Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Әл-Хорезмидің еңбектері және олардың маңызы



бет19/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   103
Байланысты:
������ ������ ��� ������������� ���

28. Әл-Хорезмидің еңбектері және олардың маңызы
Мұхамед ибн-Мұса әл-Хорезми (780-850) математикадан бірнеше көрнекті еңбектер жазған, олар латын тіліне аударылып, европада оқулық ретінде қолданылған. Хорезмидің «Әл-Жабр уа әл-Муқабала» атты еңбегі математика тарихындағы алгебраны дербес баяндауға арналған тұңғыш кітап. Сондықтан да кейде Хорезмиді алгебраның атасы деп те атайды. Ал оның «Жер түрлері жайындағы кітап» араб тілінде жазылған бірінші географиялық шығарма болды. Хорезми астрология, күн сағаты туралы еңбектер жазған, астрономиялық, тригонометриялық таблицалар жасаған.
Әл-Хорезми Көне Үнді, Орталық Азия мен Грекияның ойшылдарының еңбектерін жан-жақты зерттеп, олардың негізінде құнды топшыламалар жасаған. Солардың мәліметтеріне және өзінің жеке байқауларына сүйене отырып, орта ғасрлардағы математика мен жаратылыстанудың маңызды бағыттарына бастау болатын еңбектер жазған. Әл-Хорезмидің 10-нан астам жұмыстары сақталған. Олардың арасында алгебралық трактат, арифметикалық трактат, астрономиялық кестелер, географиядан, тарихтан және күн сағаттары мен күнтізбек туралы кітаптары бар. Әл-Хорезми алғашқылардың бірі болып карта сызды.


29. Қайта Өркендеу дәуірінде ғылымның дамуы
Қайта өрлеу дәуірі жалпы антикалық мәдениетпен, антикалық философия бөліміне қызығушылықтың өсуімен негізделеді. Ол өз бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі (ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене бастаған, содан кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Әрине осыған сәйкес италиалық, немістік, француздық Қайта өрлеу дәуірі туралы айтылған. Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырлық философия аяқталуы мен Жаңа заман философиясының басталуы кезеңінде пайда болды. 
Қайта өрлеу дәуірі діни сенімдердің шынайылығына сенбеушіліктен басталды. Ежелгі Грецияда Сократ жақтаушыларының қарсы күресуші мектептері құқылықтылық негізіне қатысты келісімге келе алған жоқ, со себепті скептицизм пайда болды, сөйтіп орта ғасыр соңында діни сенім әлсіреп, скептицизм қайта пайда болды. Ол жаңа сенімге жер дайындады – адам санасына, оның күші мен қабілеттілігіне. Қайта өрлеу дәуірінде дүние жүзілік саяхаттар және географиялық ашулар әсерінен горизонттар кеңейе түсті. Әлем әлеуметтік бірлестікке айнала бастады, адамзат жер шарының бірлескен жаны ретінде қалыптаса бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет