«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 33
ӘОЖ 82-1/-19 АРЫСТАНБАЙ ТОБЫЛБАЙҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ МҰРАСЫ Батай Н.Н. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.Т. Тлеубердина Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 3 курс студенті E-mail:
Nuraim2110@mail.ru Бұл мақалада айтыс өнерінің дүлдүлі, «ақиықтай саңқылдаған» ақпа ақыны атанған Арыстанбай Тобылбайұлының ақындық мұрасы туралы сөз етіледі. Оның ақындық жолында болған жайттары туралы айтылады. Айтыстары сөзден сөз тудырып, бір уыс сөзді бір қаптай ғып түтіп, бір-бірімен әдемі қиыстырып, орайластырып айтылған. Айтыс жанрында Арыстанбай Тобылбайұлының маңыздылығы көрсетіледі. Тірек сөздер: айтыс, өнер жолы, ақын, Шоқан Уәлиханов, Кенесары хан В данной статье рассказывается о поэтическом наследии Арыстанбая Тобылбайулы, мастера искусства айтыса, ставшего «настоящим» поэтом. В ней рассказывается о событиях его поэтической карьеры. Показана значимость Арыстанбая Тобылбаевича в жанре айтыса, который мастерски владеет словом, умеет импровизировать, находить емкое и не редко острое слово. Ключевые слова: айтыс, путь искусства, поэт, Шокан Уалиханов, Кенесары хан In this article we will talk about the poetic heritage of aitys, poet, akyn Arystanbai Tobylbayuly, who achieved the art. Which tells about what happened on his poetic path, shows the importance of aitys, how much mastery of the word, the ability to improvise, to find a capacious and not infrequently sharp word. Key words: aitys, the way of art, poet, Shokan Ualikhanov, Kenesary khan XIX ғасыр – Алаш тарихында ерекше із қалдырған, қазақ халқында зиялы және
қайраткер қауым өкілдерінің артуымен дараланады. Солардың ішінде ер жігітке тән мінез
бен болмыс, серіліктің саф үлгісі қалыптасып, қарқынды дамыған киелі жер – Көкше өңірі
екені анық. Көкше өңіріндегі әншілік-ақындық, айтыскерлік дәстүрлердің зерттелмеген
тұстары, сол уақытта өмір сүрген талантты тұлғалардың мұралары ұшан теңіз. Сондай
жандардың бірі артында қалдырған мәдени-рухани мұрасы бар қазақ баласына ортақ және
әр қазақ мақтанатын Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды тұлғаларға үлгі болған,
қазақтың ақындық-айтыскерлік өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Арыстанбай (кей
деректерде Арыстан) Тобылбайұлы (кейде Тобылбай деп те аталады) десек болады.
Ол 1811 жылы қазіргі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген.
Әкесі – осы өңірге есімі белгілі Тобылбай би. Арыстанбай ақын сан қырлы талант иесі
болған. Бала кезден қолына үкілі домбыра ұстап, күмбірлете ән шырқаған, қиссалар мен
дастандарды мақамына, нәшіне келтіріп, сазды даусымен сызылта, сыңғырлата жырлаған,
сондай-ақ Орынбай, Шөже, Сералы, Тоғжан сынды суырып салма саңлақ ақындармен
айтысқан. Оның туындылары бүгінгі күнге өте аз көлемде жеткен. Дегенмен, ақынның дәл
осы аз да болса құнды, көркем, мән-мағынасы терең мұрасына кеңінен тоқталсақ.
Арыстанның жыршылық өнері жайында қазақтың атақты ғалымы, ориенталист,
тарихшы, этнограф, фольклортанушы Шоқан Уәлиханов мағыналы лебіз қалдырған
болатын. Ол «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» деген еңбегінде «Ер Көкше»
және «Ер Қосай» қиссаларын әдемі әрі тұтас айтатын бір ғана өнерпаз бар еді. Ол
Көкшетау дуанындағы Қойлы Атығайдан шыққан Арыстанбай болатын.», - деп жазған [1, 37].