Филологическая  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата09.03.2017
өлшемі1,53 Mb.
#8586
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

7 
Сонан соң алдымен жансыз қалған  оң қол, кейін оң аяқ  жазылды.
Қазір ғылымда дәлелденгендей, түстің көпшілігі күндізгі бітпеген істің 
жалғасы  тәрізді  алдамшы    бірдемелер  болса  да,  оның  арасында  адамға 
ескерту түрінде көрінгендері болатынын да ескерген жөн. Мәселен, Серік 
Ғабдұфайызұлы Исабековтың (30.10.1950 ж. туған, ұлты татар)  23.11.2005 
ж. айтқан әңгімесін келтірейік:
-1990 жылдар болу керек. Ұйықтап жатып,  бір кезде өзім аспанға ұшып, 
көтеріле бастаған екенмін деймін. Аспанда бұрын өлген кісілер ұшып жүр 
екен. Мен оларға барғаным жоқ. Енді бір алқапта  шуылдамаған үнсіз топ 
жинала қалған екен. Мен соларға жақындағанда, олардың ішінде мен әжемді 
таптым. Үстінде барқыт камзол, басында- орамал, аяғында- мәсі. Мен таяған 
соң,  олар жинала  бастады. Менімен  тілдеспейді. «Неге тілдеспейді?»- деп 
уайымдадым да, мен де қайтып кеттім. Ояна келсем, түсім екен. 
Тағы бірде  түсімде көтеріліп ұшып, бір жерге барғанда, ондағылар 
маған:
-Қал осында,- деді.
Мен:
-Балаларым жас, мен қалмаймын!- дедім.
   Оянсам, бір қолыммен- жастықты, екінші қолыммен қызым Әлияны 
құшақтап жатырмын. 
Түйін:  «Ол жақтағылардың «Қал!»- дегеніне айтушы адамның түсінде 
қалмауы оның өмірінің ұзаққа  созыларына меңзеу бола алады».
    Қазір бұл жақтағы мұсылмандардың басым көпшілігі  арақ ұрттаған 
кісіні жаратпаса, о дүниедегі аруақтардың көпшілігі ғана емес,  бәрі де 
ішуді мақұлдамайды деуге де негіз бар. Соның бір көрінісі- Мәшһүр-Жүсіп 
шығармаларын жинауға, яғни Мәшһүртануға елеулі үлес қосып келген, қазір 
Баянауыл селосында тұратын Төлепберген Алдабергеновтың (1932 ж. туған) 
30.08.2006 ж. айтқан  әңгімесі:
-Бұдан 3-4 жыл бұрын Шұғаев Қабыкен деген кісі қайтыс болды.  Жерлеу 
кезінде  өлген  адамның  жалғыз  ұлы  Хамидолла  (жасы  50-де)    мас  күйі 
бұлғалаңдап келіп, менің  қасыма тұруға  ыңғайланды. Мен қатқыл үнмен:
-Мұнда тұруға болмайды, сен ішіп алғансың!- деп, оны қайтардым.  
Жездесі  Жұмат  та  оған  зіркілдеді.  Ол  сүмірейіп  кейін  шегінді.  Жерлеу 
аяқталып,  бәріміз  өз  үйімізге  тарастық.    Біз  кеткен  соң  марқұмның  сол 
жарымес ұлына ерген 2-3 жас жігіт қосылып, арақты сілтеген ғой. Арақты 
тамамдап, бұл шіркіндер ұйқыға бас қойғаннан кейін, өлік шыққан бөлмеден 
шыңғырған бала даусы естілген соң, бәрі атып тұрады. Шам жанып тұр. 
Қараса, ол бөлмеде ешкім жоқ. Бұл жігіттер шыңғырған дауыстан атып 
тұрса, іргелес орын алып ұйықтап жатқан 15-16- дағы   қыз бала оянбапты. 
Ертеңінде  бұлар  сұраса,  ол  ештеңе  естімеген.  Сөйтсе,  арақ  татпауы  өз 
алдына, бұл бала мешітке барып, дәрет алып,  төсекке бас қойған екен. Міне, 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

бұл жаңағы ұлдардың арақ ішкеніне аруақтардың риза болмауының белгісі 
ғой деп шамалаймын.  «Аруақтар босқа  жатпай,   өздеріне  ұнамағандарға   
зардап шектіре  ала ма?»- деген сауалға тірелсек, тағы да Мәшһүр-Жүсіп 
атамыздың кесенесінде сақталған шайнек, лампыны алғандарға не болғанын 
да  бағамдауды  жөн  көрдік.  1932  жылы  туған  Слямбек  Қамашевқа  сөз 
берейік:
-Менің  әкем  айтып  еді.  1939-1940  жылдардың  бірінде  Қасым  деген 
азамат біреудің  жұмсауымен Ескелдіге, яғни Мәшһүр-Жүсіп денесі  жатқан 
кесенеге барғанда, шайнек пен лампа алып, оны сол сұраған адамға апарып 
беріп, қойды өріске шығарады.  Осы Қызылшілікте кешкісін  қойды айдап, 
үйіне  келіп,  аттан түсейін десе, түсе алмайды.  Ол айғай салып әйеліне  
айтады:
-Аттан түсе алмай тұрмын!- деп.
әйелі көмекке біреулерді шақырып, ақыры бәрі жабылып аттан түсіріп, 
үйге әкеліп төсекке жатқызған екен. Содан ол ауырып жатып алған. Тіпті 
өне бойы тесіле бастаған. Ақсақалдар кейіген:
-Неге алдың? Енді соны қайта апару керек.
  Ондайда апарушы біреу лып етіп табыла қоя ма? Түнде түсінде Мәшһүр- 
Жүсіп атаны көріп, бұл еңіреген:
-Кешіре  гөр, алғанымды қайта апарып берейін,- деген.
Мәшһүр-Жүсіп атамыз ол сөзге жібімеген:
-Өз  жазаңды  өзің  көтеріп,  осылай  жата  бер!-  деп,  зәрлі  үнмен  тіл 
қатқан.
Содан ол адам 4-5 жыл ауырып, қиналып жатыпты. Әкей айтады:
-Денесі иістеніп кеткен соң, оның қасына ешкім бармады. «Мерез»- дейді 
ғой, ірің шығып тұрады. Содан кейін жерлейтін адам табылмай, әкей аузы-
мұрнын таңып ап,  оны жуған. Содан кейін жерлеген.
Бұдан  шығатын  қорытынды:  «Аруақ  атаулыны  өлген  жансыз  дене 
есебінде қарап, оларды қорлайтын іс істеуге болмайды. Бұл дүниедегі артық 
кеткендер көбінесе  қолма-қол жазаланбай, бұл жақта шалқып, масайрап 
жүргенмен, о дүниеде мәңгі тозақ отына көміледі. Сонымен бірге  ара-тұра 
болсын, қолма-қол жаза болатынын біз осы мысалдан көріп отырмыз».
Алланың құдіретіне шәк  келтірудің өзі  ауыр күнә екені өз алдына. Алла 
ісіне, Алла жұмсаған періштелер әрекетіне бақылау жасамақ болғандардың 
қолма-қол жазаланғаны туралы бізде дерек бар. 1937 жылы туған, руы- 
Тұлпар, 1961 жылдан Мәшһүр-Жүсіп кесенесіне 18 шақырым тұратын «Жаңа 
жол»  совхозында есепші болып істеген, кейін 1964 жылдан бастап қазіргі 
Екібастұз ауданы Комсомол совхозына жақын «Үшкеліншек»- деген жерде 
қызмет атқарған Бүркітбай Мадиннің, менің, Қуандықтың, пәтеріме келіп 
отырып,  берілген сауалдарға орай 2006 жылдың 14 маусымында шерткен 
әңгімесі:

Вестник ПГУ № 3, 2010
7 
-Мен біреуге зират салуға  5 дағыстандық  алып бардым. Олардың бірі 
мынадай әңгіме айтты:
-Бір ақсақал қайтыс болып, оны жерлеу кезінде екі студент пысықсып, 
жұртқа  білдірмей,  көрге    тыңдайтын  аппарат  орнатып,    оған  жалғаған  
сымының бір ұшын сол көрден елу қадамдай жерге жеткізіп, оған тағы бір 
тыңдағыш жалғайды ғой!
Өлік көміліп, жұрт тарап, яғни ең соңы қырық қадам көрден алыстаған 
соң, әлгі екеудің біреуі екіншісіне: «Үндеме!»- деген белгі береді де, екіншісі 
тыңдағышқа  құлағын  төсей  қалады.  Сол  кезде  үшінші  біреу    олардың 
қимылын  сырттан    бақылап  тұрады.  Сол  сәтте  «белгі»  берген  біріншісі 
де, тыңдамақ болған екіншісі де жалп етіп, жерге  құлап түседі. Бақылап 
жүрген үшінші сорайып жатқан  оларға жетіп барса, екеуі де қайтпас сапарға 
аттанып  кеткен екен. 
Бұл  әңгімені  естіп  отырған  менің,  яғни  Қуандық  Мәшһүр-Жүсіптің  
ой  қорытындым  былай  болды:  «Шындап  қарастырсақ,    жер  бетіндегі 
адамдардың  бәрінің  білгенінен де білмегендері  көп болып қала береді ғой. 
Біз далбасалап кітап жазамыз,  оның жетістіктерімен қатар ағаттықтары да 
кейін көп болып шығуы ықтимал екендігін де ескерген жөн болар. Сөйтсе 
де Аллаға ғана сыйынып,  Алладан ғана  көмек-жәрдем тілей отырып, Алла 
берген азын-аулақ қабілетімізге сүйеніп, адамдарды Алла жолына бағыттау 
мақсатындағы  игі  ниетпен  ғана  өзімізше  түйін  жасасақ,    бұл  ойымызды 
Алла  құптар  (адамдар  сенсе  де,  сенбесе  де,  өздері  білсін)  деген  ниетпен 
мына ойларымызды ортаға саламыз: «Адамдардың нағыз шындықты білуге 
ұмтылуы дұрыс. Алайда Алла жолын жер бетінде насихаттаушы дін иелерінің 
ескертуіне шүбә келтіріп, оны қазіргі «жетілді» деген техника көмегімен  
тексермек болуды Алла тарапынан  құптау жоқ  екендігі осы әрекет кезінде 
ап-айқын білінді емес пе?! Ендеше Құранда айтылған  дін қағидаларына 
шек келтіру сол азаматтар түгіл  ең білімпаз деген ғалымды да көгертпейді 
деуге негіз толық!»
Сөз  соңында  адам  көрмейтін  құбылыстарды  адамнан  санасы  көп 
төмен  ат көруі туралы әңгімені ұсынсақ, ол да Алла  құдіретінің сыры сан 
алуан екеніне дәлел қоса алады. Тағы да келіп отырған  қонақтардан әңгіме 
сұрағыш әдетім бойынша (кейбір адамдардың мені «мылжың шал» деуіне де 
негіз аз емес-ау!)  белгілі бір әңгіменің тууына себепші  болсам керек. Біздің  
пәтерге келіп отырған Баянауыл ауданы, Күркелі деген село тұрғыны Рысты 
Рақымбайқызы Қасымова (10.08.1955 ж. туған) әңгімесі:
-Бұрынғы «Южный» совхозы Шоман елді мекенінде күздікүні өрістен  
мал кеш келді. Мен қойдың алдынан шығып, оны қораға айдап, қамасуға 
жұбайым  Қаблахат  Елемесұлына  көмектеспек  болдым.  Бұл  кезде  қас 
қарайып, күн батып кеткен. Қаблахат ат үстінде маған:
-Сен жылқыны қайтарсаңшы!- деді.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

Жылқы болса,  зиратқа таяу жайылып жүрді. Мен жаяу барып қайыруды 
ойладым. Сол кезде  зират басында  у-шу естілді: еркек, әйел дауыстары 
аралас шығып жатты да, мен шошып кетіп, кері томпаңдадым. Сөйтсем, 
у-шу дауысты Қаблахат  та естіген екен. Алыстау тұрған оған, әрине, бәсең 
естілсе, ал, жаяу жүрген маған сонша қатты естіліп еді.  Мен соны Қаблахатқа 
дауыстап ескертіп едім, ол:
-Қорықпа, зиратта ондай-ондай бола береді,- деп,  өзі атқа мініп барып,  
жылқыны қораға айдап келді. Әрине, жылқыны түнде қораға қамап аламыз, 
себебі алдында жылқының шетке шыққанының жоғалап кеткені де болған. 
Жосалыда тұратын бір туысымыз біздің осы әңгімемізді естігеннен кейін:
-Мен қазір зираттың қасынан түнге қарай атпен жүре алмаймын. Атым 
жүрмей қояды,- дейді. 
  Осы орайда адам өлгеннен кейін, жанның: «рух жан», «рауан жан»  
болып бөлінетіні, рух жан  не жұмақ, не тозақтан орын алса,  рауан жанның 
бейіттегі өлген адам денесін күзететіні туралы Мәшһүр- Жүсіп атамыздың  
жазғанын  қайталап  еске  аламыз.  Демек  әңгіме    айтушыға    естілген  шу 
«рауан» жандардың кешкі серуені жемісі десек, соны адам көре алмаса да, 
ат көре алады. Ат көріп тұрғандықтан, аяқ баспай қояды да,  тек тілі жоқ 
болғандықтан, бізге жеткізе алмайды. Ал, біз Алла берген ақылдың көмегімен 
Мәшһүр-Жүсіп атамыз   қалдырған  түйіндерге жүгінуіміз керек.
Резюме
В статье анализируются высказывания М.Ж.Копеева о душе и 
духах, приводятся  примеры,  показывающие их сверхъестественные 
способности.
Resume
In the article we can see the analisis of Mashkhur Zhusips sayings 
about soul and spirits.  The auther gies  examples  of  his increfible op-
portunities.
ӘӨЖ 811.512.122-26
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ӨМІРШЕҢДІГІ 
Б. Момынова
Әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық 
университеті, Алматы қ.
Бүкіл ғылым атаулының негізі болып саналатын философияда виталдылық 
(vitalus - өміршеңдік)  термині мен оның мәні бұрыннан белгілі. Биологиялық 

Вестник ПГУ № 3, 2010
7 
тіршілік иесінің яки құбылыстың  «өмір сүруге қабілеттілігі» ғылымда осы 
сөз арқылы жеткізіледі. Соңғы кездерде өміршеңдік термині тіл білімінде 
жиі қолданылады. Өйткені тіл жанды құбылыс, саналы тіршілік иесі адамға 
қызмет етеді, осы қызмет ету барысындағы тілдің мүмкіндігі мен әлеуеттілігі, 
яғни  виталдылығын  анықтаумен  байланысты  болғандықтан,  ғылыми 
еңбектерден жиі ұшырататын болдық. Тілдің мүмкіндігі мен өміршеңдігін 
байқататын факторлардың бірі оның қолданыс аясының үнемі бір деңгейден, 
қалаған үрдістен шыға бермейтіні әдеби тілдің тарихынан белгілі. Қазақ 
әдеби тілінің тарихы дегеніміздің өзі - тілдің өмір сүруі үшін күресі. Алдымен 
халықтық дәуірді соған сәйкес ауызша әдеби тіл кезеңін басынан кешірген 
қазақ әдеби тілі кейіннен ұлттық дәуірге, яғни ұлттық жазба әдеби тіл дәуіріне 
көшкен кезде де тіршілік үшін, тіл тазалығы мен тіл мәдениеті үшін   күресін 
тоқтатқан емес. Ал соңғы кездерде тәуелсіздік тынысты ашқанмен, жаһандану 
мен ғаламтордың, БАҚ қызметі белсенділігінің артуы (интернет, компьютер, 
телефон СМС-тері қызметі, т.б.), ғылым мен ғылым тілі арқылы терминдік 
қабаттың көбеюі, т.б. мәселелер тіршілік үшін күресті күшейту керектігін 
көрсетіп отыр. Өміршеңдік ұғымы көбінесе тілдің ішкі мүмкіндігінен гөрі 
сыртқы экстралингвистикалық әсерлерге байланысты болып келеді.  Ал 
тілдің күш-қуаты мен әлеует-қарамының мүмкіндігі зор екенін таныту үшін 
әдеби  тілдің  өміршеңдігін  лингвистикалық  заңдылықтар  мен  қағидалар 
арқылы дәлелдеу бір сәт те естен шығаруға болмайтын мәселе. 
Тілдің  өміршеңдігі  тілдің  экологиясы  (тілге  деген  технократтық 
көзқарастарға,  менсінбеушілік  пікірлерге  тойтарыс  беріп  отыру),  тілдің 
демократиялануы (әдеби тілдің ауызекі тіл нормаларына  бет бұруы, мұның 
өзі  әдеби  тіл  ұғымын  енді  қай  тұрғыда  қарастыру  керек  деген  сауалды 
тудырады), тілдік норманың сақталуы (норма мен норма емес өлшемдердің 
критерийлерін, норманың кезеңдік сипаты барын білу, тіл деңгейлерінің 
нормативтерін оқыту), ауызша әдеби тіл мен жазба тілдегі тіл мәдениетін 
сақтау, үлкен мегаполис тұрғындары тілінің, яғни қала тілінің әлеуметтік-
лингвистикалық жай-күйін, коммуникативтік қызметін түбегейлі зерттеу, 
сол  арқылы  әдеби  тілдің  әлеуметтік  негізі  туралы  пікір-көзқарастарды 
қайтадан екшеу, БАҚ-ты пайдала отырып, норма бұзушылықтардың жолын 
кесу  және  балама  терминдердің  ұтымды  және  ыңғайлы  варианттарын 
іріктеу,  жаңа  номинатив  сөздер  мен  тіркестерді  нормаландыру,  сондай 
әдеби тілдің кодификацияланған, тұрақтандырылған әрі ырықтандырылған 
нормаларының бұзылуын талқыға салып отыру, сол арқылы қазақ әдеби 
тілінің  қоғамға  қызмет  ету  мүмкіндігін  арттыруға,  қазақ    тілін  жаңа 
технологиялар мен ірі қаржылық салалардың, яғни банктердің, экономиканың 
тіліне айналдыруға күш салу, т.б.  сияқты мәселелерден құралады. Бүгін 
мойындасақ та, мойындамасақ та, өмірдің өзі дәлелдеп отырған факті - біздің 
ырқымызға бағынбайтын, дегенімізге көнбейтін экономика мен саясаттың 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

тілге әсер етуші факторлардың көбін қалыптастыратын күш екені анық болып 
отырғаны. Ал тілдің өміршеңдігінің ішкі факторына немесе қазақ тілінің 
байлығы мен мүмкіндігіне шәк келтіру қиын, бірақ сыртқы күштердің әсерін 
тіл саясатын жүргізуде ескермеуге болмайды. 
Әдеби тіл тарихын саралай келгенде, ХУ-ХІХ ғасырдың соңына дейінгі 
тарихын Р. Сыздық, Б. Әбілқасымов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, т.б. 
ғалымдардың  еңбектері  арқасында  жан-жақты  білдік,  ал  ХХ  ғасырдың 
басындағы  қазақ  әдеби  тілінің  тарихының  зерттелуіне  байланысты  дәл 
осылай  деп  нық  сеніммен  айта  алмаймыз.  Өйткені,  алдыңғы  дәуірлерге 
қарағанда  бізге  ең  жақын  уақыт  саналатын  ХХ  ғасыр  аумалы-төкпелі, 
аласапыран  кезең  болғаны  белгілі.  Ол  кездегі  корифей-тұлғалар  туралы 
деректер мен олардың артында қалдырған мұралары мен әдеби тілге қатысы 
жайлы толыққанды деректер мен іргелі зерттеулер енді ғана жазылып, зерттеу 
нысанына айналып отыр. Сондықтан бұл дәуірдегі  тіл тазалығы, әдеби тілді 
танытушы тұлғалар, әдеби тіл стильдерін жетілдірудегі тұлғалардың қызметі, 
әдеби тіл және аударма, аударма және терминология, қазақ тілінің ғылым 
тіліне шын мәнісінде айнала бастауы (өйткені, алдыңғы дәуірлерде жартылай 
ғылыми және ғылыми-көпшілік стилішілік тармақтар басым болды), әліпби 
айтыстары, қазақ тілінің алғашқы емле үлгілерінің, С. Аманжолов бастаған 
әліпби комиттерінің жұмысы (оны кейінгі үлгілермен салыстыру, артық-
кемшілігін көрсету) жоғарыда айтқандай көбінесе экстралингвистикалық 
жағдайларға,  саясатқа  байланысты  жан-жақты  айтылмай,  зерттелмей 
келді. Қазақ халқы әртүрлі жағдайларға байланысты жер шарының біраз 
жерлеріне таралып, өзі қауымдастық болып, барған жерлеріне орнығып қалған 
халық.  Олар өздері газет-журнал шығарады, өздерінің оқулықтары бар, 
терминологиялық комитеттері жұмыс істейді, сөйтіп өздері қолданатын әдеби 
тілдің кейбір алғышарттарын қалыптастырып алған. Сол диаспораның тілін 
зерттеу, олардың тілінен терминдерге, пән сөздеріне қатысты оңтайлыларын 
қабылдау сияқты проблемалар бізде дұрыс жолға қойылмай отыр. Айталық 
Қытайдағы қазақ диаспорасының балалары жоғары оқу орындарында  қазақ 
тіл мен әдебиеті бойынша маманданады. Соларға барып дәріс оқу, қазақ 
тілінің өзекті мәселелерін айту - Қазақстан үшін парыз. Сонымен қатар сол 
қазақтарды ақпарат көзі ете отырып, қазақтың тұрмыс-салтына, материалдық 
және  рухани  лексикасына,  тіршілік-жайына,  фольклорына,  аймақтық 
ерекшеліктерге  байланысты құнды мәліметтер алуға болады. Сондықтан өзге 
елдің арасында жүрген қазақтың бір бөлшегі, қытай қазақтарының тіліндегі 
аймақтық сөздер туралы қалай да мәлімет алуды оларға лекция  оқу кезінде 
көзделді, Алтай мен Іле қазақтарының тіліндегі аймақтық ерекшеліктерді 
жинастырған студенттер мынадай сөздерді тізіп келді:
алтай                                                                              Іле
дардай                                                                            әлем

Вестник ПГУ № 3, 2010
7 
Бүгін күн дардай екен                                  Бүгін әлем суық екен.
күрме                                                                           кәзекей
Күрмеңнің (кәзекейіңнің) түймесі түсіп қалыпты.
мейіз                                                                           кішміш
шөңке                                                                        құмыра
Шеше, қымызды шөңкеге құйып беріңіз.
шекілдеуік                                                                шемішке
Баллар, кәні, бос отырмай шекілдеуік  шаға отырыңдар.
қалақ                                                                        қасық
Бір  қалақ  майды  әкеліп  шыныма  салды.  Алайда  «қасықтай  қаным, 
шыбындай жаным» дегенде бәрі бірдей «қасықты» қолданады.
сақпы                                                                        шөке
байпақ                                                                      пәскій, байпақ
орамал                                                                     орамал, лөңгі
Бірақ «орамал тон болмайды, жол болады» дегенді бәрі де түсінеді.
күрти                                 попайке (қытайшасында да осылай  
айтылады)
Қыста киетін қойдың, түйенің жүніне тоқылатын киім осылай аталады.
көрші                                                                           қошына
Бірақ «көрші ақысы қошына ақысы» деп еш жерде де айтпайды.
айлық (әр айда алатын еңбекақы).                         мағаш, айлық
боқша                                                                    сөмка
алқа, моншақ (сәндік бұйым)                             маржан, моншақ
тегене (нан илейтін ыдысты да,                      тегене (нан илейтін)
киім жуатын ыдысты да тегене дейді)    дас, даңғара, 
                                                                   шылапшын (киім жуатын)               
бақыр                                                                  шөміш
(Тамақ жасағанда, су, қымыз  құйғанда пайдаланатын ыдыс түрі).
таба нан                                                            көмбе нан, тапа нан
кәртоп, жертүйнек                                           кәртөшкә
қысқыш                                                             қысқаш
(Қоламтаның, оттың шоғын қыстыратын құрал).
үлкен шыны                                                      кесе 
кіші шыны                                                        шыны
табақ  (ет салатын ыдыс)         ілеген, табақ (киім жуатын ыдыс).
Алтай  қазақтары  тіліндегі  жергілікті  ерекшеліктерге  байланысты 
материалдарды    даярлаған  информанттар  -  Ләззат  Одаққызы,  Гүлайша 
Елсінқан. Ал Іле аймағына тән сөздер Гүлмира Махмұт, Бинұр Қиясбек, 
Камиза Оразхан, Рәзия Байәділ, Жұпар Ибрахимдерден алынды. Аталған 
студенттер  Іленің  Күнес  ауданы,  Нарат,  Қарабура,  Алмалы  жерлерінен 
келгендер. Студенттермен әңгіме барысында марсиып отыру, шолпан қыздар, 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

лат,  лас,  шытжаңа,  мүсеуреп  қалу,  т.б.  аймақтық  ерекшелікті  сөздеріне 
кірістіріп отыратыны байқалды. 
Компьютерге, тұрмыстық техникаға байланысты терминдер қытай тіліне 
толық аударылған. Жергілікті қазақтар да соған орайластыра компьютерге 
байланысты  және  кез  келген  тұрмыстық  техника  атауларын  қазақ  тіліне 
аударып  отырады.  Қолтелефоды  (мобильді  телефон),  бірақ  студенттер 
қолфон деп қысқартып атайды, тетіктерін аудару да жергілікті қазақтар 
үшін өте жеңіл іс. Енді кейбір аудармаларын келтіріп көрелік: тінтуір–мышь, 
тілтақта-клавиатура, нұртабақ-диск, бармақдиск-флешка, көрсеткі-экран, 
қатты  диск-жесткий  диск,  вирус  ену–құрттап  кету,  рабочий  стол–үстел 
бет, қосамжар дыбыс–медиадыбыс, терезелік–окно, мүше, торап ат, кілтсөз 
(пароль),  тораптас,  бекет  жауапкері,  бекет  бастығы,  әріпсәйкестіргіш, 
сәйкестіргіш,  әріпалмастырғыш,  достық  жалғаным,  лездік  жалғаным, 
жолдама, нұрбелгі (курсир), бостық кнопка (пустой удар), ақылы деталь 
(интернеттегі  ақылы  материалдарды  түсіріп  алу),  ақысыз,  ортақ  деталь, 
ғаламтор (интернет), торап жарнама, сұхбат үні, тораптық қазына, аманат, 
торап сөздігі, ерен електеме, кері қайтару, торап ескертпесі, т.б., сол сияқты  
сабақхана-аудитория, естелік жазу–лекция жазу, шоғыр мектеп–университет, 
ұлттықтар–ұсақ ұлттар (дисапора немесе өзге ұлттар), ұласпалы кино–көп 
сериялы фильм, қанбасым-қанқысымы, төреқамақ-домашний арест сияқты 
сөздердің аудармасын еркін қолданады.  Қытай қазақтары компьютер тілін 
түгел қазақшалап, терминдердің сөздігін шығарып қойған. 
Қазақ әдеби тіліне қатысты айтатын мәселе әлі де көп. Біздің тілегіміз 
тіліміз өміршең қалпын жоғалтпаса екен. 
Резюме
В  статье  рассматривается  вопрос  перспективы  развития 
казахского литературного языка на данном этапе развития.
Resume
The article deals with the question of perspective development of the 
Kazakh literary language. 
УДК 81
ТІЛДЕГІ АУЫСУ ПРОЦЕСcТЕРІ
Ж.Т. Сарбалаев
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Тілді, әлбетте, ғалымдар тірі организмге теңеп жатады. Бұл, расында 
да, солай. Егер тірі организмге даму, өзгеру, өлу құбылыстары тән болса, 

Вестник ПГУ № 3, 2010
0 
тілдің табиғатына да  аталған жайттар  әсте жат емес. Тірі организмнің өн 
бойында болып жататын түрлі қозғалыстар, көнерулер мен жаңарулар тілдің 
құрылымында да үнемі жүріп жатады. Бұлардың арасындағы  айырмашылығы 
сонда, тілдегі өзгерістер тірі организмге тән заңдар бойынша емес, өзінің 
ішкі даму көздері арқылы жүзеге асып отырады. 
Тіл-дыбыстық  жүйеден,  сөздік  құрамнан  және  грамматикалық 
құрылыстан тұратын біртұтас, жүйелі құбылыс екені белгілі. Диалектиканың 
негізгі өзегі болып табылатын даму, бір күйден екінші күйге ауысу тілдің 
барлық  құрылымдық  қабаттарында  үнемі    болып  отыратын  құбылыс. 
Соның  нәтижесінде  тілдік  элементтер  бірде  көнеріп,  бірде  жаңарып,  өз 
өрістерін  кеңейтіп, соңы формаға ие болады. Аталған ауысу процесстерінің 
нәтижесінде тілде жаңа сапа, яғни, тілдің дыбыстық жүйесінде соны  фонема, 
сөздік құрамда жаңа мағыналы сөз, грамматикада тың  сөздер  қалыптасып, 
тілдің қоғамдық-әлеуметтік тынысын кеңейтіп жаңа   мүмкіндіктерге жол 
ашады. 
Тілдегі ауысу процесстері дыбыстық жүйе мен сөздік құрамға қарағанда, 
әсіресе тілдің грамматикалық құрылымында жиі байқалады. Бұл- түсінікті де. 
Өйткені дыбыс та, сөз де грамматикада ғана бар қырынан жарқырап көріне 
алады. Осыған байланысты болса керек, лингвистикада грамматика  тілдің 
ең негізгі өзекті бөлігі болып саналады. 
Тіл  білімінде,  шынын  айтқанда,  ауысу  процесcтері  әлі  де  болса 
өзінің  толық  шешімін  таппаған  мәселелердің  қатарына  жатады.  Рас, 
шетел  және  орыс  тілі  білімінде  бұл  бағытта  там-тұмдап  болса  да 
азын-аулақ  еңбектер  ұшырайды.  Мысалы,  орыс  лингвистикасында  
Л.В. Щербаның, В.В. Виноградовтың, Н.П. Прокоповичтің, В.Б. Бабайцеваның,  
В.Н. Мигириннің, В.И. Кодуховтың, Г.Г. Уханованың еңбектерін  ең алдымен 
атап айтқан жөн. Аталған зерттеушілердің еңбектерінде тілдің фонетикалық, 
лексикалық,  грамматикалық  құрылымында  болатын  ауысудың  кейбір 
түрлері, оған түрткі болатын қоғамдық әлеуметтік және лингвистикалық 
себептер теориялық тұрғыдан байыпты сараланған. Ал, қазақ тілі білімінде 
тілдегі ауысу процесстері енді-енді зерттеу нысанына айнала бастады десек, 
бұл артық айтпағандық. Белгілі ғалымдар, С. Исаевтың , М. Томановтың,  
А. Салқынбайдың, Бер.Сағындықовтың еңбектерінде сөз таптары арасында 
болатын ауысулардың кейбір түрлері хақында бағалы ғылыми тұжырымдар  
айтылған. Дей тұрсақ та, жалпы тілдегі ауысулар жайында ,олардың теориясы, 
түрлері, сыр-сипаты туралы толыққанды зерттеулердің жоқтың қасы екені 
рас. Осы орайда, бізге лингвистикалық ауысу процестерін жеке сала ретінде 
қарастыру  керек  деген  В.Н.  Мигириннің  мына  бір  тұжырымы  көңілге 
қонады: Накопленный материал в области изучения языковой структуры 
и процессов, протекающих на разныз ее уровнях, приводит к выводу, что 
лингвистика  должна  идти  по  пути  постепенного  разграничения  на  две 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет