Ғылым дамуының басты шарты — жана деректер мен үздіксіз толығып
беру. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді. Әдістер, өз кезегінде ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің біркелкі тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама -деп ғылыми- танымдық іс- әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз . Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің-нысанасы, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер біріздіілігін белгілейді. Осыдан, кәсіптік педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе- нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен әдіснамалык білім екі күйде іске , асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік әдіснама- ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным зандылықтары жөніндегі білім ретінде зертеу процесіне бағыт- бағдар береді, ал преспиктивтік әдіснама- зерттеу іс әрекеттерін реттеп барудын жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс-әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса- ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде әске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндауын түсіндеру қызметтері атқарылады. Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді ( Э.Г. Юдин) :
философиялык, жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымдық жалпы принциптері мен бүкіл ғылымнын категориялар ғылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдерді барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші жалпы гылымдық әдіснама- деңгейде ғылымдардың баршасында не кепшілігінде колданылуы мүмкін теориялык тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей- нақты ғылымдар әдіснамасы кандайда нақты ғылыми пән аймағында колданылатын зерттеу әдістерімен принциптерінің жиынтығын құрады. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы,ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген әдіснамалык денгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды , мысалы: кәсіптік педагогикалык зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау ( моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей- технологиялық әдіснама-зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп деректі эмперикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өндеуден өткізіп, кейін оларды Ғылыми білімдер өрісіне қосу кызметтеріне хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалык білім нақты көрсетпе - нұсқау сипатына ие. әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастық пен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған мазмұндық негізі философиялық денгейден іздестіріледі. Себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.