«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет302/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   321
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
278 
бұрын дүниеден өтеді емес пе?! Осылайша, түс жорушы сөзді тауып айтып тығырықтан 
жол табады. 
Ал бүгінде оқытушыларымыз бен студенттеріміз сөз мәдениетінің экологиялық 
аспектісінде ата-бабадан қалған осы қағидаларды қалай сақтап жүр? «Сөз саптауы тілдік 
ортаға үлгі болатын, сөз өнеріне машықтанған жазушы, мәдениет, өнер қайраткерлері
ғалымдар, жоғары мектеп оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, журналист т.б. қалам 
ұстап, шаршы топта сөйлейтін сөз шеберлерінен жұртшылық парасатты, мәдениетті, 
мазмұнды сөз естігісі келеді. Алайда шаршы топтағы, баспасөз беттеріндегі пікірталас 
мәдениеті, сөз мәдениеті ойдағыдай деңгейде болмай, төмендеп барады» [1, 5]. Жоғарыда 
аталған мәселелерді ескере келе, педагогикалық қарым-қатынас экологиясына талдау 
жасап көрдік. 
Оқытушы мен студент қарым-қатынасын талдау нәтижесінде педагогтың 
дискурсивті қызметін анықтайтын негізгі құндылықтық қағидаларын көрсетуге болады. 
Олар: студентке деген құрмет, шынайылық, гуманизм қағидалары.
Бірінші қағида студенттің өмірлік ұстанымы мен жеке ерекшеліктеріне деген 
құндылықты қатынасты қалыптастыруда байқалады. «Оқытушы мен студент арасындағы 
тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі моральдық нормалары бар, олар – өзінің 
тыңдаушыларының әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен 
және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту» [3, 10]. 
Аталған қағиданың вербалдануының бір тәсілі – студентке бағытталған әділ 
бағалауыштық пікірлердің білдірілуі. Оқытушы мен студенттің өзіндік пікірлері үнемі бір 
арнаға тоғыса бермейді. Мұндай жағдайдың шиеленісуі не тілдесушілердің ымыраға келуі 
олардың сөз саптауына, яғни коммуникативтік құзыреттілікке тікелей байланысты. 
Құрмет қағидасы студентке деген қамқорлық арқылы да білдіріледі.
Шынайылық қағидасы оқытушының студентке өзі жүргізетін пәні бойынша
қоғамдық-саяси оқиғалар, әлеуметтік мәселелер, кәсіби қызметте кездесетін қиындықтар 
жайлы обьективті ақпарат беруі кезінде байқалады. Сөздің көркемдігі мен құндылығы – 
шындығында. Бұл қағида Б.Момышұлының «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, 
шындықтың уын ішіп өлген артық» деген ойын қарым-қатынаста білімгердің санасына 
сіңдіруді 
мақсат 
тұтады. 
Мәселенің 
екінші 
жағы 
шындықты 
жеткізудің 
экологиялылығына байланысты. Өйткені шындық айтқанға оңай, бірақ арқалар жүгі ауыр 
келеді. Сондықтан ұсынылатын ақпарат студент үшін пайдасы тұрғысынан іріктелуге 
тиіс. Ол педагогикалық қарым-қатынастың экологиялығының артуына не кемуіне ықпал 
ете алады.
Гуманизм қағидасы студенттің білім алуына оңтайлы жағдай жасау, оның 
психоэмоционалды жағдайын жақсарту арқылы сипатталады. Ол екі түрде: позитивті 
ойлауға дағдыландыру және қатысымдағы серіктестің жеке ерекшеліктерін ескеру арқылы 
жүзеге асады. Позитивті ойлауға дағдыландыру ең алдымен мотивация, істің нәтижелі 
болатыныныа сендіруден басталады. Үйрену процесінде өз жұмысы мен әрекеттерінің 
сәтті шығуына ниеттелмеген шәкіртте өмірінің басқа мезеттерінде өз ісінің одағыдай 
аяқталуына сенімі болмайды. Сондықтан қарым-қатынас барысында үнемі студентті 
жігерлендіретін құрылымдарды пайдалану да тиімді. Қазір оқытушы басым болатын, 
студент 
тек 
оқытушының 
айтқанын 
ғана 
орындайтын 
субьект-обьектілі 
коммуникацияның орнын тілдесушілердің серіктестігіне негізделген субьект-субьектілі 
қатынас алмастырды. Студент субьекті болу үшін өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету, өз-өзіне 
сену, өзін-өзі анықтау сияқты үдерістердің мәні мен маңызын ұғына білуге тиіс. Мұндай 
қарым-қатынаста әр студенттің жеке ерекшелігі, мінез-құлқы ескеріледі. 
Педагогикалық қарым-қатынастың экологиялылығы ерекше тілдік құралдар 
арқылы жасалып, дамиды. Олардың кейбірі әмбебап болса, кейбірі аталған дискурсқа ғана 
тән. Педагогикалық қарым-қатынас стилдері мен негізгі құндылықтық қағидаларын 
ескере отырып, оқытушы мен студент қарым-қатысын экологиялылық негізде құру үшін 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет