Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті



бет11/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

Пікірталас тақырыбы:
«Жеке адам үшін қоршаған ортаның әсері».

АБАЙДЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
1. Тақырыпқа қатысты мына сөздерге көңіл аударыңыз. Олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ой толғап көріңіз.
Әлем, танымал, дүние, көзқарас, ақын, тіл, диалектика, тұжырым, мораль.
2. Сөздердің синонимін табыңыз.
Әлем, танымал, қуат, шындық, жетілдіру, құнды.
3. Мәтінді оқыңыз, автор ұсынған тезис тұжырымды құрастырыңыз. Оны дәлелдейтін үш айғақ келтіріңіз, әр айғаққа мәтіннен мысалдар келтіріңіз.
Қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған – ұлы ақын, ойшыл – демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы болды. Ол өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасының ойы мен қыры мол, күрделі. Ол сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін растайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «.... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады», - деген. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты ақыл дейді.
Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдардың бейнесін көруге болады. «Қартайдың, қайғы ойладың, ұйқы сергек» атты өлеңінде:
«Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек» -
деп өмірдің қайталанбастығын айтады.
Абай шығармаларындағы негізгі тақырып – моральдық мәселелер. Ол қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасады деп көрсетеді.
Ақын шығармаларында психологияның негізгі мәселесі – жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі сөз болады. Ақын адамның ішкі жан-дүниесін оның үш қырынан (ақыл, сезім, қайрат) қарастырады. Ол сезімнің адам, өмірінде, таным мен күнделікті тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратынын көрсетеді. Адамның рухани дамуы үшін ең алдымен жан-дүниесі бай, сезімтал болуы қажет дейді. Абай адамның адамгершілік, имандылық, моральдық, эстетикалық сезімдеріне ерекше мән береді. Осындай сезімдерді бойға дарытып, адам жаман мінездерден арылып, өзін – өзі тәрбиелеуі керек деп ескертеді.
Ол өз халқын бір орында тұрып қалмауға, рухани байлықтарын жетілдіруге шақырады. Абай шығармашылығы терең адамгершілік мағынаға ие және ағартушылық-тәрбиелік мәні жағынан баға жетпес құнды дүние.
4. Төмендегі Абай нақыл сөздерінің философиялық мәнін түсіндіріңіз.
Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені.
Қапашылықтың (беда) бәрі соның басында.
Дүние бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте (халықта).
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.
Сонан қашпақ керек: әуелі надандық, екінш і-еріншектік, үшінші-зұлымдық.
5. Мына ұғымға 1-сынып оқушысына түсінікті болатындай етіп, анықтама немесе түсіндірме беріңіз.
Жан мен тәннің арақатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет