Анкетталау - ауқымды материал жинақтау үшін қолданады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер
алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;
койылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны кажет;
сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, алгашкы тексеруден өткізілуі тиіс
сауалнама кемшіліктері түзетіліп пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс
педагогикалық экспеимент міндеттері;
жобаланған педагогикалық құбылыс және оның көрініс беретін себеп салдары байланыстар мәнін зерттеу
педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;
педагогикалык ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшестіру эксперимент келесі кезеңнен өткізіледі;
теориялық
әдістемелік
эксперимент жұмысы
талдау эксперимент түрлері; табиғи және зерттханалық
Кәсіптік педагогикадағы математикалық және статистикалык әдістер сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ак зерттеліп жатқан құбылыстар арасында сандық тәуелдемелерді анықтау мақсатында қолданып, эксперимент нәтижесін бақылауға, корытындылар сенімділігін арттыруға теорялық тұжырымдамаларды негіздеуге жәрдемдеседі.
Математикалық әдістер арасында кәсіптік педагогикада ең көп
Статистикалык әдіспен қолға түскен, көрсеткіштердің орташа сандақ шамаса айқындалады;
орта арифметикалык;
медиана;
таралу дәрежесі;
Мұндай есептеулерді жүргізу үшін белгілі формалар, анықтама таблицалар қабылданған. Осы әдістермен жинақталған көрсеткіштердің сандык тәуелділіктері графиктер, диаграммалар, таблицалар түрінде өрнектеледі.
Қорыта келе кәсіптік педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, әлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысымен тәуелділіктерімен ұланғайыр, тын халінде кәсіптік педагогиканын жемісті дами түсуінің басты шарты- ғалымдар мен педагого-практиктердің бірлікті іс әрекеті. Егер осы теориялык және тәжірибелік ізденістер аталған кәсіптік педагогикалык әдістер жүйесін жетік білумен болса ғана педагогтың өз тәжірибесі де, баскалардын да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нәтижесінде оқу-тәрбие ұйымдастыру жолында табыстары мен жаналықтары ғылыми тұрғыда орнығуы сөзсіз.
Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалык әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттерден тұрады: а) фактологиялық материалың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялык түсіндірмені талап етеді; ә) бастапкы теориялык негіз ол зерттеу объектісін суреттейтін алгашкы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теориянын логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялык пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген обьект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте дәріптелінген объектіні құрастыруды кез-келген педагогикалық теорияны, онын байланыстарын, зандылықтарын, жорамалдарын, дәріптешілігін, анық білімдерге жету принциптері мен механизмін құрастырудың қажетті шарты ретінде карастыру кажет.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (физика, математика, химия, тіл білімі). зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байкап- бақылау, тенеу, анализ және синтез, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нактыга карай өрлеу, индукция мен дидукция; бұлардын әркайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі таным тәртіптер, ал олар болса зерттеудін таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Әдісті кұрайтын тәсілдер зерттеу тәртібінің феноменологиялык суреттемесін, оның құрамындағы элементтердің эмпирикалық бөлінуін, эмпирияның зерттеу объектісі мен оның психологиялық-педагогикалық сипаттарын жүйелі түрде түсіну максатында зерттеу элементтерінің құрылымдық- кызметтік анализін қамтамасыз ететін анализ бірліктеріне әдістемелік бөлінуін камтамасыз етулері қажет.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды белгілі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалык білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы акпаратарды алудын жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалык зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағыталған жан- жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |