«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет274/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   321
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
253 
Рефлексия термині латын тілінедегі “reslexio” - көрініс беру, кері айналу деген 
сөзден шыққан. Философияда рефлексия – адамның өзіндік әрекеттерін және олардың 
заңдарын қайта түсінуге бағытталған, теориялық іс-әрекетінің формасы. Философиялық 
сөздікте рефлексияның үш түріне түсініктеме беріледі. Олар: қарапайым (әрекеттер 
рефлексиясы), ғылыми (жаңа білімді меңгеру әдістерінің рефлексиясы), философиялық 
(ойлау мен болмыстың шектелген қатынастарын және біртұтас адамзат мәдениетін қайта 
түсіндіру) [3, 121]. Бұл пікірмен келісе отырып, рефлексияның адам өмірінің барлық 
кезеңіне қатысты, жан-жақты құбылыс екенін байқаймыз. 
Рефлексия – адамның өзін-өзі тануы, өз ойын, идеяларын, сезімдерін, арман-
тілектерін ой елегінен өткізу, бағалау. Ол тіл мен ойлау, тіл мен интеллект, тілдік сана, тіл 
мен сөйлеу сияқты мәселелерді қамтиды. Яғни, тілдік рефлексияны анықтаудың 
алғышарттары – ол ең алдымен тіл мен ойлау.
Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Ойлау болмаса тіл жоқ. Ал тіл 
болмаса ойлау нәтижесіз. Бұл қасиеттер тек адам баласына ғана тән категориялар. Біз тіл 
арқылы ойымызды сыртқа жеткізе аламыз. Және, сәйкесінше, ойлау арқылы санамыздағы 
идеяларды жүзеге асыра аламыз. Олай болса, тіл мен ойлау – біртұтас категориялар.
Тілдік рефлексия – өзінің және басқа адамдардың сөздеріне сын көзбен қарау. Ол адамның 
сөздік қорын байытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Кез келген ортада адам өзінің 
де, өзгенің де сөздерін ой елегінен өткізе білуі керек. Мұны істеу үшін олар алдымен өз 
әрекеттеріне есеп беріп, ойлануы керек [4, 132]. 
Нәтижелерді талқылау 
Ф. де Соссюр ойды тілдің семантикалық рөлімен байланыстыра отырып, тілді қағаз 
бейнесінде суреттейді: «Ой дегеніміз, сол қағаздың бет жағы, ал дыбыс – астыңғы жағы, 
егер қағаздың бет жағын, астыңғы жағын бүлдірмей кесіп алуға болмайтыны сияқты, 
тілде де дыбыстан, дыбысты ойдан бөліп алуға болмайды. Мұны тек абстракциялық түрде 
ажыратуға болады»-дейді [5, 69].
Тіл мен ойлаудың тілдік рефлексияға қатысы қандай? Тілдік рефлексияның 
қалыптасуы ең алдымен тіл мен ойлауға байланысты. Себебі, біз ең алдымен ойлаймыз
сол ойдың нәтижесін тіл арқылы көрсетеміз.
Рефлексия-ойлау арақатынасы туралы О.К. Тихомиров төмендегідей пікір 
білдіреді: «Ойлау – тұлға рефлексиясының қажет компоненті және рефлексия нысаны 
болып табылады» [6, 177].
Рефлексия адамның құбылысты, затты, оқиғаларды қабылдауына байланысты 
өзгеруі мүмкін. Өйткені қабылдаудың ролі маңызды. T. Clausner мен W. Croft тілді 
пайдалану адамдардың қоршаған ортадағы нақты дүниелер мен түрлі оқиғаларды қалай 
қабылдайтындығына байланысты дейді: “We fully agree, that language use is a critical 
constraint on the way people conceive of different real-world entities” [7, 247]. Біз бұл пікірмен 
толықтай келісеміз. Яғни, тілдік рефлексияның әр адамда әртүрлі қалыптасуына олардың 
танымы, қабылдау деңгейі тікелей әсер етеді. Мысалы, 7 жасар балаға тәрбиелік мәні зор 
ертегі айтып берсең, ол бала сол ертегінің сюжеті туралы біраз уақыт бойы ойлап жүруі 
мүмкін. Және кейбір эпизодтарына қайта оралып, сұрақтар қоюы ықтимал. Бұл оның 
қабылдау қасиеті жоғары екендігінің дәлелі. Интелекті жоғары бала «ертегідегі кейіпкер 
неге олай жасады? Мен олай жасамауым керек»,-деген тұжырым жасайды. Ал кейбір 12 
жастағы баланың өзі бұл ертегіні қанша рет тыңдаса да өміріне еш қатысы жоқ деп 
ойлауы мүмкін, яғни ол бала ертегіден ешқандай сабақ алған жоқ. Бұл баланың 
қабылдауы төмен. Сәйкесінше, оның тілдік рефлексиясы да баяу қалыптасады.
Қабылдауды қоршаған ортамен байланыстырып қарауды M. J. Falck пен R.W. Gibbs 
ұсынады: “Our perceptual systems evolved to facilitate the interaction with a real three-
dimensional world, so that perception is not a purely visual experience, taking place in the brain, 
but an act of the entire organism through guided exploration of the environment” [8, 252]. 
Ғалымдардың пайымдауынша, біздің қабылдау жүйелеріміз нағыз үш өлшемді әлеммен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет