Тірек сөздер:
ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау.
Текст тесно связан с актом разговора, способом общения, принципами их
использования. Текст представляет собой коммуникативную систематическую
личность, которая связана с явлениями мышления, сообщения, повествования,
восприятия, рассуждения и является основой для осуществления языкового общения
между людьми.
Ключевые слова: мышление, сообщение, повествование, восприятие, рассуждение.
The text is inextricably linked with the action of conversation, the method of
participation, and the principles of their application. The text is a participatory systematic
personality associated with the phenomena of thinking, communication, narrative, perception,
reasoning, which is the basis for the implementation of language communication between
people.
Key words: thinking, message, narrative, perception, reasoning.
Қазақ тілін өзгетілді дәрісханада оқытудың ең тиімді жолы – тілдік қатынас
заңдылықтарын қолдану екендігін қазақ тілін оқыту әдістемесінде алғаш рет зерттеп,
дәлелдеген профессор Ф.Ш. Оразбаева болды. Ғалым қатысым әдісін басшылыққа ала
отырып, сөйлесім әрекетінің оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, тілдесім
компоненттерін бір мақсатқа жұмылдыра дамыту арқылы ғана тілді үйренушінің саналы
білім алып, сапалы әрекет етуіне мүмкіндік туатынын негіздеді. Олай болса, осы сөйлесім
әрекеттерін дамытудағы дамыта оқыту техологиясының рөлін анықтау үшін тілдік
бірліктердің сөйлесімді жетілдірудегі мәнін ашу қажет. [2, 4]
Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде екінші тілді меңгерту қатысымдық тұлғалардың:
сөздің, сөз тіркестерінің, сөйлемнің, мәтіннің үйренуші тілін дамытудағы орны анық
белгіленген. Бірақ әр тілдің өзінің табиғи болмысына қарай оларды қолданудың өзіндік
ерекшеліктері бар. Мәселен, бір ғана сөзге қатысты мәселені таратып айтар болсақ,
дамыта оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертуде студенттердің әрбір сөздің
мағынасына мән беруге ерекше көңіл бөлінді. Өйткені сөз – тілдік қатынастың ең
маңызды құралы. Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруға тірек болатын ғылыми
қағидаларды
негіздеуде
А.Байтұрсынұлының,
Қ.Жұбановтың,
К.Ахановтың,
Р.Сыздықтың, Ә.Болғанбаевтың, С.Исаевтың, сонымен қатар Фердинанд де Соссюрдің,
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
Достарыңызбен бөлісу: |