Филологические науки



Pdf көрінісі
бет74/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   160
Барлықтарыңызды 
танып тұрмын
” [5, 217 б.]. Бұл сөздерді Дж. Шульц сәлемдесу 
мақсатында айтқан болатын. Мұндағы туындайтын сұрақ: аудармашы 
түпнұсқа тілдегі феноменді аударма тіліндегі феноменге аудару 
құқығына ие ме, ие болса, оны қалай аударуға болады? Аударма 
барысында ұлттық немесе мәдени феномендер кездескен жағдайда 
экспликация әдісін пайдаланып аударуға болатыны анық. Алайда, 
уақыт тапшылығы себебінен мұндай әдістерді пайдалану мүмкіндігі 
әрқашан бола бермейді. 
Саяси дискурста жиі кездесетін қиындықтардың бірі – анекдоттар. 
Саяси дискурста спикердің анекдот айтқан мысалдары аз емес. 
Аудармашының анекдотты аударуда, оны дәл түпнұсқа тіліндегідей 
әсермен жеткізуде қиындықтарға тап болатыны сөзсіз. Біріншіден, 
анекдоттар әрқашан халық көңілінен шығып, қызық бола бермейді, 
екіншіден, анекдотты аудару өте қиынға соғады. Осыған қатысты 
бір мысал келтірсем: Біріккен Ұлттар Ұйымының бір аудармашысы 
сөйлеушінің анекдотын аудара алмай қалған екен. Сонда аудармашы 

Ханымдар мен мырзалар, оратор қазір аударуға келмейтін анекдот 
айтты. Бірақ, менің ойымша, егер сіздер қазір күлсеңіздер, ол 
қуанып қалар
”, – деген екен [6, 44 б.]. Ал танымал ресейлік лингвист 
А.Д. Швейцер бұл проблеманы шешудің басқа әдісің таңдаған екен. 
Сан алуан анекдоттарды әрқашан аудара білу мүмкін еместің қасы 
болғандықтан, ол өмірдің түрлі жағдайларына қатысты жазылған 
анекдоттар жинағын алып, ішіндегі күлдіргілердің барлығын жаттап 
алған екен. Ал аударма барысында анекдот естіп қалса, тақырыпқа 
қатысы бір анекдотты айтып, жағдайды шеше білген екен [6, 71 
б.]. Анекдоттардың қиындығы тек оны аударуда емес. Негізінен 
анекдоттар қандай да бір халықтың, қандай да бір мәдениет өкілдерінің 
тұрмыстық, нәсілдік ерекшеліктеріне немесе стереотиптеріне сәйкес 
туындайды. Демек, анекдоттарды аударудың және бір қиындығы – 
оны түсіну. Кәсіби аудармашы екі немесе одан көп тілді ғана емес, сол 
тілде сөйлейтін халықтардың мәдениетін де білуі шарт деген талап та 
осыдан келіп туындайды. 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 111 - 120


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
118
Мақалада қарастырылатын саяси дискурс аудармасының ең бір 
солқылдақ тұстарының бірі – әдеп пен сыпайылық мәселесі. [7, 59 б.]. 
Егер спикер өз сөзінде дөрекілікке бой алдырған болса, аудармашының 
спикердің сөзін дұрыстап, жанжалдың алдын алу құқығы бар ма? Бұл 
мәселенің саяси дискурс аудармашысы үшін қиындықтар тудыратыны 
сөзсіз. Корольдік жанұяның британдық аудармашысы, И. Кирилованың 
айтуы бойынша, ілеспе аударма барысында тіпті арада кідіріс болған 
жағдайда да кәсіби аудармашының спикермен сөйлесу құқығы жоқ [8, 
10­11 б.]. Тағы бір танымал аудармашы Б.Беглин бойынша, егер спикер 
тіл тигізген болса, аудармашы спикердің сөзін толықтай аударуы 
керек [8, 35­б]. Кейбір деректерге сүйенсек, аудармашы дипломат 
мәртебесінің иесі болса, немесе, аудармашы мен спикердің арасында 
сенімдік қатынас орнаған жағдайда ғана аудармашы “дөрекілікті”, 
“сыпайылыққа” ауыстыра алады екен [9, 24 б.].
Саяси дискурс аудармасының және бір қиындығы – түрлі 
тараптардың түрлі ұстанымда болуы. Мысалы, бір елде заңды болып 
танылған топ немесе бірлестіктер екінші елде лаңкестік топ ретінде 
танылуы мүмкін. Бұл туралы профессор А. Исламның “Ілеспе 
аударма негіздері” монографиясында былай делінген екен: “
Саяси 
дискурстарда бір елдерде лаңкестік топ немесе содырлар ретінде 
танылғандар, кейбір елдерде мүлдем басқаша бағалануы мүмкін. 
Бұндай жағдайларда түпнұсқада белгілі бір мағынадағы қандай 
лексикалық бірлік қолданылса, соның нақты аудармасы берілгені 
жөн. Өйкені, аудармашының басты міндеті – ақпаратты мейлінше 
толыққанды жеткізу” 
[10, 44 б.]. Шынында да, аудармашының 
ең бірінші мақсаты – сөйлеушінің сөзінің мағынасын ешқандай 
өзгерістерге ұшыратпай, ешқандай бұрмалаушылыққа жол бермей 
аударма тілінде қайта жаңғырту. Демек, бұндай жағдайға тап болған 
аудармашы сөйлеушінің айтқан сөздерінің аударма тіліндегі нақты 
баламасын беруі тиіс. 
Саяси дискурс – күллі дискурстардың арасындағы ең сезімтал 
салалардың бірі [11, 31 б.]. Оған қоса, қазіргі қалыптасқан саяси 
жағдайды және ақпараттық соғысты ескеретін болсақ, саяси дискурстағы 
ұқыптылық мәселесінің рөлі орасан зор арта түседі. Ал бұл мақалада 
келтірілген мысалдар саяси дискурс аудармасының лексикалық 
тұрғыдан және аударма тұрғысынан қаншалықты қиынға соғатынын 
дәлелдейді. Аударма саласының кез келген бағытында секілді саяси 
дискурсты аударудың ерекшеліктері мен қиындықтары жеткілікті екен. 
Мысалы, саяси лингвистикада жалқы есімді сөздердің, дәйексөздер 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 111 - 120


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
119
мен анекдоттардың, қысқартылған сөздер мен неологизмдердің, 
терминдер мен фразеологизмдердің, мәдени феномендер мен кірме 
сөздердің кеңінен қолданылатынына көз жеткіздік. Саяси дискурс 
аудармасында транслитреация, транскрипция, калькілеу тәсілдері 
жиі пайдаланылады. Оның себебі – қазақ тілінде ағылшын тіліндегі 
саяси, әскери, әлеуметтік терминдердің баламаларының бола бермеуі 
және қазақ тілінің лексика­грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес 
түсіндірме тәсілінің кең қолданылуы. Алайда мақалада келтірілген 
мысалдардан саяси дискурс аудармасының қай жағдайында болмасын 
нақты бір аударма тактикасын қолдану қажет деген ереже жоқ 
екендігін байқаймыз. Саяси дискурс аудармасының тағы бір қиындығы 
– жауапкершіліктің аса мол болуы. Мемлекеттік, халықаралық 
деңгейдегі мәселелер талқыланып жатқанда, аудармашының қателесу 
мүмкіндігі жоқ. Әр сөз, әр сөз тіркесі бұрмаланбай, дәл мағынасында 
аударма тіліне жеткізілуі тиіс. 
ӘДЕБИЕТ
[1] Анисимова Е.Е. Лингвистика текста и межкультурная коммуникация (на 
материале креолизованных текстов). – М.: Academia, 2003. – 35­б.
[2] Попова Т.Г. Интеграция языка и культуры как культурологическая 
реальность в процессе перевода // Пространства и концептосферы языка: структура, 
дискурс, метатекст: Матер. 3­Междунар. конф. по акт. проблемам теории языка и 
коммуникации. – М., 2009. – 361 с. 
[3] Попова Т.Г. Категория информативной насыщенности юридического 
дискурса // Профессионально ориентированное обучение иностранному языку.– М., 
2015. – 192 с.
[4] Родоман Н.В. Английский для магистрантов. Курс политперевода. – М., 
2009. – 298 с. 
[5] Палажченко П.Р. Несистематический словарь. – М., 2005.– 217 с.
[6] Чужакин А.П., Палажченко П. Р. Мир перевода, или Вечный поиск 
взаимопонимания. – М., 1999. – 44 с.
[7] Левитан К. М. Педагогическая деонтология. – Екатеринбург, 1999. – 71 с.
[8] Петренко К.В., Чужакин А. П. Мир перевода. 4. Top Translators Talk on Tape. 
Transcript to Audio Course. – М., 1999. – 35 с.
[9] Миньяр­Белоручев Р. К. Как стать переводчиком? – М., 1999. – 24 с.
[10] Ислам А. Ілеспе аударма негіздері: монография . – Алматы, 2012.
[11] Қалиұлы Б. Дискурс. Диалог. Мәтін. Олардың айырмашылықтары // 
ҚазХҚжӘТУ Хабаршы “Лингвистика және мәдениаралық коммуникация” сериясы. 
– 2011. ­ № 2 (7). – С.31. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет