«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 268
еліктеуші болғандықтан, үш түрлі еліктеуге тиіс: затты немесе нәрсені сол күйінде
бейнелеу; затты немесе нәрсені елдің айтуы, бағалауы бойынша бейнелеу; зат немесе
нәрсе қандай болуға тиіс тұрғысынан бейнелеу» [1].
Міне, сәби кезінен бастап жеткіншек еліктеудің осындай түрлерін басынан
кешіреді.Мақаламызда біз енді жануарлар туралы ертегіге тоқталмақпыз. Жануарлар
жайындағы ертегілер адамзат тарихының өте көне заманында, аңшылық өмір кезеңінде
туындаған деп білеміз. Ол кездегі адамдар кейбір аңдарды қасиетті деп санап, оларды
қадірлеп, қадір тұтқан, өздерімен туыстас деп ойлаған, ал кейбір жануарларды рудың
бабасы, көшбасшысы деп сенген. Аң аулап, өздерінің тамақтарын табуда осындай
аңдардың мейірі түспесе, аңшылардың жолы болмайды деп түсінген. Сондықтан
ертеректе ер азаматтар аң аулауға кеткенде, әйелдер үйде отырып, сол аңдарды мақтаған,
оларға арнап неше түрлі әдемі әңгімелер, өлеңдер шығарған. Оларды өте күшті, айлалы,
айбарлы етіп бейнелеген. Мұндай мақтау ертегілер мен әңгімелерді ол аңдар естиді, содан
соң мейірленіп, көмектеседі деп сенген. Соңында, аңшыларға көмек болады деп
пайымдаған.
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерін үш топқа жіктеуге болады. Біріншісі –
шығу мерзімі жағынан ең көне миф жанрымен байланысын толық үзе қоймаған,
жануарлардың пішініндегі, немесе жүріс-тұрысындағы, я болмаса мінез-құлқындағы,
әйтеуір қандай да болсын ерекшелігін түсіндіре баяндайтын этиологиялық ертегілер.
Екіншісі – Шығыс және Батыс халықтарының көпшілігіне мәлім, яғни дүниежүзі
елдерінің жануарлық эпосын құрайтын классикалық ертегілер. Бұлар бүгінгі дәуірде
балалардың үлесіне тиген. Қай елдің болсын жануарлар жайындағы классикалық
ертегілері адам мінезінің ақылдылық, ақымақтык, қулық-сұмдық сияқты жақтарын
қарапайым аллегориялық формамен ашып береді. Үшінші топқа мысал ертегілер
(апологтар) жатады. Бұл ертегілер көбінесе кітаби болып келеді де, әдебиетке жақын
тұрады. Мұнда жануарлар бейнесі шартты түрде алынғанмен, ғибрат ашық айтылады [2].
Енді осы үш топты жеке-жеке, нақты мысалдар арқылы қарастырайық.
Атап айтсақ, 1 сыныпта өткен «Түлкі мен тырна» ертегісінің оқыту әдістемесіне
тоқталайық.Оқушылар әліппе кезеңін енді ғана аяқтап, ана тіліндегі мәтіндерді буындап
оқып, мазмұнын түсініп, қайталап айтып беруге дағдыланады. Ол үшін мәтінді мәнерлеп
оқып, оқушылардың не түсінгенін сұрақ-жауап арқылы сұраймыз. Балалардың мәтінді
қабылдау дәрежесі әртүрлі болғандықтан әркім өз ойларын ерекше бір толғаныспен
жеткізіп беруге тырысты.Мұғалім ертегінің не мақсатпен берілгенін түсіндіріп айтып,
талқылап берді. Олар ертегіні оқыған соң түлкі мен тырнаның айырылмас дос екенін
білді. Енді балаларға жетекші сұрақ ретінде «достық» деген сөздің мағынасын қалай
түсінетінін сұрап сұрақ қойылды.
Оқушылар бір-бірімен жарыса қол көтеріп, екі адамның бір-бірімен дос болуы,
сыйласуы,көмек көрсетуі, бірге жүруі деп шуласа жауап берді. Содан кейін түлкі мен
тырнаның дос болып, үйлеріне шақырысқан кездегі сыйластықтары қандай, олар тамақты
қандай ыдыстармен берді деген сұраққа жауап іздедік.Түлкі тырнаның үйіне барғанда
тамақты құмыраға құйып бергенін, түлкі құмыраға тұмсығы сыймай іше алмағанын, ал
тырнаның шұқып жеп тамақты тауысып ішкенін сөз қылды.Балалар, қалай ойлайсыңдар,
тырнаның досы түлкі досын күткені дұрыс болды ма? –деген сұраққа ,оқушылар жарыса
жоқ деп жауап берді. Себебі, тырна мойны ұзын болғандықтан тамақты өзі тауысып жеп,
түлкі аш қалды. Ал түлкі тырнаны қонаққа шақырғанда өзі істеген қылығын досына
қайталап берді. Бұған тырна досы ашуланып, мен аш қалдым деп ренжиді.
Бұл ертегіні оқытудағы танымдық мақсат оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,
достық туралы түсініктерін кеңейту,сыйласымдылық деген нәрсенің не екенін ұғыну,
қазақ ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ояту,бір-біріне сұрақ қоя білуге
үйрету,сөйлеу дағдысын жетілдіру, топтық жұмысқа баулып, постер құруға төселдіру,
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции