«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 252
culture of thinking, development of language and consciousness, respect for the native language, correct expression, respect for the environment and responsibility for mental and emotional actions. Key words: language reflection, self-knowledge, language consciousness, language and thinking, perception, language culture, culture of thinking. Мақаланың өзектілігі: Адам баласының тілдік рефлексиясын анықтау, оның
тілдік тұрғыда қарастырылуы, зерделенуі – бүгінгі таңдағы ғылыми мәселелердің ішіндегі
өзектісі болып табылады. Сол себепті жеке тұлғаның өзін-өзі тануы, өзіне рефлексия
жасауының негізгі аспектілерін анықтау, оның ерекшеліктерін қарастыру және
заңдылықтарын ашу тіл білімі ғылымының өзекті мәселесіне айналып отыр.
Зерттеу объектісі мен мәні: Әр ғылым саласы адамзаттың ойлау қабілетінің даму
нәтижесінде пайда болған. Ғылымның келбеті ғалымдардың пікірі арқылы ғасырлар өте
келе өзгеріске түсіп, даму үстінде. Яғни, ол үздіксіз жаңаланып, жаңа ақпараттармен
толықтырылып отырады. Осы тұрғыда тілдік рефлексия ең алғаш рет Еуропада
қарастырылып, тіл білімі ғылымының зерттеу нысанына айналды.
Әлем тарихында өмір сүрген ғұлама ойшылдар мен ғалымдар өзі өмір сүрген
уақыттың шынайы келбетіне сәйкес ой қозғап, жалпы адам баласының рефлексиясын,
соның ішінде тілдік рефлексиясын зерттеп, оны анықтаудың алғышарттарын
қалыптастырды. Осыған сәйкес, адамзаттың өз іс-әрекеттері мен тілдік ерекшеліктеріне,
ойлау жүйесіне, сөйлеу мәдениетіне рефлексия жасауын, өзіне баға беруін зерттеудің түп
тамыры тереңнен тартатындығын байқаймыз. Оған қандай ұлт өкілі болмасын, күллі
адамзаттың өзін-өзі тану мәселесінің маңыздылығы дәлел.