Филологические науки



Pdf көрінісі
бет72/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   160
уақытша, bona fide 
– 
ақиқат, de facto(латын) 
– 
шын мәнінде (заң 
жүзінде емес, бірақ ақиқат), de jure 
– 
заң бойынша, example gratia 
– 
мысалы, id est 
– 
басқа сөздермен айтатын болсақ, modus Vivendi - 
уақытша келісім
және т.б. Құрамында мұндай кірме сөздері бар саяси 
дискурсты аударғанда да мұқият болған жөн. Себебі бұл сөздер өте жиі 
кездеспегенімен де, ағылшын тілінің саяси дискурсында қалыптасқан 
сөздер қатарына жатады. Кірме сөздердің аударма барысында 
қиындықтар тудыратыны анық. 
Қазақ тілінде ағылшын, француз немесе латын тілдерінің сөздері 
сирек кездеседі. Алайда, ағылшын тіліндегі терминдердің пайдаланылуы 
да жоққа шығарылмайды. Олар ағылшын орфографиясымен жазылады 
немесе калькілеу, транскрипция немесе транслитерация әдістерімен 
қазақ тіліне аударылады. Мысалы
, “актор” (actor), “аутсорсинг” 
(outsoursing), батальон (battalion), НАТО (NATO).
Дегенмен, кез келген 
нақты баламасы жоқ терминдерді түпнұсқа тілдегі сөздерді калькілеу, 
транскрипциялау немесе транслитерациялау арқылы әрқашан аудара 
беру де ұтымды тәсіл деп ойламаймыз. Оның себебі, аударма тілінде 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 111 - 120


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
115
аударма жағдаятына қатысты сәтті басқа да аудару жолдары болу 
мүмкін деген пікірдеміз. 
Саяси тілдің тағы бір ерекшеліктерінің бірі – қысқартылған 
сөздердің жиі қолданылуы. Көптеген кең танымал қысқартулардың 
қазақ тіліндегі баламалары бар. Мысалы, 
GDP – ЖІӨ, POWs – әскери 
тұтқындар, ISIS – ИЛИМ, PI (Performance Indicator) – Тиімділік 
Көрсеткіші, UNO – БҰҰ, CIS – ТМД
. Қысқартылған сөздерді аударғанда 
аудармашыға айтарлықтай қиындықтарға кезігуі әбден мүмкін. 
Себебі ағылшын тіліндегі қысқартылған сөздердің көбісі жалпыға 
кең танымал сөздер болғанымен, қазақ тіліндегі тыңдармандар 
үшін қысқартылған сөздердің көбісінің мағынасын ашып, толықтай 
түсіндіріп аударуға тура келеді. Мысалы, ілеспе аударма кезінде 
ағылшын тіліндегі ақпаратта 
GDP 
деп айтыла беретін болса, қазақ 
тіліне аударғанда, жалпы ішкі өнім деп айтылуы шарт. “
uNO
” 
қысқартылған сөзін аударғанда да 
Біріккен Ұлттар Ұйымы
деп толық 
аударған жөн. Алайда, қысқартылған сөздерді әрқашан толықтай аудару 
шарт емес. Мысалы “
CIS
” қысқартылған сөзін аударғанда, алғашында 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
деп, кейінірек 
ТМД 
деп аудара 
беруге болады. Және бір мысал келтірсек, ОБСЕ қысқартылған сөзі. 
Қазақша баламасы – Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық 
Ұйымы. Аударма барысында алғашында толық нұсқасын айтып
кейінірек аударма барысында ОБСЕ деп те айта беруге болады деген 
қорытындыға келдік. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының тегісі 
дерлік қысқартылған сөз баршаға кең танымал болғандықтан, ОБСЕ 
деп бірден көрсетіп жүргендерін де байқаймыз.
Саяси дискурстың және бір ерекшелігі – сілтемелер мен 
дәйексөздердің кең қолданылуы. Олар негізінен дәйексөз авторларына 
тиесілі болады, кейінірек кең қолданысқа да ие болуы мүмкін. Мысалы, 
entangling alliances – іс-әрекет тәуелсіздігін шектейтін одақтар 
 
(Т. Джефферсон), the evil empire – жауыздық империясы (Р.Рейган), 
a rendezvous with destiny – тағдырмен кездесу (Ф.Рузвельт), the silent 
majority – үнсіз көпшілік (Р.Николсон, “молчаливое большинство”)
және тағы басқалары. 
Саяси дискурста жалқы есімді сөздер өте жиі кездеседі. Олардың 
ішінде географиялық және тарихи­мәдени нысандар, жер­су аттары 
болуы мүмкін. Осыған байланысты реалийлерді аудару мәселесі 
туындайды. Мұндай жағдайда аудармашы негізінен транскрипция, 
транслитерация, калькалау әдістерін пайдаланады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет