«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет275/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   321
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
254 
өзара әрекеттесуді жеңілдету үшін дамыды, сондықтан қабылдау дегеніміз тек қана көзбен 
көру емес, қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға адам ағзасының 
кері байланыс әрекеті болып табылады. Әрине, қоршаған ортаның адамға әсері мол екені 
сөзсіз. Жоғарыдағы балаларға оралайық. Жеті жасар баланың қабылдауы неге жоғары? 
Біріншіден, оның үйінде тәлім-тәрбиені өмір шындығы арқылы үйрететін салиқалы ата-
анасы, немесе, ата-әжесі бар. Екіншіден, ол баланың мектептегі достары да тәрбиелі, 
өнегелі. Яғни, қоршаған ортаның оған тигізер пайдасы көп болды. Он екі жасар баланың 
да ата-анасы, ата-әжесі бар. Бұл бала да көргенді бала. Алайда, оның қоршаған ортасы 
басқаша. Оның достарының тәрбиелері басқа болғандықтан, оның тілдік рефлексиясы, 
қабылдауы, пайымдауы анағұрлым төменірек. Осы себепті, қоршаған ортаның тілдік 
рефлексияға әсері орасан зор деп айта аламыз.
Рефлексияның ақыл-ес, сана, таным, ойлау, түсіну, ұғыну секілді әрекет ету негізі 
бойынша біріншілік ұғымдары мен вербальдану секілді екіншілік ұғымдары 
лингвистикада, соның ішінде когнитивті лингвистикада, психолингвистика, әлеуметтік 
лингвистика салаларында зерттеле бастауына негіз болды [9, 113]. 
Рефлексияны анықтауда ең алдымен адамның ақыл-есі назарға алынады. Ақыл-
естің болуы – адамның өз-өзіне баға бере алуын, өзіне есеп бере алатындығын дәлелдейді 
[10, 16]. Демек, ақыл-есі дұрыс адамдардың барлығы өз әрекеттері мен сөйлеген сөздеріне 
рефлексия жасай алады. Рефлексиясының қай кезде қалай көрінетіні адамның ақыл-
ойының қандай деңгейде болуына байланысты. Ақыл-есі ерекше терең, өте дана адамдар 
қоршаған ортаның да әсеріне берілмей, өзіндік «менін» қалыптастыруға тырысады. Өз 
ісіне жауапты, тіл мәдениеті өте жоғары, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра білген жан 
өзге адамдардың рефлексиясының қалыптасуына да әсер етуі мүмкін.
Рефлексия – іске асырудың қайнар бұлағы ретінде тіл болып табылатын және өз 
ойын талдап, тани алатын адамның менталды үдерісі. Рефлексияны зерттеудің ерекшелігі 
– адамның өзін-өзі тануы, ойын, идеяларын, сезімдерін, арман-тілектерін ой елегінен 
өткізу, бағалау қабілеттерін зерттеумен байланысты [11, 85]. Егер адам өткен шағына көз 
жүгіртіп, жасаған іс-әрекеттеріне есеп бермесе, онда болашаққа нақты жоспар жасай 
алмайды. Себебі, ол өзінің жасаған әрекеттерінің нәтижелерін салыстырып, бағалай келе 
болашаққа бағдар жасай алады. 
Ғалымдардың пайымдауынша, рефлексияны анықтаудың әртүрлі формалары 
топтастырылады. Жалпы, рефлексияны уақытқа байланысты анықтаудың келесі түрлері 
зерттелді: 
1.
Ситуативті рефлексия. Адамның болып жатқан оқиғаға байланысты өз өзін 
ұстауы, оқиғаға енуі, оқиғадағы өз рөлін анықтауы, өзінің орнын білуі, өз іс-әрекеттерін 
бақылай алуы.
2.
Ретроспективті рефлексия. Рефлексияның бұл түрі өткен шақтағы оқиғалардағы 
адам әрекеттерін бағалау, талдауға бағытталған. адамға әсерін, өткен істегі әрекеттерін 
бағалауын, есеп беруін қарастырады. Бұл форма адамның жасаған қателіктері мен 
сәтсіздіктерін анықтау мүмкіндіктерін қарастырады.
3.
Перспективті рефлексия. Бұл форма жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді 
жоспарлау, ең дұрыс шешімдерді қарастыру процесімен сипатталады.
Аталған үш кезең адам өмірінің үш сатысы деп айтуға болады. Өткенге қарап 
қателіктерін бағамдап, осы шаққа қарап өз іс-әрекеттері мен сөз дұрыстығын 
бақылай алу, және болашаққа жоспар құра алу. Рефлексия адамның бүкіл саналы 
ғұмырына баға берер бағдаршам іспеттес. Қай форманы алып қарасақ та ең маңызды рөл 
атқарушы факторлар – тіл мен ойлау.
Бүгінгі таңда рефлексияны зерттеуші ғалымдар рефлексияның аталған үш түріне де 
тоқталады. Ситуативті рефлексияда адамның бүгінгі іс-әрекеттеріне есеп беруі зерттеледі. 
Бүгінгі іс-әрекеттерге не жатады?


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет