Сөздікті пайдаланып мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңыз.
Қоғамның мүшесі, өзіндік ерекшелігі, психологиялық ерекшеліктер, қоғамдық қатынастар, жеке басының психологиясы, өмір бағыты.
Мәтінді оқып, оны орыс тіліне аударыңыз. Мазмұнын айтып беріңіз.
Жеке адам, топ және ұжым Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «Жеке адам» етеді. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабылет, қызығуынан жақсы байқалады.
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады.
Кез келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен, кіші, ресми, ресми емес, оқшауланған, жасанды, табиғи т.б. болып бірнешеге бөлінеді. Топ екі адамнан бастап құралады: екіден қырық адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп сыныбы), мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын үлкен топтар деп атайды.
Адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның қандай қоғамның мүшесі екендігін, нақтылы кәсібі, білімі, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. Сонымен қатар, жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер де көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Топ – группа
Қызығу – проявлять интерес
Ұғыну – понять
Оқшауланған – обособленный
Мәтін бойынша бір-бірлеріңізге сұрақ қойып, ауызша жауап беріңіз.
Үлкен, кіші, ресми, ресми емес, оқшауланған, жасанды, табиғи топтарына мысал келтіріңіз.
Достарыңыздың талғамы, мұраты, бағыты, қабілеті, қызығуы туралы әңгіме құраңыз.Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар:
А) Жеке адамның қоғамнан тыс өмір сүруі мүмкін бе?
Ә) Робинзон Крузо оқиғасы жайлы не білесіз?
Б) Жеке адамның өмір бағытын көрсететін қандай компоненттерді білесіз?