«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 283
Жоғарыдағы мәтіндерден тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз. Сабақтың
жүйесі тәуелдік жалғауына негізделген. Тәуелдік жалғауы туралы оқытушының шолуы,
қорытындысы.
Тыңдаңыз (Мәтінді оқытушы оқиды немесе магнитофон таспасы арқылы беріледі):
Аудиомәтін бойынша тапсырма:
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
а. Апат қайда, қашан болды?
ә. Радиация мөлшерін Хиросима, Нагасакимен салыстырыңыз. Қандай цифрлар
аталды?
Мәтінмен жұмыс жоғарыда айтылған қатысымдық бірліктерді өзара тығыз
байланыста қолдануға мүмкіндік береді. Мәтіннің өзіндік ерекшеліктері, оның
мазмұндық-құрылымдық жүйесі алуан түрлі мақсаттағы, көлемдегі, сипаттағы мәтіндерді
талдау арқылы меңгертілді де, олар оқытудың өн бойында орындалатын СӨЖ және
СОӨЖ жұмыстары түріндегі практика жұмыстарында тексеріліп, білім қорытындысы
ретінде бағаланды. [2, 4]
Бүгінгі таңдағы мемлекеттің сұранымы – ойлауы жан-жақты дамыған, тілге шебер
және мемлекеттік тілдегі іс-қағаздарына жауап беріп, бейресми және ресми жағдаяттардан
жол тауып шыға алатын, өзінің өмірдегі мәнін түсінетін, өз ісіне жауап беретін азамат
тәрбиелеу. Ол тапсырыстың орындалуы мұғалімдердің кісілік қасиеттері мен кәсіби
шеберлігіне көп байланысты. Тіл – адам қалыптастырудың бір өзегі, адамның жан-
дүниесінің айнасы, адамның қоғамда алатын орнын белгілеуші фактор. Сол себепті тілді
меңгерту мен психология ілімінің тоғыса жүзеге асуы маңызды болып табылады. Жоғары
оқу орнында қазақ тілі алғашқы жылдарда оқытылады. Олай болса, бірініші курс студенті
– кеше ғана мектеп қабырғасында жүрген оқушы. Ол – дамудың жаңа сатысына
көтерілген субъект. Сондықтан бұл кезеңдегі студенттің мынадай психологиялық
ерекшеліктері ескерілуі тиіс [1, 5].
1. Студент үшін, ең алдымен, орта – жаңа. Жаңа ортаның «жаңа» қырлары өте көп.
Оның жалпы жоғары оқу орны, студент болу деген ұғымдары осы алғашқы курстағы
алған әсеріне қарай қалыптасады. Сондықтан оқу үдерісінде жаңа ортаның студенттің
психологиясына тигізетін әсерін сырттай бақылаушы болмай, олармен тығыз адами
қатынас орнатуға көңіл бөлінді.
2. Мектептегі білім беру мен жоғары оқу орнының білім беру жүйесіндегі
алшақтық та студенттің оқуға қатынасына ерекше әсер ететін басты фактор. Әсіресе,
қазіргі таңдағы студенттің білімді өздігінен ізденіп табуын талап ететін кредиттік оқу
жүйесі кешегі мектеп оқушысы үшін мүлде жаңа. Оның үстіне мектептің қазірге дейін
оқытудың ескі жүйесінен арыла алмауы жаңа жүйеге бейімделуіне айтарлықтай әсер
етеді.
3. Бірінші курс студентінің өмір салтында да түбегейлі өзгеріс болады. Ата-
анасының қамқорлығынан алыста, бөтен ортада өзін-өзі дәлелдеу үшін «күрес» жүретін
шешуші шақ та – осы алғашқы курс. Жаңа ортада дос табу, өзгелермен тіл табысу да –
үлкен сын. Бұл жағдай студентке екі жақты әсер етуі мүмкін. Біріншіден, жаңа ортаға
бейімделуге ұмтылыс туады да, студент өзін жақсы қырынан танытуға ерекше мүдделі
болады. Бұл оның оқу үлгерімінің де жоғарылауына стимул болуы мүмкін. Екінші
жағынан, өзінің өзі туралы бағасы мен сыртқы ортаның берген бағасы сәйкес келмей
қалғанда, ол өзін-өзі «тастап жіберуі» де әбден мүмкін. Мұндай жайт, керісінше,
студенттің өзіне деген сеніміне селкеу түсіреді. Оқытушының осы екі жағдайды да өзінің
кәсіби мақсатына лайық дұрыс бағамдай алуы студенттің келешек тағдырында шешуші
мәнге ие болады. Сондықтан студентпен серіктес, тілектес адам ретінде әрекет етудің
әсері үлкен.
4. Қазіргі өзгетілді мектептердегі қазақ тіліне деген салғырт көзқарас та студенттің
жоғары оқу орнындағы қазақ тіліне қатынасына кері ықпал ететінін өмір тәжірибесі