Филологическая  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата09.03.2017
өлшемі1,53 Mb.
#8586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18


тіршіліктің кілті саналатын заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерін 
белгі және бағалау тұрғысынан алады. Соның бір белгісі күрделі сөздерден 
де байқалады. Соның ізі, таңбасы күрделі сөздерде қалған. Тіл мамандары 
күрделі сөз мәселесі туралы айтып та, жазып та келеді. Бірақ күрделі сөздің 
анықтамасы, қағидасы, сипаттамасы, межесі тәрізді ұстанымдарын – басқа 
күрделі тілдік құбылыстардан аражігін ажырататындай заңдылықты дөп 
басып ұстау қиын. Әдетте, не нәрсенің болмасын айқын заңдылығы болмаса, 
оның  дұрыс  шешім  табуы  оңайға  соқпайтыны  белгілі.  Күрделі  сөздің 
тарихына көз жүгірткенде, ғалымдар тарапынан айтылған пікірлердің сан 
алуандығы осыдан ба деп ойлаймыз. Оның себебі де түсінікті. Расында да, 
күрделі сөздің бір қырынан қарағанда, басқа тілдік құбылыстардан пәлендей 
айырмашылығы  аңғарыла  да  бермейді.  Сол  себепті  оны  анықтау,  сыр-
сипатын белгілеу, табиғатын түсіну өте ауыр соғады. Сондықтан да болар 
қай кезеңде де күрделі сөз лингвистиканың күн тәртібінен түсер емес.
Күрделі сөз тілде кең қолданымды құбылыс болғандықтан, оны назардан 
тыс қалды деуге болмайды. Түркі тілдеріндегі күрделі сөздер жайлы зерттеу 
ісі ХІХ-ХХ ғғ. аралығында, түркі тілдерінің алғашқы грамматикалары жасала 
бастаған кезде қолға алына бастады. Сол кездегі әдебиеттерге зер салсақ, 
негізінен күрделі сөздерді есепке алу кезеңі басталады. Бұл дәуірге И. Гиганов, 
А. Казамбек, И.М. Мелиоранский, В.В. Радлов, Н.И. Ашмарин, т.б. сынды 
зерттеушілердің еңбектерін жатқызуға болады. Бұл еңбектерде күрделі сөздің 
кейбір құрылымдық тұстары ғана айтылып, жалпы мәлімет тұрғысынан 
сипатталған. Ал осы мағлұмат келешек зерттеулерге негіз болды.
Бұл жерде біз, ең алдымен, алғашқы грамматиканы жасаушылардың 
бірі болып есептелетін И. Гигановтың есімін атауымызға болады. Ол өзінің 
«Татар тілінің грамматикасы» атты еңбегінде сөзқосым мәселесін ғылыми 
түрде  зерттелмегенімен,  тобыл  татарлары  тіліндегі  күрделі  сөз  жайында 
мағлұмат берген И. Гиганов татар тілінде күрделі сөздің аздығын айта келе 
мынадай анықтама жасайды: «Сложные слова есть то, которое составлено 
из двух или нескольких слов» [2; 45]. Зерттеуші сол дәуірдің қиын міндетін 
игеру үшін тілдің табиғатын жетік біліп, түсіне білген әрі жазу таңбасы араб 
тілінде болғанына қарамастан, сөзді құрамына қарай жіктеген. Сонымен 
қатар, зерттеуші тілдік деректерді келтіріп, олардың күрделі зат есім, күрделі 
сын есім және күрделі етістік сияқты тіл құбылыстарын атап көрсеткен. 
Әрине, тілшінің деректерінде күрделі сөзге сай келмейтін тұстары бар, бірақ 
бұл кемшілік деп саналмай, қайта тілде күрделі құрылым, аналитизмнің бар 
екенін көрсетіп, мәлімет бергені үшін құнды болып табылады, әрі оның тілдің 
қазіргі дамуы үшін де пайдасы зор.
Ұқсас көзқарастардың ішінде А. Казамбектің күрделі сөз жайындағы 
көзқарасын  айтуға  болады.  Ол  түркі  тілдерінің  тілдік  байлығын, 
құдіреттілігін,  бейнелілігін  айта  келе,  тілде  бірнеше  сөздерді  тіркестіріп 

Вестник ПГУ № 3, 2010
5 
қолданылу әдісі бар екенін айтады. Соның ішінде күрделі сөздің бір түрі 
күрделі етістікке (составное слово) тоқталады. Зерттеуші «составное слово» 
деген терминді қолдануда сөздердің құралу тәсілін көрсетпек болған сияқты. 
Онда сөзжасалымдық қасиет бар екенін анықтап, оны тұтас қалпында бір 
сөз ретінде таниды, оған дұрыс анықтама береді. Бұл тұжырымдар тілдің 
сол  кездегі  тұрғысынан  қарағанда  құнды  пікірлер  [3;  175-179].  Қазір 
түркітанымда «күрделі сөз, сөзқосым» деген ұғымдар әбден тұрақталып, 
күрделі сөзге қатысты кеңінен қолданылып келеді.
Түркі тілдеріне байланысты құнды тілдік деректерді жинап, соны пікірлер 
айтқан зерттеушілер еңбектерінің тіл ғылымының дамуына өзіндік үлесі бар. 
Әсіресе, олардың сөзжасамға қатысты түйіндеген ғылыми қағидаларының 
маңызы ерекше. Мұнда олар күрделі сөзге, сөзқосымға қатысты нақтылы 
деректер береді. 
В.В. Радлов – жалпы түркі тілдері жайында артына мол мұра қалдырған 
зерттеуші. Ол «қазақ тілі – түпкілік түркі таза қалпын сақтаған тіл» екенін 
баса көрсеткен. Басқа тілден енген сөздердің өзі қазақ тілінің үндестік заңына 
бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына енгенін айта келе, оның тазалығын, 
табиғилығын тани білген. Сондықтан зерттеуші қазақ тіліне назар аударып, 
сөздеріне  зер  салып,  жинағанын  атап  өтеді.  Солардың  ішінде  зерттеуші 
сөзқосымның табиғаты жайында біраз құнды ойлар қалдырған. Әсіресе, бір 
ұғымды білдіретін есім мен етістіктің тіркестерін күрделі сөз деп танып, 
оларды түркі тілдеріне тән құбылыс екендігін айқындаған. Тілдің әр түрлі 
дербес  бірліктері  дауысты  дыбыстардың  үндесіп  келуінің  нәтижесінде 
біртұтас  болып  жымдасады  деген  батыл  тұжырым  жасайды.  Сонымен,  
В.В. Радлов түркі тілдеріндегі сөзқосымның барлығын мойындай отырып, 
бір сөздегі дауысты дыбыстардың үйлесімі екінші сөздегі дауыстыларға 
сәйкес келіп бағынады деген қорытынды жасайды. Зерттеуші сөзқосымды 
фонетикалық  заңдылықтар  тұрғысынан  қарап,  оны  дыбыстардың 
үйлесімдігіне қарай бірнеше топқа жіктеген: есім мен есім, есім мен етістік, 
етістік пен етістік (курсив – Б.Қ.).
Сонымен қатар ғалым қос сөздерді оның түрлеріне қатысты зерттеп, 
«сложение» терминін, біздіңше, «сөзқосым» мағынасында жұмсаған секілді. 
Себебі, айтылған пікірлер мен келтірілген тілдік деректер соған сәйкес келеді. 
Қазір бұл термин лингвистикада күрделі сөздердің бір түрінің жасалу тәсілі 
ретінде танылады. Ал есім мен етістіктің тіркесін біртұтас ұғымды білдіреді 
деуінің жаны бар. Әлі күнге дейін бұл тілдік құбылыс сөзжасам деңгейінде 
зерделенсе де, күрделі сөз ретінде ғылыми тұрғыда зерттелуі қалыс келеді. 
Тек морфологиялық тұрғыдан қарастырылып келеді. Зерттеушілердің осындай 
айтқан пікірлері келешек зерттелімдерге жол ашары анық.
Жоғарыдағы зерттеушілердің көзқарастарын кейініректе жалғастыру-
шы,  дамытушы  чуваш  тілінің  маманы  Н.И.  Ашмарин  болды.  Ғалым  өз 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

еңбектерінде  күрделі  сөз  жайында  біраз  нақты  тілдік  деректер  береді. 
Жоғарыдағы атап өткен еңбектерден тілшінің зерттеулері өзгеше. Ол тілдік 
деректерінің  молдығымен,  терең  талдауымен  ерекшеленеді.  Алдыңғы 
ізашарлар  күрделі  сөзді  фонетикалық  немесе  сөз  құрамы  тұрғысынан 
сараласа, Н.И. Ашмарин сөз таптары мен сөз тіркестері тарапынан зерделейді. 
Тілші чуваш тілінде алғаш рет «күрделі зат есім» (бөліп көрсеткен – Б.Қ.) 
деген терминді қолданады. Сөйтіп, зерттеуші чуваш тіліндегі күрделі зат 
есімдер  екі  сөзден  құралып,  екінші  сыңары  еш  өзгеріссіз,  кейде  екінші 
сыңарға қосымшалар жалғанатынын айтады. Оған мынадай тілдік деректерді 
келтірген: *хйр-арам ‘ женщина ‘ (хер ‘ девица ‘, арам ‘ жена ‘), *езке-зике 
‘ угощение ‘, (питье – еда), *сурдм-пус ‘ заря ‘ (сурам ‘ расщелина ‘, пус ‘ 
голова ‘ – букв. ‘ начало расщелины ‘), *курше-аршд ‘ соседи ‘ т.б. [4]. Автор 
зат есімдер қосақталып келіп, қос сөздер жасайды, олар бір күрделі ұғымды 
және  жинақтық  мағынаны  білдіреді  деген  қорытынды  жасайды  (курсив 
– Б.Қ.). Тілші сөзқосымның бірнеше түрін атап өткенімен, күрделі сөз бен 
сөз  тіркестерінің  кейбір  тұстарының  аражігін  толық  ашып  көрсетпеген. 
Ғалымның қолданысында «күрделі сөз», «құранды сөз», «қосарланып біріккен 
сөз», «сөз тіркесі», «күрделі ұғым» деген терминдер бір тілдік құбылыстың 
төңірегінде қолданылады. Автор негізінен әр түрлі терминді қолданғанымен, 
бір ғана мақсат көздеген. Ол – күрделі сөз. Оны автордың ой-түйінінен анық 
байқауға болады. Бүгінгі таңда түркітанымда жоғарыда аталған терминдер 
тіл ғылымының  негізгі ғылыми терминдері болып саналады. Бұл айтылған 
пікірлер кейінгі зерттеулерде тілшілер тарапынан жалғасын тапты.
Жалпы алғашқы грамматистердің еңбектерін жинақтай келгенде, зерттеу 
күрделі сөздерді есепке алу бағытында жүргізілгенін көреміз. Олар тілде 
күрделі құрылым барлығын тани біліп, оның дара сөздерден табиғаты өзгеше 
екендігін аңғарған. Дегенмен бұл еңбектің қай-қайсысында да қазақ тілінің 
заңдылықтарын  орыс  тілінің  заңдылықтарына  сәйкестендіре,  үйлестіре 
баяндалғаны белгілі. Еңбектің негізгі мақсат-мүддесінің өзі қазақ оқырманы 
үшін емес, орыс аудиториясы, соның ішінде орыс тілін үйренушілер үшін 
құрал жазу болатын. Сондықтан авторлардың басты көңіл бөлгені сөздердің 
құрамы, олардың көбінесе жұрнақтармен жасалу түрі, оның түрлену жүйесі 
десек артық айтқандық болмас. Демек, тілтанушылардың негізгі мақсаты 
– сөздердің түрленуі мен жаңа сөздердің жасалу (көбінесе, синтетикалық 
жолмен жасалу) тәсіліне бағытталды. Ал күрделі сөз тұлғасының лексика-
грамматикалық  сыр-сипаттары  назардан  тыс  қалды.  Бұл  кезде  тілдің 
тәжірибелік жағына баса мән берілді.
Дегенмен сол кездегі күрделі сөзге, күрделі құрылымдарға қатысты 
айтылған ойлар мен деректер бүгінде тіл ғылымында қолданыс тапқаны 
белгілі.  Яғни,  осы  алғашқы  зерттелімдер  келешек  ғылыми  зерттеулердің 
бастау көзі болды деген қорытынды жасауға болады.

Вестник ПГУ № 3, 2010
5 
Тіл ғылымының кең тынысты зерттелуі Кеңес дәуірімен байланысты. 
Бұл кезеңде әлем лингвистикасындағы теориялық мәселелері, оның дамуы 
еліміздегі сан алуан ұлт тілдерінің даму заңдылықтарына мол үлесін қосты. 
Тіл білімінің бір үлкен арнасы болып есептелінетін түркітаным да өзіндік 
даму жолдарын бастан кешті. Ол күрделі мәселелерді игеруде алдына үлкен 
мақсаттар мен міндеттер қойып, оны ғылыми-теориялық тұрғыдан шешуге 
өз үлесін қосып келеді. Лингвистика үшін ғылыми-теориялық қағидалардың 
даму, қалыптасу іргетасы қалана бастады. Өз кезеңі үшін бұл шаралар мәнді 
де маңызды болып саналады. Соның бір көрінісі – күрделі сөздерді ғылыми 
тұрғыда зерттеудің басталуы. 
Түркітанудың ғылыми нысаналарының бірі – күрделі сөз мәселесі. Тіл 
білімінде, соның ішінде, түркітануда күрделі сөзге қатысты пікір айтқан 
және арнайы зерттеу нысанасы еткен біраз еңбекті атауға болады. Көбінесе 
бұл еңбектерде күрделі сөздер құрылымдық және тәсілге қатысты сөз болды. 
Бұл арада түркітанушылардың біразының атын атаған жөн: Н.К. Дмитриев, 
А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, А.А. Юлдашев, Б. Орузбаева, С.Н. Муратов,  
Ә. Қайдаров, Ғ. Садуақасов, Ф.А. Ганиев, қазақ тіл білімінде басқа мәселелерді 
зерттеу барысында күрделі сөзге ерекше мән беріп, оның табиғатын анықтау, 
мәртебесін  шешу  төңірегінде  пікір  танытқан  ғалымдар  А.  Ысқақов,  
К. Аханов, Н. Оралбаева, В.А. Исенгалиева, т.б. тәрізді тіл мамандарының 
еңбектерін атаған жөн.
Біз  осы  өзекті  мәселенің  төңірегінде  мәселе  көтеріп,  сырын  ашуға 
атсалысқан  тілші  мамандардың  бірі  профессор  Н.К.  Дмитриевтің  атын 
атағанды жөн деп санаймыз. Ғалым «Құмық тілінің грамматикасы» (1940) 
мен  «Башқұрт  тілінің  грамматикасы»  (1948)  атты  еңбектерінде  күрделі 
сөз деген терминді қолданбайды. Мәселен, құмық тіліндегі сөздерді «қос 
сөзтіркестері» (парные словосочетание) сөзжасамның бір түрі деп қарайды. 
Автордың  түйіндеуінде  сөздердің  тіркесіп  келуінде  сөзжасамдық  мән 
барлығы, оның сөйлеу тіліндегі сөз қолданыстарынан түрлі айырмашылығы 
сипатталады.  Зерттеуші  қайталауды  (курсивтер  –  Б.Қ.)  жазба  ескерткіш 
тілдерінде қолданылуына қарағанда, оны көне тәсілдердің бірі деп санаған. 
Тілшінің  «сөзтіркестері»  деген  терминді  қолданысына  қарағанда,  оны 
синтаксистің нысаны деп танығанын аңғаруға болады. Оған мынадай тілдік 
деректер келтіреді: бара-бара, қап-қара, т.б. Ал келтірген деректермен қос 
сөзтіркестері деген термин бір-бірімен сәйкес келмейді. Дегенмен ғалым 
қайталама қос сөздердің грамматикалық мағына беретінін байқаған. Келесі 
бір тұста тілшінің қос сөздердің мағынасы жайында айтылған нақты пікірлері, 
ойлары бар.
Қарақалпақ  тілінің  грамматикалық  құрылысын  зерттеген  профессор  
Н.А.  Баскаков  сөзжасамның  үш  тәсілі  барын  айта  келе,  зат  есімнің 
синтаксистік тәсілмен жасалатындығына тоқталады. Автор сөзжасамның 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

бұл түрін былай сипаттайды: «сочетанием двух или нескольких слов в одно 
лексическое целое» [6; 170]. Осы тәсілмен жасалған зат есімдерді біріккен 
(составной): кара қъус, къурбакъа, джанывар (< джаны бар ‘животное ‘ букв. 
‘имеющий душу ‘) және күрделі (сложный ): ойын-ойын ‘игрушки’, төбе-
төбе ‘горы, холмы ‘ т.б. күрделі зат есімдер деп бөледі. Демек, біріккен 
зат  есімдер  генезисі  жағынан  анықтайтын  және  анықталатын  сөздердің 
тіркесуінен жасалады. Олардың еркін сөз тіркесінен айырмашылығы – бір 
ғана ұғымды білдіреді деген қорытынды жасауға болады. Тілші осы тәсілмен 
қалыптасқан  күрделі  сөздер  лексикалық  жақтан  тұтасып  жатады,  іштей 
мағыналы  бөлшектерге  бөлуге,  я  ажыратуға  келмейді  деп  пайымдайды. 
Күрделі зат есімдердің бір түріне қос сөздерді жатқызады. Сонымен қатар 
лексикалық тәсілмен жасалған зат есімдерге темир джол (железная дорога), ай 
балта (секира), қъарагъай агъаш (сосна), алтын сагъат (золотые часы) сияқты 
күрделі сөздерді жатқызады. Біріншіден, тілші сөз тіркестері мен күрделі 
сөздердің аражігін ашпаған, екіншіден, лексикалық тәсіл мен аналитикалық 
тәсілдің  де  қызметтері  айқындалмаған,  үшіншіден,  келтірілген  деректер 
айтылған тәсілдерге сай келмейді. Ғалымның күрделі сөзді бір лексикалық 
ұғымды білдіретін бірліктер деп тануын қуаттаймыз да, ал, қос сөздердің 
кейбір  түрін  лексикалық  бірлік  деп  тануымен  келісу  қиын.  Сол  сияқты 
кейбір тұста күрделі зат есімдер мен сөз тіркестері араласып кеткен, оны 
жоғарыда келтірілген деректерден көруге болады: алтын сағат, қарағай ағаш 
сөз тіркестері. Автордың термин қолданысында да өзгешелік бар. Ғалымның 
түсінігінде күрделі сөз деген ұғым составное слово деген термин-ұғыммен 
берілген. Қазір лингвистикада бұл ұғым-термин біріккен сөз деген ұғымды 
білдіру мақсатында қолданылады.
Жоғарыда  айтқанымыздай,  түркітануда  күрделі  сөздің  терминдері 
жөнінде пікір тұтастығы бір жерден шыға бермейді. «Күрделі сөз» деген 
термин  өз  мәнінде  жұмсалмай,  нақты  құбылыстың  толық  мазмұнын 
көрсете алмай келеді. Әдетте, терминге қойылар талап бойынша олардың 
мағынасы  дара,  айқын  болуға  тиіс,  яғни  екіұшты  мәні  болмауы  керек. 
Мұндай ұстанымдар кез келген күрделі сөзге қатысты мәселеде зерттеушілер 
тарапынан толық ескеріле бермеген. Тіпті бұл ұстанымдар түркі тілдерінің 
бәрінде де жеке-жеке сараланбаған. Оған жоғарыда күрделі сөздерге қатысты 
зерттеушілердің еңбектерін талдаудың барысында көз жеткізілді. Осындай 
ала-құлалық тіл байлығының қомақты бөлігін алып жатқан және елеулі үлесін 
қосып жатқан күрделі сөздерге нұқсанын тигізері сөзсіз. Осындай пікірлердің 
болуына қарамастан, көптеген түркітанушылар «күрделі сөз» деген ұғым сол 
лексикалық бірліктің табиғатын ашатынын аңғартады және осы терминмен 
атап жүр. Біз де зерттеу жұмысымызда осы терминді басшылыққа алдық.
Академик  А.Н.  Кононов  «Қазіргі  түрік  әдеби  тілі  грамматикасы» 
мен  «Қазіргі  өзбек  тілінің  грамматикасы»  деген  еңбектерінде  күрделі 

Вестник ПГУ № 3, 2010
0 
сөздерге  қатысты  жеке  грамматикаларда  айтылып  жүрген  пікірлерді 
кеңейте  түсті.  Автор күрделі сөзді өз ішінде біріккен сөздер, нағыз күрделі 
сөздер деп бірнеше топқа бөліп, мәселенің түйінді жеріне назар аударды. 
Біріншіден, автор күрделі сөзге мынадай анықтама береді: «соединение двух 
или реже трех слов, дающих в синтезе новую лексическую единицу» және 
сөзжасам жүйесінде «синтаксико-морфологический тип словообразования» деп 
[7] сөзқосымның түрлі типтеріне сәйкес табиғаты грамматиканың екі саласы: 
морфология және синтаксиспен ұштасып жататындығын тілге тиек етеді.  
А.Н. Кононов күрделі зат есімнің бірнеше жасалу типтерін көрсетеді. Екіншіден, 
күрделі сөзді таза лексикалық бірлік деп таниды. Үшіншіден, күрделі сөздердің 
қалыптасу типтерін анықтаған. Ғалым күрделі сөздердің жасалу типтерін 
қарастырғанда синтаксистік қатынастарға қатысты анықтайды. Ал лексикалық 
бірлік жасалып, сөзжасам тұрғысынан қарастырған уақытта синтаксистік қатынас 
өз қызметін тоқтатады. Сондықтан, автордың бұл пікірімен келісу қиын.
Түркі тілдерін зерттеуші тіл мамандарының күрделі сөздердің барлық 
түрлеріне қатысты айтылған құнды пікірлері бар. Демек, күрделі сөз тілдің 
түрлі  деңгейінде  қарастырылса  да,  соған  қатысты  түрлі  деректер  бар. 
Түркітанушылардың  күрделі  сөзге  үнемі  көңіл  бөліп  отырғанын  байқау 
қиын емес.
Күрделі  сөз  құбылысының  түркі  тілдеріндегі  көрінісіне,  зерттелу 
жайына  назар  аударылатын  болса,  белгілі  түркітанушы  А.А.  Юлдашев 
күрделі сөздерге түркі тілдері өте бай екенін және ерекше орын алатынын 
айта  келіп:  «Түркі  тілдеріндегі  күрделі  сөздер  молдығына  қарамастан, 
олар  не  термин  тұрғысынан,  не  бірлік  тұрғысынан  грамматикаларда  да, 
сөздіктерде де толық сипаттама алған емес», – дейді [8]. Автордың күрделі 
сөздер  құбылысының  табиғатын  ашатын  зерттеулер  әлі  күнге  ғылыми 
тұрғыда жеткілікті дәрежеде жүйеленген де, зерттелген де емес деуінің әбден 
жаны  бар.  Ғалым  осы  салада  арнайы  зерттелу  жұмыстарының  аздығын, 
бұл проблема әлі де күн тәртібінде тұрғандығын, өз деңгейінде шешімін 
таппай келе жатқандығын тілге тиек етеді. А.А. Юлдашев түркі тілдерінің 
күрделі сөз құбылысының жалпы табиғатын, құрылысын ашатын қомақты 
ғылыми еңбектің жоқтығын айтып өтеді. Ғалым күрделі сөзді лексикалық 
ұғым ретінде тануды міндет етіп қойды: «...сложное слово предполагает 
такое отношение между компонентами, которое способствует своеобразной 
реализации их лексических значений и которое приводит к возникновению 
новой лексической единицы. Необходимым условием для возникновения новой 
единицы является возможность осуществления значений компонентов в новой 
семантической сфере, которая сопровождается нарушением синтаксических 
отношений между компонентами» (курсив – Б.Қ.) [9; 9]. Бұл келтірілген 
тұжырымдамадан ғалымның күрделі сөз жаңа сипаттағы лексикалық бірлік 
және  оның  қалыптасуына  сыңарлар  мағынасының  семантикалық  өрісі 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
6
негізгі шарты болады деген ойы аңғарылады. Автордың пікірінше, күрделі 
сөздің басты қасиеті құрамындағы сыңарлардың сапасында. Күрделі сөздер 
лексикалық мағынасы бар дара сөз сияқты жеке бірлік ретінде танылып, 
солармен бір деңгейде есептеліну керектігін айтады. 
1971 жылы шыққан «Структура и история тюркских языков» деген 
ғылыми  жинақта  В.Г.  Егоровтың  «Словосложение  в  тюркских  языках» 
атты мақаласында күрделі сөз сөзжасамның бір тәсілімен қалыптасқаны, 
лексикалық бірлік ретінде танылғаны, оның тілде жеке сөздердің қандай 
қасиеті  болса,  күрделі  сөздердің  де  мағынасы  және  қызметі  жағынан 
олармен бірдей, пара-пар деген дәлелді тұжырымдамасы көрініс табады [10]. 
Мұнда ғалым В.Г. Егоров түркі тілдерінде сөзқосымның қосарлау, біріктіру, 
тіркестіру арқылы жасалған түрлері бар екенін, оның сөз таптарына қатысын 
біршама талдап, саралап көрсетеді. Солардың ішінде қос сөздердің түркі 
тілдерінің тарихында алатын орны ерекше екенін және оларды сөздік қорды 
молайтудың қайнар көзі деп түйіндейді.
Сөзқосымның келесі түрін күрделі сөз дейді. Түркі тілдеріндегі күрделі 
сөздердің әр түрлі болатындығын айта келе, тілші күрделі сөзді «лексикалық 
бірлік», «нақты ұғым», «бір екпін», «біртұтас түрлену жүйесі» деген сияқты 
ұстанымдарды негізге алған. Сонымен қатар ғалымның термин қолданысында 
өзгешелік бар. Оны мақаланың аты да айтып тұр. Сөзқосымның түрлерін: 
қосарлану, біріктіру, тіркестіру деп бөліп көрсетеді. Өйткені, тілші күрделі 
сөзді  сөзқосымның  бір  түрі  деп  қараған.  Әрине,  сөзқосым  күрделі  сөзді 
жасаудың бір тәсілі, сондықтан күрделі «түр» деп, сөзқосымды – күрделі сөз 
деген ғалымның тұжырымдамасымен және солай саралап тануымен келісу 
қиын. Бұның өзі күрделі сөздің термин мәселесінің де нақты шешілмегендігін 
аңғартады. Ал ғалымның лексикалық бірлік пен нақты ұғымды білдіреді деген 
пікірімен толық келісуге болады.
Қазіргі татар тілінің грамматикасын зерттеуші ғалымдар да күрделі 
сөздерді әрбір сөз табымен байланыстыра сөз етіп, күрделі сөздерді татар 
тілінің  мамандары  төрт  түрге  бөледі:  күрделі  сөз,  қос  сөз,  құрама  сөз, 
қысқарған сөз.
Әзербайжан тілін зерттеуші ғалымдар да күрделі сөздерді сөз таптарына 
қатысты қарастырады. Мәселен зат есім аналитикалық тәсілмен жасалады 
дей келе, құрылысы мен құрамындағы сөздердің бір-біріне қатысы жағынан 
оны үшке бөледі: нағыз күрделі зат есімдер, қос сөзді зат есім, қысқарған 
зат есімдер. Мәселен, тілші М.И. Әділов оларды жасалу тәсіліне қатысты:  
«...екі я бірнеше сөз өзара байланысқа түсу нәтижесінде тұтасып, ақыры бүтін 
бір мағына білдіретін сөз пайда болады», – деп тұжырымдаса, екінші бір 
тұсында күрделі сөздердің қалыптасуындағы негізгі заңдылығы ретінде тілдің 
ішкі дамуынан, құрылуынан және ұлттық сипатынан шығатынын ескертеді 
[11;  5]  (курсив  –  Б.Қ.).  Зерттеушінің  күрделі  сөзді  айқындаудағы  тілдің 

Вестник ПГУ № 3, 2010
 
ішкі даму ерекшелігі мен ұлттық сипатын ескерткен тұсы құптарлық жайт. 
Себебі, қай-қай тіл болмасын оның лексикасында ұлттық сипаты, жасалу 
ерекшелігі болатыны ақиқат. Жалпы жаңа мағыналы лексема я күрделі сөздің 
қалыптасуында ішкі даму – күрделі сөзді құрастырушы сыңарлардың ішкі 
мағыналық құрылымының дамуын көрсетеді және ол уәжділік дәрежелерімен 
сәйкес келеді. Сондықтан сөздің мағыналық дамуы үнемі болып отыратын 
тілдік құбылыс, сол арқылы жаңадан лексема жасалып отырады деген түйін 
жасауға болады. Оны тіл деректері де дәлелдей түседі. 
Күрделі  сөздерге  берілген  анықтамаға  жетер  жолда  күрделі  сөз 
құбылысы әлемдік лингвистика ғылымында және жеке тіл білімінде ұзақ 
зерттелу кезеңдерінен өтті. Біріншіден, жалпы тіл-тілде күрделі сөз құбылысы 
бар  ма;  екіншіден,  күрделі  сөздер  басқа  тілдік  құбылыстардан  несімен 
ерекшеленеді; үшіншіден, күрделі сөз құбылысы әлем тілдерінің барлығына 
тән,  ортақ  құбылыс  па;  төртіншіден,  күрделі  сөздердің  шығу  тарихы, 
жасалу жолдары, тілде алатын мәртебесі, т.б. тәрізді сан қилы сауалдар, 
мәселелер  төңірегінде  ғылыми  зерттеулер,  даулы  мәселелері  жөнінде  әр 
қилы  пікірталастар,  пікірсайыстар  жүргізіліп  келеді.  Осындай  ғылыми 
ізденістер нәтижесінде күрделі сөздер туралы мәселелердің біразы, атап 
айтсақ, құрылымдық жағынан, құрамы жөнінде өз шешімін тапқанымен, әлі 
де басы ашылмаған қыры-сыры мол, анықтайтын мәселелері, әсіресе, күрделі 
сөзді аталым тұрғысынан қарастыру, олардың қалыптасуындағы уәжділік 
заңдылықтарының  басын  ашу,  айқындау  және  оны  сол  заңдылықтармен 
үйлестіру, т.б. сияқты мәселелері бар тілдік құбылыс. 
Күрделі  сөздердің  күрделі  құбылыс  екені  басы  ашық  нәрсе. 
Тіл  ғылымында  сөз  атаулының  белгілі  сипаттары  бірін  екіншісіне 
жақындастыратын болса, екінші бір қасиеті бірі екіншісінен ажыратылып 
жатады. Бірнеше ортақ белгілер оларды өзара байланыстырып, бір тілдік 
жүйеде өмір сүруіне жағдай жасаса, екінші белгілері дербестік барлығын 
көрсетеді. Тіл біліміндегі бұл заңдылықтар қатар жүріп отырады. Сөздердің 
осындай  белгілерін  топтастырғанда  олардың  лексикалық  мағынасы, 
құрылымдық (морфологиялық) белгісі мен түрлену жүйесі және синтаксистік 
қызметі  есепке  алынып  отырады.  Міне,  тіл  білімінде  күрделі  сөздерді 
анықтайтын осы үш белгі, негізгі ұстаным ретінде алынады.
Демек,  тіл  білімінде  көп  зерттеліп,  жан-жақты  қаралып  жүрген  осы 
мәселе жөнінде ғалымдардың пікірі бір арнада тоғыса бермейді. Осыған 
байланысты көптеген түркітанушылардың айтуы бойынша күрделі сөздердің 
құрамында тілдің басқа да құбылыстары бірге қаралып жүр деген пікірлер 
бар.  Мұндай  көзқарас  тіліміздегі  күрделі  сөздерге  де  елеулі  нұқсанын 
тигізетіндігі төмендегі ғалымдардың еңбектерінде сөз болады. 
Түркі  тілдерінің  төл  өкілі,  белгілі  лингвист,  сөзжасам  маманы  
Ф.А. Ганиев тұңғыш рет ғылыми тұрғыда татар тіліндегі күрделі сөздерге 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет