«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет106/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
100 
- Мәтіннен синоним сөздерді теріп жаз; 
- Мәтіннен синонимдік қатарларды теріп жаз; 
- Мәтіннен көркемдегіш сөздерді анықта; 
- Мәтінге сүйене отырып, сыныптасыңның портретін бейнелеп жаз. 
Бір ғана мәтінді оқытуда осынша тапсырмалар беруге болады. Мұның барлығы 
мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Осы тапсырмаларды 
беруден басқа да мұғалім мұндағы мәтіндерді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқыта алады. 
Мұндай мәтіндерді қызықты етіп түсіндірудің әдістері сан алуан. Мәселен, дәл осы 
мәтінді «ББҮ кестесі» арқылы оқытуға болады. 
«Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» деп келетін бұл кестеге оқушылар Абай 
мен Біржан жайлы білетіндерін және өздерін толғандыратын сұрақтарды жаза алады. 
Сонымен қатар бүгінгі сабақтағы өздеріне алған тың мәлімет жайлы жазады.
Мысалы: 
Білемін 
Білгім келеді 
Үйрендім 
-
Біржан салдың әйгілі 
әнші екенін білемін; 
-
Біржан салдың әдемі 
киініп, ерекше болып 
жүретін 
сері 
екенін 
білемін. 
-
Біржан салдың өмірі 
туралы, әндері туралы 
толығырақ 
білгім 
келеді. 
-
Біржан мен Абайдың бір-
бірімен таныс болғанын, 
Абайдың 
оны 
қонақ 
еткенін білдім. 
Осы сынды сұрақтар арқылы оқушы мәтінмен толық танысып, білмегенін үйренуге 
мүмкіндігі бар. Осыған ұқсас «Мұғалімге хат» әдісі арқылы да оқушы өзінің білмеген 
ақпаратын мұғалімнен сұрап біле алады. Оқушының кез келген сұрақтарына жауап бере 
алу үшін мұғалімде теориялық білімі мол болуы аса маңызды. Әдетте қазақ тілі пәнінде 
оқылым ретінде әдебиет пәні тәрізді өте ұзақ мәтіндер кездеспейді. Өте ұзақ мәтіндерді 
сыныпқа бөліп беру арқылы оқытуға болады. Ол үшін әр топқа мәтіннің үзінді бөліктерін 
алып, ондағы оқиғаны сыныпқа түсіндіретін «Джигсо» әдісі, «Айналмалы бекеттер» 
әдістері қолданылады. Белгілі бір оқиға баяндалған мәтіндерді оқыту үшін онда не 
болғанын сипаттайтын «Хикая картасы», «Оқиға тауы» сынды қызықты әдістер де 
баланың пәнге деген қызығушылығын оятады.
Сонымен қатар, оқушының сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін де түрлі тәсілдер 
қолдануға болады. Оныншы сыныптың қазақ тілі пәнінің оқылым дағдысына арналған 
мынадай мақсат бар: 10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық 
тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру. 
Осы мақсатқа сәйкес оқушылар өз ойларын өмірмен байланыстыра отырып, еркін 
жазба, эссе, мақала жаза алады. Өзекті тақырып көтерілген жұмысын бүгінгі күнмен 
байланыстыра отырып, жазуға болады. Мысалы, мәтіндегі қазақ халқының 
қонақжайлығын, сал-серілерге деген құрметін, жалпы қонақ күту мәдениетін айтуға 
болады. Бүгінгі күні бұл қасиет сақталған немесе сақталмағанын, басқа елдердің қонақты 
қалай қарсы алатыны жайлы білетін мәліметтерін қағазға түсіріп, сыныптастарымен 
бөлісе алады. 
Қорыта келгенде, оқу сауаттылығын жастайынан дамыту – оқушының 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Ал оқу сауаттылығын толық дамыту үшін 
бізге оқылым дағдысымен үнемі жүйелі жұмыс жасау маңызды. ол үшін әр сабақ сайын 
оқылым мәтіндерін оқып, әртүрлі тапсырмалармен жұмыс жасау қажет. «Абай жолы» 
роман-эпопеясы – күрделі ірі роман. Оны толық талдауға жұмыс көтермейтіндіктен, 
белгілі бір үзіндісін мысалға келтірдік. Осы шағын мәтіннің өзін түрліше талдаудың 
жолын ұсындық. Қандай шығарма болмасын, оны қызықты қылып оқыту, оқушының 
санасына жеткізіп, түсіндіре білу мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты.


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет