Оқу формаларын зерттеу жұмысты қолдану
Оқу формалары қозғалыста, қоғам, өндіріс, ғылымның даму денгейіне тәуелді пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып отырады. әлемдік білім тәжірибесі тарихында әрқилы оку жүйелері қалыптасып, олардың әркайсысы өзіне ынгайлы оку формаларына сәйкес, колданылган.
Алғашқы адамзаттық қауымның өзінде-ақ тәжірибені бір адамнан екіншіге, ересектен жас әулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара оқыту жүйесі іске асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды окушы қамту мүмкін болмады. Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты адамдардың кеп болғанын кажет етті. Осыдан жеке-дара оқыту басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады. Дегенмен, жеке-дара оқыту өз маңызын осы кунге дейін жоғалтпастан, репетиторлык, тыютарлык, Менторлык, гувернерлык оку формаларында қолданым табуда.
Репетиторлық, әдетте, окушыны емтихан және сынақ тапсыруға дайындаумен байланысты.
Менторлық немесе ұстаз окушы кенесшісі, окылып жткан пән мазмұнына даралык сипат береді, тапсырмалар орындауға жәрдемдеседі,тұрмыска бейімделуге көмек көрсетеді.
Тьюторлық окушыға Ғылыми жетекшілік жасап, конференцияларға, ғылыми іс-шараларға дайындайды.
Сонғы кездерде отбасылық оқу-тәрбие формасы - гувернерлық қайта жангыруда.
Орта ғасырларда коғамның әлеуметтік-экономикалык ілгерілі дамуына байланысты білімді тұлғалардың көптеп қажет болуынан білімдену аймағы ерістей кеңіді. Бірқатар жастағы балаларды бір топка біріктіре окыту мүмкіндігі туындады. Осыдан окудың сынып-сабақтық жүйесі пайда болды. Бұл жүйе ХҮІ г. Белорусия мен Украина мектептерінде калыптасып, өзінің теориялық негіздемесін ХҮІІ ғ. Ян Амос Коменскийдің "Ұлы дидактика" кітабында тапты.
Сабақ теориясына Я.А.Коменский дәуірінен кейінгі кезенде елеулі улес коскан белгілі орыс педагогы К.Д. Ушинский болды
Сынып-сабақтық жүйе барша елдерде кеңінен тарап, уакыт озуына қарамастан озінін негізгі белгілерімен әлі күнге дейін сақталуда. [1]
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке окушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді
оқытып тындайтын, қалай оку керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалык кұралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әнгіме жүргізу әдістерін де қолданылатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуды да осы орта ғасырлык оку жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың “белл-ланкастер" жүйесі тарады. "Сатылы” немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оку жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырган. 200-300 немесе 600-ден астам окушыны мұгалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында ХХ ғ. Басында "дальтон-жоспар" оқу формасы тұңғыш рет колданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оку жеке дара, әрбір окушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық релі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісіне балалардың бірлесіп аткаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалык әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оку сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер белгіленді. Бригадирлер тобындағы 03 окушылардын орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға окушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда окушының жеке басынын ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Сабақ -оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен катар, олардын рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту максаттары көзделеді.
Сабақ- күрделі психологиялык және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |