Ғылымның объекті


Іс-әрекет (шыгарамашылықтың) өнімінің талдауы -



бет9/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
J.B

Іс-әрекет (шыгарамашылықтың) өнімінің талдауы - адамды оның іс-әрекетінің материалдық және идеалдык (мәтіндер, музыка, бейнелеу және т.б.) өнімдерін интерпретациялау, талдау, заттансыздыру аркылы эмпирикалык зерттеу әдісі. Бұл әдіс (көбінесе iwiki түйсікпен) педагогикалық тәжірибеде окушылардың Мазмұндамаларын, шығармаларын, түсініктемелерін, жасаған баяндамаларын, суреттерін және т.б. талдау түрінде кеңінен пайдаланылады. Алайда, ғылыми зерттеу барысында іс-әрекет өнімінің талдау әдісі әрбір ерекше өнімнің (мысалы, мәтіннің, суреттің, музыкалық шығарманың) мақсатын, болжамын және талдау тәсілдерін ұйғарады.
Педагогикалык психологияның зерттеу пәнінің ерекшелігіне байланысты жоғарыда аталған әдістердің бірі жиі, басқалары сирек колданылады. Окушылардың іс-әрекеті өнімінін, олардын шығармашылығының талдауы (есептер шешімінің, конспектілер, шығармалар, енбек өнімі, окушылардың шығармашылЫҒЫНЫҢ бейнелеу және т.б. нәтижесін талдау), әңгімелесу, сауалнама, қалыптастырушы (үйретуші) эксперимент байқаумен қатар, педагогикалық психологияда ең көп қолданылатын әдістер болып табылады. Сонымен қатар, педагогикалық психологияда тестілеу әдісін пайдалану кеңінен таралып келеді. Осы әдісті колданатын зерттеуші-педагогтың тек жоғары кәсіби жауапкершілігімен қатар, этикалық жауапкершілігін ескере отырып оны тереңірек қарастырайық.
Тестілеу - қаттырақ айтқанда бұл психодиагностикалык - процедура, және «...пайдаланушы психодиагностикалық әдістер арқылы психологияның моральдық-этикалық кодексінен туатын біркатар міндеттер алады». Тестер толық және жүйелі түрде А. Анастазидің <<Психологиялық тестілеу» атты еңбегінде баяндалған [27, 3 б.]. Бұл жұмыстың алғысөзінде жалпыға түсіну үшін жалпы диагностикалау және тестік диагностикалаудың манызды проблемалары, атап айтқанда, біздің белгілі кезекпен баяндап беретін ережелер белгіленген. Біріншіден, алғысөздің авторлары К.М. Гуревич пен В.И. Лубовскийдің пікірі бойынша, «психологиялық диагностиканын тест, сауалнама, өз-өзіне есеп беру, жетістіктер тесті (табыстылықты тіркеу) сияқты түрлері мектеп, кәсіптік-техникалық училищелер, кәсіпорындар, мекемелер мен жоғары оку орындарында айтарлықтай орын алған жоқ, ал онын біздің білім беру жағдайымызда кажеттілігі анық. Екіншіден, авторлар басқа елдерде колданылатын тестерді біздің диагностикалау тәжірибемізге сол қалыпында көшіру мүмкін еместігін атап өтеді. «Тестерді олардың пайда болған әлеуметтік ортасынан басқа ортаға көшіру екі жақты қиыншылықтармен байланысты. Бірінішісі, басқа мәдениеттің өкілі болып табылатын сыналушылар тест тапсырмаларын өздігінше қабылдайды, себебі олар өздерінің маңыздылық және семантикалық жүйелерін қолданады.... Екінші қиыншылық- тестің тілдік трансплантациясында» [9, 13-14б.]Басқа сөзбен айтқанда, тесті әлеуметтік-мәдени детерминациялау тіркеліп отыр, ол тестілеу кезінде ескерілуі қажет (жас ерекшелік және жыныстық тұрғысынан жеке карау және тестердің вариативтілігімен бірдей). Үшіншіден, тестердін күрделілігі мен валидтілігіне және осыған байланысты арнайы бағытталған тестерді әзірлеудің қаншалықты болшағы бар екеніне назар аударылады. «Бұл тестерді қолдануда жеке тұлғаның (немесе топтын) жауаптарының нәтижесін нормамен, яғни берілген тесті сыналушылардың басым көпшілігі қалай орындағанымен салыстыру қажеттілігі жок. сыналушының сол Erep тест жаксы әзірленген болса, онда жиынтык өкілдері болып табылатын басқа сыналушылармен салыстырғанда кандай екендігін емес, оның білімі мен біліктілігін көрсетуі қажет [9, 11 б.]. Баска сөзбен айтқанда, бұл жерде нормалы бағытталған тестерге қарағанда критериалды бағытталған тестерге басымдылық беріліп отырылғанын және олардың бір-бірінен айырмашылығын көреміз.
Біздің еліміздегі нормалы бағытталған тестілеуде компьютерлік тестік диагностика НОРТ жүйесінде толығынан ұсынылған (185). Бұл жүйені әзірлеуші А.К. Ерофеев НОРТ жүйесін пайдаланушы міндетті түрде келесілерді білуі қажет: 1) нормалы бағытталған тестіледің негізгі кагидаларын; 2) тестердің түрі мен оларды қолдану саласын; 3) психометрика негіздерін (яғни, бұл жүйеде психологиялык сапалар кандай бірлікте өлшенетінін); 4) тестің сапалық өлшемдерін (тестердің валидтілігі мен сенімділігін анықтау әдістері); 5) психологиялық тестілеудін этикалық нормалары және сараптама және кеңес беру жағдайындағы ерекшеліктер. Осыған сәйкес, талаптар өлшемді багытталган тестерге және оны қолданушыларға да койылады.
Т-деректер тестердің әртүрлі түрлері, немесе объективті тестерді, жогарыда аталып өткендей, Р.Б. Кэттел мен В.Ф. Варбуртон 12 топқа жинақтаган, олар бір жағынан, олардың саналуандылығын көрсетеді, ал баска жағынан- зерттеудін берілген әдісінін ауқымдылығын көрсетеді (В.М. Мельников, Л.Т. Ямпольский). Бұл топтарға:
Қабілеттілік тестілері (интеллектуалды функция, білім, тәсілдер және т.б.).
Іскерлік пен дагды тестілері (керу-моторикалық үйлестіру, лабиринттен өту)
Қабылдауға арналған тестілер.
Сауалнамалар (мінез-құлық, денсаулық жағдайы және т.б. туралы сауалнамалар).
Пікір (баска адамдарға, нормалар мен т.б. көзқарасын анықтау).
Эстетикалык тестер (кандай картиналар мен суреттерге және т.б. басымдылык беретінін анықтау).
Жобалау тестілері (тұлғалық тестілер). Объективті болып табылмайтын, формализациялау талаптарын қанағаттандырмайтын ТАТ, Роршах тестері мұнда кірмейді.
Әр түрлі жағдайлардағы тестілер (әртүрлі жағдайда - жеке, топта, жарыста және т.б. тапсырмалар орындауды зерттеу).
Адамдардың өздерін неғұрлым толығынан көрсететін ойындар.
Физиологиялық тестілер (ЭКГ, КГР және т.б.).
Физикалык тестілер (антропометрикалык).
Кездейсоқ бақылаулар, яғни тестің қалай өткізілуін зерттеу (мінез-кұлықты жазып алу, қорытынды және т.б.).
Білім беруде тест жүргізуді талдай келе, А. Анастази бұл процесте колда бар тестілердін барлық түрі қолданылатын атап өтеді, алайда барлык стандарттандырылған тестілердің ішінде ең көбі табыстылык тесті. Олар бағдарламалар мен білім беру процесінін тиімділігін анықтау үшін жасалынған. Онда «әдетте тұлғаның оқуды аяқтағаны бойынша жетістіктерінің соңғы бағасын береді, онда негізгі қызығушылық тұлғаның нақ осы уақытта не істей алатынына назар аударылады» [9, 2 кітап, 37 6.].
Бұл тестердін мазмұны өзінің кейбір бөлімдерінде білім беру стандарттарымен астарласуы мүмкін. Оларды оку бағдарламаларына объективті бага беру тәсілі және түзету құралы ретінде қарастырады. Әдетте, табыстылык тестілері біртұтас білім беру жүйелері үшін барлык оку бағдарламаларын қамтитын тестілік «батареялар» сиякты. Америкада 1923 жылдан бері қолданылып келе жатқан табыстылық тестілер батареясын мысалға келтіре отырып, мысалы Стенфорд табыстылык тестілері (1970 ж. Ұлттық табыстылык тесті, 1970 жылғы Калифорния табыстылык тесті және т.б.), А. Анастази оған кіретін субтестілерді атайды: сөздік; түсіну: a) оқылғанды және б) тындалынганды; сөздерге талдау; математикалык: а) ұғым, б) есептеу; математиканы пайдалану, тіл; элеуметтік және жаратылыстану ғылымдарын білу [9, 43 б.]. Сонымен бірге, ол тестілер бойынша барлык тапсырамалар көп жауаптар тандап алумен сұрақтар түрінде беріледі, және көрсеткіштер, оларды түсінік беру, стандарттау бойынша нұсқаулар келтіреді. А. Анастази мұғалімнің нақты жұмысының пәні бойынша осы негіздерді пайдаланып тестік тапсырмалар мен бақылаулар әзірлеу мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен қатар, біркатар пәндер бойынша оқушылардың әртүрлі топтары үшін проценттік нормалар әзірленгені және мектепке дайындығы тестілерінің дайындығы аталынады. Жас ерекшеліктері әртүрлі окушылардын психологиялык диагностикасының нақты мысалдарын Р.С. Немов келтірген. [14, 73-493 б.]. Бұл жерде біздің елімізде тестология проблемасының операционалды-әдістемелік жағы біраз ұтылып тұрса да әдіснамалық, ұғымдық жағы (М.С. Бернштейн, Г.С. Геллерштейн, К.М. Гуревич, В.С. Аванесов, А.К. Ерофеев, А.Г. Шмелев және т.б.) әлемдік деңгей бойынша жоғары деп бағаланады.
Жоғарыда айтылғандрдың барлығы педгогикалык психологияда тест жүргізуді қолдану - жауапты, этикалык, жоғары кәсібилікті, арнайы дайындықты және адамның психолог-диагностың этикалық кодексіне сәйкестігін талап ететін іс екенін білдіреді [58].
Педагогикалық психологияда зерттеудің тағыда бір манызды әдісі социометрия болып табылады. Бұл Я. Морено әзірлеген топ ішілік тұлға аралық байланыстарды зерттеудің эмпирикалық әдісі. Бұл қойылған сұрақтарға топ мүшелерінің ішіндегі тандаулыларынын жауаптарын пайдаланатын әдіс топтың қаншалықты ұйымшылдығын, топ көшбасшысын анықтауға мүмкіндік береді. Ол педагогикалык тәжірибеде оку ұжымдарын қалыптастыру және қайта топтарға бөлуде, топішілік өзара әрекеттесуді анықтау үшін кеңінен пайдаланады [әдістер туралы толығырақ 39, 88-116 б. қараңыз].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет