя  другими  выдающимися 
каркаралинскими  певцами  «поетом»  Габбасом  Айтбаевым,  «Бытабиком» 
Кали  Байжановым.  В  этом  случае  Кашаубаев  занял  бы  первое  место  между 
ними  обоими»-деп  көрсетті  де...  Нужно.  Однако  желать  и  надеятся  что 
отведавший и заграницы певец выйдет из этого испытания с честью для себя 
выгодной для казахского и певческого искусство ко его он является видным 
представителем [1].  
Париж  сапарында  Әміре  «Ағаш  аяқ»,  «Қызыл  бидай»,  «Қанапия»,  «Үш 
дос»,  «Жалғыз  ағаш»,  «Екі  жирен»,  «Қызыл  бидай»,  т.б  әндерін  үлкен 
толқыныспен орындайды, тыңдаушыларын игеріп алады. 
Семейдің  губерниялық  халық  ағарту  бөліміне  Мәскеуде  1925  жылдың 
жазында:  «Қазақ  әншісі  Әміре  Қашаубаев  Парижде  болатын  жер  жүзілік 
көрмеде  қойылатын  этнографикалық  концертке  қатысуға  келісім  бере  ме 
екен?  Соның  хабарын  тез  білдіруіңізді  сұраймын.  Жол  қаражаты,  гонорары 
төленеді.  Мерзім  маусым,  шілде  айлары.  РСФСР  халық  ағарту  комиссары 
Луначарский», -деген хабар екі рет келді [2]. 
Парижде  болатын  концертке  қатысу  үшін  Мәскеуге  басқа  халықтардың 
да  маңдай алды  өнерпаздары шақырылып,  соған  үлкен дайындықта  тыңдап, 
електен  өткізу  үшін:  беларустың  құрайшысы  Исенбаев,  қазақтың  әншісі 
Әміре  Қашаубаев,  –өзбектің  бишісі  және  әншісі  Тамара  Ханум,  армянның 
аспапты үш орындаушылары, т.б. шақырылған екен. Жиналған мамандардың 
тыңдауынан  кідірмей  өткен  Әміре  атамыз  былай  деп  еске  алған  екен: 
«Парижде осындай 
табысқа жетуіңе тілектеспін-деп менің репертуарымды
  

352 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бекбосын Қ. Ерен өнер иесі 
 
 
А.И.Затаевич  өзі  жазып  берді.  Парижде  кезек  өзіме  келгенше  домбырамды 
даусыма  дәлдеп,  зар  күйіне  келтіріп  алдым.  Бір  уақытта  концерт 
басқарушысы жігіт сахнаға шығып: қазақ әншісі - Әміре Қашаубаев қазақтың 
ұлттық құралы домбыраға қосып, «Қанапия» дейтін халық әнін орындайды,- 
дейді.  Мен  міз  баққаным  жоқ  кердеңдеп  басып  сахнаға  шықтым  да  отыра 
қалып  мұнан  бірнеше  күн  Мәскеу  халқын  таң  қалдырған  «Қанапияға» 
бастым. Қайта-қайта биске шақырған соң «Ағаш аяқты», тағы бірнеше  өлең 
айттым.  Концерт  біткен соң  сахнаға француз  халқының  жазушылары  Ромен 
Роллан, Арни Барбюс келді. Таныстық. Олар мені құттықтады. Сонымен біз 
Парижде он шақты рет концерт бердік . Мен екінші орынға ие болдым, күміс 
медальға  ие  болдым»,-деп  еске  алған  екен  дарын  иесі.  «Париж  апталығы» 
газетінің 1925 жылғы 31 шілдедегі санында: «Комедия » залында өтіп жатқан 
орыстың  этнографиялық  өнері  әдебиеттегі  біз  болып  жүрген  концерттерден 
ерекше.  Біз  осында  жоғары  қызықты  сахна  көрдік,  Біз  Түркістанның, 
Украинаның,  Оралдың,  Кавказдың  таза  шыны  қалпында  тұрған  жүрек 
қылыңды  қозғайтын  музыкасын  естідік.  Олардан  гармониялық,  мелодиялық 
бұрмалау,  дыбыс  құрылыстарын  өзгерту  сияқты  өзінің  ерекшелік  сипатын 
бұзатын  нәрселерді  таба  алмайсың,  башқұрттардың,  орыстардың  әндері 
олардың төл дыбыстары арқылы, ол аспаптық шығармалар өздерінің қолдан 
жасаған аспаптарында орындалады», -деп жазды. 
«Француздың  «Ле  Музикл»  журналы  «Әміренің  сирек  кездесетін 
музыкалық  көрініс»  екендігін,  Сарбони  университетінің  профессоры  Перно 
фонографқа  оның  орындауында  қазақтың  әндерін  жазып  алған  екен»,  -  деп 
жазады М.Тоқжігітов «Ән- атасы Әміре» атты кітапшасында [3]. 
1927  жылдың  жазында  Әміре  Мәскеуге  екінші  рет  шақырылып, 
профессор  Любимов  бастаған  Советтік  этнографиялы  ансамбльдің 
құрамында 
Германияның 
Франк-Фурт 
Намайне 
қаласында 
өткен 
дүниежүзілік Халықтардың музыкалы көрмесінде концерт беріп, дүние жүзі 
өнерпаздарымен  жарысқа  түсті,  іскер  ұйымдастырушы,  сауда,  мәдениет, 
мемлекет  қайраткерлеріне  халқымыздың  домбырамен  ән  салу  мәдениетін 
жоғары деңгейде таныта білді. 
1925  жылы  Парижге  барардағы  Мәскеуде  орындалған  Әміренің 
орындауында  фонографқа  жазылып  алынған  «Жазық  арша»,  «Үш  дос», 
«Ағаш  аяқ»,  «Дудар-ай»,  «Бесқарагер»  әндерін  1974  жылы  музыка 
зерттеушісі  Ж.Шәкәрімұлы  тауып  алып,  техникалық  өңдеуден  өткеннен 
кейін, күйтабақ болып халыққа таралды. Әрдайым радиодан беріліп тұрды. 
Шет  ел  сапарынан  оралысымен  Әміре  Қызылордада  шаңырақ  көтерген 
Қазақ  драма  театрына  алғашқы  актерлер  қатарына  шақырылып  қызметке 
қабылданады.  Аталған  театр  сахнасында  М.О.Әуезовтің  «Еңлік-Кебегінде» 
Жапал, «Қаракөзде» Ақын, «Бәйбіше тоқал», «Айман-Шолпан», М.Тригердің  
«Сүңгуір  қайығында» Қария, т.б.  образдар  жасап  ойнайды. 1934   жылы 

353 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Бекбосын Қ. Ерен өнер иесі 
 
 
музыка  театрында  әнші-солист  қызметіне  шақырылып,  соңғы  кейіпкерлерін 
әрі концерттерін атқарады. 
Мақатай  Тоқжігітұлының  «Ән  атасы-Әміре»  атты  кітапшасында: 
«Сауық-сайранға  бұрынан  бейімі  бар  Әміре  қалада  жүріп,  қазақтың  әнін, 
татардың жырын, орыстың күйін үйренеді. Біраздан кейін домбыраны қолға 
алып ән шырқайтын болады [3].  
Сол кезде арқа әншілерінің орталығына айналған Қоянды жәрмеңкесіне 
барып  ән  салуға  құмартады.  Әміре  –  «Мәжілістің  гүлі»  «он  сегіз  баспалы 
гармонды  құлаштай  созып,  қазақтың  халық  әндерін  құйқылжыта  соққанда, 
оның  даусы,  сай  сүйегіңді  балқытып,  жан  сарайыңды  тебіренетін»,  -  деп 
тұжырымдайды. 
Әміре  өз  әншілігімен  ғана  болып  қойған  жоқ,  ол  бүкіл  Семей  облысы 
әншілерінің  тәрбиешісі  болды.  Талабы  бар  талай  жас  әншілердің  Әміреден 
сабақ  алмағаны  кемде-кем.  Әміренің  ән  өнері  замандастары  Қали,  Қуан, 
Қаббас,  Майра,  Балуан  Шолақ,  Қажымұқан,  Шашубай,  Иса,  т.б.  бірге 
қалыптасты,  сусындады,  дамыды,  әлемге  әйгілі  дәрежесіне  жетті.  Ұрпағы  – 
біздер үшін үлкен мақтаныш бола бермек [4].  
«Ән атасы - Әміре» дегендей, атасының салып берген жолын ұстап Азия-
Еуропалық білім алып, қазақ халқының ән өнер мәдениетін әлемге танытып, 
желбіреген  туын  көтеріп  жүрген  әншілері  деп:  Әнуарбек  Үмбетбаев 
(драматикалы  тенор),  Байғали  Досымжанов  (лирикалы  тенор),  Ермек 
Серкебаев  (Баритон),  Нариман  Қаражігітов  (тенор)  Кәукен  Кенжетаев 
(баритон),  Бекен  Жылысбаев  (лирикалы  тенор),  ағайынды  Мүслім,  Рашид 
Абдуллиндер  (тенор  варитон),  Әлібек  Дінішев  (тенор)  Ерік  Құрманғалиев 
(сопрано), т.б мақтанышпен айтамыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Затаевич А.В. «50 казахских песен и певец» А.1931.55-б. 
2.
 
Жұбанов А.Қ. «Замана Бұлбұлдары» А.1957.
 
3.
 
Тоқжігітов М. «Ән атасы-Әміре», А.1972.
 
4.
 
Миненко В.М., Момынұлы П. «Краткий курс музыкальный летературы Казахстана», А.1978. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

354 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Л.Ш.АРИПБАЕВА  
кандитат педагогических наук ЮКГУ им. М.О.Ауезова  
 
Н.Т.ФАТТАХОВА 
старший преподаватель ЮКГУ им. М.О.Ауезова 
 
ВКЛАД РУССКИХ МУЗЕЕВ В СОХРАНЕНИИ КАЗАХСКИХ 
МУЗЫКАЛЬНЫХ ИНСТРУМЕНТОВ 
 
Бұл  мақалада  екі  ел  мәдениетінің  байланысы  Ресейде  қазақ  музыкалық  аспаптарының 
сақталуы  және  дамуы  арқылы  көрсетіледі.  Авторлар  мемлекеттік  мұражай  және  жекеменшік 
коллекцияларында  қазақтардың  көне  музыкалық  аспаптарының  жиналуы  және  аспаптар 
зерттеушісі К. Ямиловтың ағартушылық жұмысы жайында мәлімет береді. 
 
The  present  article  contains  the  actual  material  on  the  close  interaction  between  the  Russian  and 
Kazakh  musical  culture  on  preserving  and  developing  musical  instruments.  The  authors  research  the 
history of collecting the ancient Kazakh musical instruments in collections of Russian state museums and in 
private collections. The activity of K. Yamilov collector from Chelyabinsk having greatly contributed to the 
development of culture is of special interest.  
 
Коллекционирование  уходит  корнями  в  первобытное  общество. 
Стремление  собирать  и  хранить  предметы  культа,  быта,  их  престижность  и 
эмоциональная 
значимость 
приводит 
к 
созданию 
коллекций. 
Археологические  находки  эпохи  неолита,  бронзового  века,  шумерские  и 
аккадские  клинописные  таблички  (2  тыс.  до  н.э.)  также  говорят  о 
необходимой базе развития коллекционирования в античной культуре.  
Древнегреческое  слово  «музейон»  буквально  означало  «место, 
посвященное  музам»,  т.е.  святилище  муз.  Коллекции  располагались,  в 
основном,  в  храмах,  позже  –  в  частных  собраниях,  особенно  в  Римской 
империи. 
 Однако  музей  как  социокультурный  институт  сформировался  только  в 
эпоху  Возрождения,  в  связи  с  углубленным  интересом  к  культурным 
ценностям  античности.  Местом  хранения  и  классификации  культурных 
ценностей становятся частные коллекции. Великие географические открытия 
ХV–ХVI  веков  дали  мощный  импульс  развитию  коллекционирования. 
Экзотическое оружие, одежда, утварь, музыкальные инструменты становятся 
гордостью  коллекционеров.  Развитие  науки,  естествознания  привели  к 
систематизации минералогических образцов, представителей флоры и фауны. 
Постепенно  коллекции,  в  основном,  частные,  стали  носить  более 
систематизированный  характер.  Так,  известные  флорентийские  меценаты  и 
коллекционеры герцоги Медичи имели самую богатую в Европе коллекцию 
музыкальных инструментов.  
Музеи  в  России  появились  на  два  века  позже.  Но  ещё  в  шестнадцатом 
веке  были  известны  коллекции,  принадлежавшие  царям  и  высшей  знати. 
Такие коллекции были у Ивана Грозного, у Бориса Годунова, Милославских, 
Матвеевых, Хитрово. Но развитие 
коллекционирования и музейного дела в
  

355 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Арипбаева Л.Ш., Фаттахова Н.Т.
 
Вклад русских музеев в сохранении казахских музыкальных
 
... 
 
 
России было связано с именем Петра Первого. По его указу в 1703 году был 
создан  Государев  кабинет,  поражавший  современников  богатством  и 
разнообразием  экспозиции.  Созданный  при  Московском  госпитале 
Анатомический театр дал мощный импульс развитию естественных наук.  
Первый  русский  публичный  музей  –  Кунсткамера  –  была  открыта  в 
Петербурге в Летнем дворце в 1714 году. Для широкой публики Кунсткамера 
стала  открытой  уже  в  1719  году.  Экспозиция  включала  не  только 
произведения  искусства,  но  и  естественнонаучные  редкости.  «Первые 
российские  музеи  были  созданы  по  инициативе  верховной  власти,  в  русле 
проводимой  ею  политики  реформирования  традиционного  общества.  При 
этом  музейное  строительство  на  первых  порах  отличалось  прерывистым 
характером:  появление  петербургской  Кунсткамеры  и  Эрмитажа  разделяет 
полувековой отрезок времени» [1].  
В 1918 году в структуре органов управления музейным делом в России 
было  создано  особое  подразделение  –  Государственный  музейный  отдел, 
сумевший  сохранить  многочисленные  памятники  культуры  и  искусства.  В 
короткое  время  было  создано  426  музеев,  среди  них  –  22  в  Петрограде 
(Ленинграде), 35 – в Москве.  
В экспозициях многочисленных Государственных и Народных музеев, в 
частных коллекциях важное место отведено музыкальному искусству, в том 
числе  и  сбору  и  систематизации  музыкального  инструментария.  Каган  М.С. 
справедливо полагает, что « … вещь имеет «двойное подданство» - она есть 
природно-материальный и одновременно культурный объект » [2]. 
В рамках этого понятия становится более ясным феномен сохранения и 
развития  традиционной  казахской  культуры,  в  том  числе  и  музыки  в 
этнографических работах русских исследователей XVIII – начала ХХ веков.  
После организации в Санкт-Петербурге Академии Наук (1724), Русского 
географического  общества  (1845)  неизмеримо  возрастает  интерес  русских 
учёных, исследователей и путешественников к изучению истории, культуры 
и  быта  народов,  населяющих  окраины  Российской  империи.  Так,  крупная 
этнографическая  научная  экспедиция  была  организована  в  1768  году  и 
продолжалась шесть лет, вместо запланированных четырёх. Её руководитель 
П.С.Паллас  в  своих  научных  записях  даёт  сведения  о  древних  казахских 
музыкальных  инструментах  -  жетыгене,  дабыле,  асатаяке,  кыл-кобызе, 
домбре и некоторых других.  
Ташкентский  военный  капельмейстер  (1870-1883)  А.Эйхгорн  был 
широко  известен  как  знаток  восточной  музыки  и  владелец  обширной 
коллекции  старинных  музыкальных  инструментов  народов  Средней  Азии,  в 
том числе и казахских. За подвижнический труд по сохранению культурного 
наследия  он  был  
награждён  Большой серебряной медалью. Значительная
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет