Филологическая  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата09.03.2017
өлшемі1,53 Mb.
#8586
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

6
талдау  жасады.  Ғалым  түркітанымда  тілші  мамандардың  көпшілігінің 
ойынан  шығатын  бір  көзқарасты  алға  қойды.  Ол  зерттеушілердің  көбі 
тілдің синтетикалық жағына көбірек мән бөлетіндігін айта отырып, тілдегі 
аналитизмді  жоққа  шығарушылардың  барлығын,  мамандар  тарапынан 
аналитизмге зер салынбай келе жатқандығын ескерте кетеді. Сөзіміз дәлелді 
болу үшін автордың өз ойын келтірейік: «Другое свойство тюркских языков, 
их аналитизм, не учитывался абсолютно большинством языковедов. Однако 
аналитизм,  как  показывают  факты,  в  системе  и  структуре  языка  играет 
не  меньшую  роль,  чем  агглютинативность.  Аналитизм  тюркских  языков 
пронизывает  всю  их  грамматическую  и  словообразовательную  систему. 
Без учета аналитичности строя тюркских языков была бы весьма неполной, 
и многое в их строе невозможно было бы понять» (курсив – Б.Қ.) [15; 11]. 
Осы  мәселе  төңірегіндегі  біздің  пікіріміз  де  осы  тұжырыммен  ұштасып 
жатыр. Зерттеу барысында күрделі сөздің негізгі қасиеттерін анықтау десек, 
оны Ф.А. Ганиевтің мына пікірі айқындай түсетін секілді: «Атап айтқанда, 
сөзқосым мен күрделі сөздің теориялық саралануының тіл білімінде ұзақ 
тарихы барын көрсетеді. Соған қарамастан, бір қалыпқа түскен сөзқосым 
туралы зерттеулердің теориялық нақтылы ұстанымы мен бірыңғай өлшемі 
және күрделі сөзді жіктеудің біртұтастығы жоқ», – деп санайды [15; 15].
Тіл білімінде, соның ішінде түркітанымда күрделі сөздің қалыптасқан 
теориясын табу қиындығын жоғарыдағы пікірлерден анық көруге болады. 
Күрделі  сөздің  көптеген  аспектісі  даулы,  құрылымдық  жағынан  талас 
тудырып,  теориялық  тұрғыдан  шешілмеген  қырлары  бар  екені  даусыз. 
Сондықтан да зерттеушілердің басты бөлігі синтетикалық сөздің құрылымына 
көбірек көңіл бөлді де, аналитикалық тәсілмен жасалған туындылар көп 
жағдайда көлеңкеде қалып отырды.
Ф.А.  Ганиевтің  еңбегі  жаңа  бағыттағы  зерттеулердің  бірі  екендігі 
түркітанымда белгілі. Аналитизмнің тілдің лексикалық құрылысы үшін де, 
грамматикалық құрылысы үшін де мәні зор. Зерттеушінің құнды пікірі деп 
аналитизмді (күрделі сөзді) тіл жүйесінде ғылыми түрде сөзжасам деңгейіне 
көтеруі  болып  саналады.  Автордың  пікірінше,  күрделі  сөздің  жасалу 
тәсілінің бірі – сөзқосымды бұрыннан бар әдіс, ал екінші – күрделі сөз сөз 
тіркесінің лексикалану (конверсия) жолымен жасалатындығына әлі де көңіл 
бөлінбей келеді деген ойын құптай отырып, осы мәселенің жаңаша зерделену 
қажеттігімен түсіндіреміз.
Жоғарыдағы  қарастырылған  тұжырымдардың  негізінде  мынадай 
қорытынды жасауға болады: күрделі сөз – күрделі лексикалық бірлік ретінде 
кем дегенде екі сөзден жасалатын туынды сөздер, құрамы тұрақты, жаңа 
мағынаға ие болған, семантикалық бірлікте жұмсалатын дербес ұғымды 
білдіретін лексемалар.

Вестник ПГУ № 3, 2010
 
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші // Ана тілі. 1995.– Алматы. 
2. Гиганов И. Грамматика татарского языка. – СПб., 1801.
3. Казамбек А. Общая грамматика турецко-татарского языка. – Казань, 
1846.
4.  Ашмарин    Н.И.  Материалы  для  исследования  чувашского  языка. 
–Казань, 1898, 1903 гг. 
5. Оралбаева Н. Күрделі сөздер // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет 
сериясы. – № 2. – 1999.
6. Баскаков Н.А. Каракалпакский  язык. II Фонетика и Морфология. 
– М.: Наука, 1952.
7. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекской литературного 
языка. – М.-Л.: Наука, 1960.
8. Юлдашев А.А. К характеристике тюркских сложных слов. – ВЯ., 
1969. – №5.
9. Юлдашев А.А. Аналитические формы глагола в тюркских языках. 
–М.: Наука, 1965.
10. Егоров В.Г. Словосложение в тюркских языках // Структура и история 
тюркских языков. – М., 1971.
11. Адилов М.И. Сложные слова в современном азербайджанском языке: 
Автореф. ... канд. филол. наук. – Баку, 1958.
12. Жирмунский В.М. О границах слова // Морфологическая струкгура 
слова в языках различных типов. – М-Л., 1963. 
13. Смирницкий  А.И. К вопросу о слове // Вопросы теории и истории 
языка. – М., 1952.
14. Кумахов М.А. К вопросу о границах слова в адыгейских языках //  
Морфологическая структура в языках различных типов. – М-Л., 1963.
15. Ганиев Ф.А. Образование сложных слов в татарском языке. – М.: 
Наука, 1982.
16. Улуханов И.С. О степенях словообразовательной мотивиро-ванности 
слов // Вопросы языкознания. – М., 1992. – № 5.
Резюме
В  статье  затрагиваются  проблемы  и  роль  аналитизма  в 
развитии языка. Так же рассматриваются моменты исторического 
происхождения номинативного значения в результате семантического 
развития словосочетаний.
Resume
In the article is observed the role of analytism in the development of 
languages. As a result of meaningful development of word combinations 
the nominatives has been originated from the past times.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
6
ӘӨЖ 82.151.212.2:297
ЖАН ЖӘНЕ АРУАҚ 
Қ. Мәшһүр-Жүсіп
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қатардағы оқырманға, яғни көпшілікке түсінікті болу үшін, алдымен 
«жан» ұғымына қайталап назар аударамыз. «Әйелдің бойына біткен балаға  
қырық  күннен  кейін  «жан»  салынады»-  дегенде,    келтірер  дәлелдер  аз 
емес. Соның ішінде қатардағы оқырман ұғуына лайық өзгеріс- қырық екі 
күннен кейін  балада қозғалыс пайда болатыны. Осы орайда сұрақ тууы 
мүмкін: «40 күн өткенде, нәрестеге жан салынса, неге ол 42 күннен кейін 
барып қозғалысқа түсе алады?»  Біз айтар едік: «Қазіргі ғылымды қанша 
кемелденді десек те, оның әлі меңгерді дегенінен қамтымағаны әлденеше 
есе мол болуы ықтималдығы осы орайда алға шығады. Ендеше 40 күннен 
кейін салынған жанның көмегімен іштегі баланың 42 күннен соң қимылдай 
бастауы деректеріне сүйенгенде, біз 40 күн мен 42 күн аралығында балада 
қозғалыс  мүлде болмауы  туралы емес, мүмкін болған   ондай бәсең әрекетті 
біздің жетілді деген техникамыздың әлі байқай алмай жатуы да ықтимал 
екенін ескеру қажет. Белгілі бір адам  өлер алдында  онда басқаның   көзі  
шала алмайтын, тек дем таусылар қарсаңындағы пенде көре алатын құбылыс 
болуы  ықтималдығын да есте ұстаған жөн. Мәселен, көз жұмар алдындағы 
пенденің бұрын о дүниеге аттанған адам аруақтарымен лебіздесіп, ол жақтағы 
әке- шешесі аруағын шақырып тілдесу фактісін алайық.  Әдететгі пенделерге 
естілмейтін, тек  жан тапсырар алдындағы адамда оның  «үшінші құлағы» 
ашылуы  мүмкіндігін    жоққа  шығара  аламыз  ба?  Сол  тәрізді  қасындағы 
қарапайым адамдарға мүлде көрінбейтін, тек үзілгелі жатқан кісіде үшінші 
бәтін көзі ашылуы да тіршілік сырының көп қырлылығын  паш етеді. Осы  
түсінікпен  бағамдасақ,  өлімге  бетпе-бет  келген  адам  біз  көре  алмайтын 
құбылыстарды, яғни баяғыда көз жұмған әке-шешесінің «жандары» келгенін 
көріп,  біз ести алмайтын олардың сөздерін  тыңдауы мүмкіндігін елемей: 
«Ол ауру болған соң,  босқа сандырақтап жатыр!»- деген аңқау түсініктен  
арылатын кез жетті деп санаймыз. Міне, осы түсінікпен бағамдасақ, өлген 
адамның аруақтары бейіт басына құран оқуға барған  біздерді көріп, есітіп 
тұрады да,  біз көрмегендіктен, естімегендіктен, аруақтар тілдесуі, қозғалысы 
туралы  сөз болған т.с.с. әңгімелерді біреулердің оңашада қорыққанынан 
шатасып, жоқты құрастыруы ретінде қарап келдік қой. Енді ол адам  бірде 
үрейленгеннен шатасса да, екіншіде шынымен оның біз көрмейтінді- көру, 
естімейтінді  есту    қабілеті  пайда  болуы  мүмкіндігін    зерделейтін  уақыт 
жетті.

Вестник ПГУ № 3, 2010
 
Міне, осы тұрғыдан бағамдасақ,  бейсенбі күні түнде шелпек пісіріп, 
құран оқып жүрген ағайындардың үйіне  аруақтар шынымен келеді, тек ол 
біздің қарапайым көзімізге көрінбейді. Ал, Мәшһүр-Жүсіп тәрізді әулие 
адамдардың періштемен сұқбаттасуын естіген оның атқосшысы Иманғали 
Маненовтың бірде:
-Ата, сіз біреумен әңгімелесіп отырсыз ғой. Оның сөзін біз естімейміз, 
сіз  тыңдап  тұрсыз.  Соны  бізге  айтыңызшы!-  дегенде,    Мәшһүр-Жүсіп 
атамыздың:
- Оны білу саған қажет емес,- дегені  де белгілі жәйт.
Мәшһүр-Жүсіп атамыз періштемен тілдесе  білгендіктен де,  өзі өлмей 
тұрып, жетісін, қырқын бергізіп, өзі: «Мәшһүр-Жүсіптің аруағына Құдай 
рахмет айласын!- деңдер»-  деп  айтқаны  да мәлім. Ол аз болса, кейін кеңес 
үкіметінің қазақ оқығандарын репрессияға ұшырататынын біліп, кіші баласы 
Мұхаммедфазылды ірі оқуға жібермей қойғаны, оқуы шағын болған соң да, 
әкеміз 1937 жыл қырғынынан аман қалғаны белгілі. Мәшһүр-Жүсіп сондай-
ақ  содан кейін соғыс басталатынын,  қазақ жеріне орыстар қаптап келетінін  
(1954 жылғы «Тың игеру» науқаны тек егіс көлемін көбейту емес, алдыман 
орыстандыру үшін орталыққа керек болғаны да енді айқындалып жатыр емес 
пе?) - бәрін  ескертіп кеткен.
Сонда бейсенбі күні  үйге келіп қонып, бізден құран дәметушілер   өлген 
адамдардың жаны ма, жоқ жанға  арқа сүйеген аруағы ма? Біз оған кесіп жауап 
бере алмаймыз, тек жан мен аруақ байланысы бар екеніне көз жеткізе аламыз.
27.11.2005 жылы Павлодарда тұрған Назымхан атаның үйінде қонақта 
отырғанда, Қайырболат Жандеркеұлы Бикенов айтқан әңгіме:
-1948 жылы Екібастұз қаласында «Кольцевой»- деп аталатын тұста 10 
үй тұрамыз. Менің руым-Күлік ішінде Сексен. Қасымда-  Жакупов Тәкен, 
Хамитов Алтай деген жігіттер бар. Қыс ішінде қараша, желтоқсанның бірі  
болу керек біз «Жаңа-жол»- деген  елді мекеннен шығып,  Қарасуға қарайтын 
Әйтен деген жерге бет алдық. Мінгеніміз- УАЗ, андай-мұндай қарыңды елең 
қылмайды,  ағып отырады.  Сол кезде мен айттым:
-Жігіттер, алдымен атаның басына (Мәшһүр-Жүсіп кесенесін «атаның 
басы»- деп сөйлейміз ғой)  соғып, құран оқып,  содан кейін әрі барайық.  
Тәкен айтты:
-Жоқ,  ол  болмайды.  Жолда  бұрылмай,  тура  жүрсек,  Әйтенге  тез 
жетеміз.
Біз келе жатырмыз. Жер бетін ақ қар жапқан. Бір кезде соқпақ жолдан  
нағыз қасқырдың ізі көрінді.
-Осы ізден айрылмайық!- деп шу-шу етіп, сол іздің  соңынан ағызып 
келеміз. Бір кезде әлгі із таусылып, жоқ болып кетті ғой. Біз аң-таңбыз. «Іздің 
басы  бар да, аяғы болмауы қалай?»- - дейміз.  Содан кейін жан-жағымызға 
қарасақ,  біз  жүріп  отырып  сол  «бармаймыз»-  деген  Мәшһүр-Жүсіп    ата 
кесенесіне тіреліп тоқтаппыз.  Сонда мен даурықтым:

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
6
- Бағана «бармаймыз»- деп едіңдер. Міне, ата өзі  келтіріпті ғой!
Аналардың естері шығып кетті, түсе қалып, атаның кесенесіне аяңдады. 
Барып құран оқыдық.
Міне,  Мәшһүр-Жүсіп  атамыздың  аруағының  жоқ  қасқырдың  ізін  
көрсетіп, «құран оқысын!»- деп,  тура өз басына  алып келгенін осылай  
аңғарып едік,- деп, әңгімесін тұжырды Қайырболат.
Баянауыл  ауданындағы  Бірлік  ауылы  тұрғыны  Мақпал  Советқызы 
Ботинаның 2000 жылы  өрбіткен  әңгімесін келтірейік:
- Ағам Амандық Советұлы Ботин Қарағанды университетін бітірді. 
Соқыршек болып, ауруханаға  түседі. Соқырішегі жарылып кетіп,  ағамыз көз 
жұмады ғой. Сонда ол өзінен көп бұрын о дүниелік болған атам мен әжемді 
көрген екен. Амандық әжеме айтыпты:
-Мені сіздерге  жіберді,- деп. Сонда әжем:
-Сен әлі жассың! Әке-шешеңе бар.  Сен өмірдің қызығын әлі көрген 
жоқсың,- деген екен. ... Енді ағам бұрылып қараса, әкем мен шешем алыста 
тұр екен. Бұл соларға қарай қол созады, қолы жетпейді. Тағы әжеме барады. 
Әжем сонда ағама ұрсыпты:
-«Бар»- дедім ғой. Сен оқуыңды бітіріп, әке-шешеңнің үмітін ақта!- деп 
жүріп кетіпті.  
Міне, бұл әңгімеден не түюге болады?  Әрине, ажал тура келсе,  әжесінің 
ара түсуі оны құтқара алмайды.
11. 02. 2010 жылы өрістеген Гүлдана Қаблахатқызы Елемесова әңгімесін 
келтірейік:
-1991 жылғы  қараша айында  әпкем Гүлім екеуміз бейсенбі күні   түнде 
бұрынғы дәстүр бойынша шелпек пісірдік. Сонда шертілген  әңгіме:
-Біздің ауылда, яғни Баянауыл ауданы, Жұмат Шанин атындағы совхозда 
(қазір оны «Күркелі»- деп те атайды) Жаңбырбай  деген кісі тұрады.  Сонда 
естігенім: Жаңбырбай үйіне арақ  сілтеп, көлиіп келсе,  не бір адамдарға  
жаман қылық көрсетсе, түсінде әкесі қара киім киіп, теріс қарап шегіншектеп 
барып үйге кіреді екен. Ал, енді Жаңбырбай бір адамдарға қайырымдылық 
көмек жасаса, яғни не шөбін үйіссе, не бір сый-сияпат көрсетсе, түсінде 
әкесі  ақ киіммен келіп, жарқын жүзбен есіктен шегіншектемей, тура басып, 
күлімсіреп  келе жатады екен. Таңертең сол көргенін шешесіне баяндаса, 
шешесі:
-Әкең разы болған екен!- деп шаттанады екен. 
Бұдан не аңғаруға болады? Адамдар өлгеннен кейін, оның аруақтары 
тірі жүрген өз ұрпағының ісіне бей-жай қарамайды,  өз құптауын, не мінеуін 
білдіріп, баласын оң жолға салғысы келіп тұрады.  Демек аруақтар да осал 
күш емес: олар үнемі өз пікірін білдіріп отыра алады.
Осы  орайда  Мәшһүр-Жүсіп    атамыздың  өлген  адам  жанының  екіге 
бөлінетіні,  біріншісі- рух жан жан не жұмақта, не тозақта  орын алса,  екінші 

Вестник ПГУ № 3, 2010
 
рауан жанның бейіттерге жерленген адам сүйектерін күзетіп, өткен-кеткеннен  
құран дәмететіні  туралы  ескерткендерін қайталап еске салғымыз келеді.
17.07. 2009 ж. Павлодар қаласында  зейнетақы беретін орында кезек 
тосып отырғанда, туған Ернар Жеңісұлы Мұқатаев әңгімесін келтірейік:
-Бала кезімде атам қақсап отырушы еді: «Бейіттерден  қорықпа,  онда 
жын-шайтан болмайды. Ниетіміз дұрыс,  ақ болса, қашан да Алла көмек 
береді.  Кейде  түнде  ұйықтамаған    бала  атаулы  сол  бейіттер  маңайында 
жүгіріп жүреміз.  Сонда ай жарығы астында болу керек, 7-8 жастағы   менен 
ересек 8-9 жасар бала Ерлан мені түртіп:
-  Көрдің  бе?  Анда  (яғни  бейіт  маңында)  біреу  жүрген  сияқты,  -  
деп күбірледі.
Сол  сөзді  естіген  соң,  мен  де  бейітке  жақындап  үңілдім.  Сонда  
аңдағаным-  үсті-басына  аппақ  киім  киген  біреу  жүрген  тәрізді.  Аяғы 
көрінбейді, бірақ қолының ербеңдегені байқалады. Басына көз салсаң, беттің 
иегі,  бастың жоғарғы жағы  көрінеді. Алдымен бір сұлбаны аужайладым. 
Кейін тағы жақындап барғанда,  үш сұлба көрінді. Тым  таяу баруға да, 
дыбыс беруге де, рас, қорықтым. Олар да бізге қарай жылжыған жоқ, тек  
өздері қараңдап, ерсілі-қарсылы жүрді де қойды. Кейде баламыз ғой,  түні 
бойы шулап жүреміз. Сонда  аңдағаным- күн шыға бастағанда, әлгі елестер 
жоқ болып кетеді. Осы көргендерімді ертеңінде  атама мәлімдедім емес пе? 
Атам сонда: «Қорықпа! Олар  саған жамандық жасамайды»,- деді. Әжем 
болса, күйіп-пісіп:
-Ей,  бейіт жаққа неге барасың? Барма, жолама оларға!- деді.
Атам шегеледі:
-Барам десе, бара берсін! Бірақ қорықпасын!
-Жүр, аруақтарды көрейік!- деп, кейде екі бала бейіттерге таясақ,  ол 
аруақтар көрінбей қалатын. Ал, 4-5  бала жиналған сәтте көрінетін еді. Осыны айтсаң, 
біреулер сенбейді. Өзің қадалып сұрағасын,  тәптіштеп  отырғаным ғой.
Иісгүл  Қалиқызының  (1950  ж.  туып,  Шығыс  Қазақстан  облысы 
Көкпекті ауданындағы «Үлгілі малшы» ауылында 30 жыл дәрігер болып  
істеген) әңгімесі:
-Бір бизнесмен жігіт жеке меншік машинасымен келе жатып,  аварияға 
ұшырап, екі ай ес-түссіз жатады. Бір күні түсінде қалың жиын, той болып 
жатқанын көреді. Онда бәрі тамақ ішіп отыр. Бір ақсақал елге қосылмай, 
босағада тамақ ішпей жалғыз отыр.
-Ақсақал,    неге  мұнда  отырсыз?  Неге  жоғары  шығып,  дәмнен  
ауыз тимейсіз?
-Ой, шырағым, мұнда ас ішіп, мәз- мейрам болып жатқандар- балалары 
хатым түсіргендер. Ал, менің жалғыз ұлым бар. Ол ешқашан хатым түсірген 
жоқ. Менің жүдеп босағада  отырғанымның мәнісі-сол,- деп, баласының 
мекен-жайын  хабарлап, сөзін аяқтайды.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
6
Ояна келсе, түсі екен. Таң қалып,  көңіл сұрай келген бір досына көрген 
түсін баяндайды. Досы әзілдейді:
-Давай  барайық.  Сол  айтылған    жерде    сондай  адам    бар  ма  
екен?- дейді. 
Бұлар барса,  сол  сөз болған  орында расында сондай  жігіт тұрады екен. 
Өзі жұмыс істемейді, әйелі де одан кетіп қалған. Бұлар сұрайды:
-Әкеңе хатым түсірдің бе?
-Қайдан түсірем, менде түк жоқ қой.
Сонда бай жігіт  өзеурейді:
-Мен, расында шылқыған бай едім. Аварияға ұшырағанда, өліп кетсем, 
бар жиған-тергенім  түкке тұрмайды екен.  Кел, мен сенің әкеңе  хатым  түсіріп 
берудің бар шығынын көтеріп алайын- деп, хатым түсірткізіпті. Содан кейін 
әлгі кедейге жұмыс тауып беріпті.  Ол жігіт арақ ішуін де қойып, әйеліне 
қайта қосылып, балаларын дұрыс  өсірген екен дейді.
Міне,  бұл да аруақтардың қарап жатпайтынын, ақылды деген  зиялының 
түсіне кіріп, ұлына көмек ұйымдастырғанын т.с.с. дәлелдей алады.
Тағы  бір  мысал  келтірейік.  «Ата  қонысы  Баянауыл  ауданындағы 
Жасыбай көліне қарасты Жанбақы деген жер  болып келетін, руы- Уақ  Таңат 
Қуанұлы Ахатовтың 2009 жылғы  22 маусымда  ортаға салған дерегі:
-Менің әкемнің шешесі Әбенқызы (1905-1996)  маған осы әңгімені 1995 
жылы  жеткізіп еді:
-Қосшығұлұлы  Әбен  деген  менің  әкем  өлгеннен  кейін    менің  анам   
Зейнолла деген молдаға  тұрмысқа шығады. Менің шешем адуынды болған 
екен,  бір күні «Бұл үйдің  төрі қайсысы, көрі қайсысы?»-  депті. Зейнолла 
менің шешемді, яғни тоқалын ертіп алып, ескі қорымдағы  зиратқа алып 
барады.  Түс кезі болса керек,  бір  дұға оқи бастайды. Сол кезде бейіт 
арасындағы  сүйектердің жан дауысы шыға бастайды. Тіпті біреулерінің 
өзінің  аты-жөнін  атағаны    анық  естіледі.  Сонда  тәкаппарлықпен  бір 
кезде артық өзеуреген менің шешем (Майда Әбенқызы) күйеуінен кешірім   
сұрап,  жалынып:
-Енді  айтқаныңды  орындаймын!-  дейді.-Бұдан    былай    қырсығып     
сөйлегенімді де қоямын!- деп уәде береді.
С.  Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік    университетінің   
студенті Мөлдір Бораншашқызы Дауанның (1983 ж. туған) 22.05. 2006 жылы  
айтқан әңгімесі.
-2004  жылы  24-27  қыркүйекте    Москва  қаласындағы  №13  қалалық 
ауруханада  менің  омыртқама    операция  жасалды.    Әйтеуір  наркоздан 
кейінгі ұйқы кезінде сезінгенімді баяндайын.  Ұзақ уақыт носилкада жатыр 
екенмін деймін. Сол кезде төңіректі  қара тұман басқан. Әйтеуір жер бетінде 
екендігім сезіледі. Жаңбыр жауып өткен тәрізді болып, біртүрлі салқын леп 
білінеді.  Оң жағымда басымнан аяғыма дейін тізіліп түрегеп тұрған кілең 

Вестник ПГУ № 3, 2010
70 
өліктер екен деймін. Мәселен, бұрын өлген  менің туысқандарым тұр екен.  
Ең алдында- атам  Мұхаммед Нәсір Дауан (80  жасында 1996 жылы көз 
жұмған). Оның қасында-әжем Мағира (ол кісі 82 жасында 2003 ж. өлген). 
Оған іргелес орын алған туған інім (1999 ж. 11 жасында қайтыс болған). 
Осы  үшеуін  анық  көрдім.  Сол  жағымда  да-  кілең  өліктер,  көзім  көрген 
таныс туыстарым. Олардың ішінде-әке-шешем де бар. Бәрі еңіреп менімен 
қоштасып жатыр. Мен ойлаймын: «Неге бұлар менімен қоштасады?» Сол 
кезде оларды жұбату үшін орнымнан тұрып,  артыма қарасам,  менің өлі 
денем  жатыр екен деймін. Өзім түрегеп сол өлі денеме қарап тұр екенмін 
деймін. Сол кезде бажайлаймын: «Мен өлімін бе,  тірімін бе?» Ізінше менде 
қорқыныш пайда болды. Олар жабылып:
-Ботам, сен бізді неге тастап кеттің?!- дейді. Мен дауласам:
-Мен тірімін,- деп.
Бір қызығы-  мен оларды  естіп тұрмын,  ал олар мені естімейді. Сол 
кезде өлген атам  бұйырады:
-Жылдам жинал, кетеміз!- дейді.
Маған әжем ұрсады:
-Сені ешкім шақырған жоқ, сен қаласың- дейді.
Мен  бұрын  қайтыс  болған    бауырларымды    ұстап  алып,  пайымдап 
тұрмын: «Сағындым ғой, осылармен  кетіп қалайын ба?»
 Сол кезде әжем түйлігеді:
-Сен қаласың, сенің шаруаң әлі біткен жоқ. 
Сол кезде мен ренжіп,  төсегіме қайта  барып жаттым.  Сонда төбеден 
төрт періште қап-қара болып ұшып келеді. Мен шамалаймын: «Бұлар жан  
алатын әзірейіл екен!»- деп.
Носилканың бас жақ құлағында-  екі періште, аяқ жақ құлағында- екі 
періште.  Мені олар асханаға  әкетіп бара жатқан тәрізді. Әйтеуір жерден 
5-6 метр көтерілгенде, Ардақ деген досым топты жарып,  мені қуып,  еңіреп  
жүр:
-Сен еліңе керексің ғой!- дейді.
Сол кезде Ардақты мүсіркеп, аяқ жағымнан бастап, кеудеме дейін бір 
күш тарағандай болды. Енді бір сәтте мен қатты күшеніп, өзімді  байлаған 
жіптерді үзіп жібердім де, төбеден жерге  қарай ұмтылып:
-Я хочу жить!- деп бақырып, секіріп түстім. Сол уақытта туыстар бір-
бірімізді ұстап,  солқылдап жыладық.   Мен сонда көзімді ашып қалдым. 
Қасымда тұрған медбикелер болса,  менің сөзіме орай:
-Да, да, ты будешь жить!- деп,  қайтадан укол беріп,  мені жатқызды.
Міне, бұл әңгімеден не түйеміз?  Белгілі бір  туысына қауіп төнгенде, 
аруақтардың  біразы  тағдырға  мойынсұнушылық  танытса,    енді  біразы 
тағдырға  бағынбай, жас адамды  өлімге қимайтынын  әйгілеп тұр.  «Сол 
ниеттес аруақтардың тілегін Алла ескеріп,  осы бір жас адамды  өлімнен 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

алып қалды»- деп  бағымдасақ,  тағы да  тек тірі  адам емес, аруақтарда да 
игі ниеттер болатынын, ол тілектерді Алланың ескеруі мүмкіндігін, сөз жоқ, 
аңғарамыз.
Аруақ дегеннен шығады. 1932 жылғы  аштан өлгендердің біразы шала 
көміліп,  олардың  бөлінген  аяқ-  қолдары  әр  жерде  ашық  жатуы    мүмкін 
екенін ескерсек,  сол дене бөлшектерін  жалаң аяқ басып өту де зобалаң  
туғыза алатынын ескермей  кете  алмаймыз. Сол кезде Павлодар   облысы 
Баянауыл ауданы «Бірлік» деген селода  тұрған Қабибала Оразалиннің (руы-
Күлік ішінде Шобалай, 1941 жылы туған, мамандығы- зоотехник) әңгімесін 
келтірейік:
-1961 жылдың май айының  аяқ кезі.  Әкем бір жерден  «қи әкел»- деген. 
Мен Баянға жүн апардым. Өміржан сонда қалды, мен кейін қайттым. Іңірде 
әкейдің қи туралы тапсырмасы есіме түсті, Қараадырға бұрылдым.  Қыстауда 
ешкім жоқ, бәрі жайлауға көшіп  кеткен болу керек. Мен машинамен кеп тұра 
қалдым. Машинаның артқы  бортын  аштым. Бір кезде денем  дір  ете түсті. 
Өзім бірдеңеден сескенгендей болып,  борттың бір жағын ғана жаптым да,  
кабинаға кіріп алып, оның әйнек-есігін бекіттім. Құдықтан біреу шыққандай 
болды.  Өзі  жарық  отқа  ұқсайды.    Мен  қара  терге  түстім,  машинаға  от 
алдырдым. «Тұздың бұлағы»- деген жерге келгенде,  тұз да қып-қызыл болды.  
Бәрінен қызыл қан шығып жатқан тәрізді.  Бір кезде бізге беттеген  машина 
шамының жарығы көрінді. Сол машина жарығын көрген соң,  маңайдағы 
елпілдеген  жарықтар басыла бастады. Ал, машина ағып өте берді.  Мен де 
машинаны жүргізіп үйге жеттім. Үйге кірдім де, құладым. Жатып, ұйықтап 
кетіппін. Көз ашсам,  әкем қасымда отыр. Содан ауырып, бір аяқ, бір  қолым 
жансызданғандай,  қимылсыз  қалды.    Майқайыңдағы  ауруханаға  мені 
жатқызды.  Менің қасымда Жасыбайдан келген бір шал болды.  Мен түні 
бойы сөйлеп, ұйықтамаппын. Таңертең сол ақсақал сұрады:
-Әке-шешең бар ма?
-Бар.
-Сен маған бұған дейін не көргеніңді түгел айт!- деді шал. Мен  баяндай  
бастадым. Шал  тұжырды:
-Саған басқа ем керек.
Майқайыңнан  бір немере  ағайым келді, әкей де жетті.  Ал,  мен орнымнан 
тұра алмаймын. Әкей дәрігерлермен сөйлесіпті. Ол  уақытта  ауруханадан   
қайта шығу да қиын. Сол кезде Ақшиман деген  жерде  Қайса деген емші 
тұратын.  Әкем мені соған апарды. Ол кісі менің тамырымды  ұстады да,  бір  
домбыра алып, бір күй тартқандай  болды. Содан кейін әкеме айтты:
Бір жерде ұлың  кезінде дұрыстап көмілмеген  өлік жас бала сүйегін 
басып  кеткен  екен.  Мен  қазір  үшкіремін.  Содан  кейін  маған    үш  қабат  
келесің,- деді.

Вестник ПГУ № 3, 2010

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет