Филологические науки


САЯСИ ДИСКУРСТЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет70/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   160
САЯСИ ДИСКУРСТЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН ҚИЫНДЫҚТАР
Култаев Е.К.,
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ магистранты,
yernur.kultayev@rambler.ru
Тірек сөздер:
саяси дискурс, коммуникация, трансформация, транслитерация, 
калька. 
Аңдатпа.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, қазақ 
тілі егемен еліміздің мемлекеттік тіліне айналды. Қазақ тілі жан­жақты қолданысқа 
түсе бастады, оның қызмет ету аясы да кеңейді. Осы орайда қазақ тілінің көптеген 
салаларда, соның ішінде, саяси дискурста қолданылуының маңызы артты. Мақалада 
саяси дискурсты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы ерекшеліктер мен аударма 
барысында туындайтын қиыншылықтар қарастырылады. Сонымен қатар, саяси 
дискурсты аудару жолдары айқындалады. 
Заманауи қоғамдағы саяси коммуникацияның рөлі ерекше. 
Көптеген әлеуметтік және саяси мәселелердің шешілуі – саяси 
коммуникацияның дұрыс әрі анық жүзеге асуымен байланысты. 
Саяси дискурстың прагматикалық әлеуеті зор, оның құрамында 
авторлық интенциялар мен жекелеген спикерлердің сөйлеу мәнері 
мен ерекешеліктері кеңінен көрініс табады. Дискурстың кез келген 
түрінде секілді саяси дискурста адресатты иландыру әрекеті жүзеге 
асырылады. Сөйлеуші адресатты иландыру үшін арнайы стратегиялар 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 111 - 120


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
112
мен амалдарды пайдаланады. Көп жағдайларда осындай амал­
тәсілдер саяси дискурс аудармасын жүзеге асыруда қиындықтар 
тудырады. Ал халықаралық деңгейде сындарлы диалог орнату үшін 
бұл ерекшеліктердің барлығы аударылатын тілге ешқандай нұқсансыз 
жеткізілуі шарт. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізіп 
халықаралық саяси аренада ауқымды жетістіктерге қол жеткізгенін 
ескеретін болсақ, саяси дискурс аудармасының мәні арта түседі.
Әлеуметтік­саяси мәселелерді аудару – аудармашыға жүктелетін 
ең ауыр және жауапкершілігі мол қызметтердің бірі. Себебі, 
тіларалық және мәдениетаралық ерекшеліктер, саяси дискурс тілінің 
ерекшеліктері аудармашыға айтарлықтай қиындықтар туғызады. 
Саяси дискурсты аудару барысында ерекше мұқият болу қажет. Саяси 
дискурсты аударудың ерекшеліктері мен қиындықтарына тоқталмас 
бұрын, “дискурс” және сәйкесінше “саяси дисурс” ұғымдарына 
тоқталғанымыз жөн. 
Соңғы уақытта “дискурс” термині кең қолданысқа ие болып отыр. 
Дегенмен, сөздің нақты, бірегей түсіндірмесін анықтау қиынға соғуда. 
Ал біз “дискурс” ұғымын лингвистикалық тұрғыдан қарастырып 
көрейік. Дискурс сөзі латынның” discursus” – қозғалыс, айналым 
сөздерінен шыққан. Уақыт өте келе сөз трансформацияға ұшырап, 
дискурс түрлі адамдардың бір мәселеге қатысты ортақ ойлары
идеяларымен ассоцияциялана бастады. Кейін мағына қайта өзгеріп, 
дискурс ұғымы вербальділік ұғымымен сіңісіп кетті. Яғни, дискурс 
дегеніміз “вербальді байланыс” немесе “вербальді коммуникация”
[1, 35 б]. Соңғы онжылдықта кеңінен таралған дискурс түсінігінің 
мағынасы да осы – вербалды коммуникация. Дискурс түсінігін 
мәтінмен шатастыруға болмайды. Әрине, екеуінің ұқсастықтары бар, 
алайда, айырмашылықтары да жеткілікті. Мәтін әрқашан дискурс бола 
бермейді. Бірақ, кез келген дискурстың құрамында мәтіннің болатыны 
түсінікті­ақ. 
Дегенмен, жоғарыда айтып өткендей мәтін өз күйінше дискурс 
бола алмайды. Ол вербальді байланысқа түсіп, оның қандай да бір әсері 
болған жағдайда ғана, ол дискурсқа айналады. Саяси дискурс дегеніміз 
саяси талқылауларда қолданылатын барлық сөйлеу әрекеттерінің 
жиынтығы. 
Саяси дискурс – мемлекеттік биліктің ресми тілі. Сондықтан, оның 
тыңдаушыларға әсер ету формалары көркем әдебиет, публицистикалық 
және ауызекі сөйлеу тілдеріндегі тілдік ерекшеліктерден өзгешеленеді. 
Сонымен қатар, коммуникация үдерісінде, әсіресе, әлеуметтік 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 111 - 120


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
113
мәселелер, қоғамдық тақырыптар қозғалғанда, тілдің мәдени­
әлеуметтік тұрғыда ерекшеленетінін айта кеткен жөн. Себебі мұнда әр 
жеке тұлғаның көзқарасы шешуші рөлге ие болады. Яғни, әр әлеуметтік 
топтың өзіне ортақ, түсінікті тілдік нормалары болады [2, 361 б.]. Ал 
дискурстың ең негізгі мақсаты адресатқа әсер ету болғандықтан, бұл 
ерекшеліктердің маңызы зор. 
Саяси дискурсты зерттеген тіл білімінің ғалымдарының 
арасынан Э.В. Будаев, А.П. Чудинов және Е.И. Шейгалды айтуға 
болады. Осы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, біз саяси 
дискурсты зерттеудің нысандары ретінде саяси БАҚ дискурсын (газет­
журналдар, радио, телевизия) және парламенттік пікірталастар, түрлі 
кездесулердегі сөз сөйлеулер, саяси партиялардың құжаттары секілді 
институционалды саяси дискурсты анықтай аламыз [3]. 
Саяси дискурсқа тән қасиеттердің бірі – кәсіби саяси терминдердің, 
клишелердің кеңінен қолданылуы. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет