«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет104/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
98 
Осы үш бағыттың ішінде тіл және әдебиет мұғалімдерінің оқытатын басты бағыты 
– оқу сауаттылығы. «Сөз өнері дертпен тең» деп, Абай жырлағандай, бұл бағыттың негізгі 
зерттеу обьктісі мәтін екені белгілі. Жай мәтіндер мен күрделі мәтіндерді оқу барысында 
оқушы мәтінді толық түсініп, ондағы айтылған ойды ұғып, оған өзіндік сын- пікірін, 
көзқарасын білдіре алуы шарт. Олай талдап үйрену үшін оқушыларға төменгі 
сыныптардан бастап үнемі мәтіндермен дұрыс талдау жасауды үйрету маңызды. Бұл – 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздарының алдындағы басты міндеті. 
Оқу сауаттылығы дағдысына ғалым Н.А.Даулетова мынадай анықтама береді: 
«Оқу сауаттылығы» термині кең мағынада қарапайым оқу біліктілігін емес, мәліметтерді 
айқындай білу қабілетімен анықталады. Мектеп жасындағы балалардың тек оқу 
техникасын меңгеруі қазіргі таңда қабілеттілік болып есептелмейді. Оқу сауаттылығы 
туралы түсінік білім алушылардың әртүрлі форматтарда берілген мәтіндерді түсіне білуі, 
олардың мәні мен мазмұнын түсініп тұжырымдауы және білім алушылардың мектептен 
тыс уақыттарда, әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын қолдана білу іс-
әрекеттеріндегі қызметтерін бағалауға негізделген. Сөзімізді нақтылай түссек, оқу 
сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану, 
қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті» [1, 4]. 
Оқу сауаттылығы дағдысын дамытуды көздеген адам, ең әуелі, оқылым 
дағдысымен көбірек жұмыс жасағаны абзал. Өйткені, оқылым – оқу сауаттылығының 
негізі. Ең әуелі, «Оқылым дегеніміз не?» деген сауалға жауап беріп көрейік. Ғалым 
Фаузия Оразбаева оқылымға мынадай анықтама береді: «Оқылым - графикалық таңбалар 
арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен 
сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. 
Оқылым, біріншіден, ой мен мидың жұмысына байланысты болса, екіншіден, жазылған 
графикалық таңбалардың тізбегін танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы 
таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің ролі зор. Осындай ерекшеліктер іске 
асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, 
оқырманның қажетіне жарайды» [2].
Оқылым дағдысында көбіне әртүрлі мәтіндермен жұмыс жасалады. Оқушы мәтінді 
оқып, көзбен көріп, әр сөзінің мәнін ұғып, түсініп, сезіне білгеннен кейін ғана ол мәтінмен 
жұмыс жасай алады. Әдебиет пәнінде мәтіндер бойынша түсіну және жауап беру, анализ 
және интерпретация, бағалау және салыстыру сынды мақсаттар қойылады. Оқушы яғни
мәтінді түсініп оқып, берілген сұрақтарға жауап беріп, мәтінді толық талдай алуы, оған 
өзінің сын тұрғысынан көзқарасын білдіре алуы шарт. Әдетте оқушының өз көзқарасын 
білдіре бастауы, сыни пікірін айта бастауы жеті-сегізінші сыныптардан басталады. Осыған 
орай қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде қойылатын мақсаттар жеңілден күрделіге, оңайдан 
қиынға қарай спиральдық қағидатпен көтеріліп отырады.
Мәтіннің бас-аяғы жинақы, көптеген сөйлемнен тұратын өте күрделі тілдік 
құрылым екенін білеміз. Сол себепті, мәтінді дұрыс талдай алу да үлкен сауаттылықты 
қажет етеді. Осы жерде мұғалімнен оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беріп дұрыс үйрету 
талап етіледі. Егер оқушы төменгі сыныптан бастап мәтінді дұрыс талдай алса, онда оған 
жоғары сыныптарда кездесетін күрделі мәтіндерді талдау қиынға соқпайды.
Төменгі сыныптарда оқушыдан белгілі бір шағын мәтінді оқып, түсіну талап 
етіледі. Ол қысқа әңгімелер немесе мысалы, Ыбырай Алтынсариннің ертегілері мен 
мысалдары болуы да мүмкін. Төменгі сыныптың мәтіндері оңай болғандықтан, оларды 
талдау да аса қиынға түспейді. Ең бастысы, олар оқыған мәтінін түсініп, мазмұнын айта 
алуы қажет. Оларға мәтіндегі негізгі ақпаратты табу, қосымша ақпаратты анықтау, 
мәтіннің айтпақ ойы, мәтін бойынша жоспар құру, мәтіннен тірек сөздерді табу, мәтіннің 
алғашқы бөлігін оқып, келесі бөлігін болжап айту сынды тапсырмалар беріледі. Оқушы 
төменгі сыныпта осыларды орындай алса, жоғары сыныптарда кездесетін күрделі 
мәтіндерді талдауда қиналмайды.


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет