Ғылымның объекті



бет8/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
J.B

Әнгімелесу-педагогикалык психологияда (және педагогикалык тәжірибеде) адам туралы онымен қарым-қатынас жасау, онын максатты бағытталғын сұрақтарға жауаптарының нәтижесінде мәліметтер (ақпараттар) алудын эмпирикалық әдісі. Жүргізуші оның максаты туралы зерттелінушіге айтпайды. Жауаптар (мүмкіндігінше әнгімелесушілердің назарын аудармай) дыбыс таспасына жазу, немесе тез жазып отыру, стенография арқылы тіркеліп отырады. Әңгімелесу - адамды зерттеудің дербес әдісі, сонымен катар көмекші әдіс, мысалы эксперимент пен терапияның алдын-алушы әдіс бола алады.
Сұхбат -әңгімелесудін ерекше түрі ретінде, ол туралы хабардар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес баска да адамдар, оқиғалар және т.б. туралы мәліметтер алу үшін колданылады.
Әңгімелесу, сұхбат барысында сараптамалық баға берілуі мүмкін.
Сауалнама - арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалык әлеуметтік психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау - кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін іс. Сауалнама құрастыруда: 1) сұрақтардың мазмұны, 2) олардың түрі- ашық немесе жасырын, соңғысына «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру кажет, 3) олардың тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға көмек берілмей және т.б.), 4) сұрақтардын саны мен реті ескеріледі. Педагогикалық тәжірибеде сауалнамаға 30-40 минуттан аспайтын уакыт беріледі. Сұрақтардың тізбектелу тәртібі көбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады..
Сауалнама ауызша, жазбаша, жеке, топтык бола алады, алайда кез-келген жағдайда ол екі талапка жауап беруі тиіс – іріктеудің көрнекілігі мен біркелкілігі. Сауалнама материалдары сапалық және сандык ондеуден өтеді.
Эксперимент- ғылыми зерттеудің педагогикалык психологияда кеңінен таралған эмпирикалық әдісі. Эксперименттің зертханалық түрін (арнайы жағдайларда, аппаратура пайдалану және т.б.) және әсерін зерттеу үшін арнайы ұйымдастырылған, оқытудын, өмірдін, енбектің кәдімгі жағдайларында жүргізілетін табиғи эксперимент түрлерін ажыратады. Соңғы онжылдықтарда ең бір тиімді және кеңінен таралған (әсіресе отандық педагогикалык психологияда) табиғи эксперимент түрінің бірі - қалыптастырушы эксперимент балып табылады. Оның барысында оқушыға мақсатты түрде білім және тәрбие бере отырып, оның білімі, білігі, қарым-қатынасы мен құндылықтары деңгейіндегі өзгерістер, оның психикалық және тұлғалық даму деңгейіндегі өзгерістер зерттеледі.
А.В. Петровский атап өткендей, педагогикалык психология үшін бұл табиғи эксперименттің қалыптастырушы (үйретуші) ерекше түрі ете манызды болып саналады. Зерттеу әдісі ретіндегі экспериментте сыналушы онын максаты жөнінде білмейді. Эксперимент жүргізуші зерттеудін максатын аныктап, болжам ұсынып қана қоймай, зерттеуді жүргізу жагдайы мен зерттеу түрін де өзгерте алады. Эксперименттің нәтижесі арнайы хаттамаларда катан және дәлме-дәл тіркеліп отырылады, онда сыналушының аты-жөні, ол туралы қажетті мәліметтер, күні, уақыты, мақсаты белгіленеді. Эксперименттің деректері сандык өндеуден өтеді (факторлык, корреляциялык талдау және т.б.), сапалык түсінік беруден өтеді. Эксперимент жеке, топтық, кыска мерзімді және ұзақ мерзімді бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет