«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет276/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
255 
Адам баласы тек фильмнен ғана көрген заман туды. Көзге көрінбейтін бір 
вирустың дамуының салдарынан күллі әлем зардап шегуде. Адамдар денсаулықтың 
қадірін түсінгендей. «Пандемияны ауыздықтау өте қиын шаруа. Сондықтан оның зәрі 
сынып, уыты қайту үшін ең алдымен жоғары психологиялық сана мен сенім қажет. Егер 
бұл екі фактор жетіспесе – індетпен күрес ойдағыдай нәтиже бере қоюы екіталай» - деп өз 
ойын білдірді қазақстандық ғалым Амангелді Айталы [12,1]. Иә, жоғары психологиялық 
сана! Өте дұрыс айтылған ой. Егер біздің санамызда пандемия туралы ой тек 
қорқынышпен ғана шектелсе, немесе, керісінше жауапсыздықпен қарайтын болсақ, онда 
бұл індетпен күресе алмаc едік. Коронавирусты қабылдау дәрежесіне байланысты 
студенттерге қойылған сауалдар нәтижесінде үш топқа топтастырар едік:
1.
Жауапкершілігі төмен адамдар (санасы төмен, сенім жоқ) 
2.
Аса қорқыныш сезімі бар топ (санасы жоғары, сенім бар) 
3.
Жауапкершілігі жоғары топ (санасы жоғары, сенім бар) 
Қатысушылар: 
Эксперименттік база ретінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Филология 
жоғары мектебі 5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті және 5В020500-филология 
мамандықтарының 1 курс студенттері алынды.
Құралдар: Google Forms қызметі. 
10 сұрақтан тұратын сауалнаманы әзірлеп, Google Forms қызметін пайдаландық. 
Сауалнама сұрақтары 
1. Сіз коронавирустың бар екеніне сенесіз бе? 
2. Сіз аурудың бірінші толқыны кезінде коронавирустың бар екеніне сендіңіз бе? 
3. Коронавирустың бірінші толқыны кезінде бетперде киіп көрдіңіз бе? 
4. Бірінші толқын кезінде сіз қоғамдық орындарға барудан қорықтыңыз ба? 
5. Сіз коронавирус туралы жаңа ақпарат іздедіңіз бе? 
6. Пандемияға байланысты мазасызданғаныңызды айта аласыз ба? 
7. Коронавирустың бірінші толқыны кезінде үйге қонақ шақырдыңыз ба? 
8. Коронавирустың бірінші толқыны кезінде үйіңізден шықтыңыз ба? 
9. Сіздің ойыңызша пандемия жағдайында қашықтан оқу нәтижелі болды ма? 
10. Қашықтан оқу кезінде сабаққа деген ынтаңыз қандай болды?
Бірінші топтағылар вирустың барына о бастан сенбеушілер. Қоғамда болып жатқан 
оқиғаға ене алмай, өз рөлін таба алмай жүрген топ. Яғни, сәйкесінше, тілдік рефлексиясы 
да төмен болуы мүмкін. Әрине, тілдік рефлексиясы жоғары да болуы мүмкін, алайда 
психологиялық тұрғыдан алғанда сана мен ойлау дәрежесі төмендеу болуы мүмкін. Бұл 
жерде сана,сезім, ойлау қабілеттерінің маңызы зор. Вирустың бар екендігіне сенбей, 
аурудың алғашқы толқынында қоғамдық орындарға қорықпай барып, бетперде тақпай 
жургендіктен ауру жұқтырып алған кісілер осы топ мүшелері болып табылады.
Екінші топ өкілдері – байбалам салып, ақпаратты ұлғайтып қабылдаушылар. 
Бүгінгі таңда болып жатқан осы бір жан түршігерлік жағдайда бұл адамдар өз ісіне
сөйлеген сөзіне де өте мұқият болып келеді. Алайда, сәл «күдікті» жағдай орын алса 
(көршілер немесе қонақтар келсе) бірден сабырдан айырылып, сақтық шараларын жасай 
бастайды. Тілдік рефлексия жоғары болуы мүмкін, ал психологиялық ахуалы сәл 
төмендеу. Санада үрей басым.
Үшінші топтағы адамдар өте сабырлы, сонымен қатар, жауапкершіліктері өте 
жоғары. Сақтық шараларын ережеге сәйкес жасайды. Оқиғадағы өз орнын біледі, өз ісіне, 
сөзіне жауап бере алады. Психологиясы жоғары, санада жауапкершілік басым. Бұл 
топтастырудағы мақсатымыз – бүгінгі таңда болып жатқан оқиғаға байланысты халықтың 
өз іс-әрекеттеріне, ойына, сөзіне рефлексия жасау дәрежесін анықтау.
Сауалнама нәтижесі бойынша «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 
студенттерінің 75 % үшінші топтағы жауапкершілігі жоғары топқа жатады. Ал қалған 
25 % екінші топқа жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет