«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет290/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
269 
басқаның пікірін сыйлауды меңгерту,мазмұндап айтуға дағдыландыру. Жалпы ана тілін 
оқытуда оқушылармен мәтінмен жұмыс жасалды. 
Мәтінді жылдамдықпен оқу техникасы, сөзді буынмен оқу, түсінгендерін өз 
сөздерімен әңгімелеп айту, тіл мәдениетін жетілдіру, топ алдына шығып сөйлеуге баулу. 
Сабаққа арнайы көрнекіліктер де дайындалды. Оқушылардың сабаққа деген 
қызығушылықтары артып, барлықтары бірдей қатысып, сұрақтар қойылып,кері байланыс 
жасалды. Бөлім бойынша өткен тақырыптарға тест сұрақтары құрастырылды және тест 
сұрақтарына жауап берілді. Берілген тапсырманы орындаған алғашқы 5 оқушыға жоғары 
балл қойылды. Әр өткен сабақ қызықты,пайдалы өтті деп есептейміз. 
Сабақтың 
тәрбиелік 
мәні, 
сыйластық 
құндылықтарына 
тәрбиелеу, 
әдептілік,кішіпейілдік,ізеттілік,сыпайылық,басқа жанды да дәл өзіндей көріп, сыйлау.Ал 
енді сабақты қорытындылай келе, ертегіде айтылған негізгі ой оқушыларды мейірімділік, 
сыйласымдылық, досқа деген адалдыққа баулу, осы ертегі арқылы оқушының сөздік 
қорын байыту, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеру, қиындықты еңсеру, төзімділік, 
шыдамдылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, достыққа үйрету деп білеміз.
Өте кең тараған ертегілік қаһарман – түлкі. Ол – асқан айлакер, екіжүзді де қу. 
Залымдылығының арқасында ол көбінесе жолбарыс, қасқыр, аю сияқты өзінен күшті 
жыртқыштарды үнемі жеңіп жүреді: еттің дәмін тат деп қасқырды апанға түсіреді, өзін 
ордан шығару үшін ешкіні алдап, мүйізін пайдаланады, аңқау аюдың масқарасын 
шығарады. Бірақ түлкінің осыншама айлалы әрекеттері оның өзінен әлдеқайда әлсіз 
жануарлармен немесе адамдармен қақтығысы үстінде ашылып я болмаса әшкереленіп 
отырады.
Мәселен, бірде түлкі әтештен алданып қалады, бірде оны бөдене ақымақ қылып 
кетеді, және бірде кенемен жарыста жеңіліс табады, енді бірде малшының итінен қорқып, 
зәресі кетеді. Түлкі өзінен күшті, бірақ ақыл-айласы төмен айуандармен кездескенде әр 
уақытта олардан қулығы мен сұмдығын асырып отырады, ал өзінен әлсіздерге зұлымдық 
көрсеткенде, керісінше, ақыл-айласынан айырылып, басқа жыртқыштар сияқты жеңіліс 
табады. Түлкі образынан жалпы ертегі жанрына тән эстетика заңы анық байқалады: ертегі 
қашан да әлсізді, зәбірленіп жапа шеккенді қорғайды, соны жақтайды. 
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілеріндегі екінші басты тұлға – қасқыр. Ол да 
жалпыға мәлім – ақымақ та ашқарақ. Түлкінің алдағанына иланып, өзінің көтен ішегін 
суыртып қаза табатын да, ешкі, қой, жылқы сияқты жануарлардан алданып қор болатын 
да қасқыр. Сонымен бірге қасқыр – зорлықшыл, зорлықшыл болғанда сәтсіздікке көп 
ұшырайтынның өзі. Ол әрі сараң, әрі қорқақ. Қасқырдың басын көрсеткен қойдан қорқып 
қашатын да жері бар. Тіпті, қиын-қыстау кезеңдерде ақылымен жол тауып кететін қозы 
мен лақтан әлсіз болып шығады. Енді біз, айтқан ойымыз дәлелді болу үшін 1 сыныпта 
оқытылатын «Егінші мен қасқыр» ертегісін оқытуды әдістемелік жағынан талдап 
көрсетсек: «Егінші мен қасқыр» туралы ертегінің мәтіндік мазмұнын айтып көрсетер 
болсақ: 
Автор: Егінші таңсәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, 
қолына нан алып жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп: 
Қасқыр: -Адам, не жеп отырсың? -деп сұрады. 
Егінші:-Нан 
Қасқыр:-Маған да наныңнан берші! 
Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан 
да ол егіншіге мынадай тілек білдірді: 
Қасқыр: -Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді. Сен 
маған оны табудың жолын үйретші…. 
Егінші қасқырға: -Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, -деді. 
Қасқыр:-Содан соң нан бола ма? 
Егінші:-Жоқ, жерді жыртып, тырмалап, боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің… 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет