ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ
БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
ҚАЛДЫБАЕВ М. - магистрант
МЕДЕТБЕКОВА З.С.- магистр-оқытушы
Шымкент университеті
Мақалада инклюзивті оқыту үрдісін және ақпараттық-әдістемелік қолдауды
дамыту үшін жалпы білім беру мектептерінің директорлары мен бастауыш сынып
мұғалімдерін, арнайы қажеттілігі бар балаларды оқытып жатқан мектепке дейінгі білім
беру мекемелірінің тәрбиешілерін қайта даярлау мәселелері қарастырылған
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім алуды интегралдау, инклюзивті білім беру сияқты,
еліміздің білім беру жүйесіне интегралдау инновациясын енгізу әдістерін ауыстыру
қажеттілігі туралы сұрақ туындайды. Инклюзивті білім беру интеграция проблемасын
жүйелі түрде шешуді қажет етеді, яғни интеграция процесіне тікелей немесе жанама
қатысты барлық ішкі жүйені (білім беру, әлеуметтік, нормативті-құқықтық,
экономикалық) мемлекеттік, аумақтық және муниципалдық деңгейде келтіріп шешім
қабылдау. Шындығына келгенде, Қазақстанда екі жүзжылдықтан бері білім берудің
интеграциясы негізінен экстрополяция әдісімен, яғни шетелдерде өзін жақсы жағынан
көрсеткен интеграциялаудың түрлері арқылы жүзеге асырылып келеді.
Ашық азаматтық қоғамда Қазақстанның тұрақты дамуының басты шарты –
тұрғындардың сауаттылық дәрежесін көтеруге бағытталған жалпы білім беру жүйесін
дамыту мен барлық балаларға бірдей құқық беру болып табылады. Бүгінгі таңдағы білім
беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді
талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. Мұнда арнайы
оқытуды талап ететін баларға білім беруді дамытудың болашақтағы жоспарлары мен
шешімдері қарастырылғанын жоғарыда атап өттік Осы декларацияны дамыту мақсатында
ЮНЕСКО Қазақстан Республикасы Білім Министрлігімен біріге отырып Қазақстанда
«Арнайы қажеттілігі бар балаларға базалық білім беруді дамыту» атты Пилоттық жоба
жасалынды. Бұл жобаның мақсаты осындай балаларды жалпы білім беру үрдісінде қоса
оқыту яғни инклюзивті оқыту жолдарын іздестіру болып табылды. Бұл жобаның
орындалуын қадағалау, дамуында ақаулығы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған
әлеуметтік бейімделу және кәсіби еңбекте сауықтыру ғылыми-практикалық орталығына
тапсырылды. Яғни ӘБЕО (бүгінгі таңда ол коррекциялық педагогиканың Ұлттық ғылыми-
практикалық орталығы деп аталады.) ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасы Білім және
Ғылым министрлігінің мұндай шешім шығаруына түрткі болған ӘБЕО РҒПО орталығы
Қазақстандағы бұл мәселені шешуде ғылыми деңгейде ұйымдастыруда мүмкіндігі бар
жалғыз ғана ұйым болып табылады. [4].
Инклюзивті оқыту үрдісін және ақпараттық-әдістемелік қолауды дамыту үшін
жалпы білім беру мектептерінің директорлары мен бастауыш сынып мұғалімдерін, арнайы
қажеттілігі бар балаларды оқытып жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемелірінің
тәрбиешілерін қайта даярлау бағдарламалары жасалынған. 2010 жылдың өзінде (шілде,
қыркүйек) жалпы білім беретін мектептер және жалпы типтегі балабақша директорлары
мен мұғалімдеріне арналған екі семинар өткізілген. Онда инклюзивті оқыту туралы
пікірлер мен ұсыныстар тыңдалып, талқыға салынды.
206
Қазіргі кезде инклюзивті білім беруге, қымбат жоба ретінде материалды кепілдік
жоқ. Ол көпшілік мектептерде арнайы білім беру жүйесін сақтап, оны жақсарта отырып,
арнайы сертификатталған білім беру ортасын бір уақытта құруды қарастыруы қажет деп
санаймыз. Инклюзивті білім беру идеясының негізінде таңдау құқығы болуы тиіс. Яғни
көпшілік немесе арнайы мектепті таңдауы үшін олар бір-бірінен кем болмауы қажет.
Елімізде білім берудің басқару құрылымы инклюзивті білім беруді қаражат көзін үнемдеу
деп қарастырады, яғни көпшілік мектептеріне мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қосып,
көптеген арнайы білім беру мекемелерін жауып тастау. Бұл процесс инклюзивті білім беру
идеясын бұрыс түсіндіріп, елдің көптеген аймақтарында жүзеге асып келеді, мұны тоқтату
мүмкін емес. Көпшілікке білім беру жүйесіндегі арнайы сертификатталған ортаны құру
проблемасы да мұнымен тікелей байланыста, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі
балалардың арнайы сапалы білім алу құқығын қадағалайтын құралдар болады. Білім беру
ортасын сертификаттау мүмкіндігі шектеулі балалардың адрестерін еңгізуде көпшілік
мектептерінің жауапкершілігін арттыруы қажет. Өйткені «инклюзия» мектептерінің
администрациясына тек мүмкіндігі шектеулі балалардың саны ғана керек (яғни – олардың
артынана келетін қаражат көздері) [ 4].
ХХ ғасырдың 70-80жылдарындағы АҚШ-тың қателіктерін қайталай отырып,
отандық интегралды білім беру, бүгінгі таңда интеграция жағдайындағы жұмысқа
көпшілікке
білім
беру
жүйесіндегі
психологтардың,
мұғалімдердің
арнайы
дайындығынсыз еңгізіп жатыр. Педагогикалық жоғары оқу орындары және педагогикалық
колледждердің инклюзивті білім беру жағдайындағы жұмысының дайындық технологиясы
жоқ. Бірақ, интеграциялау жүйесін Дегенмен, жоғарғы оқу орындарында да, орта
педагогикалық білім ордаларында да мұғалімдері және оқу-әдістемесі де инклюзивті білім
берудің проблемаларын шешуге бағытталмаған.
Жоғарыда айтылғандай, инклюзивті білім беру жүйесін жүзеге асыру, елдегі
ертеректе қалыптасқан кешенді көмек беру жүйесіне байланысты. Ерте кезден бастап
кешенді көмек алған балалар ғана жоғары қатаң инклюзивті білім беру тәртіптеріне шыдай
алады. Көптеген проблемалар отандық көпшілікке білім беру мектептерінде әлеуметтік-
психологиялық климатты дұрыстау барысында туындайды. Әлеуметтік серіктестіксіз
инклюзивті білім беру жүйесі іске аспайды. Дегенмен, қазір дені сау балалар ортасында да
бұл жоқ, себебі отандық мектептер жеке тұлғаға бағытталмай, дәстүрлі нәтижеге (ҰБТ-ны
табысты тапсыруға) бағытталған. Мектептердің серіктестігі бәсекелестікке айналған.
Қалып қойған отандық көпшілікке білім беру мектептеріндегі құндылықтар, бүгінде
инклюзивті білім беру идеясына қарам-қайшы келеді.
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша білім беру саласындағы негізге
алынатын халықаралық құжаттар мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар үшін құқығы теңдей
деп ескеріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алып дамуының құқығының
кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының
«ҚР бала құқығы туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық қолдау туралы», «ҚР мүгедектердің әлеуметтік қорғау
туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарында бекітілген. Мүмкіндігі
шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылғы мемлекет Басының
тапсырмасына қатысты республикалық ғылыми-тәжірибелік әлеуметтік адаптация
орталығы және кәсібі қалпына келтіру орталығы Қазақстан Республикасының қаулысы
бойынша ұлттық түзету педагогикасының ғылыми-тәжірибелік орталығы болып
өзгертілді. Мұнда арнаулы білім беруді дамытудың ғылыми-зерттеушілік жұмыстары
207
жүргізіледі және инклюзивті білім беруге көшу, арнайы оқу бағдарламасын, оқулықтар
және оқу-әдістемелік кешендерін жасау жұмыстары жүргізіледі. [5].
2010-2020 жылдар аралығындағы іс-шаралар жоспарының жүзеге асыру барысында
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік білім беру бағдарламасының дамуы ҚР
Үкіметінің 2015 жылғы 5 қаңтардан бастап №8 қаулысы бойынша мүмкіндігі шектеулі
балаларды 2017-2019 жылдары медициналық-педагогикалық және әлеуметтік жағынан
қолдау іс-шараларының жоспары бекітілген. Мұнда білім беру ұйымдарының желілерін
ұлғайту бойынша, кешенді түзету-педагогикалық қолдау көрсету және білім алу
барысында теңдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайларды құру
мақсатында интегралды түрде білім беруді дамыту бойынша сұрақтар қаралған [7].
Республикамызда балалар білім алу үшін жағдай жасаудың басым бағытына қатысты
келесідей бағыттар бар.
Бірінші бағыт – балалардың дамуындағы кемшіліктерді тауып, жастық кезеңнен
бастап түзету-педагогикалық жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Мектепке
дейінгі уақтылы көрсетілген көмек жалпы білім алу ортасында оқуға баланың негізгі
кемшіліктерін түзетуді қамтамасыз етеді. Республикадағы арнайы білім беру жүйесінің
бастапқы буыны баланың оқу, әлеуметтік және медициналық қызметтерін алуға құқығын
орнататын, психологиялық, медициналық және педагогикалық консультатиция болып
табылады. (бір ПМПК балалардың 60 мың тұрғындарға ашылады).
Бүгінгі таңда елімізде 56 облыстық, қалалық және аудандық, соның ішінде бір
республикалық ПМПК жұмыс істейді.
Екінші бағыт – барлық деңгейдегі балаларға олардың психофизикалық
ерекшеліктерін ескере отырып, білім алу құқығын жүзеге асыру үшін вариациялық
жағдайлар құру болып табылады.
Қазіргі уақытта республикамызда мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуын
ұйымдастыру үшін арнайы білім беру ұйымдарының дифференциалданған желілері бар.
Оған түрі мен типіне байланысты арнайы білім беру ұйымдары, жалпы типтегі бала-бақша
жадындағы топтар және жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныптар кіреді: жалпы
типтегі 35 арнайы бала-бақшаларда және 228 бала бақша жадындағы арнайы топтарда 10
мыңнан астам мектепке дейінгі балалар тәрбиеленіп білім алуда.
Мектеп жасындағы дамуында 8 негізгі түрі және типінен кемшіліктері бар
балалардың 24 мыңнан астамы жалпы білім беру мектептер жадындағы 820 арнайы
сыныптарда және 101 түзету мектептерінде білім алуда.
Достарыңызбен бөлісу: |