https://rustih.ru/citaty-lva-tolstogo/13/
Цитаты Льва Толстого
ӘОЖ 372.8: 811.512 ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ – ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫ Зайтбекова Р.И. , 7М01701–«Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру
бағдарламасының 2 курс магистранты
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ. E-mail:
raushan0601@mail.ru Мақалада оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда оқылым дағдысына мән беріле отырып, мәтіндерді меңгерту үшін қандай әдіс-тәсілдердің тиімді екендігі көрсетіліп, сондай-ақ «Абай жолы» роман-эпопеясынан мысалдар келтіріліп, жан- жақты талданады. Тірек сөздер: оқу сауаттылығы, оқылым дағдысы, мәтін, мәтін түрлері, әдіс- тәсілдер. В статье акцентировано внимание на навыках чтения в формировании читательской грамотности учащихся, показана эффективность методов изучения текстов, а также дан всесторонний анализ примеров из романа-эпопеи «Путь Абая». Ключевые слова: грамотность чтения, навыки чтения, текст, виды текста, методы и приемы. The article shows what methods and techniques are effective for mastering texts with an emphasis on reading skills in the formation of reading literacy of students, as well as gives examples from the epic novel "The Way of Abai" and a comprehensive analysis. Key words: reading literacy, reading skills, text, types of text, methods and techniques. Оқушылардың оқу сауаттылығы дағдыларын қалыптастыру мәселесі соңғы
жылдары үнемі сөз болып келеді. Кез келген адамның функционалдық сауаттылығы
жоғары болу қажеттігі жайлы мәселе көтерілгеніне біршама жылдың жүзі болды. Алған
білімдерін өмірде қолдана алатын, сауатты, жан-жақты, өз мамандығын үнемі жетілдіріп
отыратын, әрдайым ізденісте болатын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу – Қазақстанның
алға қойған басты мақсаты. Бұған түрткі болған да қазақстандық балалардың халықаралық
PISA зерттеулерінде көрсеткен нәтижесі еді. Осы зерттеу арқылы біз балалардың
жаттанды білімге бой ұрып, алған білімін өмірде қолдана алмайтын жағдайлары кездесіп
жататынын білдік. Осының нәтижесінде еліміздің білім саласы жаңартылған білім
бағдарламасына көшу арқылы толықтай реформаланғаны белгілі. Аталмыш халықаралық
зерттеуде оқушы білімін үш бағыт бойынша анықтайды, олар: математикалық
сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және оқу сауаттылығы.