«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 281
Ю.В.Фоменконың, Б.Н.Головиннің, А.И.Смирницкийдің, т.б. сөз бен сөйлесімнің бірлігі
туралы айтқан тұжырымдары басшылыққа алынды. [1, 3]
Дамыта оқыту технологиясы аясында студенттердің сөйлесім әрекеттерін
жетілдіруде профессор Ф.Оразбаеваның «тілдік қатынастың бір бүтін тұлғасы болып
табылатын мәтін адамдардың қарым-қатынасын іс жүзіне асыратын материал ретінде
және өзара түсінісу, пікірлесу, ойды жеткізу тұлғалары түрінде зерттеледі» деген пікірі
басшылыққа алынды. Өйткені мәтін сөйлесім әрекетімен, қатысым әдісімен, олардың
қолданылу қағидаларымен тығыз байланыста болады. Мәтін – ойлау, хабарлау, баяндау,
қабылдау, пайымдау құбылыстарымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік
қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық жүйелі тұлға. Мәтінмен жұмыс түрі.
[1, 2]
ҒАЛАМ ЖӘНЕ ҒАСЫР
Сөздікпен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз: жарқын, ғаламат, ғажайып, ғалам, дүр
сілкіну, жұлдызды сәт, мәлім, саңлақ, екшеу, бірауыздан, бір-біріне, дөп келу.
2. Ойтүрткі.
Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар
а. Ғасыр оқиғасын айтыңыз.
ә. Ғасырдың ең бай адамы кім?
б. Ғасыр сыйлығы.
в. Ғасыр аңызы.
г. Ғасыр ғалымы.
ғ. Ғасырдың ең қайырымды адамы кім?
д. Ғасыр апаты.
е. Ғасыр диссиденті.
ж. Ғасыр спортшысы.
з. Ғасыр ғимараты.
и. Ғасырдың ғылыми жетістігі.
Оқыңыз.
Әр жүзжылдықтың жарқын жаңалығы, ғаламат ғажайыптары, ғаламды дүр
сілкіндірген жұлдызды сәттері болатыны баршаға мәлім. ХХ ғасырда да маңызды әрі
танымал оқиғалар көп.
Әрине, ғасырдың кереметтерін, әр саладағы саңлақтарын, дәуірдің дара
туындыларын саралау мен анықтау оңай емес. Әлемнің жер-жеріндегі түрлі қоғамдық
ұйымдар мен мекемелер, газеттер мен журналдар, алуан тілде сөйлейтін арналар мен
экрандар өкілдері, беделді фирмалар мен компаниялар ұйымдастырған жүздеген мың
сауалнамаға қатысушылардың пікірлері, ойлары дауыс беру арқылы екшелініп
сұрыпталды. Ғалам кейіпкерлері мен кереметтері анықталды. Бір ғажабы, дүние жүзінің
әр шалғайында өткізілген суперконкурстар мен байқаулардың негізгі нәтижелерінің
көпшілігі бір-біріне дөп келіп, сәйкес келуімен қатар, кейбір адамдардың есімдері
бірауыздан аталуы ешкімді де таңқалдырмаса керек. Себебі, әлемдік жетістіктер
шекараны білмейді, ұлтқа бөлінбейді. Ғарышкер де, қаламгер де, инженер де, сахна
суреткері де әлемге ортақ.
Сонымен тыңдаңыз (Оқытушы өзі оқиды немесе магнитофон қолданылады):
Ғасыр оқиғасы. Адам баласының ғарышқа ұшуы әлемді дүр сілкіндіргені белгілі.
Бұл оқиға, ғылымның ғажайып осы жетістігі қазақ жерінде – Байқоңырда болды.
Ғасырдағы ең бай адам
. Әлемдегі ең ірі “Microsoft” компьютер корпорациясының
негізін қалаушы, 44 жасар Билл Гейтс, компьютер данышпаны. Ол жасаған бағдарламалар
жүйесін компьютер әлемінің 83% пайдаланады. Планетаның ең бай бизнесмені болып
саналатын оның жеке табысы қазір 85 миллиард доллар.
Ғасыр сыйлығы. Бүгінгі таңда сыйлықтардың “атасы” – Нобель атындағы сыйлық.